Оқу залының жұмысын жеңілдететін автоматты басқару жүйесін жасау атты дипломдық жұмысқа арналған патенттік-ақпараттық зерттеулер


Кіріспе

Дамудың әрбір кезеңінде адамзаттың алдында ақпаратты жинақтау, өңдеу және тарату мәселелері тұрды. Көп уақыт бойы осы мәселені шешудің негізгі құралдары ретінде адам миы, тіл және есту мүшелері қолданылып келді. Ең алғашқы өзгеріс жазу өнерінің келуімен, одан соң кітап басудың шығуымен болды. Осы кезеңдегі ақпарат тасығыш құралы ретінде қағаз қолданылды.

Осы жағдай ЭЕМ-нің келуімен түбірімен өзгерді. Алғашқы ЭЕМ-ры үлкен автоматты арифмометрлер ретінде қолданылды. Бұл қадам адам қызметінің ақпаратты өңдеудегі негізгі бөлім болып табылатын кешенді автоматтандыруға ауысты.

ЭЕМ-рын жүйелік қолданудың әлемдік тәжірибедегі бір мысалына мәлеметтерді өңдеу жүйесін, мысалы банктік операцияларды, бухгалтерлік есептерді, билеттерді өңдеуді автоматтандыру жатады. Осындай операциялардың тиімділігі автоматтандырылған ақпараттық базаларға сүйенеді. Бұл дегеніміз, ЭЕМ-ң жадысында жүйенің жұмысына қажетті ақпарат сақталады.

Кезекті есепті шешу кезінде жүйе көп емес қосымша ақпаратты еңгізуді ғана қажет етеді, ал қалғаны ақпараттық базаның өзінен алынады. Жаңа еңгізілген ақпараттың әр бір бөлігі жүйенің ақпараттық базасын өзгертеді.

Ақпараттың ЭЕМ-ң жадысында сақталуы оған жаңа динамамикалық сапа береді. Жаңашыл ЭЕМ-ғы автоматты баспаға шығару қызметі қажетті жағдайда осы ақпараттан таңдау бойынша кез-келген мәліметті қағазға шығарып береді.

Адамзат дамуының XXI ғасырында ақпарат негізгі қызметтік өнім болып табылады. Сондықтан кітапханалық қызметтердің автоматтандыруының кешенді программаларын жасау негізгі мәселе деп ойлаймын.

Әдетте кітапхана оқырмандары кітапханадан кез-келген ақпаратты алуға үйренген. Қазір, кітапханада негізгі қызметтерді орындау, яғни қорды толықтыру, ақпараттық - библиографиялық және абонементік қамтамасыз ету күрделене түсуде. Кітапхана қорындағы ақпаратты толық түрде жинау, сақтау және қамтамасыз ету үшін, ол бір ақпараттық база ретінде құрылуы тиіс. Яғни ақпаратты іздеу жылдамдығы жоғарылауы қажет.

Автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйелердің негізгі мүмкідіктері:

  • Мәліметтерді бір-ақ рет енгізу және құжаттарды іздеуге жиі қолдану, таңдалған ақпаратты баспаға шығару, басқа мекемелермен, ұйымдармен мәліметтерді алмасу т . б;
  • Қосымша картотекалар мен нұсқаларды қолданбай мәліметерді әр түрлі жағдайда іздестіру;
  • Кітапханада өтетін барлық процестерді, библиографиялық басылымдардың материалдарын, фактографиялық жазбаларды дайындау;
  • Басылым экземплярының қолда екенін көрсететін мәліметтерді шығару;
  • Оқулық авторларының және ұйымдардың нормативті жазбалары туралы ізденістер;
  • Оқырманға басылымдарды іздестіру үстінде туындаған қиындықтарға арналған анықтамалық текстердің болуы;
  • Жанадан тапсырыс берілетін оқулықтар жөнінде және олардың кітапханаға түсуі туралы жазбаларды еңгізу;
  • Іздестіру нәтижелерін қабылдаған формада экрканға және принтерге шығару;
  • Бөгде қолданушылардан мәліметтер базасын қорғау;
  • Авариялық жағдайлардан мәлеметтер базасын қалпына келтіру.

Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты білім беру саласындағы кітапханалық бөлімдердің, оқу залдарының істері бойынша, мамандандырылған ДББЖ қанағаттандыратын, алдын-ала анықталған информация құрылымымен басқаруға және оқу бөлімі үшін анықталған және шектелген аймақтағы есептерді шешуге арналған, сонымен қатар келешекте қолданушыларға деректер базасымен және олармен басқару жүйелерін зерттеуге көңілін алаңдатпауға мүмкіндік беретін, деректер базасын әзірлеу болып табылады.

Дипломдық жобаның актуалды тақырыбынің құрылымы казіргі кезде студенттерге, кітапхана қызметкерлеріне нақты, жылдам ақпарат беретін, оқушылар контингентінің жылжуын қадағалайтын, анықталған түрдегі бұйырықтарды, ведомостерді құрастыру жұмыстарын жеңілдететін, қағазсыз технологияға көшіретін жүйе өте маңызды болатындығын кірістіреді. Мәселенің мағынасы - ол студенттердің үлкен контингенті кезінде оқу бөлімі секретарінің автоматтандырылған жұмыс орны студенттердің іс қағаздарын сақтаудың пайдалы және қағазсыз жұмыс істеудің ыңғайлы құралы болып табылады. Жоғарыда көрсетілген талаптарды әзірлеу үшін қандай да бір универсалды ДББЖ-нің құралдарын пайдалынбай, Windows-та жұмыс істейтін, интерфейсі ыңғайлы жұмыс істеу үшін максималды икемденген, қосымша білімді талап етпейтін, орындалтын файл түрде жүктелетін, жеке тәуелсіз бағдарламаны әзірлеу. Осы талаптарға сәйкес мына дипломдық жобаның қажеттілігі туады.

Қойылған мақсатқа жету келесі есептерді шешуге мүмкіндік береді:

- студенттердің жеке кәртешкелерін толтыру;

- оқытушылардың және оқытылатын пәндер аттарының тізімін толтыру;

- топтар, мамандықтар, оқу түрін, үлттар аттауларын толтыру;

- студенттерді оқуға тіркеу, оқудан шығару құжаттарын жүргізу;

- сынақ, емтихан бағалары туралы құжаттарын жүргізу;

- есеп беру құжаттарын баспаға шығару: сынақ бағаларының, емтихан бағаларының ведомостерін, оқушының құрама ведомосін, оқушылар тізімін, оқушылардың кәртешкелерін.

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні, негізі информациялық және компьютерлік технология аймағындағы казіргі кездегі жетулерді енгізу болатын процестерді автоматизациялау болып табылады.

1 Сұрақтың қойылуы

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

“Автоматтандыру және басқару” кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Кафедра меңг. А. Д. Золотов

«___» 2008 ж.

(дата) (айы)

ТАПСЫРМА

Дипломдық жобалау барысындағы патенттік-ақпараттық зерттеулер жүргізуге арналған

Дипломдық жоба тақырыбы: Оқу залының жұмысын жеңілдететін автоматты басқару жүйесін жасау

Ізденістің басталуы 3. 04. 2008 ж, . аяқталуы 29. 04. 2008 ж.

Жетілдірілетін нысанның қысқаша сипаттамасы.

  • Көп жүйелілік. Мәліметтер базасында пациенттермен жұмыс жүргізуге арналған әр түрлі салалы жүйе болуы қажет.
  • Есепке алу модулі құрлыс компаниясының жұмысшылары мен қызметкерлерінің барлық мәліметтерін бір жүйеге біріктіріп, бүртұтас программалық жүйе құра алуы және осы аталған мәліметтер жөнінде есептер жүргізе алуы тиіс.
  • Жүйенің максималды икемділігі және конфигурациялау жылдамдығы.
  • Басқа программалық жабдықтармен бірге жұмыс жасай алуы.
  • Есептерді құрастырудың тиімді жүйесі. Есептер шаблондарын қолданушының өздігінен енгізуіне мүмкіндік беруі.

Осы сферадағы ұқсас программалар туралы мағлұматтар:

2002 жылдың 5 қарашасында Ресейдің жеке ой, патент және тауарлық таңбалар жөніндегі федеральды қызметі Автоматтандырылған ақпараттық- кітапханалық жүйе MAРК-SQL программасын заңды түрде тіркеп, сәйкес куәлік берді.

Томск аумағында қалалық кітапханалар АЖО «Кітапхана», АЖО «Абономент» программаларын жетістікпен қолданып келеді.

Программаның кемшіліктері - сертификаты жоқ, авторлық куәлігі тіркелмеген. Артықшылықтары программаны ақысыз жаңарту, жұмыстың тиімділігі.

Осы дипломдық жобада істелген жұмысқа қарап, біз бұл программаның тек қана бухгалтерлік есептеулер ғана жүргізбейтінін, яғни оның конфигурациясын өзгерте отырып, қоғамның әр түрлі салаларына арналған программалар құруға болатынына көз жеткізуге болады.

Операциялар журналына өткізулерді енгізген соң, өткізулерді мәліметтер қорына қабылдау үшін журналдарды өңдеу қажет. Бұл бағдарламаның тағы бір ерекше қасиеті - бірнеше бухгалтерия жоспарларын жүргізу мүмкіндігі. Бухгалтерия жоспары - бұл күйлеу түрлері (кәсіпорын, көрінетін журналдар, бланкілер, типтік операциялар, аналитикалық белгілері және т. б. ), яғни әртүрлі бірнеше кәсіпорындарды бір компьютерде бір мәліметтер қорында жүргізу үшін бағдарламаны күйлеуімізге болады. Бұл мәліметтердің артуына әкелмейді, себебі әртүрлі фирмалар, мысалы: ортақ бланкілерді, аналитикалық белгілерді қолдануы мүмкін.

Қортынды

Диплом жобасын орындау барысында жүргізілген

патенттік зерттеулер бойынша

Диплом жобасының тақырыбы - «Оқу залының жұмысын жеңілдететін автоматты басқару жүйесін жасау»

Іздеу тереңдігі: 2001 жылдан 2006 жылға дейін

  1. Патенттік зерттеулер жүргізу алдында қойылған мақсаттарға қол жетті ме? Жетпесе қандай себептерден?

- Мақсатқа қол жетті, ізденіске сай келетін ақпарат яғни аналогтар табылды.

2. Табылған аналогтардың қайсысы прогрессивтік болады? № А12 патенті бойынша Ресей Патент № С 45 D 45/25, 1/12 патенті бойынша анықталды.

Табылған аналогтарының қайсысын жобаланатын техника объектісінде қолдану пайдалы болады?!

- Патент № Ғ 98 K 1/00, 1/12 бойынша, оқу залдарының жұмысын автоматтандыратын программалау жүйесі анықталды

  1. Диплом жобасында жобаланылатын техника объектісіне ұқсас техника объектілерді сериялап шығаратын қандай еліміздегі және шет елдердегі фирмалар табылды? Ғылыми-техникалық және патенттік құжаттарды зерттеу кезінде программалау жабдықтарын шығаратын Қазақстан фирмалары табылған жоқ.

Тапсырма берілді «» 2008ж.

(уақыты) (айы)

Орындаушы Темиртасов А.

(қолы) (аты-жөні)

Дипломдық жоба жетекшісі Р. С. Бекбаева

(қолы) (аты-жөні)

2 Техникалық- экономикалық негіздеме

Осы дипломдық жобада оқу залы жүйесінің автоматтандырылуы қарастырылды. Осыған сәйкес сол программалық қамсыздандыруға кеткен, жұмсалған техника бұйымдарының технологиялық және экономикалық параметрлері туралы ақпараттар коммерциялық құпия болғандықтан базалық нұсқа ретінде жасалынатын өлшеу жүйелерінің біреуін таңдау керек. Оптималды еңбек жағдайын құру кезінде орындалатын жұмыстардың қолайлылығын қанағаттандыратын, энергияны және оператор уақытын үнемдейтін жұмыс орнын дұрыс жоспарлау үлкен мәнге ие.

Кез-келген кітапханада ақпараттық-басқарушы жүйені құрудың маңызын арттыру үшін, оны құруға арналған еңбектік, материалдық және қаржылық шығындардың алдын-ала жоспарланғаны дұрыс. Бұл жағдайда жүйенің ақпараттық-басқарушы жүйесін құруға кеткен шығындар программисттің жұмысына және желіні жүктеуге кеткен машиналық уақыттың ақысына жұмсалған шығындардан тұрады.

Ш жалп пр + Ш маш (адам/сағ)

мұнда: Ш жалп - құруға кеткен жалпы шығындар,

Ш пр - программаны құрушының еңбек ақысына кеткен шығындар,

Ш маш - машиналық уақыт ақысына кеткен шығындар.

Сондықтан да жобаланушы бұйымның өзіндік құнын есептеу кезінде дәлме-дәл есептеу әдісі қолдануы керек.

Өндірісте калькуляциялаудың (дәлме-дәл есептеу) әртүрлі әдістерін қолданылады:

  • тура
  • есептеу-аналитикалық
  • параметрлік
  • комбинацияланған
  • қайта бөлу

Бұлардың ішінде кеңінен таралғаны - есептеу-аналитикалық әдісі. Бұл әдіс калькуляция статьялары бойынша интерфейсті программаның өзіндік құнын есептеу үшін қолданылуы керек.

Бізге белгілі шығындар классификациясы бойынша калькуляция статьясының келесі құрамы қабылдануы керек:

  1. Материалдар
  2. Қайтарылмалы қалдық (алынып тасталынады)
  3. Сатып алынатын комплектеуші бұйымдар, жартылай фабрикаттар және қызмет көрсетулер
  4. Өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбек ақысы (еңбек ақы қорынан алынатын сыйақыларды қоса есептегенде)
  5. Өндіріс жұмысшыларының қосымша еңбек ақысы
  6. Өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысынан әлеуметтік сақтандыруға кететін салымдар
  7. Өндірісті дайындауға және игеруге кететін шығындар
  8. Мақсатық қолданылымдағы құралдар мен құрылғылардың тозуы және арнайы шығындар

Зерттелетін жүйе программалық қамсыздандыруының өзіндік құны жобалаудың соңғы кезеңінде анықталады. Бұл уақытта өзіндік құнын дәлме-дәл өлшеуге қажетті бастапқы мәліметтердің біразы болады Сондықтан да жобаланушы программаның өзіндік құнын есептеу кезінде дәлме-дәл есептеу әдісі қолдануы керек.

3 Автоматтандырылған жұмыс орны туралы

мәліметтер және оларды талдау

Автоматты басқару жабдықтарын қызметтік салаға енгізудің жанашыл түрлері кешенді түрде басқаруға, реттеуге мәлімет, алмасуға мүмкіндік береді.

Кейінгі кезде әртүрлі қызмет салаларын жан-жақты басқару жүйелері, яғни ақпаратты локальды өңдеу қолданады. Жан-жақты басқару тәсілін жетілдіру үшін әрбір басқарылатын деңгейге арнайы жеке ЭЕМ-ң базасында автоматтандырылған жұмыс орнын құру қажет.

Мамандар автоматтандырылған жұмыс орнын талдай отырып, оларды қажетті жұмыс орнының өзіне автоматтандыру мақсатында орналастырылған арнайы кіші есептеу жүйелері ретінде қарастырады.

Әрбір басқару нысаны үшін олардың функционалдық қолданылуына сәйкес автоматтандырылған жұмыс орнын құрастырады. Бірақ автоматтандырылған жұмыс орнын (АЖО ) құру принциптері жалпы болуы қажет: жүйелі, икемді, тиімді.

АЖО-ның жүйелік принципін қүрылымы функционалдық түрде анықталатын жүйе ретінде қарастырады.

Икемділік принципі жүйенің мүмкін болатын өзгерістерге бейімделе алуын білдіреді.

Тұрақтылық принципі АЖО жүйесі оған әсер ететін ішкі және сыртқы факторларға қарамастан негізгі функцияларды орындаумен негіделеді. Бұл дегеніміз оны жекелеген бөліктеріндегі ақаулар жылдам жөнделіп, ал жүйенің жұмыс қабілеттілігі тез қалпына келтірілуі болып табылады.

Автоматтандырылған жұмыс орнының тиімділігін жүйені құру және эксплуатациялық шығындарына жататын, жоғарыда аталған принциптердің таралу деңгейінің интегралды көрсеткіші ретінде қарастырады.

Енді ЭЕМ-ң базасындағы АЖО-ң даму перспиктивасын және жағдайын, содан соң АЖО-ң техникалық программалық қамтамасыз етілуін қарастырайық.

Электрониканың дамуы есептеу машиналарының жаңа класының жеке ЭЕМ-ң дамуына әкелді. Жеке ЭЕМ-ң басты артықшылығы - құнының төменділігі және жоғары өнімділігі. Осы күні әр түрлі мамандықты мамандарды ой және басқару енбегіне баулу үшін жеке ЭЕМ-ң базасында құрылған АЖО-ны жасау кең қолданылды.

Сурет 3. 1 Жеке ЭЕМ-ң жалпыланған сұлбасы

1-микропроцессор, 2-негізгі жады, 3-СЕСҚ, 4-дисплей, 5-клавиатура, 6-баспаға шығарушы құрылғы, 7-жүйелік магистраль

Қыметкерлердің АЖО-н құрайтын негізгі элеметтерді қарастырайық 3. 1- суретте АЖО-ң техникалық негізін құрайтын жалпы сұлбасы көрсетілген.

Жеке ЭЕМ-ң негізгі құрылғысы программадағы әртүрлі операцияларды орндайтын микропроцессор болып табылады. Микропоцессордың разрядтығы екілік кодтағы сөздің ұзындығын білдіреді. Сонымен қатар, олар тактілік жиіліктеріне қарай бөлінеді. Процессордың тактілік жилігіне разрядтығы неғұрлым жоғары болса, өнімділігі де жоғары болады. Жеке ЭЕМ-да секундына бірнеше ондаған миллион операцияларды орындау үйреншікті жағдай болып табылады.

ЖЭЕМ-ң өнімділігі ол жұмыс істейтін жады мөлшеріне де байланысты. Жады негізгі және сыртқы болады . Негізгі жады екі компоненттен тұрады: тұрақты есте сақтау құрылғысы (ROM немесе ТЕСҚ) және жедел есте сақтау құрылғысы (RАM немесе ЖЕСҚ) . ЖЕСҚ-да программаның динамикалық ақпараты және өңделетін мәліметтер сақталады . Қорек ажырағанда ЖЕСҚ-дағы мәліметтер жоғалады . ТЕСҚ жедел ЕСҚ -на қарағанда кішірек, ондағы ақпарат тұрақты сақталады. Осы өзгерту тек ТЕСҚ-ң программа-торларымен іске асырылады. Жадының көлемі 8 разрядты ЭЕМ-да 64Кб -640Кб, 16 разрядтыда-1Мб, 32 разрядтыда -4МБ және одан жоғары. Сыртқы есте сақтау құрылғыларында әр түрлі типті болады. Ленталық жинақтағышта ақпаратт магниттік лентада сақтау үшін қажет. Қазір олар бірнеше гигабайт (1Гб=1024Мб) ақпаратты сақтайды. Бұл құрылғылар өте ертеде пайда болғанымен, қазіргі уақытта да үлкен сұранысқа ие. Дисктік жинақтағыштарды бірнеше топқа бөлуге болады:

1 Иілгіш дисктердегі жинағыштар (флоппи дисктер) . Дискеталар сыйымдылығы аз болса да құнының арзандығынан үлкен сұранысқа ие.

2 Қатаң дисктердегі жинағыштар(винчестерлер) . Олар да кең таралған, мәліметтерді беру жылдамдығы өте жоғары, сыйымдылығы жоғары, ақпаратты сақтау тұрақтылығы үлкен. Винчестерлердің бағасы төмендеп, ал жылдамдығы, тұрақтылығы, сыйымдылығы жоғарылап барады.

3 Лазерлік дисктердегі (СD-ROM) жинақтағыштар. Бірқатар кемшіліктеріне қарамастан (мәліметтерді алмау) СD-ROM-да ақпаратты сақтау жабдығы ретінде көп пайдаланылады. Артықшылығы: көп көлемді ақпаратты (600Мб) сақтайды.

Дисплей - ақпаратты кескіндеуге арналған негізгі құрылғы.

Клавиатура - ақпаратты еңгізуге арналған негізгі құрылғы.

Жинақталған тәжірибелер АЖО- ң келесі талаптарға сәйкес болуын көрсетеді:

  • Маманның ақпараттық және есептеу қабілеттерін өз уақытында қанағаттандыру;
  • Қолданушы сұранысына аз уақытта жауап беру;
  • Қолданушының дайындық деңгейіне және кәсіби сұраныстарға бейімделуі;
  • АЖО-ң жұмыс тәсілдерін меңгеру қарапайымдылығы және қамтамасыз ету оңайлығы;
  • Есептеу желісінде жұмыс істеу мүмкіндігі.

3. 2-суретте АЖО -ң жалпыланған сұлбасы көрсетілген.

Сурет 3. 2 Автоматтандырылған жұмыс орнының сұлбасы

Жалпы программалық қамсыздандыру (ПҚ) есептеу техникасының қызметтерін, жаңа программаларды жасау және қосуды қамтиды.

АЖО-ң кәсіби бағдары ПҚ -ң функционадық бөлімімен анықталады. Осы бөлімде нақты бір маманға бағдар жасалып, нақты бір есептер шешіледі.

Функционалдық ПҚ-ды жасау кезінде “адам мен машина” арасындағы байланыстар ұйымдастырылады. Қолданушыға ЭЕМ-да жұмыс істеудің қызықты әрі тартымды болуы оның пайдалы, қажетті іспен айналасуына байланысты.

АЖО - н ұйымдастыру мақсатында диологтық жүейелерді талдау оларды қолданушы мен машина арасындағы байланыс принципіне қарай келесі топтарға бөлінеді:

  1. Командалық тілді жүйелер
  2. «Адам нысандар әлемінде»
  3. «Меню формасындағы диалог»

Қолданбалы жүйелерді командалық тілді қодану - мини - және микро ЭЕМ - ры үшін командалар интерпретаторларын құрастыру. Оның артықшылығы - құру және тарату оңайлығы, кемшлігі - командалар мен оның параметрлерін сақтау қажеттігі, қате егізудің қайталануы, әр түрлі деңгейдегі командаларға енудің шектелуі. «Адам нысандар әлемінде» тобында арнайы командалар жоқ, мұнда адам жұмыс процесінде қажетті нысанға курсорды клавиша арқылы басқарып немесе арнайы құрылғылармен (тышқан, перо) барады. Меню формасындағы, диалог тұтынушыға бірнеше альтернативті таңдау (әрекет) береді, ол осыдан қажеттісін таңдай алады. Қазіргі уақытта соңғы екі топтан тұратын қолданушы интерфейсі кең қолданылады. Мұнда жұмыс кеңістігі үш бөлікке бөлінеді. Біріншісі (әдетте экранның үстіңгі жағында орналасады) жол немесе меню жолағы деп аталады. Оның көмегімен менюдің әр түрлі бөлімдеріне кіруге болады. Екінші бөлік (төменде орналасады немесе кейбір программаларда оның болмауы мүмкін) жағдай жолы деп аталады. Үшінші бөлік жұмыс беттігі деп аталады. Адам мен машина арасында осындай диалогты ұйымдастыру формасы барлық жаңашыл программаларда қолданылады.

Қазіргі кезде текстік редакторлардың, кестелердің, графикалық редакторлардың мүмкіндіктерінен тұратын программалық пакеттерді көп көңіл бөлінеді. Сондықтан, текістік және графикалықақпарат түрлерін бір түрге біріктіру үшін мәліметтер базасын басқару жүйесі ( МББЖ ) қолданылады . Сондықтан кәсіби бағыттағы АБО-н құруға көшу қарастырылып жатыр . Ол келесілерден тұрады :

  • Шешілетін есептерді белгілеу
  • Басқа қызметкерлермен байланыс
  • Кәсіби қызығушылықты белгілеу
  • Арнайы техникалық жабдықтарды қолдану (тышқан, желі, телефон номерлерін автоматты түрде алу т. б. )

Мамандарды мұндай АЖО-мен жабдықтау мекеме қызметкерлерінің еңбек өнімділігін жоғарылатады, санын азайтады, сонымен қатар тиімді басқаруға және жоспарлауға қажетті экономикалық ақпаратты өңдеу жылдамдығын, сенімділігін арттырады.

Енді Қазақстандық нарықтағы кітапханаларға арналған программалық комплекстерді қарастырайық.

4 АЖО-н жасауға арналған оптималды бағыттарды таңдау

4. 1 Жасалатын АЖО-ң қолданылуы

Жасалатын АЖО кітапханалық басылымдар туралы ақпаратты өңдеу, енгізу, сақтау үшін қолданылады. Осындай АЖО-н жасау кітапхана қызметкерлерінің жұмысын көп оңайлатады:

  • Қажетті ақпаратты жылдам және жедел түрде алуға мүмкіндік береді.
  • Мәліметтерді енгізуді оңайлатады.
  • Есептерді тез алуға көмектеседі.
  • Оқырманға басылым туралы ақпаратты жылдам әрі дәл табуға көмектеседі.

Программалық қамсыздандыру 1С программасында жасалғандықтан ең алдымен Қазақстан нарығындағы осы программаның алатын орны мен маңызды жақтарына тоқтала кеткенді жөн көріп отырмын. Сондықтан бір-екі бөлімді осы программаның нарықтағы рөліне арнаймын.

4. 1. 1 Қазақстан нарығындағы бухгалтерияға шолу жасау

4. 1. 1. 1 1С - 1С:7. 7 Бухгалтерлік шешімі

«1С» фирмасының бірден-бір кең таралған шешімдерінің бірі 1С:7. 7 Бухгалтерлік болып табылады, ол коммерциялық қызметтің кез келген түрін: көтерме және бөлшектік сауда, комиссиялық сауда, қызмет көрсету, өндірісті орындайтын ұйымдардың міндетті түрдегі есептілікпен (регламенттелген) қоса, бухгалтерлік және салықтық есептіліктерін автоматтандыруға арналған.

Бухгалтерлік есептің әдістемесі шаруашылық операцияның әр бір жазбасының бухгалтерлік есептің шоттары бойынша сияқты, аналитикалық есептің қажетті кесімі бойынша бір уақытта тіркелуін қамтамасыз етеді. Қолданушылар есепті саясатты қалыптандыру шегінде есептің әдістемесін басқара алады, жаңа субшоттар аша алады және аналитикалық есептің кесімін жасай алады [19] .

Егер бухгалтерлік қызмет кәсіпорындағы есепке толық жауапты болса, мысалы, алғашқы құжаттарды жазу және сатудың себін қосқанда, онда 1С:7. 7Бухгалтерлік кәсіпорынның бухгалтерлік қызметінің алдында тұрған барлық мәселелерідің шешімін қамтамасыз етеді. 1С:Бухгалтерлікпен автоматтандырылған облыс келесі схемамен көрсетілген.

1С:7. 7 Бухгалтерлікте «Сауданы басқару» және «Персоналды басқару және олардың еңбек ақысы» деген қолданбалы шешімдермен бірлесіп қолданылу мүмкіндігі жасалынған, сонымен қатар мүмкіндік «1С:Кәсіпорын 8. 0» платформасында да жасалған.

Есепте шаруашылық операцияларды көрсетудің негізгі әдісі бухгалтерлік есептің алғашқы құжаттарына сәйкес келетін конфигурация құжаттарын енгізу болып табылады. Одан басқа, жеке проводкаларды енгізу рұқсат етіледі. Проводкаларды топтастырып енгізу үшін типтік операцияларды қолданылуға болады - қолданушымен тез және оңай қалыпқа келтірілетін автоматтандырудың қарапайым құралы.

Құжаттарды қолданылу кезінде бухгалтерлік проводкалар құралады, оларды тек қана проводкаларға арнналған журналдан көруге болады. Әрбір проводканың құрылуын журналдан білу өте оңай: проводка жазуының үстінен тышқанмен екі рет басып, берілген проводканы құруға негіз болған құжаттың немесе операцияның формасын ашуға болады. Ол А қосымшасында, А. 2 - суретінде көрсетілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылыс компаниясының кадрлық есебін жүргізетін автоматтандырылған жүйе құру
Кітапхана ғасырлар бойы келе жатқан шырағы бтік парасатталық пен білімділіктің киелі ордасы
Салық комитетiнiң жеке тұлғалардан түсетiн кiрiсi жөнiнде ақпарат жинауға арналған автоматтандырылған жұмыс орнын жасау
Шағын кәсіпорынның шығыны мен кірісін есептейтін ажо жасау атты дипломдық жұмысқа патенттік ізденіс
Ғылыми зерттеу жұмыстарының негіздері
Курстық жобаның тақырыбы Мұнай өңдеу зауытында мұнайды тұзсыздандыру мен сусыздандыру қондырғысының технологиялық параметрлерін автоматты бақылау
Теміржол көлігінің жұмысын автоматтандыру
ҚР кітапханалық жарнамасының мәселелелерін шешу жолдары
Кітапхана жарнамасының тарихи аспектілері
Педагогикалық зерттеулер әдістемесі» электронды оқулығын жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz