Мектепке дейінгі педагогика


Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2. 1. Мектепке дейінгі педагогика
2. 2. Мектепке дейінгі педагогикалық әдіснамасы зерттеу әдістері
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мектепке дейінгі педагогика - қазіргі педагогиканың мектеп алдындағы жастағы балалардың дамуын, тәрбиесін, оларды қарапайым окыту түрлерін зерттейтін саласы.
Жалпы педагогиканың методологиясы мен категориялық аппаратына негізделеді. Мектепке дейінгі педагогика саласындағы зерттеулер пәнаралық сипатта болады және жалпы педагогикасы, балалар педагогикасы және жас психологиясы салаларының шегінде болады: бұл ғылыми пәндердің деректері мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мақсаттары мен тәсілдерінің теориялық негізі болады.
Педагогика тарихы - педагогикалық идеялардың тууы мен дамуын, оның жүйесін, жетілу және тәрбие мәселелерін қоғамдық құбылыс ретінде қарастыратын педагогиканың ерекше саласы.
Педагогика тарихы бүгінгі таңдағы педагогикалық теорияларды дамыту үшін өткеннің құнды идеяларын бағыттарын зерттеп, оны қазіргімен салыстырып, сын көзбен қарай отырып, бағалы жетістіктерін пайдалануға, педагогиканың болашақта дамуына қажетті, өмір шең ұсыныстарға сүйенуіне көмектеседі.
Мектепке дейінгі педагогика туғаннан 7 жасқа дейінгі балаларды қоғамдық тәрбие орындарында тәрбиелеу мен оқыту заңдылықтарын, әдіс - тәсілдерін қарастырып бағдарламасын жасайды, балалардың жасына қарай оның өзін екі кезеңге бөледі. Сол бөлінуіне сәйкес мектепке дейінгі кезеңнің алдындағы педагогика мектепке дейінгі педагогика деп аталады.
Мектеп педагогикасы мектеп жасындағы балаларды оқыту, білім беру, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру мәселелерін зерттейді.
Мектепке дейінгі педагогика - мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту, тәрбиелеу, оқытту және оның негізгі зандылықтары туралы ғылым. Мектепке дейгнгі педагогика пәнінің мақсаты, міндеттері, мазмұны. Негізгі педагогикалық ұғымдары "даму", "тәрбие", "оқыту", "білім беру", "қалыптастыру", "педагогикалық үрдіс". Мектепке дейінгі педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.
Қазіргі қоғамда болып жатқан кең шеңбердегі өзгерістер үшінші мыңжылдықтың білімді, саналы жастарын тәрбиелеушілерге үлкен міндет жүктері сөзсіз. Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейдегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру - жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.
«Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Және бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Әрі балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз қажет», - деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев 2008 жылғы Қазақстан халқына жолдауында атап көрсеткен [1] .
Мектепке дейінгі педагогика
Мемлекеттік білім беру саласындағы саясатының тұжырымдамасында: «Соңғы кездері мектепке дейінгі тәрбиенің мүмкіндігі кеңейіп келеді, мемлекеттік пен қатар жеке меншік яслилер мен балабақшалар пайда болды», - деп көрсетілген. Сонымен қатар, қазіргі кезеңде мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесінің жаңаруына орай, жаңа үлгідегі «Мектеп және балабақша» кешені, гимназиялық, лицейлік, отбасылық, коммерциялық және т. б. балабақшалар іске қосыла бастады. Міне, осындай мектепке дейінгі мекеменің алдына қойылатын маңызды міндеттердің бірі - баланың кейін мектептегі оқу үдерісіндегі нәтижелілігіне кепілдік ететін, мектепке дайындығының оптималдық деңгейін қамтамасыз ету. Қазіргі мектеп алдыңғы кезеңге оқушыларды пән бойынша білім, білікпен қаруландырып қоюды емес, олардың тұлғасын оқу әрекеті негізінде тәрбиелеуді ұсынып отыр. Баланың оқу әрекетін игеру жетістіктері мен оқу жағдайына үйлесімділігі олардың мектепке жалпы дайындығымен айқындалады. Балаларды мектепке даярлау негізінен балабақшада жүзеге асырылып келеді.
Мектепке дейінгі педагогикасын ғылыми негіздеген, алғаш жүйесін жасаған ұлы чех педагогы Ян Амос Коменский бала дамуын жас шамасына қарай бөліп, әр кезеңдерге тәрбие міндеттері мен мазмұнын белгілеуге әрекет жасаған, баланың табиғи дамуына ерекше орын берген (Жан-Жак Руссо, Иоган Генрих Пестолоцци, М. Монтессори), мектепке дейінгі мекеме құрған, мектепке дейінгі педагогиканы жеке ғылым саласы ретінде қарастырған (Роберт Оуен, Фридрих Фребель) .
Балалардың жан-жақты дамуына және бұл саладағы ой-пікірлердің әрі қарай дамуына К. Д. Ушинский, Л. К. Шлегер, Е. И. Тихеева, В. Ф. Одоевский, П. Ф. Лесгафт сияқты орыс педагогтары өз үлестерін қосты.
Е. И. Тихеева - мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы балабақшадан басталады, балабақшадағы тәрбие жұмысында басшылыққа алынатын бағдарлама керек деген құнды пікір айтқан.
Бала жеке тұлғасының жан-жақты дамуындағы оқу мен білімнің маңызы туралы Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сияқты қазақ халқының ағартушы-қайраткерлері құнды пікірлер айтқан.
Қазақ әйелдерінің арасынан Н. Құлжанова, М. Бегалиева, М. Ниязова, Ш. Иманбаева т. б. өз зерттеулерінде мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесінің өзекті мәселелерін қөтерген [2] .
Н. Құлжанова қазақ әйелдерi арасынан тұңғыш әлеуметтiк iске белсене араласқан әрi мұғалiм, әрi педагог-ғалым, әрi журналист болды. Ол 1902 ж. Қостанайдағы қыздар гимназиясын оқып бiтiрiп, Торғайдағы қыздар училищесiнде, кейiн (1904-1919 жж. ) Семейдегi мұғалiмдер семинариясында мұғалiмдiк қызмет атқарды.
Н. Құлжанова 1924 ж. “Мектепке дейiнгi балаларды тәрбиелеу” атты еңбегiн жазып, Орынбордан бастырып шығарды. Кейiн “Әйел теңдiгi” журналында қазақ балабақшаларындағы озат тәжiрибелер жайында бiрнеше мақалалар жазады.
1924 жылы “Ана мен бала” атты еңбегiн жазып шығарады. Бұл еңбекке атақты турколог ғалым, қоғам қайраткерi Ахмет Байтұрсынов алғысөз жазды.
Автор мектепке дейiнгi тәрбиенiң мазмұнын, мақсатын баяндай келiп, баланың қимыл-қозғалысына, сезiм мүшелерiне, сөйлеу, ойлау ерiк-жiгерiн жетiлдiру жолдарына тоқталады. Бала ойынының мәнi мен маңызына тоқталады. Жас баланың өсiп-жетiлуiне, дүниетанымына табиғаттың әсерiнiң ерекшелiгiне тоқтала келiп, “суға түсiп, жүгiрiп, құспен бiрге сайрап, көбелек қуып, шыбын-шiркей, құрт-құмырсқамен бiрге көкорай шалғын, тоғай арасын сайрандап жүрiп, көңiлi де, жан-тәнi де бiрдей тегiс өсiп, өркендемек” - дейдi.
Автор баланың елiктегiштiк, айналаны танып-бiлуге деген құмарлық қасиетiн жетiлдiре тәрбиелеуге баса көңiл бөлудi қуаттайды [3] .
Т. Тәжібаев, С. Балаубаев, М. Мұқанов, Ә. Алдамұратов, Х. Шериазданова, Ғ. Рақымбеков, А. Нұрахұнова, т. б. сияқты психолог-ғалымдар мектепке дейінгі балалардың психологиялық мәселелерін зерделеген.
Қазақстанның мектепке дейінгі мекемелеріндегі мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің теориялық мәселелері отандық ғалымдардың В. Н. Андросова, Б. Б. Баймұратова, Л. А. Давиденко, А. К. Меңжанова, Г. И. Исмагулова, Е. Б. Дайрабаев, А. Қаржаубаев, Т. Ж. Қалдыбаева, О. А. Михалькова, В. Я. Никитин, М. Т. Турскельдина, М. С. Сәтімбекова, Қ. М. Меңдаяқова, Р. К. Аралбаева, Р. М. Жұмағожина, Ж. А. Исмайлова, Т. А. Левченко, А. С. Әмірова, Т. Иманбеков, Ф. М. Жұмабекова, Д. Р. Муталиева, Г. Ж. Меңлібекова, Б. О. Арзанбаева, Н. Храпченкова, А. Е. Манкеш, С. Н. Жиенбаеваның еңбектерінде қарастырылған [4] .
Бұл зерттеп отырған мәселенің түрлі аспектілеріне белгілі шамада арналған белгілі ғалым-педагогтардың еңбектеріне біздің жасаған талдауымыз мектепке дейінгі білім берудің дамуына байланысты жеке идеялар үнемі зерттеушілердің назарының орталығында болғанын көрсетті.
Қазақстанның егемендік алып, өзінің ғылым мен техникалық дәрежесінің өсуі, экономикалық-әлеуметтік, саяси саладағы өркендеуі бүгінгі таңда білім беру мазмұнының уақыт талабына сай өзгеруіне әкеліп соқтырды.
Мектепке дейінгі педагогикалық әдіснамасы зерттеу әдістері
ХХІ ғасырда Қазақстанның білім беру жүйесіндегі жалпы және орта 12-жылдық білім беру жүйесінің енгізілуі уақыт талабы болып отыр. 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша мектепке дейінгі балалардың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктеріне келер болсақ, баланың жеке тұлғасының даму мәселесін ойдағыдай шешу мектепке дейінгі балалардың 12 жылдық мектепте оқуының дайындық деңгейін ескере отырып, дұрыс бағытта жұмыс жасай білу маңызды.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала - біздің болашағымыз. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі.
Қазақстанда мектепке дейінгі мекемелерде балаларды тәрбиелеу мен оқытудың теориялық мәселелерін қарастырған отандық ғалымдар Н. Құлжанова, В. Н. Андросова, Л. А. Давиденко, Е. Б. Дайрабаева, Г. И. Исмагулова, А. Қаржаубаева, Т. Ж. Қалдыбаева, А. К. Меңжанова, О. А. Михалькова, В. Я. Никитин, М. Т. Турскельдина, Б. Баймұратова, Қ. Қойбағаров, К. Сейсенбаев, Ж. Рысбекова, Қ. Т. Шериазданова және М. Оспанбаеваның Ғ. З. Таубаева және т. б. еңбектерін атап көрсетуге болады.
Қазақстандық ғалымдар Л. А. Линчевская, Ш. Таубаева, Р. Р. Масырова, В. Я. Никитин, С. Улитко, А. Амирова, Л. Е. Румянцева, Т. П. Кучер, А. Искакованың еңбектері республикада мектепке дейінгі білім беру жүйесіне инновацияның белсенді түрде ендіріліп отырғанын айқын көрсетеді [4] .
Бірақ мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесінде ұзақ уақыт бойы педагогикалық үдерістің оқу-тәртіптілік моделі (нобайы) басымдылық жасап келді; ал мектепке дейінгі тәрбие мақсаты тек мектепке қажетті білім, білік және дағдымен қамтамасыз етумен шектеліп қалды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz