Жүк тасымалдауды жобалау және ұйымдастыру


Мазмұны

Мазмұны3

КІРІСПЕ4

1. ПӘНДІК АЙМАҚТЫ СИПАТТАУ6

1. 1. Қазақстан теміржол желісінің құрылуы6

1. 2. Қазақстан республикасының темір жол көлігі туралы заңы10

1. 3. Жүк тасымалдауды жобалау және ұйымдастыру19

II. БАҒДАРЛАМА ӘЗІРЛЕУ ОРТАСЫ27

2. 1 Delphi ортасы. 27

2. 2 Объектілі - бағытталған бағдарламалау негіздері. 30

2. 3 Delphi бағдарламалау ортасының маңызды технологиялары34

2. 4 Бағдарламаның үш буында архитектурасы37

2. 5 Пайдаланған компоненттер туралы мәліметтер43

ІІІ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ ПРОЕКТІЛЕУ47

3. 1 Пәндік аймақты инфологиялық проектілеу47

3. 2. Пәндік аймақтың физикалық аймақтың проекциялауы49

3. 3. Ақпараттық жүйенің сипаттамасы53

IV. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ59

V. ЕҢБЕК ҚОРҒАУ65

ҚОРЫТЫНДЫ72

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ73

Қосымша 1. МӘЛІМЕТТЕРДІҢ АҒУ СХЕМАСЫ74

Қосымша 2. МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫНЫҢ ER-ДИАГРАММАСЫ75

Қосымша 3. БАҒДАРЛАМА АРХИТЕКТУРАСЫ76

Қосымша 4. БАҒДАРЛАМА ЛИСТИНГІ78

КІРІСПЕ

Транспорт - бұл Қазақстанның өндірістік инфрақұрылымының ең маңызды құрама бөлігі болып табылады. Оның тұрақты және тиімді жұмыс жасауы экономиканың тұрақтануының, көтеріліуінің және құрылымды қайтақұрылуының, тұтастылықты қамтамасыз ететін, ұлттық қауіпсіздікті және ел қорғау қабілеттілігінің, халықтың өмір сүру шарты мен деңгейін көтеретін өте қажетті шарттарының бірі.

Экономиканы түбімен реформалау және Қазақстанның геосаяси жағдайын өзгерту шартында ойластырылған мемлекеттік транспорттық саясат керек еді, көліктердің әртүрлігі және экономикалық және әлеуметтік проблемалардың жүзеге асыруында оның ролін ескерсек.

Транспорттық жүйе инерциялылығынан шыға, үлкен капитал сиымдылыққа байланысты, құрылыстың және ірі транспорттық объектілердің реконструкциялары немесе техникалық құралдардың жаңа түрлердің енгізуі ұзаққа созылуынан көлік облысында мақсаттарға жету жақын арадағы жылдарға емес, сонымен қатар алыс мезгілдер қарастырылады.

Берілген жұмысты жасаудың негізгі мақсаты Семей қаласының теміржол станцияларындағы жүк тасымалдау мен құрамдардың құрылуына беретін мәлімдемелерді тез арада дайындау үшін ақпаратты басқару жүйесін құру болып табылады.

Бұл автоматтандырылған жүйені құрастыру үшін келесі тапсырмалар тобын шешу керек:

  1. Қазақстан Республикасының теміржол көлігі, теміржол тасымалдауы туралы заңдар жинағын, жүк тасымалдауды ұйымдастырылуын және теміржол көліктерінің коммерциялық жұмыстары туралы керек материалдар жинау керек.
  2. Жүк тасымалдауды ұйымдастырудың, жүк тасымалдайтын станциялардың жұмысының ұйымдастырылуын және оның шарттары туралы жалпы негіздерін зерттеу.
  3. Жүйенің инфологиялық моделін құру керек.
  4. Мәліметтер базасының физикалық моделін анықтап, құру керек.
  5. Проектін таңдалған нұсқасын іске асыру керек.

Бағдарламаға қойылатын негізгі талап - ол жұмысқа ыңғайлы болу керек, диспетчер жүк тасымалдауға берілген мәлімдемелерді дайындауға және вагондардың құрылымын құруға аз уақыт жұмсау керек.

Зерттеу объектісі ретінде Семей қаласының теміржол станциясы мен ондағы жүк тасымалдауды ұйымдастыру процесі қарастырылады.

Түсіндірме хат 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде Қазақстан теміржол жүйесі туралы теориялық мәліметтер келтірілген; тасымалдаушылар мен тасымалдау процесіне қатынасатын тасымалдаушылар қоғамын реттейтін Қазақстан Республикасының заң баптары қарастырылады; жүк тасымалдауды ұйымдастыру, жүк тасымалдау станциясының жұмысын ұйымдастыру қарастырылған.

Ал екінші бөлімде қолданылатын Borland Delphi бағдарламалау жүйесі туралы; оның маңызды технологиялары, бағдарламада қолданылатын үшбуынды архитектура мен қолданылатын компоненттер туралы жазылған.

Үшінші бөлім автоматтандырылған жүйені құру процесі туралы жазылған: пәндік аймақтың инфологиялық жобалауын, физикалық жобалауы мен құрылған жүйе туралы жазылған.

1. ПӘНДІК АЙМАҚТЫ СИПАТТАУ

1. 1. Қазақстан теміржол желісінің құрылуы

Қазақстан территориясы үлкен, экономикасы шикізаттық бағытта және теңіз порттарынан қашықта болғандықтан, теміржол көліктері Республика экономикасының негізгі тарамдарының бірі бола, жүк пен пассажир тасымалдауды қамтамасыз етуге негізгі рольді атқарады.

Қазақстан жері 2717, 3 мың шаршы км. ауданды алады, ол Атлантикалық мұхит пен Тыныш мұхиттары арасында бірдей қашықтықта, Евразия материгінің дәл ортасында жатыр, оның шекаралары Волга мен Алтай және Сібір мен Тянь-Шаньмен шектеседі. Талай ғасырлар бойы бұл жерлерде хабарласудың жалғыз түрі түйе керуендерінің жолдары болды, және XIX ғасырдың басына дейін жол желілері аса қатты дамымаған болды. Әрине бұнымен экономикалық дамуда болған жоқ.

Жүз жыл ішінде Қазақстан теміржол көлігі үлкен де және қиын даму жолында болды. Мұнда ең алғашқы теміржолдарды салу 1893 жылы басталып, бір жылдан кейін аяқталды. Бұл тар сызықты Покровская Слобода - Уральск тар сызықты жол болды, оның ұзындығы 369 км болды. 1991 жылы Қазақстан 3 темір жолмен қамтамасыздандырылған болды - Алматы, Батыс Қазақстан және Тың жердегі, бұлар КСРО кезінде МПС құрамына кірген, Республика тәуелсіздік алған кезде толық өндірістік-қаражаттық дербестік алды.

Шаруашылық байланыстарын үзу Қазақстан теміржол көлігінің алдына өте қиын, тіпті шешілмейтін мәселелер қойды, бұл мәселелер қаражатты басқару, материалды-техникалық қамтамасыз ету, өндірістік қорды қадағалау сияқты және т. б. әлсіз жерлерді қамтыды. Нәтижесінде жылдан жыл өткен сайын Республиканың темір жол көлігінің жұмыс жағдайы қиындай берді. Жолдарда еңбек өнімділігі төмендеді, жүк тасымалдау қымбаттай берді. Жағдай осылай қиындап кеткенде Республика Үкіметі теміржол көлігіндегі жағдайды қарастырып: «Қазақстан Республикасының теміржолдарының қайта құрылуы мен экономика-қаражатты емделуі шаралары туралы» Қаулы қабылдады, осы Қаулының көмегімен республика теміржолдарына сырттай басқаруға керек ұйымдастыру шаралары орындалды.

Қаражатты басқаруды ортақтастыру, бұл аймақтағы жұмыс жағдайына негізгі оң ықпал жасады. Материалды-техникалық ресурстар мен ақшаны қолдану өнімділігі байқалатын дәрежеде өсті. Жүк тасымалдау өзіндік құны құрылымы жақсарды.

Ел Президенті Н. А. Назарбаевтің халыққа жолдауында, теміржол көлігі облысындағы ең маңызды приоритеттердің бірі ретінде темір жолдардың негізгі бағыттарын модернизациялау болды, ол халықаралық көлік пен сауда байланыстарын қамтамасыз етіп қана қоймай, Трансазиялық магистраль бойынша жүктердің транзитті ағыстарын қамтамасыздандырды. Және бұл тегін емес еді.

Бұрыңғы кеңес кезінде Қазақстан темір жол көлігінде сыртқы экономикалық байланыстарды қамтамасыздандыратын роль болмайтын, ол негізінен ішкі жұмыстарды істеуге арналған болатын. Тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттің нарықтық қатынастарға бет бұрғаны анық, қоғамымыздың барлық саяси және экономикалық құрылымдарын тереңінен реформалау басталды, бұның бәрі Республиканың әлемдік нарыққа шығуына бағытталды. Осындай жағдайда Қазақстанның алдында екі қажетті тапсырма тұрды: теңізге шығуға ең қысқа жолды табу және көлікті-транзитті потенциалын неғұрлым толық және өнімді қолдану. Бұл мәселелерді шешу Европа мен Азияны елдерімен сауда-экономикалық байланыстыратын, жаңа трансконтинентальдық коридор құру қажеттілігіне байланысты болды. Қазіргі кездегі трансазиялық магистраль мен басқа Европа - Азия трансконтинентальдық маршруттардың негізгі транспорттық коридорлары Қазақстан территориясы бойымен өтеді. Трансазиялық магистральдың солтүстік коридоры евроазиялық қатынастарда мемлекетаралық байланыстармен қамтамасыздандырады. Қазақстан шекарасында ол Дружба - Ақтогай - Саяқ- Мойынты - Ақмола - Көкшетау - Новоишимская - Астана - Тобыл бағыттары бойынша өтеді. Бұл коридор республикамыздың маңызды өнеркәсіп түйіндерімен өтеді, бұл халықаралық транзитті тасымалдаулармен қоса, республикамыздың экспортты-импортты тасымалдауының негізгі көлемін орындайды. Егер халықаралық тасымалдауды одан әрі дамытса, бұл коридор өте перспективті болып келеді.

Азия мен Тыныш мұхиты регионы мен Орта Азия мен Таяу Шығыс елдерімен сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға маңызды мән алатын Трансазиялық магистральдың орталық коридоры. Қазақстан бойынша ол Дружба - Ақтоғай - Алматы - Арыс - Шіңгелді бағыттары бойымен өтеді.

Бұл бағыт бойынша тасымалдау қарқынды темппен дамумен сипатталады. Әзірше оларды потенциалы зерттеліп болған жоқ, бірақ қазірден оларға қарастырылып отырған региондардан бірталай алыста жатқан мемлекеттер қызығушылығын танытып жатыр. Бұл коридор Шығыс-Батыс бірнеше проектілерінің негізгі бөлігі болып табылады.

Республиканың мемлекеттік кәсіпорындары «Алматы теміржолын басқару», «Тың жер теміржолын басқару» және «Батыс Қазақстан теміржолын басқару» біріккеннен кейін, 1997 жылы шаруашылты жүргізу үшін республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Қазақстан темір жолы» құрылды. Уәкілетті және құрылтайшы органы - Қазақстан Республикасының Минтранском. РМК(Республикалық мемлекеттік кәсіпорын) Қазақстан территориясында орналасқан, ақырындап Қарғызстан мен Ресей территорияларында да орналасқан. РМК «Қазақстан темір жолы» темір жолмен жүк жіберушілер мен жүк қабылдаушыларды және пассажирлерді тасымалдау қажеттілігі бағытында өз ісін атқарады.

РМК «Қазақстан темір жолы» орталық аппаратының құрылымына келесі бөлімшелер кіреді:

Тасымалдаудың негізгі басқармасы - темір жолдар мен станциялардың эксплуатациялық жұмыстарының оперативті басқаруын орындайды, тасымалдау жоспарын құрып, оның тасымалдау технологиясын дамытады;

Негізгі қаражатты басқарма - қаражаттың тұрақты жағдайда тұру шартын қамтамасыдандырып, темір жол көлігінің есептік саясатын ұйымдастырады, өзіне тәуелді мелекеттік ұйымдарды, капиталды салулар мен РМК төлемдерін, салықтық есеп, қатал есеп бланктерін жоспарлы түрде қаражатпен қамтамасыздандырады;

Экономика мен болжаудың негізгі басқармасы;

Негізгі техникалық басқарма;

Пойыздардың қауіпсіздігі бойынша негізгі ревизор аппараты;

Статистика мен анализдің негізгі басқармасы;

Жолдың негізгі басқармасы;

Сигналдау мен байланыстың негізгі басқармасы;

Электрмен қамтамасыздандырудың негізгі басқармасы;

Вагон шаруашылығының негізгі басқармасы;

Теміржолдық бұтақ негізгі стратегиялық мақсаттарының бірі ғылыми - зерттеу және тәжірибелі - конструкторлық жұмыстармен шаралардың бағдарламалық орындалуы болып келеді, транспорттық қызмет ету сапасын жоғарылауға бағытталған, ысырапсыз, қор жинақтушы технологиялардың орындауын, қозғалыс қауіпсіздігін жоғары дәрежеге жетуін қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде - байланыс жүйелерін, , есептеуіштің техниканың, бағдарламалық қамтамасыз комплексті даму өңдеулерінің және автоматтандырылған басқару жүйелерінің жасаулары теміржолдық көлік қызметі негізгі бағыттары.

1. 2. Қазақстан республикасының темір жол көлігі туралы заңы

Осы Заң темір жол көлігімен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта тасымалдарын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылар, темір жол көлігі ұйымдары, мемлекеттік органдар, жолаушылар, жөнелтушілер, алушылар, жүк жөнелтушілер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

багаж - жолаушылар немесе почта-багаж поезында тасымалдауға қабылданған, салмағы екіжүз килограмнан аспайтын мүлік ;

тармақ иеленуші - меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде темір жолдың кірмежолдарын иеленуші тұлға;

  1. жүк - жүк поезында тасымалдауға қабылданған мүлік;
  2. жүк-багаж - жолаушылар мен почта-багаж поездарында тасымалдауға қабылданған, салмағы екі жүз килограмнан артық мүлік;
  3. жүк жөнелтілімі - бір темір жол көлігі жүк құжаттарымен тасымалдауға ұсынылатын жүк партиясы;
  4. жүк жөнелтуші - тасымалдау қүжаттарында көрсетілген және жүкті жөнелтуші тұлға;
  5. жүк алушы - тасымалдау құжаттарында көрсетілген және жүкті алушы тұлға;
  6. темір жол қатынасы - жөнелтетін және баратын бекеттер арасында темір жол көлігімен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта тасымалдау, оның мына түрлері:
  • халықаралық - Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында және (немесе) Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен тасымалдау;
  • республикалық - Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдау;
  • қала маңындағы - жолаушыларды қала шегінде және кашықтығы жүз елу шақырымнан аспайтын кала маңында тасымалдау;
  1. темір жолдар - жылжымалы құрамның жүруі іске асырылатын жылжымайтын мүлік объектілері (тар және кең табан магистралдық, стансалық, кірме жолдары) ;
  2. темір жол көлігі - темір жолдармен тасымалдауды қамтамасыз ететін көлік түрі;
  3. темір жол көлігінің қажетіне арналған жер - темір жолдар, құрылыстар, жол желісіндегі және басқа ғимараттар, темір жол стансалары, қорғаныш екпе ағаштар және жол құрылғылары алып жаткан жер учаскелері;
  4. клиент - жасалған шартқа сәйкес тасымалдаушының қызметін пайдаланатын тұлға;
  5. магистралдық темір жол желісі - магистралдық және стансалық жолдарды, оларды пайдалануды қамтамасыз етуге қажетті электрмен жабдықтау, сигнализация және байланыс объектілерін қамтитын магистралдық темір жол инфрақұрылымы;
  6. магистралдық жолдар - Қазақстан Республикасының аймақтары арасында және басқа мемлекеттермен жол қатынасын қамтамасыз ететін темір жолдар;
  7. Ұлттық темір жол компаниясы - меншік иесі мемлекет болып табылатын, магистралдық темір жол желісі қызметін көрсету үшін құрылған ұйым;
  8. қауіпті жүктер - өздеріне тән қасиеттеріне қарай адамдардың, өліміне, жарақаттануына немесе ауруға шалдығуына; жарылысқ, өртке, мүліктердің бұзылуына немесе жойылуына, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтірілуіне себеп болуы мүмкін жүктер;
  9. магистралдық темір жол желісінің операторы - тасымалдау процесін басқаруды және магистралдық темір жол желісі қызметін көрсетуді жүзеге асыратын тұлга;
  10. темір жол көлігі ұйымы - тасымалдаушының және (немесе) магистралдық темір жол желісі операторының қызмет көрсету жөніндегі жұмысын жүзеге асыратын тұлга, соңдай-ақ, тармақ иеленуші;
  11. жөнелтуші - багажды, жүк-багажды немесе почтаны жөнелтетін және тасымалдау құжаттарында көрсетілген тұлға;
  12. темір жол көлігінің қорғалатын аймақтары - тасымалдау қауіпсіздігінің, темір жол көлігі құрылыстарының, құрылғыларының және басқа объектілерінің сақталуын, төзімділігі мен беріктігін қамтамасыз ету үшін қажетті жер учаскелері;
  13. жолаушы - жол жүру құжаты (билеті) бар және поезбен жол жүретін жеке тұлға;
  14. тасымалдаушы - өзінің (жалға алған) жылжымалы құрамымен тасымалдауды жүзеге асыратын және тасымалдау құжаттарында көрсетілген тұлға;
  15. тасымалдау құжаттары - ресімделуі арқылы тасымалдау шарттары жасалатын құжаттар (жол жүру құжаты (билет), багаж бен жүк-багаж квитанциясы, темір жол көлігі жүк құжаты) ;
  16. тасымалдау процесі - тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде орындалатын ұйымдастырушылық және технологиялық тұрғыдан өзара байланысты іс-әрекеттер мен операциялар жиынтығы;
  17. жылжымалы құрам - жолаушыларды, багажды, жүкті, жүк-багажды, почтаны тасымалдауға және темір жол көлігін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге арналған, темір жолдармен қозғалысты жүзеге асыратын тартқыш, өздігінен журетін және көлік құралдарының жиынтығы;
  18. кірме жолдар - жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға қызмет көрсетуге арналған және магистралдық, стансалық, сондай-ақ басқа да темір жолдарға қосылатын темір жолдар;
  19. алушы - багажды, жүк-багажды немесе почтаны алатын және тасымал құжаттарында көрсетілген тұлга;
  20. тасымалдау ережелері - жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта тасымалдауды жүзеге асыру кезінде темір жол көлігі ұйымдарының қызметін реттейтін, уәкілетті орган бекітетін нормативтік құқықтық актілер;
  21. қол жүгі жолаушының вагонда өзімен бірге ақысыз тасымалдайтын, салмағы мен көлемі бойынша белгіленген мөлшерден аспайтын жеке заттары;
  22. тез бүлінетін багаж, жүк, жүк-багаж - жарамдық мерзімі шектеулі және тасымалдау мен сақтаудың ерекше жағдайын талап ететін багаж, жүк-багаж;
  23. арнаулы тасымалдаулар - мемлекет және қорғаныс кажеттеріне арналған арнаулы жүктерді тасымалдау;
  24. тасымалдануға болатын мерзім - тез бүлінетін багаждың, жүктің, жүк-багаждың сертификатта (сапалық куәлікте) көрсетілген деректер негізге алынып, жолда болуынын барынша шекті мерзімі;
  25. стансалық жолдар - кірме жолдарды қоспағанда, темір жол стансасының шекарасындағы темір жолдар;
  26. уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көлік саласындағы мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасы көлік кешенінің қызметін үйлестіруді, реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-бап. Темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік саясат

  1. Темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік саясат:көлік рыногының барлық субъектілерінің темір жол көлігі қызметіне еркін қол жеткізуі; Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін корғау; тасымалдардың барлық қатысушьшары үшін құқықтық және экономикалық кепілдіктердің бірыңғай стандартын қолдау принциптерін негізге алып, халықтың экономиканың және мемлекеттің тасымалдарға қажеттігін қанағаттандыру үшін жағдай жасауға бағытталған.
  2. Темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты:темір жол көлігінің магистралдық темір жол желісін дамыту; тасымалдарды дамыту; тасымалдардың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес темір жол көлігінде тариф, салық және кеден саясатын жүзеге асыру; темір жол көлігінде еркін кәсіпкерлікке жағдай жасау және тасымалдаушылар мен теміржол көлігі ұйымдарының шаруашылық қызметіне мемлекеттік органдардың заңсыз араласуына жол бермеу; бәсекелестікті дамыту, соның ішінде халықаралық тасымалдар саласындағы бәсекелестікті дамыту; магистралдық темір жол желісінің бірыңғай мүліктік кешенін сақтау; қоршаған ортаны қорғау; темір жол көлігін жұмылдыру дайындығында ұстап түру; темір жол көлігінің қажеттері үшін импортты алмастыратын өндірісті дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
  3. Темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру уәкілетті органға және құзыретіне сәйкес өзге де мемлекеттік органдарға жүктеледі.

3-бап. Темір жол көлігінде жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта тасымалын ұйымдастыру негіздері

  1. Темір жол көлігімен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта тасымаддау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
  2. Тасымалдаушы осы Заңда және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда көзделгеннен басқа жағдайларда, ақысын төлеген және жол жүру немесе багаж, жүк, жүк-багаж және почта тасымалдарына арналған тасымалдау құжаттарын дұрыс ресімдеген қызмет пайдаланушыларға тасымал жасаудан бас тартуға құқығы жоқ.

4-бап. Темір жол көлігі туралы заңдар

  1. Темір жол көлігі туралы заңдар Казақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
  2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы заңдағыдан өзге ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
  3. Әскери және арнайы тасымалдарды ұйымдастыру, қамтамасыз ету және орындау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.

5-бап. Темір жол көлігінің ортақ және жеке пайдаланылатын объектілері

  1. Магистралдык темір жол желісі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында темір жол көлігінің ортақ пайдаланылатын объектісі болып табылады, мемлекет меншігінде болады және жекешелендіруге жатпайды.
  2. Магистралдық темір жол желісіне жатпайтын темір жолдар жеке пайдалану объектісі болып табылуы және жеке меншікте болуы мүмкін.

6-бап. Магистралдық темір жол желісі

  1. Тасымалдаушылар магистралдық темір жол желісі бойынша тасымалдарды магистралдық теміржол желісін пайдалану ережелеріне сәйкес жүргізеді.
  2. Тасымалдаушы магистралдық темір жол желісін пайдаланғаны үшін магистралдық теміржол желісінің операторына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген мөлшерде ақы төлейді.
  3. Магистралдық темір жол желісінің операторы тасымалдаушыларға магистралдық темір жол желісі мен оның жабдықтарын тең құқықпен пайдалануды қамтамасыз етуге міндетті.
  4. Ұлттық темір жол компаниясы магистралдық темір жол желісін салуды, күтіп ұстауды және жаңғыртуды Қазақстан Республикасынын Үкіметі бекіткен бағдарлама бойынша жүзеге асырады.

7-бап. Темір жол қатынасыіг токгату

Мемлекеттік меншік больш табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтатуды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті орган жүзеге асырады.

8-бап. Темір жол көлігіндегі шарттар

  1. Тасымалдау шарттарының міндетті талаптары Казақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, осы Заңда және соларға сәйкес шығарылған тасымалдау ережелерінде белгіленеді. Тараптар тасымалдау шарттарының өзге де талаптарын белгілеуге ерікті.
  2. Жолаушылар тасымалын ұйымдастырған кезде Ұлттык темір жол компаниясы мен тасымалдаушылардың мемлекеттік басқару органдарымен өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шарт талаптарымен жүзеге асырылады.
  3. Тасымалдаушы өздерінің құзыретіне сәйкес мәлімделген ерекше маңызды тасымалдарды жүзеге асыру туралы мемлекеттік органдардың жазбаша нұсқауларын (шешімдерін) орындауға міндетгі. Тиісті нұсқауларда (шешімдерде) осындай тасымалдар үшін есеп айырысу тәртібі мен мерзімдері туралы мәліметтер болуға тиіс.
  4. Темір жол көлігімен халықаралық катынаста және транзитпен жолаушыларды, багажды, жүкті және жүк-багажды тасымалдау Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

9-бап. Жылжымалы кұрамды тіркеу

Жылжымалы құрам уәкілетті орган белгілеген тәртіппен міндетті мемлекеттік тіркелуте тиіс.

10-бап. Лицензиялау

Темір жол көлігіндегі кызметтің жекелеген түрлері Казақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес берілетін лицензия негізінде жүзеге асырылады.

11-бап. Сертификаттау

  1. темір жол көлігінің қызметіне жататын өнімдерді, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді міндетті сертификаттау Қазақстан Республикасының сертификаттау туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Шет мемлекет берген сертификатты Қазақстан Республикасының сертификаттау туралы заңдарына сәйкес мемлекеттік сертификаттау жүйесі таныған жағдайда, ол Қазақстан Республикасында жарамды деп есептеледі.

12-бап. Тарифтер және ақы төлеу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Деректер базасының даталогиялық моделі
Авто тасымалдауды және авто жөндеу кәсіпорындарында өндірістік бағдарламалар жоспары
Көлік желісінің фрагменті
Көлік түрлерінің өзара әрекеттесуі. Оқу құралы
Қабырғалы панельдерді тасымалдау
Жолаушылар тасымалданатын маршруттың сипаттамасы
Көлік құралдарының экологиялылығы
Жүктерді тасымалдау ережелері
Теміржол көлігі бойынша жүк тасымалдауды ұйымдастыру
Көлік түрлері. Теміржол көлігі.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz