Мектеп алды даярлығында балаларды матадан құрақ өнеріне үйрету



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім:
І.Матадан құрақ өнері туралы түсінік
1.1. Мата қиындыларын қиюластырып құрақ жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Құрақ жасаудағы түстік ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3. Құрақтан жасалатын бұйымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.4. Матадан құрақтап аппликация жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

ІІ.Мектепалды даярлығында балаларды матадан құрақ өнеріне үйрету
2.1. Құрақ құрау әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.2. Қыз балаларды матадан құрақ өнеріне баулу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.3. Мектепке дейінгі мекемелердегі матадан құрақ өнері ... ... ... ... ... ... ... .22
2.4. Құрақ құрау, оның түрлері және қолданылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ІІІ. Практикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
Қосымша 1 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
Қосымша 2 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
Зерттеудің өзектілігі. Еліміздің елдігін көрсетіп, мемлекеттің мерейін өсіретін, халықты мұратына жеткізіп, қажеттілігін қанағаттандыратын ұлтымыздың болашағы - өскелең ұрпақ екендігі белгілі. Сондықтан, технология пәнінде заман талабына сай эстетикалық, патриоттық тәрбие бере отырып, жан-жақты жетілген, парасаты мен пайымы мол, асқақ рухты, туған елі мен Отанын сүйетін ұлтжанды, өмірге деген өзіндік көзқарасы дамыған, іскерлі нарық заманына лайықты азамат тәрбиелеу. Қазіргі қоғамымыздың талабы қолөнер дүниелерін топтастырып, жинақтап, жүйелеп жас ұрпаққа жеткізу. Жас ұрпақты ХХI ғасыр есігінен еркін енетін, дүние жүзілік мәдениетті танитын, төл мәдениетін сыйлайтын, таныта, сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, эстетикалық, интелектуалдық (өрелік) деңгейі жоғары, білімді, білікті етіп тәрбиелеу. Бүгінгі таңда эстетикалық тәрбие ісіне ерекше мән беріп отыр.
Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысы мен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған. Қолөнер дүниежүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрымысына, тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді. Қазіргі кезде қолөнер элементтерін үй интерьерінде, киім сәндеу кезінде, бас киімді әшекелегенде көп қолданып жүр. Оның орындалу технологиясына да ерекшеліктер енгізіп отыр.
Құрақ – қазақ халқының қолөнерінің ең көп таралған түрі. Кезінде оны ата - әжелеріміз бірден пішіп құрастыра білген. Құрақ - әр түрлі мата қалдығынан құрастырылады. Құрақтың ерекшелігі – геометриялық фигуралардың үлгісімен құрастырылып тігіледі. Құраққа пайдаланылатын мата жұқа – қалыңдығына қарай бірыңғай іріктелініп алынады. Құрақтан әр түрлі құрақ көрпеше, дорба, тұскиіз, жастыққап, аяққап, ыдыс қойғыш, төсеніш тіккен. Қазіргі кезде де қолданыстан шыққан жоқ, оны диванға, орындыққа төсеніш ретінде пайдалануға болады. құраққа қойылатын талап біреу.
1. Арғынбаев X. Қазақ халқының қол өнері ғылыми зерттеу еңбек- Алматы: Өнер; 1987-1286.
2. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. –Алматы,1978. – 128 б.
3. Байбатшаева А.Е, Жолдасбекова С.А. Тоқыма материалдарының негіздері. Шымкент: ОҚМУ, 2002ж-71 б.
4. Балкенов Ж. Халық мұрасындағы ұлттық өрнек және рең ғылыми әдістемелік монография, КарГУ, Қарағанды. 1996 ж.
5. Еспенбетов Б. Оқушыларды халықтың қолданбалы өнеріне баулу. Бастауыш мектеп, №9,10 б., Алматы, 1988.
6. Еспенбетов Б. Ұрпағымыз ұмытпасын. Бастауыш мектеп №1 27-28 б., Алматы, 1990.
7. Еспенбетов Б. Халықтың қол өнері туралы, Казақстан мектебі № 7, 63-656, Алматы, 1991.
8. Еспенбетов Б. Шидің сәндік сипаты. Білім және еңбек № 7, 42-43 б., Алматы, 1988.
9. Әбдіғапбарова Ү.М. Казақтың ұлттық ою-өрнектері (оқу құралы).- Алматы; Өнер, -1999 ж., 152 бет.
10. Әбдуалиева Ш. Халық қол өнері. Алматы. Рауан 1992-120 б.
11. Әмиргазин Қ. Қолданбалы көркем өнер. Алматы РИК 1995.-50 6.
12. Жарықбаев Қ.Қазақ тәлім - тәрбиесі. –Алматы:Санат,1995. –352 б.
13. Жәнібеков У. Культура казахского ремесла — Алматы: Өнер, 1982.- 1486.
14. Күнпейіс Ж.Қ Қолөнер материалдарын технология сабақтарында оқытудың теориялық негіздері.Алматы “Дарын” 2006.
15. Қазыханова Б. Эстетическая культура Казахского народа- Алматы: Казақстан, 1973-2236.
16. Қасиманов С. Қазақ халқының қол енері - Алматы: Қазақстан, 1969,-2486.
17. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері.-Алматы:Қазахстан, 1995.-240 б.
18. Қоянбаев М, Қоянбаев С. Педагогика. ЖОО студенттерге арналған оқу құралы. Гумелев атындағы ЕАУ Астана, 1999-321
19. Маргулан А.Х. Казахская юрта и ее убранство.М.:Наука, 1964, с.12.
20. Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. Алматы: Өнер; т. 1,1986, с. 256.
21. Муканов М. Казахские домашние художественные ремесла. Алматы: Қазақстан, 1979.-1206.
22. Өстеміров К. «Еңбекке баулу» 4 – сынып. Алматы: Атамұра, 2000 – 142 – 146 б.
23. Тәжімұрат Ә. «Шебердің қолы ортақ». Алматы. «Қазақстан» 1997 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

Педагогика және психология кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Мектеп алды даярлығында балаларды матадан құрақ өнеріне үйрету

Орындаған: Тоғаева Г.С.
3к КДО тобының студенті
Жетекшісі: Маденова Т.У.
Бейнелеу пәнінің оқытушысы

Орал қаласы - 2014
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

Негізгі бөлім:

І.Матадан құрақ өнері туралы түсінік
1. Мата қиындыларын қиюластырып құрақ
жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..6
2. Құрақ жасаудағы түстік
ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
3. Құрақтан жасалатын
бұйымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
4. Матадан құрақтап аппликация
жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..12

ІІ.Мектепалды даярлығында балаларды матадан құрақ өнеріне үйрету
2.1. Құрақ құрау
әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .20
2.2. Қыз балаларды матадан құрақ өнеріне
баулу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...22
2.3. Мектепке дейінгі мекемелердегі матадан құрақ
өнері ... ... ... ... ... ... ... .2 2
2.4. Құрақ құрау, оның түрлері және
қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..25

ІІІ. Практикалық
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...35

Қосымша
1 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .37

Қосымша
2 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .37

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Еліміздің елдігін көрсетіп, мемлекеттің мерейін
өсіретін, халықты мұратына жеткізіп, қажеттілігін қанағаттандыратын
ұлтымыздың болашағы - өскелең ұрпақ екендігі белгілі. Сондықтан, технология
пәнінде заман талабына сай эстетикалық, патриоттық тәрбие бере отырып, жан-
жақты жетілген, парасаты мен пайымы мол, асқақ рухты, туған елі мен Отанын
сүйетін ұлтжанды, өмірге деген өзіндік көзқарасы дамыған, іскерлі нарық
заманына лайықты азамат тәрбиелеу. Қазіргі қоғамымыздың талабы қолөнер
дүниелерін топтастырып, жинақтап, жүйелеп жас ұрпаққа жеткізу. Жас ұрпақты
ХХI ғасыр есігінен еркін енетін, дүние жүзілік мәдениетті танитын, төл
мәдениетін сыйлайтын, таныта, сыйлата алатын, рухани дүниесі бай,
эстетикалық, интелектуалдық (өрелік) деңгейі жоғары, білімді, білікті етіп
тәрбиелеу. Бүгінгі таңда эстетикалық тәрбие ісіне ерекше мән беріп отыр.
Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысы мен
бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін
шебер деп атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер
бұйымдарында жиі қолданған. Қолөнер дүниежүзінің әр халқында бар. Сонымен
қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрымысына, тарихи ерекшелігіне
және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із
қалдырып келеді. Қазіргі кезде қолөнер элементтерін үй  интерьерінде,  киім
сәндеу кезінде, бас киімді әшекелегенде көп қолданып жүр. Оның орындалу
технологиясына да ерекшеліктер енгізіп отыр.
Құрақ – қазақ халқының қолөнерінің ең көп таралған түрі. Кезінде оны ата -
әжелеріміз бірден пішіп құрастыра білген. Құрақ - әр түрлі мата қалдығынан
құрастырылады. Құрақтың ерекшелігі – геометриялық фигуралардың үлгісімен
құрастырылып тігіледі. Құраққа пайдаланылатын мата жұқа – қалыңдығына қарай
бірыңғай іріктелініп алынады. Құрақтан әр түрлі құрақ көрпеше, дорба,
тұскиіз, жастыққап, аяққап, ыдыс қойғыш, төсеніш тіккен. Қазіргі кезде де
қолданыстан шыққан жоқ, оны диванға, орындыққа төсеніш ретінде пайдалануға
болады. құраққа қойылатын талап біреу. Ол мата бөлшектерінің симметриялы
болуы және түстерінің үйлесімді орналасуы.
Құрақтың да бірнеше атаулары бар. Мысалы: жұлдызша құрақ, қайшы құрақ,
шатыр құрақ, тырна құрақ, қарсы құрақ, ботагөз құрақ, ши құрақ, жауқазын
құрақ, доп құрақ, майда құрақ тағы басқа.
Құрақ құрау эстетикалық талғамды қажет етеді.
Курстық жұмыстың тақырыбы: Мектеп алды даярлығында балаларды матадан
құрақ өнеріне үйрету
Зерттеу объектісі: мектепалды даярлық тобы
Зерттеу пәні: көркем еңбек
Зерттеудің мақсаты: Мектеп алды даярлық топтағы балаларға матадан құрақ
өнеріне үйретудің жолдарын қарастыру.
Зерттеудің міндеттері:
-мектепке даярлық топта матадан құрақ жасау кезеңінде жүргізілетін әдіс-
тәсілдерді, жұмыс түрлерін көрсету;
- матадан құрақ жасау мен жұмыс істеудің практикалық жолдарын баяндау;
- балаларды матадан құрақ өнеріне үйретудің әдіс- тәсілдерір жасау;
Зерттеудің теориялық маңызы: Педагогикалық іс-әрекетте мектепке даярлық
топты сауат ашуға үйрету жұмысының мазмұны теориялық және тәжірибелік
тұрғыдан тұтастық принципін басшылыққа ала талданды.
Зерттеудің әдістемелік маңызы: мектепалды даярлығында балаларды матадан
құрақ өнеріне үйрету мазмұнын анықтайтын әдістемелер сарапталып зерттеулер
жүргізу негізінде талданды.
Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік
материалдар мен әдебиеттер, талдау, зерттеу нысаны мен пәніне байланысты
негізгі ұғымдарды сараптау, эксперименталды-диагностикалау әдістемелері.
Зерттеу көздері: педагогика, психология, философия, ғылымдарының
классиктерінің еңбектері, Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми құжаттары
(заңдар, қаулылар, бағдарламалар, актілер, тұжырымдамалар, т.б.), жалпыға
міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу бағдарламалары.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І- тарау. Матадан құрақ өнері туралы түсінік
1. Мата қиындыларын қиюластырып құрақ жасау

Қазақтың ісмер, шебер әйелдері құрақ көрпеден құрақ кеудешеге дейін,
құрақ бөстектен құрақ ойыншыққа дейін жасап, керемет нәрселердің де
қарапайым тәсіл-мен-ақ өмірге келетінін ежелден-ақ қалың жұртқа паш етіп
келеді. Зердесінде зейіні бар адамдардың қай-қайсы да құрақтан жасалған
заттарға ойлы көзбен назар аударса, сан алуан сәнді түстердің бір-бірімен
жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғара алады. Ол
арқылы халқымыздың құнарлы дүниетаны-мын, эстетикалық талап-тал-ғамын,
сұлулықты аңсаған іңкәр сезімін айтқызбай-ақ танисың.Басты-басты бұйымдары
көрпе, тұскиіз, кеудеше, жастық, түрлі ойыншықтар болып келетін құрақ құрау
– қазақ дәстүрінде қыз балалар кішкентайынан біліп, үйренуге тиісті қолөнер
түрі. Ол қыздарды төзімділікке, үнемділікке, шеберлікке, бояуларды
ажыратып, олардың бір-бірімен үйлесімділік табу-ын түсініп, тануға
шыңдайды, тазалыққа, әсемдікке үндейді, жан-дүниесін байытып, ой-өрісін
кеңейтеді.Құрақ негізінен, түрлі-түсті маталардан құралады. Киім-кешек
тіккенде қалған, арнайы сатып алынған маталардан қандай өрнек шыға-руға
болады? Мата қиығын қолына ұстаған әрбір әйел оны білмей тұрып қиық құрай
алмайды, жасаған бұйымы көріксіз болып шығады. Яғни, құрақ құрауда
қойылатын басты шарт: онымен айналысатын адамның бойында өнерді түсінетін
қасиет, ұшқыр қиял, бояулардың сырын білетін таным болуға тиіс.

Құрақ құрау үшін ең алдымен, қажетті материалдар таңдап алынып, олар түрі,
түсі, матасына қарай сұрыпталады. Яғни, маталар-дың барқыт, жібек, сиса,
сәтен кесінділері жеке-жеке бөліп алынады. Содан кейін ісмер әйел не
бірыңғай барқыттан, немесе бірыңғай жібектен құрақ құрауға кіріседі. Бұл
істі бастамас бұрын әрбір түстің бір-біріне сәйкес келуіне, бірін-бірі ашып
тұруына айрықша көңіл бөлінеді. Құрақ құрау - қалдық қалдырмау. Ертеде
қазақ даласында қымбат маталар тапшы болғандықтан, киім-кешек тігушілер
қалған маталардың қиықтарын бір кәдеге жаратуға тырысып, олардан әртүрлі
бұйымдар жасаған. Сөйтіп, құрақ құрау өнері дүниеге келген.
Ысырапқорлық – қазақ-тарға жат қылық. Ежелден-ақ ата-бабаларымыз үнемшіл
болып, қолдағы темір, сүйек, ағаш, тері тәрізді заттардың да кесінділерін
қажеті-не ұқсатып, аяқ асты таста-маған. Ал қолдағыны осылай ұқсатуда
қиыстырып құрақ құраушылардан асқан шебер жоқ. Олай болса, құрақ құрау қыз-
келіншектерді ысырапқорлықтан тыйып, үнемділікке үйретеді. 
Қазір ұлттық салт-дәстү-ріміз қайтадан жаңғырып, өмірімізге тереңдеп
енгендіктен, қазақтың құрақ құрау өнері де қайтадан дамып отыр. Ауылда да,
қалада да көптеген қазақ отбасыларының төрінен қайтадан құрақ көрпелер,
құрақ тұскиіздер орын ала бастады. Қыз ұзату, келін түсіру тойларында
құдағилар бір-біріне құрақтан әдемі оюөрнек салынған әсем қоржын-дармен сый-
сияпат апаратын болды. Бір ғажабы, қазіргі құрақтардың өздерінен-ақ
ондағы тікше, шаршы құрақтарда небір бояу алмасуларының үйлесімді
жасалғанын,осы құрақ бояуларының алмасуының, қиюластырылу-ының келесі
құрақтарда қай-таланбайтынын аңғарасың. Көгілдір аспан астындағы жасыл
жайлауда ақ шаңқан киіз үйлерді тігіп, қызыл, сары, ақ қызғалдақтар
жайқалған, жусанының иісі мұрын жарған дархан далада мал жайып, күміс
көлдерде шомылып, құстардың үнін естіген қазақ халқы соның бәрін ою-
өрнектер, құрақтар арқылы-ақ қандай шебер жеткізе білген десеңші.
Құрақтардың мың құбылған сәні мен сұлулығына қарап тұрғаныңда, Шіркін-ай,
қазақтың бұл құрақтары мен ою-өрнегіне тіл бітсе, олар мәңгілік ғұмыр, асыл
махаббат, өшпес сұлулық туралы бізге таусылмас сыр мен жыр толғар еді-ау!,
- деп те ойға қалатыныңды қайтерсің. Яғни, құрақ құрау, оны тамашалау қыз-
келіншектерді сұлулықпен сырласуға, оны өн-бойына сіңіруге, бояулар әлемін
танып, түсінуге үйретеді. Ал жаны сұлу адамның ісі де, мінез-қылығы да,
сөзі де, отбасы да сұлу.Әр үйде құрақтан жасалған бұйымдардың болуы – отба-
сының ұлтжандылығын ғана танытып қоймайды. Бұл қазаққолөнерінің ежелгі
түрінің қайтадан жаңғырып, қазіргі заманмен жарасым тауып отырғанын
көрсетеді. Жә-не де құрақтан жасалған бұйымдардың көбеюі шетелдіктерге
біздің еліміздің қолөнерінің қаншалықты дамығанын паш етіп, қазақты әлем
халықтарына кеңінен танытуға жарқын жол ашып отыр. Қысқы Азияда күнде-
рінде шетелдіктердің түрлі ұлттық сувенирлермен бірге құрақ бұйымдарын да
көптеп сатып алып жатқанын көргенімізде біз сондай ойға келдік. Яғни, құрақ
құрау қыз-келіншектеріміздің жанында ұлтжандылық қасиеттерді ор-
нықтырып, оларды ұлттық қолөнерімізді сүюге, оны дамытуға үлес қосуға
тәрбиелейді.

2. Құрақ жасаудағы түстік ерекшеліктер

Құрақтағы бояулар сыры

Қазақ қолөнерінің, оның ішінде құрақ бұйымдарының бояуы сан алуан.
Халқымыздың ұғымында көгілдір түс-аспанның символы, қызыл түс – оттың,
қанның, өмірдің, жасыл түс - өсімдіктің, көктемнің, бастаудың, ақ түс –
биіктіктің, аспанилықтың, сары түс – даналықтың, білімнің белгісі. Сол
себепті, қиықта бұл түстер бір-бірімен тығыз бірлікте тұрғанында ғарыштың,
әлемнің бейнесін бедерлеп, буддистік мандаланың философиялық мағынасынан да
артық мән-маңызға, құпия сырға толы екенін байқатады.

Қолөнердегі қазақ символы

Қазақ қолөнерінің қандай түрінде де ою-өрнектер пайдаланылады. Құрақтан
жасалған бұйымдарда да олар өз орнын тауып жатады. Негізінен, қазақ символы
көп қабатты. Ол басқа символдармен астасып, мағынасын байыта береді.
Этнографтардың айтуынша, бұл жерде ұшбұрыштың және оған қиысатын барлық
элементтердің мәні айрықша. Олардың түсіндіруінше, үшбұрыш магиясының мәні
үш дүниені тұтастыра білуінде. Қазақтың дәстүрлі көзқарас-тары бойынша,
үшбұрыш – су, жер, ауа – үш ғаламның белгісі болып саналатын балықты, оқты,
құсты меңзейді. Егерде осы үшбұрыштың ішіне қошқар мүйіз оюы қиысса, ол
отты бейнелейді. Жалпы, қазақтардың ұғымында ою-өрнек магиялық сипатта, ол
барлық кіріс пен шығысты, жағал мен қиысуды белгілейді...

3. Құрақтан жасалатын бұйымдар

Қоржын. Зат салатын бұйым. Ертеде жарапазан айтқан балалар иығына қоржын
арқалап, қазақ ауылдарын аралаған. Әрбір үй оларға қолында бар құрт,
ірімшік, жент тәрізді тәттілерін беріп,күміс түйген орамалдар сыйлап,
балалар өз отбасына қоржынын несібеге толтырып қайтатын болған. Алыс
сапарға шыққандар да астындағы атына қоржын теңдеген. Тіпті, сүндетке
отырғызған баланы атқа мінгізіп, ағайын аралатқанда да жанына қоржын
байлағаны мәлім. Қазір түрлі қиықтардан жасалып, ою-өрнек салынған сәнді
қазақы қоржындар құдағилар арасында жүріп, сыйластықтың бір дәнекері
болуда. 
Құрақ кеудеше. Көбінесе қыз-келіншектерге арнап жасалатын киім. Халқымыздың
салт-дәстүрі бойынша, ұл-қыздары той-думанда ғана емес, күнделікті өмірде
де әдемі киініп, таза жүрген. Құрақ кеудешелер әрі сәнді, әрі жылы. Оны қай
жерге де киіп баруға болады. Құрақ кеудешені жасарда оған таңдап алынған
маталар тобының түр-түсі жағынан бір-біріне үйлесімді болғанына ерекше
көңіл бөлінеді. Шеберлер қызылдың жанына жасылды, ақтың жанына қараны,
көктің жанына сарыны қойып, әр түстің терең мәні мен сырын ашқан ғой. Құрақ
кеудешені жасарда да ол қатаң түрде ескеріледі. Және де қолдағы
материалдардың қиы-қтарының біртекті болғаны дұрыс. Яғни, құрақтар тобы
бірыңғай мақта, бірыңғай пү-ліш, немесе бірыңғай жүн, жібек маталардың
қиықтарынан құралуға тиісті. Бұл құрақтың тегіс, оңай құралуы үшін қажет.
Және де бірыңғай мата түрінен құралған кеудеше, басқа да киім, бұйымдар
кигенде, қолданғанда, жуғанда бір жері созылып, бір жері қысқарып кетпей,
өз үлгісін сақтайтын болады. Жалпы, құрақ кеудешені қызыл, күлгін, қою көк,
ашық көгілдір маталардың қиықтарынан жасаған дұрыс. Ал астарына тұтас мата
алынады, кеудешенің етек-жеңін әдіптеуге тесьма пайдаланылады.Тақия. Қазақ
шеберлері ежелден-ақ құрақтарды қию-ластырып тақия тігіп келеді. Құрақ
тақиялар - өте сәнді баскиім болып саналады. Қызыл – жасыл, сары – көк
тақиялар бойжеткендердің көркін құлпыртып, қос бұрымды шашына керемет
жарасып тұрады. Шеберлер құрақ тақияларды негізінен, пүліш маталардың
жарқын, ашық бояулы қиықтарынан тігеді. Бүйірін шаршы ішіндегі қиықшалардан
құрастырады. Мұндай тақияның бүйіріне кемінде төрт түрлі түстегі құрақ
пайдаланылады. Сонда құрақ тақия көрікті болып шығады. Тақияның төбесіне
шашақ тағылады. 
Құрақ көрпе. Оны трикотаж тоқымалардың қиықта-рынан да, жібек маталардың
құрақтарынан да жасайды. Мұндай маталардан жасалған құрақ көрпелер жұмсақ
болады. Трикотаж тоқымалардың қиықтарынан тігілген құрақ көрпенің ені
жіңішкілеу, ұзы-ндығы екі метрдей үлгіде келеді. Бұл көрпені сегіз шаршы
етіп топтастырған оңды. Әр шаршы жеке құрастырылып, оларды қиықша үшбұрыш
түрінде бір-бірімен жымдастырып тігеді, астары жұқа жүн матадан жасалады,
екі арасына синтетикалық синтепон матасы салынады. Ал енді жібек құрақты
жұмсақ көрпені екі адам жамылатындай етіп, ашық түсті жібек маталардың
құрақтарынан құрастырады. Бұл көрпеде құрақтар текше түрінде тігіледі. Оның
ең оңай тәсілі дойбының тақтасындай етіп құрау. Жібек құрақ көрпенің шетіне
тұтас материалдан белдеу жүргізеді. Астары мақта матасынан тігіліп,
көрпенің ортасына синтепон салынады. Құрақ көрпелердің бір шаршысын бөліп
алып, оны орын-дыққа көрпеше етіп жабуғадаболады.

Қиық сырмақ. Оны үйді әшекейлеп, қабырғаға ілу, тақта үстіне төсеу үшін
жасайды. Кейбір дәулетті кісілер қиық сырмақты палас ретінде еденге де
төсеп тастайды. Сырмақтың тұтас материалы үшін түйенің жүні қажет. Өйткені,
ол әрі жұмсақ, әрі жеңіл, әрі жылы, әрі таза. Осы негізгі материалдың
үстіне ұлттық ою-өрнек түріндегі құрақтар шаршылап орналастырылады. Сырмақ
үстіне ою тек қана ашық және біртекті материалдардан әзірленеді. Сосын оны
жымдастырып тігіп, шетін тегіс әшекейлепшығады.
Құрақ жастық. Үйдегі құрақ көрпенің үстіне құрақ жастықты қойып, қонақтар
оған шынтақтап жататын болса, ол отбасын ерекше бір ұлттық сән-салтанатқа
бөлеп тұрады. Құрақ жастықтарды қоңыр немесе жасыл, әйтпесе қою көк түсті
материалдан жасап, бетіндегі өрнегін ақ немесе ашық сары түсті матадан
орнатып, жиегіне ақ түсті әшекей жіп жүргізсе, ол тіпті көрікті
болыпшығады.
Аяққап. Түрлі-түсті құрақ-тардан жасалатын аяққап ыдыстар салуға арналған.
Онда сақталған ыдыстар сынбайды, таза болады. Қазір үйдің ажарын ашу үшін
ғана пайдаланылады. Бұрындары ол қазақ әйелдерінің ең қажетті бұйымдарының
бірі болатын. Аяққаптың шағын түріне жіп, қайшы, тарақты, басқа да ұсақ-
түйек заттарды салып қояды да айнаның жанына апарып іледі. Аяққап жасау
үшін көбінесе екі түсті драп маталар таңдап алынады. Оның сыртқы бетіне ою
салынады, бұл оюлар аяққаптың төрт бұрышында тұрады, аяққаптың ортасына,
етегіне түсті жіптерден шашақ тігеді.
Қолқапшық. Бұрындары жас қыздардың жеке заттарын салып қою үшін жасалған
сәнді бұйым. Оны қоңыр, қоңырқай драптан тігіп алып,беткі жағына қошқар
мүйіз ою тігеді. Оюдың шеті өрнекті жіппен бастырылады. Бауы да драптан
әзірленеді. Қолқапшықтың ауызы түй-меленеді. олқапшықты жастар иығына іліп
алады. 

Құрақ ойыншықтар. Оны үй ішіне сән беруі үшін тігеді. Әсіресе, қазақ
шеберлері көп жасаған құрақ ойыншықтар: доп, ат, піл, күшік. Мұндай
бұйымдарды диван үстіне, тіпті автокөлік ішіне де қоюға болады. Құрақ
ойыншықтарды жасау үшін драп, мех қалдықтары, синтепон, ұсақ былғары
қиықшалары таңдап алынып, түр-түсіне қарай сұрыпталады.
Драп материалдан сәндік доп былай жасалады: Ол 12 әр түрлі бесбұрыш
қиықшалардан құралады. Қиықшалардың ішкі бұрышы 72 градустан болуға тиіс.
Дұрыс бесбұрыш дегеніңіз осы. Егерде бесбұрыш теңдей болса, доп дөңгеленіп
шыға келеді. Шеберлер доптың екі жағын осылай тігіп алған соң оның ортасына
синтепонды тығып, томпайтады. Қарапайым да қызық тәсіл. 
Құрақ халат. Қыз-келі-ншектер үшін әсем халатты сәнді құрақ материалдардан
да тігіп алуға болады. Ол әрі жылы, әрі ыңғайлы, әрі шығыс үрдісін еске
салады. Мұндай халаттың бас жамылғысы да (капюшон) болады. Құрақ халат
материалының түстері неғұрлым көп болып, кезектесіп келсе, киімнің өңі де
ашылып, қыз-келіншектерді жайнатып жібереді. Құрақ киімдер көбінесе
серпімді жібек қалдықтары мен қиықтарынан құралады. Құрақ-тардан көйлектер
де тігеді.Құрақ түстерінің тігілуі қа-
рапайым болғанымен, оданжасалған киімдер мен бұйым-дар кім-кімнің де жоғары
талғамына жауап бере алады.

4. Матадан құрақтап аппликация жасау
Құрақ көрпе – дүрия, батсайы, торғын, шағи, шәлі, жібек, сәтен,
атлас, т.б матадан жасалып, сырты кестеленеді. Тұтыну қажетіне қарай қалың,
жұқа, үлкен, кіші етіп жасаса, дәулетіне сай арзан, қымбат материалдан
дайындайды, соған сай бала көрпе, шәлі көрпе, төсеніш көрпе, жүн, қалың,
атлас көрпе деген түрлері болады. Ал енді түрлі геометриялық пішіндегі мата
қиындыларынан әшекей, өрнекпен құралып жасалған түрін құрақ көрпе деп
аталады екен. Осы сипаттама беріліп отырған көрпе түрі – құра көрпе.
Жамылғыш құрақ көрпенің беті қызыл және көк түсті көп сатылы фигуралармен
өрнектелген. Сол фигуралар көрпе ұзындығы бойынша бой түзеген жолақтар
симметриалы орналасқан. Көрпе бордюрі жасыл түсті велюрдан жіңішке
жолақталып тігілген. Ал, астары түрлі-түсті мақта (хлопчатобумажный)
матадан тігілген.
Матаны аппретирлеу (франц. ақтық өңдеу) материалдарға(маталарға,
тоқымаларға) беріктік, ылғалға төзімділік, биязылық т. б. қасиеттер беруге
арналған ең соңғы деу жұмыстары. М. а. арнайы ерітінділерді сіңдіру не мата
бетіне жұқа қабыршақ қабат жағу арқылы іске асырслады. Мақта мата мен кенеп
маталар крахмалмен өңделеді. Матаға жұмсақтық, серпімділік қасиет беру үшін
малдың іш майынан, кастор майынан, канифольден жасалған ерітінділер
қолданылады. Егер матаға стеарлин, парафин, балауыз эмульсиялары сіңірілсе,
олар жылтыр және сәуле шғылыстырғыштық қасиетке ие болады. Жүн мен жіббек
маталарды өңдегенде крахмалдың орнына тері шелінен, мал сүйегінен алынатын
т. б. желім пайдаланылады. Крахмал, т. б. желімдік заттар матаға онша берік
жұқпайды, алғашқы жуудың өзңнде ақ шайылып кетеді.
Сондықтан мата үшін поливинилхлорид, полиметилметакрилат, полистрирол
лактестері жұмсалады. Бұлармен өңдеу матаның арттырумен қатар оның әрін де
жақсартады. Мата, кенеп маталарға умаждалмайтын қасиет беру үшін олар
синтет. смолалардан алынатын заттармен өңделеді. Плащтарға арналған
маталарға су жұқпайтын қасиет беріледі. Целлюлоза талшықтары араластырылған
маталарды бактериялардыңмбүлдіруінен сақтау үшін антисептиктермен өңдейді.
Жібек, жүн және жасанды талшықтардан тоқылған маталармен салыстырғанда
мақта маталар умаждалғыш келеді. Осыған сәйкес кормобол,
мебизин,ерітінділер пайдаланылады. Матаға арнайы ерітінділер сіңдіру арқылы
отқа төзімді қылады. Бұрын бұл мақсат үшін маталар фосфор тұзының
ерітінділерімен, бор қышқылымен өңделетін.
Бірақ бұлар алғашқы жуылу кезінде шайылып кететіндіктен, матаға сурьма,
титан, қалайы тұздары жағылады. Жүн маталарды қара күйе жеуден сақтау үшін
фтор тұздарының ерітіндісі және әр түрлі препараттар қолданылады. Қазақтың
ісмер, шебер әйелдері құрақ көрпеден құрақ кеудешеге дейін, құрақ бөстектен
құрақ ойыншыққа дейін жасап, керемет нәрселердің де қарапайым тәсілмен-ақ
өмірге келетінін ежелден-ақ қалың жұртқа паш етіп келеді. Зердесінде зейіні
бар адамдардың қай-қайсы да құрақтан жасалған заттарға ойлы көзбен назар
аударса, сан алуан сәнді түстердің бір-бірімен жарасым тауып, әдемілік
әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғара алады. Ол арқылы халқымыздың
құнарлы дүниетанымын, эстетикалық талап-талғамын, сұлулықты аңсаған іңкәр
сезімін айтқызбай-ақ танисың. Басты бұйымдары көрпе, тұскиіз, еудеше,
жастық, түрлі ойыншықтар болып келетін құрақ құрау – қазақ дәстүрінде қыз
балалар кішкентайынан біліп, үйренуге тиісті қолөнер түрі. Ол қыздарды
төзімділікке, үнемділікке, шеберлікке, бояуларды ажыратып, олардың бір-
бірімен үйлесімділік табуын түсініп, тануға шыңдайды, тазалыққа, әсемдікке
үндейді, жан-дүниесін байытып, ой-өрісін кеңейтеді.Құрақ негізінен, түрлі-
түсті маталардан құралады. Мата қиығын қолына ұстаған әрбір әйел оны білмей
тұрып қиық құрай алмайды, жасаған бұйымы көріксіз болып шығады.Яғни, құрақ
құрауда қойылатын басты шарт: онымен айналысатын адамның бойында өнерді
түсінетін қасиет, ұшқыр қиял, бояулардың сырын білетін таным болуға тиіс.
Қазіргі  кездегі жүннен жасалған киіз бұйымдар икемделгіш және пластикалық
қасиеті бар материал, олар  іс-жүзінде  бүкіл әлемге танымал. Қазіргі
шеберлер көркем бұйым жасауда өте кең ауқымда киізді пайдаланады. Ол жиһаз
бен интерьер заттарынан, пуфиктер мен орындықтардың сәнді кілемшелерінен,
перделер мен жастықтардан, үстелге қойылатын  сәндік жаймалар мен мата 
салфеткаларға арналған сақиналардан, ыстық ыдыстардың астына қоятын 
төсеніштерден және оларды ұстайтын тұтқыштардан, ыстық жұмыртқаларға
арналған қорапшалардан және жылытқыштардың қаптамаларынан, шамдардың
абажурларынан және перделердің  безендірмелерінен, сәнді панно мен еденге 
төсейтін кілемдерден тиісті орын алған. Қазіргі заманғы әртүрлі
технологияларды пайдалана отырып, сан түрлі фактуралар мен маталарды –
жібек, мақта, кендір, тоқыма заттарды үйлестіре отырып, нағыз өнер
жауһарларын  жасауға болады. Киімге  арналған киіз бижутерия мен
аксессуарларды да  кездестіруге болады. Олардың ішінде – моншақ, сәнді
түйме, шаш қыстырғыш, бөкебай, мен білезіктер, белдіктер мен сөмкелер,
әмияндар мен ұялы телефондарға арналған қаптамалар, жеңіл аяқкиім, тіпті
етіктер, бөріктер мен береттер, косметика қалталары мен құжаттар үшін
мұқабалар, бизнес-папка мен пеналдар бар.  Студенттер бір-біріне сый етіп
тартуға ыңғайлы өнімдерді, шыршаны безендіретін ойыншықтарды ықыластана
жасайды. .
Киізден жасалынатын бұйымдар  қолмен  тігіліп те құрастырылған.  Қол тігіс
түрлері  көктеу, тепшу, жөрмеу, қаю, қабу, торлау арқылы жасалады.  Қол
тігіс түрлері арқылы түрлі-түсті жіптермен  безендіріп, әрлеуге де болады.
Бұйым шетін  қос қабатты түсті жіппен инені көлденеңінен түйреп, жіпті орап
түсіріп тігілетін  тігістік жөрмеу дейді. 
Киіздің бетіне үлгі арқылы өрнегі түсіріліп, соның үстіне боялған жіптермен
кестелеуге болады. Түр жіптер  киіздің өңіне қарай  таңдалады.  Мысалы:
күлгінге көк,жасылға қызыл, қызылға  жасыл түсті, сарыға қызыл түсті
жіптерді қолдануға болады.
Жасалынатын бұйымның өрнегіне орай зергерлік бұйымдармен және түрлі-түсті
моншақтармен әрлеп безендіріледі. Бұл студенттердің талғамына байланысты
орындалады. Бірніші жүндерімізді реттеп, қажетті құрал-жабдықтарымызды,
ыстық  суымызды дайындап аламыз. Жасалынатын бұйым өлшеміне орай жүн
басылады. Салынатын өрнектеріне байланысты жүннің бетіне түсті жүннен өрнек
түсіріп дайындауға да болады.  Мысалы очки салынатын қап.  Бізге 0,5 м.
мақтаның бетіне түтіліп дайындалған жүнді ретімен қолдың ыңғайымен жайып 
салынады, бетіне  түсірілетін өрнегін де салынады да,  жүннің үстіне  сабын
суға тор матаны батырып үстінен жабылады. Оның үстінен қайта-қайта қолдың
ырғақ бағытымен сабынды сумен үйкей бойына сабынды суды сіңіреді.
Қолданылатын суымыз ыстық болуы қажет. Суымыз мұздаса, жүніміз бір-біріне
жабыспайды. Сондықтан, жүннің киізделіп өңделуі барысында  t ыстық күйінде
орындалуында. Жүннің үстіндегі мата бетіндегі жабысып тұрған  сабын су 
матамен бірге  жүнді аударады, бетіне ыстық су бүркіп шетіндегі  жалбырап 
тұрған  жүнді  ортасына қарай  жинайды.  Қайта-қайта столға ұрылып
пысытылады.  Соңынан сабынын кетіре  таза суға жуылып, кептіріледі.
  Дәл осы реттілікпен түстері бойынша бөлек-бөлек басылып, құрастырылады.
  Алдыңғы сабақтарда  дайындалған эскизіміз бойынша  үлгі дайындалады. Сол
үлгі бойынша дайындалып, киіз бетіне үлгі  өрнегінің ыңғайына қарай қойылып
сызылып,  сызық үстінен қырқылып бұйым бөліктері   жұқа болып  басылуы
мүмкін. Сондықтан қалың киізді сызылған сызық бойынша өткір ұшты пышақпен
киізді жылжытпай  табанмен басып тұрып,  сызықтары бойынша ойып шығады.
Жұқа киізді  өткір үлкен қайшымен сызық бойымен қырқуға болады.
Қай халықта және қашан да болса  мұқтаждықты жою, баршылықты молайта беру,
халықтың тұрмысын жақсарту, киiм-кешектi, үй жићаздарын тиiмдi, қолайлы,
сәндi де ұнасымды етiп пайдалану  халықтардың бәрiне бiрдей ортақ мүдде, 
ортақ арман едi.  Соның нәтижесiнде бiздiң  бабаларымыз бен аналарымыз
кейiнгi ұрпақтар үшiн көптеген өнер  мұраларын  қалдырды. Олар  бiздiң
өмiрiмiздiң зейнеттi болуы үшiн күрескенде неше түрлi азапты - от пен
судың, тар жол, тайғақ кешулерiнен өттi. Жоқшылық, қараңғылық, теңсiздiк 
азаптарын тартты. Сөйтiп жүрiп өз елiнiң тарихында мәңгiлiк өнер 
өрнектерiнiң  мұрасын қалдырды. ''Әр елдiң тiлiн, өнерiн бiлген кiсi онымен
бiрдей деңгейде пiкiрлесе алады, аса арсыздана жалынбайды'' деп тiл мен
өнердi  жоғары бағалаған Абай. Ал, Ш.Уалиханов ою-өрнек өнерi қазақ
халқының өмiрiнде айрықша өнер екендiгiн, оның ерекшелiктерi мен қыр-
сырының  молдығы қаншама бiлiмдарлықты талап ететiндiгiн айтқан. Жалпы ою
өнерi дүние жүзiнiң көп халықтарына тән. Дегенмен де қазақ халқының ою
өнерiнiң өзiндiк ерекшелiктерiн атап өтпеуге, сiрә болмас. Ою-өрнекпен
безендiрiлген киіз бұйымдар, кестелер, тоқыма бұйымдар және қыз-келiншектер
мен ерлер киiмдерi, қыз-келiншектердiң мойнына тағатын алқасы, шашына
жалғайтын шашбауы т.б. бұйымдар ою-өрнекпен безендiрiлiп отырған. Демек, ою
өнерi қазақтың тарихымен бiрге жасап, бiрге дамып келе жатқан көне өнер.
Халқымыздың ою өнерi өз бастауларын тарихтың тереңiнен алатын, теориясы мен
жасалу технологиясы да күрделi, әсемдiк-бейнелеу дүниесiнiң бiр түрi. Көне
дәстүрлерді көздің карашығындай сақтап және байыта отырып, халықтық қөркем
қолөнер кәсібі қазіргі мәдениеттің айқын құбылысы болып, үй тұрмысының
маңызды және бөлінбес құрамына айналды. Қолөнер туындылары қайталанбас және
алуан түрлі: әсем әшекейлерден және шағын ойыншықтардан бастап күрделі
кестеленген композицияларға дейін және көлемді кілемдерді, тоқыма матадан
жасалған көп заттық жиынтықтарды, шыны, ағаш және металл бұйымдардарын
қамтиды. Пішіндердің ықшам да мәнді үйлесімі, түстердің жоғары талғамы,
өрнектердің әсемдігі, композициялық шешімі, көздің мүлтіксіздігін, колдың
дәлдігін және қиял ұшқырлығын ұштастырып, шебердің өзіне тән тәсілдермен
орындауына жеткізеді.
Қазақтың ұлттық киімі ғасырлар бойы қалыптасқан және айналадағы ортаға
желді, аязды болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының қолөнерін оқушыларға үйретудің маңызы мен мазмұны
Функционалдық сауаттылық туралы түсінік
Бейнелеу өнері сабақтарында ұлттық қолөнер туындыларын қолдану
Көркем еңбек сабақтарында оқушыларды шығармашылыққа бейімдеу түрлері
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ептіліктерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазактың сәндік-қолданбалы өнері және ұлттық өрнектері туралы түсінік берудің маңызы
Қазақ халқының сәндік - қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру
Сәндік-қолданбалы өнердің жеткіншектердің эстетикалық тәрбиесін жетілдірудегі мүмкіндіктері
Құрақ түстерінің үйлесімділігі
Ұлттық қолөнер
Пәндер