Ертегі мазмұны бойынша ересек балаларды сурет салуға үйрету


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж
Педагогика және
психология кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
«Ертегі мазмұны бойынша ересек балаларды сурет салуға үйрету»
Орындаған:
КДО тобының студенті
Жетекшісі:
Орал қаласы - 2015
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім:
І тарау. Балалар бақшасындағы бейнелеу өнері іс- әрекеті және маңызы . . . 20
1. 1. Балалар бақшасындағы бейнелеу өнері іс - әрекетін ұйымдастыру . . . 20
1. 2. Әр түрлі жас топтарында бейнелеу іс - әрекетін ұйымдастыру . . . 22
ІІ тарау. Мектеп жасына дейінгі ересек балаларды сурет салуға үйрету жолдары
2. 1 Бейнелеу өнерін меңгеруде суреттің атқаратын рөлі
2. 2 Бейнелеу өнері сабағында ересек балаларға елестету арқылы сурет салдыру жолдары
2. 3 Мектеп жасына дейінгі балаларды сурет салуға үйретуде әр түрлі әдістерді қолдану арқылы бейнелеу өнеріне баулу
ІІІ тарау. Практикалық бөлім. Ертегі желісі арқылы ересек балаларды сурет салуға үйрету жолдары
3. 1 Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің мазмұны: Түлкі мен тырна
Қорытынды . . . 35
Қолданылған әдебиеттер . . . 37
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Балабақшаның күн тәртібінде түрған өзекті мәселе - баланың денсаулығы, тәртіпті де ақылды бала өсіру, алғашқы білім нәріне жол ашу. Осыған орай, бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан - жақты жетілген, бойында ұлттық сана қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру - отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті.
Кішкентай бүлдіршіндеріміздің алғашқы даму кезеңі, білім мен тәрбие берудің алғашқы сатысы - балабақша. Балалардың білім алуға, еңбекке, қоршаған ортаға бейімі, адамдармен қарым-қатынасы, сөз қорының, ойлау қабілетінің дамуы мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Баланың жеке басының тұлға ретінде дамуы көптеген жағдайларға байланысты. Ол баланың өзін қоршаған ортасы, қарым-қатынасы (үлкендермен және құрбыластарымен) ойын, балабақшадағы іс-әрекеті баланың психикалық дамуына ықпал етеді. Бұл баланың айналадағы дүниеге, заттар мен құбылыстарға жауапкершілікпен қарауға деген түсініктерін дамытады.
Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастару қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ғалым-педагогтар мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің дамуын жан-жақты әлі де қарастыруды қажет етеді деген пікірлер айтуда.
Бала мектепке келгенде қабылдау, ойлау және есте сақтау қабілеті жоғары дәрежеде болуы тиіс. Сондықтан балаға мектепке дейін бейнелеу қабілетін дамыту маңызды. Ол үшін арнаулы дәлелденген, тәжірибе жүзінде еске асырылған нәтижелі іс-әрекеттер жасалынуда.
Осы жасқа лайықты ойлау, есте сақтау қабілеті мен ақыл-ой және ересек адамның парасатты қамқорлығынсыз баланың талабы толығымен ашылмай қалуы мүмкін. Мектепке дейінгі балалық шақта есте сақтау, бейнелеу қабілеті біршама дербестікке ие болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін дамыту баланың ес процесінің қалыптасу өрісіне бір деңгейде көрініс бермейді, сондықтан да оны белсенді түрде ынталандыра білуіміз шарт. Мектепке дейінгі балалардың өмір сүру қалпы, оның есте сақтау және ойлай білу дәрежесімен тығыз байланысты. Сондықтан да есті дамыту - үлкен өзгеріс есті-бала алдында есте қалдыру, бейнелеу мақсатын қойып, тиісті тәсілдер қолдануды бастайтын (мысалы, есте қалдыру үшін іс-әрекетті бірнеше рет қайталайды) арнайы мнемикалық іс-әрекетің болуы дейді. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау, бейнелеу қабілетіне тән заңдылықтар да қазіргі таңда зерттелінуде.
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің рөлі, ойлау процесіне қарағанда маңызды болмаса онан кем емес.
Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің жоғары болатындығын ғалымдар кеңінен қарастырды.
Балабақшада бейнелеу өнерімен шұғылдану болмысты танудың тиімді құралы болып табылады және сонымен бірге көзбен көріп қабылдау, қиялдау, кеңістікті елестете білу, есте сақтау, сезім және басқа психикалық процестердің дамуы мен қалыптасуына жәрдемдеседі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеуі дегеніміз - олардың қиялынан туындаған көріністердің және құлағымен естіп, қолымен ұстаған нәрселердің және тағы да басқалары осы рецепторлардың бәрін біріктіре қалдырғанда ғана тиісті мағұлматты есте қалдыруы.
Мектеп жасына дейінгі шақ өмірдің ерекше әлемі немесе «жұмақ» сынды кезеңі емес. Балалар өмірінде де үлкендер сияқты күрделі шешілуі қиын, кейде тіпті шешілмейтін проблемаларда қөп және олар мектеп жасына дейінгі балаларды жастайыннан ренжуге, қапалануға, қиыншылықтарды жеңе білуге, күресуге, қуануға мәжбүр етеді.
Мектепке дейінгі баланың бейнелеуінде және қайта жаңғыртуында адамның немесе жануардың бейнесі белгілі бір атпен сақталады. Және де мектепке дейінгі балалардың суреттерінде және олардың әсіресе жұмыстарында дайын күйінде суреттерді қою сақталған бейненің салынуы және оның тапсырманы орындай білуі негізгі орын алады. Арифметикалық тапсырмаларды шешу әдісін игеруге қөмектесетін бағдарламада өңделді. Негізгі заңдылығы тапсырма сұрақ жауап түрінде өтіледі.
Зерттеу пәні: мектепке дейінгі бейнелеу өнері іс- әрекеті
Зерттеу объектісі: мектепке дейінгі мекемелер
Зерттеудің мақсаты: ертегі желісі арқылы ересек топтағы балаларды сурет салуға үйретудің тиімді жолдарын қарастыру;
Зерттеудің міндеттері:
а) балалар бақшасындағы бейнелеу өнері іс- әрекеті ерекшеліктерінің теориялық негізін ашу, қарастыру;
ә) ертегі желісі арқылы ересек топтағы балаларды сурет салуға үйрету ерекшеліктерін анықтау және оның тиімді жолдарын айқындау;
в) мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері іс- әрекеттері негізінде бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын дамытатын әдіс-тәсілдерді айқындау.
Зерттеудің теориялық маңызы: Педагогикалық іс-ертегі желісі арқылы ересек топтағы балаларды сурет салуға үйрету ерекшеліктері теориялық және тәжірибелік тұрғыдан тұтастық принципін басшылыққа ала талданды.
Зерттеудің әдістемелік маңызы: ертегі желісі арқылы ересек топтағы балаларды сурет салуға үйрету деңгейін анықтайтын әдістемелер сарапталып зерттеулер жүргізу негізінде талданды.
Зерттеу әдістері: Бейнелеужәне құрастыру әрекеттері негізінде бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын даму деңгейін анықтаушы тестермен қалыптастыруға арналған жаттығулар, философиялық, психологиялық, педагогикалық және оқу-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, педагогикалық бақылау, педагогикалық тәжірибе жұмыстары.
Зерттеу көздері: педагогика, психология, философия, ғылымдарының классиктерінің еңбектері, Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми құжаттары (заңдар, қаулылар, бағдарламалар, актілер, тұжырымдамалар, т. б. ), жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу бағдарламалары.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І- тарау. Балалар бақшасындағы бейнелеу өнері іс- әрекеті және маңызы
1. 1. Балалар бақшасындағы бейнелеу өнері іс - әрекетін ұйымдастыру
Бейнелеу іс - әрекеті жұмыстарын жоспарлаудың негізгі принциптері. Оның мектепке дейінгі ұйымның білімділік - тәрбиелік жұмыс мазмұнымен байланыстылығы. Балалар жұмысын талдау және оны жинақтауды ұйымдастыру. Сабақты жоспарлауда педагогтарға көрсетілетін күнделікті көмек (жеке және топтық кеңес беру, семинарлар, практикумдар, үйірмелер) . Ата - аналармен жүргізілетін жұмыстар (жиналыстар, кеңесулер, дөңгелек үстел) . Мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларды бейнелеу өнері құралдарымен үйрету, дамыту, тәрбиелеудің байланыстылығы. Балабақша және бастауыш сынып оқушыларымен бейнелеу өнері сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері. Бейнелеу өнеріне үйретудің бүкіл жүйесі негізінде бақылау әдісі жатады. Балалардын творчествалық қабілеттерін дамытудың табысты болуы олардын айналасындағы бақылай білуі, болмыс құбылыстары арасындағы байланыстарарды анықтап, жалпы және жеке белгілерді бөліп көрсете білу қаншалықты дамитынына байланысты. Бірақ сабақ барысында бақылаулардың бір өзі көргенді бейнелеу мүмкіндігін қамтамасыз ете алмайды.
Баланы арнаулы бейнелеу тәсілдеріне, түрлі бейнелеу материалдарын пайдалану әдістеріне үйрету қажет. Тек сабақтарда жүйелі түрде үйрету процесінде ғана балалардын қабілеттері қалыптасады. Сабақта бейнелеу іс-әрекеті жөніндегі сабақтарда шартты түрде көрнекі және сөздік деп бөлінетін әр түрлі тәсілдер пайдаланылады Ерекше сабаққа байланысты тән тәсілдер тобы ойын тәсілдерін құрайды. Оларда көрнекілікті қолдану мен сөзді пайдалану біріктіріледі
Педагогикада қабылданған анықтамаға сәйкес үйрету әдісі қойылған міндетті шешуге бірдй көзқараста келуімен сипатталып, сол сабақтағы баланыңда, оқытушыныңда бүкіл қызыметінің сипатын анықтайды. Үйрету тәсілі - сабақтардағы іс- әректтің бүкіл спецификасын анықтамайтын, бар болғаны тар көлемде үйрету маңызына ие, неғұрлым жеке көмекші құрал. Кейде жекелеген әдіс тек тәсіл ретінде ғана еөрінуі және тұтас алғанда сабақтардағы жұмыс бағытын белгілеп бермеуі мүмкін. Үйретудің көрнекі әдістері мен тәсілдері. Үйретудің көрнекі әдістері мен тісілдері пайдаланылған натуралар, картиналардың баспа машиналар арқылы жасалған көшірмелері. үлгілері және басқа көрнекті құралдар; жекелеген заттарды құрап көруге; Мұғалімнің бейнелеу тәсілдерін көрсету; балалардын жұмыстарын сабақ аяғында, оларға баға берген кезде көрсету. Натураны пайдалану: Бейнелеу өнерінде натура деп тікелей бақылау кезінде бейнеленетін затты немесе құбылысты айтады. Үлгіні пайдалану: Натура сияқты, үлгі деп үйрету әдісі және жекеленген тәсіл ретінде пайдаланылуы мүмкін. Картиналарды пайдалану: Картиналар негізінен балалардың қоршаған болмыс туралы түсініктерін нақтылау үшін және бейнелеу құралдары мен тәсілдерін анықтау үшін қолданылады. Тәрбиешінің жұмыс тәсілдерін көрсету: Балабақша бағдарламасы үйрету процесінде балалар меңгеруге тиісті бейнелеу шеберліктері мен дағдыларының көлемін белгілейді. Салыстырмалы түрде алғанда шағын шеңбердегі шеберліктерді игеру балаға барынша алуан түрлі заттарды бейнелеуге мүмкіндік береді. Мысалы, үйдің суретін салу үшін тік бұрышты форманы салу тәсілдерін білу, яғни тік бұрышты етіп түзу сызықтарды біріктіре білу керек. Мұғалімнің бейнелеу әдістерін көрсету көрнекі- ықпалды тәсіл болып табыады, бұл тәсіл балаларды өздерінің нақты тәжірбиесі негізінде қажетті форманы саналы түрде жасауға үйретеді. Көрсету екі түрлі болуы мүмкін: қимыл- ишарамен көрсету және бейнелеу тәсілдерімен көрсету. Барлық жағдайларда көрсету сөзбен түсіндіру арқылы жүреді. Балалардын жұмыстарын талдау: Аналитикалық ойлауды дамыту балаларға жолдастары істеген жүмыстарды және өз жұмыстарын обьективті бағалауға мүмкіндік береді.
Бырақ мұндай дәрежеге бала 6-7 жаста жетеді. Әрбір баланың жұмысын мектепке келген кезінде талқылауға болады, бала бұл кезде жолдастарының еңбегінің нәтижелерін білгісі келеді. Алты жастағы балаларға өзінің жұмыстарын натурамен. үлгімен салыстыра отырып, талдауды ұсынуға болады. Мұның өзі балаларда жолдастарының жұмыстарына ғана емес, сонымен бірге өзінің меншікті жұмысына да сын көзбен қарауды тәрбиелеиді. Үйретудің сөздік әдістері мен тәсілдері: Үйретудің сөздік әдістері мен тәсілдеріне әңгімелесу, сабақ барысындағы және сабақ процесіндегі мұғалімнің нұсқаулары, сөздік көркем образды пайдалану жатады. Сабақ барысында әңгімелесу: Бейнелеу іс- әрекеті жөніндегі сабақтар, әдетте мұғалімнің балалармен әңгімелесуімен басталады. Әңгімелесудің мақсаты - бұрын қабылданған образдарды балалардын есіне түсіріп, сабаққа деген ықыласын туғызу. Әсіресе балалар елестету негізінде, көрнекі құралдар пайдаланбай, жұмыстар орындайтын сабақтарда әңгімелесудің маңызы орасан зор. Әңгімелесу қысқа, бірақ мазмұндыда әсерлі болуы тиіс. Әңгімелесу негізінен үйрету әдісі ретінде 6-7 жастағы балалармен жұмыс істеген кезде жүргізіледі. Әңгімелесу әдіс ретінде де тәсіл ретінде де балаларың түсініктері мен эмойиялары жанданып, ал творчествалық көңіл күйлері суынбауы үшін 4-5 минуттан аспауы керек. Көркем әдебиет образын пайдалану: Сөз ішінде өз бейнесін тапқан көркем образ( өлең, әңгіме, жұмбақ және т. б. ) өзіне тән көрнекілікке ие болады. Онда белгілі бір құбылысқа тән, типтік бейне жатады да оны басқа құбылыстардан ерекше тіп көрсетеді. Тәрбиешінің сабақ процесіндегі нұсқаулары мен түсіндірмелері. Тәрбиешінің нұсқаулары барлық көрнекі тәсілдермен міндетті түрде қатар жүреді, бірақ үйретудің дербестәсілі ретінде де пайдалануы мүмкін. Мұның өзі балалардың жас мөлшнріне және сол сабақтың алдында тұрған міндеттеріне байланысты. Әдетте тәрбиеші алға қойылған оқу міндеттерін түсіндірумен байланысты нұсқаулар береді.
Үйретудің ойындық тәсілдері. Бейнелеу іс- әрекеті процесінде ойын сәттерін пайдалану үйретудің көрнекі - ықпалды тәсілдеріне жатады. Бала неғұрлым жас болған сайын, оны тәрбиелеу мен үйретуде ойын соғұрлым көбірек алуы тиіс. Үйретудің ойындық тәсілдері алға қойылған міндетке балалардың назарын аударуға жәрдемдесіп, ойлау мен қиялдау жұмысын жеңілдетеді. Сонымен қандайда бір әдістер мен тәсілдерді таңдау: сол сабақтың мазмұны мен алдында тұрған міндеттеріне және бейнелеу іс- әрекетінің міндеттеріне; балалардың жасы мен дамуына; Балалар әрекет жасайтын бейнелеу материалдарының түрлеріне байланысты. Басты назарда айналадағылар туралы түсініктерді орнықтыру міндеттері тұрған сабақтарда сөздік әдістер; әңгімелесу, балаларға сұрақтар қою көргенін еске түсіруге көмектеседі. Алда тұрған міндеттерді, сабақтың программалық материалын және сол топтағы балалар дамуының ерекшеліктерін мұқият ойластырып алмайынша бірде- бір тәсілді пайдалануға болмайды. Жекелеген - көрнекі және сөздік - әдістер мен тәсілдер қатар қолданылып сабақта үйретудің біртұтас процесінде бірі екіншісі мен серіктесіп отырады.
1. 2. Әр түрлі жас топтарында бейнелеу іс - әрекетін ұйымдастыру
Жетіге аяқ басқан балалар 5 жастағы, балалардан едәуір ерекшелеу келеді. Бұрынан алып келе жатқан қабілеттілерінің сапасы дами түседі. Бәрінен бұрын балалардың өз бетінше заттарды қарай білулерін қадағалып, қабілетін дамыту аса қажет. Бұл процестің ең бастысы - балалардың қалыптасқан тәжірибесіне сүйену. Тәрбиеші балаларды заттардың, қоршаған құбылыстардың шындығын суретте шешімін табатындай етіп талдай білуге жетілдіруге тиіс. Педагог балаларды әрбір заттың тән қасиеттерін мүшелей білуге үйрете келіп, затты немесе құбылысты толық қамти білуге көп мән береді. Көктемнің ғажаптығына балалардың көңілін аудара отырып, алғашқы гүлдердің айрықша нәзіктігін, көгілдір аспанның, көктердін түсін көрсетеді.
Бұл негізінен бояу түстерінің жас, қанық екендігін сезінуді арттырады. Бұл топта натураға қарап сурет салу негізгі мақсат емес, дегенмен кейбір өзгешеліктері бар. Бұрын балалар заттардың құрылысы мен түстерінің тобын, белгілі бір формаларды меңгергн болса, енді оларға тән қасиеттерін меңгереді. Мысалы: сурет саруға таңдап алынған бұтақтардың тармақтары және көптеген жапырақтары, т. б. бар. Балалар осы қасиеттеріне байқап, бейнелеулері керек. Сабақтың басында балаларды затты дұрыс талдап, қарап алғанына қарамастан, жасалған бейнені салыстыру, оны қабылдауға қайтып оркалу қажеттігі туады. Табиғатпен таныстыру сабақтарында сурет салудың белгілі бір маңызы бар. Балалар табиғат құбылыстарын қадағалап отырады, балабақша немесе топ учаскілерінде өсімдіктердің өскендігін, бойларының ұзындығын байқайды да, соларды өздерінің суретіне енгізеді. Педагог 6 жастағы балаларды әр түрлі тақырыптағы суреттерді, шағын скульптураларды, декорияциялық -қолданбалы өнер бұйымдарын түсінуге үйретеді. Балалар олардың эстетикалық қасиетін сезіне бастайды, қуаныш сезімене бөленеді, толқуды бастан кешіреді, қобалжижы; сонан кейін педагогтын кеңесімен немесе өз бетінше өзіне ерекше ұнаған бұйымды таңдап алады.
Мектеп алды даярлық тобындағы балаларда үйренуге деген қабілет анағұрлым алғыр келеді. Балалар тек тәрбиешісінің айтқанын істеп қоймай, өз бетімен бірден орындала қоймайтын істі игеру үшін жаттығуға кіріседі, әрі оларды қалай орындау керектігін сұрайды, сұрақтар қояды. Балалардың білуге әуестігі белгілі бір бағытта дамиды, білуге құштарлығы артады, өз бетінше қадағалауы мен бақылауы күшейеді. Тәрбиеші балалардың техникаға, табиғатқа, өнердің әрбір түріне деген, білуге құштарлығын жеке -жеке даму тиіс, өйткені бұл құштарлық олардың салған суреттеріне, мүсіндеріне, аппликацияларына әсер етеді. Сурет салу кезінде педагог балаларды өз жолдарының жұмысын әділ де жұмыла бағалай білуге бағыттайды, олардың өз пікірлерін айтуын дамытады. Ол балаларды өз білгенін түгел өзгеге үйретуге, өз жолдастарына көмектесуге үйретеді. Мәселен, сабақ үстінде балалар түрлі элементтерді қолдана отырып, декоративті ою -өрнек жасады делік. Олардың біреуі топқа тек жақында ғана келгендіктен өрнектін компазитциясын түсіне алмады. Мұндай жаңадан келген балаға өрнекті салудың тәсілін педагог жақсы сурет салатын бір балаға тапсырады.
Коллективті түрде жұмыс істеген кезде 6 жастағы балалар тәрбиешісінің көрсеткен жұмысын ғана істей қоймай, осы жұмысты тәрбиешәсәнәң таңдауына ықпал жасайды, оны жетіп қадағалай отырып, жұмыстың дәл әрі көркем болуына бар күшіне салады. Кейбір жағдайларда бір столда отырған балаларға тәрбиеші коллективтік жұмысты атқаруға келісуді, өзара міндет бөлісуді ұсынады. Ол жұмыс барысына бақылап отырады, бірақ олардың өз бетімен жұмыс жасауына көбірек еркіндік береді. Тәрбиеші балаларды жұмыстың жоспарын өздері жасауға, яғни алдымен ойланып, болашақ суреттің мазұмынын көз алдына келтіріп, содан кейін сурет сала бастауға үйретеді. Сондай -ақ балаларға жұмысты орындау процесінде жоспарлауды үйрету қажет: бұл баланың барлық іс -әрекетін жұмылдырады әрі оның өзін -өзі қадағалауына игі әсерін тигізеді. Педагог балаға оның өзі салған суретіне сын көзбен қарауы үйретеді. Бірақ әрқашан сынап -мінеп отыру баланы қанағаттандырмауы, оның суретке деген ынтасын кемітуі, өз жасаған дүниеге қуана алмауын тудыруы мүмкін. Сондықтан да балаларды өз қатесін тек байқап қана қоймай, оны түзетуге ұмтылуын, бейнені көркем етіп толықтыра білуін қалыптастыру керек, олардың қабілеті, іскерлігі мен жасалып біткен жұмыс нәтижесінің арақатынасын байланыстыру керек., өздері салған суреттін өзгеге түсінікті болуын, өзін қуанышқа бөлеуін қадағалау керек. Мектеп алды даярлық тобындағылырды үйретудің міндеттері мен мазмұны. 6 -7 жастағы балаларда мүсіндеу барысында мәнерлі образдар жасау қабілеті айқын аңғарылады. Мұның өзі олардың өздеріне лайық ой -өрісінің кеңеюіне байланысты. Олардың творчествалық қиялы бұрынғыдан да артып, дами түседі. Қолдарының бұлшық еттері толысып, сонымен бірге саусақтарының әрекетттері де қабат дамиды. Заттардың сапасын эстетикалық тұрғыдан бағалауы, сондай -ақ айнала қоршаған заттар мен оқиғалар туралы өзінше түсінік жасауы арта береді.
Бала заттың формасын, құрылымын ғана түсініп қоймай, сонымен қатар заттың күйін де ұға бастайды. 6 -7 жастағы балалардың мүсіндеу әрекеттеріне мектеп жасына дейінгі кішкентай сәбилердікінен мүлдем өзгеше болып келеді. Оларда заттың формасын барынша дәл бейнелеуге, обрызды қосымша детальдармен байытуға, оның қозғалысын көрсетуге құштаршлығы мол болады. Олар өздерінің жұмысында мүсіндеудің көптеген тәсілдерін және қосымша материалдарды пайдалана біледі. Бірақ, мектеп жасына дейінгі ересек балалар тірі организмдерді мүсіндеген кезде солардың ерекше белгісін көрсетеді де, ал негізгі бөліктерінің формулаларының барлығы әлі жалпылыма күйінде қалып қояды. Мұның бұлайша болуы, балалардың күрделі заттардың құрылымын, формасын әлі жетек түсіне алмауынан. Мектеп алды даярлық тобындағы тәрбиешісінің алдында мүсіндеуге үйретудің мынандай міндеттері тұрады; заттың формасын көзбен және бұлшық етпен қабылдауын дамыту; мүсіндеу барысында мәнерлі образдар жасауға, әр алуан құралдарды пайдалана алуға үйрету және творчестволық инициативаны дамытатын әр түрлі бейнелеу және техникалық тәсілдері меңгеруді қалыптастыру. Мектеп алды даярлық тобындағы балалардың шар, конус, дискі, цилиндр тәрізді көлемді формулалармен жақсы таныс екені белгілі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz