Мектепке дейінгі балалардың дамуының және тәрбиенің теориялық пен практикалық негіздері



КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЖӘНЕ ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.
1.1. Бала дамуындағы тұқым қуалаушылықтың ролі.
1.2. Дамудағы әлеуметтік орта мен тәрбиенің жетекші ролі.
1.3. Тәрбие жүйесінде мектеп жасына дейінгі балаларды жас шамасына қарай бөлу.
ІІ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
2.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісінің даму
2.2. Ойын . балаларды дамыту және тәрбиелеу құралы.
2.3. Психологиялық ойын.жаттығуларды іс.тәжірибеде қолдану.
2.4. Буденнов орта мектебінің шағын.орталығында балаларды дамыту үшін жүргізілген жұмыс.
Әдебиеттер
Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Ұлы абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады», - десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстінде шимайды қалай салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді», - деген екен.
Адамның дамуы дене, психикалық және әлеуметтік жетілу, пісу процесі болып табылады да, туа біткен және өсе келе бойға сіңген қасиеттердің, сандық және сапалық өзгерістерінің бәрін қамтиды. Дене дамуы бойдың, салмақтың өзгеруімен, бұлшық еттер күшінің артуымен, сезім мүшелерінің жетілуімен, қимылдардың үйлесімділігімен т.б. байланысты. Психикалық даму процесінде танымдық, еріктік, эмоциялық процестерде, жеке адамның психикалық сипаттары мен белгілерінің қалыптасуында елеулі өзгерістер болады. Даму барысында баланың биологиялық индивид ретінде адамға, жеке адам ретінде адамзат қоғамының мүшесіне айналуы жүзеге асады. Адамның дамуы дегеніміз – оның тегінде бар және туа біткен белгілердің жай ғана сандық көрінісі емес. Даму – бұл ең алдымен айналадағы болмыстың ықпал жасауымен ағза мен психикада болып жатқан сапалық өзгерістер. Адамның дамуы мен оның жеке басының қалыптасуы біртұтас процесс.
1. Ә. Меңжанова «Мектепке дейінгі педагогика» - Алматы «РАУАН» 1992
20 – 46 беті
2. Ф. Н. Жумабекова «Мектепке дейінгі педагогика» Астана «ФОЛИАНТ» 2008 55 – 78 беті.
3. «Мектепалды даярлық» журналы № 6 2009жылы 19 – 20 беті.
4. «Мектепалды даярлық» журналы № 4 2009 жылы 11 – 12 беті.
5. «Республикалық ғылыми - әдістемелік журналы» № 3 2009 жылы 6 – 8 беті.
6. «Отбасы және балабақша» журналы № 1 2008 жылы 11 – 13 беті.
7. «Отбасы және балабақша» журналы № 5 2008 жылы 8 – 9 беті
8. Әбиев «Мектепке дейінгі педагогика» Алматы 2005
9. В. С. Мухина «Балалар жас психологиясы» Алматы «РАУАНА» 1998 жылы 26 – 43 беті.
10. Т.Сабыров «Балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің кейбір мәселелері» Алматы 1977 124 – 131 беті.
11. Ө.А.Уманов, В.А.Парфенов «Бала бақыты» Алматы, 1979 жылы 25-28 беті.
12. Р. Қоянбаев «Тәрбиетеориясы» - Алматы, 1991 жылы. 68-74 беті
13. Е.Сағындықұлы «Педагогика» Алматы 1999 жылы 45-55 беті
14. В.А. Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. - Алматы, 1976. 214-221 беті
15. Божович Е.И. Личность и ее формирование в детском воз-расте.-Москва 1968 124 – 132 беті

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЖӘНЕ ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.

1.1. Бала дамуындағы тұқым қуалаушылықтың ролі.

1.2. Дамудағы әлеуметтік орта мен тәрбиенің жетекші ролі.

1.3. Тәрбие жүйесінде мектеп жасына дейінгі балаларды жас шамасына қарай
бөлу.

ІІ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ

2.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісінің даму

2.2. Ойын – балаларды дамыту және тәрбиелеу құралы.

2.3. Психологиялық ойын-жаттығуларды іс-тәжірибеде қолдану.

2.4. Буденнов орта мектебінің шағын-орталығында балаларды дамыту үшін
жүргізілген жұмыс.

Әдебиеттер

Кіріспе.

Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. ұлттың бүгіні де,
болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып
қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы
кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Ұлы абай: Адам ата-анадан туғанда есті
болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды
дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады, - десе,
француз педагогы Жан Жак Руссо: Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның
үстінде шимайды қалай салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол
сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді, - деген екен.
Адамның дамуы дене, психикалық және әлеуметтік жетілу, пісу процесі
болып табылады да, туа біткен және өсе келе бойға сіңген қасиеттердің,
сандық және сапалық өзгерістерінің бәрін қамтиды. Дене дамуы бойдың,
салмақтың өзгеруімен, бұлшық еттер күшінің артуымен, сезім мүшелерінің
жетілуімен, қимылдардың үйлесімділігімен т.б. байланысты. Психикалық даму
процесінде танымдық, еріктік, эмоциялық процестерде, жеке адамның
психикалық сипаттары мен белгілерінің қалыптасуында елеулі өзгерістер
болады. Даму барысында баланың биологиялық индивид ретінде адамға, жеке
адам ретінде адамзат қоғамының мүшесіне айналуы жүзеге асады. Адамның дамуы
дегеніміз – оның тегінде бар және туа біткен белгілердің жай ғана сандық
көрінісі емес. Даму – бұл ең алдымен айналадағы болмыстың ықпал жасауымен
ағза мен психикада болып жатқан сапалық өзгерістер. Адамның дамуы мен оның
жеке басының қалыптасуы біртұтас процесс.
12 жылдық білім берудің қажеттілігі, бес жасар балаларды мектепалды
даярлықтан өткізу мәселелерімен бірге, жалпы білім беретін мектептерде және
балалар бақшасында білім, білімділік бағдармалардың сапасын арттырып,
тәрбие жұмысын жетілдіруді көздейді.
Балаларды мектепке дайындауда психологиялық өріс-еркіндік, батылдық,
имандылық тәрбиелерін бала бойына сіңіріп, оларды жеке тұлға ретінде
қалыптастыру шешуші роль атқарады.
Сондай-ақ, балаларды мектепалды даярлықтан өткізу барысында оқыту мен
тәрбиелеудің төрт міндеті қарастырылады.
Бірінші міндет: әлеуметтік дамуда баланың үлкендермен қарым-қатынасы
және өз құрбы-құрдастармен баланың ой-өрісінің қалыптасу мүмкіндіктері
көзделеді, өз отанына, отбасына халқының салт-дәстүріне көңіл бөлу жолдары
қарастырылады.
Екінші міндеті: танымдық даму барысында мына міндеттер ерекшеленеді:
айнала қоршаған өмірмен таныстыру мәселелерін түйіндеу, оның тәсілдері мен
қасиетін сезіну.
Үшінші міндеті: әсемдік даму эстетикалық барысында өмірге деген
құштарлық мен көркемдік танымды қалыптастырады.
Төртінші міндеті: дене тәрбиесі дамуында салауатты өмір салтын
қалыптастыру, дене мәдениетінің жан-жақты күтімі мен дұрыс дамуы, өзін
қоршаған ортамен байланысы, өз денсаулығына, ауру-сырқау т.б. қауіп
қатерден сақтану қарастырылады.
Қазақастан Республикасының 2010 жылға дейінгі білім беруде дамытудың
мемлекеттік бағдарламасында үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі
мектепке дейінгі тәрбие және оқытуда баланың бойында оқу қызметін меңгеруге
қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеуге, яғни мектепалды дайындыққа ерекше
көңіл бөлініп отыр.
Мектепалды даярлықтың негізгі мақсаты 5 - 6 жастағы балалардың дене
дамуымен психикалық саулығын қорғау және нығайту ақыл ойын жетілдіру,
олардың бойында қарапайым білім негіздерін іскерлікпен, дағдылардың
алғышарттарын қарай отырып, бастауыш мектепте білім алуға бірдей бастапқы
мүмкіндіктермен қамтамасыз ету. 5 – 6 жасар балалардың мектепалды даярлығы
отбасыдан, мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды даярлық топтарында
немесе жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарында, мектепке
дейінгі шағын орталықтарда мектепалды даярлық бағдарламасы негізінде жүзеге
асады.

1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЖӘНЕ ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.

1. Бала дамуындағы тұқым қуалаушылықтың ролі.
И. П. Павловтың ілімі бойынша, даму – ішкі және сыртқы әсерлердің өзара
әрекеттестігі, ағзаның айналадағы ортамен үйлесуі, сәйкес келуі.
Даму - өте күрделі процесс. Баланың дамуына үш негізгі фактор: тұқым
қуалаушылық, орта және тәрбие ықпал етеді.
Тұқым қуалаушылық – жас ұрпаққа ата-аналарының бойындағы биологиялық
ұқсастығының берілуі. Мысалы, ата-аналарының дене бітімі, өңі, шашы мен
көзінің түсі т.б. адам ағзасының қасиеттері, жүйкелерінің кейбі
ерекшеліктерінің берілуі. Генетиканың қазіргі түсінігі бойынша тұқым қуу
дегеніміз барлық ағзаның өз ұрпағында өздеріне ғана тән биосинтезді және
зат алмасуды қайталап отыруы.
Тұқым қуалаушылық туралы алғашқы түсініктер ежелгі дәуірде — Демокрит,
Гиппократ, Платон және Аристотель еңбектерінде кездеседі. Гиппократ
жұмыртқа клеткасы мен сперма организмнің барлық бөліктерінің қатысуымен
қалыптасады және ата-ананың бойындағы белгі-қасиеттері ұрпағына тікелей
беріледі деп есептеді. Ал Аристотельдің көзқарасы бойынша белгі
қасиеттердің тұқым қуалауы тікелей жүрмейді. Яғни тұқым қуалайтын материал
дененің барлық бөліктерінен келіп түспейді, керісінше, оның әр түрлі
бөлшектерін құрастыруға арналған қоректік заттардан жасалады.
Бұдан кейін Ч.Дарвиннің пангенезис теориясы маңызды орын алады. Бұл теория
бойынша өсімдіктер мен жануарлардың барлық клеткалары өзінен ұсақ бөлшектер
— геммулалар бөліп шығарады. Олар жыныс органдарына өтеді де сол арқылы
белгілер мен қасиеттер ұрпаққа беріледі. Геммулалар кейде “мүлгіген
жағдайдаң болып, бірнеше ұрпақтан кейін білінуі мүмкін. Соған байланысты
ұрпақтарда арғы ата-ана тектерінің белгі-қасиеттері қайталана алады деп
есептелінген.ХІХ ғасырдың 80-жылдарында “пангенезис” теориясын А.Вейсман
өткір сынға алды. А.Вейсман “ұрық плазмасы” туралы болжам ұсынды. Бұл
болжамында тек жыныс клеткаларында кездесетін, тұқым қуалайтын заттың
болатындығын айтты.
Адамның міңез-құлқының тұқым қуалаушылық программасы адамзат тұқымын
жалғастыра түсу, ағзаға оның өмір сүру жағдайларының өзгеруіне икемділік
көмектесетін реттеу жүйесін қамтамассыз ету мақсатын көздейді.
Бала өзінің әрі қарай дамуына қажетті алғышарттармен туады. Мұндай
алғышарттарға адам ағзасында анатомиялық, биологиялық, физиологиялық
ерекшеліктері дамыған жүйкесінің болуы, оның ішкі және сыртқы әсерлерді
қабылдау ерекшелігі жатады.
И.П. Павлов ілімі бойынша балада көптеген туа біткен инстинктер болады.
Олар шартсыз рефлекстер тобына жатады. Бала туғаннан тамақты, ұйқыны,
жылылықты, қимылды т.б. органикалық түрде қажет етеді. Баланың осындай
биологиялық ерекшеліктерін елеумеуге болмайды, өйткені ол әлеуметтік өмірде
үлкен роль атқарады. Адамның рухани дамуы үшін биологиялық алғы шарттардың
болуы өте қажет.
Баланың инстинкті жануарлар төлінің инстинктіндей дайын, қалыпты әсер
түрінде көрініс таппайды. Баланың өмірге биімделуі өзгеше, адамдық сипатта
болады. Адамға тән қасиеттерді тәрбиелеу үшін белгілі дәрежеде адамға тән
биологиялық дене құрылымы, миы болуы қажет. Міне, сонда ғана оны тәрбие
арқылы дамыту мүмкін.
Туа біткен икемділік өзгеріссіз қалмайды. Өзгергіштік – адамның жоғары
құрылымды жүйкесінің қасиеті. Адамның бұл қабілетін И.П. Павлов жүйкенің
икемділігі деп атаған.
Педагогика тұқым қуалаушылықтың ролін жоққа шығармайды, тұқым қуалаушылық
арқылы кейбір биологиялық сипаттағы икемділік, бейімділік, қабілеттілік
ауысып отырды, бірақ ол дамуда негізгі анықтаушы роль атқармайды деп
есептейді.

1.2. Дамудағы әлеуметтік орта мен тәрбиенің жетекші ролі.

Орта деген ұғымға стихиялы түрде балаға ықпал ететін әр қилы сыртқы
құбылыстардың жиынтығы жатады. Орта адамның дамуына елеулі әсер етіп
отырады, баланың дамуы үшін: 1) табиғи орта (тамақ, ауа,жылу,жарық),
географиялық орта (климат, жыл мезгілдеріне байланысты өзгерісте, тау-тас,
қырат, жазық, өзен, көл, оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс т.б.); 2)
әлеуметтік орта қажет. Оған қоғамдық өмір, адамдар, олардың саналы іс-
әрекеттері, қарым-қатынастары, мәдениеті, әдебиеті, саясаты, идеологиясы,
т.б. Бұлар балалар өміріне, денесі мен жүйкесінің тарихи дамуына байланысты
өзгеріп отырады. Әрбір жаңа ұрпақ аға ұрпақтын күшімен құрылған жаңа
қоғамдық жағдайда туып, өседі. Адам әлеуметтік ортассыз адам болудан
қалады. Адам – қоғамдық қарым-қатынастың жемісі.
Адамның психологиялық дамуы оның анатомиялық-физиологиялық дамуы
негізінде мидың дамуына, жүйкенің жетілуіне байланысты. Алғашқы қарапайым
сезім, түйсік, бейімділік баланың тіршілігі үшін аса маңызды
тітіргендіргіштердің әсерінен пайда болады. Баланың дұрыс дамуына тиімді
педагогикалық басшылықпен жағдай қажет. Оған дұрыс жасалған күн тәртібін
сақтау, баланы езгілімен ұйықтау, өсіп келе жатқан ағзаны лайықты нәрлі
тамақпен қамтамассыз ету, мақсат көздей отырып, олардың іс-әрекетін
ұйымдастыру, оқыту, үйрету, тәрбиелеу жатады.
Балалар айналасындағы ортаны, дүниені ересек адамдардың басшылығымен
танып-біледі. Тәрбиеде балалардың іс-әрекетін басқарудың, ұйымдастырудың
маңызы зор. Іс-әрекет үстінде балалар заттардың жеке қасиеттермен танысады,
құрбы-құрдастармен араласады, өмір сүруге қажетті тәжірибе жинақтайды,
бойында жаңа адамдық қасиеттер, имандылық сапалар қалыптасады.
Баланың мінезі де қоршаған орта мен айналасындағы адамдардың ықпалы,
тәрбиесі арқылы қалыптасады. Егер бала тыныш, салмақты, байсалды, көңілді,
өзгелермен аралысқыш, ұйымшыл, жақсылыққа жаңы құштар отбасында өссе, оның
міңез-құлқы да байсалды, жайдарлы болып дамиды; егер тұйық, ашуланшақ,
танымсыз адамдардың арасында өссе, баланың мінезі де сондай болып
қалыптасады.
Кейде балаға ашуланшақ мінез биологиялық жолмен ауысуы да мүмкін. Онда
баланың дамуына дұрыс педагогикалық, медициналық ықпал жасау арқылы, таза,
тыңыш, ыңғайлы жағдай тудыру арқылы, тәрбие арқылы мінезін түзеуге болады.
Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын
әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға
мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық,
эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады. Егер
адамдардық қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда орта адамдардық
талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті
материалдарды осы әлеуметтік ортадан жинайды. Африкада, Үндістанда,
Инденезия елдерінің ормандарында түрлі себептерімен аңдардық үңгірлерінде
әлеуметтік ортадан тыс өмір сүретін жас баланың санасын ояту, қабілетін
дамытудық мүмкін емес екендігіне ғылыми мәліметтер дәлел бола алады. 1920
жылы Үндістанның Гадамури деревнясында тұрғындардық хабарлауымен аңшылар
қасқырдық інінен бет әлпеті адамға ұқсайтын, бірақ төрт аяқтап жүретін екі
қыз баланы табады. Оларға Камала және Амала дейтін ат қояды. Камала 7-8
жаста, ал Амала 2 жаста. Амала көп кешікпей өледі, ал Камала күн сәулесінен
және оттан қатты қорқып, тек шикі ет жеп қана күн көріп, төрт аяқтап жүріп,
көбінесе күндіз ұйықтап түнде бөлме ішін кезіп жүрген, өзінің кешкі сағат
ондарда, түнгі сағат бірлерде, таңға жақын, үш мезгіл ұлыитын уақыты
болған. Адам арасында жүрген 2 жылдан кейін Камала түрегеліп тұруды және
екі аяғымен жүріп, бірте-бірте түнде ұйықтап, тамақты қолымен жеуді
үйренеді. Адам тілін үйрету бұдан да қиын болған. Жеті жыл ішінде Камала 45
сөз ғана түсіне білді. 15-ке келгенде оның есі екі жасар баладай, ал 17-ге
келгенде ой-өрісінің дамуы 4 жастағы баланың деңгейіне әрең жетті. Камала
17 жасқа дейін өмір сүрген.
Олай болса, адам мінезі әлеуметтік ортадағы, отбасындағы тәрбие үстінде
дамып, адамдармен қарым-қатынаста қалыптасады.
Балаланың туа біткен нышандарын тәрбие арқылы дамытпаса, ол бірте-бірте
өшуі мүмкін. Тұқым қуалаушылық жолымен келген нышан дайын қабілет емес,
дамуға қажетті алғышарт, мүмкіншілік қана.оны дамыту үшін қажетті жағдай,
тәрбие керек. Тәрбиессіз күшті нышанның басылып қалуы, тәрбие арқылы орташа
нышанның талантқа айналуы мүмкін. Тәрбиенің негізгі міндеті – баланың
икемділігін анықтай білу. Белгілі бір пәнге балаланың икемділіг анықтау
оның дамуына үлкен ықпал етеді. Икемділік кейде өткінші де болады.
Нышанды дамытып, талантқа айналдырудың екінші бір жағы – жұмысқа
қабілеттілік және еңбек сүйгіштік. Қандай табиғи дарыны болса да, жалқау
аданың қабілеті дамымайды. М. Горький Талантты адам – ол жұмысқа ерекше
қабілетті адам. Еңбек сүйгіштік – ұзақ уақыт, тапжылмай жұмыс істеу білу.
Бұл қасиет, ең алдымен, тәрбиенің нәтижесі, - десе, А. С. Пушкин Еңбексіз
нағыз ұлылық жоқ екенін жазған. Дарынды, талантты адам, еңбекссіз, шабыт
арқылы ғана табысқа жетеді.
Тәрбие бала денесінің дамуына да мәнді ықпал етеді. Мысалы: күнделікті
арнаулы жаттығулар, машықтанулар жүргізу арқылы балаланың денсаулығын мықты
етуге, шынықтыруға болады. Ал күнделікті ақыл-ойды шынықтыру, жағдай жасау,
еңбектену арқылы баланың дарындылығын дамытуға болады. Адамның дарыны ұшқын
сияқты ыңғайлы мүмкіншілік болса, ол лаулап жануы да, мүмкіншілік болмаса,
сөніп қалуы да ықтимал.
Тәрбиенің тиімділігі баланың жеке психологиялық ерекшеліктерін білуге
байланысты. Өйткені әр жастағы баланың өзіндік даму заңдылықтары бар.
Сонымен қатар әр баланы жан-жақты жете білу, зерттеу қажет. Белгілі бір
жастағы балалардың бәрі бірдей емес. Әр балаланың қызығушылығы мен
бейімділігін, қабілетін, талантын білудің мәні зор, бірақ оны асыра
бағаламау керек.
Кейбір талант ерте танылады. Мысалы: Австрия композиторы В. А. Моцарттың
(1756 – 1791) музыкаға қабілеті 3 жасында көрініс тауып, 7 жасында Европаны
таңдандырған. Поляк композиторы Ф. Шопеннің анасы (музыкант) баласының
талантын 2 – 3 жасында байқаған. Музыка естісе, көзіне жас келеді екен, оны
арнаулы мұғалім оқытып, тәрбиелеген.
Кейбір баланың қабілеттілігі өте кеш көрініс табады. Мысалы, неміс
халқынын көрнекті географы, геофизигі, гидрографы, табиғат зерттеушісі
Вильгелм Гумбольт жас кезінде ойға шорқақ, ағылшынның данышпан физигі,
астрономы, математигі, ұлы ғалымы Исаак Ньютонның оқуға қабілеті төмен,
ағылшынның ұлы физигі Майкл Фарадейдің есте сақтау қабілетін өте нашар
болған.
Баланың дұрыс дамуына қоғамдағы халықтың материалдық тұрмыс жағдайының
жақсаруы, хал-ахуалы мен мәдени дәрежесінің артуы жеткіліксіз, оған
мақсатқа бағытталған педагогикалық байыпты басшылық қажет. Педагог баланың
бейімділігінтанып, оған сүйене отырып, қызыушылығының, ынтасының нақты
қабілеттілікке айналуына, ан-жақты дамуына жағдай жасайды. Дарынды
балаларға жеке әдіс-тәсіл қолдана отырып, дамуы уақытша кешеуілдеген
балалардың дамуына толық жағдай тудыру абзал.
Қорыта келгенде, тұқым қуалаушылық жолымен ауысқан биологиялық
ерекшеліктер адамның дүниеге көзқарасын, сенімін қалыптастыруға ықпал ете
алмайды. Айналадағы орта мен мақсатқа бағытталған тәрбие, баланың жүйелі
әрекетін ұйымдастыру, оған дұрыс басшылық ету ғана бала дамуында шешуші
роль атқарады.

1.3. Тәрбие жүйесінде мектеп жасына дейінгі балаларды жас шамасына қарай
бөлу.

Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және
психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан
педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі шираңтықты,
өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын
қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-
жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Сана-сезімнің,
дене күш-қуаттарының дамуы адамдардық жас ерекшеліктеріне байланысты.
Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, денелері тұлғаланып, ақыл-саналары
дамып, білімдері тереңдей бастайды. Балалардың жас ерекшелігін есепке алу,
оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Жас ұрпақты
қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау міндетін іске асыруда,
баланың жеке басын қалыптастыруға әсер ететін тәрбие, қоғамдық, әлеуметтік
орта және тұқым қуалаушылық. перзент сүю - ата-ананың бақыты, олардың қоғам
алдындағы табиғи борышы. Ұрпақ жалғастыру - бүкіл тіршілік дүниесінің
эволюциялық жемісі. Адам табиғаттан тыс өмір сүрмейді, олай болса, оның
табиғи зақына орай дүниеге ұрпақ әкеледі. Тәрбие ісінде балалардың жас
ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттігін педагогика ғылымы ерте кезде-ақ
көрсеткен еді. Ал белгілі педагогтер Я.Коменский, Ж.Руссо тәрбие беру
кезінде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып
отыруға үндеген болатын.
Қазіргі педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың
дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан
жағынан жинақталу, сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын алға тартады.
Мәселеге бұлайша қарау балалардың дене және психикалық дамуының бірқатар
кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік береді. Балаларға тәлім-тәрбие беру ісінің
табысты болуы олардың жас және даму ерекшелігін тәрбиешінің дұрыс біліп,
өмірін, іс-әрекетін ұйымдастыруда басшылыққа алуына байланысты.
Қазіргі мектепке дейінгі педагогика, психология ғылымдары бала дамуының
бір қалыпты өтпейтіндігін ескеріп, балалық шақты жас шамасына қарай бірнеше
кезеңге бөледі. Психолог В.С. Мухина: туғаннан бастап мектепке барғанға
дейінгі кезеңде бала үш дағдырыс сәттерін: бір жаста, үш жаста, жеті жаста
басынан кешіреді. Осыған сәйкес бұл жастағы балалар өмірі үш кезеңге
бөлінеді: 1. Нәрестелік кезең – туғаннан бір жасқа дейін. 2. Сәбилік кезең
– бір жастан үш жасқа дейін. 3. Мектепке дейінгі кезең – үштенжеті жасқа
дейін. Бұл бағдармалар, әдестемелік құралдар, оқулықтар жасауда, оқу-тәрбие
мазмұнын айқындауда, күн тәртібін, іс-әрекетін ұйымдастыруда нақты негіз
болып табылады. Бала тәрбиесімен айналасатын болашақ мамандарға, ата-
аналарға баланың даму кезеңдеріне сай психикалық жеке ерекшеліктерін білу
тәрбие ісінде жетістіктерге жеткізеді.
1. Баланың нәрестелік кезеңіне сипаттама жасайтын болсақ, бұл кезеңде тез
өсіп дамиды. Осыны ескеріп, мақсатты тәрбие, жақсы күтім жасалса,
нәрестененің денсаулығы, дене бітімі мен психикасы бірқалыпты дұрыс дамиды.
Ай сайын ол 600 – 700 г салмақ қосып, бойы 2 – 3 см өсіп отырады. Жарты
жылдан кейін бойының өсуі де, салмақ қосуы да сәл саябырсиды. Дегенмен әрі
қарай дамуы үдемелі қарқымен жалғаса береді. Бір жасқа толғанда салмағы 10
– 10,5 кг, бойы 74 – 75 см болады. Жаңа туғанда баланың миының салмағы 300
г болса, ай сайын 40 г қосып отырады. Ми қабығының жетілуі күнделікті
ұйымдастыратын қимыл-әрекетке байланысты дамиды. Жүйкесі орталық және шеткі
деп бөлінеді. Орталық жүйке бас миы мен жұлыннан, шеткісі жұлын мен ми
сүйегі және жүйке түйіндерінен тұрады.
Адам ағзасының айналадағы ортамен байланысы жүйке арқылы өтеді. Жаңа
туған нәрестенің жүйкесі толық жетілмеген, ол өсу барысында бірте-бірте
толысады.
Бірқалыпты дамып, дұрыс өсіп келе жатқан баланың 6 – 8 айлығында сүт тісі
шығады да, бір жасқа толғанда сегізге жетеді. Нәрестелік кезеңде барлық
сезім мүшелерінің қызметі дамып, жағымды эмоция көрініс табады. Заттарға
ұмытылу, ұстауға талпыну сияқты қимылдың оңай түрлерін игереді, сөйлеуге
икемделіп уілдейді, былдырлайды. Бұл шақта бала сезімтал келеді, ауа
райының құбылмалы сәттерін, тұрмыс жағдайының, күн тәртібінің өзгеру әсерін
тез сезінеді.
Бала өмірінің бір жасқа дейінгі нәрестелік шағының көзі бір-бірінен
сапалық айырмашылығы бар төрт кезеңге бөлінеді. Оның бірінші кезеңі:
туғаннан 2,5 – 3 айға дейінгі дамуы. Нәресте дүниеге шартсыз рефлекстердің
(тамақ, қорғаныс, бағдарлау) дайын жүйесімен келеді.
Тәуліктің 18 – 20 сағатын ұйқымен өткізеді. Әр 3 сағаттан кейін тәулігіне
7 рет тамақтанады. Нәресте ұйықтау, тамақтану т.б. қажеттіліктермен қатар
алғашқы күннен бастап есту, көру, сезу және т.б. әсерленулері болады. Егер
нәрестенің мұндай тітіркенуді жеткілікті дәрежеде қабылдамаса, ол
психикалық дамуы жағынан артта қалған болып табылады. Бала белгілі
физиологиялық, генетикалық және жүйке қызметінің ерекшеліктерімен, мидың
құрылысы қалыптасқан түрде дүниеге келгенмен, ми жартысы қызметінің дамуына
сыртқы ортадан баратын импульстер әсер етеді. Мысалы, есту анализаторының
қызметі бала ана құрсағында жатқанда сыртқы дыбыстардың әсерінен
қалыптасады. Балаланың психикалық дамуы сыртқы ортамен байланысымен,
тәрбиенің әсерімен, оқытумен анықталатын ғалымдар дәлелдеген. Олай болса
нәрестелік шақта баланың қалыптасуының алғышарттары жасалып, денсаулығының
негізі қаланады. Жаңа туған нәресте көз тоқтатып қарай алмайды, оны
қимылдататын бұлшық еттердің әлсіздігінен қилы болып көрінуі де мүмкін, тек
3 – 4 аптада ғана қарай алады.
Есту қабілеті әлсіз болғанмен, өте қатты дыбысты естиді. Күшті шу шықса,
емуін тоқтата қояды. Есту мен көздің арасындағы үйлесімділік ерте пайда
болады. Дыбыс шыққан жаққа басы мен көзін бұрады.
Дәм сезу едәуір ерте жетілген: тәттіні ынталана сорады, ащыға бет-ауызын
тыржитады.
Иіс сезімі онша жетіле қоймағанмен, өмірінің алғашқы аптасында-ақ иіске
әсерленеді, қимылы, демалысы өзгереді.
Нәрестенің алақаны, беті, табаны сезімтал келеді. Оның қуанышы езу
тартуы, уілі арқылы байқалады.
Екі айлығында басын біршама тік ұстап, айналаға көз қиығын салады. Үш
айлығында етпетінен жатқызса, басын көтеріп, қолын тірей алады. Бұл әрекет
баланың тыныс алуына, қан айналымын жақсартып, еңбектеуге даярлайды.
Осы кезде нәрестенің ересектермен қатынасы дамиды. Үлкен адам жылы
шыраймен сөйлессе, көңілді эмоция пайда болады. Адамды, ойыншықты көргенде
қуанады.
Енді 2,5 – 3 айдан 5 – 6 айға дейінгі екінші кезеңде нәресте тәулігіне
2,5 – 3 сағаттан 6 рет ұйықтайды, 1,5 – 2 сағаттан 4 мезгіл сергек жүреді.
Әрбір, 3,5 – 4 сағаттан кейін тәулігіне 6 рет тамақтанады. Тамақтану
кезінде екі қолмен ыдысты ұстайды, ауызына апаруға тырысады. Қою тамақты
қасықпен жеуге үйренеді. Қол созым жердегі ойыншықты ересек адамның қолынан
алады.
3 айда анасын, 6 айда таныс адамдарды ажырата алады. Бөтен адамдарды
жатырқайды.
Заттардың формасын, түсін ажырата бастайды. Өзіне арналған сөзді
түсінеді. Жылы сөйлессе, қуанады, зекісе, жылайды.
4 – айда ыңылдайды, уілдейді. 6 – 7 айда былдырлайды. Уілдің әуенді
дыбысты ұзақ уақыт іштен дем шығару арқылы айтылады. Бұл – баланың тілі
шығуы үшін дем алысының қалыптасуы. 3 – 4 айлық нәрестемен тілдескенде
ыңылдау әуенімен айтылатын дыбыстарды, 5 – 6 айлық нәрестемен тілдескенде
буындарды қолдану керек.
Нәрестенің көңілін музыкаға және музыкалық ойыншықтардың дыбыстарына,
әуезді үніне аудару, көбірек қуанту, күлдіру қажет. Баланың көру және сезу
қабілетін ойыншықтар арқылы жетілдіреді.
5 – 6 айдан 9 – 10 айға дейінгі үшінші кезеңде нәресте жаңа күн тәртібіне
көшеді, тәулігіне 2 сағаттан 3 рет ұйықтайды. Әрбір 2 – 2,5 сағатта сергек
күйде болады, әрбір 4 сағаттан кейін тәулігіне 5 рет тамақтанады. 7
айлығынан бастап тамақтанарда қолына нанның қабығын беруге болады. 6
айлығынан бастап айналасындағы адамдарға, заттарға, жануарларға зейін қоюы
артады. Кейбір дыбыстарды қайталау құштарлығы оянады. Осы кезде ересек
адамның бет жүзінен, дауыс ырғағынан көңіл күйін сезеді. 6,5 айда сөзді
затпен байланыстыруды үйренеді. Егер заттын тұрған орнын ауыстырса, таба
алмай қалады, себебі ол үшін зат тұрған орнымен байланысты қабылданған.
6,5 – 7 айлығында бала орнынан жер бауырлап, қозғалып, екі қолмен, екі
аяғымен еңбектей бастайды. Еңбектеу арқылы сүйек, бұлшық ет жүйесі дамиды.
Айналаны бағдарлау өрісі кеңейді. Еңбектеп үйренген нәресте өзі отыра
бастайды. Бала отырған күйінен жатуға, одан қайта отыруға үйренеді.
9 айлығында қолымен заттардан ұстап, тәй-тәй басады. 9 – 10 айлығында
затқа бұрылып қарайды, оларды көзімен іздеп табады. Қош бол, Алақан
соқ, Қолынды бер т.б. үйренген қимылдардың аттарын, отыр, жат деген
сөздерді түсінеді. 9 – 10 айдан 1 жасқа дейінгі төртінші кезеңдегі дамуында
нәресте жаңа күн тәртібіне көшеді, 1,5 – 2,5 сағаттан тәулігіне 2 рет
ұйықтайды, 2,5 – 3 сағат сергек жүреді. 10 айлығынан бастап түнде 1 рет
тамақтанады.
Бір жаста өзі жүре алады. Өзі жүретін нәрестенің қолы босап, заттарды
ұстап, тану өрісі кеңейеді. Соның арқасында саусақтардың бұлшық еті өсіп-
жетіледі, көз бен қол қимылының үйлесімділігі дамиды, көрнекі, әсерлі
ойлауы пайда болады, еркіндігі дамиды, ойын әрекетінің негізі қалыптасады.
Жыл аяғында айналасындағылармен қарым-қатынасы күшейеді, адамдарға деген
ынтасы артады.
Нәрестенің дұрыс дамуы үшін күн тәртібіне сай тамақ пен тазалық та қажет.
Жаңа туған балаға жарығы, жылуы мол арнаулы бөлме немесе бұрыш белгілеп,
сонда әлпештеп күту жөн. Бөлмені күніне бірнеше рет дымқыл шүберекпен
сүрту, жазда, қыста жиі желдетіп отыру талап етіледі. Бала жататын бөлмеде
шылым тартуға, кір жууға, жаялықтарды кептіруге болмайды.
Қорыта айтқанда, аталған ойын-сабақтардың, күн тәртібі, тазалық талаптары
мен күтімінің, тәрбие шараларының бәрі – нәрестенің дұрыс дамуы үшін
қажетті шарттар. Бала психикасының дамуы нәрестенің негізгі ерекшеліктеріне
байланысты. Атап айтсақ, 2,5 – 3 және 5 – 6 айлық баланың қол қимылы
дамуының қалыптасуы өзге дене мүшелеріне қарағанда басым келеді. Осынын
салдарынан нәрестенің психикалық дамуына туа біткен атавизмдік рефлекстер:
жармасу, итеру қимылдары емес, саусақтардың тітіркенуінен пайда болатын
қармау ықпал етеді, ал еңбектеу итеруден емес, қолдың қозғалысынан
басталатынын, сол сияқты қармау мен еңбектеудің балаға қажетті қимылдарды
үлкендердің үйретуі мен жаттықтыруы негізінде қалыптасатынын ғалымдардың
зерттеу нәтижелері дәлелдеген.
Үлкендермен қарым-қатынас негізінде нәрестеде жандану процесі пайда
болады. Жандану дегеніміз баланың өзіне назар аударып қараған адамға көз
тоқтатуы, жымиып күлімсеруі, қол-аяғы қимылдатып, уілдеп дыбыс шығаруы.
Қарым-қатынас үстінде үлкендер баланың мінез-құлқын, іс-әрекетін мақұлдап,
бас изеп күлімсерейді, немесе дұрыс істемедің деп қабағын түйіп, басын
шайқайды. Бала оны түсінеді де бірте-бірте жақсы мінез-құлыққа әдеттенеді.
Сонымен, нәрестенің психикалық дамуы мен мінез-құлық сапалары күнделікті
тұрмыс жағдайында, тәрбие мен үйретудің әсер-ықпал нәтижесінде қалыптасады.

2. Сәбилік кезең. Бала өмірінің екінші жылы бөбектік шақ деп аталады. Бұл
шақта дамуы біршама баяулағанмен, денесі мен психикасы жағынан жетілуі одан
әрі жалғасады.
Екі жастағы баланың салмағы 12 – 12,7 кг, бойы – 85 – 86 см, сүт тісінің
саны 20-ға жетеді. Қимыл-қозғалысы, дербестігі арта түседі. Ағзасы әлі де
әлсіз, кінәмшіл, ауыруға, тез ашулануға бейім келеді. Өмірдегі жаңа
жағдайға шабан көндігеді, өзін-өзі тежей алмайды, мида қозу процесі басым
болады. Ми қызметі мен жүйкенің әлсіздігінен бөбек лезде шаршайды.
Психикалық дамуында ілгері жылжуы, сенсорлық дамуының жылдамдығы
байқалады, сол себептен де зерттеуші Н. М. Шелеванов бөбектік шақты
сенсорлық дамудың алтын кезеңі деп көрсеткен. Ішкі сыртқы сезімі,
заттармен әрекеті, қимыл-қозғалысы, ойы мен жүйкесінің дамуы, адамдармен
қарым-қатынасы біршама қалыптасқанмен, әлі тұрақты емес. Дегенмен,
адамдармен қарым-қатынасы жаңа мазмұнға ие болған. Үлкендер күнделікті
тұрмыста үйрету, баулу арқылы бала үшін маңызды іс-әрекетті қалыптастырады.
Бөбектің жүруді игеріп, қолын босатуына байланысты айнала туралы түсінігі,
дүниетанымы кеңейіп, сөйлеген адамның бетіне қарап сөз тыңдауы, ойы, тілі,
затпен әрекет жасауы, зейіні, есте сақтау қабілеті, көңіл-күйінің дамуы
сенсорлық тәжірибенің артуына мүмкіндік тудырады. Ал көңіл-күй баланың
мінез-құлқынын қалыптасуына ықпал етеді. Бірақ бұл кезде баланың дамуы
біркелкі өтпейді, мінез-құлқы өзгермелі болады, өздері үлкендерге тәуелді,
олардың қарым-қатынасын қажет етеді.
Бөбектік шақ бір-бірінен сапалық ерекшелігі бар екі кезеңге бөлінеді:
Бір жастан бір жас 5 – 6 айға дейінгі кезеңде бөбектердің дамуында елеулі
ілгері басқандық байқалғанымен, ағзасы бір жастағы кезеңімен ұқсас.
Шаршағыш, жарақаттанғыш, денсаулығы да, ішкі сезім жағдайы да тез және жиі
бұзылғыш келеді. Жүруді үйренгенімен, нық басуы, қозғалысы жетіле қоймаған
көптеген артық қимылдар жасайды.
Негізінен тілді түсіну қабілеті жетіліп, заттың белгілерін сөз бойынша
ажырата алады. Киім кию, ойнау, тамақтану кезінде заттардың аты мен оған
байланысты әрекеттерді толық түсінеді. Сол сияқты есте сақтау қабілеті
едәуір жетіліп, білетін заттары мен құбылыстарының шеңбері ұлғаяды, сөзді
қасына жоқ нәрсемен де байланыстырып, есіне түсіреді. Сөздік қоры көбейіп,
активті тілді пайдаланып, сөз сөйлеуі белсенді сипат алады. Осы кезде 30 –
40 сөз жинайды, оның ішінде қысқарған сөз, біріккен сөздер де орын алады.
Бөбектер заттардың түрлі қасиеттерін танып, күрделі әрекеттерді игереді.
Бала сезімінің дамуына байланысты електеуі арта түседі. Қуыршақты, күшікті,
мысықты тамақтандырады, яғни не көрсе, соны істейді, қайталайды,
елестетеді. Бұл ойын әрекетінің басталуы.
Бір жарымнан 2 жасқа дейінгі кезеңде дербестікке ұмтылғыш, бірақ қабілет
дәрежесі жетілмеген болады. Дене бітімі шымырланып, жүрісі қалыптаса
бастайды. Осы шақта жаңа жағдайға оңай бейімделіп, қоршаған ортаның әсерін
қабылдауға қабілеті жетеді. Сенсорлық қабілеті артып, заттардың түсіне,
көлеміне қарай ұқсастығын белгілеп, салыстыра бастайды, екі түсті шардан
өзіне қажеттісін тауып алады.
Бөбектердің осы кезде көріп, қабылдауы да жетіле түсіде. Белсенді
сөйлеуінде үлкен секіріс болады. Екі жаста 200 – 300 сөз игереді. Екі-үш,
төрт сөзден тұратын сөйлем құрай бастайды.
Бөбектерде жаңа сұраныстар пайда болады, өзін қоршаған заттарды тез
білуге ұмтылады да, оның тілегі мен мүмкіндігінің арасында сәйкессіздік
туады, өйткені балада сезім мен тілек басым келеді. Үлкендер бөбектердің
онды ішкі сезімдерін реттеп, дұрыс қарым-қатынас жасамаса, теріс қарым-
қатынастан зиянды әрекеттер пайда болуы мүмкін.
Бөбіктердің дұрыс дамуы үшін тамақ, ойын, гигиеналық күтім қажет.
Сондықтан екі жасқа қараған баланы тазалыққа, ұқыптылыққа үйретуді
жалғастару: баланың денесін, киімін, төсек-орынын таза ұстау, тамақ ішер
алдында қол жуу, тамақ ішу кезіндегі ұқыптылық, дастарқан, сүлгі,
ыдыстардың таза болуы, баланың бет-ауызын, қолын тез сүртіп алу, су болған
киімін тез ауыстыру, қажет болағанда түбекке отырғызу т.б. яғни оны
гигиеналық талапқа сай қалыптастыру керек.
Ойын-сабақтар бөбектердің жан-жақты дамуына әсер етеді. Атап айтсақ:
қимылын жетілдіруді, тілін, ойын дамытуды, төңіректі болжау білуді,
заттармен әрекет жасауды, дидактикалық, құрылыс материалдарын,
ойыншықтардын пайдалану іс-әрекет мен қимыл-дағдыларын қалыптастыруды,
құбылыстар мен заттарды қарап көруді, ұстап сезінуді, музыка сазы, ырғағы,
әуенін естуді, сезінуді, сол арқылы эстетикалық тәрбие беруді,
адамгершілікке баулуды мақсат етеді.
Бөбектермен өткізілетін ойын-сабақтарға бірінші жартыжылдықта көңіл
көтеру ойындары, екінші жартыжылдықта ережелі, қимылды ойындар енгізіледі.
Ал сабақ мазмұны бірте-бірте күрделеніп отырады.
Бала өмірінің үшінші жылы (2-ден 3 жасқа дейін) бірінші сәбилік кезең деп
аталады, сәбилердің жетілу қарқыны бір-екі жасқа қарағанда, біршама
баяулағанымен, дамуы әрі қарай жалғасады. Сәбилік кезеңде кездесетін
өзгерістерге, жаңа жағдайға биімделуі оңай өтеді. Дегенмен, бұл шақта
сәбилер іс-әрекетсіз ұзақ отыруға дайын емес. Бірыңғай іс-әрекеттен тез
шаршайды, мида әлі де қозу әрекеті басым болады. Сондықтан да оның іс-
әрекетіне жиы тыйым салу оның ашуын шақырып, мінез-құлқын кенет өзгертеді.
Дағдылары әлі де тұрақты, берік емес.
Сәбилердің үлкендермен жиі қарым-қатынасының ойын-сабақтарда сөйлеуінің
нәтижесінде тілі мен ойы тез жетіледі. Ересектер сөзінің мағынасын жақсы
ұғады. Сөзбен түсіндірген тапсырмаларды орындай алады. Олар дұрыс болмаса
да барлық сөздерді пайдаланады сөздік қоры жетіліп, негізгі қатынас
құралына айнала бастайды. Ата-аналар мен тәрбиешінің сөздері айналадағы
ортану тану негізі болады, қазығуы артады.
Осы кезде бағдарлау әрекетінің негізгі түрі – бақылауы жетіледі, ұзақ
бақылайды, сұрақ қояды, ертегі, әңгіме тыңдауға әуестенеді, әңгімелеп те
береді, ырғақ шығаруды ұнатады. Сәби әрекетінің негізгі түрі – ойын, сурет
салу, жапсыру, ән айту, бақылау орын алады. Өз іс-әрекетін жоспарлай
бастайды. Заттармен іс-әрекет жасауға өте үйір келеді.
Сәбидің елестету сезімі қатты дамиды, рольдік ойындар ойнайды, бала өзін
әже, тәрбиеші, жүргізуші деп елестетеді.
Сәбилер осы шақта сөздің көмегімен бір-біріне достық қарым-қатынасын
білдіреді, қиналғанда ақыл айтады, жаны ашиды, құрбы-құрдастарына шын
ниетімен көмектеседі. Сонымен, үш жастағы баланың дамуында, мінез-құлқында
жаңа сапалық өзгерістер көрініс береді.
Балаларды сәбилік кезден бастап, шаруашылыққа көмектесуге, өз төсегін
салуға, ұсақ түйік заттарды, ойыншықтарын жинастырып орнына қоюға,
тазалауға үйретеді. Балалардың сәби денсаулығына үлкен әсері бар. Сәби
денсаулығын нығайту үшін жүйелі шынықтыру қажет. Табиғат – дене мүшелері
мен жүйкелерінің жұмысын жетілдірудің тамаша құралы. Олар: ауа, күн,су. Кез
келген ауа райында серуендеу, ойнау, ауа ваннасын қабылдау, терезені ашып
қойып ұйықтау бала денсаулығына жағымды әсер етеді.
Бала психикасының дамуында айналадағы орта мен оқу-тәрбие ерекше орын
алады. Ол әсіресе қым-қиғаш ішкі қайшылықтар күресінің, сапалық
өзгерістердің, күнделікті сан-алуан қарым-қатынастар мен байланыстардың
нәтижесінде дамып отырады. Психиканың дамуы жоғары жүйке жүйесінің
өзгешіліктерін білмейінше ересек адамдар күн тәртібін, оқу, тәрбие жұмысын
ойдағыдай ұйымдастыра, жүргізе алмайды, көп қиыншылықтарға кездеседі. Бұл
шақтағы балада негізгі әрекет – ойын, сондықтан оның барлық психологиялық
процестері осы ойын үстінде қалыптасады. Мазмұнды, рольді ойындар баланың
зейінін, есін, қиялын дамытса, қимыл ойындары ерік-жігерін, шапшандығын,
қол-аяғы мен денесін, жүрісін нығайтады; дидактикалық ойындар белгілі
ережелерді сақтауды талап етіп, ақыл-ойын дамытады, тапқырлығын,
бақылампаздығын, қабылдағыштығын жетілдіріп, сезімталдығын ұштайды. Кейбір
бала өздігінен ойнай алмайды немесе жасына лайық емес қарапайым ойындарды
ойнайды, бұл бала ойынына қамқорлық жасамаудың нәтижесі. Сондықтан сәби
ойынын ұйымдастыру өте мәнді.
Мектеп жасына дейінгі баланың үдемелі дамуын қамтамасыз ету үшін
сәбилердің жоғарыда аталған даму мүмкіндіктеріне сүйеніп, оның өмірінің,
әрекетінің мазмұнын, айналамен қарым-қатынасын өзгерту керек. Сәбидің жаңа
талап-тілегін, қажеттілігін қамтамасыз ету үшін бұрынғы өмірін қайталау аз,
ол қанағаттандырмайды. Сол себептен баланың бұдан былайғы өмірін мектепке
дейінгі кезең талабына сай ұйымдастырылған жөн.
Мектепке дейінгі кезең 3-тен 7 жасқа дейін.
Бала өмірінің төртінші жылы екінші сәбилік кезең деп аталады. Бұл шақта
да баланың дамуына ерекше мән беріледі. Төрт жастағы ұл баланың бойы – 100
– 109 см, салмағы – 14,8 – 19,8 кг болады. Көкерек клеткаларының аумағы –
51 – 56 см.
Миының құрылымы мен сезімталдық қабілеті әрі қарай дамиды, белсенділігі
артып, қимыл-қозғалысы үйлесімді бола түседі. Орталық жүйкенің әрекеті
мектеп дейінгі шақта (3 – 5 мм) әлі де тұрақсыздығымен сипатталады, қозу
әсері басым, сондықтан іс-әрекеттің бір түрінен екінші түріне ауысуында,
зейінін шоғырландыруды қалыптастыруда қиындықтар туады. Зейінді
шоғырландыру үшін балалармен түрлі сабақтар, дидактикалық және ережелі
ойындар, арнайы еңбек тапсырмаларын беру ұйымдастырылады. Жүйке
байланыстарын құру көп қайталауды қажет етеді. Көрнекі, бейнелі
ойлау қабілет дамиды. Заттырдың қасиеті туралы нақты түсініктерін қолдану,
пайдалану басталады. Осының өзі баланың нақты қабылдаудан шығып, бейнелі
ойлауына, есте сақтау қабілеті артуына мүмкіндік жасайды. 3 – жастағы
балалар сезімі өткініш және тұрақсыз. Балалрдың мінез-құлқы сезімге
байланысты, олар үшін үлкендердің мақтауы сүйкімді әсер қалдырса, ұялтқаны
байланысты өзгеріп отырады. Бұл кезде бала есте сақтау мен есіне түсіруді
басқару мүмкіндігіне жетеді, бірақ есте сақтау қабілеті шектеулі.
Үлкендердің тапсырмасын орындау, тақпақты жаттау сияқты алдына арнаулы
мақсат қоя бастайды, алайда мақсатқа жетудегі сәтсіздігі бұларды
қамықтырмайды.
Мектепке дейінгі шақта баланың мінез-құлқы айтарлықтай өзгереді. Сәбилер
түрлі себептерге, сол сәттегі жағдайға байланысты туатын сезім мен тілектің
ықпалынан пайда болатын іс-әрекет жасайды, бірақ оны жасауға ие мәжбүр
еткендігі жөнінде өзін-өзі айқын есеп бере алмайды. Сәбилердің ерекшелігі
өзін танытуға тырысады және өзінің батылдығын, күшін асыра бағалайды, өзі
туралы дұрыс пікірі болмайды.
Осы шақта сәбилердің іс-әрекетінің күрделенуіне байланысты танымдық
құштарлығы пайда болады. Олардың өмірінде мазмұнды ойындар үлкен орын
алады, ойнау ұзақтығы 10 – 15 минутқа созылады.
Үш-төрт жастағы сәбидің ең маңызды ерекшелігі - өзіндік тілегі бар жеке
адам екенін сезіне бастауы. Бала үлкендердің көмегі арқылы айнадан,
суреттен өзін-өзі тани бастайды, өзінің басқалардан бөлек екенін сезінеді.
Бұл кезде кейбір оңай іс-әрекетті үлкендердің көмегінсіз-ақ тәуелсіз, еркін
дербес болуына жетелейді.
Баланың психикалық дамуына әсер ететін күнделікті іс-әрекет – ойын, сурет
салу, жапсыру, құрастыру, қию, еңбек, оқу. Осы әрекеттер үстінде бала
айналадағы дүниені тану арқылы жақын адамдардың шеңберінен шығып, өз
құрдастармен бірлескен іс-әрекетке, қарым-қатынасқа кіріседі, бала бойында
өзіне талап қою, өз міңез құлқын ұйымдастыру сияқты өзгеріс пайда болады.
Бұлардың бәрі баланың жеке басының дамуына ықпал етіп, міңез-құлқын
қалыптастырады. 3 – 4 жастағы балалардың аталған ерекшеліктеріне сәйкес
жүргізілетін күн тәртібі мен бағдарлама бойынша өткізілетін сабақтар бар.
Қорыта айтқанда, оқу, тәрбие барысында екінші сәбилер тобындағы балаларды
жан-жақты дамытуға мүмкіндіктер мол. Оқыту барысында берілетін таным-
біліммен бірге үлкендер тарапынан ықпал етудің маңызы ерекше. Үлкендер
балаларға білім мазмұнын игертумен қатар олардың мінез-құлқын үлгілерін
меңгертеді.
Бала өмірінің бесінші жылы естиярлық кезең деп аталады. Бұл шақта да
баланың денесі мен жүйкесінің жетілуі әрі қарай жалғаса береді.
Естиярлардың бойы жылына 5 – 7 см өсіп, салмағы 1,5 – 2 кг артады.
Естиярлардың тыныс мүшелеріне керекті оттегін, гимнастикалық жаттығуларды
дұрыс таңдап, оларды жасау кезіңде баланың кедергісіз, оңай дем алатын
болуын ескеру қажет, себебі жүрегінің жұмыс ырғағы тез бұзылуға бейім
тұрады. Баланың көру, есту мүшелерін күту өте қажет, әйтпесе көздің
қарашағы, қысымы, бұлшық еттері өзгеріске ұшырып, алыстан немесе жақыннан
көре алмау сияқты аңқау пайда болады.
Естиялардың іс-әрекетінің негізгі түрлерін және жүйкені дамыту өзара
байланысты. Қабылдау, қиял, ес, зейінің дамыту ойын, еңбек, оқу ісінде
жүзеге асады.
Ойын бала психикасында сапалық өзгерістер тудырады, естиярлардың мазмұнды
ойындарының негізі адамдар арасындағы қарым-қатынастар, ойын арқылы балалар
үлкендердің қоғамдық өмірімен, қызметімен танысады, қарым-қатынас
ережелерін орындауға, бағынуға үйренеді. Өз әрекетін өзгелермен
үйлестіруді, түсінісуді игеріп, бірте-бірте қарым-қатынастары шынайы сипат
алып күрделене түседі.
Төрт-бес жастағы баланың ойы бейнелі сипатта болып келеді. Ойлауды
дамытуды баланың жалпы әрекетінен, тәрбиесінен, өмір жағдайынан бөліп
қарауға болмайды. Балалардың ана тілін игеруге бейімділігі жетіліп, барлық
дыбыстарды дұрыс айтады, лексиканың түрлі формаларын пайдалана алады,
табиғат құбылыстарына сәйкес сөздік құрамын морфологиялық құрылысы өзгеріп,
тілінде жайылма сөйлем мен құрмалас сөйлемдер көрініс табады.
4 – 5 жастағы баланың тағы бір ерекшелігі көпшіліктің, құрдастарының
пікіріне құлақ сала бастайды, бағынады, олармен есептеседі, өзге балалардың
іс-әрекетін бағалауы мазмұнды бола бастайды.
Бала психикасының дамуына әсер ететін күнделекті іс әрекеттерінде бала
белгілі бір түрткі-себепті басшылыққа алады:
1) Үлкендерге ұқсағысы келіп, соларша іс-әрекет жасауға ұмтылады;
2) Ойын (кез келген істі ойынға айналдырады);
3) Үлкендермен, құрдастарымен жақсы қарым-қатынасын сақтау;
4) Топтағы балалардың жақсы бағасы мен сүйіспеншілігіне ие болу тілегі;
5) Намыс, өзін таныту тілегі, ойында басшы рольді орындауға дәмеленеді;
6) Жарыс (бірінші болуға тырысады), адамгершілік мінез-құлықтын дамуы.
Бұл кезде бала өзі бастап өзгелер үшін еңбек етеді, оның басқаға пайда
келтіру мүмкін екенін түсінеді.
Ересек шақтағы баланың дамуы (5 – 6 жас). Алты жасқа қараған бала
денесінің дамуында ерекше өзгерістер байқалады. Бойы – 116 см, салмағы –
21,5 кг, көкірек клеткасы, иығы, жамбасы ұлғаяды, аяқ башпайлары мен
қолының саусақтары ұзарады.
Адамгершілік тәрбиесінде баланың көнгіштігін, сенгіштігін, еліктеуге
бейімділігін пайдаланып, қателігін мойындауға үйретуге болады. Мұғалімнің
оқушымен қарым-қатынасы, жайдары ізгі қатынасқа көшуі, баланың өзін тануына
көмектесуі адамгершілік сезімін тәрбиелейді. Ерекше көңіл аударатын мәселе
- баланың мінез-құлқының көпшіл де кең пейілді болуы.
Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні зор. Балаларды бірте-бірте
еңбекке баулу отбасында, ұжымда жүргізіледі. Ұзақ уақыттың дене еңбегіне,
күш түсетін жұмыстарға әлі қабілетсіз болатындығын ескеру керек. Еңбек іс-
әрекетімен жүйелі айналысу, оны бірте-бірте күрделендіру, өндіріс
орындарына экскурсияға апару, мамандықтармен таныстыру тұлғаның әлеуметтік
құнды сапаларын қалыптастыруға көмектеседі. Төменгі сыныпта өзіне-өзі
қызмет етудің әдеттері мен дағдылары қалыптасады. Үлкендердің еңбегін
құрметтейді, адам өміріндегі еңбектің рөлін түсініп, дене еңбегіне даяр
болады, дүние туралы ұғымдар қоры, қажетті іс-әрекет икемділігі дамиды.
Балабақшаның ең негізгі міндеті - балаға білім атаулының әліппесін
үйретумен қоса, оның өмірдегі өз орынын табуына көмектесу. Жеке тұлғаны
қалыптастыруда ең бастысы - ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене
тәрбиесін өзара байланыста кешенді жүргізу.
Қанқа сүйегі мен бұлшық етінің жедел жетілуіне байланысты моторлық
аппараттың қайта құрылуы мінез-құлқының өзгеруіне әкеліп соғады, сондыктан
дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру керек.
Сананың дамуы баланың өз бетімен тәуелсіз талаптануын тудырады. Олар
үйелменде, балабақшада еңбек процесіне араласады, күнделікті өмірді
бақылайды, ой-өрісі кеңиді. Бұл жастағы бала намысқор келеді, үлкендер
бақылауын әкімшілік шараларды ұнатпайды. Үлкендерді озбырлық жасайды деп
ойлайды. Кейде түсініспеушілік осындайдан да туады. Үлкендерге байланып
олардың мінезінен шындықты байқауға тырысуы үлкендер мен балалар арасында
түсініспеушілік туғызады. Үлкендердің ойланбай асығыс шешім қабылдауы
балаға зиян келтіруі мүмкін. Бұл жастағы балалар өнегелі адамдардық
істерімен масаттанады. Осы тұрғыдан баланың мінезін тәрбиелеу, ықыласы мен
қабілетін дамыту, мұқтаждары мен тілектерін қамтамасызыз ету дұрыс
педагогикалық ойларға негізделуі керек. Осы ерекшеліктерді есепке ала
отырып, тәрбие жұмысын тиімді етіп ұйымдастыру керек.
Дене тәрбиесі. Дұрыс тамақтанып, таза ауада жиі болу, көп қозғалу (ойын,
дене жаттығулары, спортпен айналысу) дене тәрбиесіне көмектеседі. Дене
тәрбиесі мұғалімі және жаттықтырушы баланың бет әлпетінің, қолының, ернінің
түсін үнемі қадағалау керек. Бұл жұмыс сабақтың басындағы және соңындағы
қан тамырының соғысын тексерумен толықтырылады, балалар жиі тыныс
алатындықтан, тыныс алуын басқаруын үйрету керек. Жеке гигиена, ұйқы,
тамақ, демалыс, белсенді еңбек іс-әрекетіне жағдай жасайды. Шамадан тыс
жұмыс жалпы дамуын тежейді. Дене тәрбиесі арқылы жүрек қан жүйесін
жаттықтыру, дене жаттығулары, спорт, дене еңбегі үшін дәрігерлік және
педагогикалық бақылау өте пайдалы. Дене тәрбиесі және спортпен айналысу
зейіннің дамуына әсер етіп, оның көлемін көбейтеді, зейіннің бір нерседен
екіншіге бөлінуіне әсер етеді.
Тәрбиешінің міндеті - еңбек, спорт іс-әрекетін, жеткіншекті, ерік-жігер,
сапаларын қалыптастыру. Мұғалімдер, тәрбиешілер, ата-аналар мақсатқа
жетудегі сенімділігін тәрбиелеп, жетістігін атап көрсетіп, қауіп-қатерден
сақтандырып, дер кезінде көмекке келіп, балалардың өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика ғылымының дамуы және мектепке дейінгі педагогика пәні, зерттеу міндеттері
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі балалардың рухани - адамгершілік дамуын талдау
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу - танымдық әрекетін қалыптастыру жүйесі
Қазіргі қоғамдағы ақыл-ой тәрбиесінің жеке тұлғаны тәрбиелеудегі маңызы
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу–танымдық әрекетін қалыптастыру
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің әдістемесі
Мектепке дейінгі білім беру сапасын басқарудың әдіснамалық тұғырлары
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Пәндер