Мектеп жасына дейінгі балалар үшін еңбектің маңызы түрлері ұйымдастыру жолдары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 бөлім. Мектепке дейінгі балалардың еңбек қызметін ұйымдастыру
1.1. Мектепке дейінгі балалардың еңбек тәрбиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Мектепке дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2 бөлім. Еңбек тәрбиесінің мазмұны және жүйесі
2.1. Мектепке дейінгі мекемелерде еңбек тәрбиесін ұйымдастыру ... ... ... ... .10
2.2. Еңбек түрлерін отбасы тәрбиесінде пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
3 бөлім. Балаларды еңбектенуге үйрету
3.1. Еңбек түрлерінде мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .16
3.2. Еңбек түрлерін мектепке дейінгі мекемелердің тәрбие процесінде пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Адамның адам болып қалыптасуының құралы еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты. Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі — жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты.
«…Тәрбие тек адамның ақылын дамытып және белгілі бір мағлұматтар беріп қана қоймай, қайта саналы еңбекке деген ынтасын арттыра түсуі керек, мұнысыз оның өмірі ардақты да, бақытты да бола алмайды. Қейбір жағдайдың, әсіресе адамның балалық және жастық шақтарында алған әсерінің салдарынан еңбекке деген ынтасы өсіп те, өшіп те қалуы мүмкін, сондықтан баланы мектепке дейінгі кезеңде ұқыптылықпен баулу, еңбекке деген дұрыс ынта-ықыласын қалыптастырған дұрыс».
Мектепке дейінгі жас — негізінен ойын кезеңі болғандықтан, еңбектің бала өмірінен алатын орны тым аз. Әдетте еңбек әрекетінің қарапайым элементтері көрініс тауып, бірте-бірте еңбек ойыннан бөлініп, айрықша сипатка ие болады.
Н. К. Крупская мен А. С. Макаренко баланың мінез-қүлқындағы еңбекке бағыт алу мектептен кеп бұрын, отбасы мен балабақшада тәрбиеленуі тиіс деп есептеген. Бала ойластырып ұйымдастырылған еңбск тәрбиесі арқылы дұрыс әрекет жасап, қоршаған орта жайында алғашқы мағлұматтар алып, айналадағының бәріне қызыға қарайды, еңбекті жақсы көруге әдеттснеді.
Еңбек балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеумен қатар анализаторларын (көру, есту, түйсіну, Сезіну, иіс, дәм) дамытуға мәнді ықпал етеді.
1. Р.Қоянбаев. Тәрбиетеориясы. - Алматы, 1991.
2. В.А.Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. - Алматы,1976.
3. К. Сейталиев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1983
4. Еңбекке тәрбиелеу мен оқыту тұжырымдамасы. //Қазақ-стан мұғалімі. 19 ақпан, 1993 жыл.
5. Қ.Жарыңбаев,С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі -Алматы, 1995.
6. С.Қалиев, т.б. Қазақ халқының салт дәстүрлері. - Алматы, 1994.
7. Қазақ халқының тәлім-тәрбие тарихынан /ҚҰрастырғандар Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. –Алматы: Кітап, 1992. -196б.
8. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы: 1 том /Құрастырғандар Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. –Алматы: Рауан, 1994. -317б.
9. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы: 2 том /Құрастырғандар Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. –Алматы: Рауан, 1998. -415б.
10. Тәлім-тәрбие хрестоматиясы /Құрастырғандар С.Қалиев, Р.Ізғұттынова, Г.Жексембаева. -Алматы: Рауан, 1996. -161б.
11. Төлеубекова Р. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика. –Алматы: РБК, 1994. -140б.
12. Сағындықов Е. Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану. –Алматы: Рауан, 1993. -63б.
13. Болатбаев К.К. Халықтық педагогиканы бейнелеу өнері пәнінде қолдану. Алматы: АлМУ, 1995, -76б.
14. Ұзақбаева С.А., Қожахметова К.Ж. Жоғары мектеп студенттеріне этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы. - Алматы: Өнер, 1998. -22б.
15. Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері. –Алматы: Әл-Фараби, 1995. -463б.
16. Ғаббасов С. Ізгілік Әліппесі. –Алматы: Қазақ университеті, 1992. -186б.
17. Қалиев С., Оразаев М., Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. –Алматы: Рауан, 1994. -40б.
18. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беретін мектептерінің тұжырымдамасы. –Алматы: РБК, 1994. -32б.
19. Қазақстан Республикасының «Жоғары білім туралы» заңы. –Алматы: РБК, 1996. -32б.
20. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы. –Алматы: РБК, 1995. -29б.
21. Құрсабаев М. «Атамекен» ұлттық ғылыми-тәлімдік, рухани-танымдық бағдарламасын оқу-тәрбие жұмыстарында жүзеге асырудың этнопедагогикалық-этнопсихологиялық мәселелері. –Алматы, 1993. -110б.
22. Ахметова З. «Кәусар бұлақ» бағдарламасы. –Алматы: Кәусар бұлақ, 1994. -32б.
23. Жарықьаев Қ., Қалиев С., Әбілова З. «Қазақ этнопедагогикасы» дәрісінің бағдараламасы. –Алматы: РБК, 1993. -27б.
24. Бөлеев Қ. Қазақ халқының этнопедагогикасы. Оқу бағдарламасы. –Жамбыл, 1992. -17б.
25. Бөлеев Қ., Бөлеева Л.Қ. Мұғалім және ұлттық тәрбие. –Алматы: Нұрлы Әлем, 2000. -116б.
26. Әбдіқасымов Р., Бөлеев Қ., Бөлеева Л.Қ. Ұлттық тәлім-тәрбие. Дайындық курсының бағдараламасы. –Жамбыл, 1993. -15б.
27. Халық педагогикасы – бала тәрбиесінде //Дайындағандар Қ.Бөлеев, А.Мейірманова, Р.Садуақасова. –Жамбыл, 1992. -81б.
28. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. Оқу бағдараламасы. –Алматы: Әл-Фараби атындағы ҚМҰУ, 1999. -33б.
29. Есенжолова С.Д. Этнопедагогика. Учебная программа. –Алматы: КазГНУ им. Аль-Фараби, 1998. -41с.
30. Бөллев Қ. Көшеров Н. Қазақ этнопедагогикасы. Оқу бағдарламасы. –Жамбыл, 1993. -23б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін еңбектің маңызы түрлері ұйымдастыру
жолдары

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2015ж.

Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 бөлім. Мектепке дейінгі балалардың еңбек қызметін ұйымдастыру
1.1. Мектепке дейінгі балалардың еңбек
тәрбиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Мектепке дейінгі балаларды еңбекке
тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .8
2 бөлім. Еңбек тәрбиесінің мазмұны және жүйесі
2.1. Мектепке дейінгі мекемелерде еңбек тәрбиесін
ұйымдастыру ... ... ... ... .10
2.2. Еңбек түрлерін отбасы тәрбиесінде
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .13
3 бөлім. Балаларды еңбектенуге үйрету
3.1. Еңбек түрлерінде мектепке дейінгі балаларды
тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .1 6
3.2. Еңбек түрлерін мектепке дейінгі мекемелердің тәрбие процесінде
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..30

Кіріспе

Адамның адам болып қалыптасуының құралы еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір
адамға, оның еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты. Олай
болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі — жас ұрпақтың бойында еңбекке
ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу. Баланың
жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей
байланысты.
...Тәрбие тек адамның ақылын дамытып және белгілі бір мағлұматтар беріп
қана қоймай, қайта саналы еңбекке деген ынтасын арттыра түсуі керек,
мұнысыз оның өмірі ардақты да, бақытты да бола алмайды. Қейбір жағдайдың,
әсіресе адамның балалық және жастық шақтарында алған әсерінің салдарынан
еңбекке деген ынтасы өсіп те, өшіп те қалуы мүмкін, сондықтан баланы
мектепке дейінгі кезеңде ұқыптылықпен баулу, еңбекке деген дұрыс ынта-
ықыласын қалыптастырған дұрыс.
Мектепке дейінгі жас — негізінен ойын кезеңі болғандықтан, еңбектің
бала өмірінен алатын орны тым аз. Әдетте еңбек әрекетінің қарапайым
элементтері көрініс тауып, бірте-бірте еңбек ойыннан бөлініп, айрықша
сипатка ие болады.
Н. К. Крупская мен А. С. Макаренко баланың мінез-қүлқындағы еңбекке
бағыт алу мектептен кеп бұрын, отбасы мен балабақшада тәрбиеленуі тиіс деп
есептеген. Бала ойластырып ұйымдастырылған еңбск тәрбиесі арқылы дұрыс
әрекет жасап, қоршаған орта жайында алғашқы мағлұматтар алып, айналадағының
бәріне қызыға қарайды, еңбекті жақсы көруге әдеттснеді.
Еңбек балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеумен қатар
анализаторларын (көру, есту, түйсіну, Сезіну, иіс, дәм) дамытуға мәнді
ықпал етеді.
Қазіргі физиология ғылымы еңбек әрекетінде бала ағзасы дамуының
ішкі механизмін аша келіп, баланың денесі мен психологиясының
дамуындағы бірлікті негіздейді. Бұлшықет қимылының бала денесі
мен ақыл-ойының дамуына, тынысы мен жүрек жұмысы ықпал ететіндігі
дәлелденген.
Курстық жұмыстың мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларға еңбек
тәрбиесі туралы және мектепке дейінгі балалардың еңбек қызметін ұйымдастыру
ерекшеліктерімен танысу.
Курстық жұмыстың міндеттері: балаларды еңбекке тәрбиелеу және
балаларды еңбекті сүйюді үйрету ерекшеліктері туралы түсінік беру.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімен және
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 бөлім. Мектепке дейінгі балалардың еңбек қызметін ұйымдастыру
1.1. Мектепке дейінгі балалардың еңбек тәрбиесі

Мектепке дейінгі балалардың еңбек қызметін ұйымдастыруда адам-гершілік
тәрбиесі міндеттерін шешуге зор көңіл бөлінеді. Педагог бала-ларға олардың
орындап жаткан ісінің коллектив үшін маңызды екенін ұғындырады, өз жұмысын
уақтылы атқарып шығуға, маңайындағыларға қамқорлық жасауға ұмтылатын етіп
тәрбиелейді. Ол кезекшілерге өзінің көмекшілері ретіңде қарайды,
міндеттерін уақтылы орындағаны үшін ал-ғыс айтады, барлық балаларды
кезекшілердің еңбегін құрметтеуді үйрете-ді. Кезекшілер жұмысының сапасына,
оның уақтылы орындалуына, өзін-өзі ұйымдастыру дәрежесіне қойылатын
талаптар да артады. Балалар жеткілікті іскерлік, ептілік көрсетуге,
қойылған талаптарды саналылықпен орындайтын болуға тиіс.
Ересек топта балалардың коллективтік еңбегін ұйымдастыру үшін мол
мүмкіндіктер пайда болады, бұлар: топ бөлмесін немесе учаскесін жинау,
бақшаны, гүлзарды бөлу, егін өнімін, үрықтарын жинау, залды мерекеге арнап
көркемдеу және т. т. Әдетте учаскедегі коллективтік еңбек серуен кезінде,
ал топ бөлмесінде — күннің екінші жартысында ұйымдастыры-лады.
Тәрбиеші балаларға ұсынылатын жұмыстың маңызын, оларды бірнеше топқа
бөлу қажеттігін түсіндіріп, олардың әрқайсысына белгілі бір тап-сырма
береді. Коллективтік еңбектің мазмұнын белгілеген кезде, ол жұ-мыстың қай
түрі балаларға таныс, қай түрі таныс емес ёкенін, оларды ка-лай бөлісу
керек екенін ескереді, балаларға мына секілді етіп түсіндіреді: Мына топ
құрылыс материалын жуады. Өткен жолы ол текшелерді сүрткен болатЬш,
сондықтан бүгін екінші топпен тапсырма алмасады. Со-лай еткеніміз әділ
болады: балалардың бәрі ең қызық жерде де, басқа іске уйренетін жерде де
жүмыс істейді.
Әрбір топтағы балалардың арасында жұмыс бөлісуге де назар аудару
қажет. Сол мақсатпен тәрбиеші былай деп түсіндіреді: Балалар, сендер
қуыршақтарды қайта киіндіруге де, көйлектерін жууға да тиіссіңдер. Кім
қуыршақтардың көйлегін шешіп, тазасын киіндіретінін, кім кір жуатынын
.келісіп.алыңдар. Сонда сендердің жұмыс істеулеріңе ыңғайлы болады, бір-
біріңе кедергі жасамайсыңдар әрі шаруаны да бітіресіңдер. Қажет болған
ретте ол мектеп жасына дейіңгі балалардың өзара келісіп алуына көмектеседі.
Әл-Фараби тәрбие мәселесін логикамен байланыстыра уағыздағанын
білеміз. Ол "Ақыл мен түсінік" атты еңбегінде ақылдылық пен адамгершілік
үлгілі тәрбиеге байланысты, оның негізі таза еңбекте, еңбек өз кезегінде
тәрбиенің негізінен туындайды деген еді.
Қоғамның даму тарихына байланысты, соған сәйкес еңбек тәрбиесі әр
түрлі нысанда дамыды, жетілді, өзгерді, жаңарып отырды. Орта ғасырлық
мектеп тәрбиесіне қарсы шыққан, чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменский (1592-
1670) педагогикасының негізі - гуманизм мен демократизм болғаны педагогика
тарихынан белгілі. Демек, бұл тек педагогика емес, бүгінгі қоғамды қайта
құрудың басты принципі - гуманистік және демократиялық принциппен үндес
келіп отыр. Я.Коменский мектеп - балаға сүйіспеншілік, адамгершілік
қасиеттерін тәрбиелейтін "адамгершілік шеберханасы" болуға тиіс деген
көзқарасты насихаттайды. Осы негізде ол тәрбиені, осыған сәйкес жүргізу
қажет деп есептеді. Ағылшын педагогы Джон Локк (1632-1704) тәрбиедегі
Коменский ұсынған "табиғатқа сәйкестілік" еңбек және дене тәрбиесі арқылы
жүзеге асатынын дәлелдеп берді. Ағылшын табиғат зерттеушісі, жануарлар мен
өсімдіктердің түрлерін табиғи сұрыптау арқылы пайда болуы жөніндегі
эволюциялық ілімнің негізін салушы Чарльз Дарвин еңбектің, еңбекке
баулудық, оның теориялық негізі - еңбек тәрбиесінің маңызын жоғары
бағалаған еді. Швейцария педагогы Генрих Песталоцци (1746-1827) тәрбиесінің
мақсаты - баланың күшін дамытады. Әр түрлі қимылға, қозғалысқа баланың өзі
ұмтылады. Сөйтіп, Песталоцци дене тәрбиесін еңбек тәрбие-сімен ұштастыруа
жүргізуді дәлелдеп береді. Сондай-ақ, оқуды өнімді еңбекпен ұштастыру,
соның ішінде қол өнері және ауыл-шаруашылық еңбегімен ұштастыруу
Песталоццидің педагогикалық теориясы мен қызметінің негізгі мәселелерінің
бірі болып табылады. Песталоцци еңбек адамгершілікке үйретеді, балалардың
бір-бірімен өзара және олардың ересектермен дұрыс қарым-қатынаста болуын
қалыптастырады деп санады. Дұрыс ұйымдастырылған еңбек балалардың ақыл-ойын
дамытады, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады. Осы негізде ол -еңбек
тәрбиесінің негізгі мақсаты қоғам өміріне белсене қатысатын жан-жақты
дамыған адамды қалыптастыру деп уағыздады.
Еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда басты рөл атқарған К.Д.Ушинский
болды. Ол өзінің еңбегінде адамның жан-жақты дамуы үшін еңбектің маңызының
зор екендігін көрсетті. К.Д.Ушинский өзінің "Еңбектің психикалық және
тәрбиелік мәні" деген мақаласында еңбек тәрбиесінің мәнін арнайы
қарастырады: Ал "Балалар әлемі", "Ана тілі" оқулықтарында осы тәрбие
жөнінен балаларға арнап сан алуан материалдар жазды.
К.Д .Ушинский талаптарының ең бастыларының бірі - еңбек-сүйгіштікке,
еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу. Кімде-кім пайдалы
еңбекпен айналысса, сол адам қоғамның лайықты азаматы бола алады деп білді
Ушинский баланың санасына сәби кезінен-ақ, еңбек етудің қажеттілігі мен
маңыздылығын ұялатуды, пайдалы іс істеуге тырысушылыққа және қандай істе
болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға тәрбиелеуді ұсынды.
Еңбек тәрбиесінің ең басты да, негізгі міндеттерінің бірі
-жасөспірімдерді қоғамдық пайдалы, ауыл шаруашылығының жетістіктерін жете
түсіну және оған өздері тікелей араласу, өндірісті білу, онымен жұмыс істеу
тәжірибесін бойына сіңіріп отыру дейді. Сондай-ақ, ол "Балалар жұмыс
істейтін бағы, бақшасы, аз да болса жері жоқ мектеп шын мәніндегі мектеп
бола алмақ емес", - деп атап көрсетті. Сонымен бірге Ушинский ой еңбегі мен
дене еңбегінің алмасып отыруына да ерекше мән бер-ді. "Ой еңбегінен кейін
дене еңбегімен айналысу жанға жайлы ғана емес, ол өте пайдалы тынығу" - деп
есептеді.
1.2. Мектепке дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу

Еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан өткізген халқымыз баланы еңбекке
тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Ер бала мен қыз бала тәрбиесін бөлісіп
алған.
Еңбекті дәріптеп жастарға еңбек адамын үлгі-өнеге ретінде ұсыну "Аяз
би" ертегісіндегі Аяз би "Кер құла атты Кендебайдағы" Кендебай, т.б.
бейнелері арқылы беріліп отырған.
Қазақ халқы жастарды еңбекке баулығанда күнделікті кәсібіне, тұрмыс
тіршілігіне байланысты төрт түлік малды бағып-қағуды, аң аулап кәсіп етуді
ойластырған.
Халқымыз еңбек пен өнерді егіз санаған. Жүн иіріп, өрнек тоқу, киіз
басып, үй жабу, ою ойып, сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім
тігу қыздар, әйелдер үшін ерекше өнер санаған.
Ал тері, ағаш, темірмен байланысты кәсіптерді ер адамдар атқарған. Аяқ
киім (етік, мөсі, кебіс, шоқай, шәркей тігетін етікшілік, қайыстан жүген
тартып, өмілдірік, қүйысқан, қамшы, шідер секілді әбзел істейтін өрімшілік
үлкен өнер болып есептелген.
Ағаштан - ашамай, арба, шанажасайтын балташыларды темірден - құрал-
сайман еңбек құралдарын немесе әшекей зергерлік бұйымдар жасаушы ұсталарды
халық жоғары бағалаған.
Халық педагогикасынан орын алған еңбек және еңбекке тәрбиелеу қазіргі
педагогика теориясы принциптерімен ұштасып жатыр. Еркін еңбек барысында
өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам
материалдық және рухани құндылық жасайды. Шығармашылық еңбек барысында адам
өз күшінің шамасын және қабілетін анықтайды. Қоғамның басты талаптарының
бірі - әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдағы
байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу
болып табылады.
Мектепке дейінгі еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды
бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының
қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы
көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және
зиялылық жағынан қалыптастырудық негізгі көзі болып табылады, осымен қатар
мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет.
Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты - жас жеткіншектерге еңбек туралы
тәрбие беру және жеке адамды жан-жақты дамыту.
Еңбек тәрбиесінің мақсаты еңбекке даярлау ғана емес, сонымен қатар жас
жеткіншектерді біліммен, іскерлікпен және дағдымен мен қаруландыру
қабілеттілігін дамыту, мамандық таңдауға көмек беру болып табылады.
Еңбекке тәрбиелеудің міндеттері:
1. Еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау.
2. Балаларды халық шаруашылығы салаларындағы еңбектің түрлерімен
таныстыру, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен
іскерлігін қалыптастыру.
3. Мамандықты таңдауға дайындау.
Еңбектің тәрбиелік қызметін оқушы бойына дарыту барысында оның
экономикалық (дәрежесіне) нәтижесіне мән беру қажеттілігін ғалымдар
дәлелдеп берді. Еңбек нәтижесіз болса, ол адам бойында еңбекке деген жек
көрушілік сезімін туғызады. Ең маңыздысы, мақсатты ұйымдастырған еңбек
үрдісінде еңбектің бір түрінен екінші түрі туындап, үздіксіз еңбек ету адам
ағзасының күнделікті дағдысына айналады.
Тұлғаның ақыл-ой, дене, адамгершілік және басқа жақтарынан дамуының
нәтижесі оның мамандық таңдау даярлығына жггкілікті дәрежеде әсер ететін
болады.
Бүгінгі заманда жұмысты жалпы адамзаттың құндылыққа, өзара
түсінушілікке, ынтымақтастыққа бағдарлау мен құра білу табысты еңбек етудің
кепілі болып табылады.
2 бөлім. Еңбек тәрбиесінің мазмұны және жүйесі
2.1. Мектепке дейінгі мекемелерде еңбек тәрбиесін ұйымдастыру

Еңбек деп - адамдардың өз қажеттіліктерін өтеу үшін табиғи заттардың
түрін өзгертіп, өз қажеттіліктерін өтеу үшін ыңғайлап, көзделген мақсатқа
сәйкес жасалған іс-әрекеттерін айтады. Еңбек тек қана әлеуметтік емес,
сонымен қатар биологиялық категория болғандықтан, ол адамдардың
интеллектуалдық және мәдени дамуына жағдай жасайды. Ол организмдегі
биологиялық процесстердің дұрыс жүруіне қажетті адам өмірінің құрам бөлігі
және өсіп келе жатқан жасөспірімдердің әлеуметтік іс-әрекетке толық
қабілеттілігі болып табылады. Бірақ, төменде көрсетілген шаралар: еңбектің
көлемі мен негізі организмнің функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкес келуі;
еңбектік іс-әрекеттердің қолайлы санитарлық-гигиеналық жағдайы; организмге
түсетін жүктемелерді ақырындап, "баспалдақты" түрде жоғарылату ережесінің
қатал сақталуы; еңбектік іс-әрекеттердің қарқыны мен әсер ету уақытының
қатал регламенттелуі сияқты белгілі шаралар сақталғанда ғана адам еңбегі
организмнің дамуының ең мықты факторы болып табылады.
Дұрыс ұйымдастырылған еңбек организмнің жаттығуын, дағдылану
механизмін жеделдетіп, төзімділігін арттырады, қызмет қабілетін
жоғарылатады, жүйке жүйесінің қызметін жақсартып, жалпы денсаулықты
нығайтады. Еңбек процессі дұрыс қойылса, жұмыс ритмінің жақсаруына әсер
ететін жоғарғы жүйке орталығының динамикалық стереотипі қалыптасады. Уақыт
тығыздығы организмнің ритмділігіне сәйкес, дұрыс ұйымдастырылған жұмыс,
күнделікті уақыттың дұрыс пайдаланылуын және соған сәйкес ми қыртысындағы
қозу және тежелу процесстерінің дұрыс алмасып тұруын қамта-масыз етеді.
Мұндай жағдайда жұмысты өте жоғары қарқынмен орындағанның өзінде қажу
басталмайды. Керісінше, жұмыс уақытының тығыздығының төмендегі, организмнің
ритмділігінің жоқтығы, жұмыс қарқыны төмен болғанның өзінде қажу дамуын
жеделдетіп, организмнің қызмет қабілетін азайтып, физиологиялық
көрсеткіштерін төмендетіп жібереді.
Балалардың қызмет қабілеті жас мөлшеріне байланысты, организмдерінің
функционалдық жүйелерінің жетілуіне, олардың дұрыс реттелуіне сәйкес
қалыптасады. Жұмыс процесстерінің ауысып тұруы, оның әртүрлілігі, ұзақ
уақыт бірыңғай жұмыс іс-тегеннен пайда болатын тежелу әсерін жойып отырады.
Еңбек пен демалыстың дұрыс тәртібі, гигиеналық ережелер мен нормаларды
сақтау, жүйке жүйесіне аса көп жүктеме түсірместен, динамикалық стереотипті
қалыптастырады. Бұл жағдайдың өсу мен даму процесстері әлі жетілмеген
балалар мен жасөспірімдер үшін маңызы өте зор.
Еңбекке тәрбиелеу жағдайына қойылатын санитарлық бақылау 3 бағытта:
1. еңбектің мазмұнына
2. еңбектің тәртібіне
3. еңбектің жағдайына жүргізіледі.
Мұнда еңбектің қолайсыз факторларымен араласу қауіпі туа бастайды.
Мысалы, металлды ыстық өңдеуден және механикалық өңдеуден өткізетін
шеберханалардың жұмыс зонасының ауасында зиянды химиялық заттар жоғары
концентрацияда болады, ал, токарьлық, фрезерлік шеберханаларда жұмыс
орнының жарықтандырылуы көбінесе жасөспірімдерге есептелмеген және шуыл
деңгейі жоғары болып келеді.
Бұл жағдайлардың балалар организміне әсерін анықтау үшін жүргізілген
терең зерттеулер әлі де аз. Фармокологияда балаларға арналған дәрілердің
дозасы, оның улану реакциясын болғызбау үшін, дене салмағының әрббір
килограммына есептелгені алынады. Осыған байланысты жасөспірімдерге
өндірістік химиялық заттардың әсері ере-сектерге қарағанда анағұрлым
қауіптірек екені туралы қортынды жасауға болады.
Ойлап қарасаңыз, мұндай тұжырымның негізі бар. Жасөспірімнің салмағы
аз, сондықтан дене салмағының әрбір бірлігінің химиялық заттарды қабылдауы
ересектерге қарағанда анағұрлым жоғары болып келеді. Балалар мен
жасөспірімдердің тыныс алу көлемі мен тері қабатының көлемі дене салмағы
бірлігімен алғанда салыстырмалы түрде үлкен болып келеді, ал, өндіріс улары
тері арқылы жеңіл сіңеді. Сонымен қатар, балалар организмінде улы заттарды
детоксикациялау механизмі әлі жетілмеген.
Жұмыскерлерге арналған Денсаулық сақтау Министрлгі бекіткен химиялық
заттардың әсерін нормаландыру шаралары жұмыс істейтін жасөспірімдер үшін
жарамайды. Осы сұрақ төңірегіндегі мәліметтердің барлығын біріктіріп
қарағанда жасөспірімдер организмінің сезімталдығы, ересек адамдарға
қарағанда үштен он есеге дейін жоғары екен. Бұл проблеманы гигиеналық
тұрғыдан шешу мәселесін 2 бағытта жүргізуге болады: жас организмдер үшін
химиялық заттарға нормалар енгізу, жасөспірімдерді улы заттардан аулақтату.

2.2. Еңбек түрлерін отбасы тәрбиесінде пайдалану

Қазақстан Республикасының Ата Заңында: Балаларына қамқорлық жасау
және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы деп атап
көрсетілсе, Қазақстан – 2030 бағдарламасында Әкелер мен аналардың,
аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін
күнделікті есте ұстауға тиіспіз. Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді
сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде
болатынын көргіміз келеді, [311] делініп, ұрпақ тағдырына ерекше мән
беріледі.
Демек, жеткіншектердің еңбек тәрбиесінде отбасының алатын орны ерекше.
Оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса да алмастыра
алмайды. Өйткені отбасының мақсаты баланы өмірге келтіру ғана емес, оған
мәдени-әлеуметтік ортадағы дәстүрлі еңбек түрлерінің құндылығын қабылдату,
аға ұрпақтың, ата-бабалардың, даналардың ақыл-кеңесін, еңбек тәжірибесін
бойына сіңіру, қоршаған ортаға, адамзат қоғамына пайдалы азамат етіп
тәрбиелеу. Аға ұрпақтың, еңбек тәжірибесі, үлгі-өнегесі, өз борыштары мен
парыздарын мүлтіксіз орындауы – еңбек тәрбиесінің үлкен мектебі.
Отбасы тәрбиесінің тағы бір артықшылығы – үйдегі адамдардың жас шамасы
әр түрлі болса да бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы.
Қазақ халқы бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Ата дәстүрінің бай
тәжірибесінен бүгінгі жастардың үйренетіні көп.
Қазақ отбасында жеткіншектердің еңбекке деген парасатты көзқарасын
қалыптастыру жөніндегі тәжірибесінен де алатын үлгі-өнеге мол. Ол еңбектің
қарапайым түрлерінен басталып, қоғамдық маңызды істермен ұштасқан. Ер
баланы қозы, лақ қайтару, отын-су әзірлеу, мал өнімдерінен тұрмысқа қажетті
құрал-жабдық жасау (қамшы, шідер, жүген өру, тері илеу, қару-жарақ жасау,
т.б.), қора салу, киіз үйдің ағашын дайындауға, ұсталық, зергерлік өнерге
баулуға көзделсе, қыз балаларды үйдің ішін жинау, ыдыс-аяқты жуу, кесте
тігіп, өрмек тоқу, ас пісіріп, баланы, қонақты күте білуге үйреткен.
Балаларды еңбекке тәрбиелеу барысында ата-аналар оларды тек өзі үшін
ғана емес, жалпы халықтың игілігі үшін еңбек етуге, еңбекке құрметпен
қарауға, еңбек процесінің қуаныш-ләззатын сезініп, түсіне білуге үйретті.
Балалар үлкендерге көмектесе жүріп және олардың өнегелі істерін, шеберлік
дағдыларын қабылдай отырып, үнемі табиғат аясында болды, оның әсемдігінен
ләззат алды. Күннің шығуы мен батуын бақылап, құстардың көңілді әнін,
шегірткенің шырылын, малшылардың өткен-кеткен әңгімелерін, ән-күйі,
ертегілерін естіп өсті. Балаларды еңбекке осылайша ерте араластыру олардың
адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, көркемдік-эстетикалық
талғамдарының жетілуіне, дене бітімдерінің толысып дамуына, сонымен бірге
халықтың мәдени мұрасына аялы көзқарасын арттыруға жәрдемдесті.
Оның танымдық қағидалары ең алдымен, балаларды туған жерінің табиғаты
мен байлығын, дәстүрлі шаруашылығына байланысты еңбек түрлерін меңгертуге
негізделген. Оларды қазақ халқы жазалау әдісі арқылы емес, балаға түсіндіру
әдісінің ең тиімді, қарапайым ізгілік жолдарымен, қызықтыру арқылы үгіттеу,
сендіру, үйрету, жаттату, т.б. әдіс-тәсілдермен жүзеге асырған. Осы
мақсатта ертегілерді, мақал-мәтелдерді, жұмбақтар мен жаңылтпаштарды,
шешендік сөздер мен баталарды, өлең-жырлар мен аңыз-әңгімелерді,
эпостарды, т.б. молынан пайдалана білген. Мысалы, Жақсы бала – сүйеніш,
жаман бала – күйеніш, Жаңбырмен жер көгереді, батамен ер көгереді,
Жақсы сөз – жарым ырыс – деген мақалдар соның айғағы. Олар жастарды
рухтандыратын, имандылыққа, еңбекке тәрбиелейтін, ізгілік, іскерлік,
еңбексүйгіштік қасиеттерге сендіретін құдіретті құралдар.
Демек, жеткіншектердің еңбек тәрбиесі – ата-аналарға, ата-әжелерге
ортақ іс, жауапты міндет.
Сондықтан отбасындағы еңбек тәрбиесінде мына мәселелерге назар
аударған жөн.
✓ ата-әжелердің немере, шөбере тәрбиесінің игіліктеріне
жарататын құнды еңбек тәжірибесін ескере отырып, мүмкіндігінше
үш ұрпақ өкілдерінен (ата, әке, бала) құралған отбасыларын
қуаттау, көбейту;
✓ жеткіншектердің еңбек тәрбиесіндегі ананың орнын мойындаумен
қатар, әкенің жауапкершілігін, тәрбиелік мүмкіндіктерін
арттыру. Отағасы шаңырақтың қорғаны, асыраушысы, ақылшысы
саналады. Сондықтан қазақ әулетінің ер-азаматты бағалау, пір
тұту дәстүрін одан әрі жалғастыру;
✓ отбасының тірегі, зор байлығы – көп бала екендігін жастар
санасына сіңіру; ұрпақтар тәрбиесінде қазақ халық
педагогикасындағы дәстүрлі еңбек түрлерін меңгертуді негізге
алуын қадағалау, үйрету.


3 бөлім. Балаларды еңбектенуге үйрету
3.1. Еңбек түрлерінде мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу

Қазақтың дәстүрлі еңбек тәрбиесіндегі тәжірибесін бүгінгі таңдағы
жеткіншектер тәрбиесінің негізіне алу – халық педагогикасының
мүддесі, әрі талабы. Жеткіншектердің әлеуметтік ортадағы сан салалы қарым-
қатынасы мен іс-әрекетін ұйымдастыру барысында халықтық тәжірибе мен ізгі
қасиеттерді оның бойына дарыту қашаннан игі мақсат болып келеді.
Демек, тәрбие – жалпы адамзаттық құндылықтар мен халықтың ғасырлар
бойы жинақталған, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас
ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын,
дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын
қалыптастыра отырып еңбекке тәрбиелеу.
Тұжырымдаманың негізгі мақсаты – ұлттық сана-сезімі оянған, қоғамдық
байлықты еселей түсуде нарықтық экономика қағидаларына бейімделе отырып,
ұлттық руханият пен мәдениет құндылықтарын кеңінен пайдалана алатын, қазақ
халқының дәстүрлі еңбегіне бейімделген, белсенді, іскер, бәсекелік,
қабілеттілік, шығармашылық қасиеттерге дағдыланған сегіз қырлы, бір
сырлы жеке тұлғаны қалыптастыру.
Халықтық педагогика процесіндегі ұлттық сана-сезім – адамның рухани
өмірінің басты белгілерінің бірі. Ұлттық сананың қалыптасу деңгейінен
адамның ана тіліне, туған елдің мәдениеті мен тарихына, елі мен жерінің
байлығына деген сүйіспеншілігі, азаматтығы көрінеді. Өз елін, ұлтын
қадірлейтін адам ғана басқа елді де қадірлей біледі. Осы ретте, жаңарған
қоғамның басты мақсаттарының бірі – әрбір сәбиден бастап жоғары оқу
орындарындағы жастарға дейін туған елінің мәдени қазынасынан айырылып,
рухани мүгедек болып қалмауы үшін, ана тілін, дінін, салтын, дәстүрлі
еңбектің түрлерін меңгертуді оларды өмірлік қажеттілігіне айналдыру.
Өркениетті республикамыздың көпсалалы мектептерінде жеткіншектерді
еңбекке этнопедагогикалық мол қазынаға сүйене отырып тәрбиелеудегі ең
өзекті міндеттердің бірі – дәстүрлі еңбекке баулу, кәсіптік мамандықты беру
бағдарламасы арқылы болашақ мамандығына байланысты менеджмент, маркетинг,
технология, бизнес, т.б. салалардан білім, тәрбие беруді ұйымдастыру,
өнімді еңбекке және іскерлік бизнеске ұластыру. Сонымен қатар еңбекке
сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарауды, еңбек іс-әрекетінің
барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру қажет. Тұжырымдама
мақсатына сәйкес, отбасы еңбек тәрбиесінен бастап әрбір жасөспірімге жеке
тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән еңбекке деген көзқарасы, еркі, өзіндік
еңбек іс-әрекетін жасай алатын қабілеті бар субъект екенін ескере отырып,
төмендегі міндеттер мен бағыттар жүзеге асырылады:
1. Қазақ этнопедагогикасындағы ғылыми мағлұматтар мен халық
тәжірибесіне негізделген дәстүрлі еңбекке тәрбиелеудің құралдары мен әдіс-
тәсілдерін қолдану арқылы жеткіншектердің еңбекке деген ұлттық сана-
сезімін, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбекке бейімдеудің педагогикалық шарттары
Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбек тәрбиесі жүйесінде еңбек іскерліктерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дидактикалық ойындар
Бала тәрбиесінің педагогикалық негіздері және еңбек тәрбиесінің зерттелуі
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеудің әдістемесі
Балалардың еңбек әрекетін жоспарлау
Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбекке тәрбиелеу түрлері және педагогикалық ерекшеліктері
Эстетикалық тәрбие беру туралы мәлімет
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелеу үдерісінде дидактикалық ойын материалдарын пайдалану
Мектепке дейінгі педагогика ғылымы. ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
Пәндер