Негізгі қор және кәсіпорынның онымен қамтамасыз етілуі
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.
I.Бөлім. Негізгі қор және кәсіпорынның онымен
қамтамасыз етілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4.10.
1.1. Негізгі қорлардың экономикалық маңызы, құрамы
және құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4.6.
1.2. Амортизациялық аударым жарнасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7.8.
1.3. Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... 8.10.
II Бөлім. Негізгі қорлардың есебі ... ... ... ... ... ... ... ...11.22.
2.1. Келіп түскен негізгі қорлардың есебін және оның
аналитикалық есебін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... . 11.14.
2.2. Негізгі құралдардың тозуын және амортизациясын
есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 14.19.
2.3. Негізгі құралдарды түгелдеу және есеп берудің мәнін
ашу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20.22.
III Бөлім. Өндірістегі Ғылыми.техникалық прогрестің
экономикалық тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... .23.25.
3.1. Ғылыми.техникалық прогресс . өндірісті
идентификацияландыру мен дамытудың негізі ... ... ... ... . 23.24.
3.2. Ғылыми.техникалық прогрестің тиімділігі ... ... ... ... ... .. 24.25.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 26.
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27.

Кіріспе.
Менің бұл курстық жұмысымды жазудағы мақсатым өндірістегі негізгі қорлардың мәнін, олардың түрлері мен құрылымын және негізгі капиталдың қолданылуы, тозуы мен амортизациясы, өндірістегі олардың есеп-қисабын есептеу әдістері және сол өндірісті дамытудағы әсері жайында жазу болып табылады.
Негізгі капитал – бұл материалдық құндылықты ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қорлардың ақшалай бағалануы. Осыған байланысты қорлар өзінің құндылығын өндіретін өнімге жартылай апарады. Қолданылып жүрген топтастыруға сай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді. Бірінші жататындар - өндірістің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының, автомобиль көлігінің, байланыстың, сауданың және басқа да метериалдардың өндіріс түрлерінің негізгі қорлары. Өндірістік емес негізгі қорлар – тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, денсаулық, білім, мәдениет, спорт салаларына арналған.
Натуралды-заттық құрама принципіне негізгі қорлар мыналардан тұрады – ғимараттар, құрылыстар, табыстау қондырғылары, жұмыс және күш машиналары мен жабдықтар, өндірістік мақсаттық құрал-саймандар, жұмыс және өнімді мал, көпжылдық егістер, шаруашылықтың ішкі жолдары, сол сияқты кәсіпорындардың, мекемелердің меншігіндегі жер телімдері.
Кәсіпорында негізгі қорларды тиімді пайдалану үшін басты көрсеткіш қор қайтарымы болып табылады, ал оның қарсы көрсеткіші болып қор сыйымдылығы табылады.
Негізгі қорлар кәсіпорынға келіп түскен мезгілден бастап оларға нақты есеп операциялары жүргізіледі, яғни олардың келіп түсуін есептеу, оларды ұйымдастыру мен түрлі құжаттар толтыру, қайта ұымдастыру мен негізгі қорларды түгендеу және де негізгі қорлардың аморттизациясын есептейді.
Сонымен қатар, негізгі қорлар мен ғылыми—техникалық прогрестің дамуында тығыз байланыс бар. Ал олардың дамуының тездетілуі өнеркәсіпті жоғарғы деңгейге жеткізеді

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Әлімбетов Қ.Ә;
Мейірбеков А.Қ. «Кәсіпкерлік негіздері», Алматы-2003;
2. Бисенғазиев Б.М;
Хамитов А.Ш. «Кәсіпкерлік негіздері», Орал-2001;
3. Волков О.И;
Скляренко В.К. «Экономика предприятий», Москва-2003;
4. Гофинкель В.Я. «Экономика предприятий», Москва-2003;
5. Жолдасбаева Г.Ө. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы-2002;
6. Өмірзақов Қ. «Кәсіпорын экономикасы», Орал-2003;
7. Радостовец В.К; Ғабдуллин Т.Ғ; Радостовец В.В; Шмидт О.И;
«Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Алматы-2002;
8. Сергеев И.А. «Экономика предприятий», Москва-2002;
9. Табручак П.П. «Экономика предприятий», Москва-2002;
10. Тоқсанова А. «Шағын кәсіпкерлікті басқару», Алматы-2002;
11. Шеденов Ө.Қ. Сағындықов Е.Н. Жүнісов Б.А. Байжомартов Ү.С.
Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория». Ақтөбе, 2004;
12. Фолько С.Г. «Экономика предприятий», Москва-2003;

Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- -
---------------3.
I.Бөлім. Негізгі қор және кәсіпорынның онымен
қамтамасыз етілуі.---------------------------- --------
- 4-10.
1.1. Негізгі қорлардың экономикалық маңызы, құрамы
және құрылымы.-------------------------- -----------------------
----------- 4-6.
1.2. Амортизациялық аударым жарнасы.--------------------------- ----
----- 7-8.
1.3. Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігі.---------------------
----- 8-10.
II Бөлім. Негізгі қорлардың есебі.----------------------------- -11-22.
2.1. Келіп түскен негізгі қорлардың есебін және оның
аналитикалық есебін ұйымдастыру.----------------------- -------
-- 11-14.
2.2. Негізгі құралдардың тозуын және амортизациясын
есептеу.--------------------------- ---------------------------
-------------- 14-19.
2.3. Негізгі құралдарды түгелдеу және есеп берудің мәнін
ашу.------------------------------- --------------------------
-------------- 20-22.
III Бөлім. Өндірістегі Ғылыми-техникалық прогрестің
экономикалық тиімділігі------------------------- ----23-25.
3.1. Ғылыми-техникалық прогресс - өндірісті
идентификацияландыру мен дамытудың негізі.----------------
23-24.
3.2. Ғылыми-техникалық прогрестің тиімділігі.---------------------
24-25.
Қорытынды-------------------------- ----------------------------------
--------- 26.
Қолданылған әдебиеттер тізімі----------------------------- ---------
27.
Кіріспе.
Менің бұл курстық жұмысымды жазудағы мақсатым өндірістегі негізгі
қорлардың мәнін, олардың түрлері мен құрылымын және негізгі капиталдың
қолданылуы, тозуы мен амортизациясы, өндірістегі олардың есеп-қисабын
есептеу әдістері және сол өндірісті дамытудағы әсері жайында жазу болып
табылады.
Негізгі капитал – бұл материалдық құндылықты ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп
тұруы ретіндегі негізгі қорлардың ақшалай бағалануы. Осыған байланысты
қорлар өзінің құндылығын өндіретін өнімге жартылай апарады. Қолданылып
жүрген топтастыруға сай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және
өндірістік емес объектілер кіреді. Бірінші жататындар - өндірістің,
құрылыстың, ауыл шаруашылығының, автомобиль көлігінің, байланыстың,
сауданың және басқа да метериалдардың өндіріс түрлерінің негізгі қорлары.
Өндірістік емес негізгі қорлар – тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық,
денсаулық, білім, мәдениет, спорт салаларына арналған.
Натуралды-заттық құрама принципіне негізгі қорлар мыналардан тұрады –
ғимараттар, құрылыстар, табыстау қондырғылары, жұмыс және күш машиналары
мен жабдықтар, өндірістік мақсаттық құрал-саймандар, жұмыс және өнімді мал,
көпжылдық егістер, шаруашылықтың ішкі жолдары, сол сияқты кәсіпорындардың,
мекемелердің меншігіндегі жер телімдері.
Кәсіпорында негізгі қорларды тиімді пайдалану үшін басты көрсеткіш қор
қайтарымы болып табылады, ал оның қарсы көрсеткіші болып қор сыйымдылығы
табылады.
Негізгі қорлар кәсіпорынға келіп түскен мезгілден бастап оларға нақты
есеп операциялары жүргізіледі, яғни олардың келіп түсуін есептеу, оларды
ұйымдастыру мен түрлі құжаттар толтыру, қайта ұымдастыру мен негізгі
қорларды түгендеу және де негізгі қорлардың аморттизациясын есептейді.
Сонымен қатар, негізгі қорлар мен ғылыми—техникалық прогрестің
дамуында тығыз байланыс бар. Ал олардың дамуының тездетілуі өнеркәсіпті
жоғарғы деңгейге жеткізеді
I Бөлім. Негізгі қор және кәсіпорынның онымен қамтамасыз етілуі.
1. Негізгі қорлардың экономикалық маңызы, құрамы және
құрылымы.
Негізгі қорлар дегеніміз ұзақ кезең бойына қызмет ететін материалдық –
заттай құндылықтардың жиынтығы; олар өндіріске қызмет көрсете отырып,
өзінің табиғи-заттай нысанын сақтайды, өз құнының бір бөлігін жаңадан
жасалған өнім мен көрсетілген қызметтерге көшіреді.
Негізгі қорлардың екі түрі болады: өндірістік негізгі қорлар және
бейөндірістік негізгі қорлар.
Материалдық өндіріс саласында жұмыс істейтін негізгі қорлар -
өндірістік негізгі қорлар деп, өндірістік емес салада жұмыс істейтін
негізгі қорлар – бейөндірістік негізгі қорлар деп аталады (тұрғын үй,
мәдениет, спорт мекемелері, балабақшалар, емдеу орнындары және тағы басқа
да кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер).
Негізгі қорлар – ұлттық байлықтың маңызды бөлігі болып табылады және
олардың құрамы мен құрылымын анықтау үшін негізгі қорлардың сыныптамасын
жасау қажет.
Негізгі қорлардың сыныптамасы.
Топтардың аттары. Қолданылуы және қысқаша мінездемесі.
I. Ғимараттарөндірістік ахитектура және құрылыс объектілері
(цехтар, қоймалар, өндірістік лабораториялар және
т.б.)
II. Құрылыстар. өндіріс процесіне қызмет ететін техникалық
функцияларды атқаратын инженерлік құрылыс
объектілері.
III. Жіберу құралдары.Энергияны, сұйық және газ түріндегі заттарды
жіберуші құралдар (электр, жылу жүйелері, газ
жүйесі)
IV. Машина мен (генераторлар, электор бөлшектер, бу машиналары,
құралдар турбиналар т.б.)
1. Күш машиналары мен
құралдар.
2. Жұмыс машиналары Технологиялық процеске тікелей қатысатын құралдар
мен құралдар. (станоктар, прессмашиналар, терминалдық пештер
және т.б.)
3. Өлшеу, реттеу Өндіріс процесін қол еңбегімен немесе
приборлары мен автоматтандыру арқылы реттеуге, технологиялық
құралдары, процестердің параметрін өлшеуге және бақылауға,
лабороториялық лабароториялық зерттеулер жүргізуге қажетті.
құралдар.
5. Есептеу техникасы. Математикалық есептерді шешуді тездетуге қажетті
құралдар жиынтығы.
V. Тасымалдау Кәсіпорын көлеміндегі адамдар мен жүктерді
құралдары. тасымалдауға қажетті көліктер (электровоз,
паровоз, автомобиль)
VI. Құрал-сайман. өндіріс процесіне қажетті элементтер (қол және
механикалық кесу, ұру саймандары, штамптар т.б.)
VII. Өндірістік өндірістік операциялардыорындауды жеңілдетуге және
түгендеме жеке еңбек заттарын сақтауға қажетті (жұмыс столы,
(инвентарь) қорап т.б.)
VIII. Шаруашылық Көбейту және қайта түсіру аппараттары, стол, шкаф
түгендеме (инвентарь) т.б.
Негізгі өндірістік қорлардың құрылымына мынадай факторлар әсер етеді:
шығарылатын өнімнің түрі, оның жалпы көлемі, автоматтандыру мен
механикаландыру деңгейі, мамандандыру мен бірлестіру деңгейі, кәсіпорын
орналасуының климаттық және географиялық жағдайы және т.б.
Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:
• Негізгі өндірістік қорларды экстенсивті қолдану көрсеткіштері;
• Негізгі өндірістік қорларды жедел түрде қолдану көрсеткіштері;
• Негізгі өндірістік қорларды интегральды қолдану көрсеткіштері.
1-топ көрсеткіштеріне: құралдарды экстенсивті қолдану коэфициенті,
құралдардың сменалық жұмыс жасау коэффициенті, құралдарды толық пайдалану
коэффициенті жатады; яғни бұл көрсеткіштер құралдардың уақыт мөлшеріне
қолданылу деңгейін көрсетеді.
2-топ өндірістік қорларды жедел түрде қолдану көрсеткіші негізгі
қорлардың нақты өнімділігін оның нормативтік өнімділігіне бөлу арқылы
анықталынады.
Кинт= Вф ВН;
Құралдарды интегралдық қолдану коэффициенті құралдарды экстенсивті және
интенсивті қолдану коэффициентеріне көбейту арқылы анықталынады, және ол
құралдардың уақыт бойынша және өнімділігі бойынша қолданылуын сипаттайды.
Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активтік және
пассивтік болып бөлінеді. Актив бөлігі (машиналар, жабдықтар) тікелей
өндіріске, өнімнің мөлшері мен сапасына (қызмет) ықпал етеді. Пассивтік
элементтер (ғимарат, құрылыс) өндірістік процестер үшін қажетті жағдай
жасайды.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналымын
жасайды. Ол мынадай сатылардан тұрады: негізгі қорлардың тозуы,
амортизация, негізгі қорларды толық қалпына келтіру үшін қаражаттың
қорлануы, оларды күрделі қаржы жұмсау арқылы ауыстыру.
Негізгі қорлардың кез келген объектілері табиғи және сапалық тозуға
ұшырайды, яғни адам күшімен, техникалық және экономикалық факторлардың
ықпалы арқылы олар өзіндік ерекшелігін, үлгісін бірте-бірте жояды,
жарамсыздыққа әкеледі, сөйтіп, алдағы кезде өз бернелерін орындауға
мүмкіндіктері болмайды. Табиғи тозу жөндеу, қайта құру және негізгі
қорларды қайта жаңғырту арқылы ішінара қалпына келеді. Сапалық тозуы
ескірген негізгі қорлар өзінің конструкциялық, өнімділік, үнемділік,
шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоятынын білдіреді.
Сондықтан негізгі қорларды әсіресе, олрадың активтік бөлігінен дүркін-
дүркін ауыстырып отырудың қажеттілігі туады. Осыған байланысты қазіргі
экономикада айырбастаудың анықтаушылық қажеттіліктің басты факторы –
сапалық тозу болып табылады. Кәсіпорынның негізгі міндеті болып саналатыны
– ол негізгі өндірістік қордың шамадан тыс ескіріп қалмауына жол бермеу
(әсіресе активтік бөлігі), себебі, олардың жеке және сапалық тозуының
деңгейі және кәсіпорын жұмысының нәтижесі осыған байланысты болады.
2. Амортизациялық аударым жарнасы.
Негізгі қорлардың табиға және сапалық тозуы олардың құнының
экономикалық орнын толтыру амортизациялық аударым түрінде өнім өндіруге
кеткен шығындарға қосылады. Сонымен, амортизация – бұл шығарылатын өнімге
негізгі өндірістік қор құнының бірте-бірте ауысуы. Ол ақшалай қаражаттың
қорлану мақсатында негізгі қорлардың толық және ішінара қалпына келтіру
үшін іске асырылады.
Нарықтық қатынастар жағдайында амортизациялық аударымның мөлшері
кәсіпорын экономикасына елеулі қосылысын білдіреді. Бірінші жағынан,
амортизациялық аударымның тым жоғары деңгейі өндіріс шығындарының мөлшерін
көбейтеді, осыған орай өнімнің бәсекеге жарамдылығы төмендейді, алатын
пайдасының мөлшері де азаяды. Сол себепті кәсіпорынның экономикалық
дамуының ауқымды деңгейі қысқарады.
Екінші жағынан, амортизациялық кемітілген үлесі негізгі қорды сатып
алуға құралған қаржының айналым мерзімін ұзартады, ал бұл олардың ескіріп
қалуына әкеліп соғады. Міне осының салдарынан, бәсекеге жарамдылығы
төмендеп, өздерінің рыноктағы жайғасымы ысырап болады.
Амортизациялық аударымды өтелім мөлшеріне және өзінің балансында тұрған
негізгі құрал-жабдықтардың баланстық құнына сәйкес кәсіпорын ай сайын жасап
отырады. Өтелім мөлшері мемлекет белгілеген негізгі қорлардың құнын өтеудің
жылдық проценті болып табылады және өтелім мөлшерінің жылдық сомасын
анықтайды. Басқаша айтқанда, өтелім мөлшері – бұл жылдық амортизациялық
аударымның негізгі өндірістік қорлардың процент есебіндегі қатынасы.
Амортизациялық аударымның мөлшері олардың қызмет мерзімін есепке
алғанда бастапқы (баланстық) негізгі қорлардың құны амортизациялық
мөлшерімен анықталады. Осыған байланысты, амортизациялық мөлшері мына
төмендегі формуламен есептеледі:
ҚБҚ – ҚЖ
МА=
* 100 %,
ҚБҚ * МҚ
Мұндағы, МА – негізгі қорлардың жыл ішіндегі амортизация
мөлшері,(%),
ҚБҚ - негізгі қорлардың бастапқы (баланстық) құны,
ҚЖ – жойылу құны,
МҚ – негізгі қорлардың қызмет мерзімі.
Нкегізгі қорларды толық қайта құруға кеткен амортизациялық аударымның
көлемі мына формула арқылы анықталынады:
А = Н * Ф,
Мұндағы: Н – амортизациялық нормасы (%);
Ф – негізгі қорлардың орташа жылдық құны, тенге.
Амортизация мөлшері қорлардың құнын өтеудегі жылдық проценті болып
есептелінеді. Ол экономикалық тұрғыдан негізделіп, негізгі қорлардың өз
уақытында орнын толтырып тұруы қажет. Оларды есептегенде, мақсатқа сәйкес
негізгі қорлардың қызмет мерзімдерін мына төмендегі факторларға сай дұрыс
анықтау керек:
• Негізгі қорлардың төзімділігі;
• Сапалық тозу (бірінші және екінші түрлері);
• Техникамен қайта жарақтандырудағы келешекке арналған жоспар;
• Жабдықтау балансы;
• Жаңғырту және күрделі жөндеу мүмкіндігі.
Кәсіпорын негізгі қорлар жөнінде пайдаланатын есептеу технакаларын,
жаңа үдемелі материалдар, аспаптар мен жабдықтарды шығаруды ұлғайту үшін
тездетілген төлемді қолдану мүмкін, ал ескірген техникаларды жалпылама
өзгертетін жағдайда өнімдерді экспорттауды кеңейту.
3. Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігі.
Кәсіпорында негізгі қорларды тиімді пайдалануды сипаттайтын басты
көрсеткіш – қор қайтарымы болып табылады. Қор қайтарымы – бұл өнім өндіру
үшін пайдаланылған негізгі өндірістік қорлардың тенгеге шағып
есептелгендегі өндірілген өнім көлемін сипаттайтын экономикалық көрсеткіш,
сондай-ақ ол өндіріс тиімділігінің аса маңызды көрсеткіші болып табылады.
Қор қайтарымының көрсеткіші мына формуламен есептелінеді:
V
Қ қ = ,
Қ
Мұнда, V – жыл ішіндегі өндірілген өнімнің құны, заттай немесе құн
есебімен,
Қ – негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны.
Бұл негізгі өндірістік қорды пайдалану деңгейін егжей-тегжей талдау
үшін пайдаланылады. Ол өндірім мен еңбек қордың жарақтанғандығының
арасындағы өзара байланысты көрсетеді. Егер де еңбек қор жарақтанғанға
қарағанда өндірімнің қарқыны өте жоғары өсетін болса, бұл өте оңды нұсқа
болып есептеледі. Өйткені осы жағдайда ғана өндірістің тиімділігі ең
жоғарғы дәрежеге жетеді. Қор қайтарымының қарсы көрсеткіші - өнімнің қор
сыйымдылығы (Қс). Бұл өнімнің өлшеміне шаққандағы негізгі қордың құнын
сипаттайды (тенге).
ҚӨ
Қ = ,
ӨҚ
Мұнда, ҚӨ - жыл ішіндегі өндірілген өнімнің тауарлы немесе қалыпты
бөлігінің құны, тенге.
ӨҚ – негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны, тенге.
Қор қайтарымы көрсеткішінің артуы және өнімнің қор сыйымдылығының
төмендеуі негізгі қорды пайдалануды жақсартатынын немесе керісінше
көрсетеді. Негізгі қорды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін олардың
жүктеме деңгейлерін, әсіресе олардың активтік бөлігін арттыру, қорларды
жаңарту, үдемелі жабдықтарды, қазіргі технологияяны, билікті қызметкерлерді
пайдалану қажет.
Негізгі өндірістік қордың нәтижелілігін арттырудың аса маңызды
факторларының бірі – жабдықтардың пайдалануын жақсарту. Ол үшін олардың
жұмыссыз тұрып қалмауын азайту, ауыстыру коэфициенттерін көбейту жолымен
қол жетеді.
II Бөлім. Негізгі қорлардың есебі.
2.1. Келіп түскен негізгі қорлардың есебін және оның аналитикалық
есебін ұйымдастыру.
Негізгі құралдар негізінен өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді,
құрылғыларды салудан; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алудан;
өз күшімен құрал-саймандар дайындаудан; малдардың төлдерін негізгі табынға
ауыстырудан; жас өсімдіктер көп жылдық өсімдіктерге өткеннен; басқа
субъектілер мен жеке тұлғалардан ақысыз алынған негізгі құралдардың келіп
түсуінен; объектілерді ұзақ мерзімге жалға алудан; жарғылық қорға қосқан
үлес нәтижесінде келіп түскендерден қалыптасады. Негізгі құралдардың түсуі
мынандай құжаттармен рәсімделеді.
Негізгі құралдарды қабылдау – тапсыру (орнын ауыстыру) актісі негізгі
құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданып жүрген заңға
сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайлардан
басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; негізгі құрал-
жабдықтардың бір цехтан екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі
құралдарды қоймадан пайдалануға рәсімдеу үшін , сондай-ақ басқа да
субъектілерге берілген кезде оларды негізгі құралдардың құрамынан шығару
үшін қолданылады.
Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің
өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір
данадан акт жасайды. Негізгі қорлардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру
актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманның, жабдықтардың және
т.б. объектілердің есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типті
болса, құндары бірдей болып, бір каленьдарлық ай ішінде қабылданған болса
ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық
құжаттама қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол
қойып, субъект жетекшісі немесе оған өкілетті адамдар бекітеді.
Алыс-беріс актісінде, міндетті реквизиттермен қоса, комиссия қызмет ету
мерзімін және болжамдық жою құнын көрсетеді. Қызмет ету мерзімін шаруашылық
жүргізуші субъекті дербес анықтай алады, яғни ол негізгі құралдардың
техникалық жағдайынан, нормасынан және басқа да көрсеткіштерінен шығады. Ал
болжамдық жою құны негізінен шаруашылық жүргізуші субъектінің есептік
саясатында көрініс табуы керек, болмаса оны қабылдау комиссиясы көзбен
анықтайды, не болмаса бастапқы құнының 0,01-ден 2,0 %-ке дейінгі сомасы
алынады.
Негізгі қорлардың кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін
актіні екі дана етіп тапсырушы цех (бөлім) қызметкері толтырады. Алушының
және тапсырушының қолдары қойылған бірінші данасы бухгалтерияға
тапсырылады, ал екінші тапсырушы цехта қалады.
Негізгі құралдарды ақысыз беру (сыйлау) кезінде акт (тапсырушы мен
қабылдаушы субъектілер үшін) екі дана етіп жасалынады.
Негізгі құралдарды басқа субъектіге сату кезінде актінің үш данасы
жазылады: алғашқа екеуі өткізуші субъектіге қалады (онда бірінші дана
негізгі құралдардың нақты бары, қозғалысы туралы есеп беруге, екіншісі –
есеп айырысу төлем құжаттарына тіркеледі), үшінші дана негізгі құралдарды
қабылдаушы адамға беріледі.
Негізгі қорлар бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған,
техникалық сипаттамасы және құны бірдей шаруашылық мүліктің бір типті
заттарымен, құрал-сайманнан тұрса, олар бухгалтерияда бір мүліктік
карточкада жүргізіледі.
Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалдық жауапты адамға бекітіп,
мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу нөмірін беріп, мүлікті
Мүліктік тізімге алады, негізгі қорларды алу туралы жазбасы жасалады.
Бұл мүліктерді бір ғана карточкада есепке алуға рұқсат етіледі. Бұл
карточка бухгалтерияға келіп түскен негізгі қорлардың актілері, техникалық
төл құжаттары және басқа құжаттар негізінде толтырылады. Карточкада
объектілердің және олардың жекелеген құрылымдық элементтерінің қысқаша
техникалық сипаттамасы беріледі, бірақ сол техникалық құжаттамадағы
мәліметтері қайталанбайды. Негізгі құралды басқа субъектіге тапсыру кезінде
негізгі құралдардың шығуы туралы белгі соғуға, сондай-ақ негізгі құрал
объектілерінің субъект ішінде орын ауыстыруы кезінде Негізгі құралдарды
қабылдау-тапсыру актісі, ескіру және тозу салдарынан негізгі құралдардың
объектілерін есептен шығаруға Негізгі құралдар объектілерін есептен шығару
актісі негіз бола алады. Құрылысы салынып біткен, жабдықтаулары
орнатылған, жөндеу жұмыстары біткен объектілер туралы жазбаларды карточкаға
жазу үшін Жөнделген, қайта құрылған және жаңаланған объектілерді қабылдау-
тапсыру актілері негізінде жазылады.
Бухгалтерияда толтырылған мүліктік карточкалардың негізінде негізгі
қорлардың есебі бойынша жасалатын мүліктік карточкасын Тізімдемеге
тіркейді, ол (тізімдеме) негізгі құралдардың жіктемесі бойынша бір дана
жасалады.
Тіркеу кезінде карточкаларды нөмірлейді, содан кейін негізгі құралдарды
жіктік топтары бойынша сақтайды, ал бұл топтар ішінде – қолдану орындары
мен материалдық жауапты адамдар және негізгі қралдар түрлері бобйынша
көрсетіледі. Картотека, әдетте мынадай бөлімдерден тұрады: Қолданыстағы
негізгі құралдар (Үйлер, Ғимараттар, Өткізгіш тетіктер және басқа
жіктік топтары бойынша), сондай-ақ Ағымдағы айда келіп түскені, Ағымдағы
айда шығып кеткені, Ішкі орын ауыстырғандағы, Жөндеудегі, Қордағы,
Тоқтап тұрғаны (консервациядағы), Жалға берілген негізгі құралдар,
Архив.
Ай ішінде Түскендері, Есептен шыққандары және Ішкі орын
ауыстырғандары бөлімдерінің карточкалары 12 – Негізгі құралдар
бөлімшесінің шоттарында есептелген айналымдармен салыстырғаннан кейін
катотеканы тиісті бөлімдеріне орналастырылады. Негізгі құралдар жөндеуден
немесе жалға алушылардан оралғаннан кейін тоқтап тұруы біткеннен кейін,
қордан қолданысқа өткізілгеннен, т.с.с. кейін бұл объектілердің
карточкалары картотеканың тиісті бөлімдеріне салынады. Шығып кеткен негізгі
құралдар бойынша картотекаларды Архив бөлімшесінде орналастырылады.
Картотеканың дұрыс жүргізілуі негізгі құралдардың жағдайы мен қозғалысының
дұрыс есептелуіне және тиісті бақылау жасалуына септігін тигізеді.
Субъектінің материалдық жауапты адамын бекітілген негізгі құралдардың
барлығы бөлімдер (цехтар) бойынша негізгі құралдардың мүліктік
тізімдемелеріне енгізіледі. Тізімдер материалдық жауапты адамдарда
сақталады және жедел мақсаттар үшін қолданылады. Негізгі қралдардың құны
туралы тізімдердегі және мүліктік карточкалардағы мәліметтер сәйкес келуі
керек. Пайдалану (қолданылатын) орны бойынша негізгі құралдардың есебі
мүліктік карточкалардың бухгалтериядан жазылып (көшіріліп) алынған екінші
данасы бойынша жүргізіледі. Бухгалтерияның карточкаларындағы мәліметтер
негізгі құралдар қолданылатын жердегі мәліметтермен бірдей болуы керек.
2.2. Негізгі құралдардың тозуын және амортизациясын есептеу.
Амортизация (латынның өтеу деген сөзінен) – тозудың құндық көрінісін
білдіреді.
№6 – шы Негізгі құралдардың есебі бухгалтерлік есеп стандартына (БЕС)
сәйкес, амортизация – активтің қызмет еткен мерзім бойына амортизацияланған
құнды тарату процесі.
Амортизацияланған құн бастапқы құн мен жою құнының арасындағы айырма.
Амортизациялық аударымдар әрбір есептік кезеңнің шығысы ретінде танылады.
Жаңадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация
есепеу келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады, ал шығып
кеткен негізгі құралдар бойынша – шыққан айдан кейінгі айдың бірінші
күнінен бастап тоқтатылады.
Толығымен амортизацияланған негізгі құралдар бойынша амортизацияны
есептеу қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына толықтай
ауысқан айдан кейін туатын айдың бірінші күні тоқтатылады.
Мына төмендегі негізгі құралдар бойынша амортизация есептелінбейді:
жер, өнім беретін малдар, кітапхана қоры, мұражай құндылықтары, ескерткіш
архитектурасы мен өнері, ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары.
Негізгі құралдардың амортизациясын есептеудің әр түрлі әдістері бар.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес
дербес тұрғыда, өздерінің есеп саясатында амортизацияны есептеудің тәсілі
бойынша жасалынады, олар:
- құнын бірқалыпты жолмен есептен шығару;
- құнын орындалған жұмыстың көлеміне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz