Қазіргі кезеңдегі жергілікті биліктің қалыптасуының ағымдық жағдайы және оны жетілдіру


Курстық жұмыс
Тақырыбы: Жергілікті биліктің қалыптасуымен құрылымы
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І Жергілікті биліктің қалыптасумен құрылымының теориялық аспектілері
1. 1. Жергілікті биліктің қалыптасуының жалпы сипаттамасы . . . 5
1. 2. Қ. Р. жергілікті атқарушы органдардың құрылымы . . . 7
ІІ Қазіргі кезеңдегі жергілікті биліктің қалыптасуының ағымдық жағдайы және оны жетілдіру
2. 1. Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілді органдар және оның ағымдық жағдайы . . . 13
2. 2. Жергілікті әкімдер, әкімшіліктерді құру, құзыреті және қызметінің ұйымдастырылуы . . . 19
ІІІ Қ. Р. жергілікті биліктің құрылымы және оны тиімді басқару жүйесі
- Қ. Р. жергілікті билікті тиімді басқаруды жетілдіру . . . 24
Қорытынды . . . 30
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 32
Кіріспе
Кіріспеге тоқталар болсақ Қ. Р-да Жергілікті биліктің атқарушы органы болып (әкімият) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган. Бұл Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтық мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімият өзіне жүктелген міңдеттерді іске асыруда аудаңдық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихат алдында, жауапты болады.
Осыған орай айта кететін бір жайт - республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудаңдық маңызы бар қалалық, кенттік, ауылдық (селолық) округтік әкімияттар құрылмайды,
Әкімшілік-аумақтық бөліністі басқарудың өзіндік схемасы бар, ол тиісті аумақта орналасқан тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің бюджетімен қаржыландыратын атқарушы органдар жүйесі. Ал еңді орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі дегеніміз-бұл тиісті әкімшілік-аумақтык: бөлініс шегінде орталық атқарушы орган міндеттерін жүзеге асыратын орталық атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі.
Әкім-Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінін тиісті аумақтағы жергілікті атқарушы органы (оны құрған жағдайда) басқаратын және өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, бүкіл орталық атқарушы органдарынын аумақтық бөлімшелерінің келісімді жұмыс істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметіне басшылықты қамтамасыз ететін және өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік басқару өкілетгігі берілген, тиісті аумақтағы істің жай-күйіне әрі оның әлеуметтік-экономикалық дамуына жауапты өкілі. Ол, әрине, әрбір облыстарда, республикалык маңызы бар қалада және астанада ірі лауазымды тұлға болып табылады, оны Премер министрдің ұсынуы бойьнша Республика Президенті қызметке тағайындайды және босатады. Өзге әкімшілік-аумақтық бөліністердің әкімі (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдерінен төменгілерін) Президент айқындаған тәртіппен қызметке тағайындалады немесе сайланады (Конституцияның 87 - бабы, 4-тармағы) . Демек бұл туралы Президенттің Жарлығы не әкімі қабылдануы тиіс.
Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің өкілеттігі Республиканың жаңадан сайланған Президенті қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады. Бұл ретте әкім республика Президенті тиісті әкімді тағайындалғанға дейін өз міндетін атқаруды жалғастырады.
Жергілікті биліктің атқарушы органы болып облыстық әкімият республикада біртұтас атқару жүйесіне кіреді. Облыстық әкімият әкімнен, оның орынбасарларынан әкім аппаратының жетекшілерінен, атқару органдарының І-ші жетекшісінен тұрады. Облыс әкімі ақпаратпен ұйымдастырушылық, сараптама, құқықтық және материалдық базамен әкім аппараты қамтамасыз етеді. Орталық атқарушы органдарының аймақтык бөлімшесі орталық атқарушы органның функциясының аймақтық-әкімшілік деңгейдегі құрылымы болып табылады. Аймақтық бөлімшесінің бастығы тиісті орталық органның басшысы әкімнің келісімінсіз тағайындайды. Бұл аймақтық деңгейді кадр мәселесін шешуге үкімет мүшелерінің персоналды жауапкершіліктерін жоғарылатады. Жергілікті бюджеттің қаржыларын атқарушы орган облыс әкімінің қалауымен құрылады. Ол ұйымдық іс-әрекеттерімен құзыреттерін анықтайды. ҚР-ң жеке және заңды тұлғаларының шаларын жүзеге асырады, өзінің құқықтық шеңберінде жерді реттейді, құрылысты ұйымдастырады және жөндеуден өткізеді. Сонымен бірге тұрғын үй қорын ұйымдастыруға, жолды жөндеуге, шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етеді, әскери борыш туралы заңның жүзеге асыуын қамтамасыз етуді, азаматтық тұрмысы туралы актіні тіркеуден өткізуді, тарихи және мәдени ошақтарын қорғауда іс-шараларын ұйымдастырады, жергілікті жердің әлеуметтік құрылымын дамытуды қоғамдық көлік қатынасын ұйымдастыруда, жергілікті басқару органдарын бірге жұмыс жасауды қарастырады.
І Жергілікті биліктің қалыптасумен құрылымының теориялық аспектілері
1. 1. Жергілікті биліктің қалыптасуының жалпы сипаттамасы
Жергілікті биліктің атқарушы органы болып облыстық әкімият республикада біртұтас атқару жүйесіне кіреді. Облыстық әкімият әкімнен, оның орынбасарларынан әкім аппаратының жетекшілерінен, атқару органдарының І-ші жетекшісінен тұрады. Облыс әкімі ақпаратпен ұйымдастырушылық, сараптама, құқықтық және материалдық базамен әкім аппараты қамтамасыз етеді. Орталық атқарушы органдарының аймақтык бөлімшесі орталық атқарушы органның функциясының аймақтық-әкімшілік деңгейдегі құрылымы болып табылады. Аймақтық бөлімшесінің бастығы тиісті орталық органның басшысы әкімнің келісімінсіз тағайындайды. Бұл аймақтық деңгейді кадр мәселесін шешуге үкімет мүшелерінің персоналды жауапкершіліктерін жоғарылатады. Жергілікті бюджеттің қаржыларын атқарушы орган облыс әкімінің қалауымен құрылады. Ол ұйымдық іс-әрекеттерімен құзыреттерін анықтайды.
Жергілікті атқарушы органдарының аудандық деңгейі. Аудандық әкімиятты
ауданның әкімі құрады. Оның құрамында әкім орынбасарлары, әкім аппаратының тиісті атқару органдарының І-ші басшылары болады. Сонымен катар атқарушы органның аймақтық бөлімшелерінің І-ші жетекшілері де болуы мүмкін. Аудан әкімиятының жұмыстарына орталық атқарушы органның аймақтық бөлімшелерінің басшылары қатыса алады. Аудан әкімі өзінің маслихатының функцияларын жүзеге асыруға міндетті. Өзінің және аудан әкімиятыныңқұзыреті бойынша ҚР-ң Президенті және облыс әкімі алдында жауапты.
Аудандық органдарға мыналар жатады:
- аудандық әкім аппараты;
- бөлімдер;
- ішкі істер;
- білім;
- басқару;
- коммуналды шаруашылық;
- ауыл шаруашылыгы;
- әлеуметтік саясат;
- қаржы саласы;
- діни басқармалар;
- экономика саласы жатады.
Республикалык маңыздылыққа немесе қала (Астана) аудандағы қала, поселка, ауылдар.
Республикалық маңызы бар қала (Астана) қалалық, аудандық, поселка, ауылдық жерлерде әкімият болмайды. Олар заңға сәйкес азаматтық шағымдарын, азаматтық еркіндігі мен қүқықтары бойынша шешім қабылдайды. Салық және басқа да бюджетке түсетін төлемдерді жинайды, сметаларды дайындап маслихаттың бекіту үшін әкім аппаратына ұсынады, ҚР-ң жеке және заңды тұлғаларының шаларын жүзеге асырады, өзінің құқықтық шеңберінде жерді реттейді, құрылысты ұйымдастырады және жөндеуден өткізеді. Сонымен бірге тұрғын үй қорын ұйымдастыруға, жолды жөндеуге, шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етеді, әскери борыш туралы заңның жүзеге асыуын қамтамасыз етуді, азаматтық тұрмысы туралы актіні тіркеуден өткізуді, тарихи және мәдени ошақтарын қорғауда іс-шараларын ұйымдастырады, жергілікті жердің әлеуметтік құрылымын дамытуды қоғамдық көлік қатынасын ұйымдастыруда, жергілікті басқару органдарын бірге жұмыс жасауды қарастырады. Олар жоғары тұрған әкім алдында жауап береді, республиканың маңызы бар қаладан аудан әкімін, аудандағы қала әкімі, поселкі, ауыл, ауылдық округтегі әкімдердің ҚР-ң Президентінің анықтаумен тағайындалады немесе сайланады. «Жергілікті өзіндік басқару туралы» зан жергілікті өзіндік басқару органдарының және ондағы қызметтегі тұлғалардың шешімі міндетті түрде орындалуының қамтамасыз етеді. Бұл заңдарды орындамау немесе толық орындамау тиісті заңмен қудаланады.
ҚР-сы мемелекеттік үкімет органдарының өкілеттілігіне жататындар:
1. Жергілікті өзіндік басқаруды ұйымдастырудың жалпы принциптері
туралы заңды қабылдау, өзгерту және оның орындалуын бақылау.
- Республикалық меншіктегі объектілерді муниципалды меншікке беру тәртібін заңмен реттеу.
- Төменгі әлеуметтік-меншіктік стандарттарды орнату.
- Республикалық және жергілікті бюджет арасындағы арақатынасты реттеу.
- Жергілікті өзіндік басқаруды дамыту туралы мемлекеттік бағдарламаларды қабылдау.
- Мемлекеттік үкімет органдар қабылданған шешімдер нәтижесінде
пайда болатын косымша шығындарға жергілікті өзіндік басқару органдарына бөлу.
- Шекаралас территорияда жабық әкімшілік - территориялық құрылымдардағы жергілікті өзіндік басқаруды ұйымдастыру ерекшеліктерін реттеу.
- Мемлекеттік өзіндік басқару оргадарының қаржылық дербестігіне мемлекеттік кепелдемені қамтамасыз ету.
Мемлекеттік басқару органдарының аты және ондағы депуттартар санын облыстық мемлекеттік үкімет органдары анықтайды. Атқарушы үкімет органдарының аты мен олардың басшылары тарихи, ұлттық жағдайлар мен дәстүрлерін есепке алып, тағайындалады.
Муницпалды құрылым - жергілікті өзіндік баскаруды іске асыратын өзінің муниципалды меншігі, жергілікті бюджеті және сайланған жергілікті басқару органы бар, жалпы территориямен біріктірілген қалалық, селолық елді мекен. Жергілікті өзіндік басқару органдарының өкілеттілігі 1992 жылдың басталған жекешелендіру процесін бастауымен айтарлықтай өсті. Мемлекеттік меншік объектілерін муниципалды меншікке беруімен байланысты жанжалдар, келісім процедуралары және сот тәртібі арқылы шешіледі.
Мемлекеттік-, жекешелендіру бағдарламаларына сәйкес аудандық және
калалық мүлікті басқару комитеттері жергілікті жекешелендіру бағдарламаларын әзірлейді. Муниципалды кәсіпорындарды сатушылар болып мүлік қорлар табылады. Кәсіпорындардың жекешелендірудің нақты тәсілі -
жекешелендіру бойынша жұмыс комиссиясымен
анықталынады.
Жекешелендіруден жергілікті бюджетке түскен қаржылар келесі
бағыттарға жұмсалады:
- Жекешелендірген кәсіпорындардың мүліктік кешеніне кірмеген әлеуметтік - мәдени және коммуналды - тұрмыстық бағыттағы объектілерді ұстап тұруға;
- халықты әлеуметтік қорғау бойынша іс - шараларды қаржыландыруға;
- тиісті инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға.
Сонымен муниципалды қызмет - өкілеттіктерді орындау бойынша жергілікті басқару органдарындағы тұрақтылық негізіндегі кәсіби қызмет. Муниципалды қызметтің негізгі міндеттері:
- мемлекеттік қызметпен қатар муниципалды құрылым мен еркіндігін қамтамасыз ету.
- жергілікті маңыздағы сұрақтарды халықтың дербес шешуі қамтамасыз етеді.
- Жергілікті өзіндік басқару органдарының өкілеттілік шеңберінде шешімдерді дайындау, қабылдау, орындау және басқару.
4. Муниципалды құрылымның құқықтық және заңды мүдделерін қорғау.
Муниципалды қызмет келесі принциптерге негізделеді:
- Заңдылық.
- Кәсіби дайындық қабілеттілігі, қызмет бойынша жетістіктеріне сәйкес муниципалды қызметтегі бос орындарға азаматтардың тең құқылы қол жетімділігі.
- Муниципалды қызметті іске асырудағы жариялылық.
- Муниципалды қызметкерлердің кәсіптілігі мен біліктілігі.
1. 2. Қазақстан Республикасындағы жергілікті атқарушы органдар
Жергілікті атқарушы орган (әкімият) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган. Бұл Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтық мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.
Жергілікті атқарушы органдардың қарауына ҚР Конституциясының 87 бабынын 2-тармағына сәйкес, мыналар жатады:
- аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдармаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқаруын қамтамасыз ету;
- комуналдық меншікті басқару;
- жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай Республика заңдарымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Бұл жөнінде, мысал ретінде, облыс (республикалық маңызы бар қала, Астана) әкімиятының құзыретін алсақ та жеткілікті. Осы әкімият заңнамаға сәйкес өз аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвестнциялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасайды; аграрлық сектордың ұтымды және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасының өндірістік күштерін орналастыру схемасына сәйкес облыстан аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталықтарын, республикалық маңызы бар қаланы және Астананы салудың бас жоспарларын әзірлейді, оларды облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мәслихаттың қарауына енгізеді. Сонымен қатар ол - облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) коммуналдық меншік объектілері және әлеуметтік-мәденй мақсаттағы объектілер құрылысы бойынша тапсырысшы болады, коммуналдық желілер мен құрылыстарды салуға рұқсат береді, әкімшілік аудандардың аудандық жоспарлану схемаларын, аудид орталықтарын, облыстық маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын әзірлейді және оларды облыстық мәслихатқа бекітуге ұсынады; су құбырлары, тазарту құрылыстары электр беру, байланыс желілері мен басқа да көліктік және инженерлік инфрақұрыльмдар объектілерінің құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырады; жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, сондай-ақ азаматтардың тегін білім алу құқығын іске асыруды қатамасыз етеді; халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және кедейшілікпен күрес бағдарламарын әзірлеп, мәслихаттың бекітуіне ұсынады және оны іске асырады; халықтың әлеуметгік жағынан дәрменсіз тоятарына қайрымдылық және әлеуметтік көрсетуді үйлестіреді Дәл осындай өкілеттіктерді аудандық аумақтық ерекшеліктеріне қарай аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімияттары да атқарады. Мысалы, оның тікелей құзыретіне жататын мәселелері болып табылатындар: жоғарыдағы айтылғандардан басқа, әскери тіркелу мен әскери қызметке шақыру жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелері жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруын қамтамасыз етеді; қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастырады; аудандық (облыстық маңызы бар қала) маңызы бар жолдарды пайдалануды және ұстауды ұйымдастырады; өз қарауындағы тұрғын үй құрып бөледі; халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мен кедейлікпен күрес бағдарламасын іске асыруға қатысады. Сонымен бірге, әл-халықты әлеуметтік қорғау, ана мен баланы қорғау мәселелерін шешеді, халықтың әлеуметтік дәрменсіз топтарына атаулы көмек көрсетеді, үйлестіреді; аудан (облыстық маңызы бар қала( аумағындағы экологиялык, тарихи, мәдени немесе ғылыми құндылығы бар табиғат объектілерін және өзге де объектілерді, табиғаттың, тарих пен мәдениеттің қорғалаты ескерткіштері деп жариялау туралы ұсыныс енгізеді; қоғамдық жерлерді көріктендіру және сыртқы безендіру мәселелерін шешеді және т. с. с.
Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімият өзіне жүктелген міңдеттерді іске асыруда аудаңдық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихат алдында, жауапты болады.
Осыған орай айта кететін бір жайт - республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудаңдық маңызы бар қалалық, кенттік, ауылдық (селолық) округтік әкімияттар құрылмайды,
Әкімшілік-аумақтық бөліністі басқарудың өзіндік схемасы бар, ол тиісті аумақта орналасқан тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің бюджетімен қаржыландыратын атқарушы органдар жүйесі. Ал еңді орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі дегеніміз-бұл тиісті әкімшілік-аумақтык: бөлініс шегінде орталық атқарушы орган міндеттерін жүзеге асыратын орталық атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі.
Әкім-Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінін тиісті аумақтағы жергілікті атқарушы органы (оны құрған жағдайда) басқаратын және өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, бүкіл орталық атқарушы органдарынын аумақтық бөлімшелерінің келісімді жұмыс істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметіне басшылықты қамтамасыз ететін және өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік басқару өкілетгігі берілген, тиісті аумақтағы істің жай-күйіне әрі оның әлеуметтік-экономикалық дамуына жауапты өкілі. Ол, әрине, әрбір облыстарда, республикалык маңызы бар қалада және астанада ірі лауазымды тұлға болып табылады, оны Премер министрдің ұсынуы бойьнша Республика Президенті қызметке тағайындайды және босатады. Өзге әкімшілік-аумақтық бөліністердің әкімі (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдерінен төменгілерін) Президент айқындаған тәртіппен қызметке тағайындалады немесе сайланады (Конституцияның 87 - бабы, 4-тармағы) . Демек бұл туралы Президенттің Жарлығы не әкімі қабылдануы тиіс.
Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің өкілеттігі Республиканың жаңадан сайланған Президенті қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады. Бұл ретте әкім республика Президенті тиісті әкімді тағайындалғанға дейін өз міндетін атқаруды жалғастырады.
Әрбір әкім өз аумағыңда құқықтық денгейіне сай өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін белгілі бір құзыретке иелі болады. Мысалы облыстық (республикалық маңызы бар қала, Астана) әкімінің құзыреті аудандық (облыстық маңызы бар қала) әкімінің құзыретіне қарағанда ең ауқымды әрі күрделі келетіні сөзсіз.
Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі:
-мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда облыс (қала, астана) мүддесін білдіреді;
-тиісті адамдарды мемлекеттік наградалармен марапаттау, оларға құрметті және өзге де атақтар беру туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізеді;
-мына лауазымды адамдарды:
-жоғары тұрған өкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша, шекті санын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімнің орынбасарларын;
-облыс (қала, астана) әкімі ақпаратының басшысын және оның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын;
-заңдарда белгіленген тәртіпте нысанды киім кию құқығы және әскери немесе өзге де арнайы атақ берілетін басшыларды қоспағанда, облыстық (қалалық, астаналық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын ішкі істер органдары құрылымдарының басшыларын тағайындау және қызметінен босату заңға сәйкес жүзеге асырылады;
-облыстық (қалалық, астаналық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларына, сондай-ақ аудандар (облыстық маңызы бар қалалар, республикадаға маңызы бар қаладағы аудан, астанадағы аудан) әкімдеріне заңға сәйкес тәртіптік жауапкершілік шараларын қолдану мәселелерін шешеді. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын ішкі істер органдары қызметкерлернің тәртіптік жаза қолдану тәртібі заңға сәйкес жүзеге асырылады;
-аудандық (облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаладаға аудандық, астанада аудандық) әкімияттар мен әкімдер жұмысын үйлестіреді;
-аудандардың (оған теңестірілгендердің) әкімдері арқылы жергілікті өзін-өзі басқару оргаңдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
-әкімшілік-аумақтық бөліністі басқару схемасын (яғни тиісті аумақта орналасқан, тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің бюджетінен қаржылаңдырылатын атқарушы органдар жүйесі) тиісті мәслихаттардың бекітуіне енгізеді;
-кәсіпкерлік қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
- құзыреті шегінде жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері жөніндегі зандардың орындауын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz