Әр түрлі жастағы балаларда жиын, санау туралы түсініктерін дамыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

Педагогика және

психология кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:

«Әр түрлі жастағы балаларда жиын, санау туралы түсініктерін дамыту»

Орындаған:

3а КДО тобының студенті

Жетекшісі:

Орал қаласы - 2014

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

І- тарау. Балалар бақшасының мектепке даярлық тобында өткізілетін сабақтар үлгісі: жиын, санау, сан

1. 1. Жиынмен жұмыс істеу . . . 5

1. 2. Балаларды санның шартты белгілері ретніде цифрмен таныстыру . . . . . . 6

ІІ-ТАРАУ. ӘР ТҮРЛІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЖИЫН, САНАУ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

2. 1. Әр түрлі жастағы балалардың жиын, сан және санау туралы түсініктерін дамыту . . . 8

2. 2. Кішкентайлардың екінші тобында балаларды жиын, санау туралы түсініктермен таныстыру . . . 17

2. 3. Үш жастағы балалардың жиын, снау туралы түсініктерін дамыту . . . 20

ІІІ- ТАРАУ. ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

3. 1. Үш жастағы балалар тобында жиындар жөнінен өткізілетін ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің мазмұны . . . 24

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 35

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 36

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Бала балалар бақшасында көптеген эмпирикалық білім алды, ал мектепке көшкенде барған сайын тереңдете берілетін ғылыми білім бірте-бірте ашыла береді де, мұның өзі абстрактілі ұғымдармен операциялар жасауға дайындықты талап етеді. Бұл тұста басты мәселе тек жеке функциялардың (түйсіктің, естің, зейіннің т. б. ) дамуы ғана емес, баланың санасындағы функционалдық байланыстар мен қатынастардың өзгеруі. «Сана әрбір жеке функцияның дамуында болып жататын жеке бір өзгерістердің қосындысы ретінде дамымай, өзінің ішкі құрылысы мен бөліктерінің байланысын әрбір жаңа кезеңде өзгерте отырып, бүтін бір нәрсе ретінде дамиды. Сананың дамуындағы әрбір функционалдық бөліктің тағдыры бүтіннің өзгерісіне байланысты болады, бірақ керісінше емес», - деп жазды Л. С. Выготский, сананың мұндай функционалдық өзгерісі жеке адамның дамуындағы басты және ең елеулі нәрсе болып табылады.

Математиканы оқытуда, біздіңше, қарапайым түсініктерді қалыптастыру мен дамыту жолдарын анықтаудың негізі ретінде баланың жеке басының іс-әрекеттін қасиетіне деген қызығушылықтың ыңғайынан алған абзал.

Қарапайым түсініктерді қалыптастыру балалардың танымдық сұранысының объективті көрінісі ретінде, яғни олардың шығармашылық есептерді орындауда білімі, біліктілік және машақтарға ие болуларына бағытталған қауырт оқу танымдық іс-әрекеті ретінде көрінеді. Осындай іс-әрекетті басқаратын, қарастырылып отырған математикалық жағдайдың (ол әртүрлі есеп, тапсырмалар, проблемалық мәселелер болуы мүмкін) шешімін табуда баланың іс-әрекетінің шығармашылық сипатында өрбуіне жетелейтін әдістемені жасау қажеттілігінен туып отыр.

Балабақшада қарапайым түсінікті қалыптастыру оқыту әдістемесі (Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, В. В. Репкин, В. А. Левин) жоспарлап ұсынған.

Осы айтылғандардың бәрі балабақшада математиканы оқыту процесінде шығармашылық және логикалық есептерді біртұтас және жүйелі пайдалану арқылы балалардың дамыта оқытуында дамыту әдістемесін құрудың көкейтесті екенін көрсетеді.

Қазіргі кезде әлеуметтік - экономикалық дамудың оқу - тәрбие жұмысының жаңару заманында ағарту саласының мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, білім беру буынында шешуін күткен мәселелер тұр.

Сондықтан балабақшадағы оқу үрдісі балалардың жеке басын дамыту, техникалық дамуын, ішкі потенцалын анықтап, жан-жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысын балалардың тез арада дамуына бағыттау. Балалардың таным қызығушылығын қалыптастыру үшін қызмет ететін барлық әдіс тәсілдерді қолдану. Оқыту тәсілдерін қолдану жолмен жүзеге асыру. Балалардың қызығушылығын әр түрлі ұлттық ойын, ертегінің көмегімен арттыру. Математиканы оқытудың негізгі мақсаттары жалпы білім беру, тәрбиелік және практикалық болып саналады. Балалардың қарапайым түсініктерді қалыптастыру, математикалық мәдениетке тәрбиелеу; балалардың математикаға деген ықыласының тиянақты болуын қамтамасыз ету.

Курстық жұмыстың тақырыбы: Әр түрлі жастағы балаларда жиын, санау туралы түсініктерін дамыту

Зерттеу пәні: қарапайым математика

Зерттеу объектісі: мектепке дейінгі мекемелер

Зерттеудің мақсаты:

Зерттеудің міндеттері:

  • Әр түрлі жастағы балалардың жиын туралы түсініктерін дамытудың әдіс- тәсілдерін көрсету;
  • Әр түрлі жастағы балалардың санау туралы түсініктерін дамытудың әдіс- тәсілдерін көрсету;
  • Балалардың жиын, санау туралы түсініктерін кеңейту, критерийлерін анықтау.

Зерттеудің теориялық маңызы: Педагогикалық іс-әрекетте әр түрлі жастағы балаларда жиын, санау туралы түсініктерін дамыту әдіс- тәсілдері теориялық және тәжірибелік тұрғыдан тұтастық принципін басшылыққа ала талданды;

Зерттеудің әдістемелік маңызы: Әр түрлі жастағы балаларда жиын, санау туралы түсініктерін дамыту әдіс- тәсілдерін анықтайтын әдістемелер сарапталып зерттеулер жүргізу негізінде талданды;

Зерттеу әдістері: педагогикалық материалдар мен әдебиеттердегі жиын, санау туралы ғылыми деректерді кешенді жүйемен салыстырмалы талдау, зерттеу нысаны мен пәніне байланысты негізгі ұғымдарды сараптау, эксперименталды-диагностикалау әдістемелері.

Зерттеу көздері: педагогика ғылымдарының классиктерінің еңбектері, жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу бағдарламалары;

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады;

І- тарау. Балалар бақшасының мектепке даярлық тобында өткізілетін сабақтар үлгісі: жиын, санау, сан

1. 1. Жиынмен жұмыс істеу

Ересек балалар тобында балалар жиындардың бірігу операцияларымен және жиынның дұрыс бөлігін алып тастаумен «жиын», «жиын элементтері» атауларымен танысқан болатын. Алған білімді бекіту жұмысы даярлық топта әрі қарай жалғастырылады.

Ересек балалар тобынан, ұсынылғанға қарағанда біршама күрделенілген ұқсас сабақтар үлгісін келтірейік.

Транспорттың әр түрін (трамвайды, автобусты, жүк машиналарын) бейнелейтін «транспорт» жиынын құрастыратын ұсақ ойыншықтар, солардың суреттері балаларға беріледі. Балалар жиынның үш бөлігін атайды. Содан соң әр бөлікті қатар-қатар тізіп қойып, әр бөліктегі элементтер санын табу және тиісті цифрмен белгілеу тапсырылады; мысалы: трамвай - төртеу, автобус - үшеу, жүк машинасы - екеу. Барлық үш бөлік бір жиын болып біріккендіктен, барлық жиын элементтерінің жалпы саны саналады. Тоғыз элемент болып шығады.

Жиындарды біріктірудің екінші вариантында мүлде басқа екі заттан тұратын екі жиынды алуға болады; мысалы овощтардың суреті (бір сәбіз, бір шалқан, бір қызылша, бір қияр) салынған картиналар жиыны, ал екіншісі - жемістер суреті (бір алма, бір алмұрт, бір апельсин) салынған картиналар. Балалардың өзіне әр жиындағы элементтердің санын тауып, сәйкес цифрлармен (4 пен 3) «жазу» тапсырылады. Сонан соң екі жиынды жемістер мен овощтар тобына біріктіріп тәрбиеші саны қанша екенін санатады. Бұл тапсырманы іс жүзінде орындап, балалар не істелгенін және қалай істелгенін айтып беруі тиіс. «Біз екі жиынды біріктірдік, яғни бір жиынның төрт элементіне екінші жиынның үш элементін, біріктірдік те, жеті элементі бар біріккен жиын шығарып алдык, . Бүкіл жиын екі бөліктен тұрады: бір бөлігі - овощ, ал екінші бөлігі - жеміс».

Осылайша жиындарды біріктіру арқылы балалар бірте-бірте арифм-тикалық қосу амалын түсінуге келтіріледі. Жаттығу үшін осындай да әдісті қолдануға болады.

Жиындармен жүргізілетін жаттығулар алуан түрлі бола алады. Олар алдағы уақытта арифметиканы игеруге негіз болады.

Жиындармен әр түрлі практикалық операциялар орындап, жиын элементтері мен бөліктер санын санап, осының бәрін сөзбен айтып, балалар жиын ұғымы мен жиын элементтері арасындағы қарапайым қатыс ұғымдарын игеріп алады, ал бұл болса жалпы математикалык даму үшін өте қажет.

Саны және санау. Даярлық тобында түрлі анализаторды (көру, есту, т. б. ) пайдаланып, он көлемінде санай білу дағдыларын бекітуді ересек балалар тобында қолданылған әдіспен өткізеді. Мұнда негізінен аталған сан бойынша жиынды құрастыра білуге көңіл аударылуы тиіс және балаларды ол сандарды заттардың атауларымен, сапалық ерекшеліктерімен, және кеңістікте орналасуымен байланыстыра отырып бір мезгілде бірнеше санды жадында сақтауға жаттықтырудың маңызы зор.

Сандарды жадында сақтауға берілетін жаттығулар түрліше болады. Мысалы, балаға тәрбиеші алты көжек, үш үйрек және екі автомашина санап алуды; алты қоянды Вера мен Мишаға тең бөліп беруді, үш үйректі Розаға, ал екі автомашинаны сөреге қоюды тапсырады. «Менің саған не айтқанымды жадыңда сақта», - деп баса айтады тәрбиеші. Ең алғаш балаға оны қайталап айтқызуға болады, сонан соң тапсырманы бірден қабылдауға, қайталамастан, оны ұғып алуға дағдыландырған жөн. Тапсырманы орындағаннан кейін бала не істегенін және қалай орындағанын сөзбен айтып беру істелген іс-әрекеттің баланың сана-сезіміне берілуі болып табылады, яғни оны ақыл-ойға салуды қамтамасыз етеді.

1. 2. Балаларды санның шартты белгілері ретніде цифрмен таныстыру

Балаларды біршама еркін санауға үйренгенде және санның мәнін жиын қуаттылығының көрсеткіші ретінде ұғынғанда оларды санның шартты таңбалары ретінде, символдар ретінде цифрлармен таныстыруға болады. Практика көрсеткендей, бес жастағы балалардың көпшілігі цифрлармен жақсы бағдар жасай алады: автобустардың, троллейбустардың, үйлердің, пәтерлердің нөмірлерін - таниды; цифры бойынша ақшаны таниды т. с. с. Цифрдың суретін есіне сақтағанда, олар цифрдың. санның шартты таңбасы басқа таңбаларға: + (қосу), - (азайту) = (тең), > (артық), < (кем) т. б. ұқсас таңба екенін әлі де болса түсінбейді. Сондықтан цифрлармен, басқа символдық таңбалармен қатар, даярлық топта ғана таныстырған дұрыс. Элементар символикамен осылайша таныстыру балалардың ақыл-ойының дамуын жаңа, одан да жоғары дәрежеге көтереді.

Балаларды цифрлармен және шартты таңбалармен =, >, < таныстыру жөнінен өткізілетін тапсырмалардың бірнеше варианттарын келтірейік.

Балаларға бір топ заттарды, мысалы алты қуыршақты санатып, тәрбиеші қуыршақтар санын, оларды көрместен, тек жолақтағы алты дөңгелекшесі бар карточкаға қарап-ақ білуге болады. Балалардан бұрын мұны қашан істегендерін естеріне түсіруді сұрайды. Балалар бір топ ойыншықты тауып алып, олардың тұсына, саны сонша дәңгелекшелері бар карточкаларды қойып отырғандықтарын естеріне түсіреді. Тәрбиеші балалардьщ бұл айтқандарын мақұлдап қуыршақтарды шартты түрде дөңгелекшелермен белгілеуге болатынын айтады. «Ал дөңгелекшелер ылғи бір қатарға тізілуі тиіс пе?» - деп тәрбиеші балаларға жаңа бір ой тастайды. Бірнеше жауапты таңдап алып, тәрбиеші сан фигураны көрсетеді. «Ал бұл сан фигурамен біздің қуыршақтардың санын көрсетуге бола ма) ». Балалар мақұлдап, басын изейді. Тәрбиеші бірнеше, мысалы үш топ ойыншықтар қояды да, шақырылған үш балаға ойыншықтардың әр тобын шартты түрде сәйкес сан фигурамен белгілетеді. Балалар тапсырманы орындайды. «Бірақ қуыршақтарды санағандай сан фигурадағы дөңгелекшелерді де санауға тура келеді ғой. Ересек адамдардың карточкадағы деңгелекшелерді санамай, ойыншықтар санын қалай белгілейтінін және бір карточка - ол үшеу, екіншісі - бесеу, үшіншісі - сегіз екенін бірден білетінін қайсың білесің? Кім ойлап табады?».

Әрине топ ішінде, ересек адамдар цифрмен белгілейтінін айтатын балалар әрқашан да табылады. Жауапты мақұлдап, тәрбиеші енді балалар да санды цифрмен белгілейтінін, бірақ ол үшін оларды айыра білу керектігін айтады. «Қәне, кім қандай цифрды біледі және оларды қайдан көрді?» - деп балалардың тәжірибесінен есіне түсіруін жеделдету үшін сұрақ қояды. «Міне, Нұрлан 8 цифры бар трамвайды білетінін айтады, ал трамвайдағы 8 цифры нені керсетеді?» Нөмірі бойынша адамдар оның санын емес, трамвайдың қайда баратынын анықтайтынын, балалар айқындап алады.

Өзінің конфигурациясы бойынша әр түрлі және оңай есте сақталатын бұл цифрларды балалар ажырата білуге жаттығады.

Сонан соң көрсетілген цифрға олар үндеместен заттардың сәйкес санын (әуелі тәрбиешінің үстелінің, ал кейіннен өз үстелдерінің жанында тұрып) таңдап лайықтап алады.

Балалар цифрларды оңай игереді. Тек арасында біршама ұқсастығы бар цифрларға ерекше назар аудару керек; оларды айыру үшін басқаша жіктеу қажет: мысалы 1, 4, 7 не 2 мен 5, 6 мен 9, не 3 пен 8. Сондықтан цифрды ретімен емес, жазылу түріне қарай топ-топқа біріктіріп қарастырған жөн.

ІІ-ТАРАУ. ӘР ТҮРЛІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЖИЫН, САНАУ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

2. 1. Әр түрлі жастағы балалардың жиын, сан және санау туралы түсініктерін дамыту

Сан мен санау туралы түсініктер санға дейінгі сандық қатынасты қалыптастырудан басталады: заттардың көлемі бойынша теңдік - теңсіздік, заттардың топтық саны бойынша теңдік - теңсіздік. Бала «артық», «кем», «тең» деген математикалық қатынастарды түсіне бастайды. Осыдан кейін ғана оларды санауға үйретуді және 10-ға дейінгі сандар туралы, сандардың бірізділігінің ара қатынасы туралы, санның жеке бірліктен және кіші екі саннан тұратын сандық құрамы туралы түсінік бере бастайды.
Балалардың «Қандай?» (заттың сапасы мен белгісі), «Қанша?» (заттардың саны), «Нешінші?» (басқа заттардың арасындағы орны) сұрақтарын саралап түсінуді үйрету маңызды.

Ересектер тобында екі жиынтық затты салыстыра отырып, санды жасау туралы түсініктерін қалыптастыру жалғасады. Балалар әрбір санның өзіне дейінгі және өзінен кейінгі саннан тұратынын түсінулері керек. Осыған байланысты ретпен 2 жаңа санды алуға болады, мысалы 5 және 6. Әрбір жаңа санның пайда болуын көрсету алдыңғы санның пайда болуын көрсетумен ұштасады. Осылайша, кем дегенде 3 бірізді сан салыстырылады.
Санаудың және екі жиын элементтерін бір-бірімен салыстырудың мәнін түсінуде, «тең», «көп», «аз» қатынастарын анықтауда заттарды санау немесе заттың екі тобын бір-бірінің үстіне, жанына қойып салыстыру қолданылады. Мұндай тәсіл көрнекті түрде бір заттың артық, яғни көп екенін, екінші заттың кем, яғни аз екенін анықтауға мүмкіндік береді. Көрнекілікке сүйене отырып, балалар сандарды салыстырады.

Бір топтағы заттарға бір затты қоса немесе ала отырып, балалар заттардың әртүрлі санын алуға болатынын түсінеді. Балалар «көп», «аз» ұғымдарының арасындағы байланысты көре алады, бұдан былай сандар арасындағы байланыстың өзара кері сипатын түсінуге мүмкіндік туады (мысалы, 7>6, 6<7) .

Сонымен қатар, балалар қай санға қай санды қосқанда немесе қай саннан қай санды алғанда қандай сан пайда болатынын түсінуге үйренеді. Мысалы, 6 асыққа 1 асықты қоссақ, 7 асық болады. 7 асықтан 1 асықты алсақ, 6 асық қалады т. с. с. Егер бала анық жауап бере алмаса, «Қанша асық болды? Қанша асықты қостық (алдық) ? Қанша асық қалды?» деген жетекші сұрақтар қоюға болады.

Дидактикалық материалдарды және тапсырмаларды түрлендіру әр санды алудың тәсілдерін түсінуге көмектеседі. Балалар жаңа санды алуды алдымен тәрбиешінің нұсқауымен орындайды («5 кесеге 1 кесені қосыңдар»), содан кейін өздігінен сандар жиынтығын құрайды. Балалар сұрақтар мен әрекеттерді жете түсінгеннен кейін, тәрбиеші сұрақтарды күрделендіреді. Мысалы, «Көбелектердің саны 7 болу үшін не істеу керек? Егер 8 шыныаяққа 1 шыныаяқ қоссақ, барлығы неше шыныаяқ болады?» т. с. с.
Балалардың білімдерін бекіту үшін үлестірмелі материалдармен ұжымдық жұмыс жасауды өзіндік жұмыспен кезектестіріп отыру қажет. Бала екі бос жолақшаға заттарды орналастырып, 2 жиынтықты салыстырады. Жаңа санды алу тәсілін көрсету (натурал сан қатарындағы 3 қатар орналасқан санды салыстыру), әдетте, кем дегенде 8-12 минут уақытты алады. Біркелкі тапсырмалар балаларды жалықтырмас үшін осыған ұқсас жұмыс үлестірмелі материалдармен келесі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында жүргізіледі.

Ересектер тобында заттарды санауға жаттықтыру күрделенеді. 2 зат тобын (5 жұлдыз және 6 үшбұрыш санап алу) бірден таңдап алу немесе түсі, пішіні, мөлшері бойынша ерекшеленетін бір түстегі 2 зат тобын (7 үлкен доп және 8 кішкентай доп) таңдап алу тапсырмаларымен қатар 2 зат тобын санап қана қоймай, белгілі орынға - қағаздың жоғарғы жағына, төменгі жағына, оң жағына, сол жағына, ортасына орналастыру үшін тапсырма беріледі. Кейінірек тәрбиешінің нұсқауымен балалар заттарды қағаз бетінің жоғарғы және төменгі, оң және сол жақ бойымен, жоғарғы оң жағы, төменгі сол жағына орналастырады. Мұндай тапсырмаларды орындамас бұрын тәрбиеші балаларды қағаз бетінің сәйкес бөліктерін табуға жаттықтырады. Балаларды тапсырмаларды зейін қойып тыңдауға, есте сақтауға, нені және қалай орындағандарын айтып беруге үйретеді. Алғашқы кезде балаларға толық анық жауап беру қиынға соғады, сондықтан тәрбиеші жетекші сұрақтар қойып көмектеседі. Мысалы, «Саңырауқұлақтардың саны қанша және сен оларды қайда қойдың? Сенің қанша жидегің бар және сен оларды қайда қойдың? Ал енді не істегеніңді толығымен айтып бер!» деп баладан сұрайды. Баланың сұрақтарға берген жауаптары толық бір әңгімеге айналады. Егер бала тапсырманы орындауға қиналса, оған тәрбиеші көмектесе отырып, жауап береді: «Мен 7 саңырауқұлақ қойдым, . . . », бала сөйлемді аяқтайды. Бала жауабында міндетті түрде заттардың саны, олардың сапалық белгілері мен кеңістікте орналасуы арасындағы байланыс бейнеленуі тиіс.
Балаларды санауға үйрету үшін жаттықтыруға түрлі анализаторлардың белсенді қатысуы: дыбыстарды, қимылдарды санау, заттарды сипап сезу арқылы санау маңызды орын алады.

Кезекті бір санның жасалу жолымен таныстырған соң осы сан көлемінде дыбыстарды, қимылдарды санаумен байланысты тапсырмалар ұсынылады. Санау көлемі біртіндеп 10-ға дейін артады.

Ересектер тобында заттарды қолмен ұстап санауға жаттықтыру біршама күрделенеді. Мысалы, балалар карточкаға тігілген түймелерді арқасына жасырып тұрып санайды. Ұсақ түймелер қолданылады. Балалар көздерін жұмып, түймелерді, ұсақ тастарды сипау арқылы санайды. Балалардың барлығы жұмысқа қатысатын жаттығулар түрін жүргізген орынды.

Ересектер тобында балалар дыбыстарды санауды заттарды санаумен және есептеумен байланыстырады. Тапсырма сипаты біртіндеп күрделенеді. Мысалы, балаға алдымен дыбыстарды санауды, содан соң сонша ойыншықты, кейінірек бір мезгілде дыбыстарды санай отырып, ойыншықтарды бір жаққа жинау ұсынылады, ал санап болған соң дыбыстың неше рет болғанын және неше ойыншық қойғанын айтады. 5 жасар баланың көзін байлай отырып, дыбысты санауды ұсынуға болады.

Балаларды қимылдарды санауға және жаңғыртуға жаттықтырады. Тәрбиешінің немесе басқа балалардың орындаған қимылдарын санайды. Үлгі және аталған сан бойынша қимылдарды қайталайды. («Суретте неше жұлдызша болса, сонша рет қол шапалақта», «Осынша отырып тұрыңдар») . Тәрбиеші жаттығуды барлық балаларды қамти отырып ұйымдастырады. Ересектер тобында берілетін тапсырмаларға доп лақтыру, секіртпемен секіру сияқты күрделі қимылдар қосылады. Балаларға белгілі бағытта бірнеше қадам жасау қиындық тудырады. Мысалы, «6 қадам алға жүр, солға бұрыл, тағы 2 қадам жаса . . . » деп балаға ұсынады. Балалар алға жылжи отырып, қадамдарын санауға және кеңістікті бағдарлануға жаттығады. Түрлі анализаторлармен қабылданатын жиындар арасындағы сандық қатынастарды құру санау қызметін жалпылауға мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі ересек жастағы бала тілінде балалардың тілінің дамуында көру және сипап сезу арқылы қабылданған қимыл-қозғалыстар, дыбыстар, заттардың саны арасындағы байланыстар болғаны маңызды («7 рет қол шапалақтадым, өйткені карточкада 7 шаршы бар», «Мен допты 5 рет лақтырдым, өйткені 5 түрлі дыбыс естідім» және т. с. с. ) .

Сипап сезу арқылы және дыбыстар мен қимылдарды санауға жаттықтыруды сандардың айырмасын салыстырумен байланыстырады. «Естіген дыбыс санынан 1 рет артық отырып, тұр» «Естіген дыбыс санынан 1 шаршысы артық (кем), карточканы тап».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке даярлық тобындағы балалардың ойлау қабілетін қарапайым математикалық түсініктер арқылы жетілдірудің теориялық негіздері
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі
Балаларда жиын, туралы алғашқы математикалық білімдерді дамыту
«4 жастағы балалардың жиын туралы түсініктерін дидактикалық ойындар арқылы қалыптастыру»
Балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің тарихы
Мектеп жасына дейінгі балалардың сан ұғымының қалыптасуы
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Геометриялық пішіндер
Балабақшада қарапайым математикалық ұғымдарды оқыту
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі баланың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің теориялық негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz