Aктивті және пассивті операциялар, олардың банктің қызметіндегі ролі мен орны


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
:
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ
:
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 1
МАЗМҰНЫ: АКТИВТІ ЖӘНЕ ПАССИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАР, ОЛАРДЫҢ БАНКТІҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ РОЛІ МЕН ОРНЫ
:
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 1. 1
МАЗМҰНЫ: Активті және пассивті операциялардың экономикалық мәні, ролі мен орны
:
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 1. 2
МАЗМҰНЫ: Коммерциялық банктердің активті және пассивті операцияларының түрлері мен формалары
:
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 1. 3
МАЗМҰНЫ: Шетелдік тәжірибедегі коммерциялық банктердің активті және пассивті операцияларының қызметі
:
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 2
МАЗМҰНЫ: КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІ ЖӘНЕ ПАССИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ПРИНЦИПТЕРІ
:
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 2. 1
МАЗМҰНЫ: Коммерциялық банктердің активті операцияларын ұйымдастыру
:
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 2. 2
МАЗМҰНЫ: Коммерциялық банктердің пассивті операцияларын ұйымдастыру
:
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 2. 3
МАЗМҰНЫ: 2004 - 2006 жылдардағы бір банктің негізіндегі активті және пассивті операцияларын талдау
:
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 3
МАЗМҰНЫ: КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІ ЖӘНЕ ПАССИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
:
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 3. 1
МАЗМҰНЫ: Активті және пассивті операцияларды ұйымдастырудағы келеңсіздіктер
:
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 3. 2
МАЗМҰНЫ: Банкті операцияларды ұйымдастыруды жетілдіру жолдары
:
:
МАЗМҰНЫ:
:
:
МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ
:
:
МАЗМҰНЫ:
:
:
МАЗМҰНЫ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
:
:
МАЗМҰНЫ:
:
:
МАЗМҰНЫ: ҚОСЫМША
:

КІРІСПЕ

Банктер өздерінің жұмысын жасау үшін банктік операциялар деп аталатын іс-әрекеттерді жүргізу керек. бұл операциялар тек банктің жұмыс істеуіне ғана әсер етіп қана қоймайды, сонымен қатар өндіріс пен ауылшаруашылықтың және экономиканың басқа да салаларының дамуына әсерін тигізеді. Банктердің екі басты мәселесі бар:

  1. олар мемлекетте таралған барлық дербес жинақтар мен ақша капиталдарды өзіне тартуы керек;
  2. олар осы қаражаттарды тиімді пайдалана алатын адамдарға беруі керек. [1, 37 ]

Банктердің қызметі өте кең. Бір банктік холдингтік компаниялардың пайда болуымен байланысты кейбір әртүрлі қызметтерді көрсететін шағын жойыла бастады, соған байланысты коммерциялық банктердің филиалдары көбейе түсті. Банктік істегі соңғы жаңалықтарды енгізуге кредиттік карточкалар, іскер фирмаларға бухгалтерлік қызметтер көрсету, факторингтік операциялар, жалға алуды қаржыландыру, евродолларлық операцияларға қатысу, ақшалы құжаттарды кезекті инкассациялау үшін абонементтік ұяшықтардың жүйесін пайдалану және т. б. жатады. Сонымен қатар, банктер өздерінің қызметтерін жүзеге асыру үшін басқару облысындағы ғылыми нұсқауларды пайдаланады. Банктердің ең көп тараған қызметтерінің ішінен төмендегілерді атауға болады:[2, 25]

  1. кредиттік және инвестициялық операциялардың көмегімен ақшаларды жасау және жою қабілеті;
  2. қаражаттарды тасымалдау мүмкіндігі;
  3. экономикалық және әлеуметтік қажеттіліктерге болашақта пайдалануға болатындай етіп, жинақтарды акумуляция жасау қабілеті;
  4. халықаралық есеп-айырысуды жүзеге асыруға болатын ерекше банктік қызметтер көрсету;
  5. сенімділік операциялары;
  6. бағалы мүліктерді сейфтарда сақтау.

Банктердің негізгі операцияларының ішінен ең негізгілері - пассивті және активті операциялар. Пассивті операциялардың көмегімен банктер көптеген капиталдарды тартып өз кассаларында шоғырлатады, яғни айналым қаражаттарымен қорланады, ал активті операциялардың көмегімен капиталды орналастырады. Бұл қатынаста банктердің қызметі саудегерден ең айырмашылығы жоқ дейді З. П. Евзлин және В. А. Дмитриев-Мамонов - «Олар біріншеден тауарларды жинайды, одан кейін оларды сата бастайды». [3, 37]

Коммерциялық банктердің қызметі елдің экономикалық өсуінің тұрақты темпінің жағдайын жасау болып табылады. Себебі, банктің несиесінсіз өндірістің әлеуметтік - экономикалық дамуының іс-шараларын жүзеге асыру мүмкін емес, өйткені, таза пайдадан түскен қаражатты жинақтау үшін көп уақыт қажетті. Бұл бір жағынан қажетті іс-шаралардың жүргізілуін ұстап тұрушы еді, ал екінші жағынан жиналған қаражаттар айналымсыз жатушы еді, ал бұл тиімсіз.

Банктер ақшаға және асыл металдарға дұрыс баға береді және оларды барлық сауда әлемінде реттейді. Несиенің сұранысы мен ұсынысы топтасатын жерде орталығы болып табылатын банктер, несиесіз тұғырыққа ұшйрайтын, капиталы аз табысты кәсіпкерлікті өнімді жасайды. Тапқырлық пен капиталды біріктері отырып банктер, қоғамда бос капиталдың айналымен үдететін және оның жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасайтын өнімділікті, тапқырлық және капитал сияқты күшейтеді.

Курстық жұмыста коммерциялық банктердің операциялары зерттеледі, себебі олар банктің қызметінде бірінші дәрежелі мәнді болып табылады, өйткені кредиттік ресурстардың құрылу процессі және оларды пайдалану өте тығыз байланыста.

Активтік операциялар - бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыру жүзеге асыратын операцияларды білдіреді.

Пассивтік операциялар - бұл нәтижесінде пассивтік шоттагы немесе активті-пассивтік шоттағы қаражаттардын өсуін, ягни пассив пен активтін арту формасын білдіретін операцияларды сипаттайды. Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады.

Курстық жұмыстың өзектілігін - бұл коммерциялық банктердің активті және пассивті операциялары анықтап отыр, осыдан курстық жұмыстың мақсаты активті және пассивті операциялардың теориялық негізде мағынасын және мәнін зерттеу болып табылады, сонымен қатар, бұл операциялардың іс жүзінде орындалуын талдау.

Жоғарыда қойылған мақсаттан, төмендегідей міндеттер қойылып отыр:

  • коммерциялық банктердің активті және пассивті операцияларының мағынасын анықтау;
  • банктің активті және пассивті операцияларының құрылымын анықтап, олардың негізгілеріне сипат беру;
  • Қазақстанның коммерциялық банктерінің активті және пассивті операцияларының негізгі аспектілерін зерттеу;
  • Активті және пассивті операцияларды жетілдірудің негізгі проблемаларын көрсету.

Курстық жұмысты жазған кезде банктік ісі саласындағы қазақстандық және шетелдік мамандардың ғылыми еңбектері мен монографиялары, кейбір оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар, периодты баспа материадары және статистикалық материалдар пайдаланылды.

1 АКТИВТІ ЖӘНЕ ПАССИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАР, ОЛАРДЫҢ БАНКТІҢ
ҚЫЗМЕТІНДЕГІ РОЛІ МЕН ОРНЫ

1. 1 Активті және пассивті операциялардың экономикалық мәні, ролі мен
орны

Қазіргі коммерциялық банктер - бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ, халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер деп бұл жерде ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.

Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

1. Жарғылық капиталдын қалыптасуына қарай:

  • мемлекеттік;
  • акционерлік;
  • жеке;
  • пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) ;
  • аралас (шетел капиталының қатысуымен) .

2. Операцияларының түрлеріне қарай:

  • әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;
  • маманданган, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;

3. Аумақтық белгісіне қарай:

  • халықаралық;
  • мемлекетаралық;
  • ұлттың;
  • аймақтың;

4. Салалық белгісіне қарай:

  • өнеркәсіптік банктер;
  • сауда банктері;
  • ауыл шаруашылық банктері;
  • құрылыс банктері;
  • басқа.

5. Филиалдар санына қарай:

  • филиалсыз;
  • көп филиалды.

ҚР-дағы банктік жүйеде 01. 07. 2007 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша қазіргі жұмыс жасайтын екінші деңгейдегі банктердің барлығы дерлік акционерлік ңоғам формасындағы банктер, соның ішінде, екі банк қана мемлекетке 100% тиесілі банктер, оларға: Қазақстан даму банкі мен Эксимбанк ал шетел капиталының қатысуымен (100% - 10 банк 50% - аса - 4 банк) құрылған банктерде саны - 14, оның ішінде, еншілес банктер - 10.

Акционерлік банктердің, жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан түсетін түсімдерден құралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және артықшылығы бар.

Жай акция - оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның пайдасына қарай дивиденд алып отыруға құқын береді. Ал артықшылығы бар акция - оның иесіне қоғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен, уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция иесінен бұрын қоғамға қосқан өз үлесін алуға құқық береді.

Егер де банк жауапкершілігі шектеулі қоғам түрінде құрылған болса, онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық құжатта анықталады және бұл банктің қатынасушылары немесе құрылтайшылары өздеріне тиісті үлес шегінде ғана оның міндеттемелеріне жауап береді.

Банктің ұйымдастырылуы және құқықтың формасына байланыссыз, оның жарғылық капиталы оның қатынасушылары жеке және заңды тұлғалар есебінен құрылады, сондай-ақ олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып табылады. Жарғылық капитал оның қатынасушыларының меншікті қаражаты есебінен ғана құрылуы мүмкін. Банктік несиелер есебінен жарғылық капиталды құруға тыйым салынады. Банктің жарғылық капиталы тек ақшалай қаражаттар есебінен құрылуы мүмкін.

Тіркеуге алынатын уақытта жаңадан құрылған банктің жарғылық капиталы құрылтайшылық құжатта хабарланған, оның акционерлерінің сомасының 50% төленуі тиіс, ал тіркеуге алған кезінен бастап бір жыл ішінде оның жарияланған сомасы толық төленуге тиісті. Жарғылық капиталдың сомасы заңдылықтармен шектелмейді.

Коммерциялық банктер қызметін ұйымдастыру

Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы банкті басқару құрылымына және оның функционалдың бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің құрылымына бөлінеді.

Баскару органы пайда алу мақсатында коммерциялық банктің қызметіне тиімді жетекшілік етуді қамтамасыз етеді. Банктің құрылтайшылары басқару органына тікелей қатысады. Акционерлік банктерді басқару құрылымы 1-суретте берілген.

1 - сурет - Коммерциялық банктің басқару құрылымы

Акционерлік коммерциялық банктің ең жоғарғы органы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады.

Акционерлердің жалпы жиналысы жылына бір рет шақырылып отырады. Бұл жиналыста мынадай міндеттер шешіледі:

  • банктің жарғысына өзгерістер енгізу;
  • банктің жарғылық капиталын өзгерту;
  • банктің Кеңесін сайлау;
  • банктің жылдық есебін бекіту;
  • банктің табысын бөлу;
  • банктің құрылымдық немесе еншілес бөлімшелерін құру және тарату.

Екінші басқару органы банктін қадагалау кецесі болып табылады. Банктің баңылау кеңесі банк қызметіне баңылау жасау органы ретінде мынадай міндеттерді атқарады:

  • нормативтік актілерді бекітеді;
  • Басқарма немесе Басқарма төрағасының шешімі бойынша жасалған мәмілелерді бекітеді.

Келесі басқару органы - бұл басқарма (банк кеңесі) . Басқарма (банк кеңесі) - атқарушы немесе өкілетті орган, яғни ол банктің иелерінен, оның акционерлерінен құралады және олардың мүдделерін қорғайды.

Басқарманың міндеттеріне мыналар жатады:

  • банктің стартегиялық мақсатын аныктау;
  • банктің саясаттарын жасау;
  • жетекшілік қызметке кадрлар таңдау;
  • комитеттерді құру;
  • ссудалық және инвестициялық операцияларға баңылау жасау.

Басқарма төрагасы банктің бірінші жетекшісі болып табылады және ол банк қызметіне жетекшілікті жүзеге асырады. Банк төрагасына мынадай міндеттер жүктеледі:

  • банктің қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша бұйрықтар шығару және нұсқаулар беру;
  • барлық мемлекеттік және басқа да органдарда, басқа банктерде, оның ішінде, шетелдік банктерде банк қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша өкілеттілікті жүзеге асыру;
  • банктің мүлкіне және қаражаттарына ие болу;
  • банктің штаттық жұмысшыларының саны мен құрылымын бекіту;
  • еңбек келісімшарты бойынша банктің лауазымды тұлғаларымен келісімдер (контрактілер) жасасу.

Ревизиялық комиссия банк қызметіне қаржылық есептің дұрыстығы жағынан бақылау жасаушы орган болып табылады.

Несиелік комитет - бұл несиенің берілуіне байланысты қорытынды жасаушы орган.

Несиелік комитет мынадай міндеттерді орындайды:

  • несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несие беру туралы қорытындысын қарайды;
  • несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
  • несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;
  • несие сомасы мен мерзімін аныңтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;
  • несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;
  • несиелеу шартын бекітеді (несиелік лимит, несиелік желі) ;
  • берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
  • банктің несиелік стратегиясын жасайды;
  • несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
  • несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды және хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді.

Қызмет бөліміне: кадр бөлімі, заң бөлімі, күзет бөлімі, әкімшілік-шаруашылық бөлімі және т. с. с кіреді.

Ал банктің функционалдық құрылымына барлық департаменттер мен бөлімдер жатады. Мысал ретінде, «Темірбанк» АҚ-ның ұйымдастырылу құрылымы.

1. 2 Коммерциялық банктердің активті және пассивті операцияларының
түрлері мен формалары

Активтік операциялар - бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыру жүзеге асыратын операцияларды білдіреді.

Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды.

Активтік банктік операциялар өзінің формасына және тағайындалуына қарай әр түрлі болып келеді. Банктердің активтік операцияларының ең көп тараған түрлеріне мыналар жатады:

  • ссудалық (несиелік) операциялар;
  • инвестициялық операциялар;
  • депозиттік операциялар;
  • қаржылық операциялар;
  • басқа да операциялар.

Банк активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік (ссудалық) операциялары негізінде алады. Банктік ссудалық операциялары негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктік ссудалар біршама табысты және жоғары тәуекелді болып табылады. Бұл активтер топтары банктің басты пайда көзі ретінде қызмет етеді.

Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі рөлі жоғары.

Банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құрылатындықтан, оған анықтама берген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде: «пассивтік операциялар - бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналган банктін өз ресурсын құру операциялары», - делінеді.

Ал соңғы оқулықтарға сүйенсек пассивтік операциялар - бұл нәтижесінде пассивтік шоттагы немесе активті-пассивтік шоттагы қаражаттардын өсуін, ягни пассив пен активтін арту формасын білдіретін операцияларды сипаттайды.

Бұл анықтамалар бірін-бірі толықтырады десе болады, себебі біріншісі пассивтік операцияның толық түсінігін бере алмайды.

Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып алады.

Пассивтік операциялардың мынадай формалары болады:

  • коммерциялық банктердің бағалы қдғаздарды алғашңы эмиссиялауы;
  • банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды үлғайту және құру;
  • басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;
  • депозиттік операциялар.

Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге тартуға мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы негізінде банктік ресурстардың бірінші ірі тобы, яғни меншікті ресурстары құралады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ - заемдың немесе тартылған ресурстар құрылады.

Сонымен банктің ресурстары екі топқа бөлінеді:

  • банктін меншікті қаражаттары;
  • банктің тартылған қаражаттары.

Банктің меншікті қаражаттары қатарына меншікті капиталы мен оған сай келетін баптар кіреді. Коммерциялык. банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие. Банктің меншікті капиталы арқылы, оның барлық қаражаттарға деген ңажеттілігінің 10%-ы өтеледі. Шын мәнісінде, меншікті және тартылатын каражаттардың арасында шекті ең төменгі мөлшерде шекарасы болады.

Банктің меншікті қаражаттарының банктің үнемі тұрақтылығын ұстап тұруда маңызы бар. Банктің бастапқы құрылуы барысында, осы меншікті қаражаттары алғашқы шығындарды, яғни жерге, ғимаратқа, жабдықтауға, жалақыға жұмсалатын шығындарды жабады. Себебі, меншікті қаражатсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті қаражаттар есебінен банкте қажетті резервтер құрылды. Ең соңында, банктің меншікті қаражаты - бұл ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі болып табылады.

Банктің меншікті қаражаттары - банктің экономикалық дербестгін және қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар (капиталдар) мен бөлінбеген пайда жиынтығы.

Банктің меншікті қаражатына жататындар:

  • банктің жарғылық капиталы;
  • банктің резервтік капиталы;
  • қосымша капиталы және пайда есебінен құрылған басқа қорлары;
  • сақтандыру резервтері;
  • бөлінбеген пайдасы.

Банктін жарғылық капиталы - банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттың банктердің пруденциалық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.

Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің акционерліқ капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар - акционерлер қосқан жарналардан құралады.

1. 3 Шетелдік тәжірибедегі коммерциялық банктердің активті және
пассивті операцияларының қызметі

Қазіргі уақытта АҚШ-та 15000-нан астам коммерциялық банктер бар, олардың көбе филиалы жоқ банктер. Сондықтан АҚШ коммерциялық банктері көп мемлекет болып табылады. Мысалы, Канада да банктердің барлық қызметі филиалдар жүйесі өте көп 20 банктің көлемінде орындалады.

Коммерциялық банктер қарыздық капитал нарығындағы әртүрлі операцияларды орындайтын әмбебеап орын. АҚШ-та барлық қаржылық бөлімшелерінің активтардың барлық қосындысының 35% коммерциялық банктердің үлесінде. Үлкен банктер қаржылық қызмет етудің толық комплексін ұсына алады, оның ішінде несие беру, депозиттерді қабылдау, есеп-айырысу және т. б.

АҚШ-тың несиелік жүйесінде коммерциялық - банктер келесідей операциялар.

Германия. Бұл мемлекеттің бірінші орнын «үлкен үштік» деп аталатын коммерциялық банк құрады: Дойчебанк, Дрезднербанк және Коммерцбанк. Оларда салымдардың 50% және берілетін несиенің 40% айналыста. Германияның коммерциялық банктері инвестициялық қызметті де атқарады.

Батыс Европа мен АҚШ-та несие берудің, соның ішінде ипотекалық несиенің бұрыннан дамыған және құқықты реттелген жүйесі қалыптасқан. Оның негізіне мүлікті тіркеудің нақты әдістері қалыптасқан, және де заңды реттеу.

Мысалы, Германияда тіркеу жүйесінің негізінде жер кітабы құрады. Оның ролі мен жүргізілуі германдық ұйыммен реттеледі.

2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІ ЖӘНЕ ПАССИВТІ
ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ПРИНЦИПТЕРІ

2. 1 Коммерциялық банктердің активті операцияларын ұйымдастыру

Активтік операциялар - бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыру жүзеге асыратын операцияларды білдіреді.

Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды.

Активтік банктік операциялар өзінің формасына және тағайындалуына қарай әр түрлі болып келеді. Банктердің активтік операцияларының ең көп тараған түрлеріне мыналар жатады:

  • ссудалық (несиелік) операциялар;
  • инвестициялық операциялар;
  • депозиттік операциялар;
  • қаржылық операциялар;
  • басқа да операциялар.

Банк активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік (ссудалық) операциялары негізінде алады. Банктік ссудалық операциялары негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктік ссудалар біршама табысты және жоғары тәуекелді болып табылады. Бұл активтер топтары банктің басты пайда көзі ретінде қызмет етеді.

Ссудалық операциялар банктің ресурстың базасын орналастыруда банктің активтік қызметінің негізгі бөлігін (мысалға, 80%-ға жуың) құрайды. Макроэкономикалық деңгейдегі бұл операцияның мәнін, оның көмегімен банктер уаңытша жұмыс жасамайтын ақшалай қорларды өндірісті, айналысты және тұтыну процесінде жұмыс жасайтын етуімен сипатталады. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі ссудаларды береді.

Банктің инвестициялық операциялары - несиелік операциялардан кейін банкке табыс әкелетін операциялар. Банктің инвестициялық операциялары негізінде бағалы қағаздар портфелі қалыптасады. Банктің бағалы қағаздар портфелін қалыптастыруының екі мақсаты болады: біріншісі - банкке табыс әкелу, екіншісі - өтімді активтер қатарын толықтыру.

Банктің инвестициялық операция жүргізетігі бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді:

1) Мемлекеттің бағалы қағаздары;

2) Корпоративтік бағалы қағаздар.

ҚР-дағы мемлекеттің бағалы қағаздар түрлері 1-кестеде берілген (Қосымша А) .

Мемлекеттің бағалы қағаздары табыстылығына қарай үш түрге бөлінеді:

Дисконттық мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторларға жеңілдікпен (номиналдық қүнынан төменгі бағамен) сатылып, номиналдық құны бойынша өтеледі.

Мысалы, 91 күнге шығарылған, номиналдың құны 100 теңге тұратын дисконттың бағалы қағазды 75 теңгеге сатып алсаңыз, онда одан мынадай табыс аласыз:

100 - 75 = 25 теңге немесе

25 теңге : 75 теңге (бастапқы салынған инвестиция) х 100% = 33, 3%

Сонымен қатар, егер 91 күнге салсаңыз, онда бір күндік табыс: 33, 3% : 91 күн = 0, 3659% құрайды. Демек бір жылдың табыс: 0, 3659%* 364 күн = 133, 19% тең.

Купондық яғни номиналдық құнына пайызбен бейнеленген табыс әкелетін бағалы қағаздар. Купон мерзіміне қарай жылына 2-4 ретке дейін төленеді.

Аралас, яғни купон және дисконт түрінде қатар табыс әкелетін бағалы қағаз. Бұл жағдайда инвестор банктің табысы екі кезден: дисконт түріндегі және купон мөлшерлемесі түріндегі табыстардан құралады.

Бүгінгі таңда ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктердің инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігі мемлекеттің бағалы қағаздарға жұмсалып отырғаны жасырын емес. Себебі, мұндай бағалы қағаздарға салған активтер: біріншіден, өтімді, яғни банк ондағы қаражатты тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады, екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен тәуекел темен немесе жоқ десе де болады.

Сонымен қатар активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастыруда. Корпоративтік бағалы қағаздарға мыналар жатады:

  • акциялар;
  • облигациялар;
  • депозиттік және жинақ сертификаттары;
  • ипотекалық куәліктер;
  • депозитарлық қолхаттар.

Осылардың ішінде инвестициялау операциялары акциялар мен облигацияларға байланысты көп болады. Ал қалғандарының нарығы әлі өз деңгейінде дами қойған жоқ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктің активтері мен пассивтерін басқару
Коммерциялық банктер операциялары-қоғамдық экономикалық дамуында негізгі факторы
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
Коммерциялық банктер операциялары, және олардың банк қызметіндегі атқаратын рөлі
Коммерциялық банктер операциялары
Коммерциялық банктің басқару құрылымы
Банктердің пассивтік операцияларын талдау
Екінші деңгейлі банктердің түрлері
Коммерциялық банктегі қаржылық талдау пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Банк балансының активі мен пассивін теңгерімді басқару арқылы өтімділікті қамтамасыз ету бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz