Мектепке дейінгі балалардың тілдік дамуының психологиялық негізі


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

Педагогика және

психология кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:

«Мектепке дейінгі балалардың тілдік дамуының психологиялық негізі»

Орындаған:

3а КДО тобының студенті

Жетекшісі:

Орал қаласы - 2014

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім:

І- тарау. Тілдің адам өміріндегі маңызы

  1. Тілдің пайда болуы туралы философиялық ойлар . . . 1

1. 2. Мектепке дейінгі баланың танымдық әрекетін қалыптастырудағы сөздің орны . . . 11

ІІ- тарау. Мектепке дейінгі балалардың тілдік дамуының психологиялық негізі

2. 1. Тілдің, сөйлеудің анатомиялық - физиологиялық және психологиялық негіздері . . . 19

2. 2. Мектепке дейінгі балалар психикасын тілдік дамыту арқылы қалыптастыру . . . 29

ІІІ- тарау. Тәжірибелік зерттеу жұмысының әдістемелері мен қорытындылары . . . 36

Қорытынды . . . 40

Қолданылған әдебиеттер . . . 41

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Мектепке дейінгі балалардың жан - жақты, әрі гармониялық дамып қалыптасуы, қазіргі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алғанда, өте маңызды және жалпы халықтық іс болып отыр. Білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым - қатынас, өзгеше дамуы өз халқының мәдениетін меңгерудегі күрделі де ұзақ процесс. Ал халықтар мәдениетінің бір бөлігі, байланыс құралы тіл болғандықтан, тілдік дамуы мен тілдік мәдениет жеке адамның қалыптасуының ең негізгі қажеттілігінің бірі. Адам өзінің өмір қасиетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, ой алмасады. Адам баласының сана-сезімнің дмуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам оргиназимі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілетін бар сөйлесу аппараты жасалды. Әрбір адам кішкентай кезінен бастап айналасындағы адамдармен пікірлеседі, өзінің күнбе-күнгі сөйлеу тәжірибесін тілдің мағыналық жағын меңгереді, біртіндеп сөздік қоры молайып отырады. Алғашқы кезде бала көптеген дыбыстарды, жеке сөздерді үлкендерге еліктеу арқылы үйренеді. Осыған байланысты сөйлеу өте күрделі адамның бір ерекше қасиеті деп те айтуға болады.

Курстық жұмыстың тақырыбы: Мектепке дейінгі балалардың тілдік дамуының психологиялық негізі

Зерттеу пәні: мектепке дейінгі психология

Зерттеу объектісі: мектепке дейінгі мекемелер

Зерттеудің мақсаты: мектепке дейінгі балалардың тілдік дамуын, тарихын және бала психикасының дамуына ықпалын, негізін теориялық тұрғыдан зерттеп, тәжірибелік жұмыстарда мәліметтерді нақтылдау.

Зерттеудің міндеттері:

  • мектепке дейінгі балалардың тілдік дамуына сипаттама жасау;
  • тілдік даму тарихы туралы теориялық мәліметтер жинау;
  • адамның танымдық әрекетіндегі сөздің маңызын ашу;
  • тілдік дамудың анатомиялық - физиологиялық, психикалық негіздерін ашу;
  • мекетепке дейінгі балалардың тілдік дамуын терең, жан - жақты зерттеу үшін ғылыми тәжірибелерге сүйену;
  • мектепке дейінгі балалардың тілін сапалы жетілдіру әдістемесін жасау.

Жетекші идея: Мектепке дейінгі балалардың тілін бағдарламалық жаңа талаптарға сай: лексикалық және грамматикалық дағдыларын дамыту, балалардың таным қабілетінің шығармашылық потенциалын ашуға мүмкіндік береді.

Зерттеудің теориялық маңызы: Педагогикалық іс-әрекетте мектепке дейінгі балалардың тілдік дамуының психологиялық негізі теориялық және тәжірибелік тұрғыдан тұтастық принципін басшылыққа ала талданды;

Зерттеудің әдістемелік маңызы: мектепке дейінгі балалардың тілдік дамуының психологиялық негізін анықтайтын әдістемелер сарапталып зерттеулер жүргізу негізінде талданды;

Зерттеу әдістері: Жұмыстың негізгі методологиясына жалпы ғылыми және арнайы психологиялық әдістер алынды. Жалпы ғылыми әдістер ішінен зерттеудің теориялық та, теориялық - методологиялық та тәсілдер қолданылды. Оның ішінде талдау мен жинақтау, салыстыру, жүйелеу әдістері бар. Тақырыптың мақсатын ашуда мына әдістер қолданылды: бақылау, әңгімелесу, ойын әдістері, тіл дамыту деңгейін диагностикалау, нәтижелерді талдау, жинақтау, графикалық сызбалар қолдану, жинақталған деректерді математикалық талдау жасау.

Зерттеу көздері: педагогика, психология, философия, ғылымдарының классиктерінің еңбектері, жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу бағдарламалары;

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: мектепке дейінгі балалардың тілі дер кезінде қолға алынып, нәтижелі ықпалдардың арқасында баланың сөздік қоры мол, ойын еркін жеткізетін, ақылды, парасатты, сезімтал, ұщқыр ойлы болатыны дәлелденеді.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады;

І- тарау. Тілдің адам өміріндегі маңызы

  1. Тілдің пайда болуы туралы философиялық ойлар.

Мектепке дейінгі кезең - баланың іс - әрекетінің қалыптасуы мен дамуы қуаттылықпен жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын мезгіл. Бұл мезгіл ішінде балаларға берілетін білім мен тәрбие мазмұны әлеуметтік сұранысқа сай жүзеге асырылуы тиіс. Осыған орай сәбидің эмоционалдық іскерлік, коммуникативті және интеллектуалдық жағынан дамуы айналадағы дүниемен, табиғатпен, өз - өзіне басқа адамдар мен т. б. өзара белсенді әрекеттік қарым - қатынаста болу арқылы қалыптасады.

Орта ғасырлық ұлы ғұламалар Әл - Фараби, Ж. Баласұғын, М. Қашқари, А. Яссауий А. Иүгінеки т. б. еңбектеріндегі бала тәрбиесі туралы айтылған ой - пікірлерінде адам баласы - жаратылыстың бүкіл жан иесі атаулының биік шақтығы, сондықтан да оны құрметтеу, мәпелеу, аялау қажет екендігі дәлеледенген. Мәселен, Әл - Фараби ғылыми ой - түйіні: жеке тұлғаның қалыптасуы білім, мейірбандық, сұлулық қасиеттердің бірлігінде деп тұжырымдаса, Ж. Баласұғын бала тәрбиесін бесіктен бастау қажет екендігін баса айтады.

Ал Ахмет Иүгінекидің (ХІІ -ғ) шығармаларында, әсіресе, «Ақиқат сыйы» дастанында гуманистік ой - пікірлермен қатар ең басты нәрсе деп, оқу мен білім мәселелеріне көңіл қояды. Адамгершілік, этикалық, әдептілік ілімдері де мағынасы, мазмұнды, әділ сөйлей білуге, сыр сақтай білуге, сыр әдептің басы - тіл - тілге сақ болу керектігіне баса көңіл бөліп, маңызды ақыл - өсиеттер айтады.

ХVІІІ - ХІХ ғасырларда кең тараған бір теория - эмоционалды теория. Оның жақтаушысы Ж. Ж. Руссо «бір нәрсеге құштарлық алғашқы сөздерді шығарады» - деп жазды. Бұл теория ХІХ - ХХ ғасырларда одағай теориясына келіп ұласты. Аталмыш теория бойынша алғашқы адамдар айналадағы заттармен танысқанда өздерінің алған әсерлерін еріксіз шығарған дыбыстар, одағайлар арқылы білдіргенде, олар әлгі заттардың атауларына айналып, тіл пайда болған. Бұл теорияны жақтаушылардың бірі - орыс лингвисі Д. Н. Кудрявский. Ал қоғамдық шарттасу теориясы - алғашқы адамдар сөздерді өзара келісе отырып, таңдап алған дейді. Олай болуы үшін адамдардың сөздерді өзара тілді бұрыннан білуі керек қой. Демек, бұл теория да ешбір дәлелсіз.

ХІХ ғасырларда философ Дюдвиг Нуаре жасаған еңбек айқайы теориясы бойынша, тіл алғашқы адамдардың еңбек ету кезінде шығарған рефлексті айқайлары негізінде пайда болған.

Бұл айтылған теориялардың барлығы да тілдің әлеуметтік табиғатына мән бермеген, оның қатынас құралы екенін ескермеген қате пікірлер. А. Шлейхтер де: «тіл де биологиялық организм сияқты туады, өседі, өледі» - дейді. Олай болған жағдайда тіл атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа тұқым қуалау арқылы беріліп отыруы керек қой. Алайда, тіл атадан балаға ген арқылы берілетін құбылыс емес, ол ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын, кейінгі ұрпақ алдыңғы ұрпақтан үйреніп отыратын нәрсе. Олай болатын себебі жаңа туған бала өз ата - анасының тілінде сөйлеуі де, сөйлемеуі де мүмкін. Егер жаңа туған баланың өскен ортасы өз ата - анасының тілінен басқа орта болса, ол сол ортаның тілінде сөйлеп кетеді. Оған өмірде мысалдар жатыр. Бұл - тілдің биологиялық құбылыс емес екендігін дәлелдейді.

Тағы бір топ ғалымдар тілді психологиялық құбылыс деп біледі. Ол, «тілді құдай жаратқан нәрсе емес, оны жеке адам жасайды, жеке адамның рухы, туғызады» - деген түсініктен туған. Алдыңғы пікілерден бұл қате пікір еді. Егер тіл рухтың туындысы болса, әрбір адамның жеке - жеке өз тілі болған болар еді, біртұтас халықтың, ұлттың тілі болмас еді. Жеке адамның тілі қауымда ғана жасалады, қауымда ғана дамиды.

Адамзат тілі - биологиялық та, психологиялық та құбылыс емес, ол әлеуметтік құбылыс, қоғамға қызмет етеді. Себебі, тіл қоғам үшін, қоғам мүшелерінің пікір алысып, өзара түсінісуі үшін керек, сол үшін жаралған. Бір - бірімен сөйлесетін адамдар бар жерде тіл де - сол жерде. Қоғамсыз - тіл, тілсіз - қоғам болмайтынын ескере отырып, адамзат тілінің пайда болу теориясының ғылыми негізін К. Маркс пен Ф. Энгельс жасады. Олар: «Тіл де сана сияқты басқа адамдармен қатынас жасау мұқтаждығынан және қажеттілігінен туды» - дейді. Мұнда бірінішіден, тіл мен сананың (ойлаудың) бір - бірімен тығыз байланыстылығы, бір мезетте шыққандығы, екіншіден, тілдің адамдардың бір - бірімен қатынас жасау қажеттілігінен келіп пайда болғандықтан айтылған.

Қазақ елінде психология, педагогика, тіл тағылымы сияқты тұңғыш ғылыми оқулықтардың негізін жасаған А. Байтұрсынов, Ш. Құдайбергенов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, . М. Жұмабаев, Т. Шолаев, Х. Досмұханбетов тағы басқа да халқымыздың ойшыл ағартушыларының пікірлерінің болашақ ұрпақты тәрбиелеу және білім беру ісіне айрықша мол үлес қосқана да мәлім. Қайта оралып соқсақ Әл - Фарабидің философиялық еңбектерін ғылыми зерде сүзгісінен өткізгенде, оның педагогика тарихында орын алатын ұлы тұлғалардың бәрі екендігіне көзіміз жете түседі. Ал И. Г. Песталоций, А. Дистерверг, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов, К. Д. Ушинский, М. А. Горький, т. б. озық ойлы ағартушылар да өз еңбектерінде осындай құнды ойларын ағартушылар да өз еңбектерінде осындай құнды ойларын қалдырған. Әл - Фараби жасаған қортындының басты түйіні: білім, мейірбандық, сұлулық - үшеуінің бірлігінде, ол ақыл - ойдың, еңбектің және білімнің биік мәнін дәріптейді.

Баланың тілді меңгеруі жайлы ғылыми зерттеулер жазған психолог - ғалымдар: Л. С. Выготский, А. Л. Имедадзе, А. Л. Леонтьев, Н. С. Рождественский, Л. А. Венгер, Г. А. Урунтаева, Ю. А. Афонькина, тағы басқа баланың жас кезінде танымдық, қаблыдағыштық қабілеттерінің ерекше болатындығына байланысты тілді тез меңгеретінің ғылыми негізде дәлелдеп берді. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту мәселесін зерттегендер: С. П. Рубинштейн, А. М. Леушина, А. М. Дементьева, М. М. Конина, И. Е. Тихеева, В. Г. Захарченко, А. В. Запорожец, П. Я. Гальперин, А. А. Люблинская, т. б.

Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мәселесі бойынша тарихи - әдістемелік, ғылыми - теориялық арнайы зерттеулер жүргізген ғалымдар: Б. Б. Баймұратова, А. К. Меңжанова, М. С. Сәтімбекова, Ф. Н. Жұмабекова, Р. К. Аралбаева, т. б. зерттеулері нәтижесінде ғылыми - әдістемелік еңбектер, оқу - құралдар, бағдарламалар жасалды.

Қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік - саяси өзгерістер, ғылыми - техникалық прогресс және жалпы білім беретін мектеп құрылымының өзгеруі жас ұрпаққа, әсіресе мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу, дамыту, жетілдіруді талап етеді.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін реформалау барысында әрбір баланы мектептегі оқу мен қатынас ортасы өзгеру жағдайына еркін араласатындай етіп дайындау - аса маңызды міндет.

Қазіргі мектептің бірініші сыныбына келген балалар ерік - жігерлері күшті, еңбек сүйгіш қасиеттері мол, жұмыс қабілеттері жоғары, арнайы білімдік және икемділік сипаттары көзге түсерліктей болуы қажет.

Халыққа білім беру жүйесін қайта құру мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұның жаңартуды, балаларды мектепте оқуға дайындауды, денсаулық, адамгершілік, эстетикалық тәрбие сапасын арттыруды көздейді. Әрине, бұл талаптар тәрбиелеу жұмысындағы сабақтастық, бірізділік принципін сақтау арқылы жүзеге асырылады.

Мектепке дейінгі кезеңде баланың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, өмірге қажетті білім - дағдыларды меңгерту, ой еңбегіне баулып, үйрету өзекті мақсат етіп алынған. Ақыл - ойды жетілдірудің негізгі болып табылатын баланың тілін, сөз қорын молайту, еркін, дұрыс сөйлей білуге үйрету де негізгі мақсат болуы керек.

Қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тілі мен мәдениетіне мойын бұрып, ұрпағымызға төл тәрбие, ұлттық тағылым беру - бүгінгі үннін

басты ісі. ХІ - ғасырдағы түркі ғалымы М. Қашғаридің «Тәрбие басы - тіл» деп айтуынан - ақ біз тілдің қай кезде де тәрбие құралы саналғанын байқаймыз. Тіл - ұрпақ тәрбиесмінің пәрменді құралы, рухани байлықтың баға жетпес құдіреті, қуатты қайнар көзі. Ана тілі - халықтың өткен ұрпағы, қазіргі және келешек ұрпағы арасындағы тарихи жалғастықты жүзеге асыратын бірден - бір сенімді құрал.

Мектепке дейінгі балалардың тілді үйренуі - тілге деген ерекше белсенділіктермен анықталады. Бұл белсенділіктер жоғарғы жүйке - жүйесінің қызметімен тығыз байланысты - сөз рефлекстері негізінде қалыптасады. Сөз, тіл - бас ми сыңарларының жоғарғы функциясы. Сөз, тіл ойлаумен тығыз байланысты. Тілсіз ойлау мүмкін емес, тіл мен ойлау ажырамас бірлікте. Тіл

ойдың материяландырылған түрі. Тілсіз ой (сана), ойсыз тіл де жоқ. Тіл ойдың, мазмұны, тікелей шындығы. Сөздің мәні ойдан көрінеді. Ой тіл арқылы жеткізіледі, айтылады, сөз арқылы безендіріледі. Әрбір ой міндетті түрде белгілі сөздік материалда пайда болады. Сөз - материалдық болмыстың баламасы. Ой пайда болса, ол белгілі, нақты сөздік формада білінеді, көрінеді. Тіл мен ойлау - адам миының үлкен жарты шарларының қабығында үздіксіз өтіп жататын анализдеу және синтездеу әрекеті. Сөйлеу мен тілдің дамуы танымдық іс - әрекет негізі.

Сөздің мәніне, сөздердің көрсететін шындығына бағдар ұстаумен қатар мектепке дейінгі, әсіресе 6 жасар балалар сөз мәнінің қандай екендігіне қарамастан сөздің дыбыстық түріне үлкен ынта қоятындығы байқалады. Тілдің дыбыстық жағы балалар әрекетінің мазмұнына айналады. Сөзді жетерліктей терең ұғына білу тек арнаулы оқыту жағдайларында қалыптасады. Балалардың тілін дамыту өсіп келе жатқан ұрпақтың парасаттылық пен сезімталдық, еріктік қасиеттерін қалыптастыруда аса маңызды орын алады.

Тіл - ұлттық рух. Тіл - ұлттық сана, ұлттық психологиямен тамырлас. Дүние есігін ашқаннан кейін- ақ бір ұлттың өкілі болып, тіл шығып, сөйлей бастағаннан ана тілің деген ұғым қаныңмен сіңіп, бойыңа тарайды.

Тіл - біз мәдениет деп атайтын дүниенің мәңгілік ажыралас бөлшегі. Тіл уақыттан да биік тұр. Тілдің шығуы туралы сөз еткенде, екі түрлі мәселені, жалпы адамзат баласының тілінің шығуы мен жеке нақтылы, нақтылы тілдердің шығуын шатастырмаған жөн.

Адамзат тілінің шығуы сонау көне замағы, яғни алғашқы адамдардың пайда болу заманына барып тірелсе, жеке тілдердің шығуы содан кейінгі дәуірлерде болған нәрсе. Тілдердің шығуы туралы мәселе әртүрлі ойшылдардың назарын өзіне аударып келген. Бұл мәселе туралы түрлі - түрлі пікірлер мен жорамалдар айтылып, сан қилы пайымдар жасалды. Сол жорамалдардың бірі - ежелгі грек философиясынан басталатын, әсіресе ХVІІ - ХVІІІ ғасырларда кең өріс алған дыбысқа еліктеу теориясы . Бұл теорияны қолдаушылар тілді «табиғат сыйы» - деп қарап, алғашқы жануарлардың дауыстарын, құстың сайрауын естіп, соларға еліктеуден әртүрлі дыбыстарды шығарған. Содан алғашқы сөздер жасалып, соларға еліктеуден әртүрлі дыбыстарды шығарған. Содан алғашқы сөздер жасалып, олар заттардың атауына айналған дейді.

Тіл байлығы - ең алдымен тіл арқылы бейнеленетін халықтың өткен өмірі мен бүгінгі болмысы. Тіл байлығын жете меңгеру дегеніміз - халық өмірін жетік білу дегенмен пара - пар. Осыған орай жазушы Марал Сқақбаевтың «Тіл байлығы таным білімге қаншалық тәуелді болса, жазушы көзінің жітілігі де, парасат - пайымы да тіл байлығына соншалық тәуелді» - деуі - өте орынды айтылған пікір. Жалпы адамзат тілінің пайда болуы туралы ой - пікірлерді, тұжырымдарды келтіргеннен кейін өзіміздің ана тіліміз - қазақ тілінің тарихы мен зерттелу жайына да тоқтала кеткенді жөн көрдік.

Қазақ тілі - ауыз әдебиетіне аса бай, бөтен тілдерден енген қоспалары онша көп емес, таза образды тіл.

Тіл табиғатпен тығыз байланыста жаратылған ерекше құбылыс. Көптеген зерттеулерде тілге қатысты айтылған түсініктеме мен анықтамалар оның жан - жақты ерекшеліктерін, жалпы сипатын және күрделі құбылысқа тән басты белгілерін жақсы атап өтеді.

Тілдің тіршілігі, дамуы оның қатынас құралы болу қызметіне байланысты. Тілдің бұл қызметі коммуникативтік функция деп аталады. Тілді, адам өзін қоршаған қауымнан, өмірден үйренеді.

В. А. Артемов тіл ойлаумен болмыстағы заттар мен құбылыстар арқылы байланыста болады, өйткені адам осы құбылыстарды кездестіргендіктен, оларды бір сөздермен атауға тиіс деп есептейді. Оның пікірінше, әр ұлт, әр халық заттарды, табиғат құбылыстарын т. б. әр түрлі сөзбен айтады, сондықтан тіл де әр түрлі болады. Е. Н. Пассовтың пікірінше, ойлау екі қызмет атқарады: танымдық және коммуникативтік қызметін атқарады. Осы ретте де ойлау тілмен де, сөйлеумен де тығыз байланысты.

Тіл мен сөйлеу жайындағы ғылымдардың пікіріне келсек, ерекше концепция Ф. Де Соссюрдің тұжырымы. Ф. Де Соссюрдің пікірінше, тіл - дыбыстық материяның жиынтығы, форма, қарым - қатынас құралы; ол сөйлеу - дыбысталуыдың жиынтығы. Ғалым «язык - это система знаков и правил их комбинирования; речь же это использование нашей языковой системы в целях общения». Ф. Соссюр тіл мен сөйлеуді ажырата келіп, олардың әрқайсысына тән айырмашылықтарды нақтылап көрсетеді.

  1. Тіл - әлеуметтік, ал сөйлеу - жеке құбылыс («язык - социален, а речь - индивидуален») .
  2. Тіл - тұрақты және ұзақ өмір сүретін процесс, ал сөйлеу - тұрақсыз және жиі өзгеріп отырады.
  3. Тіл адамның миымен, санасымен бірге өзі қалыптасатын процесс, ал сөйлеу, әркімнің өзі дамытып отыратын процесс.
  4. Тіл адамның қарым - қатынасында негізгі және бәріне ортақ, ал сөйлеуде автордың өз қолтанбасы болады.
  5. Тіл психикалық құбылыс, ал сөйлеу - психофизиологиялық құбылыс.

Осылайша, тіл мен сөйлеудің ара жігін ажырата келіп, олардың өзара тығыз байланысты екенін де атап өтеді: «язык и речь тесно связаны между собой и предполагают друг - друга: язык необходим для того, чтобы сложился язык».

Қазақ лингвистикасында тіл мен сөйлеуге қатысты мәселелерді анықтап, олардың айырмашылықтарын көрсетуге тырысқан тілші - Т. Р. Қордабаев. Ол: «Сөйлеу дегеніміз - тілді қатынас жасау процесінде өз ойын басқаларға білдіру, басқаның ойын білу мақсатында қолдану деген сөз, дей келіп, - «сөйлеу тілдік материалдар арқылы болады және тілдік заң - ережелерге, тілдік нормаға бағынады. Тіл мен сөйлеу бір - бірінен ажырамас бірлікте» - деп көрсетеді.

Тілдің ең басты ерекшелігі - жалпы халықтық сипатта болуы, яғни тіл белгілі бір топтың, жеке адамдардың мұқтажын өтеу үшін емес, қоғамдағы барлық топтар үшін қызмет атқарады.

Тіл - халықтың шежіресі, тарихы, халықтың күллі өмірінің жаңғырығы мен ізі, онан сол тілді жасаушы халықтың арман үміті қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. К. Д. Ушинский тілдің осы бір қасиеттері жайында былай деп жазды: «Тілде бүкіл халықтың, оның бүкіл елінің рухы көрінеді, онда халықтық рух шығармашыл қуаты мен ойға, суретке айналды, отан аспанының дауысы, оның ауасы, физикалық құбылыстар, оның климаты, даласы, таулары мен жазықтары, оның ормандары мен өзендері, дауылдары мен найзағайлары көрінеді. Халық тілінің айқын да тұнық тереңінде туған елдің жалғыз табиғаты ғана емес, сонымен бірге халықтың рухани өмірінің бүкіл табиғаты сәулеленіп көрінді!».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі мекемеде логопед қызметінің бағыттары
Сауаттылыққа үйретуге балалардың дайындығы
Психика дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру
Баланы мектепке психологиялық даярлаудың әдістемесі
Сөйлеу әрекетінің орталығы
Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау процесінің ерекшеліктері
Бала тілін дамытудағы ана тілінің рөлі
Мектепке дейінгі баланың сөйлеу тілінің даму кезеңі
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ - ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мектепке дейінгі, бастауыш мектепте және орта буында оқушыларға математиканы оқытудағы сабақтастықты жетілдіру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz