Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту ерекшеліктерін талдау



КІРІСПЕ

1 МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Музыкалық қабілеттілік мәні және құрылымы
1.2 Музыкалық қабілеттілік түрлері және қалыптасуы
1.3 Музыкалық қабілетті дамыту белгілері

2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту әдістемелері
2.2 Балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту ерекшеліктерін талдау
2.3 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ шығармашылық қабілеттерін дамыту тәсілдерін талдау

3 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Елімізде білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелері саласында түбегейлі, шұғыл бетбұрыстар жасалып жатқаны белгілі. Тәуелсіздік туын тіккен жас мемлекетіміздің болашағына тұтқа болар білімді де білгір, білікті азаматтар даярлау – бүгінгі күннің келелі мақсаттарының бірі.
Музыканың өнер құралы ретінде орасан зор тәрбиелік мүмкіндігі бар. Ол өмірдің ажырамас бір бөлігі және оны бөліп қарастыруға болмайды. Қоршаған орта музыка тілі арқылы адамға аудармасыз - ақ түсінікті де жақын бола түседі. Музыкалық көркем бейне балаларды қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстардың шын бейнесін ашуда жаңаша ойлау өрісін байытып, өмірлік тәжірибесін кеңейтеді.
Музыка эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі бола отырып жеке тұлғаның ақыл ойы мен дене бітімін жетілдіріп, жан - жақты өмір тәжірибесін кеңейтуге, қызығушылық біліктілігін және ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектеп жасындағы балалардың музыкалық қабілеттерінің ерекшеліктерін бағалауда мұғалімнің қызметі мен маңызы, дамыту жолдарына сипаттама.
Курстық жұмыстың міндеттері:
• Музыкалық қабілеттіліктің теориялық негіздерін қарастыру;
• Мектеп жасындағы балалардыңмузыкалық қабілеттерін дамытуды талдау;
• Мектеп жасындағы балалардыңмузыкалық қабілеттерін дамыту жолдары.
1. Байжігітов Б. Көркем өнер терминдерінің қысқаша түсіндірме сөздігі / Б. Байжігітов.- Алматы: РБК, 1998 .– 78 бет.
2. Балтабаев М. Әсем саз: бастауыш топтарға арналған музыка әліппесі / М. Балтабаев, Б. Өтемуратова - Алматы: Атамекен, 1993 – 104 бет.
3. Балтабаев М.Х. «Елім - ай»: бағдарламасының ғылыми әдістемелік негіздері / М.Х. Балтабаев - Алматы: РБК, 1993 – 22 бет.
4. Балтабаев М.Х. Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің 1 - 4 сынып балаларына арналған «Елім - ай» ән - күй сабағының бағдарламасы / М.Х. Балтабаев - Алматы: РБК, 1993 – 68 бет.
5. Бәттібаева С. Ән - күй: әдістемелік нұсқау / С. Бәттібаева, Ф. Қоңыратбай, Э. Баталова - Алматы: Кітап, 2002 .- 104 бет.
6. Бонфельд М.Ш. Введение в музыкознание / М.Ш. Бонфельд .- М: Владос, 2001 - 224 с.
7. Гизатов Б. Музыкальное образование в Казахстане / Б. Гизатов – Алма-Ата: Мектеп, 1975. - 81 с.
8. Ғизатов Б. Балабақшадағы ән - музыка сабағы. Музыка сауаты, ән үйрету, мызыка тыңдау. Методикалық көмекші құрал. – Алматы, 1962. – Б. 160
9. Жұбанов А.Қ. Музыка әліппесі. – Қызылорда, 1933. – Б. 85
10. Кононова Н.Г. Обучение дошкольников игре на детских музыкальных инструментах / Н.Г. Кононова .– М.: Просвещение, 1990 - 159 с.
11. Қазиева Б. Музыка сауатынан практикалық көмек / Б. Қазиева - Алматы: РБК, 1995 - 110 бет.
12. Ұзақбаева С. Өміршең өнер өрісі. Алматы, 1982. – Б. 251
13. Қоянбаев Ж.Б Педагогика / Ж.Б Қоянбаев– Астана.:1998
14. Выготский Л.С. Педагогическая психология/ М.:1980
15. Жұмабаев М. Педагогика : Рауан, 1993

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
КІРІСПЕ

1 МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Музыкалық қабілеттілік мәні және құрылымы
1.2 Музыкалық қабілеттілік түрлері және қалыптасуы
1.3 Музыкалық қабілетті дамыту белгілері

2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту әдістемелері
2.2 Балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту ерекшеліктерін талдау
2.3 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ шығармашылық қабілеттерін дамыту
тәсілдерін талдау

3 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Елімізде білім беру, жас ұрпақты
тәрбиелеу мәселелері саласында түбегейлі, шұғыл бетбұрыстар жасалып жатқаны
белгілі. Тәуелсіздік туын тіккен жас мемлекетіміздің болашағына тұтқа болар
білімді де білгір, білікті азаматтар даярлау – бүгінгі күннің келелі
мақсаттарының бірі.
Музыканың өнер құралы ретінде орасан зор тәрбиелік мүмкіндігі бар. Ол
өмірдің ажырамас бір бөлігі және оны бөліп қарастыруға болмайды. Қоршаған
орта музыка тілі арқылы адамға аудармасыз - ақ түсінікті де жақын бола
түседі. Музыкалық көркем бейне балаларды қоршаған ортада болып жатқан түрлі
құбылыстардың шын бейнесін ашуда жаңаша ойлау өрісін байытып, өмірлік
тәжірибесін кеңейтеді.
Музыка эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі бола отырып жеке
тұлғаның ақыл ойы мен дене бітімін жетілдіріп, жан - жақты өмір тәжірибесін
кеңейтуге, қызығушылық біліктілігін және ойлау қабілетін дамытуға,
шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектеп жасындағы балалардың музыкалық
қабілеттерінің ерекшеліктерін бағалауда мұғалімнің қызметі мен маңызы,
дамыту жолдарына сипаттама.
Курстық жұмыстың міндеттері:
• Музыкалық қабілеттіліктің теориялық негіздерін қарастыру;
• Мектеп жасындағы балалардыңмузыкалық қабілеттерін дамытуды
талдау;
• Мектеп жасындағы балалардыңмузыкалық қабілеттерін дамыту
жолдары.
Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Заңдар
жинағы, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды.

1 МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Музыкалық қабілеттілік мәні және құрылымы
Музыка – адам мен ұрпақ арасындағы қарым-қатынас формасы, басқа
адамды түсіну тәсілінің ерекшелігі және өзінің басқаға мәнерлеушілігі.
Музыка ерекше қарым-қатынас мәдениеті, ерекше тілі. Музыкалылығы – адамның
музыкалық тілін ерекше сезінуі, музыкалық тілінің ерекше стилі.
Музыкалық қабілет – адамның өзіндік тұлғалығының психологиялық
қасиеттері: музыка саласындағы оқуы, музыканы қабылдауы, орындауы, музыка
жазуы (шығаруы). Ал музыкалық қабілет адамда аса жоғары деңгейдегі
бейнелеушілігі музыкалық дарындылығы дейді.
Музыкалық қабілет – жеке тұлғалық - психологиялық қасиетінің өз
алдындағы кешені. Ал енді, музыкалық қабілет деп айту сандық аспект емес,
сапалық аспектінің сәулеленуі, адам мен музыканың психологиялық
байланысы. Сондықтан, музыкалық қабілет, музыкалық әуесқойлық, ерекше
қасиет, қабылдауының сапасы, уайымдауы және музыканы орындауы.
Музыкалық дарынды адамдардан музыкаға әуесқой адамдар басым.
Музыкалық әуесқойлықты дамытуға болады. Ол адамның нақты ісінде дамиды
және қалыптасады. Оған музыкалық есту сезімі, музыканың сұранысы, музыкалық
әсерлігі, музыкалық белсенділігі және мәнерлеушілік орындаушылығы жатады.
Амузия деген ұғым - керісінше, музыкаға деген ешқандай қабілеті
жатпайтын, ол адамдардың саны 2 - 3 пайызды құрайды (қабылдаудың бұзылуы
және дыбыс биіктілігінің нашар сезімділігі – ой - сезім бірлігінің дыбыс
бірізділігі).
Қабылдай ала алмайтындығы – адамның мінезі, музыкалық әрекетін
қабылдамайтындығы, қарсылығы. Ол нәтиженің тілегі мен жұмысының қажырлығы
болмағандықтан.
Адамда бірдеме бар (задатки) – адамдардың қаблеттілігінің табиғи
негізіндегі түрлері (ұрпақтылық, табиғи пайда болуы, жас өсуіне байланысты
және әлеуметтік-мәдениеті, оларды бір-бірінен айыру қиын).
Психологтар музыкалық қабілетті 150 жылдай зерттеп келеді.
Бірақ та осы күнге дейін әлі біржүйелі көзқарастар жоқ, не оның
табиғаты, не оның құрылысы, не негізгі түсініктерінің мазмұны, осы құралдар
арқылы психологтардың музыкалық қабілет, дарындылығы дегені не?
Н.А.Римский - Корсаков: ... музыкалық қабілетке ... ырғақтық және
гармониялық есту сезімін жатқызады, бұл саздылығын, күйін есту, екпін мен
өлшемді сезінуі, тональдықты сезінуі т.с.с.
Б.М.Теплов: ... сазды сезінуі, есту сезімінің қабілеттілігі, ырғақ
сезімі.
Америкалық психолог К.Сишор: ... қандай да болсын музыкалық
қабілеттілік, ол адамның дыбыс биіктігін, бояуын, күштілігін, ұзақтылығын
айыра білу қабілеті: биіктікке, бояуына, есту сезімінің әуен мен гармонияны
қабылдауы және қандай да болсын дыбыс биіктігінің вариациясын сезінуі.
Неміс психологі Г.Ревеш: ... музыкалық қабілет - ол жай ғана есту
сезімі, аккордты сезінуі (аккордтың негізгі түрі, оның ауысуы, дыбыс
бірлестігін, тональдықты сезінуі), берілген әуенді, таныс әуенді жатқа
орындауы, шығармашылық қиялы.
Сондықтан, музыкантта, жай адамда музыкалық қабілеттің психологиялық
құрылысының ерекше айырмашылығы болады: музыканттарда – жеке психологиялық
функция мен қасиеттерін нәзік те күрделі байланысын сезінуі, сонда жеке
тұлғаның көркемдік стилі қалыптасады. Және де музыкалық қабілетінің
психологиялық құрылысы нақты музыкалық мамандыққа байланысты (аспасшы,
әнші, композитор), музыкалық аспаптың ерекшелігі, нақты кәсіби әрекетінде
(жеке, оркестрде). Кім дыбыстың биіктігін жақсы сезеді: скрипкашы, дирижер,
сыбызғышы, не пианист пе?
Осы үлгі арқылы музыкалық қабілетінің қарапайым және күрделі түрлері
байқалады.
Қарапайым музыкалық қабілет (дыбыс биіктігін сезуі, сазды, ырғақты
сезуі) – музыкалық қабылдауды, орындаушылық, әндетудің мүмкіншілігі.
Күрделі музыкалық қабілеттілік – кәсіби музыкалық іс-әрекетінде
(композиторлық, орындаушылық), музыкалық форманы сезінуі, стильді байқауы,
музыкалық дарындылығы.
Сондықтан айтуға болады – қаншама музыкалық дарынды адамдар, жай ғана
музыканы сүйетін адамдар болса, соншама музыкалық қабілетінің құрылымы
болады.

Сурет 1 - Музыкалық қабілет құрылым өтімі

Музыкалық қабілет құрылым өтімінің (компенсациясының) 4 түрі бар
(дамуы мен адамның қабылдау мүмкіншілігі):
• білім мен икемділік арқылы қалыптасуы (үлгі – парақтан нотаны
оқуының дамуы, осы кезде білімділік пен икемділік жаңа
психологиялық механизмді құрайды);
• жекеменшік стилі мен әрекетінің тәсілі (баяу бала өзінің екпіні
арқылы еңбегінің жоғары деңгейінде ұтады;
• өтімінің қабылдаушылығы арқылы мүмкін (қабылдауының
жылдамдығынан зейінін реттеуі);
• музыкалық қабілетінің жеке компонентінің қатысы арқылы болуы
мүмкін (бір музыканта гармониялық есту сезімі фактура -
гармониялық жағынан, ал басқа музыкантта - әуенділік не
сазгармоникалық).

1.2 Музыкалық қабілеттілік түрлері және қалыптасуы
Музыкалық есту сезімі - музыкалық қабілетінің негізі. Ол дыбыс
биіктік есту сезімі, оның ішінде тембрлік, динамикалық. Дыбыс биіктік есту
сезім бірдауысты әуен болса, оны әуенді дейміз. Сондықтан, баланың әуенді
таза алуының қалыптасуы мен дамуы 6 кезеңнен тұрады:
• бала жай ғана әннің сөзін бір қалыпты ырғақта айтады, ол
берілген әннің ырғағымен сәйкес келсе;
• бала әуеннің бір-екі дыбысын таниды, сол бір-екі дыбысқа әуенді
әндетеді;
• әннің жалпы жүрісін таза алуда;
• жалпы жүрісіндегі таза алудағы әуеннің кей бөлімдерін таза
алады;
• әуен таза алынады. Осы бес кезең фортепиано сүйемелдеумен
қалыптасады;
• сүйемелдеудің керегі жоқ; бала әуенді сүйемелдеусіз таза
орындайды.
Ішкі есту сезімі және музыкант-орындаушы мамандығында алатын ролі -
біреулері ішкі есту сезімді есту елесінде ертеде естілген дыбыстарды,
әуендерді жаңадан сезінуі болса, екіншілері – есте сақтау мен елеске
байланысты.
Балалардың музыкалық қабілетінің дамуы мен қалыптасуында музыкалық
әсердің қоры жиналуда, репертуардың кеңдігі пайда болады. Осы жинақтаған
сезімдік қоры, оның сақталуы және де оны іс - әрекетте қолдануы музыкалық
есте сақтауы болып табылады.
Мектеп жасындағы балаларының музыкалық есте сақтау элементтері
біркелкі және теңсіздік дамиды.
Кәсіби - музыканттың есте сақтауы - бұл есте сақтау мен сезім
сақтауының музыкалық материалды түсіне білуі - келесіде қабылдауының қайта
орындауы.
Қысқаша – музыкант - баланың музыкалық шығарманы қай, қалай, қандай
деңгейде кәсіби сауатты жаттау. Тәжірибе көрсеткендей балалардың көбісі
музыкалық шығарманы жаттайтыны шығарманы қайта - қайта қайталау мен
орындауында. Осы қайталау кезінде есте сақтау бірізділігі қалыптасады.
Қайта - қайта қайталау – автоматикалық есте сақтау болады, оның
мазмұнын түсінбесе, музыкалық түсінігі болмайды. Мынадай жаттығу жағдайда
адамның миы жұмыс істеу керек.
Көркем - интелектуалды және эмоционалды белсенділігі ойлап жұмыс
әрекеті мен музыкалық шығарманың мазмұнды жұмыс істеудің әдісі арқылы
нәтижелі болады, есте сақталады, түсінетін болады.
Адамның көркемділік дарындылығы неде? Бала дарынды болу үшін қалай
білім беру керек? Баланың көркем-шығармашылық бейнесін қалай көруге болады
және де қалай бағалауға болады? Өйткені ол (көркем - шығармашылық бейнесі)
өнермен ұштастыру деген мағынада.
Психологтар мен педагогтар әрбір баланың бойында шығармашылық
потенциалы бар деп санайды, шығармашылық - адамзат өмірінің шамасы.
Шығармашылық қасиет – адамзат негізінің таңбасы.
Күнделікті өмірде, педагогикалық тәжірибеде, аспаннан жерге, уақыт
талабына түсу, танымал шектеулікті өтуді қажет етеді.
Біріншіден, шығармашылық қабілеттілікті білім не икемділік ретінде
жеткізу, айтып беру болмайды. Қазіргі кездегі ол мұғалім мен баланың
арасындағы бірлескен тәжірибелік-шығармашылық іс-әрекеті.
Екіншіден, бір саладағы шынайы шығармашылық психологиялық доминантаны
құрып, адамды тұтастай баурап әкетеді. Сондықтан, жалпы білім жүйесіндегі
балаға көмек ретіндегі шығармашылықпен айналысу болып табылады: өз-өзінде,
музыкант болу, жан тәжірибесін сезінуі т.б.
Кезінде Б.М.Теплов қабілеттілікті, адамның психологиялық қасиеті,
оның қандай да болсын іс-әрекетінің нәтижелігінің қатынасы және осы іс-
әрекет процесінің меңгеруі – деген.
Шығармашылық қабілеттілік – ол сапалы музыканың тууы, өзгеруі,
музыканың дамуы т.б. Б.М.Теплов Н.А.Римский-Корсаковтың балалық шағын
жазған кезінде: Болашақ композитор музыкалық сабақтарға аса зейіні
болмаған, бірақ та қабілеттілігінің арқасында жұмысы нәтижелі болды -
деген пікірді айтқан.
Ал, келесі бір дәстүрлі психологиялық қасиеттің бірі - адамның
қабілеттілігі психологиялық сапа қатарының үйлесуі, не компоненттері,
әрбіреуі әрекет талабына сәйкес келеді де жеке қабілеттілік бола алады.
Негізгі, басты қабілеттілік бөлімдерінің алды, олардың бірлігі,
оның ішіндегі бөлімдерінің психика сапалығын көрсете алатыны, толтыратыны
және де оның статусы мен көркемдік, музыкалық, бейнелеушілік не басқадай
қабілеттілігінің сипаттамасы. Теплов Римский-Корсаковқа музыкалық
мінездеме бергенде толық түсінік бере алды. Римский-Корсаковта көзге
елестету дамуы, табиғатты сезіну мықты болған, оның көз елестетуі
музыкалық, табиғатты сезінуі музыкалық болды. Мынандай қорытындыға келді:
оның жалпы тұлғалық бағыттылығына байланысты адамда ешқандай қаблеттілік
болмайды. Римский-Корсаковқа қоршаған әлем музыкалық құбылыс, көрініс болып
сезілген.
Осы кезде екі кезеңді қарастырайық: бірінші маңызды кезең – не бір
белгілі әрекетінің емес, өмір тұтастылығына ерекше қатынасы. Екінші маңызды
кезең – тұлғаның жалпы бағыттылығы, не әлемге адамның үстем болғаны,
адамның түрлі психикасы сапалы қабілеттілікке айналуы.
Ал, шығармашылық қабілеттілікке келер болсақ, адам психикасындағы
әрекеттілік талабы адамның МЕН деген берілген әрекетіндегі өз-өзіндік
шығармашылық қабылдауы. Ол деген, адам қоршаған әлемге ерекше, эстетикалық,
көркемдік қатынасы түрлі көркемдік шығармашылығының қабілеттілігінің негізі
болып табылады. Ал, жеке қабілеттілікті ауыстыру, үйлестіру не басқадай
тәсілмен онда эстетикалық тәжірибе қатынасы әлемде ештеңемен ауыстыруға
болмайды. Онсыз құнды көркем шығармалар тумайды.
Сондықтан, әлемдік қатынас дамуы мен оянуы және өзінше бір бөлшек
ретінде өнер педагогикасының бірінші мақсаты, әр-түрлі өнердегі мақсатты іс-
әрекетінде жүзеге асыру болып табылады.
Ізденушілердің дәлелдеуінше, әлем эстетикалық қатынасында әрбір
адамда, әрбір балада жүзеге асыру барысында өзіндік потенциалы бар.
Сондықтан бала кезеңінде осы мәселені қабылдай алады да, жалпы білім беру
кезінде жүзеге асыра алады.
1.3 Музыкалық қабілетті дамыту белгілері
Баланы жан - жақты, әрі үйлесімді дамыту музыканың атқаратын міндеті.
Осы маңызды міндетті орындау үшін балада жалпы музыкалық қабілетті дамыту
керек.
Музыкалық қабілеттің бірінші белгісі - музыкалық шығарманың
сипатынхарактерін сезіну, естігеніне бірге қуану, не күйіну, эмоциялық
әсерін көрсету, музыкалық образды түсіну қабілеті. Музыка баланы
толғандырады, қабылдаушылық қабілетін оятады, өмір құбылыстарымен
таныстырады, оларды бір - бірімен салыстыратын ой туғызады.
Музыкалық қабілеттің екінші белгісі - тыңдау қабілеттілігі, ең
қарапайым музыкалық дыбысты тыңдап, ести білу мәдениетін байқайды.
Ең қарапайым қасиетін (аспаптардың жоғары және төмен тембрлік
дыбысын) салыстырады, шығарманың ең қарапайым құрылымын (әннің бастамасын,
қайырмасын, бөлімдерін) айырады, бір - біріне қарама - қарсы көркем
образдарын айқындайды.
Музыкалық қабілеттің үшінші белгісі - музыкаға творчестволық
көзқарастың көрінісі. Бала музыканы тыңдап отырғанда, көркем образды әнді,
ойынды көз алдына елестете отырып, өзінше қабылдайды. Мысалы: маң - маң
басқан аю, үркек қоян т.б..
Музыка баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып, оның патриоттық,
адамгершілік сезімдерін қалыптастырады. Оның ықпалы үгіттеуден де,
нұсқаулардан да анағұрлым күшті болады. Отан, Қазақстан, батырлық туралы
айтқан балалардың әндерінен өз елдеріне деген сүйіспеншіліктерін көруге
болады. Сондай-ақ, Қазақстан азаматы болғандықтан, әрбір бүлдіршін
еліміздің рәміздерін, әсіресе, мемлекетіміздің Әнұранын есіне сақтап,
жаттап алуын қамтамасыз еткен жөн. Әнұранның мазмұнын балаларға егжей -
тегжейлі түсіндіріп, мереке күндері топ болып айтқызу – Отансүйгіштік,
еліне деген мақтаныш сезімін, ұлттық рухын күшейтуде айрықша мәні бар іс.
Түрлі халықтардың жеке және хормен айтылатын әндері мен билері достыққа
тәрбиелейді. Әсіресе біздің балабақшамыздағы орыс топ балаларының казақ
тілінде ән шырқап аудан көлемінде өткен Тіл болашағы балабақшада атты
байқауда жүлделі орынға ие болғаны қазақ әні мен билеріне деген
сүйіспеншіліктерін арттырады.
Ұжым болып ән салу, билеу, ойнау көп ретте тәрбиелік міндеттерді
шешеді. Ән айту бәрінің бірдей күш салуын қажет етеді, әнді дәл айтпайтын
бала жақсы айтатын балаға қарап үйренеді.
Музыкамен айналысу мектеп жасына дейінгі баланың жалпы мінез -
құлқына, мәдениетіне себін тигізеді.
Өнердің басқа түрлері сияқты музыканың танымдық маңызы да бар. Музыка
балалардың эстетикалық және ақыл - ой тұрғысынан жетілдіре отырып, оның
қабылдау және көз алдына елестету қабілетін жандандырады.
Музыкалық ырғақ сәтінде балалар рақаттана әндетіп, музыка ырғағына
сай қимылдай жүріп, өздері ойлап тапқан жаңа биге көшеді. Би, халықтың жеке
билері, пантомимо, әсіресе музыкалық ойын түріндегі драма балаларды өмір
көріністерін бейнелеуге, бейнелі қимыл, мимика, сөз арқылы персонаждарды
сомдайды.
Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты музыкалық даму
ерекшеліктері де жылдан - жылға өсе береді, баланың қабілеті белсенді
музыкалық қызмет процесінде дамиды.
Музыкалық дамудың неғұрлым елеулі ерекшеліктері: есту сезімі,
музыкалық есту қабілеті, ән айту, музыкалық ырғақ орындаудағы қарапайым
дағдылары, қимылдары.
Музыкалық – дидактикалық ойындар балалардың музыкалық даму
міндеттерін шешуге көмектеседі. Ритм сезімін қалыптастыруға, музыкалық
қабілетін дамытуға, қандай да болмасын дағдыны түзетуге тәрбиелейді.
Ертеңгілікте эстетикалық тәрбие құралдарының бірі ретінде тек музыка
ықпалымен шектеліп қалмай, сонымен қатар өнердің бірнеше түрін үйлестіріп
пайдалануға да болады.

2 МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ

2.1 Балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту әдістемелері
Тәрбиеші балаларға музыкалық есту қабілетінің жалпы даму негіздерін
нақтылы түсіндіріп бергені жөн. Музыкалық есту өнерінің негізгі екі түрі
болады:
1) Мелодиялық есту;
2) Гармониялық есту.

Сурет 2 – Музыкалық есту өнерінің түрлері

Мелодиялық есту қабілеті естілген, әуен - сазды дәл қайталау арқылы
көрінеді, ал гармониялық түрі бірнеше дыбыстар (аккордтар) үндестігін
ажырата білумен байқалады. Есту қабілетінің осы екі түрін де арнайы
жаттығулар арқылы дамытуға болады.
Музыкалық есту қабілеті ән - күйдің мазмұнын, көркем ойын түсінуге,
оны сезіммен қабылдауға, шығармалардың дыбыстық кұрамын, ырғактық, тембрлік
ерекшелігін және дыбыстық ауқымын, формалық стилін анықтауға негіз болады.
Сабақ барысында түрлі әуен - сазды тыңдап, олардың аттарын, формасын,
дыбыстық ауқымын әңгімелеп отыру өте тиімді. Әуенді мәнерлі, таза айтып,
оның ладтық ерекшелігін айыра білу балалардың музыкалық қабілетінің даму
дәрежесін көрсетеді.
Әннің ырғағын дәл сезіне білу үшін балалармен музыкалы - ырғақтық
ойындар, түрлі жауап - сұрақтар, ырғақтық диктанттар, шығармашылық
үрдістерді көрсетіп, тұрақты еткізіп тұру сөзсіз нәтиже береді. Ырғақтық
сезімнің эмоциялы, моторлы табиғатын тәрбиешідардың нақтылы ажырата білгені
жөн. Балалардың музыкалық есту, ырғақ сезіну қабілеттерін дамыту үшін
халықтық әуендерді, сонымен қатар классик композиторлардың, қазіргі заманғы
авторлардың шығармаларын кеңінен пайдалану керек.
Балалардың музыкалық - шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін халықтың
карапайым әуен - саздарын, мақал - мәтелдерін, балалар өлеңдерін, т. б.
қолдануға болады.
Музыка сабақтарында тәрбиешідың өзі ән айтып, аспапта ойнап,
көркемдігі жоғары ойын көрсетсе, оның балаларға беретін маңызы мен тәрбиесі
өте өлшеусіз екені анық.
Музыка үйрету жұмысының түрлі әдістемесі оқу материалының мазмұнына,
балалардың жас ерекшелігіне және олардың шығармашылық, танымдық үрдістерге
деген қабілеттеріне орай өзгеріп отырады.
Өткізілетін материалға жан-жақты түсіндірмелік шолу жасау әдістемесі
баланың өз бетінше ізденіп, іс-қимыл жасауға арналған ізденушілік
әдістемесімен өзара біріге қолданылса, зор нәтиже береді.
Үйретілетін ән - күйдің сезімдік - драмалық тұрғыдан сатылай
үйретілуіне арналған әдістеме сабақтың шарықтау барысына арналады. Әр түрлі
нұсқада құрылатын ән - күй сабағының музыкалық - драмалық әдіспен өрбуі де
жиі қолданылады.
Тәрбиеші бақылау мен баланың өзін - өзі байқап отыру әдістемесі, әр
балаға баға қою, оның музыкалық дамуына нақтылы сәйкес жүргізілсе ғана
көрнекті жетістік берері сөзсіз.
Тәрбиеші бағасы мен үйге берілген тапсырма баланың музыка қабілетінің
даму сатысын көрсететін ең негізгі көрсеткіш екенін ұмытпаған жөн.
Тәрбиеші белгілі бір ән - күй, шығармаға деген өзіндік көзқарасының
болуы және оны бейнелі сөзбен, іс - әрекет, көркем қимылмен көрсете білуі
сезімге әсер ету әдістемесі деп аталып, ол бала қабілетінің артуына игі
әсерін береді.
Музыкалық қабілеттің, яғни ән айту, аспапта ойнау шеберлігінің
айтарлықтай өсуі, ондағы нақтылы табыстың болуы, оның тәрбиеші тарапынан
айқын көрсетілуі бала санасында мақтаныш сезімін тудырып, оның шығармашылық
қызметке деген ынтасын барынша арттыра түседі.
Жағымды үлгі көрсету, музыка өнеріне деген сенімділік білдіру,
жаттығулар көрсету, олардың жеке бастың сезімдік дамуына қызмет істеуі, ән
- күй сабағына деген қызығушылық тудырары сөзсіз.
Ән - күй сабағына кешенді әдістемелер қолдану, тәрбиешідың белсенді
музыкалық қызметі, сабақтың барлық элементтерінің тұрақты қолданылуы
балалардың музыкалық мәдениетінің қалыптасуына зор әсер етеді. Түрлі
әдістемелік үрдістерді алмастыра қолдану әр сабақтың мақсаты мен міндетіне,
ұстанымы мен мазмұнына байланысты өзгеріп тұрары анық.
Балабақшада үйренетін ән – күйлерге қойылатын әдістемелік талаптар
мынадай тәртіпте орындалуға тиісті:
1) Әндердің жоғары көркемдігі, еркін орындалу мүмкіндігі қаралады;
2) Әндердің орындалу мүмкіндігін алдын ала тексеріп алу, қиындық
туғызатын тұстарын меңгеру әдісін анықтап алу;
3) Үйренетін әнге кызығушылық тудыратын әңгіме айту, бала қиялын
ұштау;
4) Ән - күйді тыңдау және айтып беру немесе ойнап көрсету;
5) Ән - күймен танысқаннан кейін өткізілетін әңгіме - кеңес. Онда
шығарманың мінезін, музыкалық көркем бейне беретін негізгі
мәнерлерін анықтау;
6) Көркемдік және техникалық қағидаларды сақтай отырып әнді үйрену
кезеңі. Вокалдық шеберліктің әннің көркемдік бейнесін ашуға
қызмет істеуін қадағалау. Әнді орындау жөніндегі сөздік
түсініктеме беру және тәрбиешідың ән фразаларын жеке айтып беруі
осы жерде аса қажет болады.

2.2 Балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту ерекшеліктерін талдау
Ән – әлемді танудың әмбебаб үлгісі. Әні жоқ өмірдің сәні де жоқ деп
бекер айтылмаған. Адамзат баласы ықылым заманнан бері әннің әсері мен
пайдасы жөнінде көп білген. Бүгінгі күні ән сабағынан дәріс беретін
тәрбиешідар да балаға ән - әуен жөнінде білім бергенде алдына қояр анық
мақсаттары мен бала мүмкіндіктерін жан - жақты ескеруі қажет.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыка сабағында мектеп жасына дейінгі балаларға музыканы қабылдауды оқыту әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін сабақ барысында дамыту
Балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту әдістемелері
Тыңдауға арналған музыкалық репертуарлар
Мектепке дейінгі ұйымдардың күнделікті өміріндегі музыка
Ересек топтағы мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық қабылдау ерекшеліктері
Музыкалық қабылдаудың дамуы музыкалық тәрбиенің негізгі мақсаты
Мектепке дейінгі мекемелерде музыкалық аспапты қолдану жолдары
Балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру
Балалардың музыкалық әсерлерін қорытындылау
Пәндер