Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда дидактикалық ойындарды қолдану


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

Педагогика және

психология кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:

«Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда дидактикалық ойындарды қолдану»

Орындаған:

тобының студенті

Жетекшісі:

Орал қаласы - 2014

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім:

І. Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатпен танысу ерекшелігі

1. 1. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғат туралы ұғымдарын қалыптастырудың теориялық негіздері . . . 7

1. 2. Табиғат мектепке дейінгі балалардың ақыл ойын дамыту құралы . . . 14

ІІ-бөлім. Қоршаған ортамен танысу бөлімінде дидактикалық ойындарды қолдану тәсілдері

2. 1. Қоршаған ортамен танысу бөлімінде дидактикалық ойындарды қолдану тәсілдері . . . 20

2. 2. Дидактикалық ойын ерекшеліктері . . . 23

2. 3. Дидактикалық ойын түрлерін практикада қолдануы . . . 24

Қорытынды . . . 31

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 33

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамды тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.

Еліміздің Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын және Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі міндеттер туралы баяндамасында «Білім берудің нақты деңгейлерін дамытуда мынадай шаралар атқарылады.
Мектепке дейінгі тәрбие - екі басты міндеттен тұрады. Бірінші міндет - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының санын күрт өсіру. Екінші міндет - тәрбие жұмысын жаңа мазмұнмен толықтыру. Ол үшін барлық бағдарламалар мен әдістемелерді қайта қарап, мамандар даярлауды қамтамасыз ету қажет» делінген.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында: « . . . Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын қоғамның өзекті және перспективалы қажеттіліктеріне сәйкес ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету мәселесі қарастырылған. Республиканың 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі міндеті: «Бала бойында білімді меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді қалыптастыру» - делінген.

«Тәрбиеші балаға түрлі әсерді құлық көзімен салыстырып, үйретуге міндетті. Бала салыстырып, сынап үйренсе, адамгершілік туралы белгілі бір ұғымға ие болады. Ол уақытта алдағы өмірінде дұрыс пен терісті, ізгі мен жауызды, ақ пен қараны дұрыс һәм жеңіл айыратын болады», - деп атап көрсеткен М. Жұмабаев. Бұдан балаларды адамгерішілікке тәрбиелеу мәселесі қай заманның болса да ғалымдарын терең ойландырғаны байқалады.

Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі балалар. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі бізге жарқын болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық.

Қазіргі Қазақстан балабақшасындағы жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке-дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды қолдануға бағытталған.

Мектепке дейінгі балаларды оқытып-тәрбиелеу мәселесі барлық кезеңдерде де өзектілігін жоймай, үнемі педагогика ғылымының зерттеу нысаны болудан тайған емес.

Тез өзгермелі әлем және ақпарат ағымдарының артуы жағдайында фундаментальды пәндік білім міндетті болып табылады, алайда бұл білім берудің жеткілікті мақсаты емес. Білім алушылар қазақстандық білім беру жүйесі бағыты болып табылатын білімнің, біліктер мен дағдылардың қажетті мөлшерін меңгеріп қана қоймауы тиіс. Барынша өзін-өзі таныту және қоғам өміріне қатысу құзыреттілігі үшін ақпаратты өз бетімен табу, талдау, құрылымдау және тиімді пайдалануды білім алушыларға үйрету бұдан да маңызды және қиын болып табылады.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа -адамгершілік - рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші рөл атқарады.

Тәрбие - екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетістіктерін зер салып талдауы керек.

Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты ата-ана арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүниені өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.

«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы» мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке дайындығын қарастырады. Бұл бағдарламаны жүзеге асыруда тәрбиеші басты рөл атқарады. Оның тәртібі, іс-қимылы, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы балалар үшін үлгі бола отыра, педагогтың ықпалы әсерлі енеді, баланың жеке басы қалыптасады. Оның ықпалы неғұрлым белсендірек болса, баланың сезімдерін жан-жақты қамтыған сайын, олардың ерік күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді.

Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершілік дамуы балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады.

Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.

Мектепке дейінгі тәрбие - балалардың сана-сезімін, мінез - құлқын қалыптастыруды қамтиды. Дәлірек айтқанда, адалдық пен шыншылдық, адамгершілік, кішіпейілдік, қоғамдағы және өмірдегі қарапайымдылық пен сыпайылық, үлкенді сыйлау мен ибалық адамгершілік тәрбиесінің жүйелі сатылап қамтитын мәселелері. Тәрбиенің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. Ата-ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда.

«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы - балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз.

Зерттеу пәні: табиғаттану

Зерттеу объектісі: мектепке дейінгі мекемелер

Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда дидактикалық ойындарды қолдану әдіс- тәсілдерін көрсету

Зерттеудің міндеттері:

  • Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда дидактикалық ойындарды қолдану әдіс- тәсілдерін көрсету;
  • Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда дидактикалық ойындарды қолдану әдіс- тәсілдеріның критерийлері мен мүмкіндіктерін анықтау;

Зерттеудің теориялық маңызы: Педагогикалық іс-әрекетте мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда дидактикалық ойындарды қолдану әдіс- тәсілдері теориялық және тәжірибелік тұрғыдан тұтастық принципін басшылыққа ала талданды;

Зерттеудің әдістемелік маңызы: Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда дидактикалық ойындарды қолдану әдіс- тәсілдерін анықтайтын әдістемелер сарапталып зерттеулер жүргізу негізінде талданды;

Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік материалдар мен әдебиеттердегі табиғатты таныстыруда дидактикалық ойындарды қолдану туралы ғылыми деректерді кешенді жүйемен салыстырмалы талдау, зерттеу нысаны мен пәніне байланысты негізгі ұғымдарды сараптау, эксперименталды-диагностикалау әдістемелері.

Зерттеу көздері: педагогика, психология, философия, ғылымдарының классиктерінің еңбектері, жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу бағдарламалары;

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады;

І. Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатпен танысу ерекшелігі

  1. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғат туралы ұғымдарын қалыптастырудың теориялық негіздері

Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада не қоршап тұрғанын ұғынады. Біртіндеп өмірден алған тәжірибесі көбейеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар.

Мектепке дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру - бұл олардың санасына қоршаған орта, табиғат туралы сезілетін тәжірибесіне негізделген шындық тұрғысындағы білім қалыптастыру және оған деген дұрыс қарым-қатынасқа тәрбиелеу әдісі.

Балалар ересектердің әсері арқылы адамгершілік қарым-қатынаста бола отырып, қоршаған ортаны, ондағы табиғат құбылыстарын және басқа өмірді тани біледі. Қоршаған ортамен таныстыру барысында кеңістік, уақыт, заттың пішіні, т. с, сапасы, салыстырмалы түрде үлкен-кіші, қатты, сұйық деген ұғымдар қалыптасады.

Қоршаған ортамен және оның түрлерімен таныстыра отырып, балалардың ұғымын кеңейтеміз.

Қоршаған ортамен таныстыруда мына ұғымдарды қалыптастырамыз: Мен - адаммын түсінігі және өзі, өзінің жағдайы туралы түсініктерін кеңейтеміз. Өзін-өзі танудағы талаптарын мадақтауға, дене мүшелері (қол, аяқ, бас және т. б. ), көру, есту, дәм сезу, сипап сезу мүшелері не үшін қажеттігін білуге, мен қандай көңіл күйде боламын (қуанамын, ренжимін, ашуланамын және т. б. ), өзін-өзі дұрыс бағалау қажеттілігін қолдауға, өзіне, өз күшіне сенімін нығайтып, өзіне құрметі мен дербестігін дамытуға мүмкіндік туғызуға, өзінің қолынан келетіні, жақсы көретіні, не сезетіні, жақын әлеуметтік ортасы, қарапайым қарым-қатынастар туралы ойлап, өз ойын айта білуге үйретуге, құрдастарының арасында өз жағдайын, басқа балалардың өзіне қарым-қатынасын білуге үйретеміз.

Адам - тіршілік иесі. Өзін адам әлемінің өкілі ретіндегі алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Жақын әлеуметтік ортасы, қарапайым туыстық және қоғамдық қарым-қатынастар туралы білімдерін қалыптастыру.

Адамдардың дем алатыны, қозғалатыны, тамақтанатыны, өсетіні, әңгімелесетіні туралы түсінік беру. Адамдардың бір-біріне ұқсастығы мен айырмашылығын сыртқы белгілеріне қарап ажырата білуге үйрету: басы, қолы мен аяқтары, тері және шаш қабаты, көздері мен шаштарының әр түрлілігі. Адамдардың бірдей ішкі құрылыстары (жүрек, асқазан, өкпе) бар екендігі туралы ақпарат беру.

Адамдардың бір-бірімен айырмашылықтары мен ұқсастықтары бар (сырт келбеті, әдеттері, түрлі сезімдер мен көңіл күйлерді сезінеді) . Адамның өсуі үшін қажетті шарттар - су, жарық, жылу, тағам, қозғалыс пен демалыс, күтім мен махаббат. Адамдар бірдей сезімдерді сезінеді: қуаныш, ауру, өкініш. Өзінің дене бөліктері мен мүшелерінің кейбір қызметтерін түсінуге үйрету: көз, құлақ, ауыз, тіс, тіл, қол, аяқ. Отбасы бейнеленген суреттерді қарастырып, отбасы мүшелерін, қызметтері мен қарым-қатынастарын (немен айналысады, бір-біріне қандай қамқорлық жасайды, қайда баруы мүмкін және т. б. ) атауға ынталандыру.

Ойын жағдайларында отбасы үшін бөлмені жабдықтау: жиһаздар мен ыдыс-аяқтарды орналастыру, отбасылық қарым-қатынастар мен үлкендердің еңбегін ойын әрекеттерінде көрсету. Балаларды өзінің отбасы, жақсы көретін адамдары, олардың жақсылығы мен қайырымдылығы туралы әңгімелеуге ынталандыру. Өзінің отбасы мен бір-біріне қалай көмектесетіндері жайлы сұрақтарға жауап беру. Басқа балалардың да өз отбасы, ата-аналары, олардың өз балаларын жақсы көріп қамқорлық жасайтыны туралы түсіну.

Ересектердің еңбегі мен олардың қызметтері (тәрбиеші, аспаз, сатушы, дәрігер, құрылысшы) туралы түсініктерін кеңейту. Түрлі мамандық иелері (жүргізуші, ұшқыш, машинист, капитан) әртүрлі көлік құралдарын басқаратыны туралы білім беру.

Заттарды, кабинеттерді бір-бірімен салыстыруға (кең, тар, жарық, үлкен, т. б. ) үйрету. Заттардың мөлшерін (ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы) шартты белгілердің көмегімен салыстыруға үйрету.

Бөлме өсімдіктері мен жануарлардың тіршілігі және олардың өсуі мен дамуына қолайлы жағдайларын туғызу қажеттілігі туралы нақты ұғымдарын қалыптастыру.

Өсімдіктердің көптүрлілігі мен оларға әртүрлі күтім керектігі (суару, жапырақтарды сүрту) туралы білімдерін бекіту.

Тірі табиғат бұрышын мекендеушілер мен өсімдіктердің белгілерін білдіретін сөздерді қолдануға үйрету. Бейнелеу өнеріндегі қол еңбек бұрышы, көркем шығармашылық, музыка бөлмесіндегі ұлттық музыка аспаптары (домбыра, қобыз) туралы түсінік беріп, олармен таныстыру. Домбыраның сыртқы бейнесін сызуға, суретін салуға үйрету.

Алаңмен, аумақпен таныстыру. Балабақша ауласын көгалдандыру, гүлзарлар балабақша келбетін көркейтетіні туралы түсіндіру. Ағаштар, гүлдер және құстардың белгілеріне қарай анықтап және ажырату іскерліктерін дамыту. Маусымдық өзгерістерді байқауға, балабақшаның сыртқы және ішкі безендірулеріне көңіл аударуға үйрету.

Ұлттық педагогика негіздеріне сүйене отырып өзін-өзі ұстау мәдениеті дағдыларын меңгерту. Құрдастарымен келіспеушілік болған жағдайда, татуласуға, өзіне ұнамайтын теріс қылықты өзгеге жасамау керектігін түсіндіру, ортақ шешімге келіп, бір-бірімен татуласу дағдыларын үйрету. Әрқашан ізеттілік көрсетіп, сәлемдесу, алғыс білдіру, көмегін ұсыну сияқты жағымды әрекеттер жасауға дағдыландыру. Қарапайым әдептілікті сақтауға әдеттендіру. Үлкеннің алдын кеспеу, сөзін бөлмеу, кішілерге қамқор болу, ойыншыққа таласпау, қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстау, т. б. Кішіге - ізет, үлкенге - құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Өзінің тегінің шежіресіне қызығушылығын ояту. Ата-анасы, отбасы мүшелері мен өзінің аты-жөнін дұрыс айтуға үйрету. Отбасылық мерекелер мен оны өткізуге дайындыққа белсенділігін мадақтау. Құрдастарымен жақсы қарым-қатынас орнатуға, олардың бір-бірімен қарым-қатынасын бағалауға, кім кіммен жақын дос, олар не үшін бір-біріне жақын деген мәселелер туралы көзқарастарын білу дағдыларын қалыптастыру. Әрқашан, қандай жағдай болмасын өз-өзін мәдениетті ұстау керек екендігін ұғындыру. Өзінің жақындарына, балабақшасына, еліне, жеріне, достарына, елімізді мекендейтін басқа ұлт өкілдеріне сүйіспеншілігі мен сыйластығын қалыптастыру. Өзін, өзінің қадір-қасиетін бағалауға тәрбиелеу. Ересектердің балаға әрі - сыншы, әрі - қолдаушы екендігін ұғындыру. Әрбір бала өзінің қоршаған ортасын айналадағы құбылыстарды тану арқылы жетіледі. Қоршаған ортамен танысу арқылы баланың тілі дамиды. Қоршаған ортаны таныстыру бойынша балалар өздерінің аты-жөнін, жасын, жанұясын, балабақшадағы тәрбиешілер мен топтағы балалардың аты -жөнін тани бастайды.

Балабақшаның ішкі құрылысымен таныстырылып, топ бөлме, асхана, дәрігер бөлмесі, т. б. айырмашылықтарын ажырата бастайды. Сонымен қатар әр бөлмеде жұмыс түрін, қажетті құралдарды, олардың аты, не үшін қажет, неден жасалғаны, қайда? кімде? қандай? кім не істейді? деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге балабақшада өздері немен шұғылданатыны туралы әңгімелейді.

Балалар, әсіресе ұл балалар жағының қызығы көлік түрлері, яғни ұшақ, поезд, жеңіл, жүк машиналардың түрлі көлік түрлерінің міндеттерін жақсы біледі. Балалар бос уақыттарында жүк машинасымен ойнағанды жақсы көреді.

Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған ортамен таныса отырып, танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты болып табылады.

Таным білім беру саласының базалық мазмұнында үш жастағы бала ересектерге еліктей отырып ойын образдарын жасай келе, белсенді түрде қимылдап, қоршаған әлемімен танысады. Айналысында болып жатқан барлық оқиғаларға назар аударып, мән беріп, ересектің соңынан сөйлемдер мен сөздер қайталап отырады. Мысалы: заттардың қасиеттеріне, табиғатқа, жан - жануарлар әлеміне деген қызығушылығын қалыптастыру. Мазмұны: заттардың температурасын сезіне білуге: қар суық, салқын, шай ыстық. Сыртқы белгілеріне қарай жыл мезгілдерін ажырата білуге және атауға үйрету. Заттармен іс-әрекеттерді орындау: қуыршақты киіндіру, ойыншықтарды жинастыру, киімін тазалау, қоршаған ортадағы тәртіпсіздікті бақылау. Киімдердің атауын атай білуін жетілдіру. Заттардың не үшін, неге арналғандықтарын түсіну.

Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғат пен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат күн тізбесіндегі ауа-райы жағдайын бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады.

Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қызығушылықпен қабылдайтын қарым-қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала - қоршаған ортаны кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да серуен арқылы бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.
Серуен: тәрбиешінің көмегімен атқарылатын іс-әрекет. Серуен барысында балалардың табиғатқа қызығушылықтарын арттыра отырып, бақылау жұмыстарын өткізу.

Біріншіден, арнайы бағдарламаны пайдалану оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау кезінде жеңілдік туғызса, екіншіден, бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар сақталады. Балалардың танымдық құзіреттілікті меңгеруі, бақылау нәтижесі тәрбиешінің қолданатын әдіс-тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей байланысты болып келеді.

Қоршаған ортамен таныстыру сабағын балалардың бір-біріне деген ыстық лебіздерін, ойларын, алақандарының жылуын, жылы тілектерін бір - біріне беру, айтудан бастауға болады. Мәселен:

  • Сәлеметсіз бе балақайлар!, Қайырлы таң, балалар!, Бүгін күн қандай тамаша!

деген жылы сөздер бала жүрегіне әсер етіп, көңіл-күйін бір сергітіп тастайды.

Табиғатты күтіп баптау ертеңгілік қабылдаудан басталады. Ертеңгілік балалармен топтағы өсімдіктерді күтіп баптау туралы жұмыс жүргізеді. Балаларға гүлдердің шаңын сүртіп, су құйып тұрса оның әдемі болып өсетінін, ал күтіп баптамаса оның солып, өліп қалатынын әңгімелейді.

Балалар аулада құстардың тіршілігін, жазды күндері жердегі құрт-құмырсқаларды да бақылап оларға тиіспеуді үнемі айтып отырамыз. Мысалы: ағаштардағы құрт-құмырсқаны құстардың жейтінін, сөйтіп ағаштардың әдемі болып өсуіне жағдай жасайтындығы туралы түсінік беріледі. Кейбір балалар суды ағызып ойнағанды ұнатады. Бірақ балаларға судың да шектеулі екендігі, ол бітіп қалса, сусыз қандай жағдай болатындығын айтып түсіндіреміз және үйде де, топта да суды ластамау, таза суды пайдалану қажеттілігін айтып отырамыз.

Ауа туралы балаларға түсінік бере отырып, оның көзге көрінбейтіні, бірақ онымен біздің, басқа да тіршілік иелерінің дем алатындығын айту қажет. Ауа таза болмаса ауыратынымызды айтып, оны таза ұстау үшін топтың, үйдің таза болуы, топта ойыншықтарын ойнап болғасын жинау керектігі, кез -келген нәрсені жерге тастап үйді шашпау, кез келген нәрсені жерден алмау керектігі туралы айтылып, ескеріп отырылады. Ауамен дем алатынымызды, қандай дене мүшелерімізбен дем ала-алатынымызды, мысалы: ауызды басса мұрынмен, мұрынды басса ауызбен дем алатынымызды тәжірибе жасау арқылы көрсету қажет. Мұндай жаттығуды балалар өте қызыға орындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың әдістері
Балалардың ойындар арқылы табиғатпен таныстыру ерекшелігі
Мектеп жасына дейінгі ересек балаларға табиғатпен таныстыру үрдісінде эстетикалық тәрбие беру
Балалар бақшасында балаларды табиғатпен таныстыруда ойындар мен тапсырмаларды қолдану
Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат туралы ұғымды қалыптастыру
Балалар бақшасындағы балаларды табиғатпен таныстыру бағдарламасының мазмұны
Балаларды қоршаған ортамен таныстыру
Табиғатпен таныстыру кезінде балалармен серуенді ұйымдастыру
Балалардың табиғатпен таныстыру туралы түсінік қалыптастыру және олардың маңызы
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН ТАНЫСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz