Тіршілік қауіпсіздігі



Берілген дипломдық жоба бөлімінде қағазға бояу басу өндірісіндегі қауіпсіздік техника шараларының негізгі сұрақтары, еңбекті қорғау заңдары жөнінде баяндалады.
Әлемдегі қоғамдық жоғарғы даму деңгейіне және өркениетті алға жылжу сатысына жеткен мемлекеттердің басты да кешенді критерилерінің бірі - адам өмірінің бағалылығы және тіршілік қауіпсіздігінің негіздері, бұл критериді басты міндеттерінің бірі деп санаған мемлекет өзінің тұрақтылығын және экономикалық даму сатысының жоғарылын көрсетеді. Мұндағы критерилік негіздер: осы мемлекеттің күрделі мәселелерді жете зерттеуі және оны шешуде үлкен капиталдар салуы, Өндіріс мәдениетін өсіру жұмыстары мемлекеттің өз тұрақты даму деңгейін көрсетеді, бұл жұмыстарды атқару үшін экономикалық даму мен ғылыми-техникалық интеллектуалдың жоғарғы потенциалы қажет. Ғылыми-техникалық интеллектуалдың жоғарғы потенциалы тіршілік қауіпсіздігінің негізі болып табылады. Ал басқа жағынан қарағанда тіршілік қауіпсіздігінің негіздері мәселелерін шешу барлық қоғам мүшелерінің белсенді қатысуын талап етеді, азаматтық жоғарғы сезіну, бүгінгі қызығушылықтың өсуіне дайын болу, кей кезде индивидуальды еркіндікті шектеу, адам өмірі мен болашақ ұрпақ тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету - бұл негізгі мәселелердің тармақтары болуда. Мұны тек жоғарғы қоғамдық принцпті деңгейде ұйымдастыру және мәдениеттендіру арқылы шеше аламыз.
Бұл процестің маңызды мақсаты мамандардың формалық ойлау қабілетін жетілдіру, кез келген инженерлік тапсырманың принцпі мен басымдығын терең ойлап жүзеге асыру болса, ол ғылыми-зерттеу аймағында немесе жобалық-конструкторлық жұмыста және өндірісті басқаруды ұйымдастыру аймағында мұқият жүргізілуі тиіс.
Тіршілік қауіпсіздігі аймағындағы негізгі білімді жоғарылату және жетілдіру жоғарғы профессионалдық деңгейге жеткізеді, мұндай әдістерді терең оқу, эрготехникалық жүйелерді жобалау, жетілдіру және басқару «адам – машина – адамның өмір сүру ортасы» деп тұжырымдалатын жалпы жүйенің белгілі бір бөлшегі болып табылады.
Тіршілік қауіпсіздігінің өте өткір мәселелерінің бірі болып өндірістің бүкіл қоршаған ортасын ластайтын кәсіпорындардағы әр түрлі қауіпті және практикалық зиянды факторлар, адамдар мен жұмысшы персоналдың денсаулығын қорғау болып табылуда.

4 Тіршілік қауіпсіздігі

4.1 Бояу басу өндірісіндегі қауіпсіздік шаралары

Берілген дипломдық жоба бөлімінде қағазға бояу басу өндірісіндегі
қауіпсіздік техника шараларының негізгі сұрақтары, еңбекті қорғау заңдары
жөнінде баяндалады.
Әлемдегі қоғамдық жоғарғы даму деңгейіне және өркениетті алға жылжу
сатысына жеткен мемлекеттердің басты да кешенді критерилерінің бірі - адам
өмірінің бағалылығы және тіршілік қауіпсіздігінің негіздері, бұл критериді
басты міндеттерінің бірі деп санаған мемлекет өзінің тұрақтылығын және
экономикалық даму сатысының жоғарылын көрсетеді. Мұндағы критерилік
негіздер: осы мемлекеттің күрделі мәселелерді жете зерттеуі және оны шешуде
үлкен капиталдар салуы, Өндіріс мәдениетін өсіру жұмыстары мемлекеттің өз
тұрақты даму деңгейін көрсетеді, бұл жұмыстарды атқару үшін экономикалық
даму мен ғылыми-техникалық интеллектуалдың жоғарғы потенциалы қажет. Ғылыми-
техникалық интеллектуалдың жоғарғы потенциалы тіршілік қауіпсіздігінің
негізі болып табылады. Ал басқа жағынан қарағанда тіршілік
қауіпсіздігінің негіздері мәселелерін шешу барлық қоғам мүшелерінің
белсенді қатысуын талап етеді, азаматтық жоғарғы сезіну, бүгінгі
қызығушылықтың өсуіне дайын болу, кей кезде индивидуальды еркіндікті
шектеу, адам өмірі мен болашақ ұрпақ тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз
ету - бұл негізгі мәселелердің тармақтары болуда. Мұны тек жоғарғы қоғамдық
принцпті деңгейде ұйымдастыру және мәдениеттендіру арқылы шеше аламыз.
Бұл процестің маңызды мақсаты мамандардың формалық ойлау қабілетін
жетілдіру, кез келген инженерлік тапсырманың принцпі мен басымдығын терең
ойлап жүзеге асыру болса, ол ғылыми-зерттеу аймағында немесе жобалық-
конструкторлық жұмыста және өндірісті басқаруды ұйымдастыру аймағында
мұқият жүргізілуі тиіс.
Тіршілік қауіпсіздігі аймағындағы негізгі білімді жоғарылату және
жетілдіру жоғарғы профессионалдық деңгейге жеткізеді, мұндай әдістерді
терең оқу, эрготехникалық жүйелерді жобалау, жетілдіру және басқару адам
– машина – адамның өмір сүру ортасы деп тұжырымдалатын жалпы жүйенің
белгілі бір бөлшегі болып табылады.
Тіршілік қауіпсіздігінің өте өткір мәселелерінің бірі болып
өндірістің бүкіл қоршаған ортасын ластайтын кәсіпорындардағы әр түрлі
қауіпті және практикалық зиянды факторлар, адамдар мен жұмысшы персоналдың
денсаулығын қорғау болып табылуда.
Қазіргі уақытта жетілдірілген кәсіпорындарда жұмысшылардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері мынадай: технологиялық процес
спецификациясына өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорынның дислокациялық
дамуына байланысты кәсіпорынның шаруашылық нысанын жетілдіру және негізгі
мәселелерін шешу.
Қазіргі заманғы кәсіпорындардың техника мінездемелік ерекшеліктері:
бір өндіріс орнында, цехта және өндірістік бөлікте әртүрлі технологиялық
процестің бір мезетте жүруі; жетілдірілген өнімділігі жоғары жабдықтарда
әртүрлі технологиялық номенклатуралы материалдарды кең көлемде қолдану;
физика-химиялық қатынас негізі болып табылатын әр түрлі күрделендірілген
операциялардың үздіксіз жүргізілуі. Бұған қоса қазіргі заманғы
кәсіпорындардың технологиясының құрылымдық тез өзгеруін, жабдық
тораптарының жетілдірілуін, жаңа процестер және материалдардың енгізілуін,
осы қасиеттердің жан-жақты және толық зерттелуін немесе қолданылуын қоса
есептеген жөн .
Көптеген кәсіпорындарда жоғары қышқылды, дереу тұтанғыш, жоғары
дәрежедігі сәулеленгіш, технологиялық процестердің жүруінде қосымша шу
деңгеңінің жоғарылығы, ультра- және инфрадыбыстардың жоғарылығы, өте қатаң
және тұрақты параметрлі микроклиматтың болуы, өндірістің көптеген
операциялары жоғары көз жанарының кернеуінің қажет етілуі, шаңды және газды
сияқты орталар мен факторлар кең қолданылады.
Осыған қоса кәсіпорындарда жоғары механизацияланған және
автоматтандырылған жабдықтарды, өте дәл жетілдірілген электронды-есептегіш
техникасын, ағынды-механизацияланған желілерді, программалы басқарылатын
роботтарды және манипуляторды, қазіргі замандық станоктарды, аппараттарды
және жабдықтарды қолданады. Осыларды ескергенде жедел зақым алу,
профессионалдық аурулардың пайда болу дәрежесінің жоғарылауы туындайды.
Күрделену, әр түрліліктің жетілдірілуі және технологияның жаңалануы
өндірістегі тіршілік қауіпсіздігін түрлендіруді, күрделендіруді және жаңа
технологияның залалсыздығын қамтамасыз ететін жаңа шараларды талап етеді.
Қағазға бояу басу өнеркәсібінде көптеген адамдар жұмыс істейді, сол
жұмысшылар цехтарда жұмыс ауысымын алмасуына дейін жұмысшы орнында болады,
сол уақытта әрбір адам өндіріс ортасындағы сол немесе басқа факторларының
әсеріне душар болады.
Өндіріс қызмет қауіпсіздігі яғни, заң шығаратын актілердің жүйесінде
еңбек күзеті және әлеуметтік-экономикалық, техникалық, гигиеналық және
ұйымдық шаралары, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және еңбек
барысында адамың жұмысқа қабілеттілігі жөнінде мәліметтер ұсынылған.
Толық қауіпсіз және зиянсыз өндірістер болмайды. Еңбекті қорғау
мақсаты - еңбектің барынша көп өнімділігін жоғалтпай, бір уақытта оқыс
жағдай ықтималдылығы немесе ауруды болдырмауды қамтамасыз ету болып
табылады.
Бірақ адам кіріскен істердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуіне
байланысты шешілмеген мәселелер бар, өндіріс ортасының бәрі әртүрлі қауіпті
және зиянды факторлардың құру аймақтары болып келеді, қайсысында болмасын
қызметші еңбек жолында практикалық түрде қауіпке ұшырамауына жүзеге асады.
Сонымен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін жұмысшылардың
қазіргі кездегі өндірісте шартты түрде, шаруашылық қызметінің кез-келген
нысанына арналған, және мәселенің, технологиялық процестердің егжей-
тегжейін ашуымен, өндірісті ұйымдастыру және өндірістердің дислокациялары
деп бөлінетін бөлімдермен қарастыруға болады.

4.1.2 Казполиграф кәсіпорнындағы техникалық қауіпсіздік ережелері

Машинаға қызмет көрсету және техкүтімі тек құрылғымен таныс және
сенімді персоналға тапсырылады. Сырттан келген адамдарға машиналарға және
агрегаттарға жақындауға тыйым салынады. Машинаның орнын ауыстырғанда
жақындауға тыйым салынады. Қасындағы жұмысшыларға зардап шекпеуі керек.
Бұны әсіресе машинаның қасында көп жұмысшы болғанда ескеру керек.
Қауіпсіздік құрылғысын, қорғаныс құрылғысын және қорғаныс жабдықтарын
олардың тағайындалуымен сәйкес қолданып, оның жағдайын қалыпты ұстап отыру
керек. Машинаны өз бетімен іске қосуға (жабылу кілттерін, қосу
блакировкаларын т.б.) және машинаны өздік жіберуге рұқсат берілмеу қажет.

Машиналар мен қондырғылар қауіпсіздік техникасының шараларына қатаң
түрде сәйкес келеді. Қозғалатын бөліктер жарақаттану қаупінен керекті
дәрежеде қорғалған. Егер технологиялық себептерден керекті қорғаныс мүмкін
болмаса, жұмыс кезінде қозғалатын бөліктерге қол тигізуге болмайды.
Ал енді тесіктердің валдарындағы бу жетектерінде басып кету
жарақатын алмау үшін аса сақ болу керек. Валдар мен цилиндлерді жуу үшін
егер машинада арнайы жуу құрылғылары болмаса, машинаны қолмен немесе алдыға
жүру батырмасын (кнопка) басу арқылы ауыстырамыз. Егер валдарды машина
жұмыс істеген уақытта тазарту керек болса, онда оларды тек шығыңқы жағынан
тазартады. Пышақ, штамп немесе қысылу валиктері пышағының орнын ауыстыру
аумағында монтаж жүргізгенде, машинаның бөліктерін еркін қозғалулардан
(мысалы, пневматика немесе гидравлика клапандарының жабылуы, тізбектердің
жабылуы) қоса сақтау қажет. Сонымен қатар машинадағы қалқандармен
белгіленген қауіп көздеріне аса назар аудару керек.
Қозғалатын бөліктердің майлануы, жұмыстың қауіпсіз болуына мүмкіндік
беретін құрылғыларды қолданғанда ғана іске асырылады. Машиналар мен жетек
механизмінің жұмыс істегендегі жөндеу жұмыстарына қозғалатын бөліктерді
тазалауға және жинауға тыйым салынады.

Статикалық электрлікті жоюдағы ұйымдастырулар.
Ауаның ылғалдылығына байланысты қағаз және пластасса төсемдерін
өңдегенде өндіріс бөлмелерінде 100000 В-қа дейін жететін
электростатикалық разрядтар пайда болуы мүмкін. Егер кез-келген жерде
кенеттен ойықтар пайда болса, оларды деэлектризаторды қолдану көмегімен
болдырмайды (мысалы, иондайтын өзектер, металл жіптері).

4.2 Еңбекті қорғау

Казақстанда азаматтардың еңбегі мемілекеттік мекемелер құзырында
болып, заңды түрде қорғалады. Еңбек қорғау – бұл социальды-экономикалық,
мекемелік-ұйымдастырушылық, техникалық, гигиениялық және емдеу-
профилактикалық шараларда еңбек ету процессінде қауіпсіздікті қамтамасыз
ету, денсаулықты сақтауды және адамның жұмыс қабілеттігін ескеретін
заңдастырылған актілер жүйесі. Жаңа технологиямен жабдықталған, ғылыми
мекемелік-ұйымдастырылған, кешенді механизацияланған және
автоматизацияланған өндіріс орндарын жоспарлы жоғары эффективті еңбекті
қорғау талаптары мен ережелеріне сай дисциплинарлы қауіпсіздікті
қамтамасыз ету керек.
Жұмысшылар және қызмет етуші персональдың еңбегін қорғау өнеркәсіп
әкімшілігінің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Пастерленген каймак
өндірісінің кәсіпорнында кезкелген инженер және басқарушы жұмысшы өзінің
қол астындағы адамдардың қауіпсіздігін өзіне міндеттеп және оны терең
адамгершілік тұрғыдан сезінуі тиіс. Инженер кәсіпорында болады деп
жорамалданған қауіп пен зиянды жақсы білуі міндет, технологиялық
процесстің қауіпсіздігін және зиянсыздығын қамтамасыз ете отырып, қауіп
және зиян болған жағыдайда қауіпсіздік заттарын және әдістерін мамандық
тұрғысынан сауатты қолдануды және жедел шешім қабылдауды тек жай
міндеттемей, мемілекеттік заң тұрғысынан сеніп жүктелген жауапкершілікті
талап етеді. Сондықтан студенттердің еңбекті қорғау негізінде алынған
терең білікті білімдері болашақта маманның пастерленген каймак
кәсіпорнындағы қауіп пен зиянның алдын алуда түпкі негіз болады.
Еңбекті қорғау негізінен төрт бөлімді құрайды: еңбек қорғаудың
құқықтық және мекемелік-ұйымдастырушылық сұрақтарына жауап беру, техника
қауіпсіздігінің негіздері, кәсіпорынды өндірістік санитария және өрт
қауіпсіздігінің негіздері.

4.2.1 Еңбекті қорғау заңдылығы

Казақстанда еңбекті қорғау заңдылық акты арқылы бекітіледі,
реттеледі, жүргізіледі және әрекет етеді: Қазақстан Республикасының
Конституциясы, еңбек заңының кодекстері, Қазақстан Республикасының
Конституциясының Кеңесі және Жоғарғы сотының арнайы еңбекке байланысты
ережелері, нормалары және инструкциялары.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 30 тамызда 1995 жылы
республикалық референдум арқылы қабылданып, Қазақстан Республикасының
азаматтық құқығы, олардың демалысы, білім алуы, қартайған шақта, ауырған
жағыдайда, еңбек ету мүмкіндігінен айрылған сәтте және тағы басқа
жағыдайларда материалдық жағыдаймен қамтамасыз ету негізінде бекітілген. 24
бапта жазылған: Әр адам еркін еңбек етуге және еңбек еркіндігіне, мамандық
және еңбек ету түрін еркін таңдауға, еңбек жағыдайының жақсылығын талап
етуге, жұмыстың қауіпсіздігі және санитарлық тазалығын талап етуге, кез
келген дискриминациясыз еңбектің марапатталуын талап етуге, жұмыссыз қалған
жағыдайда социальды-материалдық қамтамасыз етілуін талап етуге,
индивидуальды және коллективті еңбек жанжалын бекітілген заңды қолдану
әдістері арқылы шешуді талап етуге, кезекті және белгіленген демалысты
алуға және талап етуге толық құқылы.
Мемлекет адамның өмірінің және денсаулығының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін еңбек қорғау заңдылығының орындалуын қадағалап отыруы
қажет. Қазақстан Республикасының еңбек қорғау заңдылық актысы 1999 жылы
қаңтарда еңбекті қорғау заңының кодекстерімен толықтырылды. Бұл құжаттың
баптарында жұмысшылар құқығы мен қызмет етушілердің денсаулығының
қауіпсіздігі кең көлемде қарастырылып заңдық негізде бекітілді, жасалған
жетістіктер республикамыздың экономикасының қарқынды дамып келе жатқанына
дәлел.

4.3 ЭЕМ операторының жұмыс орнындағы еңбекті қорғау

4.3.1 Компьютермен жұмыс кезіндегі зиянды өндірістік факторлар

Бұл бөлімде Казполиграф кәсіпорнындағы ДЭЕМ (дербес электронды
есептеуіш машина) операторының еңбек экологиясы және қауіпсіздік
техникасының негізгі сұрақтары қарастырылады, сонымен қатар жұмыс орнындағы
жарықтандырудың есептелуі келтірілген.
Бүгінгі күні қолданылатын жетілдірілген ұйымдастырушылық шаралар мен
техникалық қорғаныс тәсілдерінің кешені, есептеуіш орталықтары (ЕО)
қатарының жиналған жұмыс тәжрибесі қауіпті және зиянды өндірістік
факторлардың жұмысшыларға әсерін жоюда едәуір жетістіктерге жету
мүмкіндігі барын, яғни кәсіпорынның жұмыс нәтижелілігінің артуын
көрсетеді.
Өндірістік фактор қауіпті деп оның әсері жұмыс істейтін адамға
белгілі-бір жағдайларда жарақатқа немесе басқа да денсаулықтың кенеттен
нашарлауына әкелгенде айтылады. Егер де өндірістік фактор ауруға немесе
еңбек қабілеттілігінің төмендеуіне шалдықтырса, онда оны зиянды деп
атайды. Әсер етудің деңгейі мен ұзақтығына байланысты зиянды өндірістік
фактор қауіпті болып кетуі мүмкін. Қауіпті және зиянды өндірістік
факторлар төрт топқа бөлінеді: физикалық, химиялық, биологиялық және
жүйкефизикалық (психофизикалық).
ЕО жұмысшыларының еңбек шарттарының жағдайы мен оның қауіпсіздігі
бүгінгі күні жаңа қойылатын талаптарға жауап бермейді. ЕО жұмысшылары
жоғары шу деңгейі, қоршаған ортаның жоғары температурасы, жұмыс зонасындағы
жарықтандырудың жоқтығы немесе жеткіліксіз мөлшері, электр тогі, статикалық
электрлілік және басқа сияқты физикалық қауіпті және зиянды әсер етулермен
кездеседі.
ЕО-ның көптеген қызметкерлері ақыл-ой қабілетінің зорығуы, көру
және есту анализаторларының зорығуы, еңбектің бірқалыптылығы, эмоционалдық
шаршау сияқты психофизикалық факторлардың әсерімен байланысты болады.
Аталған жағымсыз факторларың әсер етуі жұмыс қабілеттілігінің төмендеуіне
әкеледі, ол әрдайым дамып отыратын шаршау сезімімен туындайды.

4.3.2 Компьютермен жабдықталған бөлмеге қойылатын талаптар

Компьютерлер орналасқан жұмыс аймағының өлшемдері (аудан, көлем) ең
алдымен қызметкерлердің санына және онда орналастырылатын техникалық
жабдықтардың топтамасына сәйкес келу керек. Қалыпты еңбек шарттарын
қамтамасыз ету үшін бір жұмысшыға көлемі 15 м3 мөлшерден аспайтын
өндірістік орын қажет, ал жұмыс аймағының ауданы - 4,5 м2 аспауы қажет.
Технологиялық еденнен ілінбелі төбеге дейінгі бөлменің биіктігі 3-
3,5 м болу керек. Және де ілінбелі және негізгі төбенің арасындағы қашықтық
0,5-0,8 м болу керек. Еден үстіндегі кеңістіктің биіктігін 0,2-0,6 м-ге
тең деп қабылданады.
Жұмыс бөлмелері және кабинеттерде табиғи жарықтандыру болу қажет.
Қалған бөлмелерде жасанды жарықтандырудың қолданылуы рұқсат етіледі. Табиғи
жарықтандыру жетпейтін жағдайларда қосымша жарықтандыру орнатылады. Бұл
кезде қосымша жасанды жарықтандыру тек қараңғы кезде емес, жарық уақыт
кезінде де қолданылады.
Жасанды жарықтандыру орындайтын іс-әрекеттерінің сипаты бойынша мына
түрлерге бөлінеді: жұмысшы, авариялық, эвакуациялық.

4.3.3 ДЭЕМ-лары бар жұмыс орындарын ұйымдастыру және жабдықтау

Қолданушы үстелінің жұмыс бетіне дейінгі биіктік 680-800 мм
аралығында реттелу қажет; олай болмаған жағдайда үстелдің жұмыс бетіне
дейінгі биіктік 725 мм-ді құрау қажет.
ДЭЕМ үшін үстелдің жұмыс бетінің модульдік өлшемдері болып мыналар
саналады: ені 800, 1200, 1400 мм, тереңдігі 800 және 1000 мм, биіктік
реттелмеген жағдайда 725 мм-ге тең; модульдік өлшемдері негізінде
конструктивті (құрылысты) өлшемдер есептелінеді.
Жұмыс үстелінің аяқ алатын кеңістігі 600 мм кем болмауы керек, ені –
500 мм кем емес, тізе деңгейіндегі тереңдігі – 450 мм кем емес және аяқ
созылып тұрған дейгейінде – 650 мм кем емес.
Жұмыс орындығы (кресло) көтермелі-бұрылмалы болу керек; ол отырғыш
пен арқасы бұрылысының биіктігі мен бұрышы бойынша, сонымен қатар
арқасынан отырғыштың алдыңғы жағына дейінгі арақашықтығы бойынша ретке
келтіріле алуы керек. Оның құрылысы мынадай болу керек:
← отырғыштың ені мен тереңдігі 400 мм кем емес;
← алдыңғы жағы жұмырланған отырғыш беті;
← отырғыш бетінің биіктігі 400-550 мм аралығында реттелу керек және
алдыға еңкею бұрышы 15 градусқа, артқа қарай 5 градусқа дейін;
← тірелетін арқасының биіктігі 300±20 мм, ені – 380 мм кем емес және
горизонтальді жазықтық қисаюының радиусы – 400 мм;
← вертикаль жазықтықта 0±30 градустар аралығындағы арқасының
еңкею бұрышы;
← арқасынан отырғыштың алдыңғы жағына дейінгі арақашықтығы 260 – 400
мм аралығында реттелу керек;
← стационарлық немесе алынатын қол тірегіштерінің ұзындығы 250 мм
кем емес және ені – 50 - 70 мм;
← қол тірегіштері отырғыштан биіктігі бойынша 230±30 мм және қол
тірегіштерінің ішкі арақашықтығы 350-500 мм аралығында реттелу керек.

Жұмыс орны аяққа арналған қойғышпен жабдықталу қажет, оның ені
300 мм аспауы керек, тереңдігі 400 мм кем емес, биіктігі бойынша реттелу
150 мм дейінгі аралықта болу керек және тірелу бетінің еңкею бұрышы бойынша
20 градусқа дейін болу керек. Қойғыштың беті рифленденген болуы керек және
алдыңғы жағында 10 мм биіктіктегі борты болуы керек. (-сурет)

-сурет. Оператордың жұмыс орнына қойылатын талаптарына түсініктеме.

ДЭЕМ жұмыс орны құжаттарға арналған жеңіл қозғалатын
пюпитрмен жабдықталу керек.
Клавиатураны үстел бетінде қолданушы жағындағы шетінен 100-300 мм
қашықтықта орналастырған дұрыс, әлде негізгі үстел бетінен бөлек орналасқан
биіктігі бойынша реттелетін арнайы жұмыс бетіне орналастыру керек.
Құрамына ДЭЕМ кіретін технологиялық қондырғымен (программамен
басқарылатын станоктар, роботталған технологиялық кешендер, ыңғайлы
автоматтандырылған өндіріс, диспетчерлік басқару пульттері және т.б.)
жұмыс істегенде жұмыс орнын ұйымдастыру кезінде келесілерді қарастыру
керек:
← адам-оператордың тұруы үшін арналған тереңдігі 850 мм кем болмайтын
кеңістік, қондырғының шығып тұратын бөліктері ескеріледі;
← стоп үшін кеңістік, тереңдігі және биіктігі 150 мм кем емес және
ені 530 мм кем емес;
← экранның оптималды түрде көрінуін қамтамасыз ететін
ақпаратты енгізу-шығару құрылғысының орналасуы;
← моторлы аймақ зонасында қолмен басқару мүшелеріне жеңіл қол
жеткізу: биіктігі бойынша – 900-1300 мм, тереңдігі бойынша –
400-500 мм;
← жұмыс аумағының орнында ДЭЕМ экранының орналасуы, вертикальді
жазықтықта оператордың қалыпты көру сызығынан ±30 градус бұрышы
облысында көзбен бақылау ыңғайлылығын қамтамасыз етеді, сонымен
қатар негізгі өндірістік операцияларды (роботталған технологиялық
кешенге қызмет көрсету кезінде программамен басқарылатын станокта
өңдеу аумағын қадағалау және т.б.) орындаумен қатар ДЭЕМ қолдану
қолайлылығы (технологиялық процесінің негізгі параметрлерін түзету
кезінде ақпаратты енгізу-шығару, программалардың отладкасы және
т.б.);
← ДЭЕМ экранын горизонтальді және вертикальді осьтерді айнала бұру
мүмкіндігі.

4.3.4 Электронды есептеуіш машинаға қойылатын талаптар

Конструктивті түрде элементтер блоктарға бірігеді, және де
бейнемонитор мен клавиатураның құрылымына қойылатын санитарлы-гигиеналық
және эргономикалық талаптарды міндетті түрде орындалады.
1. Айқындау құрылғысы. Ақпаратты айқындайтын графикалық құрылғы
(бейнемонитор) өндірісті қарастыру уақыт кезеңіндегі қолданыстағы
МЕСТтерге және Санитарлы-гигиеналық нормаларға сәйкес келу керек.
Бейнемонитор параметрлері (жүйелік блок құрамындағы бейнеконтроллермен
байланысатын) стандарттар талаптарына сәйкес болу керек.
Бейнемонитордың төмендегі параметрлерге ие болу керек:
← Диагональ бойынша экран өлшемі 31-42 см.
← Көріністің регенирациялау жиілігі (кадрлік развертка жиілігі) екі
режимде: негізгі – 70Гц кем емес және қосымша – 60 Гц; (рұқсат
етіледі) тек негізгі режим – 70Гц кем емес.
← Нүкте өлшемі (экранның 80% ауданы бойынша, жарық 50кдшаршы м, әрбір
түс компоненті үшін, жарықтың 50% деңгейі бойынша): түсті бейнемонитор
үшін – 0.3 мм-ден аспайды, монохромды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау салаларындағы сапамен басқару
Адам өмірінің қауіпсіздігі туралы оқудың негізі теориялары
Тіршілік қауіпсіздігінің теориялық негіздері
Төтенше жағдайда халықты қорғау
Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілік қауіпсіздігі
Жедел медициналық көмек
Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
Төтенше жағдайларда халықты қорғау әдістерін меңгерту
Еңбек қауіпсіздігін қамтамассыз ету
Өрт қауіпсіздігінің негіздері
Пәндер