Құрылыс компаниясының кадрлық есебін жүргізетін автоматтандырылған жүйе құру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«АВТОМАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ» КАФЕДРАСЫ

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

дипломдық жобаға

ДЖ. 050704. 165. 06 . ТЖ

Тақырыбы: Құрылыс компаниясының кадрлық есебін жүргізетін автоматтандырылған жүйе құру

Студент Тлекенов Д.

(қолы) (фамилиясы, аты-жөні)

Дипломдық жоба

жетекшісі Мадиев Т. Б.

(қолы) (фамилиясы, аты-жөні)

Кафедра меңгерушісі __ Золотов А. Д. __

(қолы) (фамилиясы, аты-жөні)

«» 2008 ж.

РЕФЕРАТ

Дипломдық жобаның тақырыбы: Құрылыс компаниясының кадрлық есебін жүргізетін автоматтандырылған жүйе құру

Дипломдық жобаның түсіндірме жазбасы беттен, суреттен, кестеден, формулалардан тұрады.

ҚҰРЫЛЫС, 1С: БУХГАЛТЕРИЯ, КӘСІПОРЫН, СЕРВЕР, ТМҚ, АЖО, БУХГАЛТЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ АВТОМАТТАНДЫРУ, ERP-ЖҮЙЕ, ҚҰЖАТ, КОНФИГУРАЦИЯ, АҚПАРАТТЫҚ БАЗА, РЕГИСТРЛЕР, БУХГАЛТЕРЛІК ҚАЛДЫҚТАР, ТРАНЗАКЦИЯ

Жобаның мақсаты: 1С:7. 7Бухгалтерия және 1С:7. 7УПП программаларының базасында құрлыс компаниясына арналған кадрлық есеп жүргізуге арналған программа жасау.

Дипломдық жобада Қазақстандық нарықтағы жаңашыл комплекстік ақпараттық жүйелердің анализі, әр түрлі кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп жүргізу спецификасымен анықталды.

Мазмұны

Кіріспе
Кіріспе: 1 Сұрақтың қойылуы
:
Кіріспе: 2 Техникалық-экономикалық негіздеме
:
Кіріспе: 3 1С:7. 7/SQL программасында басқарушы-бухгалтерлiк есептің
:
Кіріспе: автоматтандырылған жұмыс орнын жасау
:
Кіріспе: 3. 1 Кәсіпорынның түрлері
:
Кіріспе: 3 . 2 Бухгалтерлік есеп ерекшелігі
:
Кіріспе: 3. 2. 1 Негізгі ұғымдар мен бөлімдер
:
Кіріспе: 3. 2. 2 Негізгі есептік шоттар бағыттарын құрастыру
:
Кіріспе: 3. 3 Қазақстан нарығындағы бухгалтерияға шолу жасау
:
Кіріспе: 3. 3. 1 1С - 1С:7. 7 Бухгалтерлік шешімі
:
Кіріспе: 3 . 3. 2 1С - 1С:7. 7 ӨКБ шешімі
:
Кіріспе: 3. 3. 3 Жүйе шешімі
:
Кіріспе: 3. 3. 4 Шешімдерді талдау
:
Кіріспе: 4 Ақпараттық жүйенің фрагментінің құрылымын жасау
:
Кіріспе: 4 . 1 ERP-жүйесінің жалпыланған құрылымы
:
Кіріспе: 4. 2 ERP-жүйесінің «Бухгалтерлік есеп» контуры (құрылымдық)
:
Кіріспе: 4. 3 «Бухгалтерлік есеп» контуры
:
Кіріспе: 5 1С:7. 7 Бухгалтерлік программаның бөлімдерін талдау
:
Кіріспе: 5. 1 1С:7. 7 Бухгалтерлік конфигурациясын талдау
:
Кіріспе: 5. 1. 1 Есептің қойылуы
:
Кіріспе: 5. 1. 1. 1 Конфигурациялау нысандары
:
Кіріспе: 5. 1. 2 Анықтамалық "Қызметкерлер" (элемент формасы)
:
Кіріспе: 5. 1. 3 "Жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрық" құжаты
:
Кіріспе: 5. 1. 4 "Кадрлық ауысу" құжаты
:
Кіріспе: 5. 1. 5 «Жұмыстан шығару жөніндегі бұйрық» құжаты
:
Кіріспе: 5. 1. 6 "Еңбек демалысына бұйрық" құжаты
:
Кіріспе: 5. 1. 7 "Сырқаттанғаны жөніндегі қағаз" құжаты
:
Кіріспе: 5. 2 Нақты кәсіпорында 1С:7. 7 Бухгалтерия/SQL конфигурациясын ары қарай өңдеу
:
Кіріспе: 5. 2. 1 Кәсіпорынның ерекшеліктері
:
Кіріспе: 6 1С: Бухгалтерлік жобасының технологиясы
:
Кіріспе: 6. 1 Технологияның жалпы сипаттамасын жасау
:
Кіріспе: 6. 2 Бухгалтерлік тапсырмалар үшін жүйені қалыпқа келтіру
:
Кіріспе: 7 Программаны конфигурациялау және администрациялау
:
Кіріспе: әдістерін таңдау
:
Кіріспе: 8 Еңбек және қоршаған ортаны қорғау бөлімі
:
Кіріспе: 9 Экономикалық-ұйымдастырушылық бөлім
:
Кіріспе: 9. 1 Программалық өнімнің өңделуінің технико-экономикалық негізі
:
Кіріспе: 9. 2 Программалық қамсыздандыруды өңдеуге қажет шығындар сметасын есептеу
:
Кіріспе: 9. 2. 1 Материалдық шығындар
:
Кіріспе: 9. 2. 2 Еңбекке төлеу фонды
:
Кіріспе: Қорытынды
:
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер тізімі
:
Кіріспе: Қосымша А1
:

Кіріспе

Қазақстанда қоғамдық өмірдің барлық жағына әсер ететіндей үлкен экономикалық өзгерістер болып жатыр. Бұл өзгерістер, әсіресе, бухгалтерлік есепті жүргізу әдістемесі облысында анық көрінген. Соңғы екі жылдың ішінде осы облысқа қатысты, есепті жүргізудің әдістемесін толығымен өзгерткен екі заңды акт қабылданды. Біріншіден, есептің жаңа Жобасы [7] қабылданды, екіншіден, бухгалтерлік және салықтық есеп бөлінді. Бухгалтерге жүктелген істер де арта бастады.

Бухгалтерлік есеп қазіргі кездегі кәсіпорынды басқарудың эффектілігін анықтайтын факторлардың бірі болып отыр және оның енгізілуіне дұрыс қарау кәсіпкерлікте үлкен табыстылыққа қол жеткіздіреді. Бухгалтерлік есептің берілгендерін менеджерлар, экономисттер, қаржылық жобалау бөлімшесінің қызметкерлері, өндірістік учаскілердің басшылары, сол сияқты инвесторлар, аудиторлар, салық органдары қолдана алады және бұл оның кәсіпорынды басқару жүйесіндегі орнының ерекше екендігін көрсетеді. Өзімен шаруашылық процестердің ақпараттық жүйесін білдіріп, бухгалтерлік есеп қазіргі кездегі кәсіпорындарда үлкен номенклатурасымен, шаруашылық операциялар ағынының үлкен тығыздылығымен, есептің берілгендерін өңдеу уақытына қойылатын қатаң талаптармен сипатталады.

Бухгалтерлік есепті, сол сияқты аналитикалық және оперативті есептерді қазіргі талаптар негізінде жүргізу ақпараттық технологиясыз мүмкін емес. Сондықтан кез келген кәсіпорында ерте ме, кеш пе бухгалтерлік есепті автоматтандыру сұрағы туындайды. Басқарманың осындай тенденцияға бей - жай көз қарасы бір қатар проблемаларға әкеледі. Мысалы, құжаттардың жоғалуы немесе басшының қате сома көрсетілген келісімге қол қоюы. Нәтижесінде, басқарма осы немесе басқа да проблеманы шешудің ұйымдасқан түрін табады - бухгалтерлік есепті автоматтандыру.

Бухгалтерлік есепті автоматтандыру арқылы ұйымның алдында тұрған бір қатар аталмыш тапсырмаларды [9] орындауға болады:

  • тапсырманы орындауды автоматты бақылау есебінен басқарудың эффектілігін қамтамасыз ету;
  • білімді жіне ақпаратты эффектілі басқарудың, кірістің және жинақтаудың жүйесін қолдау;
  • кәсіпорынның ішкі айналымынан қағаз құжаттарын алып тастау;
  • оперативті электронды архивтің бар болу есебінен қағаз құжаттарды сақтауды арзандату және маңызды оңайлату;

Біздің елімізде Б. В. Алахов, В. Б. Ефетов и Ю. П. Максимов - тің [10] жұмыстарымен бухгалтерлік есепті автоматтандыру үшін программалық қамсыздандырулар жасалып жатыр. Бұл облыстағы өзгерулер ескерілген, біріншіден, заң шығару органдарындағы тұрақты өзгертулерге байланысты, екіншіден, ақпараттық технология облысындағы прогресске байланысты. Қазіргі кездегі бухгалтерлік есептің жүйелері өз іштеріне кәсіпорынның административті қызметінің барлық учаскілерін қамтитын бухгалтерлік және аналитикалық есепті жүргізудің құралдарын қосады.

Қазіргі кезде қолданылатын кешенді ақпараттық жүйені құру концепциялары [11, 12] кәсіпорынды автоматтандыру ұғымын кеңейту және тек қана регламенттелген (бухгалтерлік және салықтық есеп) есептерді эффектті жүргізуді емес, сонымен қатар есептің біріншілік, қоймалық, басқарушылық және басқада есеп түрлерін жүргізуді рұқсат етеді. Шаруашылық операцияларды процестер - бизнесі механизмі арқылы сипаттау әр бір қызметкерлерге дейін бөліну функциясын шектетеді, бұл жағдай жалпы кәсіпорынның жұмыс істеу эффектілігін арттырады. Қазіргі кездегі ERP-жүйелері енді тек қана функционалды таратылған модульдердің жиыны емес, ал кәсіпорынның ресурстар есебінің жалпы көп функциялы жүйесі.

Бірақ алдыңғы уақытта тек қана бухгалтерлік есеп автоматтандырылған болса, мысалы, «1С:Бухгалтерлік 7. 7» қолданылса, онда кәсіпорынды басқаруды автоматтандыру ERP- жүйесінде [14] кедергілермен байланысты. Берілген жұмыста осы сияқты проблеманы шешу әрекеті жасалып жатыр, ал негізінде 1С:7. 7 Бухгалтерлік және 1С:7. 7УПП (өндірістік кәсіпорынды басқару) жүйелерінің базасында келесідей тапсырмалар орындалуы тиіс:

  • 1С:7. 7 Бухгалтерлік/SQL (автономды шешім), 1С:7. 7 УПП/SQL (бухгалтерлік ERP фрагменті ретінде) өнімдерінде автоматтандырылған кешенді бухгалтерияның баламалық нұсқауларын зерттеу;
  • өңделген жобаларды тұрақтылыққа (жұмыстың тоқтамауы), өткізгіштілік қасиетіне (Рс) және арыздарға қызмет көрсету циклына (Тц) зерттеу;
  • 1С:7. 7 Бухгалтерлік --> 1С:7. 7УПП (бухгалтерия бөлімінде) миграция технологиясын өңдеу;

Тақырыптың өзектілігі жаңа, бірақ талап етілетін 1С:7. 7 кәсіпорын платформасының базасындағы жүйелер үшін ұсынылып отырған миграция технологиясының бірегейлігі, кәсіпорынға 1С:7. 7 УПП жүйесін енгізген кезде өңделген шешімдерді мақсатқа сай қолданылу. Өңдеушілерге еңбек сіңіргіштікке және орнатылған тілге [16] бейімделу сияқты бір қатар қиындықтарды туғызатын 1С :7. 7 УПП регистрлерінің механизмдерін қарастыру тақырыптың өзекті мәселесі болып табылады.

1 Сұрақтың қойылуы

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

“Автоматтандыру және басқару” кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Кафедра меңг. А. Д. Золотов

«___» 2008 ж.

(дата) (айы)

ТАПСЫРМА

Дипломдық жобалау барысындағы патенттік-ақпараттық зерттеулер жүргізуге арналған

Дипломдық жоба тақырыбы: Құрылыс компаниясының кадрлық есебін жүргізетін автоматтандырылған жүйе құру

Ізденістің басталуы 3. 04. 2008 ж, . аяқталуы 29. 04. 2008 ж.

Жетілдірілетін нысанның қысқаша сипаттамасы.

  • Көп жүйелілік. Мәліметтер базасында пациенттермен жұмыс жүргізуге арналған әр түрлі салалы жүйе болуы қажет.
  • Есепке алу модулі құрлыс компаниясының жұмысшылары мен қызметкерлерінің барлық мәліметтерін бір жүйеге біріктіріп, бүртұтас программалық жүйе құра алуы және осы аталған мәліметтер жөнінде есептер жүргізе алуы тиіс.
  • Жүйенің максималды икемділігі және конфигурациялау жылдамдығы.
  • Басқа программалық жабдықтармен бірге жұмыс жасай алуы.
  • Есептерді құрастырудың тиімді жүйесі. Есептер шаблондарын қолданушының өздігінен енгізуіне мүмкіндік беруі.

1С Кәсіпорын программасы барлық бөлімдер бойынша статистикалық және аналитикалық бухгалтерлік есептер жүргізуге арналған. Оны ДИЦ ғылыми-зерттеу орталығы жасаған. Өзім жұмыс істеген оның версияларының ішіндегі ең алғашқысы - 3. 0 версиясы. Аналитикалық есеп табиғи және бағалық түрде аналитикалық есеп нысандары бойынша жүргізіледі. Бағдарламаның жетекшілігі де екі кітапқа бөлінген: «Қолданушы жетекшілігі» және «программист жетекшілігі». Өткізулерді енгізуді қолмен теруге болады, бірақ негізінен ол үшін өткізуді 1 ден шексіз мөлшерге дейін генерациялайтын бланкілер қолданылады.

Осы дипломдық жобада істелген жұмысқа қарап, біз бұл программаның тек қана бухгалтерлік есептеулер ғана жүргізбейтінін, яғни оның конфигурациясын өзгерте отырып, қоғамның әр түрлі салаларына арналған программалар құруға болатынына көз жеткізуге болады.

Операциялар журналына өткізулерді енгізген соң, өткізулерді мәліметтер қорына қабылдау үшін журналдарды өңдеу қажет. Бұл бағдарламаның тағы бір ерекше қасиеті - бірнеше бухгалтерия жоспарларын жүргізу мүмкіндігі. Бухгалтерия жоспары - бұл күйлеу түрлері (кәсіпорын, көрінетін журналдар, бланкілер, типтік операциялар, аналитикалық белгілері және т. б. ), яғни әртүрлі бірнеше кәсіпорындарды бір компьютерде бір мәліметтер қорында жүргізу үшін бағдарламаны күйлеуімізге болады. Бұл мәліметтердің артуына әкелмейді, себебі әртүрлі фирмалар, мысалы: ортақ бланкілерді, аналитикалық белгілерді қолдануы мүмкін.

Бүгінгі күні бухгалтерлік бағдарламалар арасындағы ең танымалысы - 1С:Бухгалтерия - әртүрлі бөлімдер бойынша синтетикалық және аналитикалық бухгалтерлік есеп жүргізуге арналған әмбебап бухгалтерлік бағдарлама. Аналитикалық есеп табиғи және бағалық түрде аналитикалық есеп нысандары бойынша жүргізіледі.

Бағдарлама өткізулерді қолмен немесе автоматты түрде енгізуге мүмкіндік береді. Барлық өткізулерді операциялар журналына енгізеді. Операциялар журналында өткізулерді көру кезінде оларды кез-келген уақыттық интервалмен шектеуге, топтастыруға және өткізулердің әртүрлі параметрлері бойынша іздеуге болады.

Бұл бағдарламаларда кез-келген есепті қалыптасытыру режимі бар, ол бухгалтерлік тілмен айтар болсақ есеп берудің формасын және мазмұнын сипаттауға, оған шоттар және аналитикалық есеп нысандары бойынша қалдықтар мен айналымдарды қосуға мүмкіндік береді. Осы режим көмегімен салық инспекциясына жіберілетін есептер дайындалған, сонымен қатар бұл режим кез-келген формада ұйымның қаржы қызметінің анализі үшін ішкі есептер жасау үшін қолданылады. Сондай-ақ бағдарламада ақпараттардың резервті көшірмесін сақтау функциясы және архивте текстік құжаттарды сақтау режимі бар. Бағдарламаны бухгалтерлер ағымдағы заңға және есеп берудің белгілі бір түріне сәйкес жеңіл күйлей алады. "1С" әртүрлі бағдарламалық және аппараттық платформалар үшін дайындалған: DOS, Windows, Windows 95, Macintosh (1996 г. ), Power Macintosh (1996 ж. ) . Жүйенің бірнеше модификациялары бар: негізгі, кәсіпқой (күрделі бухгалтерлік мақсаттарды шешуге арналған), желілік.

«БЭСТ» ПҚ («Интеллект-Сервис» фирмасының жобасы) бір-бірімен байланысқан бағдарламалық модульдердің жиынтығы түрінде дайындалған:күйлеу және жүйелік утилиталар; басты кітапты (бас бухгалтердің АЖО ) жүргізу; кассалық операцияларды есептеу; банкпен операциялар есебі; негізгі қаржыны есептеу; өндірістік запастарды есептеу; тауардар мен дайын өнімді есептеу; сатуды (өткізуді) басқару; еңбек ақы.

Сатуды басқару, жеткізушілер және сатып алушылармен есептесу, сату залының операцияларын орындау, тауарлық-материалдық құндылықтар, номенклатура, сақтау орындары сияқты топтар бойынша кәсіпорын ресурстарвн есептеу мақсатын шешуге мүмкіндік беретін функциядан басқа «БЭСТ - 4» - ке бірқатар қосымша мүмкіндіктер қосылған. «Сатып алуларды басқару» атты жаңа қолданбалы жүйе, жеткізушілер, контрагенттер және сатып алушыалрдың тіркеу есеп шотының реестрін құрастыруды және одан кейін жетектеуді қамтамасыз етеді, оның негізінде автоматты түрде сату-сатып алу келісімдері бойынша есептер қалыптастырылады.

Бөлшек сауда жасайтын кәсіпорындар үшін "БЭСТ-4" әрбір дүкен үшін жеке прайс-парақтар жүргізуге, сондай-ақ кез-келген мерзімде сату көлемі бойынша нақтылы есеп алу үшін қолданылатын прайс-парақтар архивін жүргізуге мүмкіндік береді. Жүйе кассалық аппараттар байланысты жүзеге асырады, тауарды штрихтік кодтау жүйесін қолдайды. Жүйе тәуелсіз кәсіпорындардың кез-келген саны үшін есеп жүргізуге және оны автоматтандыру үшін модульдердің тек қана қажетті жиынтығын пайдалануға мүмкіндік береді. Жүйенің тағы бір ерекшіліктері ретінде қолайлы интерфейсін көп қызмет атқару мүмкіндігін нақытылы кәсіпорынның қажеттілігіне сай бағдарламаны күйлеудің қарапайымдылығын атауға болады.

"Интегратор" пакеті бухгалтерлік есепті кешенді автоматтандыру үшін арналған. "Интегратор 3. 0" версиясының желілік қолдану салалары мен қызмет түрлері әртүрлі өндірістік кәсіпорындардағы жұмыстары үшін арналған. "Интегратор 3. 0" келесі жүйелерден тұрады: ақша қаражаттары (касса, банк) ; дебиторлар және кредиторлар; материалдар өнім тауарлар; МБП; жеткізушілер және өткізушілер; негізгі қаражаттар және материалдық емес активтер; өндірістік шығындар; сатып алушылар мен тапсырыс берушілер; кіріс; салықтар; капитал; қаржылық есеп беру.

Қортынды

Диплом жобасын орындау барысында жүргізілген

патенттік зерттеулер бойынша

Диплом жобасының тақырыбы - «Құрылыс компаниясының кадрлық есебін жүргізетін автоматтандырылған жүйе құру»

Іздеу тереңдігі: 2001 жылдан 2006 жылға дейін

  1. Патенттік зерттеулер жүргізу алдында қойылған мақсаттарға қол жетті ме? Жетпесе қандай себептерден?

- Мақсатқа қол жетті, ізденіске сай келетін ақпарат яғни аналогтар табылды.

2. Табылған аналогтардың қайсысы прогрессивтік болады? № 4565 патенті бойынша Ресей Патент № Ғ 87 D 45/25, 1/12 патенті бойынша анықталды.

Табылған аналогтарының қайсысын жобаланатын техника объектісінде қолдану пайдалы болады?!

- Патент № Ғ 112 K 1/00, 1/12 бойынша, бухгалтерлік есепті автоматтандыратын программалау жүйесі анықталды

  1. Диплом жобасында жобаланылатын техника объектісіне ұқсас техника объектілерді сериялап шығаратын қандай еліміздегі және шет елдердегі фирмалар табылды? Ғылыми-техникалық және патенттік құжаттарды зерттеу кезінде программалау жабдықтарын шығаратын Қазақстан фирмалары табылған жоқ.

Тапсырма берілді «» 2008ж.

(уақыты) (айы)

Орындаушы Тлекенов Д.

(қолы) (аты-жөні)

Дипломдық жоба жетекшісі Т. Б. Мадиев

(қолы) (аты-жөні)

2 Техникалық-экономикалық негіздеме

Дипломдық жобада «1С:7. 7/SQL программасында құрлыс компанияларына арналған кадрлық есептердің басқарушы-бухгалтерлiк есебiнiң автоматтандырылған жұмыс орнын жасау» қарастырылды. Сонымен қатар бұл тақырыптың жаңа заман талабына сай екендігі, оның экономикалық жағынан тиімді екені дәлелденді. Дипломдық жобада әзірленген программдық қамсыздандыру кіші көлемді ұйымдардың құжатайналымының автоматтандырылған тапсырмаларын шешеді. Өнім шығындарды және фирмалардағы құжаттармен жұмыс істеу (іздеу, сақтау, орындалуды бақылау) уақытын азайтады. Сонымен қатар өнім барлық жерде қолданыла алады. Әзірленген программалық қамсыздандыру ішкі офистерде бухгалтерлік есептерге қолдану үшін арналған. Фирмадағы өңделетін ақпараттардың көлемінің өсуіне байланысты бухгалтерлік есептің автоматтандырылған жүйесі маңызды болып табылады.

Жобаның әдістемесі программдық өнімнің бәсекелеге жарамдығын бағалауға және оның күшті және әлсіз жақтарын бағалуға арналған. Дұрыс жүргізілген анализ программдық өнімнің келешекте өңделу стратегиясына және оның таралу стратегиясына әсер етуі мүмкін.

Программалық қамсыздандырудың артықшылықтарына: программдық өнімнің орнату және қолдану қарапайымдылығы; мәліметтерді бірнеш жыл бойы сақтау мүмкіндігі; мәліметтерді өңдеудің өзіндік технологияларын қолдануы; программдық өнімнің жеңіл модернизациялануы.

Программалық қамсыздандырудың кемшіліктеріне: программалық қамсыздандыруды іске асыру үшін тек бір қолданушының жұмысын іске асырады;

Программдық өнімнің талдауын жүргізу нәтижесінде күшті жақтары жіне бірнеше мүмкіндіктер анықталды. Программдық өнімнің қауіп факторлары табылған жоқ. Осылайша өнеркәсіптің стратегиясы дұрыс таңдалған және түзетулер қажет емес.

Программдық қамсыздандыруды әзірлеуге және шығындарды есептеу үшін шығындар калькуляциясы бойынша іске асырылады. Өнімді шығару үшін шығындар сметасы келесі экономикалық элементер арқылы құрылады: материалдық шығындар; еңбекке төлеу фонды; әлеуметтік мұқтаждықтарға аударымдар; амортизациялық аударымдар; қосымша шығындар.

Экономикалық тиімділік есебіндегі материалдық шығындар келесі бөліктерден тұрады: тікелей материалды шығындар; жанармайға шығындар; энергияға кететін шығындар; байланыс қызметтеріне төлемдер; басқа ұйымдардың қызметін қолдануға кеткен төлемдер. Жанармайға және энергияға шығындар қосымша шығындарға қосылған.

3 1С:7. 7/SQL программасында басқарушы-бухгалтерлiк есептің

автоматтандырылған жұмыс орнын жасау

3. 1 Кәсіпорынның түрлері

Көптеген кәсіпкерлік сектордың кәсіпорындары экономикалық талдау мақсатында бір қатар белгілері бойынша топтарға жіктеледі. Ең көп тарағаны меншік түріне байланысты, көлеміне, қызметтің сипатына, салалық бұйымына, өндірістегі басым болған факторға, заңға сүйенген беделіне байланысты топтасуы [11] . Меншік түріне байланысты кәсіпорындар келесі түрде топтасады: меншікті кәсіпорындар, олар не толығымен дербес түрде өмір сүре алады, тәуелсіз фирмалар, немесе бірлестіктер және олардың құраушы бөліктері ретінде. Меншікті фирмаларға мемлекеттің капитал үлесі бар фирмалар да жата алады; мемлекеттік кәсіпорындар, олардың басқарылуы мен капиталы толығымен мемлекеттің қармағында (таза мемлекеттік, соның ішінде муниципальді) немесе капиталдың үлкен бөлігі мемлекетте болып, оның басқаруында шешуші роль атқаратын болса.

Сурет 3. 1 Кәсіпорындардың бухгалтерлік топтары

Санына байланысты кіші кәсіпорындар басым болады. Қазақстанда олардың қатарына жұмысшылардың сандары келесі көрсеткіштерден аспайтындарын жатқызады: саудада және тұрмыстық қызмет көрсетуде - 30 адам, көтерме саудада - 50 адам, ғылыми - техникалық салада, ауыл шаруашылығында - 60 адам, құрылыста және кәсіпорында - 100 адам.

Қызметтің сипатына қарай (өндірістік және бейөндірістік) кәсіпорындардың топтастырылуы салаға жатуына байланысты топтастырылуына жақын және олар өнеркәсіптік, ауыл шаруашылықты, сауда, көліктік, банктік, сақтандырғыш және т. б. болып бөлінеді. .

Кәсіпорынның осыдан басқа жарғылық капиталының мөлшері бойынша топтастырылуы бар (3. 2 - сурет) .

Сурет 3. 2 Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері

бойынша топтастырылуы

Осы топтастырылулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес іске асырылады [5] :

  • Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) болып, жарғылық капиталы құрушы құжаттардың мөлшері бойынша үлеске бөлінген бір немесе бірнеше адаммен құрылған шаруашылық қоғам танылады.
  • Акционерлік қоғам (АҚ) болып жарғылық капиталы акцияның санына байланысты бөлінген коммерциялық ұйым танылады. Ашық АҚ - ның минималды жарғылық капиталы - 1000 еңбек ақының минималды молшері (МРОТ), Жабық АҚ - ның - 100 МРОТ.
  • Коммерциялық емес ұйым (КЕҰ) болып, өзінің қызметінде пайда табу негізгі мақсаты болып табылмайтын және пайда бола қалған жағдайда қатысушылар арасында бөлінбейтін ұйым танылады. КЕҰ - ның меншікті жарғылық капиталы болмайды, бірақ өз меншігінде немесе басқаруда бір қатар «беделі» болады.

3. 2 Бухгалтерлік есеп ерекшелігі

3. 2. 1 Негізгі ұғымдар мен бөлімдер

Бухгалтерлік есепті жүргізген кезде келесі ұғымдармен операция жасайды:

  • ұйымның жетекшісі - ұйымның атқарушы органының жетекшісі немесе ұйымның жұмыстарын жүргізуге жауапты адам;
  • синтетикалық есеп - бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттарында жүргізілетін белгілі - бір экономикалық белгілері бойынша мүліктің түріне байланысты, міндеттерге және шаруашылық операцияларға байланысты бухгалтерлік есептің жалпы мәліметтерінің есебі;
  • аналитикалық есеп - әр бір синтетикалық шоттың ішінде мүлік, міндеттер және шаруашылық операциялар туралы бөлшекті ақпараттарды топтастыратын жеке, материалдық және басқа аналитикалық шоттарда жүргізілетін есеп;
  • бухгалтерлік есептің шоттар жоспары - бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттарының жүйеленген тізімі;
  • бухгалтерлік есептілік - бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде құрастырылатын ұйымның қаржылық және мүліктік жағдайы туралы және оның шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы мәліметтердің бірегей жүйесі;

Қазақстан Республикасының заңына [5] сәйкес ұйым мүліктік, міндеттер және шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебін шоттардың жұмыс жобасына қосылған бухгалтерлік есептің өзара байланысты шоттарында екі жазбалы жолмен жүргізеді.

Аналитикалық есептің мәліметтері синтетикалық есептің шоттары бойынша айналымдарға және қалдықтарға сәйкес болуы керек. Бухгалтерлік есеп келесі негізгі мәселелерді шешеді:

  • бухгалтерлік есепті қолданушыларға қажетті ұйымның қызметі және оның мүліктік жағдайы туралы толық және нақты ақпаратты қалыптастыру;
  • шаруашылық операцияларды ұйымдастыруды жүзеге асырар кезде және мақсатқа сай материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды нақтыланған нормалар, нормативтер мен жүйелерге сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауды бақылау үшін бухгалтерлік есептілікті қолданушыларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
  • ұйымның шаруашылық қызметінің кері нәтижелерін болдырмау және ішкі шаруашылықты резервтерді шығару, олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету;

3. 2. 2 Негізгі есептік шоттар бағыттарын құрастыру

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дамушы ұйымдағы персоналды басқару
Кәсіпорында бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру
Кәсіпорындарда ақпараттық жүйелерді енгізу
Кәсіпорында тауарлы-материалдық қорларды аудиттеуді ұйымдастыру жолдары
Персонал - ұйымның маңызды стратегиялық дамушы ресурсы
Бухгалтерлік есептің және аудиттің ақпараттандырылған жүйелерінің қолданыстағы бағыттары
«Туркуаз» - топ компаниясындағы персоналдарды басқару жүйесіне талдау
Көлік компаниясының ақпараттық қажеттіліктерін бағалау
Шымкентцемент заводының құрылу тарихы
Кадрларды іріктеу процесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz