Жергілікті биліктің қалыптасуымен құрылымы


Тақырыбы: Жергілікті биліктің қалыптасуымен құрылымы
Мазмұны
1. 2. Қ. Р. жергілікті атқарушы органдардың құрылымы
ІІ Қазіргі кезеңдегі жергілікті биліктің қалыптасуының ағымдық жағдайы және оны жетілдіру
2. 1. Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілді органдар және оның ағымдық жағдайы
2. 2. Жергілікті әкімдер, әкімшіліктерді құру, құзыреті және қызметінің ұйымдастырылуы
ІІІ Қ. Р. жергілікті биліктің құрылымы және оны тиімді басқару жүйесі
- Қ. Р. жергілікті билікті тиімді басқаруды жетілдіру
1. 2. Қазакстан Республикасындағы жергілікті атқарушы органдар
1. Жергілікті атқарушы орган (әкімият) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган. Бұл Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтық мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.
Жергілікті атқарушы органдардың қарауына ҚР Конституциясының 87 бабынын 2-тармағына сәйкес, мыналар жатады:
- аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдармаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқаруын қамтамасыз ету;
- комуналдық меншікті басқару;
- жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай Республика заңдарымсн жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзегс асыру. Бұл жөнінде, мысал ретінде, облыс (республикалық маңызы бар қала, Астана) әкімиятының құзыретін алсақ та жеткілікті. Осы әкімият заңнамаға сәйкес өз аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвестнциялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасайды; аграрлық сектордың ұтымды және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасының өндірістік күштерін орналастыру схемасына сәйкес облыстан аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталықтарын, республикалық маңызы бар қаланы және Астананы салудың бас жоспарларын әзірлейді, оларды облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мәслихаттың қарауына енгізеді. Сонымен қатар ол - облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) коммуналдық меншік объектілері және әлеуметтік-мәденй мақсаттағы объектілер құрылысы бойынша тапсырысшы болады, коммуналдық желілер мен құрылыстарды салуға рұқсат береді, әкімшілік аудандардың аудандық жоспарлану схемаларын, аудид. орталық-тарын, облыстық маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын әзірлейді және оларды облыстық мәслихатқа бекітуге ұсынады; су құбырлары, тазарту құрылыстары электр беру, байланыс желілері мен басқа да көліктік және инженерлік инфрақұрыльмдар объектілерінің құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырады; жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, сондай-ақ азаматтардың тегін білім алу құқығын іске асыруды қатамасыз етеді; халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және кедейшілікпен күрес бағдарламарын әзірлеп, мәслихаттың бекітуіне ұсынады және оны іске асырады; халықтың әлеуметгік жағынан дәрменсіз тоятарына қайрымдылық және әлеуметтік көрсетуді үйлестіреді Дәл осындай өкілеттіктерді аудандық аумақтық ерекшеліктеріне қарай аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімияттары да атқарады. Мысалы, оның тікелей құзыретіне жататын мәселелері болып табылатындар: жоғарыдағы айтылғандардан басқа, әскери тіркелу мен әскери қызметке шақыру жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелері жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруын қамтамасыз етеді; қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастырады; аудандық (облыстық маңызы бар қала) маңызы бар жолдарды пайдалануды және ұстауды ұйымдастырады; өз қарауындағы тұрғын үй құрып бөледі; халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мен кедейлікпен күрес бағдарламасын іске асыруға қатысады. Сонымен бірге, әл-халықты әлеуметтік қорғау, ана мен баланы қорғау мәселелерін шешеді, халықтың әлеуметтік дәрменсіз топтарына атаулы көмек көрсетеді, үйлестіреді; аудан (облыстық маңызы бар қала( аумағындағы экологиялык, тарихи, мәдени немесе ғылыми құндылығы бар табиғат объектілерін және өзге де объектілерді, табиғаттың, тарих пен мәдениеттің қорғалаты ескерткіштері деп жариялау туралы ұсыныс енгізеді; қоғамдық жерлерді көріктендіру және сыртқы безендіру мәселелерін шешеді және т. с. с.
Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімият өзіне жүктелген міңдеттерді іске асыруда аудаңдық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихат алдында, жауапты болады.
Осыған орай айта кететін бір жайт - рсспубликалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудаңдық маңызы бар қала-лық, кентгік, ауылдық (селолық) округтік өкімияттар қүрылмай-ды,
Әкімшілік-аумақтық бөліністі басқарудың өзіндік схемасы бар, ол тиісті аумақта орналасқан тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің бюджетімен қаржыландыратын атқарушы органдар жүйесі. Ал еңді орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі дегеніміз-бұл тиісті әкімшілік-аумақтык:бөлініс шегінде орталық атқарушы орган міндеттсрін жүзеге асыратын орталық атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі.
2. Әкім-Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінін тиісті аумақтағы жергілікті атқарушы органы (оны құрған жағдайда) басқаратын және өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, бүкіл орталық атқарушы органдарынын аумақтық бөлімшелерінің келісімді жұмыс істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызмстіне басшылықты қамтамасыз ететін және өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік басқару өкілетгігі берілгсн, тиісті аумақтағы істің жай-күйіне әрі оның әлеуметтік-экономикалық дамуына жауапты өкілі. Ол, әрине, әрбір облыстарда, республикалык маңызы бар қалада және астанада ірі лауазымды тұлға болып табылады, оны Премер министрдің ұсынуы бойьнша Республика Президенті қызметке тағайындайды және босатады. Өзге әкімшілік-аумақтық бөліністердің әкімі (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдерінен төменгілерін) Президент айқындаған тәртіппсн қызметке тағайындалады немесе сайланады (Конституцияның 87 - бабы, 4-тар-мағы) . Демек бұл туралы Президенттің Жарлығы не әкімі қабылдануы тиіс.
Облыс (рсспубликалық маңызы бар қала, астана) әкімінің өкілеттігі Республиканың жаңадан сайланған Президенті Қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады. Бұл ретте әкім республика Президенті тиісті әкімді тағайындалғанға дейін өз міндетін атқаруды жалғастырады.
Әрбір әкім өз аумағыңда құқықтық денгейіне сай өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін белгілі бір құзыретке иелі болады. Мысалы облыстық (республикалық маңызы бар қала, Астана) әкімінің құзыреті аудандық (облыстық маңызы бар қала) әкімінің құзыретіне қарағанда ең ауқымды әрі күрделі келетіні сөзсіз.
Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі:
-мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда облыс (қала, астана) мүддесін білдіреді;
-тиісті адамдарды мемлекеттік наградалармен марапаттау, оларға құрметті және өзге де атақтар беру туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізеді;
-мына лауазымды адамдарды:
-жоғары тұрған өкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша, шекті санын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімнің орынбасарларын;
-облыс (қала, астана) әкімі ақпаратының басшысын және оның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын;
-зандарда белгіленген тәртіпте нысанды киім кию құқығы және әскери немесе өзге де арнайы атақ берілетін басшыларды қоспағанда, облыстық (қалалық, астаналық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын ішкі істер органдары құрылымдарының басшыларын тағайындау және қызметінен босату заңға сәйкес жүзеге асырылады;
-облыстық (қалалық, астаналық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларына, сондай-ақ аудандар (облыстық маңызы бар қалалар, республикадаға маңызы бар қаладағы аудан, астанадағы аудан) әкімдеріне заңға сәйкес тәртіптік жауапкершілік шараларын қолдану мәселелерін шешеді. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын ішкі істер органдары қызметкерлернің тәртіптік жаза қолдану тәртібі заңға сәйкес жүзеге асырылады;
-аудандық (облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаладаға аудандық, астанада аудандық) әкімияттар мен әкімдер жұмысын үйлестіреді;
-аудандардың (оған теңестірілгендердің) әкімдері арқылы жергілікті өзін-өзі басқару оргаңдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
-әкімшілік-аумақтық бөліністі басқару схемасын (яғни тиісті аумақта орналасқан, тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің бюджетінен қаржылаңдырылатын атқарушы органдар жүйесі) тиісті мәслихаттардың бекітуіне енгізеді;
-кәсіпкерлік қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
- құзыреті шегінде жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері жөніндегі зандардың орындауын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
-кәсіпорынарды, кең орындарын және мемлекеттік меншіктің басқа да обтьектілерін жекешелендіру, жалға беру, сату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органымен тең дәрежеде келісім шарттарға қол қоюға, соңдай-ақ олардың орындалуын бақылауға қатысады.
Әрине, облыс әкімдері (оған теңестірілген әкімдер) өз құзыретін жеке дара немесе жекелеген өкілеттігін төменгі тұрған әкімдерге беру арқылы да жүзеге асырады және де ҚР Президентінің, сондай-ақ ҚР Үкіметінің алдында жауапты.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тәртіпте қызметке тағайындалады және сайланады, сондай-ақ ол қызметінен босатылады, әрі өкілеттігін тоқтатады.
Өзінің құзыретіне аудандық әкім:
-мемлекеттік органдармен. -ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініетін мүдделерін білдіреді;
-тиісті азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттау, оларға құрметті және өзге де атақтар беру туралы облыс әкіміне ұыныс енгізеді;
-мынадай лауазымды адамдарды:
-жоғаы тұрған уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша, шекті санын ҚР Үкіметі белгілейтін аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің орынбасарларын;
-әкім аппаратының басшысы мен оның құрылымдық бөлімшелерінін басшыларын қызметке тағайындайтын және қызметінен босатады;
-азаматтардың құқықтары мен бостаңдықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдайды;
-жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
-көпшілік пайдаланатын орындардың (парктердің, саябақтардың, бульварлардың, жағажайлардың, су тоғандарының, демалыс аймақтары мен өзге де объектілердің) аумағын күтіп ұстау және абаттандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
-мектепке дейінгі, орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беру мекемелерін, әлеуметтік-мәдени сала мекемелерін қолдайды және оларды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
-тиісті аумақта мал дәрігерлік көмек көрсетуді ұйымдастырады;
-салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жйнауға жәрдемдеседі;
-өз құзыреті шегінде жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайыңдығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
Бірақта, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі өзінің жекелеген өкілеттіктерін жүзеге асыруды төмеңгі тұрған әкімдерге беруге құқылы.
Ал енді республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл) село, ауылдық селолық) округ әкімі заңдарға сәйкес:
-тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тиісті аудандық (қалалық) әкімияттың лауазымды адамы болып табылады, және мемлекеттік органдармсн, ұйымдармен жне азаматтармен өзара қарым-қатынастарда, оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;
-азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;
-салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;
-тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністі ұстауға арналған шығыстарды қамтитын әкім аппараты сметасын әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімияттың қарауына енгізеді;
-өз құзіреті шнгінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады
-тұрғын үй қорының құрылысы мен жөнделуін, жолдарды пайдалану мен күтіп ұстауды ұйымдастырады;
-шаруа (фермерлер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;
-өз құзыреті шегінде жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша зандардың орындалуыи ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
-заңдарда белгіленген тәртіпте нотариалдық іс-әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілсрін тіркеуді ұйымдастырады;
тарихды және мәдени мұраны сақтау жөніңдегі жұмысты ұйымдастырады;
-жоғары тұрған органдарға халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз таптарына қайырымдылық көмек көрсету жөніңде ұсыныстар енгізеді;
-жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі; :
-қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;
-жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл
жасайды. -Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудан, аудаңдық маңызы бар қала, кешу ауыл (село), ауылдық (селолық) . _. округ әкімдері ҚР Президенті белгілейтін тәртіпте қызметке тағайындалады немесе сайланады, қызметінен босатылады және өклеттігін тоқтатады. .
Әкім аппартты- бұл жергілікті атқарушы органның (ол құрылған жағдайда) және әкімнің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме. Оның қызметін ақпараттық талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық -техникалық тұрғыдан қамтамсыз етуді әкім аппараты жүзеге асырады. Оны, әрине, әкім құрады және де ол қайта құрады, таратады. Әкімнің өкілеттігін тоқтатылуы жаңа әкімнің тағайындалуына байланысты. Әкім ал-параты жергілікті бюджеттің есебініен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады. Облыс әкімі жергілікті бюджеттерден қаржыландарылатын атқарушы органдарды құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.
Мтілер- бұл, біріншідегі, әкімияттың конститутцияға, заңға, ҚР Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сай және оларды орындау орайында шығарған қаулылары. Бұл акимияттың қаулысына әкім қол қояды. нормативтік құқықтық сипаттағы шешімдері және әкімшілік-баскарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша шығарған әкімдері.
азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілері (ҚР мешекеттік қупиялары және заңмен қорғалатын өзге де құпиялары бар актілерден басқа) міндетті ресми жариялауға жатады. Және де бұлардың жал-пыға міндетті маңызы бар, ведомоствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостаңдықтары мен міндеттеріне қатысты актілер заңда белгіленген тәртіпте ҚР Әділет Министрлігінің аумақтық органдарының мемлекеттік тіркеуіне жатады.
ІІ Қазіргі кезеңдегі жергілікті биліктің қалыптасуының ағымдық жағдайы және оны жетілдіру
. 1. Қазақстаи Республикасындағы жергілікті өкілді органдар және оның ағымдық жағдайы
Жергілікті өкілді орган (маслихат) салықтық өкілдік бірыңғай жүйелерінің ажырамас бөлігі бола отырып, осы жүйеге тән белгілерін өз бойына сіңірген. Айталық, жоғарыда сөз етілген "Қазақстан. Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару . туралы заңның 3-бабының 8 тармақшасында: . жергілікті өкілдік орган (мәслихат -бұл облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасынын заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган делінген. Мұның өзі бұл орган халықтың өкілді органы екендігін және мемлекеттің өкілді органдарының жүйесіне кірмегендіктен, одан оқшауланып тұрғандығын аңғартудың қиындығы жоқ сияқты. Солай бола тұрса да бұл органның жалпы мемлекеттік мүдделерді ескеретініне күмән келтірмеуіміз қажст (ҚР Конституциясы, 86-бап, 1-тармақ) . Сондықтанда болар жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) өзіндік ерекшеліктерімен оқшауланатындығы. Осыған көңіл аударалық
Мәслихат өзінің сипаты жағынан жергілікті тұрғындардың мұн-мұқтажына байланысты келетін мәселелерді шешуге бел байлайтын кен тараған өкілді органы, сондықтан да болар бір табан болса да халыққа жақын тұратындығы. Өйткені
тиісті мәслихат депуттаттарының санын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мынадай шектерде: 14 облыстық мәслихаттардың, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарының әрқайсысыңда 50-ге дейін; әр қалалық мәслихатта 30-ға дейін; ер аудандық мәслихатта -25-ке дейін белгілейді. Осының
өзінен біз, мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінен де
оқшауланғандыған көрсетеді.Мәслихаттар күнделікті кызметінде шаруашылық, тұрмыстық, мәдени, меншікті, қоғамдық тәртіпті, заңдылықты, азаматтардың заңды құқықтарын қорғау, еліміздің қауіпсіздігін күшейту мәселелерімен айналысады. Сөйтіп Қазақстан Рсспубликасының мемлекеттік функциясын іс жүзіне асыруға халықты кеңінен қатыстырушы әкімшілік - аумақтық бөліністердегі өкілді орган болып табылады. Әрине, осыңдай қыруар жұмысты мәслихат өз аппараттарымен жүзеге асырады. Демек мәслихат аппараты дегеніміз, бұл тиісті мәслихаттың, оның органдары. мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін, әрі жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме. Ол мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалык және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады, депутаттарға өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруға көмектеседі.
Мәслихаттардың ең басты ерекшелігінің бірі- тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністерінің жергілікті шаруашлықты азаматтарынан тек маслихат депутаттарың сайланып койылмайды. Өйткені, ҚР Конститутцйясының 51-бабының 4-тармағына сәйкес; Сенат депутаты болып тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде 3 жыл тұрақты тұрған азаматы сайлана алады. Оны, әрине, мәслихат сайлайды. Қазақстан Рсспубликасындағы сайлау туралы заң бойынша сенат депутаттығына кандадаттар ұсыну әрбір облыстық, қалалық, (республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы), аудандық және қалалық мәслихаттар сессияларында жүргізіледі. Бұл ретте бірнеше мәслихаттан бір кандидат ұсынылуы мүмкін. Мұндай шешім тиісті мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Сөйтіп, Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан жөне Қазақстан. Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілдікті органдары депуттарыньвд бірлескен отырысында сайланатын депуттардан құралады (ҚР Консгитуциясы, 50-бап, 2-тармақ) .
3. Мәслихатт тағы да бір ерекшелігі оның құзыретіне байланысты. Бұл тек ҚР Конституциясымен (86-бап, 4-тармақ) және заңмен белгіленеді. Айталық, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңның б-бабында мәслихаттардың құзыреті (яғни шешілетін мәселелер) тізбектелген. Оларды былайша топтастыруға болады:
1) . негізгі анықтайтын жалпы мәселелер;
- тиісті аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық жеке әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту, соның ішінде республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) ауданды, кешті, ауылды (селоны), ауылдық (селолық) округті ұстауға арналған шығастар системасын бекіту;
- тиісті аумақтарда қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөніндегі бағдардамаларды және қоршаған ортаны қорғау, сауықтыру жөніндегі шығыстарды бекіту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарға сәйкес өзге де. мәселерді шешу;
- әкімшілік ұсынысы байынша әкімшілік аумақ бөліністі басқару схемасын бекіту; , -
- әкімнің ұсынысы. бойынша мәслихат сессиясының шешімімен тиісті әкимияттыңң дербес құрамын бекіту;
- халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мен кедейлікпен күрес бағдарламаларын бекіту;
- әкімнің ұсынуы бойынша ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкімият жанындағы консультациялық кеңесші органдардың дербес құрамын бекіту;
2) мәслихаттардың айрықша өкілеттілігі:
- өздерінің карауына жатқызылған әкімшілік-аумақтық құры-
лыс және жергілікті қауымдастық ұйымының шекараларын ай-
қыңдау мәселелерін шешу;
- атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу;
- Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, әкімшілік құқықты бұзганы үшін әкімшілік жауаптылық белгіленетін ережелерді бекіту;
- тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністі дамыту жоспарларынын, экономикалық ж»не әлеуметтік бағдарламаларының, жергілікті бюджеттің атқаруына бақылау жасау; .
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделелерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіліктерді жүзеге асыру; .
- Мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де оргаңдарын құру, олардың қызметі туралы ссептерді тындау, мәслихаттың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz