Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқыту туралы



Кіріспе
Бөлім І. Білім беру мазмұны мен оқу.тәрбие үрдісін ұйымдастыру
1.1Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне оқытудың басты ерекшеліктері
1.2. Ағылшын тілін оқытудың формалары мен әдістері
Бөлім ІІ. Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқытуда ойын элементтерін қолдану
2.1. Ойын элементтерін ағылшын сабағында қолдану
2.2. Ағылшын тілін оқытуға арналған ойындар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазіргі таңда халықаралық қатынастардың күшеюі мен шет тілін меңгерген білікті мамандардың қажеттілігіне байланысты тек әдіскер, педагогтар мен психологтардың тарапынан ғана емес, сонымен қатар қоғамның тарапынан шет тілін ерте жастан оқытуға деген қызығушылық арта түсті.
Шет тілін ерте жастан оқыту – баланың дүниега келген кезден бастап мектепке барғанға дейінгі интуитивті-тәжірибелік негізде жүретін оқыту. Шет тілін оқыту әдістеменің бір тармағы ретінде ХІХ ғасырда дами бастады. Бұл кезде балаларды ерте жастан шет тіліне оқыту Ресейде кеңінен таралды. Кейбір ақпараттарға қарайтын болсақ, Ресейде ХІХ ғасырда бір емес үш шет тілінде: ағылшын, француз, неміс тілдерінде сөйлей алатын балаларды кездестіруге болатын.
Шет тілін ерте жастан оқыту мәселесі педагогикалық баспа басты назарында болды және орыс журналдарының, сонымен қатар К.Д.Ушинский, Е.Водовозова, Е.И.Тихеева сияқты әдіскерлердің педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерінде талқыланды. Бұл - балаларды ерте жастан оқыту әдістемесінің қалыптасу кезеңі болып есептелды.
Жұмыстың өзектілігі. Мектепке дейінгі жас шет тілін оқытуға өте қолайлы кезең, себебі бұл жастағы балалар тілдік құбылысты қабылдау қабілеттілігімен ерекшеленеді: оларда өзінің сөйлеу тәжірибесін, тіл «құпияларын» байқау қызығушылығы пайда болады. Олар лезде берілген шағын материалды меңгеріп алып, оны өте жақсы кері айтып бере алады. Балалардың жасы қосылған сайын мұндай факторлар өзінің күшін жоғалта бастайды.
Мақсаты – елтану материалдарын пайдалана отырып, балаларды ерте жастан шет тілін оқытуға деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыру, осының негізінде баланың интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.
Зерттеу жұмысының мақсатына сай мынадай міндеттер алға қойылды:
 ағылшын тілін оқытуда ынта деңгейін көтеру;
 мектепке дейінгі балалардың білімін тереңдету;
 балаларды сөйлеу қабілетін дамыту;
 сөздік қорды кеңейту;
 ағылшын тілінде сөйлейтін елдер туралы қосымша ақпарат беру
1.Ангеловски Крсте.Учителяи инновации: Книга для учителей: пер.с макед. / Крсте Ангеловски. – М.: Просвещение, 1991. – 159 с.
2. Ариян М.А. Повышение самостоятельности учебного трудашкольниковприобучении иностранным языкам / М.А. Ариян // Иностр. языки в школе. –1999. – № 6. – С. 17-22.
3. Асеев В.Г. Возрастная психология: Учеб. пособие / В.Г. Асеев. –Иркутск:ИГПИ, 1989. – 190 с.
4. Бим И.Л. Основные направления организации обучения иностранным языкам на сред.ступени полной средней школы / И.Л. Бим // Иностр. языки в школе. – 2002. – № 5. – С. 7-11.
5. Вайсбурд М.Л. Толстиков С.Н. Учебное общение как этап подготовки к участию в международных экологических проектах / М.Л. Вайсбурд, С.Н. Толстиков // Иностр. языки в школе. – 2002. – № 4. – С. 3-10.
6. Витлин Ж.Л. Эволюция методов обучения иностранному языку в XX веке /Ж.Л. Витлин // Иностр. языки в школе. – 2001. – № 2. – С. 23-29.
7. Даниленкова Г.Г. Педагогическоепроектированиеучебного процесса /Г.Г. Даниленкова // Сб. научн. ст. / Калинингр. ун-т. – 2000. – С. 25-27.
8. Зимняя И.А., Сахарова Т.Е. Проектная методика обучения английскому языку / И.А. Зимняя, Т.Е. Сахарова // Иностр. языки в школе. – 1991. – № 3. – С. 9-15.
9. Крупская Н.К. О методе проектов: Стенограмма доклада на конференции по методу проектов / Н.К. Крупская. – Москва – Ленинград: Госуд. учеб.пед. изд-во, 1931. – 22 с.
10.Назарова Т.С. Педагогические технологии: новый этап эволюции? /Т.С.Назарова // Педагогика. – 1997. – № 3. – С. 20-27.
11.Программы для общеобразовательных учреждений.Иностр.языки (англ.,нем., фр., исп.) 1-11 кл общеобразовательных учреждений. – М.: Просвещение, 1997. – 175 с.
12. Фасхутдинова Г.М. Новые УМК по английскому языку для X и XI кл. общеобразовательной школы / Г.М. Фасхутдинова // Иностр. языки в школе. – 1997. – № 5. – С. 51-53.
13. Щукина Н.М. Опыт работы гимназии по вовлечению старших школьников в выполнение иноязычных интегративных проектов УМК по английскому языку для X-XI кл. В.В. Сафоновой, И.П.Твердохлебовой, Е.Н. Солововой и др.) / Н.М. Щукина // Иностр. языки в школе. – 2002. – № 4. – С. 63-70.
14. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования / под ред. Е.С. Полат – М.:2000.
15. Пахомова Н.Ю. Проектное обучение – что это? // Методист, №1, 2004.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Бөлім І. Білім беру мазмұны мен оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру
1.1 Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне оқытудың басты ерекшеліктері
1.2. Ағылшын тілін оқытудың формалары мен әдістері
Бөлім ІІ. Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқытуда ойын элементтерін қолдану
2.1. Ойын элементтерін ағылшын сабағында қолдану
2.2. Ағылшын тілін оқытуға арналған ойындар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазіргі таңда халықаралық қатынастардың күшеюі мен шет тілін меңгерген білікті мамандардың қажеттілігіне байланысты тек әдіскер, педагогтар мен психологтардың тарапынан ғана емес, сонымен қатар қоғамның тарапынан шет тілін ерте жастан оқытуға деген қызығушылық арта түсті.
Шет тілін ерте жастан оқыту - баланың дүниега келген кезден бастап мектепке барғанға дейінгі интуитивті-тәжірибелік негізде жүретін оқыту. Шет тілін оқыту әдістеменің бір тармағы ретінде ХІХ ғасырда дами бастады. Бұл кезде балаларды ерте жастан шет тіліне оқыту Ресейде кеңінен таралды. Кейбір ақпараттарға қарайтын болсақ, Ресейде ХІХ ғасырда бір емес үш шет тілінде: ағылшын, француз, неміс тілдерінде сөйлей алатын балаларды кездестіруге болатын.
Шет тілін ерте жастан оқыту мәселесі педагогикалық баспа басты назарында болды және орыс журналдарының, сонымен қатар К.Д.Ушинский, Е.Водовозова, Е.И.Тихеева сияқты әдіскерлердің педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерінде талқыланды. Бұл - балаларды ерте жастан оқыту әдістемесінің қалыптасу кезеңі болып есептелды.
Жұмыстың өзектілігі. Мектепке дейінгі жас шет тілін оқытуға өте қолайлы кезең, себебі бұл жастағы балалар тілдік құбылысты қабылдау қабілеттілігімен ерекшеленеді: оларда өзінің сөйлеу тәжірибесін, тіл құпияларын байқау қызығушылығы пайда болады. Олар лезде берілген шағын материалды меңгеріп алып, оны өте жақсы кері айтып бере алады. Балалардың жасы қосылған сайын мұндай факторлар өзінің күшін жоғалта бастайды.
Мақсаты - елтану материалдарын пайдалана отырып, балаларды ерте жастан шет тілін оқытуға деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыру, осының негізінде баланың интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.
Зерттеу жұмысының мақсатына сай мынадай міндеттер алға қойылды:
ағылшын тілін оқытуда ынта деңгейін көтеру;
мектепке дейінгі балалардың білімін тереңдету;
балаларды сөйлеу қабілетін дамыту;
сөздік қорды кеңейту;
ағылшын тілінде сөйлейтін елдер туралы қосымша ақпарат беру.
Зерттеу жұмысының теориялық негізін Асеев В.Г., Бим И.Л., Вайсбурд М.Л., Толстиков С.Н., Витлин Ж.Л., Даниленкова Г.Г., Зимняя И.А., Сахарова Т.Е. сияқты әдіскер ғалымдардың жұмыстары мен мақалалары құрайды.
Берілген зерттеу жұмысы кіріспе, екі бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бөлім І. Білім беру мазмұны мен оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру
1.1. Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне оқытудың басты ерекшеліктері
Шет тілін оқыту жан-жақты дамыған, үйлесімді тұлғаның қалыптасуына өте зор ықпалын тигізуі тиіс. Бұл ең алдымен балалардың бойныда шығармашылық тәуелсіздікті, белсенділік қабілетінің, орындалып жатқан әрекетке деген оң көзқарас тәрбиесін қалыптастыру болып табылады.
Жүйелі және мақсатты ағылшын тілін оқыту ережеге сай мектепке дейін гі білім беру мекемелерінде балаларға білім беру үрдісінің егізгі формасы болып табылатын сынып сабақтарында жүргізіледі.
Мектепке дейінгі жаста ойын әрекеті жетекші әрекет екенін ескере отырып, балалар өзінің жеткен нәтижесін ертерек көру үшін сабақ көбіне сөйлеу қабілетін дамытуға бағытталған ойын формасында өткізіледі. Ойын тілді әр жаста тез меңгеруге өте жақсы жағдай жасайды әрі көмектеседі, бірақ мектепке дейінгі жаста ол өте пайдалы. Бұл жаста ойын жоғары буынға жақындау және зерттеу жолы болып есептеледі.
Балалармен жұмыс тәжірибесінде шет тілін оқытуға бақытталған әртүрлі ойындар кеңінен қолданылады: ережеге негізделген ойындар, рөлдік, білім тереңдету ойындар, лингвистикалық ойындардың әртүрлі нұсқалары. Сабақтар ойын атмосферасының басынан бастап аяғына дейін сақталып қалуына бағытталып құралады.
Сабақты мұғалім ойын барысында ережені ұстанып, балаларды ойынға көбірек тартып, шығармашылық қабілетін танытса, соншалықты сабақ сәтті өтеді. Балалардың ойын әрекетінің әсерінен жауапкершілік және байсалдылық қасиетінен айырылып қалады деп қорқудың қажеті жоқ. Бала ойдан шығарылған әлемді кәдімгі өмірдегі болмыстан өте жақсы ажырата алады және де ойын барысында үйренгенін нақты әрекет жасау кезінде байқатады.
Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілі сабағында жалпы тақырыппен байланыстыру мақсатты болып есептеледі. Мысалы, балалар Винни-Пухтың туған күніне келеді және сабақтың соңына дейін сол туған күн иесімен ойнайды немесе кішкене тышқан Джерриге көмектесу үшін бірнеше тапсырмалар жасайды. Осындай жолмен тіл оқыту мақсаты 5-6 жасар баланың өмір сүретін әлемімен байланысып сай келіп тұрады. Бұл таза қызығушылық, жаңаны білу және өзінің қатарлас достарымен ойнауға деген құштарлық сезімге толы ертегі, қызықты әңгімелер мен өлеңдердің әлемі. Егерде тақырыптық бірлік бірнеше сабаққа созылса, балалардың әрекетін міндетті түрде түрлендіру керек, жиірек жұмыстың түрін өзгерту қажет, оларды динамикалық паузалармен, қозғалыс элементтері бар ойындармен көңілін аулау керек, өйткені балалар бірсарынды сабақтардан шаршап кетуі мүмкін. Бірақ соның өзінде мұғалім сабақтың әр элементі оның міндеттерін орындау қажет болуын, қозғалыс немесе ойын негізгі мақсатқа айналмауын қадағалауы тиіс.
Ойын құрылымының схемасы дәстүрлі болып келеді. Сабақ негізінен 3 бөліктен тұрады: кіріспе, негізгі бөлімі, қорытынды. Сонымен қатар, барлық білім берудің мәселелері сәйкес ойын түрлерін және ойын жаттығулары таңдаумен, белгілі бір жүктемелердің алмасуы мен тиімді бөлінуімен шешіледі.
Ойынды анықтайтын басты факторлар - қызығушылық, ал қанағат пен қуаныш сезімі сабақ барысын жеңілдетеді. Ойын нақты және мектепке дейінгі баланың дамуын сай келеді. Жоғары топта ойын сабақтың 80%-ы ағылшын тілінде өтуі тиіс, ал дайындық тобында 50%-дан көп болмауы керек.
Ойындар негізінен әртүрлі мақстаттармен қолданылады: кіріспе бөлімінде және сөздік қор мен шет тілінің модельдерін бекіткенде; сөйлеу қабілетін қалыптастырғанда; шет тілінде еркін қарым-қатынас жасау формасы ретінде. Сабақ барысында ойынды қиындата отырып, міндетті түрде балаларға жетімді болуын қадағалау керек.

1.2. Ағылшын тілін оқытудың формалары мен әдістері

Шетелдік және отандық ғалымдар мен педагогтардың зерттеулері мен жетістіктері балалардың шет тілін меңгеру мен әлемді тану мүмкіндіктері өте жоғары екенін көрсетеді. Мектепке дейінгі жас тіл меңгеруге әсіресе қажетті жас деп есептеледі. Бұл жерде осы жаста білім беруді интенсивті түрде өткізудің қажеттілігі туындайды.
Балаларды шет тіліне оқытуға бағытталғын жұмыс негізінен оқыту мақсаттарының кешенді жүзеге асыруының принциптерінен шығады, яғни оқыту үрдісі балалардың сөйлеу(лексика мен грамматика) қабілетін меңгерумен қатар, тілдік біліктіліктеріне (диалогтық және монологтық сәйлеу, тыңдау) бағытталған.
Фонетиканы оқытудың ағылшын тілін оқытудың бастапқы кезеңінде ең негізгі орын алатынын ескере отырып, мұғалімдер өздерінінің еңбектерінде фонетикалық әдісті белсенді қолдануы тиіс. Балаларды дұрыс айту жаттығулары шаршатпауы үшін және де сабақтың көңілді әрі қызықты өтуі үшін фонетикалық жаттығулар ойын түрінде қолданылады.
Балалардың үлкендердің артынан лингвистикалық және елтанушылық құндылыққа толы ағылшын жаңылтпаштарын, мақал-мәтелдерін қайталау балалалға ағылшын тіліндегі сөйлемдердің дұрыс интонациясын меңгеруге мүмкіндік береді.
Жаңа сөздер енгізгенде 5-6 жастағы балалардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне аса зор мән беру керек. Бұл жаста балалардың сөйлеуі сезім мүшелерінің заңдылықтарына бағынады.
Бұндай қабылдаудың негізгі ерекшелігі балалардың бір жағынан зат, әрекет немесе құбылыстың аталуы маңызды болуы, екінші жағынан ол заттардың атауларының мүлде маңызды болмауы болып есептеледі. Берілген материалды қабылдау кезінде балалар оның берілуіне, эмоционалық сапасына үлкен мән береді.
Ашық, түрлі-түсті көрнекілік кіші жастағы балаларды оқытудағы таптырмас көмекші болып есептеледі. Жаңа сөзді суретпен немесе әсем көрнекіліктермен байланыстыра отырып түсіндірсе, оны белгілі бір іс-әрекетте қолданылып көртілсе бала өте тез меңгеріп кетеді.
Белгілі бір тақырыпқа байланысты сөйлеу қабілетін қалыптастыруда әртүрлі таратуға арналған материалдарды, ойыншақ жиһаз, ыдыс-аяқ, киім, яғни балалардың барлық ойнағанда жақсы көретін заттарын пайдалану үлкен көмегін тигізеді. Баланың сөйлеуін белсендету үшін оқытудың басында ойыншықтар мен бірнеше нұсқадағы заттар бейнеленген суреттері болуы тиіс. Мысалы, сары, қызыл, көгілдір түсті шарлар немесе кішкене және үлкен күшік. Сонымен қатар, жаңа және ерекше ойыншықтар мен суреттер сабаққа жаңашыл элемент енгізеді және әдеттегіден өзгеше жағдай жасайды.
Жаңашылдық принципы балаларды шет тіліне оқытудағы жетекші принцип ретінде сабақтың сюжетті-композициялық құрылымын түрлендіруге мүмкіндік береді.
Ойыншықтар мен суреттерді көбірек пайдалану арқылы балаларда қиялы және байланыстырушылық еске сақтау қабілеті дамиды, ал қарым-қатынас жасау міндеттерін нақты қою және оларды шешуді ұйымдастыру логикалық сөйлеу есте сақтауының дамуына өз септігін тигізеді.
Бұл мектепке дейінгі жастағы балалардың ұзақ уақыттық есте сақтау қабілеті өте жақсы қалыптасқандықтан болады. Олардың бар оқыған-білгендері жадтарында сақталады. Бірақ олардың жедел сақтау қабілеті нашар дамыған.

Бөлім ІІ. Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқытуда ойын элементтерін қолдану
2.1. Ойын элементтерін ағылшын сабағында қолдану

Ағылшын тілін оқытуды мектепке дейінгі мекемелерден басқа, отбасы ортасында да жүзеге асыруға болады. Бұл үшін педагогикалық білімнің болуы міндетті емес, жай ғана үй жағдайында балалармен дидактикалық ойындарды ұйымдастырып өткізу ғана жеткілікті.
Мектепке дейінгі балалалық шақ - ертегі, қызықты ойындар, әігімелер мен өлеңдер әлемі. Бұл жаста балалардың балабақшадан мектепке ауысу үрдісі жүреді, жетекші әрекет түрінің өзгеруі, яғни ойын әрекетінің оқу әрекетіне ауысуы болады. Бірақ баланы ойын әрекетінен айырудың қажеті жоқ.
Оқытудың ойын әдісі өте пайдалы болып келеді, өйткені балаларды ой еңбегіне бірте-бірте үйренуге мүмкіндік береді. Ойын әдісінің кеңінен қолданылуы ойынның бала қуанышының көзі ретінде ғана айқындалмайды, соынмен қатар ол оқыту міндеттерін шешудің ең негізгі жолы болып табылады.
Дидактикалық ойындар ағылшын тілін оқытуда маңызы зор, өйткені бұндай ойындарда балаларда тек қана лексико-грамматикалық материалды бекіту ғана емес, сонымен қатар психикалық үрдістердің қалыптасу жүреді: ойлау, еске сақтау, еркін зейін қою, және де мақсаттылық, зейінділік, өзін белгілі бір ережелерге бағындыру қабілеті, сонымен қатар әлеуметтік сезім, жанашырлық, әрқашан көмекке келу, көпшілдік, достық сияқты басты адами қасиеттер дамиды. Сондықтан ағылшын тілін оқытудағы дидақтикалық ойындардың маңыздылығы тек сабақта ғана емес, үйде де, серуен кезінде де, демалыс уақытында да жоғары болып есесптеледі.
2.2. Ағылшын тілін оқытуға арналған ойындар

Шетел тілін мектептке дейінгі балаларға оқытудың шарттарын ескере отырып, балалар балабақшадан кейін де шетел тілін оқып, түсіне білу қабілетін қалыптастыруға мән берілуі тиіс. Осыған орай, шетел тілін балабақшада оқытудың практикалық мақсатын жүзеге асырудың алғышарты- оқыту әдіс- тәсіліне, коммуникативтік бағдар беруге назар аударылады.
Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады. Ойындар жаңа тақырыптарды өткенде, сөздерді, грамматикалық материалды, тұрақты сөз тіркестерін пысықтыруға арналған жаттығулардың бір түрі ретінде пайдаланылады. Мұғалім ойындардың сабақ кезінде қолдануға ыңғайлы, ықшам, өткізілуі жағынан қарапайым түрлерін таңдап алғаны жөн. Таңдап алынған ойындар шәкірттердің сөз байлығына, тілдік қорына сай болуы керек.
Қандай да болмасын ойынды өткізу үшін мұғалім алдын ала жоспар құрып алуы қажет. Ол жоспар, әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда мынадай шарттарға жауап беруі қажет:
Ойынның өтілетін сабақтың тақырыбы мен мазмұны сәйкес келуі;
Ойынға бөлінетін уақыттың нақты белгіленуі;
Ойынның ойналу түрінің топ болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне оқытудың басты ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі ұйымдарда ағылшын тілін оқыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың ағылшын тілі сабағында ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
Ағылшын тілі әдістемесі
Ағылшын тілін оқытудың мақсаты мен міндеттері, мазмұны
Көптілді білім - көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі
Ағылшын тілін орта мектепте оқытудың әдістері
Мектеп жасына дейінгі балалар
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ МОТИВАЦИЯСЫНА ЖОБА ӘДІСІНІҢ ӘСЕРІ
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту
Пәндер