Психика мен сана дамуы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. Психиканың дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.1 Психиканың ежелгі сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Жоғарғы жүйке қызметі . психиканың физиологиялық қасиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

ІІ. Сананың дамуы туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.1 Сана . психика дамының жоғарғы сатысы ретінде ... ... ... ... ... .17
2.2 Сананың қалыптасуындағы сөз бен қарым.қатынастың ролі ... 19
2.3 Сананың философиялық концепциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.4 Сананың негізгі қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.5 Өзіндік сана сезім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

ІІІ. Сана мен психиканың дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Психика-тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі организм мен сыртқы ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрыкша түрі. Психиканың ең қарапайым түрі жәндіктерге тән. Психиканың ең жоғағы формасы-адамның санасы. Сана-сыртқы дүние заттарымен құбылыстардың мидағы бейнесі. Сана шындықтың жай суреті, оның жансыз кошірмесі емес, адам басында, нерв жүйесінде жасалып жататын күрделі бейнесі. Сана-адамның қоғамдық тарихи дамуының жемісі. Ол әлеуметтік даму заңына сәйкес үнемі жетіліп, күрделеніп отырады. Адам психиканың ерекшеліктері біздің санамыздан тыс өмір сүретін заттармен құбылыстарды, әр алуан нәрселерді түсіну, қабылдау, елестету арқылы көрінеді. Оларды адамның сезім мүшелері арқылы тікелей көріп білуге, ұстап білуге болмайтын қасиеттер мен белгілер, абстрактылы ойлау формалары — ұғым, пікір, ой қорытындылары танылып, жанама жолмен бейнеледі және өзара шартты байланыста болады. Соның нәтижесінде біздің айналамыздағы заттар мен құбылыстардың заңдылықтары, олардың пайда болуы және өрістеп дамуы адамның дүниені танып білуі мен бейнелеуін көрсетеді.
Адамның психикалық әрекет заңдарын, оның желісі мен құрылым ерекшеліктерін айқын түсіну үшін жан әрекетін туындатушы тән - адам миының құрылымымен танысып, оның жан күйі көріністерінің сол тән бөлігімен қандай байланыста болатынын білу қажет.
1. Аймауытов Ж. Психология. –Алматы, 1995
2. Алдамұратов Ә.Қызықты психология. – Алматы, «Қазақ университеті», 1992.
3. Алдамұратов Ә.Жалпы психология. – Алматы, «Білім», 1996.
4. Әбдірахманов А., Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша – қазақша сөздік. –Алматы, «Мектеп», 1976
5. Жалпы психология. В.В.Богословскийдің редакциясымен. –Алматы, 1980.
6. Елеусізова С. Қарым – қатынас психологиясы. – Алматы, 1995.
7. Жарықбаев Қ., Озғанбаев О.Жантануға кіріспе. – Алматы, 2000
8. Жарықбаев Қ.Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары. –А., 2000.
9. Жарықбаев Қ.Қазақ психологиясының тарихы. – Алматы, 1996
10. Мұқанов М.Ақыл – ой өрісі. – Алматы, 1980
11. Тәжібаев. Т.Жалпы психология. – Алматы, 1998.
12. Намазбаева Ж.И.Психология, Алматы. 2005
13. Асеев В.Г. Возрастная психология: Учебное пособие-Иркутск., 1989
14. Братусь Д.С. Психологические аспекты нравственного развитие личности. –М., 1977
15. Бурминская Г.В., Обухова Л.Ф. Современная американская психология развития: учебное пособие. –М., 1986.
16. Выготский Л.С. Вопросы детской психологии. –М., 1997
17. Аверин В.А. Психология детей и подростков –М., 1998
18. Сейталиев Қ. Жалпы психология: Оқу құралы. - Алматы:
«Білім», 2007. - 360 бет.
19. Леонтьев А.Н. Индивид и личность. Хрестоматия по психологии.
Под.ред. А.В.Петровского. 2-е. изд.-М.: Просвещение, 1987. С. 140-146.
20. Рубинштейн С.Л. Направленность личности. там же, М.:
Просвещение, 1987. с. 152-155.
21. Узнадзе Д.Н. Общее учение об установке. там же, Просвещение,
1987, С. 101-108.
22. Бодалев А.А. Личность и общение. -М.: Педагогика. 1983. С. 10-21.
23. Ковалев А.Г: -Психология личности. — М., 1970.
24. Петровский А.В. Личность, деятельность, коллектив. —М., 1982.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Оқу орны жазылу керек

Кандай кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:
Психика мен сана дамуы

Орындаған:
тобының студенті
Жетекшісі:

Орал қаласы - 2015

Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3

І. Психиканың
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...7
1.1 Психиканың ежелгі
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Жоғарғы жүйке қызметі – психиканың физиологиялық
қасиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...11

ІІ. Сананың дамуы туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.1 Сана – психика дамының жоғарғы сатысы ретінде ... ... ... ... ... .17
2.2 Сананың қалыптасуындағы сөз бен қарым-қатынастың ролі ... 19
2.3 Сананың  философиялық 
концепциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.4 Сананың негізгі
қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.5 Өзіндік сана
сезім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 23

ІІІ. Сана мен психиканың
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .26

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .30

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...32

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Психика-тіршілік дамуының белгілі бір
сатысында тірі организм мен сыртқы ортаның өзара қатынасын білдіретін
бейнелеудің айрыкша түрі. Психиканың ең қарапайым түрі жәндіктерге тән.
Психиканың ең жоғағы формасы-адамның санасы. Сана-сыртқы дүние заттарымен
құбылыстардың мидағы бейнесі. Сана шындықтың жай суреті, оның жансыз
кошірмесі емес, адам басында, нерв жүйесінде жасалып жататын күрделі
бейнесі. Сана-адамның қоғамдық тарихи дамуының жемісі. Ол әлеуметтік даму
заңына сәйкес үнемі жетіліп, күрделеніп отырады. Адам психиканың
ерекшеліктері біздің санамыздан тыс өмір сүретін заттармен құбылыстарды, әр
алуан нәрселерді түсіну, қабылдау, елестету арқылы көрінеді. Оларды адамның
сезім мүшелері арқылы тікелей көріп білуге, ұстап білуге болмайтын
қасиеттер мен белгілер, абстрактылы ойлау формалары — ұғым, пікір, ой
қорытындылары танылып, жанама жолмен бейнеледі және өзара шартты байланыста
болады. Соның нәтижесінде біздің айналамыздағы заттар мен құбылыстардың
заңдылықтары, олардың пайда болуы және өрістеп дамуы адамның дүниені танып
білуі мен бейнелеуін көрсетеді.
Адамның психикалық әрекет заңдарын, оның желісі мен құрылым
ерекшеліктерін айқын түсіну үшін жан әрекетін туындатушы тән - адам миының
құрылымымен танысып, оның жан күйі көріністерінің сол тән бөлігімен қандай
байланыста болатынын білу қажет.
Органикалық дүниенің ұзаққа созылған эволюция-сында - қарапайым бір
жасушалы жануарлардан адамға дейін - қылық-әрекеттің физиологиялық
механизмдері үздіксіз жетілуде болды. Мысалы, бір жасушалы организмнің
жалғыз-ақ жасушасы тіршілікке қажет барша қызметтерді (түйсік, қозғалыс, ас
қорыту) орындай алды. Бірақ оның мүмкіндіктері шектеулі болды. Ал жоғары
дамыған жануарларда арнайы қызмет орындаушы тән мүшелері даралана бастады.
Қажеттікке орай жеке мүшелер және олар-дың қызметі жіктелгенімен,
организмнің біртұтас тіршілігі мен тән мүшелерінің өзара байланысын
орталық жүйке жүйесі (центральная нервная система) қамтамасыз етті.
Ғылым  бүткіл органикалық  дүниенің мәңгі бақи бір қалыпта тұрмайтынын,
ол сан алуан сапалы өзгерісер нәтижесінде пайда болғанын жаратылыстану
ғылымдарының мәліметтеріне сүейене отырып түсіндіреді. Біз адам психикасы
бірден жасалмағанын, оның өзі жануарлардың өткендегі талай ғасырлық даму
жолдарымен біртіндеп даярланғандығын, екеуінің арасында сабақтастық
байланыс бар екендігін жақсы аңғарамыз. Психика органикалық материяның
барлығында бірдей бола беретін қасиет емес. Ол өсімдіктер дүниесінде жоқ.
Тіпті тірі организмдердің төмендегі фомаларынан да оны табу қиын. Психика
материяның жоғары формаларының, жанды материяның ғана қасиеті. Тірі
материяның, төменгі түрлеріне (мәселен, қарапайым организмдерге)
тітіркенушілік (сыртқы әсерлерге жауап бере алушылық), ал оның жоғары
түрлеріне сезгіштік (заттардың қасиеттерін бейнелей алу) қасиет тән.
Сезгіштік – психиканның ең бастапқы белгісі. Бұл организм сыртқы ортаны
түйсіне алу қабілеті. Түйсік орталық нерв жүейесі бар барлық жануарларда
және адамдарда кездесетін қарапайым психикалық құбылыс. Психикалық
әрекеттің дамуы нерв жүесімен дамуымен шарттас. Ал нерв жүесі құрылысының
күделене түсуі психиканың күрделене түсуіне, оның жоғарғы формаларының
пайда болуына жағдай туғызған. Адамның даму тарихы сапалық жаңа саты, ол
жануарлардың биологиялық дамуының одан бұрынғы жолынан түбірлі
ерекшеліктері бар. Адамның жануарлардың өмір сүруінен ерекшелігі қоғамдық –
еңбек әрекетіне көшу болып табылады. Осы өмірдің нәтижесінде психиканың
жаңа түрі – адамның санасы пайда болады. Еңбек әрекеті адамды жануарлар
дүниесін ерекшелейді. Егерде қоршаған ортаға жануарлар бейжай түрде
бейімделсе, табиғаттың бергенін   ғана пайдаланса, ал адам еңбек әрекеті
үрдісінде табиғатқа белсенді және мақсатты әсер етеді, оны өзгертеді,
материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оған
бейімделеді және пайдаланады. Еңбек үрдісінде адам өзінің дене және рухани
табиғатын өзгерте алады. Ф.Энгельстің айтуынша, адамды адам адам еткен
еңбек. Алғашқа қауымдық кезеңнен бастап, еңбек үрдісінде адамны дене және
психикалық қабілеттері жетілді, оның миы және сезім органдары, психикалық
сапалары, қабілеттері қалыптасты. Адамның даму тарихы сапалық жаңа саты, ол
жануарлардың биологиялық дамуының одан бұрынғы жолынан түбірлі
ерекшеліктері бар. Адамның жануарлардың өмір сүруінен ерекшелігі қоғамдық –
еңбек әрекетіне көшу болып табылады. Осы өмірдің нәтижесінде психиканың
жаңа түрі – адамның санасы пайда болады. Еңбек әрекеті адамды жануарлар
дүниесінен ерекшелейді. Егер де қоршаған ортаға жануарлар бейжай түрде
бейімделсе, табиғаттың бергенін ғана пайдаланса, ал адам еңбек әрекеті
үрдісінде табиғатқа белсенді және мақсатты әсер етеді, оны өзгертеді,
материалдық және рухани қажеттілік-терін қанағаттандыру үшін оған
бейімделеді және пайдаланады. Еңбек үрдісінде адам өзінің дене және рухани
табиғатын өзгерте алады. Ф.Энгельстің айтуынша, адамды адам еткен еңбек.
Алғашқы қауымдық кезеңнен бастап, еңбек үрдісінде адамның дене және
психикалық қабілеттері жетілді, оның миы және сезім органдары, психикалық
сапалары,қабілеттері қалыптасты. Адам санасының қалыптасуы мен
психологиялық сипаттамасы жаңаның басталуын, психика дамуының жоғарғы
кезеңін білдіреді.Саналы бейнелеудің жануарларға тән психикалық бейнелеуден
айырмашылығы – бұл заттық шындықты бейнелеу. Санаға жан-жақты сипаттаманы
А.Н.Леонтьев өзінің Іс-әрекет, Сана, Жеке тұлға атты еңбегінде берген
болатын.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
1) Адам психикасының  функциларының дамуын теориялық тұрғыда қарастыру;
2) Адам психикасының дамуын анықтау;
3) Психика мен сана дамуын айөындау.
Зерттеудің  теориялық  маңызы:
Адам психикасының   дамуы  мен  мәнін  ашу  барысында  адамның
психикалық  процестерінің  қалай  дамитындығы  туралы  көрсетілген. Жұмыс 
барысында  Карл  Бюлердің  психологиясы  мен  психика  дамуы қарастырылған 
Сонымен  қатар  В.Штерн, Ф.Бергер, С.Шоспиро, Э.Герингтың, А.Н.
Леонтьевтің  әр  түрлі  жас  жамаларындағы  жанамаланған  зейіннің  дамуы, 
неміс  ғалымы  Э.Кречмердің  дене  құрылымы  мен  психикалық 
қасиеттерінің  арақатынасын  зерттеуі  туралы  көрсетілген.
Зерттеудің әдістемелік маңызы: Мектепке дейінгі мекемелерде 5- 6 жастағы
балалардың байланыстырып сөйлеуге үйрету әдіс- тәсілдерін анықтайтын
әдістемелер сарапталып зерттеулер жүргізу негізінде талданды;
Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік
материалдар мен әдебиеттердегі психика мен сана туралы ғылыми деректерді
кешенді жүйемен салыстырмалы талдау, зерттеу нысаны мен пәніне байланысты
негізгі ұғымдарды сараптау, эксперименталды-диагностикалау әдістемелері.
Зерттеу көздері: педагогика, психология, философия, ғылымдарының
классиктерінің еңбектері, жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік
стандарттары, оқу бағдарламалары;
Зерттеу пәні: психология
Зерттеу объектісі: психика мен сана
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады;

І. Психиканың дамуы

1.1 Психиканың ежелгі сипаттамасы
Психика жөніндегі алғашқы түсініктер анимистік сипатта болды. Анимизм
- әр заттың жаны бар деп уағыздайды. Құбылыстар мен қозғалыстардың даму
себебі олардың жаны болуында деп біледі. Мұндай көзқарас алғашқы қоғамдық
қауымда, ғылым пайда болғанға дейін қалыптасты.
Психикаға деген ғылыми-философиялық көзқарас гилозоизм концепциясы
болып қалыптасты, ол көзқарас бойынша психика барлық материяға тән.
Психикаға деген көзқараста гилозоизм ежелгі шығыс және гректерде пайда
болған, барлық материяның жанды екендігі туралы философиялық ілім ХІХ
ғасырдың ортасына дейін орын алып келді.
Психологиялық білімнің одан кейінгі дамуы психиканы тар шеңберлі
құбылыстармен шектеу жолымен жүрді. Бірақ ертедегі грек ғалымдарының
ішіндегі ең ұлысы – Аристотельдің өзі психика ұғымын органикалық
процестердің бәріне де теңеген. Ол жанды үшке: өсімдіктер, жануарлар және
адамдар деп бөлді. Кейінірек, ертедегі гректер ғылымында, психика ұғымы
біздің кезімізде осы терминмен аталып жүрген құбылыстар шеңберіне енді.
Ертедегі Греция философиясының өзінде-ақ психикаға деген бірі-біріне
қарама-қарсы екі айқын көзқарас: материалистік және идеалистік – Демокрит
және Платон бағыттары қалыптасқан-ды.
Демокрит барлық қоршаған табиғат сияқты психика да материалдық
негізінде деп есептеді. Жан атомдардан, тек физикалық денелерді құрайтын
атомдардан әлдеқайда нәзік атомдардан тұрады. Дүниені танып, білу сезім
мүшелері арқылы жүзеге асады. Өте нәзік, көзге көрінбейтін бедерлер
заттардан бөлініп шығады да адам жанына енеді, сөйтіп, онда мөрдің ізіндей
өз таңбасын қалдырады.
Платонның пікірі бойынша жанның материямен ортақ еш нәрсесі жоқ.
Жанның материалдық дүниеден айырмашылығы, ол – идеалды. Таным – психиканың
сыртқы дүниемен өзара әрекетте емес, жанның адам тәніне енгенге дейін
идеалды дүниеден не көргені жөніндегі естеліктер іспеттес. Объективті дүние
– танымдық қызметтің объектісі емес, соған себепші ғана.
Эксперименттік әдістің нашар дамығанына қарамастан, ертедегі грек
философтары психиканың мимен байланыстылығы туралы ой айтты, темперамент
пен мінездің арасындағы айырмашылықты көрсетті, аңғырттау негізделген болса
да психиканың ортаға тәуелділігі туралы идея ұсынылды.
Сөйтіп, грек ғылымында психология зерттейтін құбылыстар ауқымы
жөніндегі білімдер анықталды және психикалық құбылыстарды түсіндіруге екі
түрлі методология мен қараудың негізі қаланды. Фактілік материалдарды жинау
әдісі ғылыми жағынан мүлде әзірліксіз негізде, күнделікті өмірден көрген-
білгенді, құрылған тұрмыстық байқауларды жүйелеу және ойша жүргізілген
теориялық экспермент деңгейінде қала берді. Бірақ та, ертедегі грек
ғалымдарының психика механизмдеріне соншалықты аңғырт түсінгендігіне емес,
ал олардың өздерінің байқалулары мен ойша эксперименттері арқылы құнды
жетістіктерге жеткеніне таңдану керек.
Орта ғасырлық философия мен психологиялық түсініктерде жан туралы
тәнге тәуелсіз материалдық емес мәндегі идеалистік ілім үстем болды.
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы философтар психиканы түсінудің методологиялық
алғы шарттарының іргетасын қалады, оның психологияның өз алдына білімнің
жеке саласы ретінде қалыптасуына ықпалы тиді. Ол философтардың арасынан, ең
алдымен Декарт, Локк, Лейбницетрді атауға болады.
Р. Декарт (1596-1650) жануарлар мен адам психикасына әр түрлі
қарауды белгіледі. Оның теориясы бойынша жануралардың жаны жоқ, олардың
мінез-құлқы, сыртқы әсерге рефлекс болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда,
жануарлар психикасы қатаң түрде сыртқы жағдайлармен ғана детерминделеді.
Декарттың рефлекстердің механикалық детерминділігі, машина іспеттестігі
туралы ойын Маркске дейінгі материалистер дамытты және адамға да қолданды.
Декарт адам санаға ие және ойлау процесі кезінде өзіндік ішкі өмірі бар
екеніне көзі жетеді деп есептеді. Сана оймен тығыз байланыста. Декарт
сыртқы дүниенің білімнің пайда болуына тигізетін ықпалын жоққа шығармайды,
бірақ оның пайымдауынша, жалпы идеялар туа бітетін қасиет болып табылады.
Рефлекс және сана ұғымдарының мазмұнын белгілеп алып, Декарт оларды
бір-бірінен бөліп тастады: біріншісін, психикалық әрекетке еш жанастырмай,
жануарлардың мінез-құлқын детерминистік зерттеу мүмкіндігімен
байланыстырады, екіншісін өзімен-өзі тұйықталған құбылыс деп қарады. Сана
құбылыстарының сыртқы дүниеге тәуелсіздігі мен оларды өзін-өзі бақылау
арқылы ғана зерттеу мүмкіндігі күні бүгінге дейін көптеген идеалист-
психологтар үшін сананы ұғынудың негізі болып қалып отыр.
Д. Локк (1632-1704) сенсуализмнің – ақыл-ой жүйесінде сезім мүшелері
арқылы өтпейтін еш нәрсе жоқ дегенді уағыздайтын философиялық бағыттың аса
көрнекті өкілдерінің бірі болды. Дүниеге жаңа келген жас сәбидің психикасы,
Д. Локк ілімі бойынша – тәжірибе өз мазмұнын жазатын таза тақта. Ғалым
психикалық іс әрекет механизмін ассоцациялардан, яғни жеке түсініктер мен
идеялар арасындағы байланыстардан көрді. Локк идеялардың туа бітетіндігі
жөніндегі ілімге қарсы шығып, психикалық құбылыстардың ең бастапқы, одан
әрі бөлінбейтін элементтерге дейін жетуі және солардың негізінде,
ассоциациялау арқылы әлдеқайда күрделі құрылым қалыптасуы мүмкіндігін
туғызатын сананы атомистикалық талдау принципін ұсынды.
Бұл тұжырым эксперименттік жолмен алынған фактілермен қарама-қарсы
келгенге дейін психология теориясының негізі болып келді. Тәжірибені санада
сақтаудың маңызды түрлері елес пен ұғым төтенше жұпыны жағдайда болып
көрінеді. Адалдық, ерлік сияқты абстрактілі ұғымдар санадағы барлық адамдар
үшін айқын және бірдей бейнелермен байланыста емес. Локк сананы өзімен өзі
тұйықтап, сана туралы ілімде іс жүзінде декарттық тұрғыда қалып қойды.
Психологияның дамуы мен психика механизмдерін түсінуге Г. Лейбниц
(1646-1716) философиясы ықпалын тигізді. Ол психологияға сана ұғымымен
қатар санасыздық ұғымын енгізді. Лейбництің дифференциялдық теңдеулер
жөніндегі еңбектері оның психика механизмдері жайлы көзқарасына әсер етті.
Лейбниц санасыз түрде пайда болатын шексіз шағын перцепциялар бар екенін
жоққа шығармайды. Сана осыған дейін санасыз түрде өтіп келген елестерді
бізді мен деп қабылдаған кезде ғана пайда болады.
Туа бітетін идея жөніндегі Декарт ілімін қолдай отырып, Лейбниц Локк
сынын ескерді және дүниеге жаңа келген жас сәбидің психикасы tabula rasa
деген тезиске қарсы шықты. Бұл мәселедегі оның ұстанған позициясы мына
бейнелі теңеу арқылы берілген:
Егер жан шынында да осындай таза тақтаға ұқсас болса, онда қандай
формаға болса да ене алатын сом мраморға Геркулестің тұлғасы қалай қашалып
соғылса, біздің ішкі дүниеміз де, өмір ақиқаттары да солай соғылар еді. Ал,
егер осы мраморда басқа тұлғалардан гөрі Геркулестің тұлғасына лайық,
теңбіл сызықтар болса, онда осы сызықтардың өңін ашу және жалтырату үшін
олардың көзге түсуіне кедергі болып тұрған нәрселердің бәрінен арылту қажет
болса да, сол мрамор о бастан-ақ осыған арналған, сөйтіп Геркулес белгілі
бір дәрежеде соның бойында туған болып шығар еді.
Сөйтіп, ХІХ ғасырдың басына таман сананың идеалистік ұғымын анықтап
берген методологиялық алғы шарттар жасалды. Оны зерттеуге сай бірден-бір
әдіс – интроспекция болып табылды.
Психикаға деген материалистік көзқарастың дамуы ағылшын
сенсуалистері:
Т. Гоббс (1588-1679), Д. Гартли (1705-1757) және француз
энциклопедистері: Д. Дидро (1713-1784), П. Гольбах (1723-1789) еңбектерінен
айқын аңғарылады. Ағылшын ғалымдары Т. Гоббс пен Д. Локк өз еңбектеріне
негіз қаланған ассоциация жөніндегі детерменистік түсінікті дамытты.
Француз философтары мен жаратылысты зерттеушілері адам психикасының
әлеуметтік детерминділігі туралы төтенше маңызы бар идеяны жасап шықты.
Психикалық қасиеттердің әлеуметтік ортаның әсерімен тәрбиеленушілігі
қазіргі кезде де ғылыми психологияның маңызды қағидасы болып саналады.
Англияда, Францияда, Германияда материалистік философияның дамуы К.
Маркс пен Ф.Энгельстің дидактикалық және тарихи материализмнің қалыптасуына
әсер етті. Бірақ, материалистік көзқарастар буржуазиялық психологияның
қалыптасуына айтарлықтай ықпал ете алмады.

1.2 Жоғарғы жүйке қызметі – психиканың физиологиялық қасиеті
Психика – жүйке жүйесінің қасиеті болғандықтан, психикалық қасиетті
түсіну үшін адам мен жануралардың психикасының материалдық негізі болып
табылатын жоғарғы жүйке қызметінің ерекшеліктерін білу керек.
Жүйке жүйесі орталық және перифериялық жүйке жүйесі болып екіге
бөлінеді. Орталық жүйке жүйесі – бұл ми.
Перифериялық жүйке жүйесі – жүйкелер, яғни талшық шоқтары. Осы
жүйкелер бас миы мен омыртқа жұлынынан адамның барлық денесіне тарап
жатады.
Ми да, жүйкелер де, нейрондардан яғни бірімен – бірі жалғасып жататын
жүйке жасушаларынан құралады.
Мидың бірнеше бөліктері болады. Омыртқадағы жұлын қарапайым
қозғалысты реттейді.
Жануралардың миына қарағанда адам миының құрылысы күрделі болып
келеді. Адамның миының аумағы да үлкен. Маймылдардың миының орта салмағы
400-500 грамм болса, ал адам миының орта салмағы 1400 грамм. Ағзаның өмір
сүруінде ми қызметі үлкен роль атқарады. Сонымен қатар организм
тіршілігінде ми сыңарлары қыртысының маңызы зор. Адамда ол орта есеппен
алғанда 14-15 миллиард нейроннан тұрады. Ми қыртысының маңдай жағы неғұрлым
маңызды роль атқарады.
Жануар неғұрлым дамыған болса, оның ми қыртысының маңдай жағының
үлесі соғұрлым көбірек болады.
Жеке адамның психикалық өмірінде мидың көлемі мен салмағының
бірсыпыра маңызы бола тұрса да, ми құрылымының ерекше маңызы бар. Сондықтан
мидың салмағына қарай, адамның ақылы туралы кесіп-пішіп айтуға болмайды.
Мәселен, Тургеневтің миының салмағы 2120 грамм, Павловтың миы 1653 грамм,
ал кейбіреуінде кем, Анатоль Франстың миының салмағы небәрі 1170 грамм. Ми
сыңарларының айырылған ит толық мүгедек болады.
Жүйке жүйесі ағзаның сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады,
айналадан келетін тітіркенгіштерге жауап қайырады.
Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке жасушалардан құрылған. Бұл
нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі – ұзын
тармақты нейрит, ал екіншісі – көптеген қысқа тармақты дендрит деп
аталынады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін
жүйке орталықтары дейді. Бұлар орталық перифериялық және вегетативтік жүйке
жүйелерінің өн бойында орналасқан.
Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі
болып табылатын мидың және оның бөліктерінің құрылысы тәжірибелік
зерттеулер арқылы ғылымда жан жақты, толық дәлелдеген.
Орталық жүйке жүйесінің бөліктерінің орналасуы көп қатарлы үйдің
құрылысына ұқсас, яғни олар бірінің үстіне бірі орналаса біткен. Осы
бөліктердің жоғарғысы төмендегісінен құрылысы жөнінде, атқаратын қызметі
жөнінде де күрделірек болып келеді. Орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлімі
– жұлын омыртқа қуысының ішіне орналасқан, оның ұзындығы ересек адамдарда
орта есеппен 45 см-ге дейін жетеді. Жұлынның ішкі жағында сұр зат
орналасқан, сұр зат нейрондардың ұзын бұтақтарынан тұратын ақ затпен
қоршалған.
Жұлыннан жан жаққа 31 жұп нерв талшықтары тарайды, олардың бір тобы
ортаға тебетін, екінші бір тобы шетке тебетін жүйке деп аталады.
Жұлын біздің саналы әрекетіміздің орталығы емес, ал қарапайым
қозғалыстарымыздың жұмысын басқаратын орталық болып табылады. Мәселен, жаңа
дүниеге келген нәресте емуге әрекеттенеді, аузына сүт барғанда ол сілекей
бөледі. Мұның бәрі жұлынның шартсыз рефлекстері, олар ағзаға туысынан тән
болады.
Аралық ми төмпешіктерінен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Мидың
осы бөлігін тор тәріздес құрылым деп те атайды. Бұл бөлім дененің барлық
рецепторларын ми қабығымен байланыстырады, ал мұндағы көру төмпешігі-
афференттік талшықтардың жиынтығы болып табылады. Афференттік – латынның
афферекс деген сөзі, қазақша жеткізуші деген мағынаны білдіреді.
Ми сыңарлары екі бөліктен тұрады. Ми сыңарларының салмағы мидың жалпы
салмағының 80% тең. Мұның ішінде ақ зат, сыртында сұр зат бар. Сұр зат ми
қабығы деп аталынады. Ол қалыңдығы 3-4 мл. Бірнеше қабаттардан тұрады.
Ми қабығы 4 бөлімге бөлінеді. Олар: маңдай, төбе, желке, самай деп
аталынады.
Ми қабығы бірыңғай тұтас мүше. Ол бейне қабылдағыш аспап тәрізді
көптеген анализаторлардың ядросынан тұрады. Мида көру, есту, тері,
қозғалыс, иіс, дәм тағы басқа анализаторлардың жүйке орталықтары бар.
Мәселен, мидың желке бөлігінде көру зонасы, самай бөлігінде есту, төбе
бөлігінде қозғалыс зонасы, самай бөлігінде есту, төбе бөлігінде қозғалыс
орталықтары орналасқан.
Ағзаға әсер етуші тітіркенгіштер мен ағзаның жауап қайтару
реакцияларының арасында уақытша байланыстар пайда болады. Бұлардың пайда
болуы – бас миы қабығының басты қызметі болып табылады. Ми әрекеті
түріндегі кез келген психикалық әрекет үшін жүйкенің уақытша байланысы
болып – негізгі физиологиялық механизм саналады. Кез келген психикалық
үрдіс миға тітіркенгіштер әсер етпесе өздігінен пайда болуы мүмкін емес.
Кез келген психикалық үрдістің және кез келген уақытша байланыстың соңғы
нәтижесі – сыртқы әсерге жауап ретінде іштен шығатын әрекет. Бұл
жағдайлардың барлығы объективтік ақиқаттың бейнелеуінің механизмін
айқындайды. Сонымен жоғарғы жүйке әрекеті туралы ілім психикалық
құбылыстарды материалдық тұрғыдан түсінудің табиғи-ғылыми іргетасы болады.
Уақытша жүйке байланыстарының маңыздылығын мойындай кез келген
психикалық әрекеттің физиологиялық механизмі болып саналмайды, бірақ,
психикалық құбылысты физиологиялыққа теңестіреді. Психикалық әрекет
физиологиялық механизммен ғана емес, оның мазмұнымен, яғни ақиқаттың мидағы
бейнесімен де сипатталады. Адам мен жануарлардың сыртқы ортамен
әрекеттестіретін мидың басқаруының заңдылықтарында деген И.П. Павловтың
көзқарастарының жиынтығы, екі сигнал жүйесі туралы ілім деп аталады. Жануар
үшін заттың кескіні шартты рефлекстің түрі бойынша мінез-құлықты өзгеріске
ұшырататын, қандайда бір шартсыз тітіркенгіштердің сигналы болып табылады.
Қандай да бір шартты тітіркенгіштің шартсыз тітіркендіргіш әрекетімен
үйлесуі шартты рефлексті тудырады. Осының нәтижесінде бас миындағы екі
орталық арасында уақытша жүйке байланысы пайда болады және жануардың екі
әрекеті бірігіп кетеді. Шамды жағу – сілекейдің бөлінуін тудыратын
тамақтандыру сигналы болады. Жануарлар өз мінез-құлықтарында И.П. Павловтың
бірінші сигнал жүйесінің сигналдары деп атаған, сигналдарды басшылыққа
алады. Жануарлардың барлық психикалық әрекеттері бірінші сигнал
жүйесінің деңгейінде жүзеге асырылады.
Адамдағы бірінші сигнал жүйесінің сигналдары мінез құлықты реттеп
бағалай отырып, маңызды рөл атқарады. Алайда, адамның жануарлардан
айырмашылығы – оларда бірінші сигнал жүйесімен қатар екінші сигнал жүйесі
болады. Екінші сигнал жүйесінің сигналдары болып – сөздер, яғни екінші
сигналдар саналады. Бірінші сигнал жүйесінің сигналдары сөздер арқылы
алмастырылуы мүмкін. Сөз бірінші сигнал жүйесі сигналдарының әрекеттерін
тудыруы мүмкін, яғни сөз – бұл сигналдардың сигналы.
Сонымен психика – ми қасиеті болып саналады. Түйісу, ой, сана ерекше
түрде ұйымдастырылған материяның жоғары өнімі болып табыады. Ағзаның
психикалық әрекеті көптеген арнайы дене құрылымдарының көмегімен жүзеге
асырылады. Олардың біреулері - әсерлерді қабылдайды, ал екіншілері – оларды
сигналдарға түрлендіреді, мінез-құлықтың жобаларын жасап және оларды
қадағалайды, үшіншілері – бұлшық еттерді қозғалысқа келтіреді. Бұл барлық
күрделі жұмыстар ортада өзін белсенді ұстауға мүмкіндік береді.
Сыртқы орта адамның миына, жүйке жүйесіне сезім органдары арқылы
үнемі әсер етеді. Ағза бұл әсерлерді қабылдап жауап беріп отырады. Бұл
процесті рефлекс деп атаймыз. Рефлекс – латын сөзі, қазақшаға аударғанда
бейнелеу деген мағынаны білдіреді. Мәселен, біз байқаусызда қолымызды
ыстық затқа тигізіп алсақ, сол сәтте тартып аламыз. Бұл тітіркендіргіш
жүйке жүйелері арқылы омыртқа жұлындарына беріледі, ал одан кейін бұлшық
еттерге импульс береді. Импульс латын сөзі қазақша аударғанда түрткі ояту
деген мағына береді. Рефлексті бұдан 300 жыл бұрын Француз ғалымы Ренэ
Декарт ұсынды. Жүйке жүйесінің қызметі рефлекс арқылы жүзеге асып отырады.
Рефлекс туралы алғаш айтқан француз ғалымы Ренэ Декарт.
Шартты рефлекс өмірде пайда болып қоймайды, сонымен қатар жоғалып та
кетеді. Сондықтан И.П. Павлов оны уақытша жүйке байланысы деп атады.
Уақытша жүйке байланысы ми қыртысында тек тітіркендіргіштің пайда
болуының нәтижесінде ғана құралмайды, сонымен қатар мақсатқа жеткізетін
байқау әрекеттерінің нәтижесінде құралады. Мәселен, ит өзін қамаған үйден
шығудың жолын іздейді, бірнеше есіктің біреуі жабылмаған. Есікті тұмсығымен
түртіп, жабылмаған есікті тауып алады. Екінші рет қамалғанда үйден шығудың
жолын бірден табады. Мұндай нәтиже мақсатына жетудегі әрекеттен ғана болып
отыр.
Ағза үшін ми сыңарлары қабатындағы уақытша байланыстардың маңызы өте
үлкен. Егер жануарларда тек шартсыз рефлекстер ғана болса, олар өмірдің
үнемі өзгеріп тұратын қиын жағдайларында өмір сүре алмаған болар еді.
Мәселен, жануарлар өзіне төнген қатерді, тек жыртқыш аңның тырнағы
қадағалана ғана білер еді.

ІІ. Сананың дамуы туралы түсінік

2.1 Сана – психика дамының жоғарғы сатысы ретінде
Сана психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны
және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді.
Жалпыны білу адамның болмыста мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз
етеді, істі біліп әрекет жасауына, өзін дұрыс алып жүруге мүмкіндік береді.
Жалпыны біле отырып адам әрбір жеке міндетті практикалық тұрғыдан шеше
алады. Заңдылықтарды біле отырып, белгілі бір оқиғаның болатынын алдын ала
болжай да аласыз. Жалпы мен елеулі жайындағы білімдерді жинақтау ғылымды
И.П. Павловтың сөзімен айтқанда, Болмысты және өз басымызды дұрыс алып
жүруде жоғары бағдарлылықты қалыптастырады. Ғылым, өнер, мәдениет қоғамдық
сананы құрайды.
Жеке адам санасы мен қоғамдық сана диалектикалық бірлікте – болады.
Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар
адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табыбады. Екінші
жағынан, қоғамдық сана жеке адамдар мен бұқара көпшіліктің шығармашылық іс-
әрекетінің нәтижесінде қалыптасады.
Сана объективтік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес, сондай-
ақ сол болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да көрініп отырады. Бір
жерде орын алып отырған қандай да болсын қатынас,-деп жазды. К. Маркс пен
Ф. Энгельс – мен үшін болып жатады; хайуандар ешнәрсеге де қатыспайды
және жалпы қатынас емес; оның басқа хайуандарға қатынасы дейтін қатынас
болмайды.
Демек, адам өзін табиғаттан бөліп алады, белгілі автономия танытады,
белгілі дәрежеде бағалай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психика және сана түсінігі
Психология ғылымының зерттеу пәні - психика
Жасөспірімдердің психикасы мен санасының дамуын анықтау
Психолгия ғылым реттінде құрлу тарихы
Психика және сана негіздері
Психикалық әрекетті зерттеу әдістері
ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ
Кеңес психологиясындағы тұлға теориясы
Салыстырмалы психологияның даму тарихы
Психиканың пайда болуы және дамуы
Пәндер