Қазақстандағы бухгалтерлік күйге келтірулердің сипаттамасы
Конфигурацияға кіреді:
- Есепшоттар жоспары, Қазақстан Республикасында әрекет ететін субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есеп есепшоттарының Басқы жоспарына сәйкес келеді, аналитикалық, валюталық және сандық есептің типтік күйге келтірулерін құрайды;
- Біріншілік құжаттарды құруға арналған және аналитикалық есептің нысандар тізімін жүргізуге арналған анықтамалықтар жинағы;
- Мәндердің регламенттелген жинағы бар аналитикалық есепті ұйымдастыруға арналған аударымдар жинағы;
- Біріншілік құжаттарды енгізу, сақтау және басып шағару үшін және бухгалтерлік операцияларды автоматты түрде құру үшін тағайындалған құжаттар жинағы;
- Нақты бір ұйымда есепті жүргізудің жалпы параметрлерін баптау үшін қолданылатын константалар (тұрақтылар) жинағы;
- Кез-келген есепшоттар, аналитиканың кез-келген нысандары бойынша түрлі бөлімдерде бухгалтерлік есептің мәліметтерін алуға мүмкіндік беретін стандартты есептер жинағы;
- Сервистік функцияларды орындайтын құжаттар мен операцияларды өңдеудің арнайы режимдері.
Есепшоттар жоспары бухгалтерлік есептің барлық бөлімдерін жүргізуге арнайы келтірілген.
Бухгалтерлік операциялардың енгізілуін автоматтандыратын құжаттар жинағы ең маңызды деп саналатын есеп бөлімдерін жүргізуге арналған:
Тауарларды тіркеу;
Материалдарды тіркеу;
Өндіріске кететін шығындар есебі;
Өнімнің шығарылуының есебі;
Материалдарды, тауарларды және қызметтерді тарату т.б

Қазақстандағы бухгалтерлік күйге келтірулердің сипаттамасы.
Конфигурацияға кіреді:
- Есепшоттар жоспары, Қазақстан Республикасында әрекет ететін
субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есеп
есепшоттарының Басқы жоспарына сәйкес келеді, аналитикалық,
валюталық және сандық есептің типтік күйге келтірулерін құрайды;
- Біріншілік құжаттарды құруға арналған және аналитикалық есептің
нысандар тізімін жүргізуге арналған анықтамалықтар жинағы;
- Мәндердің регламенттелген жинағы бар аналитикалық есепті
ұйымдастыруға арналған аударымдар жинағы;
- Біріншілік құжаттарды енгізу, сақтау және басып шағару үшін және
бухгалтерлік операцияларды автоматты түрде құру үшін тағайындалған
құжаттар жинағы;
- Нақты бір ұйымда есепті жүргізудің жалпы параметрлерін баптау
үшін қолданылатын константалар (тұрақтылар) жинағы;
- Кез-келген есепшоттар, аналитиканың кез-келген нысандары бойынша
түрлі бөлімдерде бухгалтерлік есептің мәліметтерін алуға мүмкіндік
беретін стандартты есептер жинағы;
- Сервистік функцияларды орындайтын құжаттар мен операцияларды
өңдеудің арнайы режимдері.
Есепшоттар жоспары бухгалтерлік есептің барлық бөлімдерін
жүргізуге арнайы келтірілген.
Бухгалтерлік операциялардың енгізілуін автоматтандыратын құжаттар
жинағы ең маңызды деп саналатын есеп бөлімдерін жүргізуге арналған:
Тауарларды тіркеу;
Материалдарды тіркеу;
Өндіріске кететін шығындар есебі;
Өнімнің шығарылуының есебі;
Материалдарды, тауарларды және қызметтерді тарату т.б.[1. 9-б]
Бүгінгі күні біршама кең таралған программалық өнімдер бар,
дегенмен олардың қатарындағы 1С фирмасының программалық қамсыздандырылуын
еш артықшылықсыз Қазақстан және ТМД елдеріндегі ең көп қолданылатын
және кеңінен таралғаны деп айтуға болады. Программалық өнім есептің әр
түрлерін – бухгалтерлік, қоймалық, саудалық және басқаларын
автоматтандыруға арналған [3. 3-б].
1С: Бухгалтерия - бухгалтерлік есепті автоматтандыруға арналған
кең тағайындалуы бар әмбебеп программа болып келеді. Бұл программа есептің
әртүрлі жүйелерін, әртүрлі әдістемелерін қолдай алатын мүмкіндіктері бар,
әртүрлі қызметтегі ұйымдарда қолданылады.
Программаның тиімділігі бухгалтерлік есепті жүргізудің
ерекшеліктерін есепке ала отырып нақты бір ұйым үшін күйге келтіруге
мүмкіндік береді.
1С:Предприятие программалар жүйесі
1С:Предприятие экономикалық қызметтің түрлі салаларын
автоматтандыруға арналған программалар жүйесі болып келеді. 1С:Предприятие
программалар жүйесіне кіретін нақты программалық өнім бұл өнімнің
тағайындалуына жауап беретін барлық функциялар мен мүмкіндіктерді қамтиды.
-сурет.
1С:Предприятие программалар жүйесінің барлық құрамдастарын
Технологиялық платформа мен Конфигурацияларға бөлуге болады. Технологиялық
платформа экономикалық қызметті автоматтандыру үшін қолданылатын және
нақты заңдылық пен есептің (учет) әдістемелігіне тәуелсіз түрлі
механизмдердің жиынтығы болып келеді. Конфигурациялар өз алдына қолданбалы
шешімдер болып келеді. Әрбір конфигурация экономикалық қызметтің белгілі-
бір бөлігін автоматтандыруға бағытталған, және міндетті түрде қабылданған
заңға сәйкес келеді.
Функционалдық компоненттері Механизмдерден басқа 1С:Предприятиенің
барлық өнімдерінде қолданылатын технологиялық платформа үш негізгі
функционалдық компоненттен құралады. Функционалдық компоненттер
1С:Предприятие жүйесіндегі компоненттердің спецификалық мүмкіндіктерін
қолданатын өнімдерінің құрамына кіреді.
Бухгалтерлік есеп компонентасы бухгалтерлік операциялар
негізіндегі есептерді жүргізу үшін арналған. Ол есептеулер жоспарларының
жүргізілуін, бухгалтерлік қорытындылардың алынуын қамтамасыз етеді.
Компонента кез-келген заң және есептің әдістемесіне сәйкес бухгалтерлік
есептің автоматтандырылуы үшін қолданылады.
Есептеу компонентасы күрделі периодты түрде жасалатын
есептеулерді жүргізуге арналған. Ол кез-келген дәрежелі күрделіліктегі
еңбек ақыны есептеу үшін, бағалы қағаздар бойынша есептеулер және басқа
түрдегі есептеулерді жүргізу үшін қолданылуы мүмкін.
Жедел есептеу компонентасы нақты уақыттағы алуан түрлі
резервтердегі әдістердің бар-жоғын және орын ауысуын есептеуге арналған.
Бұл компонента есепте кәсіпорынның шаруашылық өміріндегі операцияларды
олардың орындалуы кезінде айқындауға мүмкіндік береді.
Конфигурациялар 1С:Предприятие программалар жүйесінің программалық
өнімдерінің жеткізу комплектісіне типтік конфигурациялар кіреді. Олар
экономиканың нақты облысын автоматтандыруға арналған әмбебап қолданбалы
шешімдер болып келеді.
Бір функционалдық компонентаның мүмкіндіктерін қолданатын
конфигурациялар кәсіпорын қызметінің жеке салаларын автоматтандыруға
арналған, мысалы бухгалтерлік есеп, сауда есебі не еңбек ақының есебі. Ал
бірнеше компонентаның мүмкіндіктерін қолданатын конфигурациялар есептің
түрлі бағыттарының бір ақпараттық қорда кешенді автоматтандырылуын
қамтамасыз етеді.
1С:Предприятие программалар жүйесінің ерекшелігі –
"1С" фирмасының программалық өнімдерін енгізу мен қолдауында
маманданатын қолданушылар немесе ұйымдардың өздерінің конфигурацияларды
өзгерте алу мүмкіндігі болады. Бұл мүмкіндік автоматтандырылған жүйенің
нақты ұйымда есеп ерекшеліктеріне максимум түрде сәйкестендірілуін
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Программамен бірге келетін типтік конфигурациялардан басқа
"1С" фирмасымен жеткізілетін қосымша конфигурациялар болады, сонымен
қатар басқа фирмалармен жасалған конфигурациялар, және де нақты ұйымдар
үшін жасалып жетілдірілетін конфигурациялар болады.
"1С" фирмасы мынадай конфигурацияларды шығарады және жеке түрде
таратады:
▪ "Бюджетті ұйымдар бухгалтериясы"
▪ "Өндіру+Қызметтер+Бухгалтерия"
▪ "Қаржылық жоспарлау"
▪ "Әскери бөлімі".
Программалық өнімдердің версиялары 1С:Предприятие программалар
жүйесі өнімдерінің түрлі версиялары әртүрлі ұйымдарда әртүрлі
көлемдегі ақпараттармен, автоматтандырылған жүйенің түрлі мөлшердегі
қолданушыларымен және қолданушылар жұмысының түрлі қарқындылығымен
қолданылуы мүмкін.
Программаның бірқолданушылық версиялары бір ғана қолданушының
(уақыттың бір мезетінде) ақпараттық қоры бар жұмысты қамтамасыз етеді.
Бірқолданушылық версиялар көбінесе шағын кәсіпорындарда қолданылады.
Желілік версиялар бір уақытта бірнеше қолданушыларға бір
ақпараттық қормен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Желілік версиялар
автоматтандырылған жүйемен бірнеше қызметкерлер жұмыс істеу қажет болған
жағдайда қолданылады. Сонымен бірге қолданушылардың санаулы бөлігі ғана
жұмыс істей алатын, және де қолданушылардың санын шектемейтін версиялар
болады.
SQL үшін арналған версиялар ақпараттық қормен жұмысты тұтынушы
(клиент)-сервер режимінде іске асыру мүмкіндігін қамамасыз етеді. Бұл
жүйенің іс-әрекетінің үлкен тұрақтылығын және дәйектілігін қамтамасыз
етеді, сонымен қатар жүйенің өнімділігін арттырады, әсіресе қолданушылар
саны көп болғанда.
1С:Предприятие программалар жүйесінің базалық версиялары бір ғана
қолданушының жұмысына есептелген, және де басқа версиялардан айырмашылығы
ол конфигурацияларды өзгертуге арналған әдістерді қамтымайды. Олар
қарапайым есепті жүргізу үшін қолданылады, және де версиялар нақты ұйымның
ерекшеліктерінің талаптарына жауап беретін түзетулерді қажет етпейді.
Тағайындалған ақпараттық жүйеде жұмыс істеу Бірнеше аумақтық
шеттетілген нүктелерде (бөлімшелерде, филиалдарда, қоймаларда және т.б.)
бірыңғай автоматтандырылған жүйенің қолдауын қажет ететін ұйымдар үшін
1С:Предприятиенің Тағайындалған ақпараттық қорларды басқару деп аталатын
қосымша компонентасы жасалған. Тағайындалған жүйенің ақпараттық қорларында
мәліметтерді енгізу тәуелсіз түрде жүргізіледі. Компонента тағайындалған
жүйеге кіретін барлық ақпараттық қорлардың толық немесе таңдамалы
синхрондалуын қамтамасыз етеді. Компонента жеке түрде жеткізіледі және бір
ғана (орталық) ақпараттық қорда орнатылады.
1С:Предприятие программалық жүйесінің программалық өнімдерінің
локальдендірілген версиялары бар. Жүйенің басқа да ерекшеліктеріне келетін
болсақ, 1С:Предприятие программалық өнімдерінің программаны қолдануды,
конфигурацияны өзгертетуді, есепті жүргізу әдісін т.б. оқытатын
әдістемелік материалдарының кең жинағы бар. 1С:Предприятие түрлі
программалармен және аппараттық тәсілдермен интеграциялаудың кең
мүмкіндіктеріне ие.
Сыртқы компоненттерді құру технологиясы 1С:Предприятиенің түрлі
программалық және аппараттық тәсілдермен интеграциясын жүзеге асыратын
мамандар үшін, сонымен қатар 1С:Предприятие жүйесінің негізінде күрделі
стандартсыз шешімдерді енгізетін мамандар үшін Сыртқы компоненттерді құру
технологиясы бар. Ол 1С:Предприятиенің функционалдық мүмкіндіктерін
кеңейтетін қосымша программалық компоненттерді құруға мүмкіндік береді.
Ақпаратты-технологиялық қолдау (АТҚ) Ақпаратты-технологиялық қолдау
материалдары: қолданушыларға арналған технологиялық ақпарат және
материалдар, бухгалтерлік есептің типтік формалары, программа жүйесі
компоненттерінің жаңа релиздері, әдістемелер, практикалық кеңестер т.б.
Жүйенің конфигурациясымен танысу
1С:Предприятие жүйесіндегі бухгалтерлік есептің қазақстандық
күйге келтіруін жетілдіретін түрлі фирмалар конфигурацияны құрудың
өзіндік тәсілін таратады. Сондықтан да қазақстандық күйге келтірулер
(настройкалар) бір-бірінен ерекшеленеді. Бірақ орнатылған конфигурациямен
танысуға мүмкіндік беретін және анықтамалықтар жинағын, құжаттарды,
құжаттар журналын және есептерді толықтай қолдануға мүмкіндік беретін
ортақ принциптер бар. Конфигурациялардың айырмашылықтары мыналарда болуы
мүмкін:
- константалар жинағы;
- анықтамалықтардың құрамы және құрылымы;
- анықтамалықтар тізімін қарап шығудың және анықтамалықтардың
элементтерін енгізудің формалары;
- аударымдар мәндерінің құрамы мен жинағы;
- құжаттар мен операцияларды енгізудің формалары;
- құжаттар, операциялар және өткізбе жазба журналдарының
формалары;
- есепшоттар жоспарларының және олардың қасиеттерінің формалары;
- есепшоттар жоспарларының және есепшоттар енгізілуінің формалары;
- есептер мен өңдеулердің формалары мен алгоритмдері; қолданушы
интерфейсі (негізгі меню, құрал-саймандар панелінің
жинағы);
- программаның түрлі нысандарына және режимдеріне кіру рұқсатына
қолданушының құқықтары.
Программаның интерфейсі қазіргі жаңа күйге сәйкес құрылған, негізгі
менюінің бөлімдері тәжірибесіз қолданушыға да түсінікті болып келеді:
жеке топтарға анықтамалықтар, құжаттар, есептер және құжаттар журналдары
жинақталған, - бұл олармен жылдам жұмыс істеу үшін өте ыңғайлы.
Программада есепшоттардың корреспонденциясы кезіндегі қателер жіберудің
ықтималдығын азайту үшін түзететін өткізбе жазбалар тізімі жасалған. Бір
ақпараттық мәліметтер қорымен бірнеше қолданушы жұмыс істегенде
қолданушының әрбіреуі өзінің жұмыс үстелінде өз қолданушылық
интерфейсі, қызмет етілетін салаға байланысты өз меню пункттері және
құрал-саймандар панелі, жүйеде сақталатын мәліметтерге рұқсат етілген
кірулері болады [3. 7-б].
1С:Предприятие жүйесін жүктегенде экранға негізгі меню шығады.
-сурет. 1С:Предприятие программасының негізгі менюі.
Кез-келген конфигурация үшін мына пункттер стандартты болып
келеді: Файл, Операциялар, Сервис, Терезелер және Көмек.
Анықтамалықтар, Константы, Құжаттар, Журналы, Есептер, Өңдеу
қолданушылық интерфейстерді анықтауда жүйені конфигурациялау процесінде
бапталады.
Құжаттардың жинағы жөніндегі ақпаратты программаның негізгі
менюіндегі Операциялар менюінің Құжаттар жарналдары пунктіне кіру
арқылы алуға болады. Бұл жағдайда экранда конфигураторда бапталған
барлық журналдардың тізімі шығады:
.
-сурет. Журналдар құжаты терезесі.
Тізімнен журналды таңдап алып, тышқанмен сурет, из книжки
батырманы басу арқылы таңдалған журналға кіретін құжаттар тізбегін көруге
болады. Мысалы, ОС есебі журналын таңдағанда және жаңа құжатты
енгізгенде экранда келесі көрініс пайда болады:
-сурет. Операциялар журналы терезесінде журнал түрін таңдау.
Осы түрде константалар, анықтамалықтар, есептер және өңдеулер
жинағын программаның негізгі менюінің Операциялар менюінің сәйкес
пунктін таңдап тексеруге болады.
Құжаттың, оның толтыруының, баспалық түрінің құрылуының, өткізбе
жазбалардың құрылуының жұмысын тексеру үшін бұл құжатты енгізу керек
және журналдан (құрамына осы құжат кіретін) өткізбе жазбалар журналына
ауысу керек, ол программаның негізгі менюіндегі Әрекеттер менюінің
Өткізбе жазбалар журналына ауысу пунктін таңдау арқылы жүзеге асырылады.
Яғни, жұмысты бастамас бұрын программаға кіретін автоматтандыруды
максималды түрде қолдану үшін және операциялар мен өткізбе жазбалардың
қолмен орындалуын азайту үшін жүйенің конфигурациясы жақсы меңгерілу
қажет [1. 11-13 б].
Кәсіпорындағы өндірістік қызметтердің бухгалтерлік есептері.
Тауарларды тіркеу
Тауарлар дегеніміз басқа заңды немесе физикалық тұлғалардан
алынған немесе жеке иеленушілікке алынған және сатуға не қосымша өңдеусіз
қайта сатуға арналған ұйымның материалды-өндірістік қорының бөлігі.
Тауарлардың келіп түсуі, тасымалдануы және жіберілуі біріншілік
құжаттармен хатталады (оформляется). Біріншілік құжаттардың формалары
берілген ұйымда, яғни Казполиграф кәсіпорнындағы шаруашылық операцияларды
тіркеуге арналған қолданыстағы есептік құжаттама жүйесінің құрамында
анықталады және орнатылады.
Тауардың жеткізушіден тұтынушыға жеткізілу әрекеті тауар-
жанамалы құжаттармен хатталады, ол алдын-ала тауарларды жеткізу шарттарымен
және жүктерді тасымалдау ережелерімен (жөнелтпе құжатпен, тауар-көлікті
жөнелтпе құжатпен, теміржол жөнелтпе құжатымен, есепшот-фактурамен)
қарастырылады.
Сауда ұйымында жөнелтпе құжат кірісті, сол сияқты шығынды
тауарлы құжат ретінде қолданыла алады, сондықтан сауда ұйымында
тауарларды жіберуді, қабылдауды хаттағанда құжат материалды-жауапты
тұлғамен толтырылуы керек.
Ұйым сату мақсатында алған тауарларды тіркеу үшін 222 баланстық
есепшоты жасалған, ол екі субесепшотқа бөлінеді:
222.1 – ішкі нарықта алынған тауарлар (Қазақстан Республикасында);
222.2 – импортталатын тауарлар.
Аналитикалық тіркеу номенклатура (Номенклатура түрдегі субконто)
және қоймалар (сақтау орындары түріндегі субконто) бөлімінде сандық және
құндық өрнектер түрінде жүргізіледі.
Тауарлардың қабылдануы, тасымалдануы, қайтарылуы бойынша құжаттар
Тауарларды тіркеу журналында тіркеледі.
Тауарлардың келіп түсуі
Сипатталатын конфигурацияда тауарлардың келіп түсуін хаттау үшін екі
құжат қарастырылған:
1. Ішкі нарықта алынған тауарлардың келіп түсуі (Тауарлардың
келіп түсуі құжаты);
2. Импортталатын тауарлардың келіп түсуі (Инвойс құжаты).
Тауарлардың келіп түсу құжаты ішкі нарықта алынған тауарлардың
келіп түсуін есептік бағамен (ҚҚС (НДС)-сіз) хаттауға арналған.
Тауарлар жеткізушілерден (заңдық тұлғалардан, 671 есепшоты),
тәуелді, бірлесіп бақыланатын серіктестіктерден (641-643 есепшоты), заңды
тұлғалардан (687), есеп беруші тұлғалардан қабылдана алады.
Құжат формасы программаның негізгі менюіндегі Құжаттар менюінің
Тауарлардың келіп түсуі пунктін таңдау арқылы шақырылады. Экранға
толтыруға арналған құжат формасы шығарылады:
-сурет.
Жеткізуші есепшоты жолына есепшот тауарлардың түсу көзіне
байланысты енгізіледі. Аналитика жолдары іске қосылады да, таңдалған
есепшот бойынша субконто күйге клтірулеріне (настройка) сәйкес толтырылады.
Қойма жолында тауар сақталатын қойма көрсетіледі.
Құжаттың кестелік бөлігін ортақ бір қатар бойынша толтыруға болады
(программаның негізгі менюіндегі Әрекеттер менюінен Жаңа қатар немесе
Ins клавишасы), әлде жеткізушінің жөнелтпе құжатына сәйкес көп түрде
таңдау жасау (Таңдау батырмасы) арқылы толтыруға болады.
Тауар бөлімі Номенклатура анықтамалығынан толтырылады. Егер
Номенклатура анықтамалығында келетін тауар болмаса, онда жаңа элемент
тауарды анықтамалыққа енгізу қажет, одан кейін оны тышқанды екі рет шерту
арқылы белгілеу керек. Егер тауар бұрыннан түскен болса, онда соңғы ҚҚС-
сыз сатып алу бағасы автоматты түрде, ҚҚС ставкасы де тауар карточкасынан
алынады. Егер тауарды сатып алу кезінде бағасы өзгерсе, оны тікелей Баға
ҚҚС-сыз бағанында немесе Баға ҚҚС-пен бағанында өзгертуге болады. Жаңа
баға автоматты түрде Номенклатура анықтамалығындағы Сатып алу бағасы
реквизитіне енгізіледі. Келіп түскен тауардың санын енгізу кезінде ҚҚС
ставкасы, бағалар, ҚҚС-сыз жалпы бағасы, ҚҚС және барлығының жалпы
қосындысы қатар бойынша есептеледі.
Көптік түрдегі таңдауды қолданған кезде (Таңдау батырмасы)
Номенклатура анықтамалығының тауарлар тізімі ашылып тұрады, тауарлар
санын сұрайды. Таңдауды аяқтағаннан кейін анықтамалықты жабу керек болады.
Таңдаудың мәліметтері кестелік бөлімге ауыстырылады, онда келіп түсетін
бағаларды түзетуге болады.
Құжатты сақтап өткізу қажет (ОК батырмасы). Бұл кезде автоматты
түрде келесі өткізбе жазбалар құрылады:
.
Инвойс құжаты импортталатын тауарды өткізіп қана қоймай, оның
өзіндік құнын есептеуге де мүмкіндік береді. Құжат формасын программаның
негізгі менюіндегі Құжаттар менюінің Инвойс пунктін таңдау арқылы
немесе Тауарларды тіркеу құжаттар журналынан жаңа құжатты енгізу арқылы
шығарады. Құжат формасы екі кіші бөлікте орныққан: инвойс және шығындар.
Құжаттың бас жағында жеткізушімен есептеулердің валютасы және жеткізушінің
есепшоты таңдалады (671.1 – ұлттық валютадағы жеткізушілермен
есептеулер немесе 671.2 – шетел валютадағы жеткізушілермен есептеулер).
Жеткізушілермен есептеулердің валютасының курсы Валюталар
анықтамалығында ЖКД-ны хаттау күніне орнатылады. Қойма жолына тауар
қойылатын қойма көрсетіледі. Тауарды жеткізуші Контрагенттер
анықтамалығынан таңдалады, негіздемесе – тауарды жеткізу келісім-шартының
(келісім акты) нөмірі мен күні. Көлік жолына жүкті белгілеу орнына дейін
жеткізу бойынша көлікті шығындардың суммасы енгізіледі (көлікті шығындар
инвойс бойынша тауарлардың бағасына жеткізушімен енгізілмеген жағдайда
толтырылады). Кедендік баж салығы жолы жүктік кедендік декларация
бойынша толтырылады (ұйым – кедендік қызмет, Контрагенттер
анықтамалығынан таңдалады, ЖКД – жүктік кедендік декларация нөмірі мен
күні). Кедендік жиналымдар ставкасы жолында кедендік жиналымдар пайызы
қойылады.
Инвойс кіші бөлігінде (закладка) құжат формасының кестелік бөлігі
жеткізушінің инвойсына сәйкес толтырылады: Номенклатура анықтамалығынан
тауар таңдалады, саны мен бағасы валютада қойылады. Валютадағы сумма,
теңгедегі сумма автоматты түрде есептеледі. Көлікті шығындар салмағы
бойынша тауардың әрбір түріне бөлінеді және кедендік жиналымдарды
есептеу кезінде сауар мен көліктік шығындардың жиынттық қосындысы
есептеледі. Тауарлардың кедендік баж салығы түрлі ставкада болатындықтан,
Кедендік баж салығының ставкасы (пайызы) деген бөлімді толтыру керек.
Кедендік баж салықтарының жиынтық қосындысы есептеледі. Кедендік
жиналымдар мен баж салықтары және ҚҚС жолдарына есептік жиынтық
қосындылар енгізіледі.
Шығындар бөлімінің екінші бөлігі кестелік бөліктің жалғасынан
тұрады, онда Инвойс кіші бөлігінің жолдары көрінбейтін болады
(толтырылған жолдың нөмірі ғана көрінеді). Жаңа жолды енгізгенде
(Ins клавишасы) Шығындардың баптары атты анықтамалық ашылады, ол
анықтамалықтан шығындардың бабын таңдау қажет (мысалы, тауар экспертизасы,
қала бойынша жүкті жеткізу және т.б.). Кестелік бөлімнің қалған жолдары
таңдалған қызметтердің жеткізушілерінен алынған құжаттарға сәйкес
толтырылады. ҚҚС ставкасы жолы есепшот-фактура белгілі болғанда
толтырылады, кері жағдайда ҚҚС ставкасы нольге тең болады.
Екі кіші бөліктерінің (закладка) кестелік бөлімдерін толтырып
болғаннан кейін Есептеу батырмасын басу керек. Нәтижесінде әрбір
тауардың салмағы бойынша кеткен шығындар есепке алына отырып тауарлардың
өзіндік құнының толық есептелуі жүргізіледі. Тауардың өзіндік құны
автоматты түрде Номенклатура анықтамалығына Инвойс құжатының күніне
енгізіледі. Құжаттың баспалық түрін алу үшін Басып шығару батырмасын басу
қажет. Құжаттың баспа түрінде тенге және валютадағы тауардың өзіндік
құнының толық есептелуі көрінеді.
Құжатты сақтап өткізу қажет (ОК батырмасы). Бұл жағдайда келесі
өткізбе жазбалар құрылады:
.
Тауарлардың орын ауысуы
Тауарлардың қоймалық тіркелуін ұйымдастыру үшін Тауарлардың орын
ауыстырылуы құжаты қарастырылған. Бұл құжат ұйымда бірнеше сауда
орындары (қоймалар) болғанда ғана қолданылады.
Құжат бір қоймадан басқа қоймаға тауарлардың ішкі орын ауыстыруын
ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Құжат формасын программаның негізгі
менюіндегі Құжаттар пунктін таңдау арқылы немесе Тауарларды тіркеу
құжаттар журналынан жаңа жолды енгізу арқылы шақыруға болады. Экранға
толтыруға арналған диалог формасы шығарылатын болады:
Қоймадан атты аумағына тауарды жіберуші-қойма енгізіледі,
Қоймаға аумағына - алушы-қойма жазылады. Негіздеме аумағына орын
ауыстыруға себеп болған негіздеме жазылады (талаптама-жөнелтпе құжат
және т.б.).
Құжаттың кестелік бөлімі көптік трдегі таңдаумен (Таңдау
батырмасы), әлде тауарларды қатарлап енгізу арқылы толтырылуы мүмкін.
Тауар графасына Номенклатура анықтамалығынан қатардың таңдалуы
жүргізіледі. Талап етілген атты графасына талап етілген тауардың саны
қойылады, ал Мөлшері ауыстырылған графасына жіберуші-қоймадағы
тауарлардың қалғаны есепке алынып жазылады.
Орын ауыстырудың жөнелтпе құжатының баспалық формасын алу үшін
Басып шығару батырмасын басу қажет.
Құжатты сақтап өткізгенде (ОК батырмасы) 222 есепшоттың дебеті
мен 222 есепшоттың несиесі бойынша өткізбе жазбалар құрылады (Сақтау
орындары субконтосының мәні өзгереді).
Дайын өнімді тіркеу
Дайын өнім - өндірістік кәсіпорынның соңғы өнімі болып келеді. Бұл
берілген кәсіпорында өңделуі толығымен аяқталған, стандарттар мен
техникалық шарттардың талаптарына жауап беретін, орнатылған тәртіппен
сертификациядан өткен және дайын өнім қоймасына тапсырылған бұйымдар мен
өнімдер.
Дайын өнімнің фактілік өндірістік өзіндік құны есептік ай
аяқталғаннан кейін ғана есептеліне алады. Бірақ өнімнің қозғалысы
күнделікті жүргізіледі: өнім өндірістен қоймаға қабылданады, және
қоймадан сатып алушылар мен тапсырушыларға жіберіледі. Бұл жағдайларда
ағымдағы есеп үшін өнімнің шартты бағасы – есептік бағасы қолданылады.
Есептік баға ретінде нормативті (жоспарлық) өзіндік құн, келісімдік баға
және т.б. қолданылуы мүмкін.
Көбінесе есептік баға ретінде өнімнің нормативті (жоспарлық)
өзіндік құнын таңдайды. Кәсіпорын оны өнімнің бірлігіне кететін
жоспарлық шығындар байланысты есептейді. Айдың аяғында жайын өнімнің әрбір
тобы бойынша фактілік өзіндік құннан жоспарлық өзіндік құнның
ауытқуларының суммасы мен пайызы анықталады.
Өнімнің жоспарлық өзіндік құнын есептеу (калькуляция)
Өнімнің жоспарлық өзіндік құнын есептеу үшін сиппаталатын
конфигурацияда өзіндік құнның жеңілдетілген есептеу жолы Калькуляция
ұсынылған.
Құжат тауардың нормативті (жоспарлық) есептік бағасын құру үшін
арналған. Құжатты экраеға программаның негізігі менюінің Құжаттар
менюіндегі Калькуляция пункті арқылы немесе Тапсырыстар құжаттар
журналынан жаңа жолды енгізу арқылы шығаруға болады. Экранға толтыруға
арналған құжат формасы шығарылады:
.
Құжат формасы бес кіші бөлікте толтырылады:
1. Тапсырыс. Калькуляция № аумағына тапсырыс нөмірі қойылады,
От аумағына – тапсырыс күні. Өнім атауы аумағына -
бұйымның атауы және Саны аумағына – тапсырылған бұйымдардың
саны енгізіледі.
2. Материалдар. Материалдар графасында Материалдар
анықтамалығынан материалдың атауы таңдалады. Саны аумағына
тапсырылған материалдың есептік саны қойылады. Материалдың
бағасы ретінде таңдалған материалдың, яғни Материалдар
анықтамалығында қойылған материалдың есептік бағасы алынады.
Бағасы мен санына байланысты тапсырысқа берілген материалдың
ақысы есептеледі.
3. Жұмыс. Жұмыс графасында бұйымды жасауға арналған
технологиялық процестің операциясы қойылады (Жұмыстар
анықтамалығынан таңдалады). Жұмыс ақысы графасына – таңдалған
операцияны орындаудың есептік ақысы.
4. Қызметтер. Бұл кіші бөліктер (закладка) бұйымды жасау кезінде
өзге қызметтерді (белгілі-бір жұмыстарды орындау қызметтері,
басқа кәсіпорындармен орындалған қызметтер) қолданылған жағдайда
пайдаланылады. Қызметтер графасына атау енгізіледі (Өзге
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz