Төлем балансының ұғымы және оның маңыздылығы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

1. 1 Төлем балансы мен ақша-несие және валюталық операциялардың 5

мәні мен құрылымы

1. 2 Төлем балансыныңесеп айрысу және ақша-несие, валюталық 6

әдістері

1. 3 Шетел төлем балансы мен ақша-несие және валюталық

операциялардың жүргізу тәртібі 9

2 ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ АҚША-НЕСИЕ ЖӘНЕ ВВАЛЮТАЛЫҚ

ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ

2. 1 Қазақстан Республикасының төлем балансының экономикада

алатын орны 16

2. 2 Ақша-несие және валюталық операциялардың орындалуындағы

заңнамалық негіздері 17

2. 3 2005-2007 жылдардағы төлем балансының ақша-несие және

валюталық операцияларына талдау 19

3 ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ АҚША-НЕСИЕ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ

ОПЕРАЦИЯЛАРЫНДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ

ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

3. 1 Төлем балансының ақша-несие және валюталық операцияларын

жүргізуде кездесетін өзекті мәселелер 22

3. 2 Төлем балансының ақша-несие және валюталық

операцияларындағы кездесетін мәселелерді шешу жолдары және

оны жетілдірудің бағыты 25

ҚОРЫТЫНДЫ 28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 30

ҚОСЫМШАЛАР 32

КІРІСПЕ

Төлем балансы - елдің белгілі бір уақыт ішінде шетелге шығарғандарынан түскен түсімдері мен сырттан әкелінген тауарлары мен қызметтер үшін төленген төлемдер арасындағы шекті қатынасы.

Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша массасын несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгерту жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субьектісі - Ұлттық банк болып табылады. Ал, ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу обьектісі экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.

Қаржы секторын дамыту оның ішінде ақша-несие жүргізуде тұжырымдамасына сәйкес ағымдағы жылы ақша-несие режимді ырықтандырудың екінші кезеңі (2004-2007 жылдар) іске асыру басталады, оның мақсаты валюталық операциялар жүргізуге шекттеулерді жою және ағымдағы сияқты. Күрделі операциялар сияқты 2007 жылдан бастап Қазақстан теңгесінің толықтай айырбасталуына өту үшін жағдайлар жасау болып табылады.

Республика әлемдік экоиомикаға неғұрлым көбірек біріксе оның ақша-несие және валюта саясатына сыртқы экономикалық факторлардың әсері солғұрлым күшті болатынын Қазақстан экономикасын он жыл реформалаудың тәжірибесі көрсеті. Экономикасы шикізатқа бағытталған Қазақстан экспорттық дәстүрлі баптарының әлемдік бағаларының жағдайына кушті тәуелді болады. Экспорттық валюта түсімі өте-мөте тұрақсыз болғандықтан ол төлем балансының және ұлттық. валюта бағамын тұрақтандырудың ахуалына тікелей әсер етеді. Валюталық түсімге тәуелділікті жеңу үшім мемлекеттің ақша саясаты ұлттық экономиканы дамытуға бағдарлануға тиіс. Өнеркәсіптің көпшілік саласында өндірістің өсуі байқалып, каржы көрсеткіштері жақсарғанына қарамастан осы бағдарламаны жүзеге асыру айтарлықтай уақытты талап етеді. Алайда жеткілікті 8бөлік және тұрақты емес өсім қарқынын бекіту қажет.

Қазақстан теңгесінің нақты қымбаттауы ішкі тұтынушыға бағдарланғанын қосқанда отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігінде жағымсыз көрінеді. Төлем балансын теңестіруге минералды ресурстар экспортының сандық көлемін ұлғайту есебінен қол жеткізіліп ол Қазақстан зкономикасының шикізатқа бағытталғандығын тағыда күшейте түседі. Ұлттық экономиканың бәсекелестік жайғасымының жоғалуын болдырмау ішкі валюта рыногінен монетарлық үкіметтің шетел валютасын айтарлықтай сатып алуын талап етеді. Ол ақша жиынының өсуіне апарады. Нәтижесінде инфляцияның төмен қарқынын ұстап тұру үшін қосымша қиындықтар мен шығындар туындайды. Төлем балансының салыстырмалы орнықтылығына жету және шетел валютасының ұсынысынан экономиканың «тым қысып кетуінің» жағымсыз зардаптарын болдырмаудың қажеттілігі монетарлық үкіметтердің валюталық тәртіптерін ырықтандыруына мүмкіндік береді. Валюта тәртіптемесін одан әрі ырықтандыру ақша-несие және валюта саясатының бағыты болып табылып, ол валюта реттеуінің өзгеруін және капиталды әкелу мен әкеіуге бақылау жасауды ұйғарады. Макроэкономикалық аспектілерді шешу үшін шетел инвестициясы тусімінің маңызына, ақша айналымына оның әсеріне ерекше көңіл аудара отырып Қазақстанның банк жүйесінің өтімділік жағдайына валютаның құрамдас бөлігінің ықпалын көзден таса қылуға болмайды.

Қазіргі күні Қазақстанда капиталдың көтерілуінен көрі қойылуы көбірек. Өйткені ақша жиынының әкелуі мемлекеттің реттеуші органдары қатаң бақылап отыр. Қазақстанның валюта тәртіптемесін толық ырықтандырғаннан кейін елден капиталдың безіну тәуекелдігі болғанымен, алайда ол аз мөлшерде болады. Қазіргі кезде капиталды алып кеткеннен гөрі салымға салған тиімді. Республика табиғи ресурсы бай болғандақтан шетел инвестициялары үшін тартымды аймақ болып қалуға оның қорлары ұзаққа жетеді. Қазақстанның инфрақұрылымдарының халықаралық инвестициялық қызметтеріне қалыпты айтсақ, таяу уақытта олардың капиталы ірі мемлекеттер инвестицияларының әлемдік көрсеткіштерімен теңесуі екі талай. Соған қарамастан қазақстандық инвесторлар ТМД шегіндегі келешекті салаларға инвестиция сала алады.

Курстық жұмысымның құрылымында келесі мәселелер қарастырылады, бірінші бөлімінде:

  • Төлем балансының ақша-несие және валюталық операцияларының маңыздылығы;
  • Төлем балансының ақша-несие және валюталық операцияларының орындалуындағы заңдылықтар;
  • Қазақстан Республикасының төлем балансы;
  • Төлем балансының ақша-несие және валюталық операцияларының талдау нәтижелері

Шетел төлем балансы мен ақша-несие және валюталық операцияларының жүргізілу ерекшеліктері.

Сонымен қатар төлем балансының ақша-несие және валюталық операцияларының орындалуындағы немесе жүзеге асырылуындағы кездесетін мәселелер және оларды шешу, жетілдіру жолдарын қарастырамын.

Осы міндеттердің мәні мен мазмұның аша отырып, оған байланысты жазылып жүрген мәселелер мен мәліметтерді пайдаланып, өзімнің жұмысыма қолданамын.

1 ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

1. 1 Төлем балансы мен ақша несие және валюталық операциялардың мәні мен құрылымы

Қазақстан Ұлттық банк мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты - ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталырына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді қамтамсыз етуді көздейді.

Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша массасын несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгерту жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субьектісі - Ұлттық банк болып табылады. [Қосымша А] Ал, ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу обьектісі экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады. Шаруашылық конъюктурасының жағдайына байланысты ақша-несие саясаты екі типі болады:

1. Рестрикциялық ақша-несие саясаты;

2. Экспонциондық ақша-несие саясаты.

Рестрикциялық ақша-несие саясаты - екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялары көлемін шектеуге және шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспонциондық ақша-несие саясаты - несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуін бақылауға әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар. [18, б-138]

Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамсыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде. Заңға сәйкес Ұлттық банк ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:

  1. сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу;
  1. ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу;
  1. мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ашық нарықтағы операциялар жүргізу;
  1. банктерге және үкіметтерге несие беру;
  1. валюталық нарықта интервенциялау;
  1. кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу.

Қазіргі уақытта жоғарыда айтылған құралдардың ішінде іс-жүзінде қолданылып отырған операциялар: ресми сыйақы мөлшерлемелері, қысқа мерзімді ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.

Ұлттық банк өзінің жүргізген операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді:

  1. ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;
  1. ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі;
  1. РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
  1. “Овернайт” зайымдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
  1. күндізгі зайымдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;

Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі - ақша нарығының жалпы жағдайына, несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция және күтілетін инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді.

Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі - ақша нарығының жалпы жағдайына, несие бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты белгіленеді және Ұлттық банктің коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу операцияларында қолданылады. Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме жылдық пайыздық мөлшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айлық вексельдерді қайта есептеуге қолданылады.

РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі - жылдық пайыздық мөлшерлемелер, ішкі қаржы нарығының жағдайына байланысты белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағздармен операциялар жүргізуде қолданылады. РЕПО-ның мақсаты мөлшерлемесінен ауытқу жағдайында ақшалай қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйақы мөлшерлелерді реттеу арқылы сыйақы мөлшерлемелердің елеулі ауытқуын болдырмау.

“Овернайт” зайымдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі - Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы корреспонденттік шоттары бойынша есеп айрысуларды дебеттік қалдықпен аяқталу барысында бір түнге берілетін зайымдар бойынша қолданылады. [18, б-79-80]

Күндізгі зайымдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі - Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы теңгеге ашқан корреспонденттік шоттары бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай аударымдар жасауға қажетті ақша қаражаттары уақытша болмаған не жетіспеген жағдайларда зайымдар бойынша қолданылады. [17, б-91]

1. 2 Төлем балансының есеп айырысу және ақша-несие, валюталық операция

әдістері

Экономикалық қатынастардағы барлық операциялар мынадай: қосымша тәуекелдермен байланысты:

- шетелдік сатып алушылардың тауарды тасымалдау кезіндегі
барысындағы уақыт тәуекелі. Мысалға алғанда егер сатып алушы
тауарды алғанға дейін төлемесе, онда ақшасын күткен жабдықтаушы үшін, төлейтін уақыт, ұзақ мерзімге созылуы мүмкін;

- басқа елдің заңын, ережелері мен дәстүрін жете білмеуі. Шынында да экспортер шетелдік клиенттің бизнес дәстүрі мен әдіс-тәсілін толық түсінбейтіндігін мойындап, одан келісім-шартқа сай төлемді уақытында алатынына сенімсіз болуы мүмкін;

- өз елінде экспорттық және импорттық сауданы шектеуге байланысты үкіметтің іс-әрекеті. Басқаша айтқанда, экспортердың шетелдік сатып алушы-сының төлемінің кешігуіне немесе тыйым салуына әкеліп соғатын, валюталық реттеуге байланысты қаулы енгізілуі мүмкін;

- валюталардың айырбас бағамдарының ауытқуы. Экспортер, яғни шетелдік сатып алушыға шетел валютасындағы шот-фактурасын беруші валюталардың арасындағы айырбас бағамына қатысты. Өзгеріске байла-
нысты көзге көрінбейтін зиян шегуі мүмкін. [20, б-139]

Халықаралық саудадағы төлемдердің әр түрлі әдістері жоғарыдағы аталған тәуекелдерді есепке ала отырып қарастырылуы тиіс. Жоғарыда көрсетілгендей, экспорттық тауарларды төлеу барысында үкіметтің қолданылатын тәуекелдерінен сақтануға болады. Халықаралық саудада сатып алушы мен сатушы арасында келісілген телем әдістері мен осы төлемдерді іске асыратын есеп айырысу әдісінің құралдарын ажыратуы тиіс. Экспортер мен импортер сауда контрактісін жасау барысында төлемнің орны мен есеп айырысу әдістерін келісуі қажет. Ондай төлем әдістеріне мыналар жатады:

- аванстық төлем;

- қайтарылмайтын аккредитив;

- тауарды тиеген соң төлеу;

- құжатты инкасса;

- ашық шот бойынша сауда.

Пайдалынатын төлем әдісі сатып алушы мен сатушы арасындағы келісім-шартқа және елдердің арасындағы банктік келісімдерге байланысты болып келеді. Есеп айырысу әдісі ретінде чектер, аудармалы вексельдер, банктік тратталар; пошталық төлем тапсырмалары; телеграфтық, телекстік төлем тапсырмалары; инструкциялар; СВИФТ жүйесі; халықаралық ақшадай төлемдер қолданылады. Дегенмен төлемдердің шетел валютасындағы банкноталар, жол чектері көмегімен орындалмайтындығын айта кеткен жөн. Экспортер экспортық сауданы қаржыландыру үшін банктідің көмегін пайдаланады. Несиені экспортерге тауарын жөнелткеннен соң, оған шетелдік сатып алушыдан ақша келіп түскенге дейінгі аралықта пайдалануға береді. Экспортерді қаржыландырған күннің өзінде сатып алушы тауар үшін жоғарыда айтылған есеп айырысу әдісінің бірін пайдалана отырып төлеуге тиісті. Төлем әдісін қарастырғанда тауарды жөнелту құжаттары ерекше роль атқарады. Ол құжаттарға мыналар жатады: шот-фактура, сақтандыру туралы уақытша куәлік, сақтандыру сертификаттары немесе полисі, коносамент немесе көлік тасымалдау құжаттары. Мұндағы коносамент - тасмалдауға қабылдаған тауарлар үшін кеме иесінің атынан берілген қол хатты; тауарды көзделген орынға сол қалпында жеткізуге байланысты міндеттемесін, меншік етуге арналған құжатты білдіреді. Тек коносаментті ұстаушы ғана көлік компаниясына тауарды көзделген жерге жеткізуді талап ете алады. Бұл жерде экспортқа шығарылатын тауарларға деген заңды құқық экспортерден шетелдік сатып алушыға тиісті құжат арқылы өтетіндігін есте сақтау керек. Мұндай келісім халықаралық сауда да әр түрлі әдістерді салыстыруда маңызды.

Экспортер үшін біршама сенімді төлем әдісі - бұл тауарды тиеуден бұрын аванс түрінде толық төлемді алу. Мұндай кезде экспортер шетелдік сатып алушының тауары үшін төлеуден бас тарту тәуекелінен аулақ болады. Аванстық төлем сатып алушыға ешқандай да несиені бермей, өзі бұл сауданы несиелеу кезінде қаржылаңдыруға, сондай-ақ экспорттың сауда үшін ақша қаражатын айналым капиталына салуға да тиіс емес. Бірақ бұл жерде экспортер ақшалай қаражаттың тиеуді жүзеге асырғанға дейін төленетіңдігіне сенімді болуға тиіс.

Бұл жағдайда чек, тратта немесе төлем тапсырмаларының экспортердің елінен тыс жерде төленуінен қауыптену керек. Мұндай жағдайда экспортер банкке чектің (регрессінің) болуын талап етеді, бұл дегеніміз, егерде шетелдік сатып алу бойынша франкіні сатып алып, оның шотын дебеттеуін көрсетеді. Егер клиенттің өзінің британдық банкіде, француз валютасында банктік шоты бар болса, ол траттаның осы валюталық шотты дебеттеу арқылы берілуін сұрайды. Британ банкі клиенттің шотын дебеттейді және траттаны клиентіне береді, клиент ол траттаны Франциядағы жабдық-таушысына жібереді. Тратта Британ банкінің Франциядағы банк-корреспондентіндегі шотқа жазылады. Бұл шот франкте жүргізіледі. Британ банкі француз банкіне сол траттаны бергендігі туралы хабарлап, одан француз сол жабдықтаушы траттаны берген кезде британ банкіндегі өзінің шотын дебеттеуін сұрайды. Бұл сұраным авиапоштамен хат түрінде жіберіледі. Нәтижесінде француз жабдықтаушы француз банкіне траттаны төлеуге береді, ал банк төлемді орындаған соң Британ банкінің (франкідегі) шотын дебеттейді.

Жоғарыда айтылғандар шетел валютасындағы траттаны төлеуге қатысты. Сонымен бірге фунт стерлингте төлеуі туралы үкімді қамтитын банктік траттада жазылуы мүмкін. Бұл жағдайда шетелдік жабдықтаушы сол траттаны Франциядағы өз банкіне бере отырып ондағы төлемді инкассалауды сұрайды.

Банктік тратта кең пайдаланылады, алайда бұл төлемнің бәсендеу әдісін сипаттайды, сондықтан оны, егер төлемді тез арада төлеу керек болған жағдайда пайдаланбайды. Банктік траттаның басты артықшылығы, мұнда экспортер өзіне тиісті төлем сомасын алуға тікелей мүмкіндік алады. Егер ол тратта аванстық төлем үшін жазылған болса, онда оны экспортер өзінің тауарын шетелге шығарудан бұрын алуды күтеді, оның келуі тауардың тез арада жөнелтуін жеделдетеді. Пошталық аударым (пошталық төлем тапсырмасы) бір банктің екінші (шетелдік) банкке жіберілген, яғни онда көр-сетілген соманы бенефициарға төлеу туралы жазбаша төлем тапсырмасын білдіреді. Пошталық аударым банктен әуепошта арқылы шетелдік банкке жіберіледі. Банктік траттадағы жағдай сияқты шетел банкінде аударымды жіберушінің атындағы шотта ақша болуға тиіс, сол шоттан бенефициарға қаражат төленеді. Банктік траттадан пошталық аударымның айырмашылығы мұнда банк клиентінің шетелдік жабдықтаушыға емес, банктің басқа банкке аударым жасауымен байланысты сипатталады. Қаншалықты пошталық аударым әуепошта арқылы кіберілсе, ол соншалықты банктік траттаға қарағанда есеп айырысыу әдісінің тездігін білдіреді. Бірақ оның кешігуі немесе жоғалуы әркез болып қалуы мүмкін. Телеграфтық аударым: пошталық аударым сияқты процестерді қарастырады, төлем тапсырмаларын қарастыра отыып, ол әуепоштамен емес, телеграф немесе факс арқылы жіберіледі. Сондықтан да телеграфтық аударымдар клиент біршама қымбат болғанымен, бірақ олар төлемді жылжытады. Ірі сомадағы төлем телеграфтық аударымдар арқылы немесе СВИФТ жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады. Телеграфтық аударымның да кешігуі немесе поштада түпнұсқалардың жоғалып кету қаупі бар. Мұнда бұл ин-прукциялардың түпнұсқалығын дұрыс тексеру мәселесі орын алады. Пошталық аударымға қарағанда оның түпнұсқасын тексеру, ондағы қолдарды салыстыру арқылы емес, яғни бақылау кілтінің түпнұсқасын, сондай-ақ телем сомасын тексеру арқылы жүзеге асырылады. СВИФТ жүйесі халықаралық ақшалай аударымдарға және халықаралық ақшалай экспресс аударымдарға жатады. СВИФТ - телекс арқылы қаржылық есеп айырысуларды халықаралық банктік ұйымдастыру жүйесі Бұл жетілдіру өзара халықаралық телекоммуникация желілер арқылы байланысқан қатысушы-банктердің кампьютерлік жүйесін пайдаланғанда ғана орындалады. Төлем туралы хабар, алушы банктің клинтерінде қағазға басылып шығады. СВИФТ жүйесінің кеңеюіне байланысты телеграфтық аударымдар қатары қысқаруда, себебі, СВИФТ жүйесінің өзіндік есеп айырысу әдістері бар. СВИФТ жүйесінің хабары - пошталық аударымдарға балама бөлемдерді сипаттайды.

1. 3 Шетел төлем балансы мен ақша-несие және валюталық операциялардың

жүргізілу тәртібі

Валюталық бағам дүниежүзілік валюта жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып саналады. Тауарлармен, қызметтермен саудаласқанда, ка-питалдар мен несиелердің қозғалысы кезінде, дүниежүзілік және ұлттық нарықтардың бағаларын, сонымен бірге әр алуан елдердің ұлттық немесе шетелдік валюталарға шаққандағы құндық көрсеткіштерді салыстырған уақытта, фирамалардың және банктердің есепшоттарын шетел валютасымен қайта бағалаған кезде валюталарды өзара айырбастау үшін валюталық бағам аса қажет. Валюталық бағам - шетелдің ақша бірлігіне шаққандағы бір елдің ақша бірлігінің бағасы. Сол бойынша экспорттаушы саудадан түскен шетел валютасын ұлттық валютаға алмастырады. Басқа елдің валюталары сол мемлекеттің аумағында заңды және төлем құралы ретінде қолданылмайды. Өзге елден сатып алынған тауарға төлеу үшін импорттаушы ұлттық ақшаны шетел валютасына алмастырады. Берешектерін өтеуді және сыртқы заемдар бойынша проценттерді төлеуді мақсат еткен борышқор шетел валютасын ұлттық ақшаға айырбастайды. Сырттай қарағанда валюталық курс айырбасқа қатысушылар үшін валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы мен айқындалатын бір валютаны екіншіге қайта есептеу коэффициенті болып табылады. Дегенмен, тауарларға, қызмет көрсетуге, инвестицияларға белгіленген бағалардың орташа ұлттық деңгейін көрсететін сатып алу қабілеттілігі валюталық бағамның құндық негізі болып есептеледі. Тауар өндірушілер мен сатып алушылар валюталық бағамның көмегімен ұлттық бағаларды өзге елдердің бағаларымен салыстырады. Сондай салыстырудың нәтижесінде сол елде қандай да бір өндірісті немесе сырт жерде инвестицияны дамытудың тиімділік дәрежесі айқындалады.

Капиталдардың халықаралық қозғалысының шұғыл көбеюіне байланысты валюталық бағамға тауарларға және қаржы активтеріне қатынасына қарай валютаның сатыпалуға қабілеттілігі әсер етеді.

Валюталық бағам мынадай факторлардың ықпалымен қалыптасады:

1. Құнсыздану қарқыны. Сатып алу қабілетіне (сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі) қарай құндылық заңының әрекетін бейнелейтін валюталар арақатынасы валюталық бағам. Пассивті төлем балансы ұлттық валюта бағамынының төмендеу беталысына себепші болып, өздерінің сыртқы міндеттемелерін өтеу үшін борышқорлар оны шетел валютасына сатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компанияның банкроттығы мен төлем қабілетсіздігінің теориялық негіздері. Жалған банкроттық қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Валюта жүйе: мәні мен түрлері және негізгі элементтері
Кәсіпорынның банкроттығы мен төлем қабілетсіздігінің теориялық негіздері
КӘСІПОРЫНДЫ ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙДАН ШЫҒАРУ ӘДІСІ
Халықаралық валюта жүйесі және оның кезеңдері
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру
ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
Дүниежүзілік валюталық жүйе
Кәсіпорынды басқаруда бөліксіздік таныту
ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz