Екінші деңгейдегі банктер ұғымы мен атқаратын қызметтері


Жоспары
Кіріспе [3-6]
- Екінші деңгейдегі банктер ұғымы мен атқаратын қызметтері [7-9]
- АҚ «Халық банкі» тарихы мен дамуы [10-13]
- АҚ «Халық банкі» құрылымы [14-17]
- АҚ «Халық банкі қызмет түрлері» [18-46]
Қорытынды [47-49]
Пайдаланылған әдебиеттер [50]
Кіріспе
Бірқатар ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализм дамуының мануфактуралық сатысында - XІV және XV ғасырларда Италияда несие қатынасының кең ауқымды дамуымен байланысты пайда болған. Кейбір ғалымдар банктердің бұдан да ертерек - феодализм кезінде төлем делдалдары ретінде пайда болды деп есептейді. «Банк» сөзі «үстел» мағынасын беретін италияндық «banco» сөзінен шыққан. Банко - үстелдер тауарлардың сауда-саттығы қызу жүретін алаңдарға қойылатын. Сауда-саттық мемлекеттерде, қалаларда және жекелеген қалаларда шақа соғылатын әр түрлі монеталармен жүзеге асырылды.
Банктің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның осы заманғы ұғымын қарастырып көрелік. Банк істерінен хабары жоқ адам оны тек ақшаны сақтаудың орны деп жаңсақ әрі үстірт ойлап қалуы мүмкін. Банк қызметтері әр түрлі. Сондықтан да адамдардың банк туралы түсініктері де әр қилы. Кейбіреулер оны мекеме, енді біреулері оны ұйым, үшіннші біреулер оны экономикалық басқарудың органы деп санаса, ал тағы біреулері оған делдалдық ұйым ретінде қарайды. Банктің мұндай анықтамаларын оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерден, кезеңдік баспасөзден, тіпті заң, ереже, нұсқау секілді ресми құжаттардан да кздестіруге болады. Алайда, банктің мәнінін терең зерделеген И. О. Лаврушин болатын. Ол банк мәнін зерделеудің мынадай әдістемелік негіздерін ұсынады:
- банк мәнін макродеңгейде оның қызметімен байланыстыра отырып талдау;
- оның мәнін әр түрлі тұрпаттарына қарамастан банктің біртұтас жүйесі ретінде қарастыру;
- банктің мәнін ашып көрсету оның басқа экономикалық институттардан айрықшаланатын өзіндік ерекшеліктерін ашуды қажет етеді;
- банк мәнін ашып көрсету оның құрылымын ашып көрсетуді қажет етеді.
Әрине, банктің мәнін оның қандай да бір клиентке қатынасы бойынша қызметін қарастыру арқылы түсінуге болмайды. Банк нақты клиентке қатынасы бойынша бірқатар өз қызметін орындауы мүмкін, бірақ бұған қарап оны банк деп ұғуға болмайды. Нақты клиентке банк көрсететін 100-120 қызмет түрлерінің бәрі бірдей қажет бола бермейді. Сол себепті де банктің мәнін талдағанда жеке бір банктің операцияларымен шектеліп қалмау керек.
Банктің мәні банктердің тұрпаттары ментүрлеріне қарамастан бірыңғай болады әрі оның мәні екінші деңгейдегі банкке де, инветициялық банкке де, эмиссиялық банкке де бірдей тән болып келеді. Бұл аталған банктердегі операциялар да, қызмет ету аясы да бір-бірінен өзгеше болады, бірық бұл арадағы банктің мәні өзгеріссіз қалады және олардың барлығына бірдей тән.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ - өз клиенттерінің игілігі үшін 80 жылдан астам уақыт табысты қызмет етіп келе жатқан Қазақстан Республикасындағы аса ірі әмбебап коммерциялық банк, еліміздегі ең сенімді әрі қызметі барынша сараланған қаржылық құрылымдардың бірі.
«Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамы бұрынғы Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің негізінде қайта құрылды және біраз жылдар бойы ҚР Үкіметінің зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөніндегі агенті болып келді. 2001 жылы жүргізілген Халық банкін жекешелендіру рәсімі нәтижесінде Банк өз клиенттеріне кең ауқымды және барынша сапалы қызметтер спектрін ұсыну мүмкіндігін беретін бизнес құрылымын жасауға қол жеткізді. Банк VISA International және MasterCard International төлем жүйесінің карточкаларын шығарады және қазақстандық пластикалық карточкалар рыногының тұрақты көшбасшысы болып келеді. Банктің айналымдағы карточкаларының жалпы саны 2, 1 млн бірліктен асып түсті, ал екінші деңгейдегі банктер арасындағы Банктің бұл көрсеткіш бойынша үлесі 50 пайыздан асады.
«Халық банкі» тобы мынадай құндылықтарды басты назарға алады:
Клиентке бет бұру:
Клиенттердің қол жеткізген табысы - бұл банктің де жетістігі Клиенттеріміздің нақты мұқтаждығын барынша ұғынуға тырысады және олардың алдына қойған мақсатына қол жеткізуі, кейде тіпті одан да биік асуларға жетуі үшін ең тиімді деген ұсыныс жасау бағытына күш салады.
Сенімділік:
Банк халықаралық құқық нормалары мен жалпылама мойындалған қағидаларды, Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Халық» тобы өз бизнесін жүргізетін басқа елдердің заңнамасын, сондай-ақ «Халық» тобының ішкі қағидалары мен ережелерін де бұлжытпай орындайды. Қашан да болсын, қай жерде болсын, қызметінің барлық саласында мүлтіксіз адал бизнес жүргізуге ұмтылады. Біз корпоративтік басқарудың еуропалық стандарттарына сүйенуге талпынып, акционерлер үшін де, клиенттер мен іскерлік серіктестер, мемлекеттік билік органдары және қызметкерлер үшін де «Халық» тобының қызметін барынша ашық әрі бүркемесіз жүргізу саясатын ұстанады. Сенімділік - «Халық» тобының іскерлік беделін сақтаудың басты кілті.
Жетекшілік:
Банк өзі қатысатын рынок сегменттерінің барлығында да клиенттерге қызмет көрсетуде жетекші орыннан көрінуге ұмтылады. Ұйымдық деңгейдегі барлық басшылар өз ісіне шынайы берілген, қажырлы да табанды энтузиазм үлгісін көрсетуде. Олар өздері басқаратын ұйымды «Халық» тобының миссиясын орындауға бағыттайды, рухтандырады, инновацияларға құптарлықпен қарайды.
Әлеуметтік жауапкершілік:
«Халық» тобы қызметінің негізгі қағидаларының бірі - халықтың барлық тобының қажеттілігі мен мүддесін қамтамасыз етуді бағдарлау. Банк қоғамды одан әрі дамыту үшін ат салысуға және әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді үлес қосуға әрі жауапкершілік сезімі жоғары корпоративтік азамат тұрғысынан көрінуге ұмтылады.
Әділеттік:
«Әріптестерімізбен ара-қатынасымызды біз өзара көмек, құрмет, ынтымақтастық, сенім және корпоративтік бірлік қағидаттарына сүйене отырып құрамыз. Біз «Халық» тобының барлық құрылымдары арасында еркін пікір алмасуды ғана емес, білім мен тәжірибе алмасуды да құптаймыз және командалық жұмысқа негізделген тиімді қызметті қолдаймыз. Біз өз қызметкерлеріміздің кәсіби деңгейін арттыруға, олардың әлеуметтік тұрғыдан нақты қорғалуына барынша көңіл бөлеміз», - дейді банк қызметкерлері. Қызметкерлерге көтерме сыйақы төлеу, олардың еңбегін мойындау әрі лауазымдық жағынан өсіру бізде әділеттік қағидатына негізделген және әр қызметкердің «Халық» тобы жетістіктеріне қосқан жеке үлесінің нәтижесімен тікелей байланысты.
Кәсібилік:
Банк кәсіби қызметтің неғұрлым жоғары стандарттарына қол жеткізуге ұмтылады, қашан да инновациялар мен жаңа ой-пікірлер үшін ашық, батыл әрі дәйекті түрде әрекет етуге әзір. Клиенттерге қызмет көрсету операцияларын адал ниетпен, уақытылы әрі сапалы түрде іске асырады, ал бұл өз кезегінде біздің клиенттермен ара-қатынасымыздың берік әрі ұзақ мерзімді болуын қамтамасыз етеді.
Міне, осы құндылықтарға терең мән бере отырып «Халық банкі» ұжымы осы уақытқа дейін үлкен табыстарға қол жеткізіп отыр.
- Екінші деңгейдегі банктер ұғымы мен атқаратын қызметтері
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 30 тамызындағы «ҚР банктері мен бан қызметі туралы» Жарлығына сәйкес біздің елімізде екі деңгейлі банк жүйесі әрекет етеді.
Ұлттық банк мемлекеттің орталық банкісі болып табылады, әрі банк жүйесінің бірінші ддеңгейін білдіреді. Ұлттық банктің міндеттері, қызмет принциптері, құқықтық статусы және өкілеттілігі республика Президентінің «ҚР Ұлттық банкісі туралы» заңдық күші бар Жарлығымен анықталады.
Қалған банктер банк жүйесінің екінші деңгейін білдіреді. Бұл, оның ішінде:
- Мемлекеттік банк - ҚР Үкіметінің шешімі негізінде құрылған екінші деңгейдегі банк.
- Шетелдік қатысушылармен құрылған банк - екінші деңгейдегі банк. Бұл банктің үштен бір акциясы ҚР-ң резиденті еместерінің, ҚР резиденті - заңды тұлғалардың меншігінде, иелігінде немесе басқаруында болады, 50%-те көп акциясы ҚР резидент еместерінің немесе осыған ұқсас ҚР резиденті - заңды тұлғалардың, сондай-ақ, ҚР резиденті еместерінің қаражатына өкімгерлік жүргізетін ҚР резиденттерінің иелігінде, меншігінде немесе басқаруында болады.
- Мемлекетаралық банктер. Олар халықаралық келісімшаттың негізінде немесе құралтайшылардың келісімі негізінде құрылып, әрекет етеді. Құралтайшылар - ҚР Үкіметі мен осы келісімшатқа қол қойған мемлекет.
- Банк операциясының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым - банк болып табылмайтын заңды тұлға. Ол ұлттық банк берген лицензияның негізінде банк операциясының жекелеген түрлерін жүзеге асыра алады.
Банктер мемлекеттік міндеттемелер бойынша жауап бермейді, мемлекет те олардың міндеттемелеріне жауапты болмайды. «Банк пен банк қызметі туралы» заңда Қазақстан Республикасында банктерді құрудың, қайта ұйымдастырудың және таратудың барлық ерекшеліктері көрініс тапқан.
Екінші деңгейдегі банк қызметінің принциптері:
- Нақты қолда бар ресурстар шегінде жұмыс істеу. Екінші деңгейдегі банктер өзінің ресурстары мен несие салымдарының арасын сандық арақатынаспен қамтамасыз етіп қана қоймай, банк активтерінің сипатын жұмылдыылған ресурстардың өзіндік ерекшелігіне сәйкестендіруге ұмтылуы керек.
- Банктердің өз қызмет нәтижесі үшін экономикалық тұрғыдар жауап беруін ұйғаратын толық экономикалық дербестік.
- Банктердің клиентпен арадағы өзара байланысы нарықтық қатынастың негізінде құрылады.
- Екінші деңгейдегі банктің жұмысы тек жанама экономикалық әдістермен реттеледі.
Банк - бұл ақшалай қаражатты тарату үшін және оларды өз атынан мерзімінде қайтару, төлеу, шартымен орналастыру үшін құрылатын ұйым. Банктің негізгі тағайындауы - ақшалай қаражатты несие берушіден қарыз алушыға, сатушыдан сатып алушыға ауыстырудағы делдалдық.
Қаржылық тәуекелдіктің субъектісі ретінде банктердің екі негізгі белгісі болады. Бұл белгілер оны басқа субъектілерден айрықшалап көрсетеді:
- Банк қызметіне борыштық міндеттемелерді екі жақты айырбастау тән. Банктер өзінің борыштық міндеттемелерін депозиттерге, жинақ ақша сертификаттарына және т. б орналастырады, ал осының негізінде жұмылдырылған қаражат қаржы нарығының өзге субъектілері шығарған борыштық міндеттемелер мен құнды қағаздарға бағытталады.
- Банктер заңды және жеке тұлғалардың алдында, мысалы, клиенттің қаражатын шотқа және салым ақшаға орналастырғанда, депозит сертификаттарын шығарғанда және т. б тіркелген борыш сомасы бар сөзсіз міндеттемені қабылдайды.
- АҚ «Халық банкі» тарихы мен дамуы
Халық Банкінің тарихы - бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы. «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған.
Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды. Ақтөбедегі жинақ кассасы ашылғаннан кейін небәрі 4 жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны 335-ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды. Касса салымшыларының қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер мен колхозшыларды неғұрлым көбірек тарту мақсатында жинақ кассаларын тікелей зауыт-фабрикалардың өзінен, колхоз-совхоздарда, байланыс мекемелері мен кәсіпорындардан ашу қолға алынды. Социалистік қоғамда қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және қаржылық қатынастардың өзі әрбір кеңестік азаматтың Жинақ банкі салымшыларының қатарына қосылуына ықпал етті. Халыққа қызмет көрсетудің орасан зор ауқымдағы жүйесі қаражат жинақтау мен банк ісінің қалыптасқан тарихи дәстүрлерін Қазақстан аумағында да бекітуге қолайлы жағдай туғызды. Жинақ кассалары сонымен қатар мемлекеттік қарыз облигацияларының, басқа да бағалы қағаздардың кепілдігімен мерзімдік несиелер берумен айналысты. Сондай-ақ оларға қор операцияларын, басқа да бірқатар қаржылық және банктік операциялар жүргізуге рұқсат етілді. Бұл кезеңдегі жинақ ісінде мемлекеттік кредит беру қалыптасып, біртіндеп дами бастады.
Ол жылдары сегіз рет мемлекеттік қарыз шығарылды, оның үшеуі - натуралдық түрде (астықпен, қантпен) болса, екеуі алтынмен есептелген болатын (ақша реформасына дейін) . 1960 жылдың аяғына қарай жинақ кассаларындағы салымшылар саны 1 770 мың адамға жетті, ал салым ақшаның көлемі 322, 7 млн сомды құрады, салымның бір адамға шаққандағы орташа мөлшері 182 сом болды. Жинақ кассаларының саны 1950 - 1960 жылдар арасында 1, 8 есеге өсіп, 1960 жылдың аяғында 2805-ке жетті. Қазақстандағы жинақ ісі мен жинақ кассалары желісінің кеңінен қанат жаюы ең алдымен еліміздегі тың және тыңайған жерлердің игерілуі нәтижесінде халық шаруашылығының қарқынды дамуымен, еңбекшілердің материалдық тұрмыс жағдайының айтарлықтай жақсаруымен байланысты болды. Тек 1955 жылдың өзінде еліміз бойынша салымшылар шоттарының 44, 1 пайызы, ал салымдар қалдығының 44 пайызы тың жерлерді игеру жаппай жүргізілген солтүстік өңірдегі Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының үлесіне тиді (М. Жолдасбеков, «Незаменимые услуги», Алматы, 1986 ж. ) . 60-жылдардың басында жинақ кассаларында тұрғындардан пәтерге, коммуналдық қызметттерге төлейтін төлемақыларын қабылдау операцияларын жүргізу қолға алынды. Сонымен бірге жинақ кассаларының құзырына зауыт-фабрикалардың, жергілікті кәсіподақ комитеттерінің, өзара көмек кассаларының және шаруашылықпен айналыспайтын қоғамдық ұйымдардың ағымдағы шоттарын жүргізу берілді. Жинақ жүйесінің одан әрі дамуы үшін ақша бірлігін күшейтудің маңызы зор болды. Алайда 1961 жылы жүргізілген реформа айналымдағы ақша массасын бақылау және ақша шығаруды шектеу шарасы ретінде ойластырылғанымен, көздеген мақсатқа қол жеткізілмеді, ол үшін бүкіл шаруашылық құрылымы қайта өзгертілуге тиіс еді, сондықтан аталған реформа ақша белгілерін ауыстырумен және сомның жаңа бағамын белгілеумен ғана шектелді.
1963 жылдан бастап жинақ кассалары Қаржы министрлігінің құрамынан шығарылып, Мемлекеттік банк қарамағына берілді, халық салымдарының қаржысы бұдан былай банктің кредит ресурсын толықтыруға жұмсалатын болды. 60-жылдардың аяғында жинақ ісінің нағыз даму шегіне жетіп, көркейген кезеңі болды: дәл сол жылдары халық шаруашылығына кредит беруге күрделі капитал қаражаты жіберілді, ал оның негізгі көзін тұрғындардың кассалардағы жинақ салымдары құрады. 1988 жылғы банктік реформа бойынша банк жүйесін екі деңгейге көшіру көзделді: орталық банк және арнаулы банктер. Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары КСРО Жинақ банкіне айналдырылып, халыққа және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін мемлекеттік арнаулы банк болып құрылды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендіккке қол жеткізуімен жинақ ісінің дамуында үшінші қайта құру кезеңі басталды - дәл осы кезден бастап Қазақстан Халық Банкінің құрылымдық банкингке және функционалдық қайта бағдарлауға негізделген ісі қолға алынды.
1990 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан өзінің нарықтық экономика талаптарына жауап бере алатын банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында-ақ «Қазақ ССР-індегі банктер және банк қызметі туралы» деген заң қабылданды, мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның банк ісіндегі реформа жұмысының алғашқы қадамы болған еді. Мемлекеттік тәуелсіздігіміз ресми түрде жария етілген соң бір жылдан кейін, 1992 жылы Қазақстан Республикасының Жинақ банкі құрылды, оның заңды түрдегі ресми құқық иеленушісі бүгінгі Қазақстан Халық Банкі болды.
1993 жылы Жинақ банкі Қазақстан Республикасының үкіметіне қарайтын дербес заңды құрылым - «Қазақстан Халық Банкі» болып ұйымдастырылды. Ал 1995 жылы Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Қайта құру рәсімі банк басшылығын ауыстырумен, жұмыс стилін түпкілікті өзгертумен ұштастырылды. Жаңа басшылық банк жұмысына әмбебап қызмет көрсету қағидатын негіз етіп алды және бүгінгі күнге дейін банк қызметі түрлерін барынша кеңейтуді, банкингтегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың соңғы жетістіктерін пайдалануды барынша қолдап әрі дәйектілікпен іске асырып келеді. 1995 жылдың аяғында-ақ Қазақстан Халық Банкі республикадағы ірі операциялық банк болып танылды. Қазіргі уақытта Банк қаржы рыногындағы өзінің сол айқындамасынан ауытқымай, қол жеткізген жетістіктерін сақтап қалуға ұмтылып келеді. 1998 жылдың шілдесінде акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғамнан Үкіметтің қатысуы 100 пайызды құрайтын «Қазақстан Халық жинақ банкі» ашық акционерлік қоғамына айналдырылды. Сол жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың 6 шілдесінде шыққан № 644 «Қазақстан Акционерлік Халық жинақ банкін 1998-2001 жылдары кезең-кезеңмен жекешелендірудің негізгі бағыттары туралы» деген қаулысына сәйкес акционерлік қоғам капиталын ұлғайту бағытында жұмыс жүргізілді. 2001 жылдың қараша айында өткен сауда-саттық аукционында Қазақстан Үкіметі өзіне тиесілі 33 пайыз + бір акцияның бақылау пакетін сатты. Осы уақыттан бастап Қазақстан Халық Банкі еліміздегі ірі әмбебап әрі жетекші коммерциялық банктердің бірі болып келеді. 80 жылдан астам өз клиенттеріне қалтқысыз қызмет етіп, сенімді қаржылық мекемеге айналып отыр.
3 АҚ «Халық банкі» құрылымы
Банктің мәні оның құрылымымен тығыз байланысты. Банкке өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын ретінде жұмыс істеріне мүмкіндік беретін құрылғыны оның құрылымы ретінде ұғуға болады. Бұл мағынада банк құрылысы төрт міндетті блокты қамтиды. Банк бұл блоктарсыз банк ретінде болмайды әрі дамымайды:
- банк капиталды сауда және өнеркәсіп капиталынан босаған өзіндік ерекшелігі бар капитал ретінде, сондай-ақ қарыз формасында артықшылыққа ие капитал ретінде болады әрі ұдайы қозғалыста болады;
- өз өнімінің сипатымен басқа кәсіпорындар мен институттардың банк қызметі;
- банк ісі мен банкті басқару саласында өзіндік ерекшелігі бар жұмыспен айналысатын адамдардың айрықша тобы;
- банк техникасын, үй ғимаратын, байланыс және коммуникация құралын, құрылғыларын, ішкі және сыртқы ақпаратын, өндірістік материалдардың белгілі бір түрлерін қамтитын өндірістік блогы.
Банктің өзіндік ерекшелігіне, оның негіздеріне және банк құрылымына жүргізілген талдаудың негізінде оны қолма-қол ақша формасындағы төлем айналымын реттеуді жүзеге асыратын кәсіпорын немесе ақша-несие институты ретінде анықтауға болады.
Енді осы банкті басқаратын басшыларға келетін болсақ:
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ң Директорлар кеңесі:
Директорлар кеңесінің Төрағасы Павлов Александр Сергеевич
Директорлар кеңесінің мүшелері:
Арыстанбекова Камиля Валерьевна
Сатылғанов Қайрат Алпамысұлы
Марченко Григорий Александрович
Елемесов Асқар Раушанұлы
Кристоф Рёль
"Қазақстан Халық банкі" АҚ-ң Басқармасы
Басқарма Төрағасы Марченко Григорий Александрович
Басқарма мүшелері
Абдулина Нәйлә Құрманбекқызы
Заиров Марат Заирұлы
Қарабаев Дәурен Сапаралиұлы
Құсаинов Асқар Маратұлы
Сатубалдин Марат Сағандықұлы
Смағұлов Асқар Сағидоллаұлы
Үскімбаев Қожамұрат Бейісұлы
Шаяхметова Үміт Болатханқызы
Банктің әр облыстар ашқан өз филиалдық жүйелері бар. Атап өтетін болсақ, “Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ” АҚ филиалдары :
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz