Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру мазмұнының жаңартудың өзекті мәселелері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру мазмұнының жаңартудың өзекті мәселелері

Білім беру «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.

Сондай-ақ, Қазақстандағы білім саласын жаңғырту бойынша Мемлекет Басшысы Н. Ә. Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты аттыҚазақстан халқына Жолдауында түбегейлі жаңа мақсаттар қойылып, білім саласы саласы жеке блок ретінде көрсетілген. Өйткені, білім - ұлттың бәсекеге қабілеттігін арттырудың басты құралы болып табылады.

Сонымен қатар, халықаралық тәжірибе ерте балалық шақтан ересек жасқа дейін адами капиталға, атап айтқанда, білім беруге бөлінетін инвестицияның экономика мен қоғамға елеулі қайтарымы болатынын дәлелдеп отыр.

Адами капиталға бөлінетін инвестициялар жылдам өзгеретін әлемде бейімделе алатын техникалық прогрессивті, өнімді жұмыс күшін құру үшін аса қажет. Болашақтың табысты экономикасы білім беруіне, халықтың дағдылары мен қабілетіне инвестициялайтындар болмақ. Білім беруді әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалатын шығындар ретінде ғана емес, экономикалық инвестициялар ретінде түсіну қажет.

Сондықтан да, ғылыми-зерттеу туралы жұмыстың есебіндегі бірінші бөлімде білім беру саласының теориялық аспектілері қамтылып, қазіргі білім беру жүйесі, жағдайы жөнінде сипатталып өтілген. Сол сипаттамаларға тоқталып өткен жөн.

Білім беру мен экономикалық өсуді байланыстыратын көптеген дәлелдер бар:макро және микроэкономикадағы халықаралық зерттеулерді шолу білім берудің, табыстың және өнімділіктің арасында тығыз байланыстың бар екенін дәлелдеп отыр. Бұл ретте оқытудың бастапқы кезеңіне инвестициялаудың зор қайтарымы болатыны байқалады; зерттеулер білім беруді дамытуға жұмсалған инвестицияның маңызды жақтарын растайды.

Экономикалық пайдадан бөлек білім беру басқа да әлеуметтік пайдаларды келтіреді, әлеуметтік капиталдың - азаматтардың көп үлесінің қатысуымен құралған, әлеуметтік бірлігі мен интеграциясы жоғары, құқық бұзушылық деңгейі төмен қоғамның қалыптасуына ықпал етеді. Жастайынан білім алу әлеуметтік, эмоционалдық және басқа да өмірге қажетті дағдыларды қалыптастыруда маңызды рөлге ие. Білім беру қызметінің барлық спектрларын одан әрі дамытудың сенімді дәлелдері осында. Қазақстанның білім беруді түбегейлі жаңғыртуы: білім беруге салынатын инвестицияны айтарлықтай және тұрақты ұлғайтуы, оның сапасын жақсартуы қажет.

Сондықтан жаңа ұлттық пайымдау ұсынылады: 2020 жылға қарай Қазақстан - білімді мемлекет, ақылмен құрылған экономика және біліктілігі жоғары жұмыс күші. Білім берудің дамуы еліміздің болашақ экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени өркендеуі сүйенетін тұғырнамасы болуы тиіс.

Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асырудың ұйымдастырушылық негізі - қазақстандық білімді жаңғыртудың жалғастырылуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болды. Бағдарлама білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұйымдастырушылық негізі ретінде білім беру мен тәрбиенің, басқару жүйесінің, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтық-ұйымдастырушылық нысандарының және қаржы-экономикалық тетіктерінің құрылымындағы, мазмұны мен технологияларындағы өзгерістерді қамтитын ресурстары мен мерзімі бойынша бір-бірімен өзара байланыстағы іс-шаралар кешені болып табылады.

2011 жылы білім саласын дамытудың заңнамалық әрі идеологиялық негізі қаланған болатын. 2012 жылы білім және ғылым саласында көптеген жаңартулар болды. Бірқатар маңызды жетістіктерге қол жеткізілді.

40-тан астам түбегейлі жаңа базалық механизмдердің көпшілігі тәжірибеге енгізілді.

Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінде «Балапан» бағдарламасының арқасында балаларды қамту екі есе өсіп, 71, 5%-ға жетті. 2 жыл ішінде бұл көрсеткіш бойынша дамыған елдердің деңгейіне жақындаймыз (80% жуық) . Мемлекеттік - жеке әріптестік, жан басына қаржыландыру механизмдері іске қосылды.

Елбасы тапсырмасына сәйкес «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру 2020 жылға дейін жалғасатын болады. Бұл міндет жергілікті және орталық органдармен өзара тығыз әріптестікке тікелей байланысты болмақ.

Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін Қазақстан жоғарғы сауатты елге айналуы керек. Білім беру саласындағы басымдықтардың бірі жастар саясаты және оны мемлекеттік қолдау және реттеу болып табылады.

Жастар саясатында Елбасының тапсырмасы бойынша дамудың жаңа бағыты қабылданды. Басқарудың жаңа моделі құрылды. Бұл - Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитеті және аймақтардағы жастар саясаты басқармасы болып табылады.

Қазіргі таңдағы еліміздегі өзгерістер, тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыттары және қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы, қарқындылығы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.

Осыған байланысты білім беруді жаңарту педагогтардың жауапкершілікті түсінуі мен олардың кәсіби деңгейіне және білім беру үдерісіндегі көптеген мәселелерді шешуге қосқан үлесіне байланысты.

12 жылдық білім беруге көшуге байланысты Қазақстан Республикасының әлемдік білім беру кеңістігіне енуі, педагогтар қауымынан кәсіби міндеттер мен оны жүзеге асыруда жаңаша көзқарасты, яғни инновациялық қызметті талап етеді.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру - 12 жылдыққа көшу және кәсіби міндеттерді өздігінен, шығармашылықпен шеше алатын, қызметтің жеке және қоғамдық мәнін түсінетін және оның нәтижесіне жауапты қарайтын құзырлы, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім берудің тиімді жүйесін құруды көздейді.

Жоғарыда аталған бөлімдерде, еліміздегі білім беру саласын дамытуда мемлекет тарапынан зор қолдаулар табылып, реттеліп жатқандығы белгілі.

Сондай-ақ, Қазіргі таңда білім берудің жаңа үлгісін ендіру тұлғаны дамыту үдерісі ретінде тәрбиеге баса назар аударылуда. Соған байланысты мұғалім мен оқушының тұлғалық-бағдарлы өзара қарым-қатынасы маңызды орын алып отыр. Мұнда тұлғаны рухани тәрбиелеуге, адамның адамгершілік жағынан келбетінің қалыптасуына ерекше мән беріледі. Сондай-ақ білім беру факторларының: мектеп, отбасы, әлеуметтік ортаның кірігуі көзделеді.

Еліміздегі білім беру жүйесін жаңғыртудың басты мақсаты - еліміздегі білімнің сапасын және бәсекеге қабілетін арттыру болып табылады.

Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылып, шешімі табылады:

- оқу процесіне заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізу;

- «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәжірибесін қазақстандық білім беру жүйесіне тарату;

- педагогикалық кадрлардың кәсіби дайындық деңгейін арттыру;

- педагогикалық базалық білім беру стандарттарын, мектеп мұғалімдері мен жоо мұғалімдерінің біліктілігін арттыру талаптарын жаңарту;

- мектепке дейінгі тәрбиенің жаңа сапасына көшу. Қазіргі кезде әлемде мектепке дейінгі тәрбие мектепке дейінгі білім беруге ауысуда. Балаларды ерте жастан оқытуға көшу жүзеге асуда;

- кадрлар даярлауды экономика қажеттілігіне сәйкес келтіру;

- білім саласына әлемнің үздік жетістіктерін енгізу;

- Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін дамыту;

Білім беруді жаңарту оқушылардың білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда, функционалдық сауаттылығын немесе құзыреттілігін қалыптастырады.

Елбасының тапсырмасы бойынша Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың ұлттық жоспары әзірленіп, бекітілді. Қазіргі заман талабы - көптілді оқыту. Осы жұмысқа біз белсене кірісіп кеттік. Қазақ тілі - ұлтымыздың рухы, рухани байлығы. Тіліміздің дамуы, қоғамдағы орнын нығайту және қалпына келтіру жолында білім саласының жауапкершілігі ерекше. Қазақ тілі барлық мектептерде оқытылады. Оқушылардың 60%-дан астамықазақ тілінде білім алады. Мұндағы басты мақсат - барлық бітірушілердің қазақ тілін жақсы меңгеріп шығуы. 2013 жылы 1 қыркүйектен бастап 1-сыныптан ағылшын тілін оқыту енгізіледі .

2012 жылы жоғары оқу орындарында тиісті пән педагогтері мен мамандарын даярлау басталды. Президент тапсырмаларын орындау мақсатында білім берудің барлық деңгейлерінде Көптілді оқытуды дамытудың2020 жылға дейінгі бағдарламасын әзірлеуді қажет деп санаймын.

e-learning электрондыоқытуды дамыту жобасына 600-ге жуық мектеп қосылды. 2020 жылы мектептердің 90%-ын қамтитын болады. Алайда, мұндай оқудың тез дамитынын ескеру керек.

Сондықтан, әзірлеушілер әлемдік трендтерді үнемі қадағалап, уақытылы түзетулер енгізіп отыруы керек деп есептеймін. Мерзімдер, технологиялар және қаржы бойынша бағдарламаны оңтайландыру туралы ұсыныстар дайындауды ұсынуға болады.

Бұдан басқа білім беруді жаңарту қазіргі кездегі оқу-тәрбие процесін оқушылардың патриотизмін, мораль және адамгершілік нормаларын, ұлтаралық келісім мен төзімділігін, физикалық және рухани дамуын, заңды құрметтеуін қалыптастыруына бағыттайды. Бұл құндылықтар қазіргі тәрбие жұмысының негізі болуы тиіс. Осыған орай, Министрліктің жанынан ашылған «Жастар ісі комитеті» жұмысының бағыты айқындалып, 2013 жылдың 1 жартыжылдығында «Мемлекеттік Жастар саясаты туралы» Заң жобасын әзірленуде. Негізгі бөлімдерде аталған барлық атқарылып жатқан шаралардың ұтымды іске асырылу елеміздің біліс саласының дамып, бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылуда жемісін берері мол.

Білімге қол жеткізуді кеңейту үшін түбегейлі жаңа Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі құрылды.

Жастар саясатында Елбасының тапсырмасы бойынша дамудың жаңа бағыты қабылданды. Басқарудың жаңа моделі құрылды. Бұл - Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитеті және аймақтардағы жастар саясаты басқармасы. Жастар ұйымдарымен жұмыс жүргізетін Үйлестіру кеңесі және «Жастар» ғылыми орталығы құрылды.

Қорытындылай келе, Елбасы қойған міндеттерді шешу үшін 2011-2020 жылға дейінгі білім беру бағдарламасына ұсыныстар енгізу қажет деп, білімнің барлық саласы- нәтижеге, елді, оның экономикасы мен әлеуметтік саласын дамытуға жұмыс істеуі қажет. Сондай-ақ, жоғары бәсекеге қабілетті болуы аса маңызды болмақ.

Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану

Біз даналықты үш жолмен үйренеміз:

ойлану - ең ізгі жол;

Еліктеу - ең жеңіл жол;

Тәжірибе жолы - ең ауыр жол.

енедикт Спиноза

Қазіргі таңда мектепке дейінгі орындарда инновациялық технологияны ендіруге көптеп күш жұмсалады. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардың негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу, жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Мектепке дейінгі білім беру орындарында, педагогикалық технологиялар мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге асыруға бағытталған.

Педагогикалық технологияда ең маңызды жағы білім беру мен тәрбие жүйесінде ересектер мен балалардың қарым-қатынасы болып табылады. Қарым-қатынас жасауда үлкендер жағынан балаға мынадай жағдай туғызу қажет:

«Бала біздің болашағымыз, қоғамыздың азаматы».

Оның мақсаты: Баланы жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Қазіргі таңдағы білім беру технологиясының қатарына мыналар кіреді:

-Денсаулық сақтау технологиясы.

-Жобалы-іс шығармашылығы.

-Ізденіс-шығармашылық технологиясы.

-Қатынастық-ақпараттық технология

-Жеке тұлғаға бағыттау технологиясы.

-Бала мен тәрбиеші портфолио технологиясы.

-Ойын технологиясы.

-Триз технологиясы және т. б.

Денсаулық сақтау технологиясы.

Денсаулық сақтау технологиясының мақсаты: Баланың денсаулығын нығайтуға, білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары, баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің қалыптасыуна үлкен үлес қосады.

Қазіргі таңда адамдардың даму жағдайында оның денсаулығын қалыптастыруда реттік жүйесіз мүмкін емес.

Денсаулық сақтау педагогикалық технологиясын мына төмендегілермен тығыз байланыста болады:

-Мектепке дейінгі мекемелермен.

-Ондағы балалардың күнделікті қатынасуы.

-Тәрбиешілердің жұмыс бағдарламасы.

-Мектепке дейінгі ұйымдардағы іс-шаралар.

-Педагогтың кәсібі құзіреттілігі.

-Балалардың денсаулық көрсетілімі.

Денсаулық сақтау технологиясы мынадай топтарға жіктеледі:

Әдістемелік-профилактикалық: медбикенің жетекшілігі мен медициналық талаптардың нормасына байланысты. Медициналық құралдарды қолдану және балалардың тамақтануын қадағалау, алдын алу іс-шараларын жүргізу.

Сауықтыру-шынықтыру: бұл балалардың денсаулығын нығайтып, шынықтыруға бағыттау. Физикалық дамуының сапасын жақсардтуда шынықтыру, тыныс алу жаттығулары жатады.

Баланың әлеуметтік-психологиялық сәттілігін қамтамасыз ету.

• Денсаулықты сақтау және денсаулық нығайту.

• Педагогтардың денсаулық мәдениетін дамытуға бағыттау. Сонымен қатар мәдени кәсіби денсаулық.

• Салауатты өмір салтына қажеттілікті дамыту: денсаулықты сақтау және оған жағдай жасау (спорттық және қимылды ойындар технологиясын қолдану, көзге арналған және тыныс алу жаттығулары т. б. )

• (динамикалық үзіліс, релаксация, ритмопластика)

• Білім беру:

• Мектепке дейінгі баланың мәдени денсаулықтарын тәрбиелеу.

• Оқытуда және тәрбиелеуде жекешілдікке оқытуға тұспалдау.

• Салауатты өмір салтын үйрету.

Денешынықтыру сабақтарының техникасын қолдану, қатынастық ойындар, кедергі ойындар (ойын тренингтер, теропиялық ойындар, өзін өзіне массаж жасау) .

Денсаулық сақтау технологиясына сенсорлық дамыту ортасын ендіру.

Жобалау шығармашылық технологиясы.

Мақсаты: Әлеуметтік тұлғалық тәжірибені дамыту және байыту.

Тәрбиешілер өз іс әрекеттерінде жобалау технологиясын қолданады.

Жобалау классификациясы «Ойын түрінде» барлық топтың қатысуымен өткізілетін сабақтар

(ойындар, ұлттық билер, драматизациялау, әр түрлі көңіл көтерулер)

«Саяхаттау» қоғамдық өмірдегі айналамен танысудағы қиындық мәселесін шешуге бағытталады.

«Баяндау» Балалар өз сезімін көркемдеп, музыка арқылы, ауызша, жазбаша, жеке дауыста жеткізуді үйренеді.

«Құрастыру» анық пайдалы заттарды жасауға бағытталған;

(құс ұясы, гүлзарлар құрылымы. ) «Жоба түрлері»

Басымдылық әдістемесі бойынша.

-Іздену.

-Ақпаратты.

-Шығармашылық.

-Ойындар.

-Болған жағдайлар.

-Практикалық бағыттаушы.

Мазмұны бойынша төмендегідей:

-Баланы және оның отбасын қатыстыру

-Бала және табиғат.

-Бала және қоршаған әлем.

-Бала, қоғам және мәдени құндылықтар.

. Жобаға қатысушы баланың сипаттамасы бойынша:

-Тапсырыс беруші.

-Іс-тәжірибе.

-Орындаушы.

-Қорытындыға дейін ой туғызатын қатысушылар.

Байланыс сипаты бойынша.

-Жас ерекшелігіне байланысты топта іске асады.

-Басқа топтармен байланыс.

-Мәдени мекемелер.

-Қоғамдық ұйымдар (ашық жобалау)

Қатысушылар саны бойынша:

-Жеке

-Жұппен

-Топпен

-Жаппай

. Ұзақтық мерзімі бойынша.

-Қысқа мерзімді

-Орташа ұзақтылық.

-Ұзақ мерзімді.

Ізденіс-шығармашылық технологиясы.

Ізденіс шығармашылық технологиясының мақсаты -балалардың ізденіс құзіреттілігін дамыту.

Триз технологиясы міндетті түрде қолданылады.

Экспериментті-ізденіс әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру.

-Шығармашылық.

-Эверистикалық әңгімелер

-қиындық туғызатын сұрақтардың шешімі мен құрылымы.

-Бақылау.

-Модульдік (жансыз табиғаттың өзгерістерінің модульін құру)

-Тәжірибелер.

-Қорытындысына баға беру.

Бақылау, тәжірибе, эксперименттер, еңбек іс-шаралары.

«Жүктеу»бояуға, дыбыстауға, табиғаттың бейнесі және иістер.

-табиғаттың дыбыстарына, дауыстарына еліктеу.

-көркем сөздерді қолдану.

-дидактиқалық ойындар, үйретуші ойындар және шығармашылық даму жағдайлары.

-еңбек ету

Ақпараттық -қатынастық технологиясы

Ата аналарының өскен ортасынан заманауи бала түбегейлі бөлініп тұрады.

(қазіргі кездегі компьютерлерді қолдану технологиясы)

Қоғамдық ақпарат педагогтар мен балалар алдында мынандай міндеттер қояды:

Міндеттері:

-жаңа заманға қадам басу

-жаңа технология әлеміне балаға жол серік болу.

-компьютерлік бағдарламаға тәлімгерді таңдау.

-Ақпараттық мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру.

-педагогтардың профессионалдық деңгейін және ата -аналардың құзыреттілігін көтеру.

Бағдарламаны жіктеу

-ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту

-шет тілінде сөйлейтін сөздік

-қарапайым графикалық редактор

-ойын-саяхаттар.

-оқуды, математиканы үйрету.

Триз жүйесі бойынша шығармашылық әңгіме барысында қалыпсыз тәсілдерді қолдану.

Триз технологиясының мақсаты: баланың тілін дамыту, шығармашылық қиялын дамыту болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда 3негізгі мақсат қарастырылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы мен қалыптасу кезеңдері
Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың педагогикалық - әдіснамалық негіздері
Зерттеу үдерісін мониторингтеу
Мектепке дейінгі білім беретін жалпы бағдарлама - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын анықтайтын мемлекеттік құжат
Стандарт үлгі, білім мазмұнының негізі
Мектепке дейінгі мекемедегі ұйымдастырылған іс-әрекетінен жұмыс жоспарын құру және ұйымдастыру әдістері
Мектепке дейінгі білім беру жүйесі
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту мен тәрбиелеу
Білім туралы
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТӘРБИЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz