Жергілікті бюджет және оның қалыптасуының негіздері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау. ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Жергілікті бюджеттің экономикалық м.әні және рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Жергілікті бюджет қатынастарын мемлекеттік реттеу қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

ІІ тарау. ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 Аймақтардағы жергілікті бюджет түсімдерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.2 Бюджет қаражаттарын тиімді пайдаланудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Кіріспе
Басқарудың жергілікті органдарына мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі шараларды қаржыландыру негізінен жергілікті қаржы ресурстары есебінен жүзеге асырылады. Әлеуметтік −тұрмыстық инфрақұрлымның салалары халыққа қызметтер көрсетуді бюджет қаражаттарынан қалыптасатын қорлар есебінен көрсетеді. Бұл, тиісінше, жергілікті қаржының рөлі мен маңызын арттырып отыр. Оның қызметінің тиімділігі бірқатар жағдайларға − жергілікті қаржының бүкіл теориялық аспектілерін анық етіп шешіп алуға, елдің бюджет құрылысының жалпы мемлекеттік құрлысқа нақты сәйкестігіне байланысты болып келеді.
Жергіліті қаржының әлеуметтік-экономикалық мәні жалпы мемлекеттік қаржыға ұқсас.
Жергілікті қаржының рөлі, оның құрылымы мен бағыты бүтіндей билік пен басқарудың жергілікті органдарына жүктелінген функциялардың сипатымен, сондай ақ мемлекеттің әкімшілік аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық бағыт тылығымен анықталады.
Жалпы жергілікті қаржының жай күйі әрқашанда, біріншіден елдің жалпы экономикалық жағдайына, екіншіден, тисті аумақтардың экономикалық әлуметіне, үшіншіден, билік пен басқарудың жургілікті органдарының құқығы мен міндеттерін белгілі бір дәрежеде реттеп отыратын мемлекеттік заңдардың деңгейіне, төртіншіден, биліктің жергілікті органдары құзырының дәрежесіне байланысты болады.
өркениетті батыс елдерінде жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастыру мен пацдалану процесінде едәуір рөл атқарды. Оның үстіне жергілікті бюджеттердің айтарлықтай дербесеігі болады және батыс елдерінде олар мемлекеттік бюджеттің жалпы жүйесіне кірмейді.
Қазақстан Республикасының экономикасы дамуының қазіргі кезеңінде реформа ауыртпалығының салмағы шаруашылық жүргізудің аймақтық деңгейне ауысып отыр, осыған орай басқарудың жергілікті органдарына үлкен өкілеттік беріліп, олардың жауапкершілігі арта түсуде. Білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларға, қамсыздандыру жөніндегі іс шараларды және атаулы әлеуметтік көмекке жұмсалынатын шығындардың ең көбі оларды қаржыландырудың жаңа тәртібіне сәйкес жергілікті бюджеттерге жүктеліп отыр. Сонымен бірге бюджеттерде соңғы кездерде бюджет бөлінісі және әлеуметтік жеңілдіктердің орнына қаржылай жәрдемақы сияқты жаңа ұғымдар өзінің көрінісің тапқан.
Нарықтық эканомикаға өту және тиісті эканомикалық реформаларды жүргізу кезінде жергілікті әкімшілік органдар өздерінің құзырымен дербездігін арттыруға обеъктивті түрде ұмтылады. Бұл эволюция ең алдымен республикалық билік өкілеттігінің бір бөлігі жергілікті мемелекеттік деңгейге өтуі тиістілігінде көрінеді. Аймақтар Қазақстан Республикасының аумақтық субъектілері болып табылатындықтан биліктің жергілікті органдары өз аумағының халқының толып жатқан экономикалық, әлеуметтік және мәдени мұқтаждары мен тілектеріне жауапты өздерінше іздестіруі тиіс.
Курстық жұмыстағы негізгі материалдар Қазақстан Республикасының экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеті жоспарлау департаментінің мемлекеттік кәсіпорындар мен өндірістік салаларының дамуының негізгі көрсеткіштері сипатталады.
Және де осы тақырыпта теориялық − әдістемелік және тәжірбиелік ғылыми зерттеулер жасаған ғалымдар Жанибеков С., Иманбердиев Б.Ж. Кенжегузин М.Б., Козлов Л.А., Ілясова А., Седахметова Ф.С. еңбектерінде өз орнын тапқан.
Курстық жұмыстың құрлымы кіріспе, екі тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Назарбаев Н.А. На пороге ХХI века. - Алматы. 1996. –с 159
2. Современный Казахстан: цифры и факты // Алматы 1998. – С. 38
3. Қазақстан Республикасының Парламенттінің Жаршысы. 2003. №23. -3-5 бет
4. Оңтүстік Қазақстан облысының Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің мәліметтері бойынша 2005
5. Оңтүстік Қазақстан облысының салық комитетінің есебі 2004
6. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б. Жылқышиевтің есебі – Келген жылдан үміт көп, өткен жылға өкпе жоқ. – 2005. қаңтар №4. 1-2 бет
7. Бюджетке жаңаша қарау қажет. Қаржы-ақпарат. №5. (70) 03.2002
8. Салық және бюджетке түсетін басқада міндетті төлемдер туралы Салық кодексінің жобасы / Егеменді Қазақстан. 02.11.2000
9. Закон Республики Казахстана о бюджетной системе 1.04.99. и нормативные акты по финансам 2001.04
10. Жанибеков С. Бюджеттің орындалуын қадағалау маңызы Қазақстан қаржысы – 1997. №11.
11. Иманбердиев Б.Ж. Қазақстан Республикасындағы экономикалық саясаттың экономикалық өсу нәтижелері // Статистика есеп және аудит – 1999. №2

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жергілікті бюджет және оның қалыптасуының негіздері

Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І тарау. ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Жергілікті бюджеттің экономикалық м.әні және
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Жергілікті бюджет қатынастарын мемлекеттік реттеу
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

ІІ тарау. ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 Аймақтардағы жергілікті бюджет түсімдерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 10
2.2 Бюджет қаражаттарын тиімді пайдаланудың ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .26

Кіріспе
Басқарудың жергілікті органдарына мемлекеттің әлеуметтік
бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі шараларды қаржыландыру негізінен
жергілікті қаржы ресурстары есебінен жүзеге асырылады. Әлеуметтік
−тұрмыстық инфрақұрлымның салалары халыққа қызметтер көрсетуді бюджет
қаражаттарынан қалыптасатын қорлар есебінен көрсетеді. Бұл, тиісінше,
жергілікті қаржының рөлі мен маңызын арттырып отыр. Оның қызметінің
тиімділігі бірқатар жағдайларға − жергілікті қаржының бүкіл теориялық
аспектілерін анық етіп шешіп алуға, елдің бюджет құрылысының жалпы
мемлекеттік құрлысқа нақты сәйкестігіне байланысты болып келеді.
Жергіліті қаржының әлеуметтік-экономикалық мәні жалпы мемлекеттік
қаржыға ұқсас.
Жергілікті қаржының рөлі, оның құрылымы мен бағыты бүтіндей билік
пен басқарудың жергілікті органдарына жүктелінген функциялардың сипатымен,
сондай ақ мемлекеттің әкімшілік аумақтық құрылысымен және оның саяси
экономикалық бағыт тылығымен анықталады.
Жалпы жергілікті қаржының жай күйі әрқашанда, біріншіден елдің
жалпы экономикалық жағдайына, екіншіден, тисті аумақтардың экономикалық
әлуметіне, үшіншіден, билік пен басқарудың жургілікті органдарының құқығы
мен міндеттерін белгілі бір дәрежеде реттеп отыратын мемлекеттік заңдардың
деңгейіне, төртіншіден, биліктің жергілікті органдары құзырының дәрежесіне
байланысты болады.
өркениетті батыс елдерінде жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы
ресурстарын қалыптастыру мен пацдалану процесінде едәуір рөл атқарды.
Оның үстіне жергілікті бюджеттердің айтарлықтай дербесеігі болады және
батыс елдерінде олар мемлекеттік бюджеттің жалпы жүйесіне кірмейді.
Қазақстан Республикасының экономикасы дамуының қазіргі кезеңінде
реформа ауыртпалығының салмағы шаруашылық жүргізудің аймақтық деңгейне
ауысып отыр, осыған орай басқарудың жергілікті органдарына үлкен
өкілеттік беріліп, олардың жауапкершілігі арта түсуде. Білім беру мен
денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларға, қамсыздандыру жөніндегі
іс шараларды және атаулы әлеуметтік көмекке жұмсалынатын шығындардың
ең көбі оларды қаржыландырудың жаңа тәртібіне сәйкес жергілікті
бюджеттерге жүктеліп отыр. Сонымен бірге бюджеттерде соңғы кездерде
бюджет бөлінісі және әлеуметтік жеңілдіктердің орнына қаржылай
жәрдемақы сияқты жаңа ұғымдар өзінің көрінісің тапқан.
Нарықтық эканомикаға өту және тиісті эканомикалық
реформаларды жүргізу кезінде жергілікті әкімшілік органдар өздерінің
құзырымен дербездігін арттыруға обеъктивті түрде ұмтылады. Бұл эволюция
ең алдымен республикалық билік өкілеттігінің бір бөлігі жергілікті
мемелекеттік деңгейге өтуі тиістілігінде көрінеді. Аймақтар Қазақстан
Республикасының аумақтық субъектілері болып табылатындықтан биліктің
жергілікті органдары өз аумағының халқының толып жатқан экономикалық,
әлеуметтік және мәдени мұқтаждары мен тілектеріне жауапты өздерінше
іздестіруі тиіс.
Курстық жұмыстағы негізгі материалдар Қазақстан Республикасының
экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының
экономика және бюджеті жоспарлау департаментінің мемлекеттік кәсіпорындар
мен өндірістік салаларының дамуының негізгі көрсеткіштері сипатталады.
Және де осы тақырыпта теориялық − әдістемелік және тәжірбиелік
ғылыми зерттеулер жасаған ғалымдар Жанибеков С., Иманбердиев Б.Ж.
Кенжегузин М.Б., Козлов Л.А., Ілясова А., Седахметова Ф.С. еңбектерінде өз
орнын тапқан.
Курстық жұмыстың құрлымы кіріспе, екі тараудан, қорытынды,
қолданылған әдебиеттерден тұрады.

І. ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Жергілікті бюджеттің экономикалық мәні және рөлі

Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджеттің басты бөлігі
республикалық бюджетте шоғырланған.
Республикалық бюджет − бұл түсімдер мен бюджет тапшылылығын
қаржыландыру (профицитті пайдалану) есебінен қалыптастырылатын және өзіне
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамалық актілер жүктеген
міндеттерді жүзеге асыру үшін Үкімет анықтайтын республикалық бюжет
бағдарламаларын қаржыландыруға
арналған Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген орталықтандырылған
ақша қоры.
Жергілікті бюджеттер (әкімшілік аймақтық бірліктердің бюжеттері) −
обылыстық бюжеттер, қалалардың (аудандық маңызы бар қалалардан басқасы),
аудандардың (қаладағы аудандарды қоспағанда) бюжеттері .
Табыс бюджеті − облыс бюджетінің қалалар мен аудандардың арасындағы
өзара өтеу операцияларыды есептемеген жиынтығы.
Қаржы жылына арналған республикалық бюжет Қазақстан Республикасының
заңымен жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.
Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара
байланысына негізделеді және оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау
тәртібімен, сондай−ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы
туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемелекеттік бюджет жүйесіне
кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтылығы, нақтылығы
және жариялылығы қағидаттарына негізделеді.
Бюджеттің бірлігі бюджет жүйесін ұйымдық − экономикалық
орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Бірлік қағидаты КСРО − ның бюджет
жүйесінде неғұрлым толық көрінеді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті
органдарының дербестік алуымен және оларға қаржы ресурстарын иелену
жөніндегі құқытардың берілуімен байланысты бұл қағидат әлсіреді.
Бюджеттердің бірлігі ел аумағында қолданылып жүрген мемлекет кірістерінің
жалпы жүйесінің өмір сүруінде, мемлекет шығыстарының бірлігінде көрінеді.
Бұл қағидат бюджеттік жоспарлаудың әдіснамасы мен ұйымдастырылуының
бірлігіне, оның әлеуметтік−экономикалық болжаумен өзара байланысына
кепілдік береді. Бюджет бірілігі қағидатының міндеті Парламент тарапының
бюджеттік қаражаттардың қозғалысына тиімді бақылауды белгілеу болып
табылады. Бюджет бірлігі бірыңғай қаржы саясатын қамтамасыз етуге
бағытталған және ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді мемелекетінің
жалпы экономикалық және саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс
көздерін пайдалану арқылы барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара
іс−қимылына, төменгі деңгейдегі бюджеттердің теңгерімділігі үшін оларды
қаржылық қолдауға, сондай−ақ ішнара қайта бөлудің мақсаты және аумақтық
бюджет қорларын жасауға да негізделген.

1.2 Жергілікті бюджет қатынастарын мемлекеттік реттеу қажеттілігі.
Республика үшін бюджетаралық қатынастарды реттеу өте көкейтесті
проблемаға айналып отыр. Бюджетаралық қатынастардың жетілмеуіне байланысты
әртүрлі деңгейдегі билік органдарының көптеген қаржылық мәселелері өршуде.
Қаржыларды орталық бюджетке шоғырландыру барлық деңгейлер бюджеттері
арасында қарсы қаржылық ағымдардың болуы, жергілікті бюджеттің меншікті
кірістері деңгейінің төмендігі. Осылардың барлығы жергілікті билік
органдарының халықтың өмірлік маңызды проблемаларын шешу мүмкіндігінен
айырады.
Қазіргі таңда бюджетаралық қатынастың басты құралы трансферттер болып
табылады. Бюджетаралық қатынастар екі принцип негізінде жүргізіледі:
- реттеуші салықтардың нормативтік аударылымдар арқылы;
- түрлі формадағы республикалық бюджеттен тікелей аударылымдар арқылы.
Жоғарыда айтылғандай орталық пен аймақ арасындағы бюджетаралық қатынас
маңызды ол, 1-ден, аймақтарды бюджеттік қолдау мемлкеттік көмектің негізгі
формасы ретінде көрінеді; 2-ден, бұл қордаланған үлкен қарама-қайшылықтағы
облыстарға нақты қаржылық реттеу формасында көмек көрсетудің жалғыз сенімді
көзі бола алады; 3-ден, макроэкономикалық саясаттағы бюджет тапшылығын
көрсету мүмкіндігі бар трансферттердің экономикалық механизмінің
жеткіліксіздігі.
Аймақтарды дотациялау арқылы теңдестіруге бола ма, не болмаса салықтық
аударылымдардың нормативтерін нақты және ұзақ мерзімге бекіту тиімді ме?
Бұдан шығатын қорытынды бойынша соңғысы дұрыс сияқты, аймақтардың қаржылық
ресурстары қежеттілігін есептеу үшін сенімді база бола алатын басқалай жол
жоқ немесе субъективті тәртіп нормасымен бір қоржыннан екінші бір қоржынға
салудан, оны алған қоржында толмайды, оны берген қоржын да байымайды.
Сондықтан бюджеттік емес қорлар мен коммерциялық құрылымдардың жеке
кірістерін жасыру орын алады және ол керісінше республикалық көмекке
қажеттілігін арттырады.
Аймақтарды қаржылық қолдау қорын құрудың да көмек беруі екіталай, ол
елдегі аймақтарға тағы да үлкен республикалық трансферттерді бөліуіне алып
келеді. Көмекті “қажет ететін” және “ерекше қажет ететін” аймақтар санының
артуына алып келеді. Мұнда ол алғашқы варианттан еш айырмашылық болмайды.
Қаржылық тұрақтандыру және бюджеттік тапшылықты қысқарту
бағдарламасының шеңберіндегі бюджетаралық қатынасты реформалауда келесі
өзара байланысты екі мәселелерді шешуге алып келеді, жергілікті және
аймақтық билік пен басқару органдары үшін халық шаруашылығының субсидиялы
саласын қысқартуға ынталандаратын жүйені құру, сонымен бірге территориялық
бюджеттен тауарлар мен қызметтердің әлеуметтік және экономикалық ақталмаған
дотациялық бағаларды қысқарту: республикалық бюджет тапшылығын экономиканың
төменгі деңгейіндегі бюджет жүйесінде туындайтын тиімді қолдану әдістерін
табу.
Бюджетаралық қатынастар реформаларының негізгі мақсаттары ретінде
келесілер бөлінеді;
- бюджет жүйесінің қаржылық ресурстарын пайдалану және басқару
тиімділігін жоғарылату;
- аймақтардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру үшін жағдай
жасау;
Қызмет ететін жетіспеушіліктерді жою және бюджетаралық қатынастарды
реформалау мақсатында келесілерді шешу қажет;
- аймақтық бюджеттік жүйелердің қызмет ету тиімділігін жоғарлату,
аймақтық қаржыларды сауықтыру;
- жоғары қаржылық ағымдарды төмендету;
- қаржыларды бөлу шарттылығы және оларды аймақтарда пайдалану үшін
жауапкершілікті және бақылауды жоғарылату;
- дотациялық аумақтарға қосымша қаржылық қолдауды қамтамасыз ету;
Аумақтық проблемалар келесідей жолдармен шешілуі мүмкін:
- меншікті кірістерді ұлғайту есебімен, яғни елдің салық жүйесінің
жиналуына қарай нақты және ыңғайлы аумақтық салықтар енгізу;
- бюджеттік жүйе үзбелері арасында жалпы мемлекеттік кірістерді
тұрақты нормативтік негізде тарату жолымен;
- әрбір аумақтық бюджеттік кірістер мен шығыстарды жыл сайын реттеу
есебімен.
Кірістерді сенімді және тұрақты нормативтік негізде қалыптастыру
қажет. Индустриялды немесе аграрлы бағыттағы аумақтардан табыстарды жаңа
меңгеріліп жатқан аумақтарға аударылу кезінде әлеуметтік-экономикалық даму
деңгейі әртүрлі облыстар, топтар арасында салықтық бөлулердің
дифференциациясы болуы керек.
Жергілікті бюджеттерді нығайтудың негізгі бағыты реттеуші салықтардың
үлесін жергілікті бюджеттерге көбірек бөлінуін заңдық ретпен бекіту. Бұл
олардың меншікті кірістерінің мөлшерін жергілікті деңгейде реттеуші
салықтарды жинаудағы, мүдделілікті жоғарылатар еді, бюджет жүйесінің
біртұтастығын нығайтар еді.
Осы арқылы бюджетті орталықсыздандыру проблемасы билік органдарының
басқару процесінде кірістерді қайта бөлу қызметімен, оларды жоспарлау,
бағдарламалау тетіктері арқылы белсенді қолдануда ғана бюджетаралық
қатынастың тиімділігін сақтайды.
Орталықтандыру мен орталықсыздандыру диалектикасы, аймақтағы
экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған бюджетаралық
қатынастардың өзгеруі арқылы көрінеді. Қаржылық ресурстарды басқарудағы
қайта ұйымдастыру қажеттілігі нарықтық қатынас мазмұндағы және аймақтық
жүйе қызметінің тиімділігін арттыруға негізделген. Басқаруды
орталықсыздандыру идеясын тиімді орындау жергілікті билік органдары
бюджетінің қаншалықты көлемде болғаны мен қабылданған шешімге толық
жауапкершілікте болу мүмкіншілігіне байланысты.

ІІ. ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 Аймақтардағы жергілікті бюджет түсімдерін талдау
Кез – келген басқару жүйесінің өміршеңдігі де, жұмысының нәтижесі де
оның тәуелсіздігіне, өздерінің шешім шығарып, сол шешімді жүзеге асыра
алатындай күш – қуаттары болатына байланысты болады. Ал тәуелсіздіктің ең
басты кепілдігі – сол басқару органдарының мүмкіншілігінде жатыр.
Басқарудың төменгі деңгейі болып табылатын жергілікті өзін-өзі
басқару
жүйесінде мемлекеттік институттың барлық дерлік құрлымы жұмыс істейді. Оның
бүгінгі нарық заманындағы ең бастысы – экономикалық негізі, меншік пен
жергілікті бюджет болып табылады. Жергілікті атқару органдарының
мүмкіншілігі де осы екі мәселе жұмысты жүзеге асыра алмайды.
Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді ажырату және
бюджетаралық қатынастарды жетілдіру Концепциясындағы бюджет сферасында
экономикалық механизмдер берілген. Онда жергілікті басқаруды дамыту
мақсатында ауылдық (селолық) округтардың әкімдер аппаратын құру көзделген.
Ол 2004 жылғы республикалық бюджетте (31 бап) ауылдық (селолық) округтардың
әкімдері аппараттарын қалыптастыруға облыстық бюджеттерге берілетін 2,9
млрд. теңге сомасында белгіленген мақсатты трансферттермен жүзеге асырылып
отыр.
Жергілікті бюджет – жергілікті басқарудың міндетті атрибуты ретінде
1991-2000 жылдардағы әлеуметтік экономикалық реформалар барысында құрылды.
сол уақытта болып жатқан өзгерістер елде жергілікті басқарудың әлеуметтік
функцияларының айтарлықтай кеңейуінен көруге болады. Жергілікті бюджет
ұйымдарының жеке бюджеттік жағдайларды керекті мөлшерде жеке өзі құруына
шынайы мүмкіндіктер болмады. Жергілікті бюджет негізінде салық кірісі
бақылауға алынбаған көздер мен көлемдермен толықтырылды. Бұл өзгерістердің
басында жергілікті бюджеттің шығыс пен кіріс мүмкіншіліктерінің арасында
дисбаланс пайда болды. Белгіленген уақытта әрбір екінші қала мен ауданда
бюджет шығыс көп болды, яғни дефицит болды.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2002-2005 жылғы бюджет бойынша
кіріс пен шығыс 1 кестеде қарастырылған. Осы тапшылық 57% құрайтынын және
республикалық бюджеттің трансферттерінің есебінен өтеліп отырғанын көруге
болады.
1991 - 2001 жылдары жергілікті басқару салық жүйесінінің қайта құру
интенсивті түрде өтседе, кері өткізілді. Бір жағынан Қазақстан
заңнамасында жергілікті бюджет қаржылық негізін бекіту белгілі деңгейде
қажет екенін атап көрсетті, олар бірқатар заңдарда қолдау тапты, ал басқа
жағынан – осы заң салық саласында аймақтық және жергілікті нормаларын
ретсіз жағдай ларға әкеліп соқтырды.
Жергілікті салық жүйесіндегі жоғары белсенділікке қарамай,
республикалық бюджет рөлі қарапайым болды.

2002 – 2005 жылдардағы облыстық бюджет пен аудан, қала бюджетінің арасындағы шығындарды бөлу, %
Кесте1
2002 2003 2004 2005
Шығыстар
облыстар бюджет қала және аудан бюджеті
Барлығы Соның ішінде Барлығы Соның ішінде
облыстық жергілікті облыстық жергілікт
і
Салықтық түсімдер 65380056 3548491 2989565 9671762 4822604 4849158
Капитал операцияларынан түскен табыс салығы 3119338 1748773 1370565 2158219 9561194 1202025
Меншік салығы 304407 1270 303137 510406 61 510345
Тауарға ішкі салық 2986423 1671941 1314482 7003137 3866349 3136788
Қосымша құн салығы 1938557 927003 1011554 4278027 1750859 2527168
Өндірістегі ішкі тауарға қосымша құн салығы 0 4278027 1750859 2527168
Қ.Р. территорияларына әкелінетін тауарларға 1938557 927003 1011554 0
қосымша құн салығы
Салықтық емес түсімдер 1510395 28591 1481804 398470 57335 341135
Кәсіпкерлік қызметтен және меншіктен түскен кіріс11331 427 10904 95663 0 95663
Әкімшілік алымдар және төлемдер, коммерциялық емес 108651 216 1084435 167731 380 167351
және жалғас сатудан түскен кірістер
Әкімшілік алымдар 6803 216 6587 22929 380 22549
Мектеп-интернаттағы баларды қамтамасыз ететін 6 6 909 380 529
төлемдер
Кәсіпкерлік және ұйымдардың түсімдері 0 0
Қозғалмайтын мүлікке және мемлекеттік тіркеу 0 0
Штраф және санкция түсімдері 63360 3096 60264 64225 423 63802
Басқада салықтық емес түсімдер 1327053 24852 1302201 70851 56532 14319
Басқада ғимараттар және құрлыс сату 376 376 0
Алынған ресми трансферттер (грантар) 3179853 1437166 1742687 3260533 1534283 1726250
Сувенция 2586449 1305738 1280711 1957783 412883 1544900
Несиелердің қайтарылуы 591404 131428 459976 1302750 1121400 181350
Басқада трансферттер 2000 0 2000 0 0 0
Бюджет қалдық қаржыларын пайдалану 89244 46266 42978 74874 26538 48336
Барлығы 11337376 5065585 6271791 13608638 6442435 7166203

2 кестенің жалғасы

2004 2005
Түсімдер
Барлығы Соның ішінде Барлығы Соның ішінде
облыстық жергілікті облыстық жергілікт
і
Салықтық түсімдер 613267 3050794 3081373 6721068 2930716 3790352
Капитал операцияларынан түскен табыс салығы 3630543 2025716 1604827 4062909 2131163 1931746
Меншік салығы 1006244 198 1006046 1224107 0 1224107
Тауарға ішкі салық 1401704 948693 453011 1424052 709553 624499
Қосымша құн салығы 0 0 0 0 0 0
Өндірістагі ішкі тауарға қосымша құн салығы 0 0
Қ.Р. территорияларына әкелінетін тауарларға 0 0
қосымша құн салығы
Салықтық емес түсімдер 470048 26464 443584 551399 31200 520199
Кәсіпкерлік қызметтен және меншіктен түскен 1091198 0 109198 137362 0 137362
кіріс
Әкімшілік алымдар және төлемдер, коммерциялық емес1777107 2444 174663 238937 3200 235737
және жалғас сатудан түскен кірістер
Әкімшілік алымдар 28017 2444 25573 37877 3200 34677
Мектеп-интернаттағы баларды қамтамасыз ететін 2444 2444 0 3200 3200 0
төлемдер
Кәсіпкерлік және ұйымдардың түсімдері 448 488 22 22
Қозғалмайтын мүлікке және мемлекеттік тіркеу 472 472 674 674
Штраф және санкция түсімдері 96917 0 96917 110941 0 110941
Басқада салықтық емес түсімдер 86826 24020 62806 64159 28000 36159
Басқада ғимараттар және құрлыс сату 0 0
Алынған ресми трансферттер (грантар) 5105484 1352266 3753218 9519342 7676812 1842530
Сувенция 5105156 1351938 3753218 9519342 7676812 1842530
Несиелердің қайтарылуы 328 328 0 0 0 0
Басқада трансферттер 0 0 0 0 0 0
Бюджет қалдық қаржыларын пайдалану 8012 2243 5769 0 0 0
Барлығы 1172922 4431767 7297453 1679580 10638872 6157081

Экономикалық және әлеуметтік жағдайларды жетістік пен шешу үшін ішкі
жетілдіру көздерінің толық қолданылуы қажет етеді, бұл субьвенциялықтан
экономиканың немесе өздігінен дамудың қажеттіліктерін қаржыландырудың жеке
көзіне өтуге мүмкіндік берді. Өтпелі периодтағы жоспарлау, орындау, бақылау
және бағалау сияқты бюджеттік жүйелердің сәйкес талаптарына жауап бермеді.
Осы жүйеде салық – бюджеттік механизмі әлеуметтік – экономикалық дамуды
өңдеудің құралы және мемлекеттік жоспарларды жүзеге асыру рөлін атқарады.
Осыған байланысты жылдық бюджетті құрау республикалық жоспарлық органның
және қаржы министрлігінің кәдімгі функциясы болып табылады, ал бюджеттің
орындалуына және ведомстваларға жұмсалған шығындарға қаржы министрлігі
жауап береді. Мәліметтерді тіркеу осы талаптарды қанағаттандырмайтын
формада жүзеге асты, ал бақылауды жүзеге асыру үшін есептер уақытында
дайындалмады. Дегенмен бақылауды тек төлемдерге жүргізгенен кейін аймақтық
басқару органдарында жұмысшыларға, қызметкерлерге және жабдықтаушыларға,
қарыздарының жиналуыя туралы мәселле туындады. Мұндай қарыздың өсуі қаржы
тәртібін бұзуға қауіп төндірді. Қаражатты секвестрлеу есебінен мәселені
шешу әдісі уақытша шара болды. Өйткені бюджеттің орындалуына қиыншылықтар
туғызды. Тапшылықтың ұстамдылығына көп назар аудару керек еді.
Қазіргі таңда жергілікті бюджеттің негізгі проблемасы баланстыру
мәселесі болып табылады. Осы мәселенің шешімі - аймақтың әлеуметтік
дамуына шығындардың келуінсіз деңгейде жеке табыстарды көбірек іздеу.
Жергілікті бюджеттің жеке табыстары жергілікті өзіндік басқару
автономиясының көпшілік қабылдаған таңбасы және оның моральды қаржы
өзбеттілігінің өлшеуіші қызметін атқарады.
Осы жеке табыстарда жергілікті биліктің өз бетінше шешім қабылдауының
салдарынан алынатын қаржы қаражаты ретінде анықтауға болады. Мысалы, мәселе
салық туралы болса, онда жергілікті өзіндік басқару органдары өздерінің
қажеттіліктеріне байланысты салық салудың құрлымдарын орнатуға жеке
құқығына ие болуы керек еді. Осындай құқықты ұысыну қоғамдық мемлекеттің
заңның шексіз құқығы болуы керек, бірақ оны жүзеге асыру, ешқандай күмәнсіз
муниципальды қайта құру билік органдарының өзбетінше шешімінің құралы.
Жергілікті бюджет институттын нығайту және жетілдіру қажет, оны тек
жергілікті мәселелерді шешу үшін емес, сондай-ақ мемлекеттік құрлымға
пайдасы болуы қажет. Ең алдынғы қатардағы тапсырма Қазақстанның барлық
территориясында жергілікті бюджет ұйымдарының толық құруға жету. Тек осы
жағдайда ғана бүкіл мемлекетік ұйымдарды стабильдендіретін аудандық және
жергілікті бюджет үкіметтерін бақылаудың күрделі жүйесін құруға болады.
Сурет 1

2000 – 2005 жылдардағы Оңтүстік Қазақстан облысына республикалық
бюджеттен ресми трансферт түрінде алынған және төмен тұрған бюджеттерге
берілген субьвенция.
(млн.теңге)

Сурет 1

1 - ші суретте көріп тұрғанымыздай, соңғы алты жылда
республикалық бюджеттен бөлінген субвенция мөлшері 18556,4 млн. теңгеге
немесе 32.2% өсіп отыр. Ал 2005 жылы республикалық бюджеттен 27317,3 млн
тенге сувенция бөлінген, бұл 2004 жыл мен салыстырғанда 758,1 мың тенге
төмендеген .
Қазіргі кезде жергілікті бюджет – негізгі мәселесі - баланстық тепе-
теңдігін сақтау. Бұл проблеманы шешу - жергілікті деңгейге - жеке кірістер
көлемін ұлағайту арқылы, аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайынын
жетілдіру үшін шығыстарды азайтпау.
Жергілікті бюджеттің автономиясынның жалпы негізі - мемлекеттік бюджет
кірістері болып табылады. Осы кірістерді қаржылық деп анықтау дұрыс болар
еді. Мыс: салық туралы әңгіме етсек, ЖӨӨБ- ұйымдары өздерінің
қажеттіктеріне қарай салықты бекіту және салық салушының дайындығы мен
мүмкіндігіне қарай белгілі салық салуға жеке құқығы болса, онда аймақтың
дамуына зор үлес қосар еді. Бұндай құқық беру үшін – қоғамдық
мемлекеттік заң оңды болуы қажет.

2.2 Бюджет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Материалды мағынасында бюджет мемлекеттің ақша қоры
Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың қызмет ету жағдайлары
Бюджеттің экономикалық мәні және ролі
Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі салық реформалары
Мемлекеттің бюджеттік құрылысы
Мемлекеттің салық қызметінің қалыптасуының экономикалық ерекшеліктері
Экономиканы мемлекеттік реттеу жайлы мәлімет
Мемлекеттік қаржы және қаржы құқығы
Салықтық құқықтық нормалар
Бюджетаралық қатынас: жағдайы мен дамуы
Пәндер