12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

2. 1. Әлемдік және отандық тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі

2. 2. 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері

2. 3. Жалпы орта білім беру құрылымы

2. 4. Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары

2. 5. Коммуникативтік құзіреттілік

3. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық орта жалпы білім беру Тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) - жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары бейнелетін негізгі құжат болып табылады.

Бұл Тұжырымдама Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңына; “Қазақстан Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына”; Қазақстан Республикасында білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына; Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғырудың қарқынды жолында» атты жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді.

Жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс құралының қарқынды дамуы, сондай-ақ адамның интеллектісіне, әл-ауқаттылығына, оның икемділігіне, жасампаздық іс-әрекетіне қол жеткізетін тәсілдер қоғамның негізгі капиталы бола бастады.

Қазақстан қоғамындағы мұндай жағдайда өзекті мәселелердің бірі - өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтілік жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылық, танымдық әрекетке қызғушылығының басымдығы.

Қазақстандық жалпы орта білім мазмұны оқушының өмірдегі құзіреттілігі үшін жеткіліксіз болып отырған әрбір оқу пәні бойынша білімі, білігі және дағдысын алу тәртібімен ғана сипатталады. Білім мазмұнының артық ақпараттылығы оқушының оқуға ынтасының төмендеуіне және денсаулығының нашарлауына әкеп соғады.

Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі тұрақты өзгерістерді ескере отырып, қоғам өміріне еркін енуіне дайындығын қамтамасыз ететін жалпы орта білімді дамытудың қарқынын арттыру қажеттілігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Оқушыны тұлғалық дамыту міндеттерін іске асырудағы, оның психикалық және физиологиялық денсаулығын сақтаудағы, әлеуметтендірудегі мектеп білімінің рөлін күшейтудің маңызды зор.

Тұжырымдаманың мақсаты - 12 жылдық мектеп жағдайында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту стратегиясын айқындау.

Тұжырымдаманың міндеттері:

  1. 12 жылдық мектептегі білім беру мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын және оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін ашып көрсету;
  2. 12 жылдық білім беруге көшудің қаржылық-экономикалық негіздемесін дайындау.
  3. осы Тұжырымдаманың күтілетін нәтижелерін анықтау;

Тұжырымдама төмендегі бөлімдерден тұрады:

  1. Әлемдік үрдістер мен отандық тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі.
  2. 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері.
  3. Жалпы орта білім беру құрылымы.
  4. Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары.
  5. Білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.
  6. Педагогикалық кадрлар.
  7. Білім берудің күтілетін нәтижелерін бағалау жүйесі.
  8. Жалпы орта білім беру жүйесін басқару.
  9. 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары.

І. Әлемдік және отандық тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі

Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге негізделген әлемдік дамудың негізгі үрдістері мыналар болып табылады:

  • қоғам дамуының қарқындылығы;
  • постидустриалдық, ақпараттық қоғамға көшу, мәдениаралық өзара қатынас ауқымының кеңеюі, ;
  • халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде шешілуі мүмкін ғаламдық проблемалардың туындауы және өсуі;
  • қоғамның демократиялануы;
  • экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өсуі;
  • адам капиталы мәнінің артуы.

Осыған сәйкес дамыған елдердің білім беру жүйесінде білім беру философиясы мен әдіснамасын жаңарту үрдістері, білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі, білім беру мазмұнындағы жетілдірілген моделдердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдерін іздеу және т. б. үрдістер байқалып отыр.

Оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстыру және оқушылдың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшу әлемдік білім берудің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.

Қазақстандық жалпы орта білім беретін мектеп соңғы жылдары өзінің келбетін өзгертті. Білім беруді жаңарту жүйесін қолдайтын нақты қадамдар жасалды. Олардың ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының әзірлену және енгізілуі, кредиттік технология негізіндегі үш сатылы жоғары білім моделінің енгізілуі, вариативті білім берудің енгізілуі, білім сапасын бағалау критерийлерін әзірлеу жөнінде жұмыстар басталды.

Бірақ қол жеткен жетістіктер адам капиталының дамуы мен орнықты экономикалық өсуді толық қамтамасыз ете алмайды.

Қазақстанның білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері ықпал ететін мынадай факторлар қалып отыр:

  1. Орта білім беру жүйесінде диагностикалық мақсаттылықтың болмауы.
  2. Білім берудің жеке тұлғаның дамуына емес, формальды нәтижелерге бағдарлануы.
  3. Оқу жетістіктерін бағалауда оқушыны қызықтырмайтын, шынайылықты қамтамасыз етпейтін және қиындық тудыратын жағдайға душар ететін ескірген жүйенің сақталуы.
  4. Жасөспірімдердің тұлғалық, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің жеткілікті дамымауы, өзін-өзі анықтау мотивтерінің болмауы, өзіндік қызығушылығы мен болашақ жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі.

ІІ. 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері

12 жылдық білім берудің басты мақсаты:

Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегіше анықталды:

1. Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік - оқушының қоршаған ортаны бірдей қабылдайтын қабілеті, жоғары әдептілік құндылықтар негізінде жасампаз қоғам өмірінде өзінің рөлін таба білу біліктілігі, азаматтылығы мен елжандылығы. Бұл құзыреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу білігін қамтамасыз етеді.

2. Мәдениеттанымдық құзыреттілік - жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу.

3. Оқу-танымдық құзыреттілік - оқушының зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу-танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық.

4. Коммуникативті құзыреттілік - адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.

5. Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік - бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, талдай, таңдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен ақпаратты ақпараттық технологиялар мен техникалық объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі.

6. Әлеуметтік-еңбек құзыреттілік отбасылық, еңбек, экономикалық саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық тәжірибе мен білімге ие болуды білдіреді.

7. Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілік . Бұл құзырет отбасылық, еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық қызмет білімі мен тәжірибесінің болуын білдіреді.

ІІІ. Жалпы орта білім беру құрылымы

Жалпы орта білім беру құрылымын жаңарту білім беру процесіне қатысушылардың талабын, мүмкіндігі мен қызығушылығын толық ескеруді, оқыту сатылары бойынша оқу материалдарын бірдей қайта бөлуді, оқытуды дараландыруға жағдай жасауды көздейді.

12 жылдық жалпы орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі төмендегі ұстанымдар негізінде ұйымдастырылды:

  • жеке тұлғаның жас кезеңдерінің ескерілуімен;
  • күтілетін нәтижелердің жетістіктеріне бағыттылығы;
  • оқытудың сабақтастығы;
  • әрбір оқыту сатысының даралығы.

12 жылдық білім беру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру деңгейі ерекше мәнге ие болып отыр. 5 жастағы балаларды мектепалды даярлау олардың психологиялық, педагогикалық, дене және физилогиялық талаптарын ескере отырып, бастауыш мектепке оқытуға дайындау сапасының басты жағдайы ретінде жүзеге асырылуы тиіс.

1-саты

жалпы орта білім беру (1-4 сыныптар)

Оқуды бастау жасы - 6 жас

Оқыту ұзақтығы - 4 жыл.

1-сатыдағы негізгі бағдар - оқушының өзін-өзі таныту мүмкіндігі мен қоршаған ортасының шынайылығы туралы білімді игерудегі даралығын ашу, оқуға талабын және білігін қалыптастыру, яғни оқытудың келесі сатыларына қажетті танымдық қызығушылығын арттыру, кіші жастағы оқушылардың біртұтас оқу әрекетін қалыптастыруға ықпал ету.

Баланың тұлғалық қалыптасуын, оның қабілеттерінің тұтастай дамуын қамтамасыз ету. Бастауыш мектепте қажетті біліктер мен дағдыларды игеруге, оқу, жазу, санау, шығармашылықпен ойлау элементтерінің, жеке гигиенасы мен денсаулығын сақтау негіздерінің болуына ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру.

2-саты

Жалпы орта білім беру (5-10 сыныптар )

Оқыту ұзақтығы - 6 жыл

2-сатының негізгі бағдары - негізгі жалпы білім алуға жағдай жасау, адамдар арасындағы және этносаралық қатынастар мәдениетін, тұлғаның біртұтас көзқарасын, өзін-өзі анықтауын қалыптастыру, тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыру тетіктерін, кәсіби және танымдық ой-пікірінің туындауына, теориялық ойлау тәсілдері мен ғылыми таным әдістерін игеруіне ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру.

Негізгі мектеп оқытуды бейіндік мектепте немесе кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарында жалғастырудың базасы болып табылады.

Бұл сатының ерекшелігі оқушының үшінші сатыдағы мектептегі бейіндік оқытуға саналы таңдау жасауға бағдар көрсететін бейіналды дайындықтың жүргізілуі болып есептеледі.

3 - саты

Жалпы орта білім беру (11-12 сыныптар)

Оқыту ұзақтығы - 2 жыл

Үшінші сатының бағдары жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып табылатын, оқытудың саралануы мен даралануына, оқушылардың білімін жалғастыруға қатысты жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына ықпал ететін талабымен, қызығушылық ниетімен сәйкес әлеуметтендіруге бағдарланған бейіндік оқытуды іске асыруға жағдай жасау.

Бейіндік оқыту жаратылыстану-математикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және технологиялық бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

Бейіндеу (профилизация) нысандары мектептің педагогикалық әлеуетін, білімдік инфрақұрылымының мүмкіндігін, облыстың, қаланың, ауданның сұранысын ескере отырып анықталуы тиіс.

Бейіндік оқытуды іске асыру жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектептерде жүзеге асырылады.

ІV. Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары

Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары мыналар:

  • білім беру мазмұнын қоғамның қазіргі әлеуметтік-экономикалық сұранысына сәйкестендіру;
  • білім беру мазмұнын ізгілендіруді, оның вариативтілігін қамтамасыз ету;
  • өз бетімен білім алуға, оны практикада қолдана білуге және қажеттілікке тәрбиелеуге бағытталған, негізгі құзырлылық қалыптастыруға ықпал ететін білім беру мазмұнымен қамтамасыз ету;
  • танымдық уәждемелерін қалыптастыруға бағытталған білім беру мазмұнын іріктеу;
  • білім беру мазмұнын оқушының ғылыми тәсілмен тануына, өз бетімен ізденуіне мақсатты және жүйелі тартуға бағдарлау;
  • білім мазмұнын ұлттық мәдениетті құрметтеуге, өзге мәдени бастамаларға ашық болуға тәрбиелеуге бағдарлау.

Отандық және халықаралық мектептердің орта білім беру мазмұнын ұйымдастырудағы тәжрибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасының білім беру мазмұны құрамына 8 білім саласы енгізілді: “ Тіл және әдебиет”, “Математика”, “Жаратылыстану”, “Қоғамтану”, “Технология”, “Өнер”, “Дене шынықтыру”, “Адамтану”.

Білім беру саласының мазмұны Мемлекеттік базистік оқу жоспарында қарастырылған пәндер арқылы іске асырылады.

Білім мазмұнына инварианттық компонент (өзінің мазмұны мен жүйесі бойынша мемлекеттік базалық білім беру стандарттарының талаптарына жауап беретін оқу бағдарламасының жалпы міндетті бөлігі) және вариативтік компонент ( оқушылар мектеп ұсынған арнаулы курстардан өздерінің қалауы және таңдауы бойынша игерілетін оқу жоспарының вариативті бөлігі. Мұнда оқушының өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға арналған “Зерттеу мәдениетінің негіздері” атты арнаулы курсы беріледі), жоғары сатыға (11-12 сыныптар) бейіндік компонент (таңдауы бойынша тереңдетіліп оқытылатын, өзінің мазмұны мен жүйесі бойынша бейінді білім стандарттарына жауап беретін оқу пәндерінің, модулдердің, курстардың жиынтығы) қосылады.

Коммуникативтік құзіреттілік

Жалпы алғанда, «Құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарының педагогикадағы қолданылуы туралы мынадай көзқарастар қалыптасқан:

1. Бұл жаңа сөздерге еліктеушілік, оларды қолданбауға да болады, өйткені «мектеп бітірушінің дайындық деңгейі» және «оқу біліктіліктері» деген дәстүрлі қолданылып жүрген баламалары бар.

2. «Құзырет» және «құзыреттілік» адамның тіршілік қызметінің басқа салаларында да кеңінен қолданылып жүр және олар кәсіби іс-әрекеттің жоғары сапасын көрсетеді.

3. «Құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдары алдағы уақытта оқушылардың мәдениеттанымдық іс-әрекетінің күрделі құрылымын бейнелеп, білім беру мазмұнының өзін дамытуға жаңаша сипат беруі мүмкін.

Біз «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын нақты мазмұнмен толықтыру арқылы білім беруді, оның ішінде оқушының білімділігін жаңаша сипатта жандандыруға мүмкіндік береді деп есептейміз. [2]

12 жылдық орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі төмендегі ұстанымдар негізінде ұйымдастырылады:

· жеке тұлғаның жас және жеке ерекшеліктерінің басты назарда болуы;

· жеке тұлғаның жас кезеңдерінің ескерілуі;

· күтілетін нәтижелердің оқушы жетістіктеріне бағыттылығы;

· оқытудың сабақтастығы;

· әрбір оқыту сатысының даралығы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
12 жылдық жалпы орта білім беру мақсаты
12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі туралы
12 жылдық білім жүйесіне көшу жағдайындағы мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігі
12-жылдық мектепте білім беруді ғылыми әдістемелік қамтамасыз ету
«12 жылдық мектептің бастауыш сыныптарында «Алгоритм» тақырыбын оқытудың әдістемесі»»
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру жүйесі
Әлемдік және отандық тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы
Мектепте электрондық кестелермен жұмыс технологиясын оқыту ерекшеліктері
ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТЕ БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz