Мектеп жасына дейінгі балалардың құрдастарымен, ересектермен қарым- қатынасы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

Негізгі бөлім:
І. Мектеп жасына дейінгі балалардың өзара қарым. қатынас ерекшеліктерінің теориялық негіздері
1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым. қатынас ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалар қарым.қатынасының
психологиялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың ересектермен қарым. қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

ІІ. Мектеп жасына дейінгі балалардың өзара қарым. қатынас ерекшеліктерін анықтаудың практикалық негізі
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым. қатынасын дамыту ... ... ... 18
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың құрдастарымен және ересектермен қарым. қатынасын ойын арқылы дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде, оқу тәрбие жұмысының жаңару заманнында ағарту саласының мектеп жасына дейінгі жасына дейінгі тәрбиелеу, білім беру барысында шешуін күткен келелі мәселелер тұр. Атап айтқанда, ол балалардың жеке басына дамыту, психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін, ішкі потенциалын анықтап, жан-жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысын балалардың жақын арадаға даму аймағына бағыттау. Ал балалар тәрбиесіне, бастауыш сынып балаларының кездің ықпалы аса зор екені белгілі.
Мектеп жасындағы балалар тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория мен тәжірибе қарым-қатынас мәселесінде қиылысады. Ал балардың психикалық қасиеттерін, танымдық үрдістерін, және психикалық қалып-кейіптерін тұтас қамтитын, балалар психикасының дамуындағы басты көрсеткіш әрі фактор болатын, әмбебап ерекшелік – балалардың қарым-қатынас саласы.
Мектеп жасындағы балалар қарым-қатынастың балалардың жеке тұлға ретінде дамуында алатын орнына, рөліне және қарым-қатынастың даму ерекшелігін анықтауға арналған зерттеулер ғылыми қорда аз емес. Аталмыш кеңістікте Д.Б.Эльконин, Л.И.Божович және т.б. ғылыми зерттеулері кеңінен таралған. Қарым-қатынас негізінде балалардың барлық жеке басының қасиеттері дамып, психикалық кейіптері қалыптасады. Сонымен қатар қарым-қатынас балалардың танымдық үрдістерінің жетілуін қамтамасыз ететін бірден-бір фактор және жағдай болды. Ал балалардың өзін-өзі дамытып, жетілдіруі, реттей алуы, олай болса, өзіндік бағаның дұрыс болуын қамтамасыз ететін де балалардың ересектермен және басқа балалармен жасайтын өзара әрекеттестігі, өзара қатынасы және өзара ақпарат алмасуында болады. Ғылымдағы балалар қарым-қатынасының мәнділігі әркімге – психологтарға, педагогтарға, ата-аналарға аян, және ол әртүрлі балалардың әлеуметтенуіне қатысты зерттеулерден белгілі болғанымен, балалар қарым-қатынасында шешілмеген мәселелер жеткілікті.
1. Эльконин Д.Р. Психическое развитие в детских возрастах. – М., Воронеж, 1997. – 416 с.
2. Божович Л.И. Проблемы формирования личности. 2-е изд. – М., Воронеж, 1997. – 352 с.
3. Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С. Қазақтың тәлімдік ой –пікір антологиясы. – Алматы, Мектеп, 1994. – 252 с.
4. Алдамұратов Ә.Ж. Жалпы психология. –Алматы, Білім, 1996 – 224 б.
5. Лисина М.И. Общение, личность и психика ребенка. М., Педагогика, 1997.- 350 с.
6. Шерьязданова Х.Т., Суркова Т.И. Педагогу о стиле общения с детьми. – Алматы, Рауан, 1996-145с.
7. Исмаилов Д.А., Абишева Ж.А. Развитие личности ребенка в процессе предшколной подготовки. А., Рауан, 1998 -155с.
8. Петровский А.В. Введение в психологию. М., Просвещение, 1995. – с.280-309.
9. Мухина В.С. Возрастная психология. М., Педагогика, 1998. -381с.
10. Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности. Алма-Ата, Изда-во КазГУ, 1992 – 195с.
11. Синдоренко Е.В. Психодраматический и педирективный подход в групповой рабоие с людбми. Методические описания и комментарии. СПб, 1992. -284с.
12. Рудестам К. Групповая психотерапия. Спб., Питер, 2000. – 15с.
13. Вачков И. Основы технологии группового тренинга. М., Изд-во «Ось-89» 1999. – 176с.
14. Елікбаев Н. Ұлттық психология. А., Қазақ университеті, 1992.-б.9-26
15. Айтпаева А.К. Казахские народные игры как средство воспитания младших школьников: Автореф. канд. пед. наук. А., 1997. – 24с.
16. Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. – А., Рауан, 1991. -174б.
17. Ерментаева А.Р. Особенности национальных казахских школ. // Человек. Общество. Наука: Тез.докл. М., 1993. –с.9-12.
18. Сейфулин С. Қазақ әдебиеті, 1-кітап. Қызылорда, 1932. -155б.
19. Кравцова Е.Е. Психологические проблемы готовности детей к обучению в школе. М., Педагогика, 1991.-с.135-143.
20. Рояк А.А Проблема социальной изоляции детей. //Вопросы психологии. 1996г №3 1016.
21. Немов Р.С. Психология. Книга 2. М., Владос, 2000г
22. Рояк А.А. Психологический конфликт и особенности индивидуального развития личности ребенка. М., Педагогика 1998г
23. КуницынаВ.Н., Казаринова Н.В., Погольша В.М. Межличностное общение. Санкт - Петербург:, 2001г
24. Смирнова Е.О. Теория привязанности: концепция и эксперимент. // Вопросы психологии 1995. №3.
25. А.В.Дмитриев «Конфликтология». Изд. Гаролрики, Москва 2001.
26. О.Н.Громова «Конфликтология» курс лекции, Москва 2000.
27. Т.В.Корнилова,С.ДСмирнов,Е.Л.Григоренко факторы социаального и психологического неблагополучия подростков (в покозателях методик стандартизовонного интервью и местов ноблюдения). //Вопросы психологии 2001. №1.107-122с.
28. Е.О. Смирнова, Р.Радева. Развитие теории привязонности //Воп. психол.1999, №1.105-1 Ібсс.
29. О.А.Белабрыкина. Влияние социального окружения на развитие самооценки старших дошкольников.//Воп. психол.2001.№4.31-38с.
30. Т.П.Скрипкина. Взаимодоверие как основание межличностных взаимодействий//Воп.психол.1999, №5.21-30с.
31. В.Н.Куницина, Н.В.Казоринова, В.М.Погольша. Межличностное общение. Санк-Петербург. »Питер» 2001

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Педагогика және психология кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың құрдастарымен, ересектермен
қарым- қатынасы

Орындаған:
Тексерген:

оРАЛ- 2015

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .3

Негізгі бөлім:
І. Мектеп жасына дейінгі балалардың өзара қарым- қатынас ерекшеліктерінің
теориялық негіздері
1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым- қатынас
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалар қарым-қатынасының
психологиялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..8
1.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың ересектермен қарым-
қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

ІІ. Мектеп жасына дейінгі балалардың өзара қарым- қатынас ерекшеліктерін
анықтаудың практикалық негізі
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым- қатынасын дамыту ... ... ... 18
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың құрдастарымен және ересектермен қарым-
қатынасын ойын арқылы
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі
кезеңінде, оқу тәрбие жұмысының жаңару заманнында ағарту саласының мектеп
жасына дейінгі жасына дейінгі тәрбиелеу, білім беру барысында шешуін күткен
келелі мәселелер тұр. Атап айтқанда, ол балалардың жеке басына дамыту,
психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін, ішкі потенциалын анықтап, жан-
жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысын балалардың жақын арадаға даму
аймағына бағыттау. Ал балалар тәрбиесіне, бастауыш сынып балаларының кездің
ықпалы аса зор екені белгілі.
Мектеп жасындағы балалар тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория мен
тәжірибе қарым-қатынас мәселесінде қиылысады. Ал балардың психикалық
қасиеттерін, танымдық үрдістерін, және психикалық қалып-кейіптерін тұтас
қамтитын, балалар психикасының дамуындағы басты көрсеткіш әрі фактор
болатын, әмбебап ерекшелік – балалардың қарым-қатынас саласы.
Мектеп жасындағы балалар қарым-қатынастың балалардың жеке тұлға
ретінде дамуында алатын орнына, рөліне және қарым-қатынастың даму
ерекшелігін анықтауға арналған зерттеулер ғылыми қорда аз емес. Аталмыш
кеңістікте Д.Б.Эльконин, Л.И.Божович және т.б. ғылыми зерттеулері кеңінен
таралған. Қарым-қатынас негізінде балалардың барлық жеке басының қасиеттері
дамып, психикалық кейіптері қалыптасады. Сонымен қатар қарым-қатынас
балалардың танымдық үрдістерінің жетілуін қамтамасыз ететін бірден-бір
фактор және жағдай болды. Ал балалардың өзін-өзі дамытып, жетілдіруі,
реттей алуы, олай болса, өзіндік бағаның дұрыс болуын қамтамасыз ететін де
балалардың ересектермен және басқа балалармен жасайтын өзара әрекеттестігі,
өзара қатынасы және өзара ақпарат алмасуында болады. Ғылымдағы балалар
қарым-қатынасының мәнділігі әркімге – психологтарға, педагогтарға, ата-
аналарға аян, және ол әртүрлі балалардың әлеуметтенуіне қатысты
зерттеулерден белгілі болғанымен, балалар қарым-қатынасында шешілмеген
мәселелер жеткілікті.
Мектеп жасындағы балалардың қарым-қатынас генезисіндегі негізгі
заңдылықтар ашылған. Алайда, балалардың жеке басының қалыптасу заңдылықтары
өз халқының тарихына, экономикасына, мәдениетіне тікелей байланысты болып
келеді. Осыған орай қазіргі кезең жағдайында ұлттық құндылықтарды балалар
тәрбиесі мен дамуында пайдалану белсенділігі артып, ұлттық мәдениеттің
өзекті педагогткалық, психологиялық мәселелерін шешу, оны дамсыту жолдарына
деген қызығушылық арта түсуде.
Мектеп жасындғы балалардың қарым-қатынасын зерттеп, сол арқылы
баланың психикалық тұрғыдағы дамыту және түзету мәселелерінің шешімі әлі
күнге дейін жүйелі табылмаған. Қазақ баларының тәрбие, оқыту үрдістерін
психологиялық, педагогикалық жағынан қамтамасыз ететін мамандардың
арсеналында арнайы контингентке бейімделген зерттеу әдістері жоқтың қасы.
Осы контксте ұлттық ойындар, құндылықтар баланың жеке басын дамыту
үрдісінде таптырмайтын әмбебап құрал және әдіс болуы керек. Себебі ұлттық
ойындардың, жаңылтпаштар мен жұмбақтардың халықтық педагогика тақырыбын
қамтымайтыны бомайды. Алайда ұлттық ойындардың, құндылықтардың балалардың
жеке басын дамытудағы мәні белгілі болғанымен, психодиагностикалық
мүмкіндігі бүгінгі күнге дейін ғылыми зерттеу мәселесіне айналған жоқ.
Мектепке дейінгі мекемеде баланың жеке тұлғалық әлеуметтену барысында
оның рухани, ұнамды құндылықтарын ескеру арқылы балалар арасындағы қарым-
қатынасты жақсарту қажеттілігі туындайды.
Балалар арасындағы қарым-қатынас сипаты мен климаты баланың тек
психикасына немесе жеке басына ғана әсер етіп қоймайтындығы белгілі. Ол
баланың оқу-тәрбие істерінде де елеулі орын алады.
Біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігі осы мәселелерді дұрыс жолға қою
арқылы мектепке дейінгі мекеме тәжірибесіне көмектесу керектігінен
туындайды.
Қазіргі кезде мектепке дейінгі мекеме өмірінде қарым-қатынасында
проблемасы бар балалардың туындауына кез-келген жағдай әсер ете береді.
Туындаған мәселені шешу мектепке дейінгі мекеме психологының негізгі
психологиялық қызмет көрсетуі міндетіне кіретіндігі даусыз.
Мектепке дейінгі мекеме балалары арасындағы қарым-қатынасты жақсарту
мәселесі, сол арқылы баланың білім алып тәрбиеленуін қамтамасыз ету
актуалдылығы ешқашан төмендемеген.
Зерттеу мақсаты – мектеп жасына дейігі балалар психологиясының дамуына
қарым- қатынастың рөлін анықтау, балалардың құрдастары мен ересектермен
қарым- қатынас жағдайларын айқындау.
Зерттеу міндеттері: Мектеп жасына дейінгі балаларға психикалық
дамуындағы қарым-қатынас мәселелерінің теориялық негіздерін қарастыру.
• Балалар ұжымындағы қарым-қатынас мәселелерін ғылыми әдебиеттер
көмегімен теориялық тұрғыда зерттеу.
• Мектепке дейінгі мекемедегі топтық ұжымда балалардың өзара қарым-
қатынасын зерттеу.
Зерттеу пәні – мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы
Зерттеу объектісі – Мектеп жасына дейінгі балаларға қарым-қатынасын
жетілдіру үрдісі.
Зерттеу болжамы – Мектеп жасына дейінгі балалардың құрдастарымен,
ересектермен қарым-қатынасын жетілдіру, мәдени, әдептілік құндылықтарын
қамтитын арнайы құрастырылған тренингтік сабақтарды ұйымдастырумен
байланысты болуы мүмкін. Мектепке дейінгі мекеме жас кезеңінде балалардың
қарым- қатынас ерекшелігі сол жас кезеңіндегі даму дағдарысын өткізу
ерекшелігіне байланысты туындайды.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық құндылығы: Мектепке
дейінгі мекемелерде балалардың құрбыларымен қарым-қатынасы мен әлеуметтік
ортада алатын орны бала психикасының дамуының қайнар көзі. Олай болса, бұл
мәселелердің теориялық тұрғыда заңдылықтары мен психологиялық
ерекшеліктерін ашудың мәні зор. Зерттеу жұмысымызда бала-бақша және
мектепке дейінгі мекеме қабырғасында жиі кездесетін проблема - топтан
оқшауланған балаларды анықтаудың жолдары көрсетілген, ұжымнан изоляциялану
себептері ашылған, сондай-ақ мұндай балалармен нәтижелі жұмыс жүргізуге
арналған кеңестер мен психологиялық қызмет жолдары көрсетілген. Зерттеу
жұмысымызда қарастырылған материалдардың барлығы дерлік мектепке дейінгі
мекеме психологының теориялық білімін жоғарылатып, қарым-қатынаста
проблемасы бар балаларды анықтап, олармен жұмыс жүргізу шеберлігін
арттырады.
Зерттеу жұмысының базасы:
Зерттеу әдістері. Эксперимент барысында балалардың қарым-қатынасын
зерттеуге арналған Г.А.Урунтаева, Т.А.Репина, К.Т.Шерьязданова , т.б.
әдістемелері, эксперименттік баға, бақылау әдістері қолданылды.
Эксперименттен алынған нәтижелерге статистикалық өңдеу әдістері қолданылып,
мәнділігі анықталды.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және
әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Мектеп жасына дейінгі балалардың өзара қарым- қатынас ерекшеліктерінің
теориялық негіздері

1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым- қатынас ерекшеліктері
Қарым-қатынас - жалпы адам өмір сүруінің негізгі жағдайы. Адам қалыпты
өмір сүру үшін, өзінің психикалық қасиеттерін дамыту үшін, жеке тұлғалық
ерекшеліктерін жетілдіру үшін, сондай-ақ білім меңгеріп тәжірибе жинақтау
үшін адамдармен қарым-қатынас жасайды. Қарым-қатынас арқасында ғана адам
өзінің кім екенін танып, өзін өзгелерден ажырата алады, өзін басқалармен
салыстыру арқылы басқа адамдағы қасиеттерді меңгереді. Қоғамнан тыс адам
өмір сүре алмайды. Адам психикасының дамуындағы қарым-қатынастың ролі
ерекше. Сондықтан адам өзгелермен қатынасқа түсу арқылы ғана қалыпты өмір
сүре алады.
Адам дүниеге шыр етіп келіп түскеннен бастап-ақ айналасындағылармен
қатынас жасай бастайды. Өмірінің алғашқы кезеңінде биологиялық сипаттағы
қарым-қатынас болса, одан әрі оның қарым-қатынас сипаты әлеуметтік сипатқа
түсе бастайды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ересектермен қарым-қатынасы туралы
М.И.Лисина зерттей келе балалардың әлеуметтік мінез-құлқы мен жеке басының
дамуын тек ересектермен қарым-қатынасымен ғана түсіндіруге болмайтындығын
атап өтеді. Баланың жасы ұлғайған сайын оның жеке басының дамуында қарым-
қатынас ерекше орын алатындығын айтып өтеді. Өз құрбыларымен қарым-қатынас
жасай отырып, өзінің ішкі жан дүниесіндегі тұйықтықты аша алады, өз
құрбылырымен өзара әрекеттесе отырып, өз көзқарастарын жеткізе алады.
Тек балалардың қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу ғана олардың арасында
туындаған қиыншылықтарды басқаруды жеңілдетеді, топтағы барлық балалармен
өзара қатынасты толық құруға жол ашады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың өз құрбылары арасындағы қарым-қатынас
сипаты көбінесе ойын әрекеттерінде көрінеді. Ойын барысында туындаған
кейбір келіспеушіліктер мен конфликтілер баланың топтан оқшаулануының бір
себебі болып табылады. Осыған орай психологиялық конфликтіні олардың ойын
іс-әрекеті жағдайында зерттеу, сонымен қатар еңбек іс-әрекетінде бақылау
арқылы топтан оқшауланатын баланы зерттеу оңайырақ.
Ойын кезіндегі балалар қарым-қатынасының құрылымы мен мазмұны. Ойын -
мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті бола отырып, ол жан-
жақты әрекет негізінде балалар қарым-қатынасының бірқатар типтерін
ажыратады.
А.Н.Леонтьев балалар арасындағы қарым-қатынастық ойындарда фантастикалық
өлшемдер кездесетіндігін көрсетеді. Оның айтуы бойынша шындық әрекет,
шындық тәсіл және заттармен шындық бейне жасау болады. Сюжетті-рольдік
ойындарда әрбір баланың сюжетке, рольге, рольді орындауға қатысы көрінеді.
Рольге бөліну немесе ойыншықтарды бөліп алу негізінде туындаған конфликті
нәтижелердің соңғы нәтижелері адалдыққа бағытталған жағдайда баланың
адамгершілік нормаларын меңгеруге бірқатар әсер етеді.
Кей жағдайда педагогтың басқаруымен жүргізілген ойындар сырт қарағанда
жағымды қатынас болғанымен, дәрігер ролінде ойнайтын баланың орнында
топтағы әрбір бала болғысы келуі мүмкін, яғни емделуші емес, емдеуші
болатын балалардың қалауы болуы да мүмкін. Осының негізінде балаларда үнсіз
келісу туындайды.
Ойын қатынасындағы сыртқы көріністің тағы бір түрі - рольдік, іскерлік
қатынаста педагогтардың, психологтардың бөліп қойғанына байланысты баланың
жеке басының дамуы адамгершілік бағытта көрінуі мүмкін. Дегенмен, баланың
ішкі жан дүниесі, әсері, қызығушылығы мен қажеттілігі, өзінің ойында алған
рольдік жағдайына қанағаттану, қанағаттанбау сезімдері жауапсыз қалады.
Ойын кезіндегі қарым-қатынастың сыртқы көріністерінің бір жағы - баланың
өзіндік, жеке даралық қатынасында байқалады.
Мысалы, бір-біріне симпатиялық, антипатиялық, селқостық -балалар
қатынасында көп байқалмайды, бұл арнайы зерттеуді қажет етеді.
Балалар арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері туралы көптеген
педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік-психологиялық зерттеулер
анықталып келеді. Сонымен қатар балаға комплексті, жүйелік формадағы іс-
әрекетті ұйымдастыру Л.С.Выготский, В.Н.Мясищев, С.Л.Рубинштейн,
Л.И.Божович еңбектерінде терең қарастырылады. Педагогика және психология
ғылымындағы А.С.Макаренконың ойы: Жеке адам ұжымда дамиды және ұжым арқылы
қалыптасады.
Балалар арасындағы жүйелі қатынас балаларда болатын әсерлік жағдайлардың
бір-бірімен тығыз қатынас құратындығын, жеке адам қатынасында эмоционалды
жиынтық құратындығы, топтағы адамдарға үйреніп қалатындығын, оларда
эмоционалдық қанағаттану, жағымды әсер алатындығын дәлелдей түседі.
Мектеп жасына дейінгі балаларда сыртқы және ішкі психологиялық
конфликтілер кездеседі. Сыртқы психологиялық конфликті - олардың бірлескен
іс-әрекеті барысында туындаған қарама-қайшы көзқарастарынан шығады (мысалы:
жалпы істі таңдау, міндеттерді бөлісу, ойын, еңбек материалдарын бөлісу,
рольдерді таңдау).
Ішкі психологиялық конфликт - мектеп жасына дейінгі балалардың негізі
ойын іс-әрекетінде өз құрбылары арасында пайда болады және олар бақылауда
байқалмайды. Мұнда міндетті түрде ересектердің көмегі қажет болады.

1.2 Мектеп жасына дейінгі балалар қарым-қатынасының
психологиялық негіздері
XX ғасырдың ортасында дүниенің әр түкпірінде қарым-қатынас мәселесіне
арналған зерттеулер шамамен бір уақытта пайда болып, тарала бастайды.
Мұндай зерттеулердің ішінде балалардың қарым-қатынас сферасына
қатысты еңбектер ерекше орын алады. Ғылымда мектеп жасына дейінгі балалар
психикасының дамуындағы қарым-қатынас аса маңызды фактор ретінде
тағайындалған.
Қарым-қатынас адамның өзара әрекеттестік және өзара қатынас жасауының
ерекше формасы.
Қарым-қатынас мәселесін психологиялық, педагогикалық тұрғыдан зерттеу
әлемдік ғылымда Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі кезеңде өзекті мәселе
болып көтерілді. Осы уақыттан бастап қарым-қатынасқа анықтамалар беріліп,
оны зерттеуде бағыттар пайда болды.
Қарым-қатынас ұғымының көп анықтамаларының арасында біз
коммуникативті іс-әрекет ұғымымен синоним деп қарастыратын позицияларына
жүгініп, М.И. Лисинаның анықтамасын арқау етеміз. Сонымен қарым-қатынас
деп – екі (немесе одан да көп) адамның қатынастарын жасап, реттеуі мен
ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара
әрекеттерін айтамыз. Олай болса, біз зерттеуімізде қарым-қатынастың
мазмұнды жағына, іс-әрекет жүйесіндегі қарым-қатынастың орнына, 4-5 жастағы
балалардың психикалық дамуының қарым-қатынас байланысын анықтауға баса
назар аудардық. А.Н. Леонтьев іс-әрекеттің қай түрін болмасын қарым-
қатынаспен қабаттас болады деп түсіндіреді. Ол іс-әрекетті қарым-қатынастың
қажетті шарты ретінде қарастырады.А.Н.Леонтьевтің қарым-қатынасты іс-
әрекеттің өзгеше түрі деп талдау концепциясы, Б.Г. Ананьевтің,
А.А.Бодалевтің коммуникативтік әрекет жайлы ілімдер біздің зерттеуіміздің
әдіснамалық негізі болды.
Балалардың ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынас жасауы әр-
түрлі ғылыми позициядан түсіндіріледі. Сол кезден бүгінгі күнге дейін бала
(лар) мен ересек (тер) жүйесіндегі қарым-қатынас бала – бала (лар)
жүйесіндегі зерттелген көне ілгері және жан-жақты қарастырылған.
Психология мен оған салалас ғылымдарда қарым-қатынас құралдарының
сипаттамалары, жүйелері келтіріледі.
М.И.Лисинаның қарым-қатынас құралдарының үш тобын экспрессивті-
мимикалық, заттық-әрекеттік және тілдік құралдарына бөліп қарастыруы біздің
зерттеуіміз үшін де маңызды.
Қарым-қатынас құралдарын қолданып, жалпы нәтиже алу тәсіліне де
талдау жасалық. Қарым-қатынас тәсілі оның бірлігі деп танылады әдебиеттерде
қарым-қатынас тәсілі әрекеттік формада коммуникациялық біліктілік десе,
ал А.А. Бодалев қарым-қатынас әсер ету тәсілдерін интеллектуалдық,
эмоционалдық және еріктік деп үшке бөледі. Біздің зерттеу аспектімізде
қарым-қатынас тәсілдерін жетілдіру ең негізгі мәселе болып табылады.
Әдебиеттерге талдау жасай отырып қарым-қатынас механизмдерін қарым-
қатынастың тиімділігін анықтайтын, өзара түсінікті сипаттайтын күрделі
психологиялық құрылым деп түсінеміз. Осы орайда В.С. Агеев , А.А. Бодалев
қарым-қатынастың механизмдерін көрсетіп, оларға эмпатия, идентификация,
децентрация, рефлексия, стереотипизацияны жатқызады.
Біздің зерттеу жұмысымызда 4-5 жастағы балалардың қарым-қатынас
сферасындағы стиль ұғымын, ересектердің, ата-аналардың, педагогиканың
балаларға психологиялық әсері, ықпалы деп тағайындаймыз.
Қарым-қатынастың қажеттіліктері, мотивтері, тәсілдері, құралдары,
формалары, стильдері... мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынастарын
жетілдіру, коррекциялау мәселері үшін аса мәнді деп санаймыз.
Балалармен жүргізілетін зерттеу, әсересе диагностикалық жұмыс,
олармен қарым-қатынас саласында профилактикаға және коррекцияға негіз
болатындығымен маңызды.
Осыған орай психологиялық әдебиеттерде балалардың қарым-қатынасын
анықтау әдістемелерінің тиімді түрлері жасалынған. Біз реттеу барысында
мұндай еңбектерді талдай отырып, 4-5 жастағы балалардың қарым-қатынасын
айқындау мақсатында жасалынған әдістемелерді бірнеше топқа бөлді. Баланың
коммуникативті іс-әрекетінің тиімділігін оның жеке бас, когнитивті
қасиеттерімен байланыстырып, осы қасиетттерді зерттеп, бағалауға мүмкіндік
беретін әдістемелер жасалынды.
1. Әр – түрлі қарым-қатынас жағдайларын талдауға негізделген зерттеу
тәсілдерінің тобы белгілі. Мұнда қарым-қатынас жағдайы экспериментатор
вербалды түрде немесе көрнекі құралдар көмегімен жасайды. Қарым-
қатынас жағдайын талдау әдістемелері балалардың жас және даралық
ерекшелігін, әлеуметтік ортасын және қарым-қатынас сферасын ескеруге
мүмкіндік береді.
2. Қазіргі кезде нақты қарым-қатынас жағдайын талдау әдістерін
диагностикалық мақсатта қолданудың өрісі кеңейген. Мұнда қарым-қатынас
субъектілерінің коммуникативтілік біліктіліктерін тиімді қолдана алуын
анықтау мүмкіндігі бар.
Осы тұжырымдар негізінен зерттеу жұмыстарға арқау болады. Біздің
зерттеулер үшін айрықша маңызды жайт, ол жоғарыдағы қарым-қатынас
себептілігін, яғни адам психикасын дұрыс қалыптастыру және
реабилитациялау міндеттерін шешуде қарым-қатынастың әрі құралы, әрі
мақсаты болып табылатындығы. 4-5 жастағы балалардың қарым-қатынас
сферасы, екі жазықтықты қамтиды:
1) балалардың ата-анасымен, педагогтармен және басқа ересектермен
қарым-қатынас жасауы, 2) балалардың басқа балалармен өз қатарластырымен,
өзінен кіші және ересектеу балалармен қарым-қатынас жасауы. Бұл аспектілер
негізіндегі зерттеуді ең алғаш рет 1945-1952 жылдары Рене Спитц, Анна Фрейд
жүргізілген. Олар баланың анасымен қарым-қатынас жасауындағы кемшіліктер
баланың психикалық және физикалық дамуына кедергі болатындығын көрсеткен.
Балалардың қарым-қатынасын зерттеуге арналған әдістемелер негізінен
байқауға, әңгімелесуге, сауал-сұраққа, вербалды тестік әдістерге сандық,
сапалық жағынан бағалауға, эксперттік бағалауға негізделген. Мұнда
балалардың жас ерекшелігіне, тәжірибесіне байланысты диагностикалық
жұмыстар табиғи жағдайда өтуі жөн болады. Осы орайда техникалық құралдар –
аудио, видео, жазба, таспа, аппаратураларын – қолдану аса тиімді. Бұл
зерттеу сенімділігімен дәлдігін арттырады. Балалардың белсенділігі қарым-
қатынас жасауына, өз-өзін танып білуіне мүмкіндік береді. Біз қазіргі
балалар қарым-қатынасын анықтауға арналған әдістемелерді толық (саны
жағынан) қолданса ғана балалардың коммуникативті іс-эрекетін диагностау
дәлдікке ие болады деп ұйғарамыз. Алайда барлық қарым-қатынас
компоненттерін зерттеуге арналған әдіс тәсілдерді толық қолданудың қандайда
болсын уақыт шеңберіне симайтындығы даусыз. Ал екінші жағынан, әрбір бала
белгілі бір әлеуметтік ортаның ықпалында болады. Сол ортаның құндылықтарын
өзінің жеке басына сіңіреді, бұл жағдай балалар қарым-қатынасының логалды
әлеуметтік этикетпен, ритуалмен, құндылық есебіндегі мінез-құлық, жұріс-
тұрыс стандарттарымен әрленіп, өзіндік әлеуметтік таңбасы болатындығы
белгілі. Әсіресе ұлттық өзіндік сананың интенсивті дамуына барынша жағдай
жасалынып жатқан қазіргі қоғамда қарым-қатынас субъектілерін ұлттық
ерекшеліктерінен, салт-санасынан бөліп алып, тексіз, ұлтсыз пенде
күйінде қарауды, зерттеуді заттың футлярын ғана қызықтаумен салыстырар
едік.
Сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін
диагностикалық жұмыстың коррекциялық, дамытушы әсері де оған пареллель
болуы керек деп санаймыз. Ал 4-5 жас кезеңдегі бала-бала жүйесі
В.С.Мухина еңбектерінде сипатталынады. Ғалым баланың басқа балалармен
қарым-қатынас құруы оның психикалық дамуына жағдай жасайтынын тағайындайды.

Онда негізгі 3 жағдай баса көрсетіледі:
1) балалардың өзге балалар тобымен қарым-қатынас құруында ерекше,
ересектермен жасалған қарым-қатынастан айрықша қатынас
тағайындалады;
2) бала-бала жүйесінде ғана кейбір іс-әрекет түрлерін меңгеруге
болады, яғни балалар топпен ғана ересек адамдардың қатынасын
бірлесіп қайта жаңғыртуға алады.
3) Бастауыш класс мінез-құлық, жүріс-тұрыс нормалары мен
адамгершілік қасиеттерді қолданып, жаттығуға мүмкін болады.
И.А.Бойкова 6 жастағы балалардың ересек адамдармен қарым-қатынас
құруы жеткіліксіз болса, олардың қатарластарымен контакт жасау
мүмкіндіктері де шекті болатындығын көрсетеді. Ал Д.Б.Годовикова балалардың
ересек адамдармен құрған қарым-қатынасы қатарластармен арадағы қарым-
қатынасқа проекцияланатындығын тағайындаған.
Балалардың өз қатарластарымен қарым-қатынас құруы осы қарым-қатынасты
қажетсінуімен анықталады. Бұл қажеттілік 3-жасқа келген балаларда қалыптаса
бастайды.
4-5 жастағы балалардың басқа балалармен қарым-қатынасты қажетсінуін
А.И.Фукин 3 топқа бөледі.
1-ші топқа қарым-қатынаста белсенді балалар жатады. Олар басқа
балалармен байланыс жасағанда жағымды эмоциялы реакция, жұптасуға
қызығушылық танытып, аса назар аудару, сезімталдық көрсетуі,
жұптасының қарым-қатынас құруына түрткі болу сияқты мінез-құлық, жүріс-
тұрысын көрсетеді.
2-ші топқа қарым-қатынаста енжар балалар жатады. Олар өздерін
топ ішінде ұстай алмай, беймаза күй кешеді, жағымсыз эмоция танытады.
3-ші топ қарым-қатынаста аумалы болатын балалармен сипатталады.
Оларға 1-ші де және 2-ші де топ балаларының тенденциялары тән болады.
Ал Х.Т.Шерьязданова еңбектерінде 4-5 жастағы балалардың ойын
әрекетінде ересектер мен бала арасындағы қатынасқа құрымдылық-
логикалық тұрғыдан сипаттама жасалады ғалым оны сурет түрінде
көрсетеді.
Сонымен баланың басқа балалармен қарым-қатынас құруында әрбір баланың
ересектермен байланыс жасауындағы психологиялық жас ерекшеліктері айқын
көрінеді.
Олай болса, ұлттық салт-сана, біздің жағдайымызда қазақ отбасындағы
әлеуметтік роль мен жыныстық ерекшеліктер, қазақ халқының адамгершілік
құндылықтарын қарым-қатынаста ескерілуі қажет деп пайымдаймыз. Алайда,
қарым-қатынас әсіресе мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік іс-
әрекеттік мәселелерінде қатысты зерттеулерде балалардың әлеуметтік
ортасындағы этно-мәдениеттік факторлар әлі күнге қарастырылмауда. Сондықтан
біздің жұмысымыз қазақ балаларының қарым-қатынас сферасын зерттеп, дамытуды
(тренинг әдісімен) басты максат етіп отыр.
Біздің зерттеу болжамымызға сәйкес 4-5 жастағы балалар ересектермен,
басқа балалармен тиімді қарым-қатынас құруға жаттығулары қажет, ал, бұл
жаттығулар балалар тобында ерекше ұйымдастырылған үрдіс болса ғана, қарым-
қатынасты балалардың қажетсінуі, оған мотивтері пайда болып, жағдайдан тыс
–жеке бастық қарым-қатынас формасының қалыптасуы жүзеге асырылады, қарым-
қатынастың жалпы нәтижесін алуға мүмкіндік болады. Мұндай ерекше
ұйымдастырылатын үрдіс-топтың іс-әрекетке негізделеді (біздің жағдайымызда,
ол –тренинг әдісі).
Сонымен, қорытынды жасайық:
1) 4-5 жастағы балалардың психикалық дамуының басты факторы
қарым-қатынас болады. Балалар бұл кезеңде қарым-қатынасты ересек
адамдармен және өз қатарластарымен құра алады.
2) Қарым-қатынас ұғымы психология, педагогика және олармен сала -
лас ғылымдарда қарастырылады. Педагогикалық-психологиялық ғылымдарда қарым-
қатынастың құрамдас компоненттері нақтыланған. Оларды анықтау арқылы ғана
балалардың қарым-қатынас сферасына қатыыты қажеттіліктер, мотивтер,
тәсілдер, формалар, әрекет-актілер, жеке-дара стильдер, яғни жалпынәтиже
белгілі болады.
3) 4-5 жастағы балалардың қарым-қатынасы жағдайдан тыс жеке бастық
формамен сипатталады. Бұл кезеңде балалардың басқа адамдарды, қарым-қатынас
жасауда өзара түсінісумен әрекеттестікті қажетсінуі, вербалды, вербалды
емес қарым-қатынас тәсілдері дамиды. Айтылған форма негізінде балалар
моральдық, адамгершілік құндылықтарын меңгереді, дискусивті ойлана алады,
эмоциялық жағымды реакциялар қалыптасады, өз-өзін аффективті – когнитивті
тұрғыдан тани алады. Мектепте оқуға мотивациялық, интеллектуалдық және
коммуникативтік тұрғыдан даяр болады. Олай болса, балалардың 4-5 жасар
кезеңінде қарым-қатынасты жетілдіруге баса назар аударылуы қажет.
4) Ғылыми зерттеулерді талдай отырып, 4-5 жас балалардың қарым-
қатынас сферасын дамыту, кеңейту үшін ең қолайлы кезең екенін анықтадық.
5) 4-5 жастағы балалардың қарым-қатынас сферасына арналған
зерттеулерде әлеуметтік орта ерекшеліктері, ұлттық құндылықтар аспектісі
ескерілмейді.
6) Жанұядағы тәрбиеге ересек адамдар позициясына, жалпы балалардың
қарым-қатынасты қажетсінуіне байланысты жоғарыдағы қарым-қатынас формасы
қалыптаспай, балалардың мектепке келетіндіктері, олардың қарым-қатынас
сферасындағы кемістіктері, дамусыз қалған жақтары Х.Т.Шерьязданова
зерттеулерінде тіркелген. Сондықтан 4-5 жастағы балалардың қарым-қатынасты
қажет етуін, коммуникативтік мотивтерінің болуын, қарым-қатынас тәсілдерін
меңгеруді, қарым-қатынас құралдарын (вербалды және вербалды емес)
жетілдіруді, қарым-қатынастан жалпы нәтиже алуды қамтамасыз ету қажет
болады. Ол үшін ересектің жетекшілігімен, балалардың бір-біріне әсері
болатындай ерекше топтық жағдай ұйымдастыруды тиімді педагогикалық,
психологиялық әсер деп санаймыз.
Енді келесі тармақта мектеп жасына дейінгі балаларға психологиялық
әсер етудегі тренингтерді қолдану негіздері мен ерекшеліктеріне талдау
жасаймыз.

1.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың ересектермен қарым- қатынасы
Қарым-қатынас - жалпы адам өмір сүруінің негізгі жағдайы. Адам қалыпты
өмір сүру үшін, өзінің психикалық қасиеттерін дамыту үшін, жеке тұлғалық
ерекшеліктерін жетілдіру үшін, сондай-ақ білім меңгеріп тәжірибе жинақтау
үшін адамдармен қарым-қатынас жасайды. Қарым-қатынас арқасында ғана адам
өзінің кім екенін танып, өзін өзгелерден ажырата алады, өзін басқалармен
салыстыру арқылы басқа адамдағы қасиеттерді меңгереді. Қоғамнан тыс адам
өмір сүре алмайды. Адам психикасының дамуындағы қарым-қатынастың ролі
ерекше. Сондықтан адам өзгелермен қатынасқа түсу арқылы ғана қалыпты өмір
сүре алады.
Адам дүниеге шыр етіп келіп түскеннен бастап-ақ айналасындағылармен
қатынас жасай бастайды. Өмірінің алғашқы кезеңінде биологиялық сипаттағы
қарым-қатынас болса, одан әрі оның қарым-қатынас сипаты әлеуметтік сипатқа
түсе бастайды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ересектермен қарым-қатынасы туралы
М.И.Лисина зерттей келе балалардың әлеуметтік мінез-құлқы мен жеке басының
дамуын тек ересектермен қарым-қатынасымен ғана түсіндіруге болмайтындығын
атап өтеді. Баланың жасы ұлғайған сайын оның жеке басының дамуында қарым-
қатынас ерекше орын алатындығын айтып өтеді. Өз құрбыларымен қарым-қатынас
жасай отырып, өзінің ішкі жан дүниесіндегі тұйықтықты аша алады, өз
құрбылырымен өзара әрекеттесе отырып, өз көзқарастарын жеткізе алады.
Тек балалардың қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу ғана олардың
арасында туындаған қиыншылықтарды басқаруды жеңілдетеді, топтағы барлық
балалармен өзара қатынасты толық құруға жол ашады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың өз құрбылары арасындағы қарым-қатынас
сипаты көбінесе ойын әрекеттерінде көрінеді. Ойын барысында туындаған
кейбір келіспеушіліктер мен конфликтілер баланың топтан оқшаулануының бір
себебі болып табылады. Осыған орай психологиялық конфликтіні олардың ойын
іс-әрекеті жағдайында зерттеу, сонымен қатар еңбек іс-әрекетінде бақылау
арқылы топтан оқшауланатын баланы зерттеу оңайырақ.
Ойын кезіндегі балалар қарым-қатынасының құрылымы мен мазмұны. Ойын -
мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті бола отырып, ол жан-
жақты әрекет негізінде балалар қарым-қатынасының бірқатар типтерін
ажыратады.
А.Н.Леонтьев балалар арасындағы қарым-қатынастық ойындарда
фантастикалық өлшемдер кездесетіндігін көрсетеді. Оның айтуы бойынша шындық
әрекет, шындық тәсіл және заттармен шындық бейне жасау болады. Сюжетті-
рольдік ойындарда әрбір баланың сюжетке, рольге, рольді орындауға қатысы
көрінеді.
Рольге бөліну немесе ойыншықтарды бөліп алу негізінде туындаған
конфликті нәтижелердің соңғы нәтижелері адалдыққа бағытталған жағдайда
баланың адамгершілік нормаларын меңгеруге бірқатар әсер етеді.
Кей жағдайда педагогтың басқаруымен жүргізілген ойындар сырт қарағанда
жағымды қатынас болғанымен, дәрігер ролінде ойнайтын баланың орнында
топтағы әрбір бала болғысы келуі мүмкін, яғни емделуші емес, емдеуші
болатын балалардың қалауы болуы да мүмкін. Осының негізінде балаларда үнсіз
келісу туындайды.
Ойын қатынасындағы сыртқы көріністің тағы бір түрі - рольдік, іскерлік
қатынаста педагогтардың, психологтардың бөліп қойғанына байланысты баланың
жеке басының дамуы адамгершілік бағытта көрінуі мүмкін. Дегенмен, баланың
ішкі жан дүниесі, әсері, қызығушылығы мен қажеттілігі, өзінің ойында алған
рольдік жағдайына қанағаттану, қанағаттанбау сезімдері жауапсыз қалады.
Ойын кезіндегі қарым-қатынастың сыртқы көріністерінің бір жағы -
баланың өзіндік, жеке даралық қатынасында байқалады.
Мысалы, бір-біріне симпатиялық, антипатиялық, селқостық -балалар
қатынасында көп байқалмайды, бұл арнайы зерттеуді қажет етеді.
Балалар арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері туралы көптеген
педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік-психологиялық зерттеулер
анықталып келеді. Сонымен қатар балаға комплексті, жүйелік формадағы іс-
әрекетті ұйымдастыру Л.С.Выготский, В.Н.Мясищев, С.Л.Рубинштейн,
Л.И.Божович еңбектерінде терең қарастырылады. Педагогика және психология
ғылымындағы А.С.Макаренконың ойы: Жеке адам ұжымда дамиды және ұжым арқылы
қалыптасады.
Балалар арасындағы жүйелі қатынас балаларда болатын әсерлік
жағдайлардың бір-бірімен тығыз қатынас құратындығын, жеке адам қатынасында
эмоционалды жиынтық құратындығы, топтағы адамдарға үйреніп қалатындығын,
оларда эмоционалдық қанағаттану, жағымды әсер алатындығын дәлелдей түседі.
Мектеп жасына дейінгі балаларда сыртқы және ішкі психологиялық
конфликтілер кездеседі. Сыртқы психологиялық конфликті - олардың бірлескен
іс-әрекеті барысында туындаған қарама-қайшы көзқарастарынан шығады (мысалы:
жалпы істі таңдау, міндеттерді бөлісу, ойын, еңбек материалдарын бөлісу,
рольдерді таңдау).
Ішкі психологиялық конфликт - мектеп жасына дейінгі балалардың негізі
ойын іс-әрекетінде өз құрбылары арасында пайда болады және олар бақылауда
байқалмайды. Мұнда міндетті түрде ересектердің көмегі қажет болады.
Баланың үлкендермен қарым-қатынасының генезисі. А.С. Выготскийдің
позициясына сәйкес әлеуметтік өмір және қоршаған орта адам дамуының
органикалық қажетті жағдай болып табылады. Бала жастайынан қоғамға енеді
және ол неғұрлым кіші болса, соғұрлым ол әлеуметтік нәрсе болады. А.С.
Выготскийдің концепциясына сүйене отырып М.И.Лисина ғылыми мектеп ашады. Ол
Кеңестік психологияға жаңа - баланың үлкендермен қарым-қатынасы атты пәнді
енгізіп, оны зерттеудің жаңаша жолдарын қарастырады. М.И.Лисина қарым-
қатынастың әсерін ғана зерттеп қоймай, өзінің түсіндірмелік схемасын
ұсынады. Схема қарым-қатынастың жүйесін, спецификасын көрсетті. Сол арқылы
баланың үлкендермен қарым-қатынас генезисінің концепциясын анықтау
мүмкіндігі туды.
Біз білетіндей, 1970-ші жылдары психологиялық ғылымның екі жетекші саласы
- қарым-қатынас пен іс-әрекет кеңінен зерттелді. Осыған сәйкес М.И.Лисина
қарым-қатынасты іс-әрекеттің ерекше түрі деп қарауды ұсынды.
М.И.Лисина баланың үлкендермен қарым-қатынасының келесідей критерийлерін
бөліп көрсетті:
1) үлкенге деген қызығушылық,
2) үлкендердің әсерінің қабылдануындағы эмоционалды деңгейі,
3) баланың үлкендерге бағытталған индивидуалды актілері,
4) баланың үлкендердің оның әрекетіне деген қарым-қатынасы немесе
сезімталдылығы.
Зерттеу нәтижесінде баланың үлкендермен қарым-қатынасының генетикалық
реттелген 4 формасы байқалды. Олардың әр қайсысы коммуникативті
қажеттіліктің түрлілігімен сипатталады:
I - ситуативті - жекелік (сәбилік шақ)
II - ситуативті - іскерлік (ерте балалық шақ)
III - ситуациядан тыс танымдық (мектепке дейінгі ерте орта шақ)
IV - ситуациядан тыс - жекелік (мектепке дейінгі орта және жоғары
деңгей).
Үлкендермен қарым-қатынас формаларының классификациясы оның психикасының
басқа да қырларының дамуымен бірлікте қарауға мүмкіндік берді. Қарым-
қатынастың әр бір жаңа формалары өткен формаларына сәйкес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың топтағы әлеуметтік мәртебесі мен өзін-өзі бағалауына тұлғааралық қатынастардың әсері
Мектеп жасына дейінгі балалардың ересектермен қарым - қатынасы
Ойын кеңістігі арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың мәдени қарым - қатынас дағдыларын дамыту ерекшеліктері
Бала психикасының онтогенездегі даму ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балаларда коммуникативтік дағдыларының ерекшеліктері
Балалардағы диалогтік сөйлеуді дамыту
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТӘРБИЕСІ
Мектеп жасына дейінгі балалардың құрдастары мен қарым-қатынасына ата-ананың тәрбие ықпалын зерттеу
Баланың мектепке бейімделу факторлары
Мектепке дейінгілердің оқу-танымдық әрекетінің ерекшеліктері
Пәндер