Қоймалық нысанның жұмысын автоматтандыруға арналған жүйе жасау атты дипломдық жұмысқа арналған патенттік-ақпараттық зерттеулер


Кіріспе

Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндірістік қор - жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысты. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, субъекті және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым - қатынастар саясаты жаңа сипат алды. Бұл бойынша еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілер болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс - әрекеті өз шығындарын өзі өтеу, өзін - өзі қаржыландыру қағидаларына негізделуі тиіс.

Бүгінде Қазақстан дамыған елдердің қолданып жүрген халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына, заңдарын және икемді салық жүйесін толық пайдалануға талпыныс жасауда. Яғни, нарықтық қатынастарға, барлық меншік түрін дамытуға және шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістері мен тәсілдерін таңдауға шаруашылықты басқарудың тиімді механизімін жасауға біртіндеп қолайлы жағдай тауып келеді. Сонымен қатар, аталған құбылыстар бухгалтерлік есепке де, талдау жүйесіне де жаңаша талаптар қойып отыр. Нарық экономикасына көшу кезеңінде бухгалтерлік есеп барлық шаруашылық есебінің басты негізгі бөліктерінің бірі болып есептелінеді. Қандай да болмасын кәсіпорындар, ірілі-уақты шаруашылықтар мен мекемелер, ұйымдар, өнім өндіруші және қызмет көрсету орындарының барлығы да бухгалтерлік есебін, аудитін, талдауын жүргізуге міндетті.

Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, оның сапасын көтеруге, өзіндік құынын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Шаруашылықтар мен мекемелер, мүліктер мен қаражаттар, қаржылар мен қорлар, өнімдер мен өндірілген өнімдерді сату, көрсетілген қызметтерді өткізу процестері болған кезде бухгалтерлік есепті, аудитті, талдауды жүргізу негізгі экономикалық мәселелердің бастысы болып табылады. Бухгалтерлік есеп, аудит, талдау арқылы өндірілген өнім, көрсетілген қызмет, оларды сату, өткізу және айырбастау, түскен қаржыны кіріске алу, бұларды дұрыс бөліп, тиімді пайдалану, шаруашылық жұмыстарының барлығын әуел бастан ең соңына дейін жүргізуге, нақты іске асыруға болады.

ҚР президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында, яғни Қазақстан - 2030 бағдарламасына сәйкес қоғамның барлық салаларында ақпараттандыру үрдiсi жүруде.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.

Әртүрлi құжаттар үшiн керектi ақпаратты табу үшiн, мамандарға үлкен көлемдi мәлiметтермен жұмыс iстеуiне тура келедi. Осындай жұмыс түрiн жеңiлдету үшiн мәлiметтер қорын басқару жүйесi төмендегiдей программалау тiлдiрiмен, яғни - MS Access, FoxPro жүйелерiмен жұмыс жасайды.

Қазiргi уақытта әр түлi мамандықтың саласында, ойлауды және интенсивтендiру жасалып, дербес компьютер негiзiнде жұмыс iстейтiн автоматтандырылған жұмыс орындары осы МҚБЖ-нiң iшiндегi MS ACCESS жүйесiмен жұмыс iстеу кең ауқымда таралуда.

Біз өмірде әр түрлі анықтамаларды (телефон желісі, теміржол, әуе жолы, т. б. ), каталогтарды (библиотекалық, өнеркәсіп өнімдері тізімін), тізімдерді (студенттердің, оқушылардың, жыскерлердің, т. б., жиі қолданамыз. Көрсетілген әрбір информация көзі объектілер жиынын анықтайды (абонент телефоны, мектеп туралы ақпарат), сондықтан, жинақталған информацияның ішінен ең керегін таңдап алу көп уақытты талап етеді. Ал керекті информацияны құрастыру, жинақтау, жаңарту бұдан да қиын. Осындай көрсетілген жұмыстар қазіргі уақытта машина иығына артылып, өз шешімін тауып отыр.

Информацияны ЭЕМ көмегімен ұйымдастыру әдістерінің жан-жақты таралған түрінің бірі - Мәлiметтер базасын басқару жүйесі (МҚБЖ), яғни керекті информацияның өңделу үшін ыңғайлы түрде сақталуы.

Мәлiметтер қорын ұйымдастыру үшін компьютерлік бағдарламалар бар, оларды мәлiметтер базасын басқару жүйесі деп атайды.

Бұл мәлiметтер қорын басқару жүйесінің шағын кәсіпорындардың іс-шараларын автоматтандыруға қолдану кезінде тигізер пайдасы зор. Атап айтқанда осы дипломдық жұмысқа берілген тапсырма бойынша кәсіпорынның кірісімен шығысын анықтауға қажетті «Шығындар» мәліметтер қорын жетілдіруде.

Бұл программаны жетілдіруде WINDOWS операциялық жүйесінің қолданбалы MS Access программасы қолданылды. Microsoft Access - реляциалық деректер базасының басқару жүйесі, ол Windows басқаруында істейтін автономиялық дербес компьютер немесе локальды есептеуіш көзінде жұмыс істеуге арналған.

Microsoft Access ақпарат жүйелерін құру және пайдалану үшін арналған қор жабдықтар жиынтығы. MS Access бағдарламасымен төмендегідей жұмыстарды жасауға болады:

  • әр түрлі типтегі берілгендері бар екі өлшемді кестелерді өңдеу;
  • кестелер арасында байланыс орнату;
  • кестелерге берілгендерді енгізу, сұрыптау, тексеру және модельдеу;
  • ортақ белгілеріне қарай берілгендерді топтау;
  • деректер базасына сұраныстар, кестелерде берілген мәліметтер бойынша есеп жасауға.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - қоймадағы тауарлы-материалдық заттарды есепке алуға арналған автоматтандырылған жүйесін жетілдіру.

1 Сұрақтың қойылуы

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

“Автоматтандыру және басқару” кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Кафедра меңг. А. Д. Золотов

«___» 2008 ж.

(дата) (айы)

ТАПСЫРМА

Дипломдық жобалау барысындағы патенттік-ақпараттық зерттеулер жүргізуге арналған

Дипломдық жоба тақырыбы: Қоймалық нысанның жұмысын автоматтандыруға арналған жүйе жасау

Ізденістің басталуы 3. 04. 2008 ж, . аяқталуы 29. 04. 2008 ж.

Жетілдірілетін нысанның қысқаша сипаттамасы.

  • Салалығы. Мәліметтер базасында қоймалық нысандармен жұмыс жүргізуге арналған әр түрлі салалы жүйе болуы қажет.
  • Есепке алу модулі, тауарлардың бір орыннан екінші орынға жеткізілуі туралы ақпарат береді.
  • Жүйенің максималды икемділігі және конфигурациялау жылдамдығы.
  • Басқа программалық жабдықтармен бірге жұмыс жасай алуы.
  • Есептерді құрастырудың тиімді жүйесі. Есептер шаблондарын қолданушының өздігінен енгізуіне мүмкіндік беруі.

Осы сферадағы ұқсас программалар туралы мәліметтер.

Мастер Лабс компаниясы "Малый Склад", "Регистратура" программалық жүйелерді шығарған.

Әрбір шешім толыққанды қоймалық бөліктен тұрады, анығырақ айтқанда:

  • Қойманың даму тарихын электронды түрде сақтау
  • МКБ-10 бойынша тауарларды бөлу
  • Қажетті тауарларды есепке алып отыру
  • Кірістік және шығыстық құжаттарды ажырата алу

Qmed компаниясы амбулаториялық- поликлиникалық мекемелер үшін тіркеу орнының жұмысын автоматтандыру үшін программалық модуль ұсынды. Модуль қарапайым тіркеу орнындағы өтетін жұмысшы процестерді автоматтандырады:

Программаның жетіспеушіліктері: SQL Сервер Firebirds 1. 5 қолдану операциялық жүйенің жұмысына әсер етеді. Құны қымбат.

Артықшылықтары: жүйенің икемділігі. Сертификаты жоқ.

Қортынды

Диплом жобасын орындау барысында жүргізілген

патенттік зерттеулер бойынша

Диплом жобасының тақырыбы - «Қоймалық нысанның жұмысын автоматтандыруға арналған жүйе жасау»

Іздеу тереңдігі: 2001 жылдан 2006 жылға дейін

  1. Патенттік зерттеулер жүргізу алдында қойылған мақсаттарға қол жетті ме? Жетпесе қандай себептерден?

- Мақсатқа қол жетті, ізденіске сай келетін ақпарат яғни аналогтар табылды.

2. Табылған аналогтардың қайсысы прогрессивтік болады?

№ 1124/2 патенті, № 2525 патенті т. б. бойынша рәсімделген Мастер Лабс компаниясы "Малый Склад", "Регистратура" программалық жүйелері.

Табылған кесте аналогтарының қайсысын жобаланатын техника объектісінде қолдану пайдалы болады?!

- Патент № Ғ 112 K 1/00, 1/12 бойынша қоймалық есепті автоматтандыратын программалау жүйесі анықталды

  1. Диплом жобасында жобаланылатын техника объектісіне ұқсас техника объектілерді сериялап шығаратын қандай еліміздегі және шет елдердегі фирмалар табылды? Ғылыми-техникалық және патенттік құжаттарды зерттеу кезінде программалау жабдықтарын шығаратын Қазақстан фирмалары табылған жоқ.
  2. Жобаланатын техника объектісі бойынша өнертабысқа өтініш материалдарын өңдеу қажет пе?

Өтініш материалдарын өңдеу қажетті деп ойлаймын, себебі дипломдық жобада медициналық жұмыс орнын автоматтандыру қарастырылады.

Тапсырма берілді «» 2008ж.

(уақыты) (айы)

Орындаушы Сулейменов К.

(қолы) (аты-жөні)

Дипломдық жоба жетекшісі Жакитов К.

(қолы) (аты-жөні)

2 Техникалық-экономикалық негіздеме

Дипломдық жобаның техникалық тапсырмасына сәйкес жобаның тақырыбы - «Қоймалық нысанның жұмысын автоматтандыруға арналған жүйе жасау» бекітілді. Бұл программалық жүйе Аксеста жасалып, ауруханалардың тіркеу орындарындағы қызметкерлердің автоматтандырылған жұмыс орындарын құруға бағытталған.

Программаны және оның алгоритмін жетілдіру үстінде келесі экономикалық есептеулер жасалды:

  • Таңдау нысанын негіздеу;
  • Программаны жасауға және программаның құнына кеткен шығындар;
  • Салыстырылатын варианттар бойынша капиталдық аударылымдарды қою және есептеу;
  • Салыстырылатын варианттар бойынша эксплуатациялық шығындарды есептеу және қою;
  • Программаны енгізу нәтижелерінің жылдық экономикалық тиімділігін және тиімділік көрсеткіштері есебін жасау;
  • Салыстырмалы экономикалық есептеулер.

Әзірленген программалық қамсыздандыру қойма саласы үшін арналған. Ауруханадағы өңделетін ақпараттардың көлемінің өсуіне байланысты құжатайналымның автоматтандырылған жүйесі маңызды болып табылады.

SWOT-анализдің методикасы (жағдайлық анализ) программдық өнімнің бәсекелеге жарамдығын бағалауға және оның күшті және әлсіз жақтарын бағалуға арналған. Дұрыс жүргізілген анализ программдық өнімнің келешекте өңделу стратегиясына және оның таралу стратегиясына әсер етуі мүмкін.

Күшті жақтары:

  1. программдық өнімнің орнату және қолдану қарапайымдылығы.
  2. мәліметтерді бірнеш жыл бойы сақтау мүмкіндігі.
  3. мәліметтерді өңдеудің өзіндік технологияларын қолдануы.
  4. программдық өнімнің жеңіл модернизациялануы.
  5. жұмыс сапалы болу үшін өзіндік мүдделілік.

Әлсіз жақтары:

  1. программдық өнімді іске асыру үшін тек бір қолданушының жұмысын іске асырады.

Мүмкіндіктері:

  1. сервистерді кеңейту;
  2. программдық өнімді басқа платформаларға көшіру мүмкіндіктері;
  3. өнім жұмысының масштабын кеңейту мүмкіндіктері;
  4. «клиент-сервер» технологиясының базасы негізінде көп қолданушы жүйені құру мүмкіндігі

Өнімге әсер ететін қауіп:

Қауіп факторлері табылмаған

Программдық өнімнің SWOT-анализін жүргізу нәтижесінде күшті жақтары жіне бірнеше мүмкіндіктер анықталды. Программдық өнімнің қауіп факторлары табылған жоқ. Осылайша өнеркәсіптің стратегиясы дұрыс таңдалған және түзетулер қажет емес.

Программдық қамсыздандыруды әзірлеуге және шығындарды есептеу үшін шығындар калькуляциясы бойынша іске асырылады. Өнімді шығару үшін шығындар сметасы келесі экономикалық элементер арқылы құрылады:

  1. материалдық шығындар
  2. еңбекке төлеу фонды
  3. әлеуметтік мұқтаждықтарға аударымдар
  4. Амортизациялық аударымдар
  5. қосымша шығындар.

Бұл бөлім шығындардың келесідей тізімінен тұрады: тікелей материалды шығындар, жанармайға шығындар, энергияға кететін шығындар, байланыс қызметтеріне төлемдер, басқа ұйымдардың қызметін қолдануға кеткен төлемдер.

Осы дипломдық жобада әзірленген программдық қамсыздандыру кіші көлемді қойманың тіркеу орнының құжатайналымының автоматтандырылған тапсырмаларын шешеді. Өнім шығындарды және фирмалардағы құжаттармен жұмыс істеу (іздеу, сақтау, орындалуды бақылау) уақытын азайтады. Сонымен қатар өнім барлық жерде қолданыла алады.

3 Қоймадағы тауарлы материалдык құндылықтарды

есепке алу негізі

3. 1 Тауарлы материалды жіктеу

және оларды есептеуді ұйымдастыру

Тауарлы - материалдық босалқылар келесі активтер түрінде болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар және құрастырушы бұйымдар (детальдар), отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа материалдар; аяқталмаған өндіріс; субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар.

Материалдық құндылықтарды есепке алу үшін мына төмендегі негізгі міндеттемелердің орындалуы шарт: босалқылардың кіріске уақытында және толық енгізілуін, сақталу орындарындағы жағдайын қадағалау; босалқылардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық және уақытында құжаттау; көліктік дайындау шағындары (ҚДШ) мен дайындалған құндылықтардың өзіндік құның уақытында және толық анықтау; ҚДШ-ны өндірістің шығындарына жазудың біркелкі және дұрыс болуын бақылау; ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес материалдық босалқы қорларды тауып сату; сақталатын орындардағы құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу.

Өндіріс барысындағы функциональдық (қызметтік) ролі мен мақсаты бойынша барлық материалдық босалқылар негізгі және көмекші боып бөлінеді.

Дайындалатын өнімнің заттай материалдық негізін (нан пісіргенде ұн) құрайтын материалдар болса, көмекші материалдар өндірілетін өнімнің өзіңдік құнына кіргенімен, бірақ негізгі материалдар сияқты, оның заттай негізін құрай алмайды. Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін (сырлар, лак, желім) көмекші материалдар негізгі материалдарға қосымша пайдаланады.

Материалдық босалқы қорлардың барлық түрін есепке алу 20 «материалдар» бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттарында жүзеге асады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді:

201 «Шикізат және материалдар»

«202 «Сатып алынған шала фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, конструкциялармен бөлшектер, детальдар»

203 «Отын»

204 «Ыдыс және ыдыстық материалдар»

205 «Қосалқы бөлшектер»

206 «Басқа материалдар»

207 «Қайта өндеуге берілген материалдар»

208 «Құрылыс материалдары». Шаруашылық жүргізуші субъектілер материалдардың синтетикалық шоттарымен қатар, аралық (немесе талдамалық) шоттарын да ашуға құқысы бар.

Тауарлы-материалдық запастарды бағалау кезінде, оларды не неғұрлым арзан өзіндік құнымен, не таза құнымен бағалайды. Қолда бар тауарлы-материалдық қорлардың бүлінуі немесе олардың жекелей, әлде толықтай ескіруі немесе олардың бағасының төмендеуі, яғни бір сөзбен айтқанда, өзіндік құнының деңгейіне келтіру мүмкін болмаған жағдайда, өзіндік құнның орнына сату (өткізу) бағасын пайдаланады.

Шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар, отын, қосалқы бөлшектер және басқа босалқы материалдар баланста олардың нақты өзіндік құнымен көрсетіледі. Осы баға бойынша құндылықтар синтетикалық есепке көрсетіледі; талдамалы есепте - тұрақты есеп бағасымен (келісімді немесе жоспарланған-есеп бағасы) көрсетіледі.

Егер субъект материалдық құндылықтарды келісімді бағамен есепке алса, онда олардың нақты құны материалдардың осы бағалар бойынша құнына және ҚДШ-ның қосындысына тең болады. ҚДШ құрамына теміржол тарифі, су фрахты, автомобиль, ұшақтар және басқа да көлік түрлері арқылы тасымалдау түрінде, жарналардың барлық түрі кіреді; жабдықтаушылардың теміржол және басқа көлік мекемелерінің қоймаларынан материалдарды жеткізу; корларды алу және дайындауға байланысты іссапарлардың шығындары, қоймалардағы тұрақты қойма жұмыскерлерінің еңбек ақысынан басқа тиеу, түсіру және қаттау шығындары; жабдықтаушы, делдал мекемелерге төленген комиссиялық сыйлықтар, және босалқыларды алумен тікелей байланысты басқа шығындар жатады.

Артық төленген тарифтік сомалардың қайтарылуы мен басқа түзетулер ҚДШ сомасынан шығарылады.

Егер құндылықтардың талдамалы (аналитикалық) есебін жоспарлы-есептелген бағалармен жүргізсе, онда олардың нақты өзіндік құны-материалдардың осы бағалар бойынша құнына және осы есептегі бағалардың нақты өзіндік құнынан ауытқуларынан тұрады. Бұл бағаларды субъектілердің өзі КДШ жоспардағы көлемін ескере отырып, келісімді бағалар негізінде тағайындайды.

Жұмсалған материалдарға тиісті КДШ немесе ауытқуларды (+, -) ай сайын келісімді есеп бағалары бойынша материалдық құндылықтардың шығындарын көрсететін шоттарға енгізеді. КДШ немесе ауытқулықтардың (+, -) процентін ай басында, олардың ай басындағы қалдығы мен ай бойғы келісімді (есеп) бағалар бойынша түскен материалдардың сомасына бөліп, алынған нәтижені 100-ге көбейту арқылы анықтаймыз.

КДШ немесе ауытқулықтар (+, -) бойынша есептелген проценттер тиісті шоттарға енгізіледі. Материалдардың түрлері немесе топтарының аз ғана көлемінен КДШ немесе ауытқулықтарына (+, -) процент көрсету керек болса және жабдықтаушылармен тұрақты қатынастар орнағанда өткен айдың бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша процент қолданылуы мүмкін.

Белгіленген баға, бағалар-номенклатурасымен қатар қолдануы мүмкін. Материалдардың ағымдағы есебіндегі бағалары мен номенклатуралық нөмірлері материалдық қорлардың қалдықтары мен қозғалысы жөніндегі барлық құжаттар мен регистрлерде есепке алынады.

3. 2 Қоймадағы тауарлы материалдык құндылықтарды

бағалаудың негізгі алғы шарты

№7 бухгалтерлік есептің стандартында материалдық запастарды бағалаудың келесідей әдістерін қолдануды ұсынады: арнайы (тұтастай) идентификациялау әдісі; орташа өлшемді құн әдісі, қорларды бастапқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі («ЛИФО») .

Осы әдістер бойынша бір мысал келтіріп көрелік (Кесте 3. 2. 1)

Кесте 1 Материалдық құндылықтардың қалдығы және қозғалысы туралы мамыр айындағы мәліметтер

Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
Саны, дана: Саны, дана
Бағасы, тенге: Бағасы, тенге
Сомасы тенге: Сомасы тенге
Көрсеткіштер:
  1. мамырдағы қалдық

Мамыр айында алынды:

  1. Партия
  2. Партия
  3. Партия
  4. Партия
Саны, дана:

1000

200

300

600

200

Бағасы, тенге:

20-00

21-00

23-00

20-00

22-00

Сомасы тенге:

2

4200

6900

12000

4400

Көрсеткіштер: Кіріс бойынша барлығы
Саны, дана: 1300
Бағасы, тенге: х
Сомасы тенге: 27500
Көрсеткіштер: Қалдықпен барлығы
Саны, дана: 2300
Бағасы, тенге:

Орташа баға

20-65

Сомасы тенге: 47500
Көрсеткіштер: 1-ші маусымға қалдық
Саны, дана: 900
Бағасы, тенге: х
Сомасы тенге: х

Арнайы (тұтастай) идентификациялау әдісі. Бұл әдіс босалқылардың партиялық есебін дәл ұйымдастыру мүмкіндігі болған жағдайда қолданылады. Қоймадағы қалдық, мысалы 1 мамырдағы саны 300 данадан тұрды делік, әрқайсысы 20 теңгеден болғанда 6000 теңге, бірінші партиядан 100 данасы 21 теңгеден 2100 теңге, үшінші партиядан 300 данасы 20 теңгеден 6000 теңне және 200 дана төртінші партиядан 22 теңгеден 4400 теңге қойылды делік. Сонда қалдықтың жалпы құны 18500 теңге (600+2100+6000+4400) құрайды. Ай бойындағы материалдар шығындарының құны - 29000 теңге (47500-18500) болады.

Орташа өлшемді құн әдісі. Бұл әдіс кезінде материалдық қорлардың құны - ай басындағы қолда бар құнына, ай басында келіп түскен құндылықтардың қосылған құны алынған орташа бағасы түсіндіріледі. Біздің мысалымызда, материал бірлігінің орташа құны 20 теңге 65 тиын (47500:2300) болады: материалдардың ай бойындағы шығындары - 28913 теңге (2300-900 = 1400; 1400х20-65) ; қалдық 18587 теңге (900х20-65) .

Материалдық құндылықтардың есебінде соңғы кезге дейін отандық практикада осы әдіс кеңінен қолданылды.

«ФИФО» әдісі - босалқыларды алғашқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі. Бірінші кезектесатып алынған құндылықтардың нақты өзіндік құны жұмсалған материалдарға жатқызылады деп есептеледі.

Ай соңындағы қорлардың өзіндік құны соңғы жеткізілгендерге жатқызылады, ал олардың шығарылуы бастапқы әкелінгендерге жатқызылады. Біздің мысалымызда, ай соңындағы босалқы қорлардың 900 дана қалдығы мына төмендегі мәліметтер бойынша бағаланған: төртінші партиядан 200 дана 22 теңгеден 4400 теңге, үшінші партиядан 600 дана 20 теңгеден 12000 теңге екінші партиядан 100 дана 23 теңгеден 2300, барлығы 18700 теңге болады. 1400 дана (2300-900) қорлардың шығыны болып 28800 теңгеге бағаланады. (47500-18700) .

«ЛИФО» әдісі - босалқыларды соңғы сатып алынғандардың бағасы бойынша бағалау әдісі. Соңғы алынған қорлардың өзіндік құны, бірінші кезекте жұмсалғандардың құнын анықтау үшін қолданылады, ал ай (кезең) соңындағы корлардың өзіндік құны, бірінші сатып алынған қорлардың өзіндік құнымен есептеледі деген тұжырымға негізделген әдіс. Біздің мысалымызда, ай соңындағы қалдық 900 дана, ай басындағы қалдық бағасымен (20 теңге) 18000 теңгеге бағаланады. Бір айдағы жұмсалған шығын -29500 теңге (47500-18000) .

Қорларды бағалауға әртүрлі әдістер қолдану арқылы алынған мәліметтерді салыстырып көрейік (Кесте 1. 2. 2)

Кесте 2 Материалдық құндылықтарды бағалаудың әдістері

Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
Арнайы (жалпылама) ұқсастыру әдісі: Арнайы (жалпылама) ұқсастыру әдісі
Орташа құн әдісі: Орташа құн әдісі
«ФИФО» әдісі: «ФИФО» әдісі
«ЛИФО»әдісі:

«ЛИФО»

әдісі

Көрсеткіштер: Қорлардың жұмсалуы:
Арнайы (жалпылама) ұқсастыру әдісі:
Орташа құн әдісі:
«ФИФО» әдісі:
«ЛИФО»әдісі:
Көрсеткіштер: данасы (саны)
Арнайы (жалпылама) ұқсастыру әдісі: 1400
Орташа құн әдісі: 1400
«ФИФО» әдісі: 1400
«ЛИФО»әдісі: 1400
Көрсеткіштер: құны, теңге
Арнайы (жалпылама) ұқсастыру әдісі: 29000
Орташа құн әдісі: 28910
«ФИФО» әдісі: 28800
«ЛИФО»әдісі: 29500
Көрсеткіштер: Ай соңындағы қалдығы: данасы
Арнайы (жалпылама) ұқсастыру әдісі: 900
Орташа құн әдісі: 900
«ФИФО» әдісі: 900
«ЛИФО»әдісі: 900
Көрсеткіштер: Құны, теңге
Арнайы (жалпылама) ұқсастыру әдісі: 18500
Орташа құн әдісі: 18585
«ФИФО» әдісі: 18700
«ЛИФО»әдісі: 18000

Материалдық қорлар мен КДШ сомасын бағалау тікелей сатылған өнімнің өзіндік құны арқылыжалпы табыс мөлшеріне әсер етеді, олай болса, занды тұлғалардан алынатын табыс салығы көлеміне де әсерін тигізеді. Сондықтан материалдық қорларды бағалаудың дұрыстығын салық органдары тексеріп отырады.

20 «Материалдар» бөлімшесінің шоттарына (201-208 шоттары) құндылықтардың төмендегідей түрлері есепке алынады:

201 «Шикізат және материалдар» - өндірілетің өнімнің негізін жасайтын немесе оны дайындаудың компоненттері болып табылатын шикізат пен материалдар. Сондай-ақ, осы шотта мұндай өнімді жасауға қатысатын және шаруашылық мүдделеріне, техникалық мақсаттарға арналған және өндіріс барысына атсалысатын көмекші материалдар да есепке алынады.

202 «Сатып алынған шала фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер» - өндірістік кооперация тәртібі мен өндірілуші өнімді жабдықтау үшін алынған және өндеуге немесе жинауға шығындарды талап ететін сатып алынған жартылай шикізаттар мен дайын құрастырушы бұйымдар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылыс компаниясының кадрлық есебін жүргізетін автоматтандырылған жүйе құру
Бухгалтерлік қызмет
ЖШС «НҰР» жеке кәсiпорынының автоматтандырылған құжат алмасу жүйесiн жасау
Шағын кәсіпорынның шығыны мен кірісін есептейтін ажо жасау атты дипломдық жұмысқа патенттік ізденіс
Қоймалық есеп жүргізу ақпараттық жүйесін жасау
Аурухананың тіркеу орнының автоматтандырылған жұмыс орнын жасау
Тауарларды қажетті орнына жеткізіп беруші шағын фирма үшін автоматтандырылған есептік жүйе құру
Оқу залының жұмысын жеңілдететін автоматты басқару жүйесін жасау атты дипломдық жұмысқа арналған патенттік-ақпараттық зерттеулер
Техникалық - экономикалық негіздеме
Кітапхана ғасырлар бойы келе жатқан шырағы бтік парасатталық пен білімділіктің киелі ордасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz