Мектеп алды кезеңдегі дағдарыс



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I тарау. Мектеп алды кезеңіндегі дағдарыс мәселелерінің теориялық негіздері.
1.1. Дағдарыс мәселесі туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2. Мектеп алды кезеңіндегі балалардың дағдарыс мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
II тарау. Мектеп алды кезеңіндегі балалардың дағдарыс мәселесін зерттеудің тәжірбиелік бөлімі.
2.1. Мектеп алды кезеңіндегі балалардың дағдарыс мәселелерін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.2. Мектеп алды кезеңіндегі балалардың дағдарыс мәселелерін түзете дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Зерттеу өзектілігі:Сәби өмірінің алғашқы жылындағы дағдарыс тәжірибе кезінде мазмұны жағынан өте қарапайым деп санаған.
Бұл кезең түрлі жастағы дағдарыстан бұрын зерттелген. Бірақ оның пайда болу себебі мен мәніне жете зейін аударылмаған. Осы орада сәбидің қаз-қаз басып жүруі туралы жоғары даму заңдлықтарының жеке кезеңдеріндегі сапалы өзгерістер жайын да сөз қозғап отырмыз. Сәби бірден тәй-тәй басып жүріп кете алмайды, дегенмен, бірен-сараң болса да ондай балалар бар. Бірден жүріп кететін сәбиді мұқият зерттеу нәтижелері оның бойында әлі де анықтала қоймаған жасырын ерекшеліктері бола-болатындығын көрсетеді. Алайда құпия сыр сәби жүре бастағаннан жоғалатынын байқаймыз. Сәби тым жас кезінде-ақ жүре алады, бірақ ол әлі нәзік қозғалып, кеңісікте өз бойын билей алмайды. Сәбидың бойындағы мұндай қасиет оның алғашқы дағдарысының мәнін анық байқатады.
Дағдарыстың екінші көрінісі бала тілінін шығуына байланысты. Сәбидің тілі шығып, бірден сөйлеп кету процесі ұзақ мерзімге созылады, дегенмен бірден сөйлеп кеткен сәбилер болғаны кейбір деректерден мәлім. Сәбидің үш айға дейін тілі шықпайды, бұл сол тілі шығудың жасырын кезеңі деп аталады, Ал үшінші жайт – бала бойындағы аффект пен ерік ерекшеліктерінін көрінісі. Э.Кречмер мұны гипобликалық қимыл-қозғалыс деп атады.
1. А.С.Макаренко. Тәрбие туралы лекциялары. - Алматы, 1968.
2. В.А. Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. - Алматы, 1976.
3. Караковский В.А. О подростках. - М.: Педагогика, 1970.
4. Божович Е.И. Личность и ее формирование в детском воз-расте.-М.,1968.
5. А.Г.Хрипкова, Д.В.Колесов. "Жаманнан жирен", "Зиянды әдебиеттер және одан алдын ала сақтандыру туралы". - Алматы: Мектеп, 1988.
6. Ильин Е.Н. Пугь к ученику. - Москва: Просвещение, 1988.
7. Дубровский А.А. Открытое письмо врача учителю. - М.: Просвещение, 1988.
8. Фридман Е.М. Изучение личности учащегося и учени-ческих коллективов. -М.: Просвещение, 1985.
9. Психология. Қайырғалиев Темірғали - Орал - 2002.
10. Т.Сабыров. Балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің кейбір мәселелері. - Алматы, 1977.
11. Ө.А.Уманов, В.А.Парфенов. Бала бақыты. - Алматы, 1979.
12. Никитин Б.А., Никитина А.П.. Мы и наши дети. - М.: Московский рабочий, 1988.
13. А.Г. Хрипкова. Үл есейсе, қыз өссе. - Алматы, 1988.
14. Хрипкова А.Г. Биологическое и социальное в развитии, формировании и воспитании человека. Библиотека "Актуальные проблемы педагогики и психологии". - М.: Знание, 1970. Вып.2.
15. ХарламовИ.П. Педагогика. - М.,1990.
16. Р. Қоянбаев. Тәрбиетеориясы. - Алматы, 1991.
17. Ж. Қоянбаев, Р. Қоянбаев. Педагогика. - Астана, 1998.
18. Е. Сағындықұлы. Педагогика. - А, 1999

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Батыс Қазақстан гуманитарлық Академиясы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Мектеп алды кезеңдегі дағдарыс

Орындаған:

Тексерген:

Орал- 2015

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I тарау. Мектеп алды кезеңіндегі дағдарыс мәселелерінің теориялық
негіздері.

1.1. Дағдарыс мәселесі туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

1.2. Мектеп алды кезеңіндегі балалардың дағдарыс
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

II тарау. Мектеп алды кезеңіндегі балалардың дағдарыс мәселесін зерттеудің
тәжірбиелік бөлімі.

2.1. Мектеп алды кезеңіндегі балалардың дағдарыс мәселелерін
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

2.2. Мектеп алды кезеңіндегі балалардың дағдарыс мәселелерін түзете дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
8

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі:Сәби өмірінің алғашқы жылындағы дағдарыс тәжірибе
кезінде мазмұны жағынан өте қарапайым деп санаған.
Бұл кезең түрлі жастағы дағдарыстан бұрын зерттелген. Бірақ оның пайда
болу себебі мен мәніне жете зейін аударылмаған. Осы орада сәбидің қаз-қаз
басып жүруі туралы жоғары даму заңдлықтарының жеке кезеңдеріндегі сапалы
өзгерістер жайын да сөз қозғап отырмыз. Сәби бірден тәй-тәй басып жүріп
кете алмайды, дегенмен, бірен-сараң болса да ондай балалар бар. Бірден
жүріп кететін сәбиді мұқият зерттеу нәтижелері оның бойында әлі де анықтала
қоймаған жасырын ерекшеліктері бола-болатындығын көрсетеді. Алайда құпия
сыр сәби жүре бастағаннан жоғалатынын байқаймыз. Сәби тым жас кезінде-ақ
жүре алады, бірақ ол әлі нәзік қозғалып, кеңісікте өз бойын билей алмайды.
Сәбидың бойындағы мұндай қасиет оның алғашқы дағдарысының мәнін анық
байқатады.
Дағдарыстың екінші көрінісі бала тілінін шығуына байланысты. Сәбидің тілі
шығып, бірден сөйлеп кету процесі ұзақ мерзімге созылады, дегенмен бірден
сөйлеп кеткен сәбилер болғаны кейбір деректерден мәлім. Сәбидің үш айға
дейін тілі шықпайды, бұл сол тілі шығудың жасырын кезеңі деп аталады, Ал
үшінші жайт – бала бойындағы аффект пен ерік ерекшеліктерінін көрінісі.
Э.Кречмер мұны гипобликалық қимыл-қозғалыс деп атады. Мұның мәні дағдарысқа
байланысты сәбидің’ алғашқы қарсыласуы, от басындағы тәрбиенің өктемдігіне
сәбидің қарсылық көрсетуі, Кречмердің бұл көріністерді гапобликлық деп
атауының себебі ондай қимыл-қозғалыстар ерікті әрекеттер мен аффектінің
бірігіп кету салдарынан оларды бірінен-бірін ажырату қиын.
Дағдарыс жасында сәбидің мұңдай қимыл-әрекеттер жасауына дұрыс тәрбие
бермейтін семьяларда пайда болып, олар шиеленісе түседі. Ал оның соңы
тәрбиесі қиын балаға әкеп соқтырады. Әдетте сәбиге бір нәрсені бермей қойса
немесе оның тілегін түсінбесе, ол ашу-ызаға құрт ерік беріп, еденге жат
қалып аунап үздіксіз жылайды. Егер жүретін болса, қозғалуда бас тартып,
еденді аяғымен тепікілейді. Осы кезде ол ешқандай есінен танарлық, езуінен
сілекей ағып, серейіп қаларлықтай белгілері байқалмайды. Бұл тек баланың
бойындағы мен-мендік мінез көрінісі, кежірлік белгісі. Тілегінің орындалмай
қалғанын көрсеткен қарсылығы мен наразылығы. Мұндай көрініс сөбидің
нәрестелік шарындағы аяқ-қолын тарбаңдату бейнелерін ғана елестетеді.Бала
тілінің шығуын мұқият бақылаған адам оқулықтарда бұл мәселе өте аз
жарияланғандығын аңғарады. Бала тілінін дамуындағы бұл маңызда кезең. Біз
бала тілінің дамуындағы осы кезеңді атадық. Тілі шықпаған нәресте
әлеуметтік ортада үлкендермен тіл табысу сияқты аса қажеттіліктің мән-
жайын ашып көрсетуді мақсат өттік. Нәресте өзінің нәзіктігіне сәйкес
басқалардың көмегімен әрекет етуге мәжбүр. Өзге адамдардың көмегімен әрекет
ету -сәби қызметінің негізгі түрі. Бұл кезеңде баланың былдырлап қана
жүретін тілсіз кезеңінен тілді меңгеретін кезеңге өту кезі қалайша
шешілетінін түсінуімізге көмектеседі. Дамудың тілсіз кезеңінен тіл шыққан
кезеңге өтуі баланың дербестік арқылы жүзеге асады. Бұл қандай кезең?
Сұрақка дұрыс қайталу үшін бұл мәселенің тарихын түсіндіре кету орынды
сияқты. Баланың дербестік тілін алғаш рет сипаттап, оның маңызын бағалаған
атақты ғалым Ч.Дариин (1809-1882). Ол сәби дамуымен тікелей айналыспаса да,
өзінің тамаша байқағыштық қабілеті арқасында немересінің дамуын қадағалап,
онын өзіне тән ерскше тілде сөйлейтінің аңғарған. Ол ерекшілік мынадай:
сәби қолданатын сөздердін дыбыстық құрамы біздің сөздеріміздің дыбыстық
құрамынан ерекше. Бұл тіл артикуляциялық, фонетикалық жағынан біздін сөйлсу
тілімізден бөлек. Олардың айтқан сөздері біздің сөздеріміздің үзіктері
сияқты болып келеді. Бұлар - сыртқы, дыбыстау түрі бойынша біздік сөздерден
айырмашылығы бар. Кейде олар біздің сөздерімізге еліктесе, кейде күрт
өзгсріп, біздердің бұзып айтатын сөздерімізге ұқсайды.
Міне, сәбилік кезеңнің алғашқы дағдарысындағы үш түрлі негізгі сәттері
осындай қылықтарынан айқын байқалады.
Зерттеу мақсаты: мектеп алды кезеңінің толық даму кеңістігін даярлау,
жағымды әлеуметтік және білім беру біліктілігін, рухани-адамгершілік
тәрбиені меңгеруге мүмкіндік беретін, баланың жеке дамуын кешенді
сүйемелдеуді ұйымдастыру, балабақшаның бала өміріне тигізетін әсерін
анықтау, мектеп алды кезеңіндегі дағдарыс мәселелерін шешу және дамыту
бағыттары.
Зерттеу міндеттері:
- Мектепке дейінгі балалардың танымдық біліктілігін жобалау қызметі арқылы
қалыптастыру;
- Педагогтардың, балалардың, ата-аналардың-өз денсаулығына саналы көңіл
бөлуін денсаулық сақтау аспектілері арқылы жетілдіру;
- Мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық
деңгейге көтеру мәселелері;
- Мектеп алды кезеңіндегі дағдарыс мәселелерін шешу және дамыту жолдары;
- Мектепке дейінгі мекеменің басым бағыты–баланы жан-жақты дамыту және оның
денсаулығын сақтау.
Зерттеу пәні – мектеп алды кезеңіндегі дағдарыс мәселелері және оны
шешу жолдары.
Зерттеу болжамы – қазақстандық, ресейлік және шетелдік басылымдар
деректеріне сүйене отырып әзірленді. Нақты материалдарға негізделіп,
психологиялық – педагогикалық тәжірбиеге келтірілген.
Зерттеу әдісінде – теориялық, әдістемелік және психологиялық әдістер
қолданылып, теориялық сұрақтар практикамен байланыстырылған.
Зерттеу базасы: Орал қаласы №10 Балапан балабақшасы.

I тарау. Мектеп алды кезеңіндегі дағдарыс мәселелерінің теориялық негіздері
1.1. Дағдарыс мәселесі туралы түсінік

Дағдарыс кезіндегі қиын балалардың даму сипатын анықтау үшін олардың
сыртқы жағдайларға әсерленуін мүмкіндігінше терең зерттгеп, олардан тиісті
қорытындылар шығарып отыруды қажет етеді. Дағдарыс жасын мұқият зерттеу
арқылы баланың негізгі әсерлерінің ауыспалы болуы осы кезеңде өтетінін
көрсетеді. Дағдарыс ең алдымен баланың бойындағы күрт өзгеріс екенін
байқатады. Мұндай орта үш жастағы бала үшін өзгермейді. Баланың дағдарьіс
кезеңдерін бақылап жүрген зерттеушілер бұрын өзін жақсы ұстап тіл алғыш
және ерке болған сәби аяқ астынан кінәмшіл, ашулы, тілазар болып шыға
келеді дейді.
Дағдарықтың ішкі сипатын іздестірген шетелдік зерттеушілердің басым
көпшілігі дағдарыстың ішкі сипатын биологиялық факторлармен түсіндіреді.
А.Буземан сияқты авторлар баланың дағдарыска ұшырауын әлеуметтік ортаның
ықпалы деп көрсеткісі келеді. Сол авторлар баланың дағдарысы түрліше ағысты
бастан кешіреді деп дұрыс атайды. Бірақ Буземан бала дағдарысының таза
экзогендік себептерден туындайтын ерекшелік деп емес, әртүрлі тіршілік
ортасынын өзгеріс көріністері деп санайды. Буржуазияшыл зертгеушілердің
бала дағдарысы жайындағы тұжырымы шындыққа сай келе бермейді. Өйткені
олардың зерттеу аясы тар, олар баланы тек буржуазиялық отбасы жағдайында
зерттеп, тәрбиенің белгілі бір түрімен ғана шектеледі. Дағдарыс кезеңі
тәрбиенің сипатына орай түрліше жағдайда өтетінін тәжірибелер дәлелдеп
отыр. Отбасыдандан бірден балабақшаға келетін балаға қарағанда яслиден
балабақшаға келетін баланың дағдарысы мүлдем өзгеше сипатта болады. Баланың
дамуында дағдарысқа ұшырау үнемі болып отыратын құбылыс. 3 жас пен 7 жас
баланың дамуында елеулі өзгерістерге ұшырау кезеңдер. Осы кезеңде бала
психикасының дамуында айтарлықтай жаңа сапалар пайда болып, олар келесі
сатыға өту кезеңінде елеулі қиыншылықтарды басынан кешіреді. Соның
салдарынан белгілі жас кезеңнің ерекшеліктері сапалық өзгерістерге ұшырап,
алдағы жас кезеңіне тән қасиеттердің жасалуына бейімделеді.
Мектеп жасындағы бала, барлық жас кезеңдері сияқты, психикалық
дамуында дағдарысқа немесе күрт өзгерістерге ұшырап отыратындығы ғылыми
әдебиеттерде баяндаған. Мұндай өзгеріс баланың жеті жастағы дағдарысы деп
те аталады. Осы кезеңде баланың акыл-ойының өсуіне орай қауырт өзгерістерге
ұшырап, тәрбиесі жөнінен де бұрынғы уакытқа қарағанда неғұрлым қиындай
түсетіні айқын байқалады. Бұл кезеңде оны енді мектеп жасына дейінгі бала
деп те, оқушы деп те атау киын. Өйткені ол өтпелі кезеңді басынан кешіреді.
Соңғы уақытта бұл жасқа арналған бірқатар зерттеулер жарық көрді. Зерттеу
нәтижелеріне қарағанда жеті жастағы бала енді бұрынғы нағыз балалық
ерекшеліктерінен айырылады. Алайда оның қимыл-қозғалыстары мен ішкі жан
дүниесі сол балдырғандығын көрсетеді. Бұл кезенде бала алдына мақсат қойып,
оны өздігінен аңғара білуі, тілегіне жетіп, оны жүзеге асыруы толық
жетілмеген.
Баланың бойындағы ерекшеліктер 3-6 ай ішіндегі адам танымастай жаңа
өзгерістерге ұшырап, оның ішкі дүниесіндегі елеулі құрылымдар пайда болады.
Ал, баланың дағдарысқа ұшырау белгілері елеусіз болып қала береді. Осы
орайда оның психологиялық өзгерістерге ұшырауы сыртқы орта мен маңындағы
жағдайларға тәуелсіз екендігін аңғартады. Осы орайда біздер сәби бойындағы
елеулі өзгерістерді байқап көріп, сыртқы ортаның әсерінен гөрі оның ішкі
жан дүниесінің елеулі өзгерістердің неғұрлым шапшаң қарқынмен дамығанына
көз жеткіземіз, Сондықтан баланың ішкі өзгерістері әрқашан да оның өмірінде
елеулі із қалдырып отырады.
Құрамдық теорияның түсінігі бойынша сөз бен оның мағынасы арасындағы
байланыс – екі мүше арасындағы байланыс. Сәби бір затты, мәселен, сағатты
көреді. С-а-ғ-а-т деген дыбыс жиынтығын естиді, осы екеуінің арасында
балада тіл байланысы пайда болады, бұл байланыс баланың сағат ген сөзді
естіген соң, онда дыбыс пен зат арасындағы байланыс пайда болады.
Г.Эббингауздың бір шәкірті сөздің мәнін адам пальтоны көргенде оның иесін
еске түсіргені сияқты, байланыстың пайда болуы деп бейнелеп түсіндіреді.
Біз қалпақты көргенде оның кімдікі екенін білеміз және қалпақ иесін еске
түсінреміз.
Біріншіден, сөз мағынасы мен сөз арасындағы қатынас кейбір жағдайда
қарапайым және оңай ғана болып көрінеді. Екіншіден, баланың тілін одан әрі
дамытып отыру үшін нәрселер арасындағы құрамдық тәуелділіктің болатындығын
аңғартып, оларды одан әрі қарай нақтылай түсіп өрістету қажет. Бұл
тәуелділік бірнеше байланыста болуы мүмкін. Ал дамудың келесі сатысында
әлдебір жаңа- нәрсенің пайда болу процесін түсіндіретін болсақ, онда 4
құрамдық байланыс сөздің өзіндік :ынасын аша түседі. Осы көзқарас бойынша
бала тілінің дамуы оның сөздік қорының дамуына ықпал етіп, оның құрамдық
байланысын да байытып, оны нақтылай түсуіне жетелеп отырады. Бұл ретте
Эббингауздың жоғарыда айтылған шәкіртінің пікірін растап, бала сөзінің
мағынасы біржола нақты қалыптасатынын көрсетеді. Бұл жайт сөз мағынасы бала
үшін үзақ мерзім бойы өзгеріссіз қалып қояды да ол дамымайды. Соның
салдарынан баланың сөзі өзгеріссіз қалуы мүмкін. Осы орайда бала тілінің
шығуы туралы мәселе де өз шешімін тапқандай. Өйткені, бір жағынан алғанда
сөздерді атау олардың дыбысталуы арасында байланыс үнемі сақталады
саналады.
Жеті жастары баланын дағдарысынын ең басты көрініс оның жеке басының ішкі
және сыртқы дүниесіндегі елеул; өзгерістерге ұшырау себептерімен
байланысты.
Баланың мінезіндегі дағдарысқа ұшырау себептерін оның бойындағы ішкі және
сыртқы сапалы өзгерістердің пайда бол- луымен ұштастыру қажет. Өйткені
баланың бойында жаңадан өзіндік мінез көріністері пайда болып, мұндай
ерекшеліктер бы-лайғы адамдарға күлкілі болып көрінеді. Осы орайда бала
мінезіндегі өзгерістердің зандылық екендігін атақты актер Ч.Чап-лин
орындаған рольден айқын көруге болады. Ол ересек адам-дардың ролін
ойнағанда өзін ерекше балалың аңғыртгықпен, балалық мінезбен көрсетеді.
Оның күлдіргі әрекетгерінін сыры да, басты шарты да осында.
Бала бойындағы аңғалдық мінездік жоғалуы онын есі кіріп, ақыл-ойнның
сапалык деңгейге көтеріле бастауы деген сөз. Мұндай мінез баланың бойына
сыналай еніп, оның аңғырт және өзіндік іс-әрекетінде елеулі өзгерістер
тудырады. Сонымен жеті жастағы дағдарыстың өзіндік сипатымен қатар, баланың
әр алуан әрекеттерінің ықпалынан ақылы кіріп, сыртқы болмыстың мән-жайын
түсіне білуге бағдарлап отырады.
Қазіргі заманғы жеке адамның психологиясы мен психопатологиясындағы
күрделі мәселелердің бірі – әрбір нәреенің мән-жайына түсіне білу деп санар
едік. Бұл мәселенін мазмұньш ашып көрсету үшін нәрселердің сыртқы әсерін
қабылдаумен ұштастыра отырып қарастырған түснікті болатын сияқты. Адамның
сыртқы әсерлерді қабылдауындағы елеулі ерекшелік – оның түсінікті болуы,
затты тікелей қабылдауы.
Адамның мағыналық қабылдауын шахмат ойынымен салыстырып қарауға болады.
Бала шахмат тақтасындағы түрлі фигуралардың түр -түсіне қарап, онымен ойнай
білмесе де, әрбір астың түсіне қарап таңдай бастайды, бірақ олардың жүріс
ретін, құрылымын анықтай алмайды. Ал шахмат ойнауды үйренген бала өзгеше
әрехет жасайды. Бала үшін қара ат пен ақ пешка бір-бірімен байланыспайтын
сияқты болады, ал заттың жүрісін білетін екінші бала аттың қолайсыз жүрісі
оның пешкасына қауіп төндіретінін түсінеді. Ол үшін ат пен пешка – біртұтас
ұғым. Жақсы ойынша ойын білмейтін балаға қарағанда шахмат тақтасындағы
фигураларға олардың орналасу жағдайына қарай тайымдауының өзгеше құрылымда
екендігін түсіне білуі. Қабылдаудың жеке бөлшектерінің біртұтас көрнекі
тұлға ретінде әсерленуі. Шахмат тақтасындағы тастардың орналасу жағдайына
орай олардың ерекшеліктерін түрліше қабылдауы.Ж.Пиаженің, А.Валлонның және
басқалардың зерттеулері көрсеткеңдей, балада кейде мектеп жасында да тілдің
шарттылығын түсіне алмау, заттың атын оның тұрақты қасиеті (атрибугі)
ретінде түсіне аларлық бағыты болады. Мысалы, егер сіз 3 жастағы баладан
сиыр неге сиыр деп аталады деп сұрасаңыз ол сізге: Өйткені оның мүйізі
бар немесе Өйткені ол сүт береді деп жауап қайтарады, яғни бала атау
себебі туралы сұрауға бұл жай ғана ат, адамдар осындай шартты белгіні ойлап
тапқан деп ешқашан айтпайды. Ол әрқашан атауды сол зат қасиетінен іздейді:
қант тәтті, сондықтан қант деп аталады, немесе ол аппақ болған соң қант деп
аталады; сиыр сүт бергендіктен сиыр деп аталады, бұзау әлі кішкентай
болғандықтан және сүт бермейтіндіктен бұзау деп аталады дейді.
Белгілі неміс ғалымы К.Штумфтың байқау нәтижелері бойынша бұл мәселенін
одан әрі зерттеу жандана түсті. Ол өзінік ерекше дамып келе жатқан баласын
бақылаған. Оның баласы алғашқы жылдары (3- 4 жасында) осы тілдің көмегімен
1 және 2 сөйлегенімен әдеттегі өзге сәбилерге ұқсамайтын еді. Бала өзінің
маңындағы адамдармен тілдесті, бірақ ол өзінің дербес тілінде жауап берді.
Бұл кемелденен тіл болғандықтан (сәби бұлай сөйлеуге бірнеше жыл бойы
машықтанады) ол жекелеген-сөздердің бірлігі мен құрылысының күрделі жағын
басынан кешірді. Өз тілін пайдаланып жүрген сәби бір күні ата-анасы кешке
үйге келгенде баланың күтушісі оның дербестік тілді тастап, кәдімгі неміс
тілінде сөйлеп кеткенін хабарлады. Бұл оқиға әдет емес, өзіндік ерекшелік
еді. Мұның өзі сәбидің дербестік тілімен сөйлеу кезеңінің бірнеше жыл бойы
кешеуілдеп қалуы бала дамуындаға кемістік болатын. Бірнеше жыл бойы
кешеулдеп қалу себебінен дербестік тілі енді бұрк етіп дамып кәдімгі
қалыпты даму кезеңіне ауысты. Бала сөйлеуіндегі мұндай өзгеріс табиғи
заңдылық екені бәрімізге белгілі жайт.

1.2. Мектеп алды кезеңіндегі балалардың дағдарыс мәселелері.

Мектеп жасына дейінгі баланың дағдарысқа ұшырау жағдайы оның
аңғырттығы мен бірбеткейлігінің күрт өзгеретіндігін қарапайым бақылау
арқылы көзге түседі. Бірақ оның мінез-құлқы мен өзінің маңындағы адамдармен
қарым-қатынастарынан анық байқала қоймайды. Жеті жастағы баланың бойы тез
өсіп, едәуір өзгерістер болады. Бұл кезеңде баланың тісі түсіп, оның
орынына жаңа тістер шырады. Жеті жастағы баланың кезеңі үш жастағы кезеннен
әлдеқайда күрделі сипатта болады.
Жеті жастағы баланың басынан өтетін дағдарыстың негізінен екі түрлі
ерекшелігін қарастырып көрейік. Бала айтқанға көнбей қырсығады. Жүріс-
тұрысы өзгереді. Мінезінде ойланбай істейтін жасанды қылықтар пайда болады,
ұшқалақ, қылжақбас күлдіргі қылықтары пайда болып, ол өзін сайқымазақ
ретінде көрсетеді, Мұндай қылықтар баланың жеті жасқа дейінгі кезеңінің
болғанымен, оның төңірегінде оған жете мен бермейді. Мұнда қылжақтау
әрекетінің пайда болуы нендей себептерге байланысты? Бала мұндай келеңсіз
қылжақбас бейнелерді әсіресе, өзінің сыртқы тұрпатына, өзгелердің жүріс-
тұрысына қарап еліктеп істейді. Мысалы, біреудің дауысы дірілдеп шығатын
болса, соның сөйлеу ырғағьша қарап, бала өз дауысын да дірілдетіп шығаратын
болады. Сондықтан баланың орынсыз сөз айтып, қалжыңдаса, оған ешкім де
таңданбайды. Өйткені мұндай мінез көріністері жеті жасар балаларға тән
ерекшелік екендігі оның дамуындағы заңды құбылыстарға тән мінез және онын
ұяңдықтан ажырамас, өзіндік ерекшеліктерінің сыртқа шығару белгілері болып
саналады.
Жеті жастары баланың дағдарысының ең басты көрінісі оның жеке басының
ішкі және сыртқы дүниесіндегі елеул; өзгерістерге ұшырау себептерімен
байланысты. Баланың мінезіндегі дағдарысқа ұшырау себептерін оның бойындағы
ішкі және сыртқы сапалы өзгерістердің пайда болуымен ұштастыру қажет.
Өйткені баланың бойында жаңадан өзіндік мінез көріністері пайда болып,
мұндай ерекшеліктер былайғы адамдарға күлкілі болып көрінеді. Осы орайда
бала мінезіндегі өзгерістердің зандылық екендігін атақты актер Ч.Чаплин
орындаған рольден айқын көруге болады. Ол ересек адамдардың ролін ойнағанда
өзін ерекше балалық аңғыртгықпен, балалық мінезбен көрсетеді. Оның күлдіргі
әрекеттерінің сыры да, басты шарты да осында.
Бала бойындағы аңғалдық мінездің жоғалуы онын есі кіріп, ақыл-ойының
сапалық деңгейге көтеріле бастауы деген сөз. Мұндай мінез баланың бойына
сыналай еніп, оның аңғырт және өзіндік іс-әрекетінде елеулі өзгерістер
тудырады. Сонымен жеті жастағы дағдарыстың өзіндік сипатымен қатар, баланың
әр алуан әрекеттерінің ықпалынан ақылы кіріп, сыртқы болмыстың мән-жайын
түсіне білуге бағдарлап отырады. Қазіргі заманғы жеке адамның психологиясы
мен психопатологиясындағы күрделі мәселелердің бірі – әрбір нәрсенің мән-
жайына түсіне білу деп санар едік. Бұл мәселенің мазмұнын ашып көрсету үшін
нәрселердің сыртқы әсерін қабылдаумен ұштастыра отырып қарастырған
түсінікті болатын сияқты. Адамның сыртқы әсерлерді қабылдауындағы елеулі
ерекшелік – оның түсінікті болуы, затты тікелей қабылдауы.
Қабылдайтын әсерлер комплексті түрде ішкі әсерлермен бір мезгілде
ұштасып жатады. Мысалы, мен бірден сағатты көремін. Адамның сыртқы әсерді
қабылдауын миы зақымданған ауру қабылдауымен салыстыру керек. Ондай ауру
адамға сағатты көрсетсеңіз, оны танығанымен не үшін қажет екенін білмейді.
Ол сағатта көргенімен оның қандай зат екенін айыра алмайды. Адамның
мағыналық қабылдауын шахмат ойынымен салыстырып қарауға болады. Бала шахмат
тақтасындағы түрлі фигуралардың түр -түсіне қарап, онымен ойнай білмесе де,
әрбір астың түсіне қарап таңдай бастайды, бірақ олардың жүріс ретін,
құрылымын анықтай алмайды. Ал шахмат ойнауды үйренген бала өзгеше әрекет
жасайды. Бала үшін қара ат пен ақ пешка бір-бірімен байланыспайтын сияқты
болады, ал заттың жүрісін білетін екінші бала аттың қолайсыз жүрісі оның
пешкасына қауіп төндіретінін түсінеді. Ол үшін ат пен пешка – біртұтас
ұғым. Жақсы ойынша ойын білмейтін балаға қарағанда шахмат тақтасындағы
фигураларға олардың орналасу жағдайына қарай пайымдауының өзгеше құрылымда
екендігін түсіне білуі. Қабылдаудың жеке бөлшектерінің біртұтас көрнекі
тұлға ретінде әсерленуі. Шахмат тақтасындағы тастардың орналасу жағдайына
орай олардың ерекшеліктерін түрліше қабылдауы. Біз қоршаған әлемді
шахматшының шахмат тақтасы тұтас түріндегі әсеріндей қабылдаймыз. Біз
заттардың көршілес немесе бөлек-бөлек тұрған жағдайын ғана емес, сонымен
бірге барлық түйсіктер байланысты түрде белгілі қатынаста деп қабылдаймыз.
Дыбысты тілде тек атаулар ғана емес, сонымен бірге заттарды мағынасы
да бар. Сәби заттардың мағынасынан көрі өзі ме басқалардың әрекеттерін,
ішкі көңіл-күйін де (Менін ұйқы келді, Тамақ ішкім келді, Мен тоқып
тұрмын) сөз аркылы өте ерте білдіре бастайды. Тілдің қарым-қатынас құралы
ретінде пайдаланьш, көңіл-күйін де сөздермен атауға, оларды өзара
байланыстыра алуды үйренеді. Сөздермен байланыс жасау қарапайым құрама ғана
емес; ол әрқашан да жиынтық түсінікті білдіреді. Кез келген сөз заттың
бірлігін білдіре бермейді. Егер қазір суық болып тұр десек, ал бір күннен
кейін, тағы да солай десе суықты жекелей сезінудің өзі жинақтау әрекеті
болып шығады. Сөйтіп, ішкі көңіл-күйін білдіретін процесс жалпылық
мағынаға ие болады.
Сәби бөлме ішіндегі заттарды: орындықтарды, столды жеке-жеке қабылдай
алмайды, оңың ересектерден айырмашылығы сол заттардың бәрін тұтас түрінде
қабылдайды. Ал ересектер көз алдындағы заттардың бәрін даралап көреді және
солай қабылдайды. Жас сәби өзіне дағдылы өмір әсерін қалай қабылдайды? Ол
қуанады, ренжиді, бірақ өз қуанышының мәнін ұғына алмайды. Қарны ашып тұрса
да, оған түсіне алмайды Аштықты сезінуді және мен ашпын дегенді түсіну
арасында үлкен айырмашылық бар. Жас сәби өз басындағы күйін аңғарып біле
алмайды. Жеті жасар баланың өз көңіл-күйін біліп, мен қуандым мен
ренжедім, мен ашулымын, мен көңілдімін, менің ызам келіп тұр деген
жайттардың мәнісін түсіне бастайды, яғни ол өзінің күй-жайын бағдарлай
алады. Ал үш жастағы сәбидің басқа адамдарға қатынасын аңғаруы сияқты, жеті
жастағы бала өзінің әсерлену сезімін ұғына алады. Соның нәтижесінде жет
жасар баланың бойындағы дағдарысын сипаттайтын кейбір ерекшеліктер көріне
бастайды:
1. Өмір тәжірибесінің әсерінен бала басынан кешірген нәрселердің
мәнін түсініп, оларды жинақтап түсіну мүмкіндігі қалыптасады. Әрбір жаңа
жүріс сайын тастар арасындағы жаңа байланыстардың пайда болатыны сияқты,
баланың тіршілік әрекетінде белгілі пайым, тұтас ұғым жасалады. Осыдан
келіп жеті жастағы баланың танымдық әрекеті жаңа сипатқа ие болады.
2. Жеті жастағы баланың дағдарыс кезеңінде сыртқы әсерлер жиынтығын
жалпылап, басынан кешірген сезім күйлерінің даму жағдайын түсінерлік
дәрежеге жетеді. Сәтсіздікке ұшыраса оған реніш білдіріп, өзғе балалардың
ұнамсыз қылықтарын жақтырмай сырт айналады. Кемтарлардың жүріс-тұрысысына
күледі. Өз басынан кешірген сәтсіздіктеріне реніш білдіреді. Ал арадан көп
уақыт өтпей-ақ, ашық-жарқын бола қалады. Алайда ол көптеген сәтсіздіктерді
қорытып, оған жалпы сипат беруге ойы жетпейді. Мектеп жасындағы бала өз
сезімі мен басынан өткен жайттарды жинақтай бастайды. Басынан кешірген ашу-
ызалары тұтасып, оның ренішті жағдайлар жайындағы түсінігі қалыптасады.
Алайда ондай сезім күйлерінің бәрі дара уақиға сипатында болып қала береді.
Мектеп жасына дейінгі балада өзін-өзі бақылау, намыстану сезімдері
қалыптаспаған. Мұның бәрі бала өсе келе өз бойындағы ерекшеліктерін әр
алуан жағдайларды басынан кешіру арқылы сезіне алатын болады. Жеті жастағы
баланың дағдарысы осы өз басынан өткен оқиғалар мен мінез-құлықтарының
мәнін түсіне алмау себептерінен туындап отыратындығын атап көрсетуді қажет
етеді.
Мектеп жасына дейінгілердің өзімшілдігі басым. Бірақ ол өзінің
мүмкіндігін жеке басының қасиеттерін бағалай білуінен алшақ жатады. Осыдан
келіп жеті жаска қарай баланың бойында бірқатар күрделі құрылымдар пайда
болады. Алайда мұндай өзгерістер мектеп жасына дейінгі қиындықтардан
түбегейлі түрде ерекше сипатта болады. Баланың бойында пайда болған жана
құрылымдар нәтижесіңде оның бұрынғы қисық-қыңыр, қылжақбас қылықтары
біртіндеп жойыла бастайды. Жеті жастағы дағдарыс кезіңде балада ішкі және
сыртқы өзгерістердің пайда болуы арасында оның тұңғыш маңызды түсіну
ерекшеліктері қалыптасып, енді тіршілік бейнесі туралы ниеттерінің ішкі
күресі де пайда болады. Мектеп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдерге мінездеме
Балалық шақ кезеңіндегі балалардың психологиялық дағдарыс мәселелері
Бала психологиясының мәселелері, сәби өміріндегі алғашқы дағдарыс
Дағдарыстық күйлер және посттравмалық бұзылыстар туралы мәлімет
Ұлттық экономиканы дағдарыс кезінде тиімді әрі дұрыс басқару жолдарын ұсыну
Штерн теориясына сәйкес алғашқы сөз бала дамуындағы негізгі қадам
Нәрестелік кезеңдегі баланың психикасын дамыту
Жеке тұлғаның әлеуметтік психологиялық адаптациясы
Экономикалық циклдың мазмұны мен жалпы белгілері
Экономикалық цикл факторлары және даму ерекшеліктері
Пәндер