Қаржылық сақтандыру негіздері
КІРІСПЕ
1 САҚТАНДЫРУДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Сақтандырудың мәні, экономикалық мазмұны 5
1.2 Сақтандыру қызметінің қалыптасуы және оны ұйымдастыру 6
1.3 Шетелдердегі сақтандыру қызметінің нарығының даму ерекшеліктері 8
2 Қ.Р.СЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ
ДАМУ ЖАҒДАЙЫНА ҚАРЖЫЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы сақтандыру ісінің ұйымдастырылуы және даму 11
тенденциясы
2.2 Қ.Р сақтандыру ұйымдарының, компанияларының қызметін талдау 13
2.3 Еліміздегі 2002.2006 жылдардағы сақтандыру нарығының қызмет ету 17
ерекшеліктері
3 САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ Қ.Р..ҒЫ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ
ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Сақтандыру қызметінің дауындағы негізгі мәселелер 19
3.2 Қазақстан Республикасында сақтық рыногын реттеу 20
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 26
ҚОСЫМША 28

Нарықтық экономика жағдайында сақтандырудың ерекше маңыздылығы
бірқатар факторлармен айқындалады.
Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты
мен көлеміне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түрлі
мүдделерін қосымша қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және
техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың
негізгі ауыртпалығы мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табылатын
мемлекеттік бюджетке түседі.
Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі
кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі
саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуы,
экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді
қамтамасыз етеді.
Сақтандыру жүйесі республика экономикасының сенімді әрі нақты
дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз
жасауға, азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мүлкін
сақтандыруға ықпал етуге тиіс.
Сақтандыру – стихиялы апаттар мен кездейсоқтық бақытсыздықтан
туатын шығындарды өтеудің бір құралы. Сақтандыру дамуы сақтандыру
қызметіне төлем жасауға қабілетті сұраныстың болуымен, яғни
экономиканың жай күйімен және халықтың әл – ауқаты деңгейімен
байланысты.
Қазіргі замаңғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру сақтандыру қызметі
нарығын саналы жаңа деңгейге көтеру жөніндегі шаралар әзірлеуді және
кезең – кезеңімен іске асыруды талап етеді. Бұл қағида Қазақстан
Респуликасында сақтандырудың дамытудың мемлекеттік бағдарламасының
шеңберінде жүргізеді. Онда мынадай міндеттерді шешуді көздеді :
- әлеуметтік сақтандыру түрі ретіндегі сақтық қорғауды ұсынудың
қағидаларын нақтылау;
- сақтандыруды қолдану аясын кеңейту және міндетті сақтандыру түрлерін
нақтылау;
- сақтандыру нарығының қазіргі замаңғы инфрақұрылымын қалыптастыру
оның қатысушыларының – сақтық ұйымы, сақтандыру брокері, сақтық агент,
сақтанушы, сақтандырушы, пайда алушы, актуарий, уәкілетті аудиторлық
ұйым, өзара сақтандыру қоғамы, сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды және жеке тұлғалардың қызметін
ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
- халықаралық сақтандыруды ескере отырып, сақтық қадағалауының
жүйесін ұйымдастыру;

1. Жолдасбаев С. Халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша көзі // Егемен Қазақстан – 2004 -16 желтоқсан – 4 б.
2. Жолдасбаев С. Әлеуметтік қолдаудың әлеуетті тетігі. // Егемен Қазақстан. – 2006 – 10-ақпан – 3б.
3. Ильясов Қ. Қаржы / Оқулық .- Алматы, “ Экономика ”, 2005.- 480 б.
4. Исаханов П. Шет елдердегі әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік сақтандыру жүйесінің даму // Қаржы- Қаражат – 2004. 6-69 б.
5. Қайырбеков Х. Міндетті әлеуметтік сақтандыру. // Семей таңы. – 2004. – 16 тамыз.
6. ҚР “Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы” // ЕгеменҚазақстан – 2003. 5 мамыр.
7. ҚР “ Әлеуметтік – экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары ” // Заң мәліметтер қоры – 2004. 31-тамыз.
8. ҚР “ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорын құру ” туралы қаулысы // Заң.- 2004. – 27 ақпан.
9. Әділбеков М. Кәсіпкерлік негіздері / Оқулық. – Семей, 2003.-280б.
10. Жолдасбеков К. Кәсіпкерлік экономикасы / Оқу құралы.–Алматы,2001-280б
11. ҚР “ Жеке кәсіпкерлік туралы ” Заңы // Егемен Қазақстан.-2006. 31 қаңтар.
12. ҚР “Шағын кәсіпкерлік дамыту қоры ” 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы //
13. Курманбаев С. Бизнес – план. // Семей.1998. – 21 сәуір.
14. Сәбден О., Тоусанова А. Шағын кәсіпкерлікті басқару. 2002. – 310 б.
15. Экономикалық теория / ред. Н. Апсалямов.- Алматы, 2001-590 б.
16. Уманов Б. Страховой рынок РК; прблемы и перспективы // IV Конгресс финансистов Казахстана. -2004. ноябрь.
17. Худяков А. Страховое право Республики Кзахстан. – Алматы “ Жеті жарғы”-
1997. -240б.
18. Шаханов В. Страхование.- М “ЮНИТИ”, 1997.-311 б.
19, Шаханов В. Страховое дело.- М “БГУ”. 2001-286 б.
20. Маркова Д. Бизнес – планирование. – Новосибирск.- 1994.- 90б.

ҚАРЖЫЛЫҚ САҚТАНДЫРУ НЕГІЗДЕРІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 САҚТАНДЫРУДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Сақтандырудың мәні, экономикалық мазмұны
5
2. Сақтандыру қызметінің қалыптасуы және оны ұйымдастыру
6
3. Шетелдердегі сақтандыру қызметінің нарығының даму
ерекшеліктері 8
2 Қ.Р-СЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ
ДАМУ ЖАҒДАЙЫНА ҚАРЖЫЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы сақтандыру ісінің ұйымдастырылуы және даму
11
тенденциясы
2.2 Қ.Р сақтандыру ұйымдарының, компанияларының қызметін
талдау 13
2.3 Еліміздегі 2002-2006 жылдардағы сақтандыру нарығының
қызмет ету 17
ерекшеліктері
3 САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ Қ.Р.-ҒЫ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ
ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Сақтандыру қызметінің дауындағы негізгі мәселелер
19
3.2 Қазақстан Республикасында сақтық рыногын реттеу
20
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
26
ҚОСЫМША
28
КІРІСПЕ
Нарықтық экономика жағдайында сақтандырудың ерекше маңыздылығы
бірқатар факторлармен айқындалады.
Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген
шаралардың сипаты
мен көлеміне қарамастан, сақтандыру халық пен
ұйымдардың түрлі
мүдделерін қосымша қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде
табиғи және
техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі
шығыстардың
негізгі ауыртпалығы мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып
табылатын
мемлекеттік бюджетке түседі.
Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда
пайдалану елдегі
кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының
негізгі
саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық
орналасуы,
экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын
жетілдіруді
қамтамасыз етеді.
Сақтандыру жүйесі республика экономикасының сенімді
әрі нақты
дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін
қосымша негіз
жасауға, азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерінің
мүлкін
сақтандыруға ықпал етуге тиіс.
Сақтандыру – стихиялы апаттар мен кездейсоқтық
бақытсыздықтан
туатын шығындарды өтеудің бір құралы. Сақтандыру дамуы
сақтандыру
қызметіне төлем жасауға қабілетті сұраныстың
болуымен, яғни
экономиканың жай күйімен және халықтың әл – ауқаты
деңгейімен
байланысты.
Қазіргі замаңғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру сақтандыру
қызметі
нарығын саналы жаңа деңгейге көтеру жөніндегі шаралар
әзірлеуді және
кезең – кезеңімен іске асыруды талап етеді. Бұл
қағида Қазақстан
Респуликасында сақтандырудың дамытудың мемлекеттік бағдарламасының
шеңберінде жүргізеді. Онда мынадай міндеттерді шешуді көздеді :
- әлеуметтік сақтандыру түрі ретіндегі сақтық
қорғауды ұсынудың
қағидаларын нақтылау;
- сақтандыруды қолдану аясын кеңейту және міндетті сақтандыру
түрлерін
нақтылау;
- сақтандыру нарығының қазіргі замаңғы инфрақұрылымын
қалыптастыру
оның қатысушыларының – сақтық ұйымы, сақтандыру брокері, сақтық агент,
сақтанушы, сақтандырушы, пайда алушы, актуарий, уәкілетті
аудиторлық
ұйым, өзара сақтандыру қоғамы, сақтандырумен байланысты
кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды және жеке тұлғалардың
қызметін
ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
- халықаралық сақтандыруды ескере отырып, сақтық
қадағалауының
жүйесін ұйымдастыру;
- сақтық және қайта сақтандыру ұйымдарының қаржылық
орнықтылығы
мен төлем қабілеттігі бойынша талаптарды күшейту;
- осы заманғы сақтандыру технологиясын енгізуге
жәрдемдесу;
- сақтандыру саласасында кадрлар даярлау, қайта даярлау және
біліктілігін
арттыру жүйесін ұйымдастыру.
Сонымен курстық жұмыс мынадай мәселелерді қамтиды
:
Бірінші бөлім бойынша – сақтандыруға түсінік
беріп, сақтандыру
қызметінің қалыптасуына және ұйымдастырылуына тоқталады. Шетелдердегі
сақтандыру қызметінің даму ерекшеліктеріне шолу жасалады.
Екінші бөлім бойынша - Қазақстандағы сақтандыру ұйымдарының
және
компанияларының қызметіне жеке тоқталып сипаттама
беріледі.Сонымен
қатар еліміздегі 2001 – 2006 жылдардағы сақтандыру нарығының қызмет
ету
ерекшеліктерін айқындайды.
Үшінші бөлім бойынша – сақтандыру қызметінің
Қазақстан
Республикасындағы даму мәселелері және оны шешу жолдарына тоқталады.
Дамуымыздың бүгіні мен болашағына барлау жасайды.
Сақтандыру мен Қазақстан Республикасындағы сақтандыру
қызметін
ұйымдастыру мен оның мәнін терең талдап, Қазақстан
экономикасын
жетілдіру жолындағы сақтандыру және сақтандыру қызметінің
маңызын
қарастыру тақырыптың өзектілігі болып табылады.

Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша
сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі.
Сақтандыруға түрткі болатын басшы себеп - бұл өндіріс
пен адам
өмірінің қауіп қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін
жалғастыру,
адамдардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл -
ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін
қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының
(салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық – заттай
қосалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да
біріншіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары
әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Өрттен, газ балонының жарылуынан үй – жайларының
өртенуі, адамдардың өндірісте, тұрмыста жарақат алып мершігуі,
бизнестегі бір ғана сәтсіздіктен оған дейінгі барлық еңбектің
зардап шегуі тағы басқа осы сияқты оқиғалар өмірде жиі қайталанып
жатады.
Мұндай шығынның орнын толтыруға сақтандыру ұйымдары көмекке
келері сөзсіз, сондықтан сақтандыру қызметін
пайдаланған жөн.
Сақтандыру дегеніміз – сақтандыру ұйымдары өз активтері
есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері арқылы сақтандыру
шартында белгіленген сақтандыру жағдайы кездейсоқ өзге де оқиғалар
туындаған кезде жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік
жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені.
Сарапшы мамандардың пайымдауынша, экономикалық қатынастардың
жаңа жүйесіне өткеннен кейін шығынды өтеудің тиімді механизмі әрі табыс
көзі ретінде сақтандыруға деген объективті қызығушылығын
арттыруға тиісті болатын.
Сондай-ақ ірі өндірістерді иелену, жеке меншіктің
үлесін арттыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тәрізді
процесстер де, шапшаң өзгеретін нарық қатынастарының аясында
сақтандыру қызметінің жаңа түрлерінің пайда болуына ықпал жасауы керек.
Сақтандыру мемлекеттің саласының бірқатар мәселелерін
шешуге және экономикаға инвестиция салуға жәрдемдеседі.
Сақтандыру компаниялары ел экономикасына нақты ішкі
инвесторлар бола алады.
Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның
қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және
бақылау функциялары сай келеді.
Бөлу функциясы – бұл функцияның өзгешілігі қайта бөлу
ретінде көрінуі. Ол алдын – алу функциясына, мысалы, алдын-алу
шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының болу
мүмкіндігін жоюға
бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті
түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.
Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және
сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты
болатын талаптардың нақты қатынастарында көрінеді.
Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру
экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын
қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі
арналымымен қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен
байланысты.
Сақтандыру кезінде сақтық резервтері
мен қорларын қалыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады,
олар : бюджеттік және сақтық әдістер.
Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі
бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды
болжайды.
Сақтық әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші
субъектілер мен халықтық жарналары есебінен жасауды алдын
– ала қарастырады; жарналардың мөлшері және оларды төлеудің тәртібі
сақтандырудың түсіне қарай немесе заңмен не сақтық
қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісімшартпен
анықталады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша
мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады :
1. Міндеттілік дәрежесі бойынша – ерікті және міндетті;
2. Сақтандыру өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша – жинақтаушы
және жинақтаушы емес.
Міндетті сақтандыру – заңнамалық актілер талаптарына орай
жүзеге
асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады.
Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке сыныбы
болып
табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны
және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың
осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілермен белгіленеді.
Ерікті сақтандыру – талаптардың еркін білдіруіне
орай жүзеге
асырылатын сақтандыру.

Сақтандыру қызметі – сақтандыру ұйымдарының
сақтандыру шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан
Республикасының
заңдарының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік
органдардың лицензиясы негізінде жүзеге асыратын қызмет.
Сақтандыру қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік
реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру
салаларға, сыныптарға және түрлерге бөледі.Сақтық ұйымның сақтық
қызметі “ өмірді сақтандыру ” саласы және “ Жалпы сақтандыру ”
саласы бойынша жүзеге асырылады.
Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында
мынандай
сыныптарды қамтиды : өмірді сақтандыру; ануитеттік сақтандыру.
Өмірді сақтандыру – азаматтардың өмірін,
денсаулығын, еңбек қабілеттігін және жеке басына байланысты өзге
де мүдделерін залалдан қорғаудың нысаны, ол жеке басты және әлеуметтік
сақтандыру қызметтірінің көмегімен жүзеге асады.
Өмірді сақтандырушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру
мерзімі біткенге дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген
жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтық төлемін жүзеге асыруды
көздейтін және басшы сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Ануитеттік сақтандыру сақтандырылушы белгілі бір жасқа
жеткен, еңбек қабілетін ( жасына, мүгедектігіне байланысты,
науқастығына байланысты ) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған,
жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырушының және табыстарының
кемуіне немесе айырылуына әкеп соққан өзге де жағдайларда
зейнетақы немесе рента түрінде кезең – кезеңімен сақтық төлемдерін
жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.
Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында
мынадай сыныптарды қамтиды : әртүрлі жағдайдан және аурудан
сақтандыру; медициналық сақтандыру; көлік құралдарын ( автомобиль,
темір жол, әуә және су көліктерін ) сақтандыру; мүлікті
сақтандыру; көлік құралдары иелерінің және тасмалдаушының
азаматтық – құқықтық жауаптылығын сақтандыру; шарт бойынша
азаматтық – құқықтық жауаптылықты сақтандыру; зиян
келтіргені үшін азаматтық – құқықтық жауаптылықты сақтандыру. [14,
310б.]
Азаматтардың ақшасы мен операцияларды жүзеге асыратын
банктер мен жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі
сияқты сақтық ұйымдарының қызметі де белгілі бір мөлшерде
халықтың сақтандыру институтына деген сенімінің деңгейіне байланысты.
Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымы
қабылдап, кейіннен өздерінің арасында жасалған қайта сақтандыру
шартына сәйкес қайта сақтандыру тәуәкелдерінің бәрін немесе бір бөлігін
беруге байланысты қызмет және соған байланысты туындайтын қатынастар
қайта сақтандыру қызметі болып табылады.
Өз қызметін уәкілетті мемлекеттік органның тиісті
лицензиялары негізінде жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы, сақтандыру
брокері, уәкілетті аудитор сақтандыру қызметіне қатысушылар болып
табылады. Сақтандыру қызметінің субъектілері сақтандыру мен қайта
сақтандыру ұйымдары.
Сақтандыру қызметі адам өмірінің, өндірістік және
әлеуметтік – экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды, ол
өтемдік және жинақ – жинақтауының қызметін атқарады.
Қазіргі замаңғы сақтандыру мемлекетке :
1. Мемлекеттік бюджеттің табиғи – техногендік сипаттағы
көлденең шығыстарды өтеу бөлігіндегі салықты азайтуға;
2. Нарықтық экономика принциптерінде сақтандыру
арқылы,
зейнетақы жинақтарын, жұмысқа жарамдылыған айырылуы немесе қайтыс
болуына байланысты , жұмыссыздығына байланысты, берілетін жәр-
демақыларды медициналық шығыстарды төлеу, әлеуметтік қамтамасыз
етудің жекелеген проблемеларын шешуге;
3. Халықтың және ұйымдардың жинақ ақшасын ұзақ мерзімді
негізде ұлттық экономикаға тартуға мүмкіндік береді.
1.3 Шетелдердегі сақтандыру жүйесінің даму ерекшеліктері
Шетелдердің сақтандыру жүйесінің даму ерекшеліктеріне тоқтай
келе олардың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қысқаша тоқталып өтейік.
ХІХ – ХХ ғасырларда “ әлеуметтік сақтандыру ” ұғымы
бірінші рет пайда болды. Бұл ұғым еңбек табысын жоғалтқан
кездегі пайда болған әлеуметтік сақтандыру, жұмысшыларды сақтандыруды
реттейтін құжаттарда кеңінен қолданыла бастады.
“ Әлеуметтік сақтандыру ” ұғымы өзара сақтандыруды ұйымдас-
тырудағы барлық процестерді қамтиды. Біріншіден, міндетті
сақтандыру тек қана жалдамалы жұмысшыларға ғана емес
басқа да мамандарды, олардың жанұясын, тіптен жұмыс
істемейтіндердің де сақтандыруын қамтиды. Екіншіден, мемлекет
тек қана сақтандырудың тәртібі мен шарттарын реттеп отырды.
Керісінше, міндетті сақтандыру арнайы өзін - өзі басқаратын
қоғамдар арқылы жүргізіледі. Бірінші рет әлеуметтік сақтандыру
туралы жиынтық заң – Германияда қабылданды. Бұл заңда сырқаттанып,
жұмысқа қабілетін жоғалтқан кездегі сақтандыру, жазатайым
жағдайлардан сақтандыру, мүгедектерді сақтандыру, қарттарды сақтандыру,
асыраушысы қайтыс болған жағдайда сақтандыруды жүргізу тәртібі
бекітілді. Басқа елдерде мұндай заң қабылданғанмен “ әлеуметтік
сақтандыру ” ұғымы кең қолданыла қоймады. Мысалы, Ұлыбританияда “
Ұлттық сақтандыру заңы ”, Францияда “ Әлеуметтік кодекс ”, Норвегияда – “
Ұлттық сақтандыру жүйесі ” қабылданды. Бұл заңдар шеңберінде мынадай
міндеттемелер жүктелді :
1) ұйымдар мен мекемелерде арнайы сақтандыру
кассаларын ұйымдастыру;
2) бұл кассаларға жарналарды жұмысшылар да, жұмыс берушілер де
төлеу қажет деп табылды;
3) жәрдемақылар мен зейнетақылар бекітілген тәртіп
бойынша төленуі тиіс.
Жарнаның 23 бөлігін – жұмысшы, 13 бөлігін жұмыс
беруші төлеу қажет. Сақтандыру қорынан төленетін төлемдердің
тәртібі заң жүзінде бекітілді.
Әлеуметтік сақтандыру жүйесін құрудың шетелдік
тәжірибесіне сүйенсен, әлеуметтік қорғау жүйесін құруды оптимальды моделі
жоқ екен, әр елдің өзіндік әлеуметтік – экономикалық қатынастың дамуы
негізінде таңдау
жасайтыны көрінеді.
Мұндай жүйелердің бірнеше институционалдық түрлерін алып
қарауға
болады: мемлекеттік бюджет арқылы, мемлекеттік қор және
қаржылық институттар.
Бұлардың әрқайсысының басым және әлсіз жақтары
бар екені сөзсіз. Венгрия, Германия, Франция, Польша және басқа
елдерде әлеуметтік сақтандыру мемлекет арқылы жүзеге асырылады.
Латвия мен Литва, Молдава секілді елдерде әлеуметтік
сақтандыруды басқару мемлекеттік органдар негізінде құрылған
мекемелер арқылы, яғни мемлекеттің қаржылық және әкімшілік бақылауларындағы
сақтандыру арқылы жүзеге асырылады.
Германия мемлекетінде сақтандырудың көптеген түрлері қызмет
етеді. Олар :
- авариядан сақтандыру;
- атом қатерінен сақтандыру;
- жол жүкті сақтандыру;
- екі жақты сақтандыру;
- депозиттерді сақтандыру;
- балаларды сақтандыру;
- балаларды жазатайын оқиғадан сақтандыру;
- үй мүлкін сақтандыру
- жүктерді сақтандыру;
- жануаларды сақтандыру;
- машиналарды қираудан сақтандыру;
- экспорт-импорт жүктерін сақтандыру және тағы басқаладры.
Германияда сақтандыру қызметінің осы аталған
түрлерінің қалай сақтандырылатына тоқталатын болсақ.
Германияда құтқарғаны үшін сыйақы алу мақсатымен кемелер
мен жүктерді құтқарушыға жүгінетін сақтандыру түрі, авариялық
ақшаны сақтандыру болып табылады.
Елдегі ядролық отынды және радиоактивті заттарды қазу,
өндіру, сақтау, тасмалдау кезінде тұтқиылдан болған немесе болжанбаған
жағдайдан туған радиоактиті жерден келтірілген материалдық зиян мен
залалдың орнын толтыруды көздейтін сақтандыру түрі, атом қатерінен
сақтандыру қызмет етеді.
Жеке сақтандыру түрі Германияда 1 жастан 16 жасқа дейінгі
балалар, олардың ата-аналары, туысқандары және қамқоршылар
сақтанушылар болып табылады.
Барлық елдердің сақтандыру ұйымдарының практикасында
кеңінен таралған жүктерді сақтандыру да Германияда кеңінен
қолданылады.
Машиналарды қираудан сақтандыру, ол машиналардың, механизмдер
мен жабдықтардың немесе оларды пайдалану кезінде әртүрлі себептермен
кенеттен және болжанбаған жағдайда істен шыққанда қорғауды қамтамасыз
етеді.
Ерекше сақтандыру формаларының бірі экспорт кредитін
сақтандыру.
Ол Германияда экспорттаушылардың мүдделерін
қорғау мақсатымен қолданылады. Елді сақтандыруды жеке
компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар жүзеге асырады. Мемлекет
коммерциялық тәуекелді де өзінің байқауына алады. Саяси тәуекел бойынша
залалды өтеу несие сомасының 90 пайызынан асып түседі, ал басқа
тәуекелдер бойынша 80-90 пайызға жетеді.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ
САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫНА ҚАРЖЫЛЫҚ-
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы сақтандыру ісінің ұйымдастырылуы және оның
даму
тенденциясы
Соңғы үш жылда сақтандыр брокерлерінің саны – 3 компанияға,
антуари – 1 компанияға және 6 сақтандыру ұйымдарының аудитін іске асыруғы
құқылы лицензиясы бар аудиторлық компанияларға ұлғайды. ( қосымша – А )
Соңғы жеті жылда сақтандыру компанияларының меншік
капитал көлемінің жиынтық мөлшері 2169 % - ға немесе 22,8
млрд. теңгеге өсті. Сонымен қатар 1997 жылдан 2004 жыл
аралығында сақтандыру компанияларының активтері 40,3 млрд.
теңгеге немесе 1152,7 пайызға дейін жоғарылады. ( қосымша – Б )
Берілген көрсеткіштердің 2004 жылдарда күрт өсуінің себебі ол нарықта
жаңа компаниялардың пайда болуымен түсіндіріледі.
Елдің сақтандыру резервтерінің көлемінің динамикасы
соңғы сегіз жылда өсім тенденциясын көрсетіп отыр. Егер
1997 жылдан 1999 жыл аралығында сақтандыру резервтерінің өсімі 1,5 млн.
теңгені құраса, ал 2000 жыл қорытындысы бойынша олар 1,5 млн.
теңгеге, яғни 59,1 пайызға төмендеп қалды, ал келесі жылда бұл
көрсеткіш өсімін 6,3 млрд. теңгеге, яғни 277,9 пайызға өскені
байқалады. Бірақта 2003 жылға қатысты сақтандыру
резервтерінің көрсеткіштері 2004 жылдары 10,2 млрд. теңгеге өскен.
Жалпы алғанда берілген көрсеткіштер өсімі 1997 жылдан 2004 жыл
аралығында 12,4 млрд. теңгені немесе 633,2 пайызды құрады. [1, 4б.]
Сонымен жалпы алғанда сақтандыру резервтерінің
көрсеткіштері елдің экономикасының құрылымында оптимистік түрде көрінеді.
Мұнда, 2001 жылы елдің жалпы ішкі өніміндегі
сақтандыру резервтерінің белгілі бір деңгейде 2003 жылмен салыстырғанда
жоғарылаған, ол компанияның резервтік көлемінің өсуімен байланысты
0,18 пайызды құрады. Бірақ келесі жылы бұл көрсеткіш 0,27 пайыз жалпы
ішкі өнімнен 0,07 пайызға дейін төмендеді.[10, 280б.]
2002 жылдан бастап мемлекеттің жалпы өнімдегі
сақтандыру резервтерінің біртіндеп өсуін көреміз, тек 2006
жылы көрсеткіштің өсу көлемі жоғарғы деңгейге жетті.
Сақтандыру компанияларының қызмет етуін бағалау
көрсеткіштері болып, сақтандыру резервтерінің сомасы табылады.
Мұнда, 10 компания келтірілген, олардың үлесіне 2004
жылғы сақтандыру резервтерінің 79,8 пайызы келіп отыр.
Сонымен қатар сақтандыру резервтерінің көп мөлшердегі
бөлігін СК “ Евразия ” акционерлік қоғамы 18,4 % , содан кейін
СК “Казкоммерцполис ” ашық акционерлік қоғамы – 15,6 % алып
отыр.
КИС “ Казахинстрах ” жабық акционерлік қоғамына 2006
жылдың барлық сақтандыру резервтерінің ішінен 10,2 % келіп отыр.
Егер де сақтандыру нарығының заңдық өзгерістері жайында
айтар болсақ, онда 2004-2006 жылға арналған Қазақстан
Республикасының Сақтандыру нарығын дамытудың мемлекеттік
бағдарламасын айтып өтуге болады, оның басты мақсаты
сақтандыру ролін мемлекеттің қызығушылықтарын тиімді қорғау
механизмін, тұрғындарды және шаруашылық субъектілерді
қаржылық, әлеуметтік және басқа да тәуекелдіктерден және
де ұзақ мерзімді ішкі инвестициялардың сенімді қайнар көздерінен
сақтауды күшейтуге бағытталған.
Сақтандыру ұйымдарының қызметінің стандарттарын
орындау мақсатында корпоративті басқару және қаржы нарығындағы
ресурстарды бақылауды жақсартуға арналған ынталандыру шараларын
тудыру және де өмірді сақтандыру және ануитет жүйесін дамытуға байланысты
ынталандыру шараларын құру мақсатында 2004 жылы 13 -
желтоқсанда Қазақстан Республикасының заңына “ Қазақстан
Республикасының салық салу сұрақтары бойынша заңнамалық
актісіне толықтырулар және өзгерістер енгізу ” өзгерістер
енгізілді. Бұл заңда ануитеттік сақтандыру бойынша корпоративті
табыс салығының ставкасының 2 пайыздан – 1 пайызға дейін
төмендегенің көреміз. Сонымен қатар 2005 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап
жинақтауды сақтандыруда және де ануитеттік сақтандыруда жеке
тұлғалар мен олардың жұмыс берушілерінің құштарлығын арттыру
мақсатында
келесідей өзгерістер күшіне енді :
- жинақтауды сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақыларын төлеуге
бағытталған табыстарға салық салу сақтандыру төлемдерін
алу мерзіміне аударылады.
- жұмысшылардың көмегі арқылы жұмыс берушілерге төленетін
жинақтауды сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақылар сомасы
жұмысшылардың табысы болып табылмайды.
- жинақтық сақтандыру келісімшарттары бойынша жеке тұлғамен
өзінің пайдасына енгізілген сақтандыру сыйақыларының
сомасы толық төлемде жатқызылады.
Жеке сақтандыру мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктің
дефицитін компенсациялайды. Ұзақ мерзімді жеке сақтандыру
мемлекеттік төлемдердің көлеміне байланыссыз қосымша табыстарды
алуға қамтамасыз етеді. Жеке сақтандырудың дамыған нарығы
мемлекеттік тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз ету шығындарын
төмендету арқылы бюджеттің шығыс бөлігінің ауыртпашылығын төмендетеді.
Сол арқылы мемлекеттің әл-ауқаты төмен тұрғындарды қорғауға
мүмкіншілігі болады. Бүгінгі таңда жүргізіліп отырған мемлекеттің
әлеуметтік саладағы және сақтандыру саласындағы реформалары және елдегі
экономикадағы оңды қозғалыстар республикадағы жеке сақтандыру институтының
дамуына негізсалып отыр.
2006 жылы сақтандыру сұрақтары бойынша белгілі-бір
заңнамалық
актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын
өндіру
бойынша жұмыстар жүргізілді.
Бұл заңды жобаны өндірудің басты мақсаты болып отандық
сақтандыру
заңнамасының Европалық одақ Директивасымен және сақтандыруды қадағалау
бойынша халықаралық бірлестіктердің сақтандыруды қадағалау

принциптерімен байланыстыру реттеушілік пен қадағалаушы
механизмдерді және сақтандырудың қадағалаудың жаңа
принциптерін жетілдірумен қатар сақтандыру өндірісінің
келесі аспектілері қарстырылды : нарық инфрақұрылымы,
нарық қатысушылары, қолданылатын түсініктер
сақтандыруды классификациялау, нарықты либерализациялау және
тағы басқалары. Берілген жобаны тиімді іске асыру
отандық сақтандыру индустриясының деңгейін дүниежүзілік
тәжірибе деңгейіне жақындатуға мүмкіндік береді және де нарықтың
халықаралық сақтандыру схемасына және қайта сақтандыру схемасына шығу
жолдарын жеңілдетеді.
2.2 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру ұйымдарының және
компанияларының қызметін талдау
Сақтық келісім шарттарын жасауға және сақтық
операцияларының
нәтижелігіне ынталы тараптардың өзара іс-қимылы сақтық
нарығында
жүргізіледі.
Сақтық нарығы дегеніміз – ақша қатынастарының сферасы, онда
сатып алу, сату объектісі “ ерекше тауар ” сақтық қызмет болып
табылады және
оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасады.
Қазақстан Республикасының сақтық нарығының қатысушылары мыналар
болып табылады :
- сақтық ұйымы;
- сақтық брокері;
- сақтық агенті;
- сақтанушы, сақтандырушы, пайда алушы;
- уәкілетті аудиторлық ұйым;
- өзара сақтандыру қоғамы;
- сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын
өзге де заңды және жеке тұлғалар.
Сақтық қызметі сақтық ұйымы жүзеге асыратын кәсіпкерлік
қызметтің
негізгі түрі болып табылады. Бұл қызметтен басқа ол қызметтің
мынадай
түрлерін : уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық
актілерінде
көзделген тәртіп пен инвестициялық қызметті;
сақтандыруға тиісті
жинақтаушы сақтық шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде
өзінің
сақтанушыларына қарыз беруді; сақтандыру ұйымдарының
қызметін
автоматтандыру үшін пайданылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді
сатуды; ақпарат берілімдерінің кез - келген түрінде сақтандыру
ісі және
мұқтаждары үшін сатып алынған немесе оның қарамағындағы
сақтандыру
шарттарын жасауға байланысты келіп түскен мүлікті сатуды
немесе жалға
беруді; сақтандыру қызметіне байланысты мәселелер
бойынша консультациялық қызмет көрсетуді; сақтандыру
саласында мамандардың
біліктілігін арттыру мақсатында оқуды ұйымдастыру мен жүргізуді;
сақтану агенті ретінде сақтандыру делдалы болуды; жай серіктестік
құруға құқылы.
Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда
сақтандырушыларға сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік
беретін қор құруға құқылы.
Қордың құрылу тәртібі мен қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен
реттеледі. Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге
асыратын сақтандыру ұйымы уәкілетті мемлекеттік органның
нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескере отырып, өзінің
сақтаушыларына сатып алу саласы тегінде қарыз беруге құқылы.[15, 590б.]
Мемлекет Қазақстан Респуликасының Үкіметі арқылы ғана
сақтандыру ұйымының құрылтайшысы және акционері бола алады.
Мемлекет өз құрылтайшысы немесе акционері болып
табылатын сақтандыру ұйымының міндеттемелері бойынша,
егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше
көзделмесе, оның жарғылық капиталына салған қаражаты шегінде
жауапты болады.
Сақтандыру ұйымы міндетті түрде мынадай алқалық
органдар құра алады :
- директорлар кеңесі – басқару органы
- басқарма – атқарушы органы
- тексеру комиссиясы – бақылау органы
Сақтандыру ұйымының құрылтайшылары мен акционерлері сатып
алатын акцияларына ақшаны тек қана ұлттық валютамен төлеуге тиісті.
Құрылатын сақтық ұйымының жарғылық капиталының ең аз
мөлшерін оның құрылтайшылары оны мемлекеттік тіркеуден өткізген кезге
дейін толық төлеуге тиіс.
Сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі
міндеттері мыналар болып табылады :
- Қазақстан Республикасында тұрақты сақтандыру жүйесін жасау мен
қолдау және ұлттық сақтандыру нарығының инфрақұрылымымын
қалыптастыру;
- Сақтандыру нарығын реттеу және сақтандыру қызметін қадағалау;
- Сақтандырудың негіздерін заңдармен негізді ету, міндетті сақтандыру
жүйесіне Қазақстан Республикасының қатысу қағидаттарын белгілеу;
- Сақтанушылардың, сақтандырушылардың және пайда алушылардың
құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
Сақтандыру саласындағы мемлекеттік саясатта
іске асыруды сақтандыру нарығында істің жайына
мемлекеттік бақылау жасауды қамтамасыз етуді қоса, уәкілетті
орган және мемлекеттің өзге де органдары өз
құзыры шегінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тікелей
көзделген
жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен олардың
лауазымды
адамдарының сақтандыру ұйымы мен сақтық брокерінің сақтандыру қызметіне
араласуына тиым салынады.
Уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
сақтық
нарығын реттеу және сақтандыру қызметін қадағалау жөніндегі функциялар
мен өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Сақтандыру ұйымының төлем қабілеттігі оның
өз қаржылық міндеттемелерін уақытында және толық орындау
қабілетімен анықталады. Сақтандыру ұйымының төлем қабілеттігінің
көрсеткіштері, активтердің өтімділігі ескеріле отырып,
қабылданған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz