Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауын дамытудың психологиялық негізі


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

Педагогика және

психология кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:

«Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауын дамытудың психологиялық негізі»

Орындаған:

3а КДО тобының студенті

Жетекшісі:

Орал қаласы - 2014

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім:

І-бөлім. Мектепке дейінгі жастағы балалар ойлауының дамуының теориялық зерттеулері

1. 1 Ойлау қызметінің қалыптасу мәселелері бойынша шетел және отандық зерттеуші ғалымдар еңбегіндегі тұжырымдар . . . 5

1. 2 Мектепке дейінгі жастағы балалардың таным процесі ретінде ойлаудың өзіндік ерекшеліктері . . . 13

1. 3 Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойлау процесі дамуының негізгі критерийлері . . . 19

ІІ-бөлім. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауының дамуын қалыптастыру механизмдері

2. 1 Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойлауын ойын арқылы дамыту жолдарын қалыптастыру . . . 23

2. 2 Мектепке дейінгі кезеңдегі бала ойлауының дамуына тәжірибе жүргізу . . . 28

Қорытынды . . . 31

Қолданылған әдебиеттер . . . 33

Қосымшалар . . . 34

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басты міндеті - баланың жеке басының дамуын жан-жақты жоғары деңгейде қамтамасыз ету. Өйткені осы кезеңде баланың бұдан кейінгі бүкіл өміріне негіз болатын жеке тұлғалық қасиеттері, психикалық өзіндік ерекшеліктері қалыптасады.

Көптеген педагогтардың бақылауынша, оқуға үйренбеген бала, ойлау іс әрекетінің тәсілдерін меңгермегендіктен көп жағдайда үлгермеушілер қатарына қосылып, оның әрі қарайғы дамуына көптеген кедергілер туындайды. Бұл міндетті шешудегі маңызды бағытарының бірі, баланың ойлауының толыққанды дамуын қамтамасыз ететін негізгі шарттардың жасалынуы. Ал бұл шарттардың жасалынуына негіз болатын тұрақты танымдық қызығушылық, ойлау әрекетінің дағдысы мен іскерлігі, ойлау сапасы, шығармашылық белсенділік мәселесі қазіргі психолог, тәрбиешілердің зерттеу объектісіне айналып отыр. Ойлау процесінің жалпы даму принципі мен баланың даралық даму принципін ұштастыру, оны оқыту процесінде неғұрлым тиімді пайдалануға байланысты біздің еліміздің мектепке дейінгі мекемелердің оқыту жүйесінде түрлі альтернативті бағдарламалар енгізіліп жатыр. Сондықтан, мұндай жаңалықтардың енгізуі ғылыми негізделген және жан-жақты қамтылған жүйенің болуын қажет етеді. Біз өзіміздің зерттеу тақырыбын таңдауда, осы себептерді негізге алдық.

Зерттеу объектісі болып мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық даму процесі табылады.

Зерттеу пәні : психология

Зерттеудің мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы кезеңіндегі балалардың оқу процесіндегі ойлауының дамуының неғұрлым ұтымды жолдарын іздестіру.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер мектепке дейінгі ұйымдар жүйесіндегі педагогикалық үрдіс ғылыми негізделген бағытта дұрыс ұйымдастырылса, онда мектеп жасына дейінгі балалардың қажетті интеллектуалды қабілеттерінің деңгейі жоғарлайды.

Зерттеудің көкейкестілігі: оқыту тәжірибесінде тәрбиешілердің балалар әрекетін ұйымдастыру келесі үлгі бойынша жүзеге асырылады: тәрбиешілер оқушыларға көп жағдайда ойлаудың маңызы төмен, еліктеуге негізделген қайталау жаттығуларын ұсынады. Бұндай жағдайларда ойлаудың тереңдігі, сындарлығы, икемділігі сияқты, оның өзінділігінің маңызды қырлары болып табылатын қасиеттер жеткілікті түрде дамымайды.

Зерттеу міндеттері:

1. Ойлау қызметінің қалыптасу мәселелері бойынша шетел және отандық зерттеуші ғылыми еңбектеріндегі тұжырымдарды қарастыру

2. Мектепке дейінгі жастағы балалардың таным процесі ретінде ойлаудың өзіндік ерекшеліктерін қалыптастыру

3. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау процесі дамуының негізгі критерийлерін анықтау

4. Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойлауын ойын арқылы дамыту жолдарын жүргізу

5. Мектепке дейінгі кезеңдегі бала ойлауының дамуына тәжірибе жүргізу арқылы зерттеу

6. Ойлаудың даму жолдары (коррекциялық ойындар мен жаттығулар) жүргізу

Жетекші идея: мектепке дейінгі балалардың ойлауын дамытудың психологиялық негіздерін қалыптастыру міндетті түрде өзінің жалғасын табуы керек. Өйткені мектеп жасына дейінгі балалардың психикасының жетекші құралы болып саналады.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздерін философтардың, психологтар мен педагогта рдың жеке тұлға мен оның дамуындағы іс-әрекеттің рөлі туралы білімнің мәнін, мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауының дамуын қалыптастыру проблемасын зерттеудегі тұлғалық-әрекеттік көзқарасын ашып көрсететін тұжырымдамалар құрайды.

Зерттеудің көздері: Ғалымдардың зерттеу проблемасына сай еңбектері; ҚР ресми материалдары (заңдар, Конституция, қаулылар), ҚР Білім министрлігінің мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу-тәрбие жөніндегі құжаттары (конституция, стандарт, реформалар, бағдарламалар) ; этнопедагогикалық еңбектер.

Зерттеудің әдістері:

1. Педагогикалық әдістер мен оқулықтарды талдау;

2. Педагогикалық белгілеу экспериментін жүргізу;

3. Бақылау, талдау, әңгіме, анкета.

4. Жиналған материалдарды өңдеу.

5. Тәрбиешілердің құжаттарымен танысу болып табылады.

Зерттеудің теориялық мәні мен ғылыми жаңалығы:

Өзара байланысының мәні зерттеудің теориялық базасы ретінде ашылды;

Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауының дамуын қалыптастыру механизмі жасалды;

Мектепке дейінгі балалардың ойлауының дамуының психологиялық жіктемесі негізделді және олардың психологиялық ойлауын қалыптастырудағы мүмкіндіктері айқындалды;

Мектеп жасына дейінгі балалардың қалыптастырудың моделі жасалды және оны жүзеге асырудың психологиялық шарттары айқындалды.

Зерттеудің базасы: Тәжірибелі- эксперимент жұмысы

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады

І-бөлім. Мектепке дейінгі жастағы балалар ойлауының дамуының теориялық зерттеулері

1. 1 Ойлау қызметінің қалыптасу мәселелері бойынша шетел және отандық зерттеуші ғалымдар еңбегіндегі тұжырымдар

Бала ойлауының даму проблемасы философ, педагогтардың зейінін бұрыннан аудара бастаған, бірақ көптеген уақыт бойы оның шешімі тек тұрмыстық бақылаулардың негізінде болды. Бұл проблеманың талдаудың алдыға жылжуы, ХҮІ ғасырда материалистердің адам ойлауының қайнар көзі сезім мүшелеріне сыртқы орта заттарының әсер ету нәтижесінде туындайтын түйсіктің негізінде жатқан дамудың өнімі деп қарастырылуынан басталды. Ойлаудың дамуының бұл эмприкалық теориясы бір жағынан сол кездегі картизияндық «тума идеялар» теориясына, бір жағынан - орта ғасырлық метафизикалық психологиядан қалған, рухани қабілеттер теориясына қарама-қарсы қойылды. Ойлаудың дамуына қатысты Локктың сенсуалистикалық идеясы идеалистік сәттерден арылып, материалистік бағытта талдана бастады. Баланың психологиялық эволюция процесін жүйелі бақылауда және бұл дамудың түпкі себептерінің түсіндірудің ойлау дамуының эмприкалық теориясы жеткізіліксіз болды. Бұл бағытты ұстанушылар ойлау дамуының механикалық схемасын құрудан әрі аспады, яғни жалпы түсініктік ассоциациялық байланыстың жасалуы арқылы жүзеге асатындығын айтады.

Баланың ойлауының дамуы туралы ғылыми түсініктің қалыптасуына, ХІХ ғасырдың ортасында сезім мүшелерінің физиология саласында экспериментальды зерттеулер үлкен әсерін тигізді. Әсіресе ойлаудың дамуы проблемасын талдауда И. М. Сеченевтың жаңа псиохофизиологиялық мәліметтерінің маңызы зор болды. Ол, психология және жүйке жүйесі физиологиясында негізгі проблемаларын дамуындағы генетикалық зерттеулерге үлкен мән берді. «В умственный жизни человека одно только ранее детство представляет случаи истинного возникновения мысли или идейных состоянии из психологических продуктов низшей формы, не имеющих характера мысли. Только здесь наблюдение открывает существенные периоды, когда человек не мыслит и затем мало-помалу, начинает проявлять эту способность»

Баланың интеллектуалды дамуының жалпы барысын талдай келе, Сеченев бұл дамудың қайнар көзі сыртқы ортаны қабылдаудың негізінде жатыр дегенді айтады: «Самые простые наблюдения показывают далее, что корни мысли у ребенка лежат чувствовании. Это вытекает уже из того, что все умственные интересы раннего возраста сосредаточены исключительно на предметах внешнего мира, а последние познается первично, очевидно только чувствованием, преимущственно при посредстве органов зрения, осязания и слуха».

Сеченев ойлаудың идеалистік концепциясының шындыққа келмейтіндігін дәлелдеді. Сонымен қатар интеллектуалды дамуды тек сыртқы әсердің негізінде ғана болатын процесс деп түсіндіретін синсуализімнің әлсіздігін көрсетеді. Сенсуализм субъектінің ерекшеліктерінің және оның жүйке - физиологиялық құрылымын мүлде ескермейді. И. М. Сеченевтың пікірінше эволюциялық ғылыммен сезім мүшелерінің физиологиясындағы табыстар, осы классикалық сенсуализімді шектеулерінен аса отырып, баланың ойлауының дамуының проблемасын жаңаша зерттеуге болады дейді. Түрлі ойлау құрылымының онтогенезінде шығу тегін зерттей келе, Сеченев қарапайым сенсорлы процестердің негізінде күрделі кеңістіктік елестетудің, себепті тәуелділікті түсінудің, абстрациялы ұғымдардың қалыптасатынын көрсетеді.

Баланың ойлауының дамуын - шындықты пассивті түрде бейнелеудің нәтижесі дейтін ассоционистерге қарағанда Сеченев шешу мағынаны баланың практикалық тәжірибесіне (тәжірибелік қорына), сыртқы орта туралы адекватты ұғымдардың қалыптасуына бағытталған әрекеттер деп түсіндіреді. Белгілі даму кезеңдері бойынша туындап отыратын логикалық формаларды, баланың заттармен әрекеттесу тәжірибесін квинтэссенциясы деп қарастырады. Балада ұғымның дамуын қарастыра келіп, себепті тәуелділік туралы И. М. Сеченов былай дейді: «Когда ребенок выучился ходить, говорить и владеть руками, вся его жизнь проходит в так называемых занятиях и играх. Здесь он ежеминутно является деятелем, производящим по своему хотению перемены в предметах внешнего мира и конечно, не может чувствовать себя токавым. Другими словами, через его сознание ежеминутно проходят такие чувственные ряды (их было бы всего проще назвать «рядами личного действия») которые, сопоставлясь друг с другом и расчленяюсь на общих основаниях распадаются, в конце концов, на элементы в котором соответствует в отвлеченной форме понятия: одушевленный деятель с хотением и способностью к действию, самые действия и эффект. Все это повторяется многие сотни и тысячи раз, и тип, живого деятеля, производящего явления или перемены предметах внешнего мира, как наиболее первичный, становится в душе ребенка шаблоном для объяснения их».

Балада ұғымның қалыптасу процесіндегі заттық әрекеттің маңызын зерттей келе, Сеченев сол кездегі әлемдік психологиядағы онтогенездегі ойлау дамуы туралы ұғымды басып оздым. Ол бұл проблеманың талдауының материалиістік ғылыми негізделген жолдарын көресетті. Бірақ жеткілікті түрде жүйелі бақылау мен эксперименттің (түрлі жас кезеңіндегі баланың іс-әрекетін зерттеуде) болмауынан, Сеченев бала психикасының дамуының жалпы тенденцияларын көрсете алмады.

Ойлауды зерттеуге жаңа мүмкіндіктер психологияның балалар психикасын зерттеудегі жүйелі бақылау мен эксперименттерге көшкенде ғана жасалынды. Бала психикасының даму барысын ұзақ және жоспарлы түрдегі жазба бақылауының негізінде жасалған Ч. Дарвинның «Бала өмірін бақылау» еңбегі жарияланды. ХІХ ғасырдың аяғынан бастап баланың ойлауы экспериментальды түрде зерттеліне басталды. Бұл саладағы алғашқы зерттеушілердің бірі орыс ғалымы И. А. Сикорский баланың ойлау қабілетінің жұмыс жасауына байланысты өзінің зерттеулерін жүргізді. Аз уақыт ішінде зертеудің жаңа әдістемелерімен қаруланған балалар психологиясы, баланың ойлау әрекетінің мазмұны туралы үлкен материал қорын жинақтады. Сонымен қатар онтогенетикалық дамудың түрлі кезеңдеріндегі ойлау процестерін дефференциялау мүмкіндігі туды. Бірақ баланың ойлау әрекеті бойынша материалдың қарқынды жинақталуы (Батыс Европа және Америка Құрама Штаттарында), өкінішке орай бала ойлауының ғылыми негізделген концепциясына жасалуына әкелінеді. Бұның себебі баланың психикасының дамуын зерттеуде экспериментпен бақылаудың кеңінен қолданылуы, буржуазиялық психологияны қамтып алған терең методологиялық дағдарыспен сәйкес келіп қалды. Сол себепті Америкада және Батыс Еворпада идеалистік, механистикалық теориялар көбейді. Бұлар балалар психологиясының жинақталған фактілерін дұрыс түсінуге бала ойлауын әрі қарай зерттеудің дұрыс қойылуына бөгет жасады. Сонымен қатар ХХ ғасырдың басына дейін ойлауды зерттеу процестерін формальды түрдегі анализдің және ассоциацияны анықтауға негізделді. Жалпы ассоциацианың орны мен ролі осы күнге дейін зерттелініп келеді. Бірнеше авторлар ассоцианистердің ойлауының дамуы процестерін ассоциацияның туындауына әкеледі деген талпыныстарын жоққа шығарады. Зерттеуші ғалым Пратт (1928) ойлау бойынша жүргізген 46 зерттеулерінен кейін, ассоцианизмді жоққа шығаруға негіз болатын ойлаудың селективтілігін және бағыттылығы сияқты факторлар деп дәлелдейді. Шетел психологиясында да ассоцианизм ойлау әрекетінің кең контекстісін, интеллектуалды процесс пен мотивтердің өзіндік ерекшеліктерін ескермегендіктен үлкен сынауларға түсіп отырды. Хамтри (1951) бұл сындарды жинақтай келе былай дейді: «Классическая теория критиковалась на том основании, что опыт не воспроизводился тем же самым путем, что мышление направлено, что умственные элементы изменяются, когда они входят в новую комбинацию, что мы сознаем связи - все это было бы невозможным, если бы существовали лишь изолированные идеи - что образы и ощущения вследствие этого частичны, а мысли общи».

Д. Расселл баланың ойлауына арналған монографиясында былай деп жазады: «Қазіргі кездегі білімнің жағдайы, ассоциацияның ойлаудағы ролі туралы гипотезада, ол ойлау табиғатынан алшақтап кетеді». Дегенмен, ол өзінің кітабында ассоциациялы ойлау туралы бөлімін енгізеді.

Гештальтпсихологияның өкілдері (Вертгаимер, Келер, Коффа, Дункер және т. б. ) түрлі міндеттерді шешу жағдайындағы репродуктивтілікке қарама-қарсы ойлаудың өнімділігін ерекше көрсетеді. Ассоционистер мен биховиористердің түсініктерін дұрыс сынай отырып, бұл проблеманы шешуде ешқандай қанағаттанарлық ұсыныс бермеді. Тіпті, олар даму проблемасын алып тастап, оны формалар мен құрылымдарды трансформациялау заңдылықтарымен алмастырады. Мысалы, Келер «гештельт» теориясына сүйене отырып ойлаудан шешімді табуға негіз болатын іздестіру, сезіну, сондай-ақ бағыт, бақылау әрекеттерін мүлдем шығарып тастады. Олар «инсайт» ұғымын - аяқ астынан «түсіну» ұғымы деп алға тартты.

Ж. Пиаже гештальтпсихологияның принциптерін сараптай келе, құрылымдықты ұйымдастыру заңдылығы, оларды трансформациялау дамудан алынады да зерттеудің түрлі қырларындағы бір мағына болып шығады дегенді ұсынады. Батыс Европа, американдық психологияда кең тараған баланың ойлауы туралы теориялардың ішіндегі Пиаже ұсынған теорияның маңызы зор. Басқа зерттеушілерге қарағанда Пиаже бала ойының сан-қырлы жақтарын біріккен принцип бойынша түсіндіруге, ойлауды жалпы концепциясын беруге тырысты. ХІХ ғасыр психологиясында дамудың механистикалық тұрғыдан түсіну басым болып, бала ойлауы мен үлкендердің ойлауының тек сандық өзгерістер қарастырылса, Пиаже үлкендер ойы мен бала ойын кесімді түрде бөліп қарайды.

Өз кезінде Болдуин, Штерн сияқты авторлар бала логикасының өзіндік жеке ерекшеліктерін көрсетті. Пиаже бұл фактілерге универсалды мағына беруге тырысты. Баланың логикасын синкретивті келеді. Ол талдаудың орнына глобальды схема бойынша ойлайды дегенді айтты.

Пиаже өз еңбектерінде мектеп жасына дейінгі баланың эгоцентрикалық ойлауының табиғатын зерттей келе, оның нәрестенің аутистикалық ойлауымен мектепке дейінгі жастағы логикалық ойлаудың арасындағы жатқан интеллектуалды дамудың бір кезеңі деп көрсетеді. Баланың негізгі әрекетінің өзгеруіне сәйкес мектепке дейінгі жасында ғана бала басқаның көзқарасымен санасу және өзінің ойлауын қоғамда қалыптасқан логикалық нормаларға бағындыра бастайды. Ал баланың интеллектуалды дамуының себебі неде? Ойлаудың бір типінен екіншісіне көшуіне не әсер етеді? Бұл сұрақтарға жауап беруде Пиаже алғашында тәжірибе жинақтаудың маңызын теріске шығарды. Баланың ойлауының даму процесінде объективті шындық туралы білімнің ешқандай маңызы жоқ деп есептейді. Оның ойынша «ақылды заттар өңдемейді, заттардың өзі ақылмен өңделеді». Бала ойлауының дамуы Пиаженің пікірінше баланың басқа адамдармен қарым-қатынасының, үлкендермен бала ойларының өзара қатынасына әсерінен болады. Пиаже биологиялық және әлеуметтік негіздерді өзара қарама-қарсы қойды. Биологиялық негіз - психологиялық субстанцияны жасайтын бастау. Әлеуметтік негіз - баладан тыс тұрған, оның өзіне тән ойлау тәсілдерін итеріп тастайтын, балаға қарама-қарсы қойылған күш. Бұл жерде Пиаже баланың бірінші күнінен бастап қоршаған орта адамдармен қатынасқа кіретінін ескермейді.

Швейцариядағы Монтессори жүйесіне жақын балаларды тәрбиелеу және жүйесі, ұжымдық ойын, сабақтардың болмағандығынан бұған дейін белгілі баладағы «эгоцентризмді» қалыптастырады. Өзі-өзімен сөйлесу, сөйлей отырып ойлау және т. б. Ал бұған қарама-қарсы жүйеде тәрбиелеу және оқыту да эгоцентрикалық бағытта аз байқалады, керісінше, сөйлеудің диалогтық формасы балаларды басым бола бастайды.

Баладағы эгоцентризм концепциясын Штерн сынға алса, кейбір авторлар бала ойлауының синкретизм теориясына қарсылықтарын білдірді. 3-8 жастағы балалардың ойлауы туралы үлкен фактілі материал жинақталған Айзекс еңбектері баланың интеллектуалды дамуы туралы Пиаженің теориясының тура еместігін көрсетеді. Айзекстің балалардың бақылау кезіндегі жасаған ой-қорытындыларын жинақтай келе, өте қарапайым жағдайларда ең кіші балалардың өзі (3-4 жас) құбылыстардың өзара объективті байланыстарын байқататындығын және оларда ешқандай эгоцентрикалық бағыт немесе синкертизмге жақын тенденциялар байқалмайтындығы айтады. Айзекс балада үлкендерден мүлдем бөлек ерекше логиканың бар екендігі туралы тезиске қарсы және ойлаудың нақты жағдаятқа, практикалық әрекетке деген қажеттілігіне тәуелді екендігін айтады. Айзекстің зерттеулерінде 3-5 жас аралығында фактілерге физикалық интерпритация беруге тырысатындығы және жаратылыс құбылыстарының дұрыс түсініктерін меңгере алатындығы анықталған. Бір жағынан Айзекс сияқты бірнеше авторлар баладағы ерекше синкертивті логиканың барлығын жоққа шығаруда, бала ойлауының өзіндік формасының барлығына мән бермейді. Интеллектуалды дамуды процесс ретінде таза сапалық өзгерістерге жатқызады.

Пиаженің баланың ойлауы туралы келесі еңбектерінде ойлаудың даму барысы туралы көзқарасы өзгереді. Ол бала ойлауының ерекшелігін «эгоцентризммен» түсіндірудің қателігін мойындайды. Л. С. Выготскидің жазған сынына жауабында, «эгоцентризм» термині бұрынғы гипертрофты жеке сана ретінде түсіндіруден қайтқандығын айтады. Пиаже бойынша ағзаның ортаға бейімделуі (адаптация) әр уақытта сәтті бола бермейді және адекватты шарт емес. Мысалы, балада бейімделу мүшесі немесе құралы әлі болмауы мүмкін. Осындай жағдайда бейімделуге тырысу жүйелік қателіктерге әкеледі. Мұндай қателіктер адамның тек қана ойлау әрекетінде ғана емес, психикалық өмірдің басқа салаларында болуы мүмкін. Бұл туралы Пиаже былай дейді: «Я ввел выражение «эгоцентризма» для того, чтобы выразить ту мысль, что процесс знания никогда не осуществляется путем простого сложения разделом или новых уровней, как если бы более полное знание было просто дополнением менее совершенного прошлого знания; этот процесс требует постоянной переформулировки прежних точек зрения по средством процесса, которой продвигается перед также, как и назад, непрерывно коррегирует как начальные систематические ошибки, так и те, которые возникает в самом процессе познания». Осылайша «эгоцентризм» термині арқылы тарихи жағынан алғанда таным процесінің шектеулігін, бір жақтылығын түсіндіреді. Ол Выготский ұсынған іштей сөйлеудің бастапқы формасы ретіндегі «эгоцентрикалық сөйлеу» интерпритациясына қосылатынын айтты. Жаңа позицияға көшкен Пиаже өзінің әріптестермен бірге 40-жылдары көптеген зерттеулер жүргізіп, инттелектінің құрылымы және оның дамуының жалпы бағыты туралы жаңа түсінік қалыптасады. (9, 281) Пиаже бойынша ойлау тәсілдер (операциялар) жүйесінен тұрады. Операцияны ішкі әрекет деп түсіндіреді. Бастапқыда әрекет сыртқы заттың белгілі нәрсеге әсер етуде қолданылса, одан кейін ол ішкі жаққа ауысып, ақырып орындалады. Осылайша тәсіл де, заттық әрекет те - әрекеттің түрлі категориялары болып табылады. Операцияның нағыз әрекеттен өзіндік ерекшеліктері бар. Мұнай ерекшеліктердің бірі - шектеулігінде. Ішкі әрекет реалды объектілер арқылы емес белгілер, бейнелер, символдар арқылы жүзеге асады. Бірақ кез келген ойлау әрекеті тәсіл болып табылмайды. Бұлар өзара әрекеттесе, өзара байланысты жағдайда ғана белгілі бір жүйені құрайды. Жүйелі тәсілдер ғана - қайтарымдылық қасиетке ие. Ал, қайтарымдылық деген, әр операцияға қарама-қарсы, симметриялы түрде операция бар жағдай, біріншісінің нәтижесінен бастапқы жағдаятты қайта тірілтеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларың креативті ойлауын дамыту ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балаларының логикалық ойлауын дамыту
Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойлауын дамыту жолдары
Бала тәрбиесі - өте күрделі процесс
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау қабілеттерінің даму ерекшеліктері
ЕРЕСЕКТЕР ТОБЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМУЫНА АРНАЛҒАН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлауының даму ерекшеліктері
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТІЛІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Мектеп жасына дейінгі кезеңнің психологиялық ерекшеліктеріне теориялық сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz