Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісінің дамуы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМ ҮРДІСІНІҢ ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНДА ТАНЫМ ҮРДІСТЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.1. Баланың зейінін тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2. Балада түйсіктердің дамуы мен өзара байланысуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.3. Баланың қабылдауын дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
2.4. Балада естің дамуы және оны тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
2.5. Баланың ойлауын дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
2.6. Баланың қиялын дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
3. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
3.1. Эксперимент барысы
3.2.

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
ҚОСЫМША 1 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
ҚОСЫМША 2 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
Танымдық белсенділікті психологиялық - педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс -әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Танымдық белсенділік баланың психологиялық - денелік дамуының алғы шарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты балалардың жоғары психикалық үрдісін қабылдау, зейін, ойлау, түйсік, ес, қиял ерекшеліктеріне тоқталып, оларға анықтама береміз.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық танымдық үрдістерін және мектепке оқуға дайындық мотивациясын қалыптастыру.
Аймауытұлы Ж. Психология. – Алматы: Рауан, 1995
2. Алдамұратов А. Жалпы психология. - Алматы,1996.
3. Бабаев С. Психология танымы, Түркістан, 2000. – 346 б.
4. Бап-Баба С. Б. Жалпы психология Алматы, 2003
5. Выготский Л. С. «Баланың жас ерекшеліктері және кемтар бала психологиясы» Алматы , 1999 ж.
6. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. - Алматы , 2002.- 335 б.
7. Жарықбаев Қ. Жалпы психология. - Алматы, 2004
8. Зимняя И.А. Педагогикалық психология: Оқулық.- Алматы - 2005.-405
9. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. – Алматы, 1982
10. Темірбеков А., Балаубаев С, Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. – Алматы: Мектеп, 1987. – 545 б.
11. Тілеубекова А.Р. Адамгершілік тәрбиесінің негіздері, А.., 1991 – 196б
12. Мухина В.С Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы – Алматы: Мектеп, 1986 – 232б

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМ ҮРДІСІНІҢ
ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНДА ТАНЫМ ҮРДІСТЕРІНІҢ
ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
7
2.1. Баланың зейінін
тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .17
2.2. Балада түйсіктердің дамуы мен өзара
байланысуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ...22
2.3. Баланың қабылдауын
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.24
2.4. Балада естің дамуы және оны
тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...26
2.5. Баланың ойлауын
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 29
2.6. Баланың қиялын
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..30
3. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
3.1. Эксперимент барысы
3.2.

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..34
ҚОСЫМША
1 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .35
ҚОСЫМША
2 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .36

КІРІСПЕ

Танымдық белсенділікті психологиялық - педагогикалық құбылыс ретінде
анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының
ерекшелігіне талдау жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін қалыптастыру
жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Себебі меңгерілген
білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және
тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс
-әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Танымдық белсенділік баланың
психологиялық - денелік дамуының алғы шарты мен нәтижесі болып табылады.
Осыған байланысты балалардың жоғары психикалық үрдісін қабылдау, зейін,
ойлау, түйсік, ес, қиял ерекшеліктеріне тоқталып, оларға анықтама береміз.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың
психикалық танымдық үрдістерін және мектепке оқуға дайындық
мотивациясын қалыптастыру.
Барлық танымдық процестер үрдістердің қасиеттері мен қатар бір-бірімен
сипатын анықтай отырып, олармен бірге және тығыз байланыста болуып
бірізділікте жүреді. Демек оқыту үрдісінде ынталандыру- бұл ең алдымен бала
ойлауын дамыту болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- мектеп жасына дейінгі балаларға психологиялық қолдау жасау.
- Іс-әрекет және оның әдіснамалық негізі қарастыру.
Адамдарда тану екі негізгі формада жүзеге асады: сезімдік тану формасы
және абстракциялық ойлау формасы. Сезімдік тану, түйсік, қабылдау, елестету
сияқты жолдармен көрініс табады, оның көмегімен біз заттардың жеке
қасиеттерін ажыратамыз. Сезімдік тану - бұл тек ойлаудың бастапқы сатысы,
адам дүниені түйсіне отырып қабылдайды.
Баланың ақыл – ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес,
танымдық іс -әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге еске сақтау,
ойлау, елестету, танымдық шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды.
Бала дамуы үшін есте сақтауы мен ойлау қабілетінің мәні өте зор.
Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық
ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Л.С. Выготский пікірінше, ойын
мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші,
басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін
жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып үйрене
бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар
ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті,
қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық
қабілеті мен дарынын ұштайды.
Курстық жұмыстың гипотезасы: Балабақшада тәрбиеленетін мектеп жасына
дейінгі балалардың психологиялық таным деңгейін анықтау және талдау.
Атақты психолог ғалымдары Л.С. Выготский, А.И. Леонтьев, А.С.
Запорожец, Л.Д. Венгер, Д.Б. Эльконин, Е.И. Игнатьева, Ю.К. Бабанский, И.Я.
Лернер т.б. зерттеушілердің еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың
жеке басының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі іс-әрекеттердің ішіндегі ең
маңыздысы шығармашылық белсенділіктің сапалығына назар аударады. Алайда
мектепке бару қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде жекелей
өзгешеліктер өсе түседі. Бұл өзгешеліктер мынадан көрінеді: балалар бір-
бірінен ақыл-ой, адамгершілік және жекелей дамымен ажыратылады.
Курстық жұмыстың пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық
таным үрдістерінің маңызы.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспедан, екі тараудан, қорытынды,
қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымшадан тұрады.

1. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМ ҮРДІСІНІҢ ДАМУЫ

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе,
ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып
табылады.
Мектепке дейінгі балалық – адам өміріндегі қысқа кезең, бар болғаны
алғашқы жеті жыл. Бірақ баланы ересектерден бөлетін дәл осы кезең,
қамқорсыз сәбидің біршама толыққанды, белсенді тұлғаға айналады.
Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау
қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен
құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт.
Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы
кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп,
ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға
белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына
ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін
қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-
анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды.
Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен
білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-
тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға
шығармашылықпен үлес қосып отырса.
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен
балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.
Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу,
дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады.
Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше. Даму барысы:
1. Зердесін дамыту
2. Эмоциясы мен сезімдерін дамыту
3. Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту
4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту
5. Танымдық үрдісін дамыту
6. Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту
7. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту.
А. Едігенова бойынша баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі
жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы
балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың
құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында
бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам
баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір
нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте
байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды
ойлантады.
Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын
білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол
сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше,
ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой
еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек
адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына
жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл
баланы дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін .
В.С. Мухина бойынша мектеп жасына дейiнгi және бастауыш мектеп
жасындағы балаларда мiнез-құлық мотивациясы: мiнез-құлықтың саналы
регуляциясы күшейедi, мотивтер мен қажеттiлiктер көлемi ұлғаяды, рухани
және материалды қажеттiлiктер сферасы кеңейедi, қарым-қатынасқа деген
қажеттiлiк, жетiстiкке жету, басқарушылыққа қажеттiлiк сияқты әлеуметтiк
қажеттiлiктер нығая түседi. Көп бiлу, басқалардан жоғары болу, өзi жасай
алу сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады .
Т. Рибоның айтуынша, баланың шығармашылық қабілеті тәжірибелілігіне
байланысты дамиды деп тұжырымдайды. Мектеп жасына дейінгі кезең – қиялдың
тез дамитын уақыты. Сондықтан қиялдың дамуын төрт ерекше кезеңдерге бөлуге
болады (2 жастан 6-7 жасқа дейінгі аралықта):
1. Бірінші кезең баланың қабылдауының ерекшелігіне байланысты (бір
заттан басқа бір затты көре бастауы);
2. Екінші кезең – қиялдың ойыншықтарды жандандыру құдіретінің
байқалуы;
3. Үшінші кезең – ойындағы рөлдерге байланысты өзгеруі;
4.Төртінші кезең – бала қиялында өзіндік көркемдік шығармашылықтың
басталуы (бейнелерді қайта құруы, жасауы).
О.М. Дьяченко мен А.И. Кирилованың тәжірибелік зерттеулерінде бала
дамуында қиялдың екі түрі (сезімдік және танымдық) жүзеге асады. Танымдық
қиялдың басты міндеті – ақиқат өмірдің белгілі бір түрде бейнеленуі.
Сезімдік қиял, белгілі бір жағдайға байланысты қайшылық болғанда, баланың
өзіндік Мені қалыптасқанда және оның құрастырудағы бір механизм болады.
Е.Е. Кравцованың зерттеуінде қиялдың даму қызметінде үш түрлі компонентті
бөліп көрсетті:
1. Көрнекілікке сүйену;
2. Өткен тәжірибесін қолдану;
3. Ерекше ішкі позицияны қолдану.
Осы үш компоненттің қолдануында халық ертегісінің айрықша орнын
анықтап, зерттеуге мән берілді .
Мектеп жасына дейінгі кезеңде қиял – қоғамдық тәжірибені меңгерудегі
алғышарттары болып келеді, өйткені балалар қоршаған ортаны, адамгершілікті,
эстетикалық идеяларды өзіндік көзқараспен қабылдайды. Баланың қиялы
ересектерге қарағанда әлсіз. Л.С. Выготскийдің тұжырымына сүйенсек, Бала
қиялының дамуы біртіндеп, шамасына қарай қабылдауынан басталады. Қиялда
болатын барлық образдар, қаншама таңғажайып болып көрінгенмен де, баланың
өмірден көрген-білгенінен негізделеді. Кейде бала өмірде кездескен кейбір
жағдайларды өзіндік қабылдаумен түсіндіргенде, бізге үлкендерге күтпеген
таңқаларлықтай болып естіледі.
С.Л. Рубинштейннің айтуынша Қиял – бұл образдық форманы іске асыру,
өзгеріске енгізу деп түсіндіреді. Л.С. Выготский мен А.Н. Леонтьев қиялдың
ерекшелігіне қарай оған арнайы психикалық процесс деп қарауға мән береді.
Атақты психолог Л.С. Выготский баланың қиялы біртіндеп өмір
тәжірибесінің молаюына байланысты қалыптасады деген қорытындыға келеді.
Қазіргі кездегі психологтар мен педагогтар баланың жеке басының
дамуындағы қиялдың маңыздылығының ең тиімді жолы шығармашылық жұмыста
көрсету, үйрету, көркемдік әдебиетте нақтылау, өз бетінше жұмыс жасауына
жағдай жасау, яғни, еркіндік беру керектігін айтады. Сонымен қиялдың дамуы
төмендегідей үш компоненттен тұрады:
Бірінші дәрежеде қиял қоршаған болмыспен байланысты, дайын нәтижені
ойластыруға мүмкіндік береді.
Екінші дәрежеде баланың өткен тәжірибесімен байланысты, бірақ сонда да
заттық байланыстың рөлі бар.
Үшінші дәрежеде қиялдың дамуы балаға ақиқаттан қиялдың қозғалысының
жоғарғы формасы – ой – пікірден оның іске асуына байланысты.
Сонымен, қорыта айтқанда, біздің тәжірибемізге негіз болған 5-6
жастағы балалардың құрастырған ертегілері мен қызықты әңгімелері ұйымдасқан
түрде мағыналы, жүйелі, өз бетінше еркін жүргізілген жұмыс, қиялдың дұрыс
дамуына апаратын көп жолдың бірі болды деп есептейміз.
6 жасар бала өз қиялында алуан түрлі жағдайлар құра алады және баланың
өзі сонда әртүрлі жағынан көрінеді. Ойын барысында қалыптаса отырып, қиял
басқа да іс-әрекет түрінде өте алады. Тілі және қиялы жақсы дамыған бала
қызықты сюжетті тез арада жанынан ойлап шығара алады. Қиялдың үздіксіз
жұмысы – баланың айналадағы әлемді танып-білуінің және игеруінің
маңыздылығы, бұл жеке тәжірибе аумағынан шығудың әдісі .
В.С. Мухина теориясы бойынша өзінің бастамалары жағынан баланың қиялы
сәбилік шақтың соңында пайда бола бастайтын сананың белгілер функциясымен
байланысты. Белгілер функциясын дамытудың бір желісі заттарды басқа
баламалармен және олардың бейнелеулерімен алмастырудан тілдік,
математикалық және басқа белгілерді пайдалануға, ойлаудың логикалық
формаларын меңгеруге әкеледі. Екінші желі нақтылы бұйымдарды, оқиғаларды
қиял арқылы толықтыру мен алмастыру мүмкіндігінің пайда болуы мен кеңеюіне,
жинақталған түсініктердің материалынан жаңа бейнелер құруға жетелейді.
Баланың қиялдауы ойын үстінде қалыптасады. Алғашқы кезде қиял заттарды
қабылдаудан және ойын іс-әрекеттерін орындауынан ажыратылмайтындай. Ойын
үстінде қалыптасқан қиял мектепке дейінгі бала іс-әрекеттерінің түрлеріне
де ауысады. Бала сурет салғанда, ертегілер мен тақпақтарды ойлап шығарғанда
қиял неғұрлым айқын байқалады.
В.С. Мухина бойынша мектепке дейінгі бала әрекетінің жаңа түрлерін,
үлкендердің оған қойған жаңа талаптарын игерудің ықпалымен баланың алдында
бір нәрсеге зейінін шоғырландыру және оған зейін қою, материалды есте ұстау
және оны жаңғырту, ойынның, суреттің т.б ой желісін құру сияқты жаңа ерекше
міндеттер пайда болғанда ғана бетбұрыс жасалады. Осы міндеттерді шеше білу
үшін бала үлкендерден үйренген тәсілдердің қандай да біреуін пайдаланады.
Міне, сонда ғана зейіннің, естің, қиялдың арнайы іс-әрекеттері қалыптаса
бастайды.
Мектепке дейінгі кезеңде баланың зейіні төңіректегі заттарға және
осылар арқылы орындалатын іс-әрекеттерге қатысты ынтамен сипатталынады.
Бала бір нәрсеге ынтасы өшпей тұрған кезде ғана зейінін шоғырлайды. Жаңа
бір нәрсе пайда болысымен-ақ баланың зейіні лезде соған ауады. Сондықтан
балалардың ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады.
Д.Б. Эльконин пікірінше, мектепке дейінгі кезеңде балалар іс-
әрекетінің күрделенуіне жалпы ақыл-ой дамуының ілгеруіне байланысты зейін
күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі
кезеңдегі кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, 5-6 жасқа
жеткенде ойынның ұзақтығы 1,5 сағатқа дейін созылады. Мұны ойында
адамдардың күрделірек іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының бейнеленуімен
және ойынға үнемі енгізілетін жаңа ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге
болады. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін
тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті
көру ұзақтығы екі есе артады, мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда алты
жасар бала суретті жақсырақ түсінеді, оның өзіне қызықты жақтары мен егжей-
тегжейлерін бөліп алады.
Бірақ мектепке дейінгі кезеңде зейіннің негізгі өзгеруі баланың алғаш
рет өз зейінін меңгере білуінде, оны саналы түрде белгілі заттарға
құбылыстарға бағыттай білуінде және кейбір тәсілдерді пайдалана отырып,
соларға зейін қоя білуінде. Мектепке дейінгі шақ ішінде өз зейінін
ұйымдастыру үшін сөзді пайдалану күрт өседі. Мұны, атап айтқанда, мектепке
дейінгі ересектер үлкеннің нұсқауы бойынша тапсырманы орындағанда мектепке
дейінгі кішкентайларға қарағанда нұсқауды 10-12 рет жиі қайталады. Сонымен,
баланың мінез-құлқын реттеуде сөздің маңызының жалпы өсуіне байланысты
мектепке дейінгі шақта ықтиярлық зейін қалыптасады.
В.С. Мухина мектепке дейінгі шақта балалар ықтиярлы зейінді меңгере
бастаса да, бүкіл мектепке дейінгі балалық шақта ықтиярсыз зейін басым
болып қала береді. Балаларға өздері үшін бір текті әрі тартымы шамалы іс-
әрекетке зейін қою қиынға түседі,сонымен бірге ойын процесінде немесе
әсерлі сезімге бөлерліктей тапсырмаларды шешерде олар едәуір ұзақ уақыт
бойы ықыласты болып жүреді. Мектеп жасына дейінгі бала зейінінің ерекшелігі
мектепке дейін оқыту ықтиярлы зейінге үнемі күш салуды талап ететін
тапсырмалар бойынша құрылуы мүмкін емес себептердің бірі болып саналады.
Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері,
іс-әрекет формаларын жиі өзгерту балалардың зейінін айтарлықтай жоғары
деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.
Сенсорлық даму, бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың
кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оларды мөлшеріне қарай
сәйкестендіріп (үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады.
Зейін тікелей қызығушылықпен байланысты (ырықсыз зейін), өйткені
қызықты іске бала көңілі тез ауады. Егер 6 жасар бала ойынмен айналысқан
болса, ол алаңдамай 2, тіпті 3 сағат ойнай береді. Алайда, бұлай зейінді
шоғырландыру – баланың айналысқан нәрсесіне қызығушылығынан туындайды.
Балаға зейінін тәрбиелеуде көмектесу қажет. Үлкендер сөз нұсқаулары арқылы
баланың зейінін ұйымдастыра алады. Оларға біркелкі жалықтыратын және
тартымдылығы аз іс-әрекетпен айналысу өте қиын. Зейіннің бұл ерекшелігі
сабақтарда ойын элементтерін енгізуге және іс-әрекет түрлерін жеткілікті
ауыстырып отыруға негізгі себеп болып табылады.
К.Д. Ушинский Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен қатар,
оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету
керек, бұл жұмысты орындағанда бір жағын басым етіп жібермей, екі жағын
теңестіру арқылы еріксіз зейінді тудырып отырумен қатар, балада белсенді
зейін шамалы болғанына қарамастан оны жаттықтырып отыру керек, - деп
көрсетеді. Оқушылардың зейінін дұрыс қалыптастыруға мұғалімнің жеке басының
үлгі-өнегесінің маңызы да зор .
В.С. Мухина бойынша мектепке дейінгі шақ есте сақтау мен еске түсіру
қабілеттілігінің пәрменді дамуымен сипатталады. Адамдар, оқиғалар есте
сақталатын кезең мектепке дейінгі шақта анықталмаған мерзімге ығысады.
Шындығында, бізге сәбилік шақтағы оқиғалардан бірдеңені еске түсіру қиын
немесе мүлде дерлік мүмкін болмаса, мектепке дейінгі балалық шақ көптеген
әсерлі сәттерді есте қалдырады. Бұл әсіресе мектепке дейінгі ересектерге
тән. Мектеп жасына дейінгі баланың есі негізінен ықтиярсыз сипатта болады.
Бұл бала көбіне өзінің алдына бір нәрсені есінде қалдыру үшін саналы
мақсаттарды қоймайтындығын көрсетеді. Есте сақтау мен еске түсіру баланың
еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге
асады әрі іс-әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс-әрекетте неге
зейін қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есінде сақтайды.
Заттарды, картиналарды, сөздерді ықтиярсыз есте сақтаудың сапасы,
баланың осыларға қаншалықты әсерлі іс-әрекет істеуіне іс-әрекет процесінде
оларды егжей-тегжейлі қабылдау, ойластыру, топтастыру қандай дәрежеде
өтетіндігіне байланысты. Мысалы, суреттерді жай ғана қарап шыққанда оларды
баланың есінде сақтау анағұрлым нашар балады, ал осы суреттерді, өз
орындарына, мысалы, бақшаға, ас үйге, балалар бөлмесіне, қораға дәл келетін
жеке заттарды қою ұсынылғанда бала оларды есінде жақсы сақтайды. Ықтиярсыз
есте сақтау баланың орындайтын қабылдау және іс-әрекеттерінің жанама
қосымша нәтижесі болып табылады.
Мектепке дейінгі жастағылардың ықтиярсыз есте сақтауы мен ықтиярсыз
еске түсіруі – ес жұмысының бірден-бір түрі. Бала бірдеңені есте сақтау
немесе еске түсіру жөнінде алдына әлі мақсат қояды, ал бұл үшін арнаулы
тәсілдерді қолдануды білмейді. Мысалы, үш жастағы балаларға суреттер
тобының біреуін сұрағанда балалардың басым көпшілігі өзін мүлде бірдей
ұстады. Суретке көз жүгіртіп өткеннен кейін бала оны шетке ығыстырып қойып,
үлкен адамнан басқа суретті көрсетуді сұрады. Кейбір балалар бейнеленген
заттар жөнінде әңгімелеп беруге тырысты, суретке байланысты өткен
тәжірибенің жағдайларын еске түсірді (Көзілдірікті көзге киеді. Мынау-
көбелек, құрт деп аталады. Қарбыз. Мен, анам және әкем- үшеуіміз үлкен
қарбыз сатып алғанбыз, алқоры одан әлдеқайда кіші, тағы осындайлар). Әйтсе
де есте сақтауға бағытталған балалардың ешбір іс-әрекеттері байқалмады.
В.С. Мухинаның пікірінше есте сақтау мен еске түсірудің ықтиярлы
формалары мектепке дейінгі естияр шақта қалыптаса бастайды және мектепке
дейінгі ересектерде жетіледі. Ықтиярлы есте сақтау мен еске түсіруді
меңгерудің неғұрлым қолайлы шарттары ойын үстінде жасалады, бала өзіне
алған рольді жақсы орындап шығу есте сақтау шарты болған кезде жасалады.
Мысалы, сатып алушының ролін алған бала дүкеннен белгілі заттарды сатып алу
жөніндегі тапсырманы орындаушы ретіндегі баланың есте сақтайтын сөздерінің
саны үлкен адамның тікелей талабы бойынша есінде сақтауға тиісті сөздерден
көп болып шығады.
Естің ықтиярлы формаларын меңгеру бірнеше кезеңнен тұрады. Олардың
біріншісінде әлі қажетті тәсілдерді меңгере алмай тұрып бала есте сақтау
мен еске түсіру міндетінің өзін бөле бастайды. Мұнда еске түсіру міндеті
бұрын бөлінеді, өйткені бала алдымен дәл еске түсіруді, елестетуді қажет
ететін ахуалдарға кездеседі. Бұған дейін ол нені қабылдап, жасағанын
көрсететін іс-әрекетті білуі керек. Есте сақтау міндеті еске түсіру
тәжірибесінің нәтижесінде пайда болады.
В.С. Мухинаның айтуынша, есте сақтау мен еске түсірудің жолдарын бала
өз ойынан шығара алмайды. Ондай жолдарды белгілі түрде баланың есіне
үлкендер салады. Мысалы, үлкен адам балаға тапсырма бергенде оған осы арада
дәл оны қайталап беруді талап етеді. Үлкен адам баладан бір нәрсе
сұрағанда, оның еске түсіруіне бағыт береді: Сосын не болады?, Жылқыға
ұқсас сен тағы қандай жануарларды көрдің? Тағы сол сияқты. Бала біртіндеп
қайталай білуге, түсіне білуге, материалды есте сақтау мақсатында
байланыстыра білуге, еске түсіргенде байланыстарды пайдалана білуге
үйренеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың кейбіреулерінде эйдетикалық ес деп
аталатын көру есінің ерекше түрі байқалады. өзінің айқындығы мен дәлдігі
жағынан эйдетикалық естің бейнелеріне жуықтайды: бұрын қабылданған бір
нәрсені есіне түсірген бала соны көз алдына қайтадан көріп тұрғандай
болады. Эйдетикалық ес – жас шағының құбылысы. Мектепке дейінгі жаста
осындай есі бар бала, кейінірек, мектепке оқыту кезеңінде, әдетте өзінің
бұл қабілеттілігін жоғалтады.
Мектепке дейінгі жас – естің қарқынды даму жасы. Ес – бала үшін
маңызды оқиғалар мен мәліметтерді жаданда қалдырады және сақтайды.
Сондай-ақ мектепке дейінгі балалардың ойлау үрдісіне тоқталсақ, ойлау
– тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау
психикасының ерекшелігі – танымдық белсенділігі. Ойлау – сыртқы дүние
заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының адам миында жалпылай
және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ақыл-ой жағынан бала қаншалықты
пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның сұрақтары соншалықты
алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары
туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау – 6 жасар бала ойлауының негізгі түрі.
Әрине, ол жекелеген жағдайларға логикалық ойлауды да орындай алады,
бірақ та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымырақ болады. Мұның өзі
осы жастағы балалардың естері еріксіз жақсы дамиды. Ерікті естері жаңа ғана
қалыптасады. Сондықтан жақсы қабылдап алған заттардың түсін есінде жақсы
сақтайды. Көру және есту елестері көрген нәрселердің мазмұнымен байланысты
болады.
Мектепке түсу балалардың логикалық есін дамытуда үлкен роль атқарады.
Оқушылардың есін тәрбиелеуде де мұғалім олардың жас және дара
ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыс жүргізеді. Кіші мектеп жасындағы
балаларды оқу тәсілін өз бетімен таңдап ала алмайтындықтан мұғалім үйге
тапсырма бергенде, материалды қалай оқу керектігін балаларға ұдайы ескертуі
керек. Бұл жөнінде оқулықтардың бәрінде мәтінді қалай оқу, тапсырманы қалай
орындау керектігі айтылған. Бірақ баланың назары кейде бұған жөнді түсе
қоймайды. Мұғалім мұны қатты ескерген жөн.
Мектепке дейінгі балалық шақта заттардың, құбылыстардың, іс-
әрекеттердің арасындағы байланыстар мен қатынастарды бөлу мен пайдалануды
талап ететін күрделі де сан алуан міндеттерді баланың шешуіне тура келеді.
Ойында, сурет салуда, құрастыруда , жапсыруда, оқу және еңбек тапсырмаларын
орындауда бала үйреніп алған іс-әрекеттерді жай ғана пайдаланып қана
қоймайды, жаңа нәтижелер ала отырып олардың тұрақты түрін өзгертеді.
Мектеп жасына дейінгі балалар өздерін қызықтырған мәселелерді түсіну
үшін өзіндік эксперименттер жасауға кіріседі, құбылыстарды бақылайды,
оларды талқыға салып, қорытындылар жасайды. Мектепке дейінгі балалық шақтың
соңында кейбір механикалық физикалық және басқа байланыстар мен
қатынастарды түсінуді, осы байланыстар мен қатынастар туралы білімді жаңа
жағдайларда қолдана білуді талап етеді. Осы жастағы балалардың жылдың
соңына дейін абстрактылы логикалық ойлауы жақсы дами түседі. Бірақ тәжірибе
түрінде, бала затты көрмей тұрса, берген сұраққа толық жауап бере алмайды.
Бала ойлаудың барлық операцияларын жақсы қабылдауға тиіс.
Балалардың ойлауын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие процесі шешуші роль
атқарады. Бала ойлауын дамыту үшін мұғалім тиісті жұмыстар жүргізіп отыруы
тиіс. Ой тәрбиесі адамның психологиясын жан-жақты етіп тәрбиелеумен ұштасып
жатады.
Таным әрекетінің бірі - қабылдау. Тілдік мәліметтерді және жазылымдағы
қатысымдық тұлғаларды ұғыну қабылдаудан басталады. Тілді меңгеру барысында
тіл үйренуші есту, көру, сезу арқылы дыбыстарды, сөздерді, сөйлемді
қабылдауға үйренеді. Бала қоршаған ортаны жақсы қабылдауға тиіс.
Д.Б. Эльконин бойынша кіші мектеп жасындағы балаладың танымдық
үрдістердің дамуына келсек, олардың оқу ісіндегі қабылдауы – формамен
түстерді тану және атауға келіп тіреледі. Мысалы, түрлі түсті құмыра салу
үшін, олар форма, көлем жағынан әртүрлі болып келеді. Төменгі сыныптарда
оқитын балалардаң қабылдауында төмендегідей ерекшеліктер болады. Олар әлде
де болса құбылыстарды тұтас зат күйінде жөндеп қабылдай алмайды. Мәселен,
ол заттың өзіне ұнағанын, олардың көзге бірден көрінетін сыртқы белгілерін
қабылдауға ұмтылады. Мұндай қабылдауда белсенділік жағы аз болады. Үшінші
сыныптан бастап балалардың қабылдау саласындағы қателер азая бастайды.
Оқушы заттың негізгі белгілерін байқай алатын болады. Қабылдауда анализ бен
синтез қатар жүреді. Бала әр заттың өзіндік белгісін ұққысы келеді, оның
мәніне ішкі,сыртқы құрылысына, жасалу принципіне зе сала бастайды. Қабылдау
процесінің күрделене түсуі балаларда байқай алу қабілетінің көрінуімен
ұштасады. Алайда, байқаудың қарапайым элементі бірінші сынып оқушыларында
да бар. Байқау – белсенді ой-әрекетінің балада дамып келе жатқандығының
көрінісі.
Мектепке дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын педагогтар мен
тәрбиешілер, ата-аналар балалармен жылдың қай мезгілінде болмасын далаға
шығып, серуендегенде, әртүрлі ойын ойнағанда осы ойланту әдісіне баса көңіл
бөлуі қажет. Бала бойына ерекше әсер етіп түрткі болатын айналадағы өлі
және тірі табиғаттардың сан түрлі құбылыстары.
К.Д. Ушинский – баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның
өзіндік логикалық ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін
көрсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары
болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге
жетелейді. Сондай-ақ, кімде-кім баланың тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең
алдымен оның ой қабілетін дамытуы тиіс, - деп көрсетеді.
Онтегенездің бастапқы кезеңдерінде қарым-қатынас бала өмірінде аса
маңызды функция атқарады. Бала мен ересектің қарым-қатынасы білім,
іскерлік, дағдыны біреудің жай қасында емес, өзара әсерлесу нәтижесінде,
өзара баю мен өзгерудің күрделі процесі.
Бала өзіне берілетін басқаның тәжірибесін белсенді түрде ой елегінен
өткізіп, өңдеп пайдаланады. Психолог ғалым Б. Спок ересек адамның жанұяда
және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас тиімді құра алуы, мектепке дейінгі
кезеңде басқа балалармен жасаған қарым-қатынастың тиімділігімен
анықталатынын тұжырымдаған. Ол бала басқа балалармен қарым-қатынас
барысында өз құқығын қорғауға т.б жатқызады. Қарым-қатынас жасаудың адам
өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік және психологиялық негізі ең алдымен адамның
күнделікті тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен байланысты
екендігі айқын.
Мектепке дейінгі балалар әдетте ойынды, сурет салғанды жақсы көреді,
ересектермен және өзі қатарлы балалармен лезде тіл табысып кетеді. Мектепке
дейінгі шақтың әсіресе, алғашқы үш жылы психологияда қауіпті кезең
аталып, өзіне зерттеушілердің үлкен зейінін аударуда. П. Бадалян ...осы
уақытта сәби арнайы үйрету мен тәрбие көрмесе, кейін ол өте қиынға түсіп,
тіпті кеш болуы да мүмкін деген. Дер кезінде тәрбие мен үйрету көрген бала
бес жасында еш қиындықсыз таза сөйлей білуі тиіс.
Сонымен мектепке дейінгі жас - ерте онтогенез кезеңіндегі ең ұзақ және
күрделі психикалық даму көрінісі болып табылады. Мұның өзі психологиялық
зерттеулердің объекті ретінде қосылды және ол ғылыми әдебиеттерде
оқиғалардың әр алуандығылығы ретінде көрсетіледі.

2. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНДА ТАНЫМ ҮРДІСТЕРІНІҢ
ТҮРЛЕРІ

2.1. Баланың зейінін тәрбиелеу

Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып
шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным
процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне
қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған
дұрыстап зейін қоймаудан болады.
Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен
маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне,
оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына,
темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады.
Адамның зейіні ырықты зейін, ырықсыз зейін және үйреншікті зейін болып
үшке бөлінеді. Адам өмірінде ырықсыз зейін де елеулі орын алады. Ал ырықты
зейін әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалады.
Үйреншікті зейін адамның әдетіне айналып кеткен зейін. Ол арнайы күш
жұмсауды қажет етпейді. Жеке адам зейінінің негізгі ерекшеліктеріне
тұрақтылық, оның бір нысаннан екінші нысанға оңай ауысуы, бөлінуі,
нысандарды қамту көлемі, алаң болмаушылық, т.б. жатады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіннің әртүрлі қасиеттерін
зерттеуге арналған әдістемелер.
Мектепке дейінгі шақта зейіннің, естің, қиялдың дамуында көптеген
ұқсастықтар бар.
Егер сәбилік шақтың өзінде қабылдау мен ойлау іс-әрекеттері ретінде
анықтауға болатын бағдарлау іс-әрекеттерінің ерекше формалары ретінде
бөлінсе, мектепке дейінгі шақта мұндай іс-әрекеттер үздіксіз күрделене және
жетіле түсуі, ал зейін, ес, қиял ұзақ уақыт жеке сипат ала алмайды. Бала
бірдеңеге назар аударарлықтай көргені мен естігенін жадында сақтарлықтай,
бұрын қабылдағанының аумағынан шығарлықтай арнайы іс-әрекеттерді игере
білмейді. Мұндай іс-әрекеттер тек мектепке дейінгі шақта қалыптаса
бастайды.
Сәбилік шақта балалар заттарды аудара-төңкере құбылтуда немесе
суреттерді қарауда зейінін шоғырландырады, көптеген тәжірибе жинақтайды,
шимай-шатпақтарынан машинаны немесе үлкен кісіні көре бастайды. Бірақ
осының бәрі заттардың олардың қасиеттері мен қатынастарын практикалық іс-
әрекеттері, төңіректі жалпы бағдарлаудың нәтижелері, бірақ жаңа бейнелерді
жасау немесе оларды есте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдіру тәсілдері
«Есті зерттеу»
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
Оқу-танымдық іс әрекетінің негізгі мәселелері
Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға бағытталған технологиялар
БАЛАБАҚШАДА МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМ ҮРДІСІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық мәні
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ИННОВАЦИЯЛАРЫ
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойының дамуы
Оқытудың интерактивті әдістерінің негіздері
Пәндер