Атамекен» зейнетақы қоры үшін азаматтарды тіркейтін автоматтандырылған ақпараттық жүйе жасау



Мемлекет саясатының әлеуметтік-экономикалық облысындағы негізгі мәселесі зейнетақылық қамсыздандыру болып табылады.
Зейнетақылық жүйелер 100 жылдан астам бұрын пайда болса да, бірнеше реформалау кезеңінен өтті. Бұл ертеде реформаларды жүргізу кезінде есепке алынбай келген демографиялық өзгерістерге байланысты.
Осындай саясат мемлекеттік бюджеттердегі зейнетақылық жүктің жоғарылауына әкелді де, мемлекеттің алдына таратушы зейнетақылық жүйені азайтып, жинақтаушы зейнетақы қорын құру мәселесін қойды.
«Зейнетақы қызметі нарығында көшбасшы болу үшін, көп нәрсе қажет. Соның ішінде, талас тудырмайтын ең маңыздысы - өз ісіңе шын берілу. Әуел бастан-ақ біз өз алдымызға бірінші болу мақсатын қойдық. Сондықтан біздің өз салымшыларымызға ұсынарымыз – тек көтеріңкі табыс, жоғарытехнологиялы және сапалы қызмет көрсетулер болмақ», - дейді ЖЗҚ бастаушылары.
«Атамекен» жинақтаушы зейнетақы қоры № 0000001 мемлектеттік лицензиямен жұмыс істейді. Қор зейнетақы жарналарын тарту және төлеуді жүзеге асыру бойынша қызмет көрсетеді және зейнетақы жинақтау қорларының үздік үштігіне кіріп, олардың зейнетақы активтерінің жалпы сомасы бүкіл зейнетақы жүйесінің 63,3%-дан астамын құрайды.
«Атамекен» жинақтаушы зейнетақы қоры ірі институционалдық инвестор болып табылады. Қордың зейнетақы активтерінің үштен екі бөлігі «А» тізіміндегі корпоративтік эмитенттердің құнды қағаздар шығаратын акциялары мен облигацияларына, ипотекалық облигацияларға, Қазақстан даму банкі облигацияларына, екінші деңгейдегі банктер депозитіне салынған. Бұл - республикамыздың экономикалық секторының дамуына қосылған елеулі үлес екені даусыз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау концепциясын бекіту туралы» Қаулысы қабылданғаннан кейін қордың акционерлері бірінші болып бұл идеяға қолдау көрсетті және жинақтаушы зейнетақы қорын құру жөнінде стратегиялық шешім қабылдады. Осылайша, республиканың қаржы нарығында бірінші корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қоры пайда болды.
1. Проблемы совершенствования пенсионной системы Республики Казахстан//Доклады Национальной Академии наук Республики Казахстан, № 4-2006 г., стр.71-74, 0,26 п.л.
2. Современное состояние пенсионной системы Казахстана и пути ее совершенствования//Вестник Национальной Академии наук Республики Казахстан, № 4-2006 г., стр.90-94, 0,26 п.л.
3. Мировой опыт пенсионных систем и проблемы Казахстана на пути реформ// Вестник Национальной Академии наук Республики Казахстан, № 5-2006 г., стр.96-99, 0,27 п.л.
4. Проблемы гендерной асимметрии в накопительной пенсионной системе в Республике Казахстан и пути их решения//Вестник Университета Международного Бизнеса, № 1(3) – 2007г., стр.103-106,0,3 п.л.
5. Опыт моделирования пенсионных систем, необходимость моделирования пенсионной системы Казахстана. Материалы международной научно-практической конференции. Университет Международного Бизнеса. 10 ноября 2006 года, стр.107-112, 0,25 п.л.
6. Некритическое копирование мирового опыта или проблемы пенсионной системы. Материалы международной научно-практической конференции, посвященной 15-летию независимости Республики Казахстан «Национальная конкурентоспособность Казахстана: теория, практика, перспективы». Алматы. 7-8 декабря 2006 года, стр. 322-326, 0,35 п.л.
7. Альтернатива пенсионной реформы. Материалы научно-практической конференции «Информационные процесс в казахстанском обществе: менеджмент и маркетинг». КазУЭФиМТ. Астана. 12 декабря 2006 года, стр.247-252, 0,6 п.л.
8. ГОСТ 12.2.032 78. ССБТ (Система стандартов безопасности труда). Рабочее место при выполнении работ сидя. Общие эргономические требования.
9. СанПиН для работников вычислительных центров от 22.05.95 г.
10. ГОСТ 2239-79. Лампы накаливания общего назначения. Технические условия.
11. Санитарные нормы и правила (СанПиН) 2.2.2/2.4.1340-03. Гигиенические требования к персональным электронно-вычислительным машинам и организация работы.
12. Федеральные законы: «Об акционерных обществах» (в последней редакции от 29 декабря 2004 г.); «Об обществах с ограниченной ответственностью» (в последней редакции от 29 декабря 2004 г.) – М.: Книга сервис, 2005. – 128 с.
13. Экономика: Учебник / Под ред. Булатова А.С. – М.: Юристъ, 2003. – 734 с.
14. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Н.Ә.Назарбаев 01.03.2006ж
15. Дж. Мартин «Организация баз данных в вычислительных системах», Мир, Москва, 1990 г.
16. К. Дейт «Введение в системы управления базами данных», БИНОМ, Москва, 1999 г.
17. В. М. Стриганов и др. «Библиотечно-библиографическая классификация», Книга, Москва, 1986 г.
18. М. А. Аппак «Автоматизированные рабочие места на основе ПЭВМ», Радио и связь, Москва, 1989 г.
19. В. Л. Бройдо, В. С. Крылова «Научные основы организации управления и построения АСУ», Высшая школа, Москва, 1990 г.
20. А. Ф. Иоффе «Персональные ЭВМ в организационном управлении», Наука, Москва, 1988 г.
21. ГОСТ 12.2.032 78. ССБТ (Система стандартов безопасности труда). Рабочее место при выполнении работ сидя. Общие эргономические требования.
22. СанПиН для работников вычислительных центров от 22.05.95 г.
23. ГОСТ 2239-79. Лампы накаливания общего назначения. Технические условия.
24. Санитарные нормы и правила (СанПиН) 2.2.2/2.4.1340-03. Гигиенические требования к персональным электронно-вычислительным машинам и организация работы.
25. Федеральные законы: «Об акционерных обществах» (в последней редакции от 29 декабря 2004 г.); «Об обществах с ограниченной ответственностью» (в последней редакции от 29 декабря 2004 г.) – М.: Книга сервис, 2005. – 128 с.
26. Питеркин С.В., Оладов Н.А., Исаев Д.В. Точно вовремя для России. Практика применения ERP-систем. – М.: Альпина Паблишер, 2002. – 368 с.
27. Сайт фирмы «1С» по платформе «1С:Предприятие 8.0»: http://v8.1c.ru/
28. Киселев А.Г. Интегрированная система управления для промышленного предприятия (ERP): учебное пособие. – Новосибирск – 2004. – 219 с.
29. Форум сайта ITLand (ERP, MRP II, FRM, CRM, HRM & 1С:Предприятие 8.0): http://itland.ru/

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ сму

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультеті

Автоматтандыру және басқару кафедрасы

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
_________Золотов А.Д.
______________2009ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: Атамекен зейнетақы қоры үшін азаматтарды тіркейтін
автоматтандырылған ақпараттық жүйе жасау

Орындаған ВТ-527 топ студенті ____________ Абдраимов А.Н.

қолы

Жетекші: аға оқытушы ____________ Мадиев Т.Б.

қолы

Семей
2009
Реферат

Түсіндірме жазба 89 беттен, 39 суреттен, 13 кестеден және 1 қосымшадан
тұрады.

АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕ, АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК, АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ,
ВЕКСЕЛЬ, КАРТОЧКА, АҚПАРАТТЫҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫ, ЗЕЙНЕТАҚЫЛЫҚ ОПЕРАЦИЯ, ТӨЛЕМДЕР,
МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫ, ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ, КЕЛІСІМ-ШАРТ

Жобаның тақырыбы: Атамекен зейнетақы қоры үшін азаматтарды тіркейтін
автоматтандырылған ақпараттық жүйе жасау
Дипломдық жобада Атамекен зейнетақы қоры жұмысын автоматтандыруға
арналған жаңа программалық қамсыздандыру жасалды. Бұл программалық
қамсыздандыру барлық стандарттарға сай.
Сонымен қатар дипломдық жобаны орындау барысында осы программалық
жүйенің қауіпсіздік шаралары мен экономикалық тиімділігі есептелді.
Программаның экономика жағынан өте тиімді, қолайлы екендігі дәлелденді.

Кіріспе

Мемлекет саясатының әлеуметтік-экономикалық облысындағы негізгі
мәселесі зейнетақылық қамсыздандыру болып табылады.
Зейнетақылық жүйелер 100 жылдан астам бұрын пайда болса да, бірнеше
реформалау кезеңінен өтті. Бұл ертеде реформаларды жүргізу кезінде есепке
алынбай келген демографиялық өзгерістерге байланысты.
Осындай саясат мемлекеттік бюджеттердегі зейнетақылық жүктің
жоғарылауына әкелді де, мемлекеттің алдына таратушы зейнетақылық жүйені
азайтып, жинақтаушы зейнетақы қорын құру мәселесін қойды.
Зейнетақы қызметі нарығында көшбасшы болу үшін, көп нәрсе қажет.
Соның ішінде, талас тудырмайтын ең маңыздысы - өз ісіңе шын берілу. Әуел
бастан-ақ біз өз алдымызға бірінші болу мақсатын қойдық. Сондықтан біздің
өз салымшыларымызға ұсынарымыз – тек көтеріңкі табыс, жоғарытехнологиялы
және сапалы қызмет көрсетулер болмақ, - дейді ЖЗҚ бастаушылары.
Атамекен жинақтаушы зейнетақы қоры № 0000001 мемлектеттік
лицензиямен жұмыс істейді. Қор зейнетақы жарналарын тарту және төлеуді
жүзеге асыру бойынша қызмет көрсетеді және зейнетақы жинақтау қорларының
үздік үштігіне кіріп, олардың зейнетақы активтерінің жалпы сомасы бүкіл
зейнетақы жүйесінің 63,3%-дан астамын құрайды.
Атамекен жинақтаушы зейнетақы қоры ірі институционалдық инвестор
болып табылады. Қордың зейнетақы активтерінің үштен екі бөлігі А
тізіміндегі корпоративтік эмитенттердің құнды қағаздар шығаратын акциялары
мен облигацияларына, ипотекалық облигацияларға, Қазақстан даму банкі
облигацияларына, екінші деңгейдегі банктер депозитіне салынған. Бұл -
республикамыздың экономикалық секторының дамуына қосылған елеулі үлес екені
даусыз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасында
зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау концепциясын бекіту туралы
Қаулысы қабылданғаннан кейін қордың акционерлері бірінші болып бұл идеяға
қолдау көрсетті және жинақтаушы зейнетақы қорын құру жөнінде стратегиялық
шешім қабылдады. Осылайша, республиканың қаржы нарығында бірінші
корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қоры пайда болды.
Бірінші қазақстандық қор зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы
төлеуді жүзеге асыру қызметі бойынша № 0000001 мемлекеттік лицензиясын
алды. Қазақтелекомның бүкіл ұжымы Қордың салымшыларына айналды.
Жарғының жаңа редакциясының қабылдануына байланысты Атамекен
жинақтаушы зейнетақы қоры Жабық Акционерлік Қоғамы - Атамекен жинақтаушы
зейнетақы қоры Акционерлік қоғамы болып атауын өзгертті.
Атамекен жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ салымшыларының зейнетақы
жинақтары 100 млрд. теңгеден асты.
2007 жылы жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері 200 млрд.
теңгеден немесе 1,5 млрд. АҚШ долларынан асты.
2009 жыл. Атамекен жинақтаушы зейнетақы қоры- зейнетақы нарығында
бірінші рет әділ прогрессивті комиссиялық сыйақы шкаласын қолданған жалғыз
Қор.
Салымшылары 2008 жылы дағдарыста жоғалтқандарының орнын Атамекен
жинақтаушы зейнетақы қоры өз капиталының есебінен толтырды. 5 миллиард 868
миллион теңге, салымдар мен зейнетақы шоттарындағы жарналарының болу
мерзіміне пропорционалды, қазіргі барлық салымшылар арасында бөлінді.
Бүгін Атамекен жинақтаушы зейнетақы қоры- мемлекетіміздің барлық
аймақтарында 17 филиал мен 60 бөлімшелерден құралған жүйе арқылы
салымшыларға қызмет көрсететін жүйе құрушы қорлардың бірі.

1 Сұрақ жағдайы

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Автоматтандыру және басқару кафедрасы

БЕКІТЕМІН
Каф. меңгерушісі____________А.Д.Золотов
______________________2009 ж.
(күні) (айы)

Жобаның тақырыбы: Атамекен зейнетақы қоры үшін азаматтарды тіркейтін
автоматтандырылған ақпараттық жүйе жасау

Дипломдық жобада Атамекен зейнетақы қоры жұмысын автоматтандыруға
арналған жаңа программалық қамсыздандыру жасалды. Бұл программалық
қамсыздандыру барлық стандарттарға сай.
Сонымен қатар дипломдық жобаны орындау барысында осы программалық
жүйенің қауіпсіздік шаралары мен экономикалық тиімділігі есептелді.
Программаның экономика жағынан өте тиімді, қолайлы екендігі дәлелденді.
Салымшылар үшін Қор келесі қызмет түрлерін көрсетеді:

־ зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау;
־ жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері жөнінде кеңес беру;
־ салымшының несие ресімдеуі үшін жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жағдайы
туралы көшірме беру;
־ зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасау;
־ дербес корпоративтік менеджер бекіту;
־ анықтама-растау кұжаттарын ресімдеу.
Қазіргі кезде өндірісте және кәсіпорындардың құжат алмасуында
компьютерлік техника кең қолданылады. Үнемі өңделетін ақпараттың көлемі мен
күрделілігі өсіп келеді. Тәжірибе көрсететіндей бұдан 5-10 жыл бұрын
компьютердің көмгінсіз атқарған жұмыстарын қазір көптеген қолданушылар оның
көмегінсіз жұмыстың іске асырылуын мүмкін емес деп есептейді. Төменде
мәліметтер қорымен, құжаттармен жұмыс кезінде қолданылатын есептеуіш
техникасын қолдану артықшылықтарының толық емес тізімі келтірілген:
־ Ақпарат сенімділігін оперативті бақылау мүмкіндігі, өнімділікті
мәліметтер; мәліметтерді генерациялау кезінде мүмкін болатын қателер саны
азаяды;
־ Енгізілген сәттен бастап-ақ мәліметтер әртүрлі операцияларға
қатыстырылады;
־ Қажетті есеп берулерді шапшаң алу мүмкіндігі;
־ Қажетті ақпаратты тез табу мүмкіндігі (сонымен қатар контексті іздеу
көмегімен), ал құжаттары бар қарапайым папкада ақпарат іздеу қиынға
соғады;
־ Ақпаратты өңдеумен байланысты операцияларды орындау кезіндегі уақытты
және адам ресурстарын айтарлықтай үнемдеу;
־ Тез әрі адамға қолайлы түрде мәліметтерді қарап шығу мүмкіндігі, ол
қабылдау дәрежесін жоғарлатады.
Жоғарыда аталған артықшылықтардың барлығын қарапайым қолданушылар ғана
бағалап қоймай, басқару құрылымдары да , әсіресе оның ақпаратты бақылау мен
іздеуге қатысты тиімділігін атайды. Осыған байланысты салық полициясы жеке
тұлғалар бойынша бірыңғай, электронды мәліметтер қорының болуына
қызығушылық танытады, себебі мұндай қордың болуы салық төлеуден бас тарту
(жасыру, табыстарды азайтып көрсету, бір реттік жеңілдіктерді қайта қолдану
және т.б.) процесін күрделендіреді.

Орындаушы ____________ Абдраимов А.Н.
(қолы)
(аты-жөні)
Дипломдық жоба жетекшісі ____________ Мадиев Т.Б.

(қолы) (аты-жөні)
2 Техникалық- экономикалық негіздеме

Дипломдық жобаның техникалық тапсырмасына сәйкес жобаның тақырыбы
болып Атамекен зейнетақы қоры үшін азаматтарды тіркейтін
автоматтандырылған ақпараттық жүйе жасау бекітілді. Осы дипломдық
жобада Атамекен зейнетақы қорының АЖО қарастырылды. Осыған сәйкес сол
программалық қамсыздандыруға кеткен, жұмсалған техника бұйымдарының
технологиялық және экономикалық параметрлері туралы ақпараттар
коммерциялық құпия болғандықтан базалық нұсқа ретінде жасалынатын өлшеу
жүйелерінің біреуін таңдау керек. Оптималды еңбек жағдайын құру кезінде
орындалатын жұмыстардың қолайлылығын қанағаттандыратын, энергияны және
оператор уақытын үнемдейтін жұмыс орнын дұрыс жоспарлау үлкен мәнге ие.

Кез-келген кәсіпорында ақпараттық-басқарушы жүйені құрудың маңызын
арттыру үшін, оны құруға арналған еңбектік, материалдық және қаржылық
шығындардың алдын-ала жоспарланғаны дұрыс. Бұл жағдайда Атамекен
жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық-басқарушы жүйесін құруға кеткен
шығындар программисттің жұмысына және желіні жүктеуге кеткен машиналық
уақыттың ақысына жұмсалған шығындардан тұрады.
Шжалп=Шпр + Шмаш (адамсағ)
мұнда: Шжалп – құруға кеткен жалпы шығындар,
Шпр – программаны құрушының еңбек ақысына кеткен шығындар,
Шмаш – машиналық уақыт ақысына кеткен шығындар.

Сондықтан да жобаланушы бұйымның өзіндік құнын есептеу кезінде дәлме-
дәл есептеу әдісі қолдануы керек.
Программаны және оның алгоритмін жетілдіру үстінде келесі экономикалық
есептеулер жасалды:

• Таңдау нысанын негіздеу;
• Программаны жасауға және программаның құнына кеткен шығындар;
• Салыстырылатын варианттар бойынша капиталдық аударылымдарды қою және
есептеу;
• Салыстырылатын варианттар бойынша эксплуатациялық шығындарды есептеу
және қою;
• Программаны енгізу нәтижелерінің жылдық экономикалық тиімділігін және
тиімділік көрсеткіштері есебін жасау;
• Салыстырмалы экономикалық есептеулер.
Әзірленген программалық қамсыздандыру қойма саласы үшін арналған.
Ауруханадағы өңделетін ақпараттардың көлемінің өсуіне байланысты
құжатайналымның автоматтандырылған жүйесі маңызды болып табылады.
Программдық қамсыздандыруды әзірлеуге және шығындарды есептеу үшін шығындар
калькуляциясы бойынша іске асырылады. Өнімді шығару үшін шығындар сметасы
келесі экономикалық элементер арқылы құрылады:

• материалдық шығындар
• еңбекке төлеу фонды
• әлеуметтік мұқтаждықтарға аударымдар
• Амортизациялық аударымдар
• қосымша шығындар.
Бұл бөлім шығындардың келесідей тізімінен тұрады: тікелей материалды
шығындар, жанармайға шығындар, энергияға кететін шығындар, байланыс
қызметтеріне төлемдер, басқа ұйымдардың қызметін қолдануға кеткен төлемдер.

Программалық қамсыздандыруды жасауға кеткен шығындар сметасына кіреді:
материалдық шығындар, құрастырушылардың қосымша еңбек ақысы, негізгі еңбек
ақы, 45000 тенге айына;, әлеуметтік салық бойынша аударымдар, программаны
жасау және күйлеуге кеткен машиналық уақыт, накладной шығындар
(құрастырушының негізгі еңбек ақысының 20%-ы).
ЖЗҚ-ң ақпараттық мәселерін шешу үшін аз уақыттың ішінде дербес
компьютерлер сатып алынуы қажет. Осы себептен ақпараттық жүйе жобалау
процесінде келесі сипаттамаларға ие болуы шарт: қарапайымдылық, дәйектілік,
жылдам әрекет ету. Осы қойылған талаптар жобаланып отырған жүйенің
экономикалық тиімді болуына септігін тигізеді.
Кез –келген программаны жасау тек қана ой қабілеттерін қажет етіп
қоймай, оған қоса материалдық және еңбек ресурстарын да қажет етеді. Жоба
құрушылар осы және басқа да жұмыстардың орындалу процестерін экономикалық
тиімді жолмен шеше білуі керек. Бұл жағдайда жұмыс орнын қаптаған
қағаздардан (құжаттарды қағаз түрінде сақтау) құтқарып қана қоймай,
уақыттық және еңбектік шығындарды азайту талап етіледі.
Қазір экономиканың дамуы көбінесе көрсетілетін сервистердің сапасына,
орындалу жылдамдығына байланысты. Ақпаратты тез уақытта алу электронды
жабдықтардың қолданылуына байланысты. Осы жобаның өзі электронды түрде
жұмыс істеп, қызметкерді қағаз жұмысынан босатады. Осыдан әрі мен,
енгізілетін жүйенің экономикалық тиімділігін санаймын.
Осы дипломдық жобада әзірленген программдық қамсыздандыру зейнетақы
тіркеу орнының құжатайналымының автоматтандырылған тапсырмаларын шешеді.
Өнім шығындарды және фирмалардағы құжаттармен жұмыс істеу (іздеу, сақтау,
орындалуды бақылау) уақытын азайтады. Сонымен қатар өнім барлық жерде
қолданыла алады.

3 Қазақстан Республикасының Атамекен жинақтаушы зейнетақы жүйесінің
ағымдағы жай-күйі және салыстырмалы анализ

Қазіргі жағдай бойынша республикада 16 жинақтаушы зейнетақы қоры
(бұдан әрі – ЖЗҚ) өз қызметін жүзеге асырды, олардың республика
аймақтарында 72 филиалы мен 73 өкілдігі бар.
10 ұйым жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды жүзеге асырды, олардың 2 жинақтаушы зейнетақы қоры
зейнетақы активтерін дербес басқару лицензиясына ие: МЖЗҚ АҚ және
Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ АҚ. Бір ұйымның басқаруында жинақтаушы
зейнетақы қорларының зейнетақы активтері жоқ (Ақ ниет ЗАБК ЖАҚ) екенін
атап өткен жөн.
Есепті күнде 9 екінші деңгейдегі банк және Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі кастодиандық қызметті жүзеге асыруда. Сонымен бірге, 7 екінші
деңгейдегі банк жинақтаушы зейнетақы қорларына кастодиандық қызмет
көрсетеді: Нұрбанк Акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "Атамекен”
жинақтаушы зейнетақы қоры ашық акционерлік қоғамы, Казкоммерцбанк АҚ,
HSBC Банк Қазақстан ЖАҚ Еншілес банкі, Банк ЦентрКредит ААҚ, Қазақстан
Халық Жинақ Банкі ААҚ, ТЕМІРБАНК АҚ, Еуразия Банкі АҚ, АСҚ Банкі АҚ,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.

3.1 "Атамекен” ЖЗҚ-ның салымшылары (алушылары)

Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарын аударатын
салымшылар (алушылар) санының өсімі мынадай деректермен сипатталады:

Кесте 3.1 ЖЗҚ-ң салымшылар санының өсуі

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) ең
көп саны: “МЖЗҚ” ЖАҚ – 36,49%, “Қазақстан Халық Банкі” – 17,60%, “Атамекен”
– 14,72%, үш қорлың үлесіне салымшылардың жалпы санының 68,81%-і келеді.
Ағымдағы жылдың мамыр айында салымшылардың саны 37 274 адамға немесе 0,58%-
ке көбейді.

3.2 ЖЗҚ-ның жинақталған зейнетақы қаражаты

Жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының (алушыларының) жинақталған
зейнетақы қаражаты ағымдағы жылдың мамыр айында 8 494 млн. теңгеге (2,14%-
ке) көбейіп, 2004 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 406 100,5 млн. теңге
болды. Жинақталған зейнетақы қаражаты өсімінің қарқыны өткен жылдардың
тиісті кезеңдерімен салыстырғанда мынадай деректермен сипатталды:
Кесте 3.2 Жинақталған зейнетақы қаражаты өсімінің қарқыны

Көрсетілген кестеде ағымдағы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша
жинақталған зейнетақы қаражатының өсім қарқынының өткен жылдың тиісті
кезеңімен салыстырғанда 9 проценттік тармаққа төмендегені байқалады, бұл
негізінен зейнетақы активтерін инвестициялаудан болған таза инвестициялық
кіріс өсімі қарқынының төмендеуі есебінен болды.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары арасында ең көп жинақталған зейнетақы
қаражаты сомасына мыналар ие: "Қазақстан Халық банкі" – 100 262,3 млн.
теңге немесе 24,69%, “МЖЗҚ” – 93 806,4 млн. теңге немесе 23,10%,
Атамекен – 70 630,2 млн. теңге немесе 17,39%, "АБН АМРО КаспийМұнайГаз" –
28 900,7 млн. теңге немесе жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы
сомасының 7,12%. Жиынтықтап алғанда, осы 4 қорға барлық қорлардың
жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы сомасының 72,3% келеді.

Сурет 3.1 ҚР-ғы ЖЗҚ-ң жинақталған зейнетақы мөлшері

Салымшылардыңалушылардың жеке зейнетақы шоттарына бөлінген таза
инвестициялық кіріс сомасы (комиссиялық сыйақыны шегергенде) ағымдағы
жылдың мамыр айында 1 145 млн. теңгеге (1,15%-ке) көбейіп, 2004 жылдың 1
маусымына 100 731 млн. теңге болды.
Таза инвестициялық кіріс өсімінің қарқыны өткен жылдардың тиісті
кезеңдерімен салыстырғанда мынадай деректермен сипатталды:

Кесте 3.3 Таза инвестициялық кіріс өсімінің қарқыны

Келтірілген кестеде ағымдағы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша
инвестициялық кіріс өсімінің қарқыны өткен жылдың тиісті кезеңімен
салыстырғанда 22 проценттік тармаққа төмендегені байқалды. Сондай-ақ,
жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы сомасында таза инвестициялық
кірістің үлесі 27,6%-тен 24,8%-ке немесе 2,8 проценттік тармаққа төмендеді.

2004 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнетақы жарналарының жалпы
түсімі 313 943 млн. теңге болды немесе 2003 жылдың 1 маусымымен
салыстырғанда өсу қарқыны 39,22% болды. Ағымдағы жылдың мамырында
зейнетақы жарналарының түсімі ағымдағы жылдың өткен айымен салыстырғанда
14,33%-ке кеми отырып, 7 571 млн. теңге болды.
2004 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналарын
уақытсыз ұстап қалғаны мен аударғаны үшін өсімпұл сомасы өткен жылдың
тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 1 221 млн. теңге немесе 2,8 есеге өсе
отырып, 1 883 млн. теңге болды. Ағымдағы жылдың мамырында салымшылардың
(алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына 130 млн. теңге сомасындаөсімпұл
есептелді.
1998-2003 жылдары және 2004 жылдың қаңтарында-мамырында қорларға
міндетті және ерікті зейнетақы жарналарының есебінен 22 886 млн. теңге
жалпы сомаға зейнетақы төлемдері жасалды, өткен жылдың тиісті кезеңімен
салыстырғанда өсім 5 578 млн. теңге немесе 32,23% болды. Ағымдағы жылдың
мамырында зейнетақы төлемдері 1,86%-ке өсе отырып, 418 млн.теңге болды.
6,0 млн. теңге зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру үшін жинақталған зейнетақы
қаражаты сақтандыру ұйымдарына ауыстырылды.
Салымшылар (алушылар) өз жинақталған зейнетақы қаражатын бір қордан
екінші қорға аудару құқығымен белсенді пайдаланды. Нәтижесінде жинақталған
зейнетақы қаражатын бір қордан екінші қорға аудару ағымдағы жылдың
мамырында 2 109 млн. теңгеге (3,04%) ұлғайып, 2004 жылдың 1 маусымына 71
571 млн. теңге болды. Жинақталған зейнетақы қаражатын басқа қорларға ең
көп аударған қорлар: МЖЗҚ - 58,60%, Атамекен - 11,84% және Қазақстан
Халық Банкі - 8,62%. Осы 3 қорға аударымдардың жалпы сомасының 79,06%
келеді.

3.3 Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің құрылымы

2004 жылдың мамырында зейнетақы активтерінің жиынтық көлемі 8 676 млн.
теңгеге немесе 2,18 %-ке өсті немесе 2004 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша
406 212 млн. теңге болды.
2003 жылдың 1 маусымынан бастап 2004 жылдың 1 маусымына дейінгі
кезеңде зейнетақы активтерінің орташа айлық өсуі 7,58 млрд. теңге болды.

Сурет 3.2 Зейнетақы активтерінің жиынтық көлемі

Келтірілген деректерден көріп отырғандай, мемлекеттік бағалы қағаздар
үлесі ЖЗҚ-ның инвестициялық портфельдерінде елеулі бөлігін алып отыр және
201 072 млн. теңгені немесе 52,57%-ті құрайды. Өткен аймен
салыстырғанда МБҚ көлемі 11 641 млн. теңгеге немесе 6,15%-ке көбейді. 2003
жылғы 1 маусыммен салыстырғанда МБҚ-дың өсімі 51 593 млн. теңге немесе
34,52% болды. Қазақстан Республикасы эмитенттерінің корпоративтік бағалы
қағаздар көлеміндегі ұлғаю 226 млн. теңге немесе 0,19% болды. Қазақстан
Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар көлемі 2004 жылғы
мамырда 4,1%-ке көбейіп, 31 156 млн. теңге немесе 8,14% болды. ЗАИБЖАҰ
зейнетақы активтерінің салымдарын екінші деңгейдегі банктерге тек ұлттық
валютада жүзеге асыратынын атап өткен жөн.
2004 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша халықаралық қаржы ұйымдарының
бағалы қағаздар үлесіне 2,16% келіп отыр. Есепті кезеңде шетел
эмитенттерінің мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарының
көлемінде елеулі өзгерістер болды, сөйтіп шетел эмитенттерінің мемлекеттік
бағалы қағаздар көлемі 14 647 млн. теңгеге немесе 68,95%-ке азайды және
шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздар көлемі елеусіз (0,86%-
ке) азайып, 15 701 млн. теңге болды.

3.4 Жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржы жағдайы

Жиынтық төленген жарғылық капитал, 2004 жылдың 1 қаңтарымен
салыстырғанда 678,6 млн. теңгеге немесе 14,29%-ке ұлғайып, 2004 жылғы 1
маусымдағы жағдай бойынша 5 425,6 млн. теңге болды.
2004 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 16 жинақтаушы зейнетақы
қорларының 11-і жалпы сомасы 1 301,9 млн. теңге (қорлардың меншікті капитал
көлемінің 19,81%) резервтік капиталды құрды.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары бойынша 2004 жылғы 1 маусымдағы жағдай
бойынша 665,7 млн. теңге сомасында шығын болды, оның ішінде мамыр айында –
100,7 млн. теңге.
2004 жылдың 1 маусымына жинақтаушы зейнетақы қорларының меншікті
капиталы 6 570,4 млн. теңге болды. Ағымдағы жылдың мамырында меншікті
капиталдың көлемі 60,3 млн. теңгеге немесе 0,91%-ке азайды.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының міндеттемелер сомасы ағымдағы жылдың
мамырында 70,3 млн. теңгеге азая отырып, ағымдағы жылдың 1 маусымындағы
жағдай бойынша 573,4 млн. теңге болды.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының меншікті активтері есебінен қаржы
инвестициялары 2004 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 4 889,5 млн. теңге
немесе меншікті капитал көлемінің 74,42% болды.
Ағымдағы жылдың сәуірінде қаржы инвестициялары 87,2 млн.теңгеге немесе
1,7%-ке азайды.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының меншік қаражаты ЖЗҚ-ның жиынтық
меншікті портфелінде 77,57%-ті (оның ішінде “кері репо” операциялары
бойынша сатып алынған бағалы қағаздар – 137,2 млн. теңге) құрайтын, жалпы
сомасы 3 792,9 млн. теңге, екінші деңгейдегі банктердің салымдарында 22,43%-
ті құрайтын 1 096,6 млн. теңге сомада Қазақстан Республикасының мемлекеттік
және мемлекеттік емес бағалы қағаздарына инвестицияланды.
3.5 Жинақтаушы зейнетақы қорымен келісім-шарт жасау

Қалай Атамекен жинақтаушы қорының салымшысы болуға болады?!. Қормен
зейнетақы шартын жасасу үшін, төменде келтірілген форманы белгіленген '*'
полядағы мәліметтердің міндетті түрде көрсетілуімен толтырыңыз. Өтінішке
сәйкес, келісімге қол қою үшін қордың өкілдері салымшымен байланысады. Шарт
жасасу кезінде салымшы өзімен бірге жеке басыңызды куәландыратын
құжаттарыңыз, ӘЖК (СИК), СТН (РНН) болуы қажет.
Тегі*
Аты*
Әкесінің аты
Туылған күні (10 январь 1960)
Жұмыс орны*
Қызметі
Телефон*
ӘЖК (СИК)*
СТН (РНН)*
Жынысы*
Төлқұжат*
Нөмірі*
Берілген уақыты*
Құжатты берген мекеме*
Аймақ*
Мекен-жайы*
Сіз салымшысы болып табылатын Қор
Электрондық пошта

3.6 Жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлеріне қойылатын
талаптар

1. Жинақтаушы зейнетақы қорының оқшауланған бөлімшесінің бірінші
басшысы мен бас бухгалтерін қоспағанда, директорлар кеңесінің бірінші
басшысы мен мүшелері, басқарманың бірінші басшысы мен мүшелері жинақтаушы
зейнетақы қорының басшы қызметкерлері болып танылады.
2. Мыналар:
1) жоғары білімі жоқ;
2) қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында осы
бапта айқындалған жұмыс стажы жоқ;
3) экономикалық қызмет саласында жасаған қылмыстары үшін, сыбайлас
жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы
өзге қылмыстары үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған
сотталғандығы бар;
4) уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның
акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымының лицензиясын кері
қайтарып алу туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп
тану туралы шешімі қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын
қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқармасының бірінші
басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері болып табылған тұлға
жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана)
алмайды. Аталған талап уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау
туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымының
лицензиясын кері қайтарып алу туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны
банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғаннан кейін бес жыл бойы
қолданылады;
5) өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде
оны басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім
кері қайтарып алынған адам жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері
болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті органның басшы
қызметкерді лауазымға тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу
туралы шешімі қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы
қолданылады.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы жинақтаушы зейнетақы
қоры басқармасының бірінші басшысы лауазымына тағайындала (сайлана)
алмайды.
Жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесі құрамының кемінде отыз
проценті тәуелсіз директорлар болуға тиіс.
4. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес
келу үшін:
1) жинақтаушы зейнетақы қорының тәуелсіз директоры, басқармасының
бірінші басшысы, бас бухгалтері лауазымдарына кандидаттар үшін қаржылық
қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында кемінде үш жыл;
2) жинақтаушы зейнетақы қоры басқармасының мүшелері лауазымдарына
кандидаттар үшін қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында
кемінде екі жыл жұмыс стажы болуы қажет.
Тәуелсіз директорды қоспағанда, директорлар кеңесінің бірінші басшысы
және мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін қаржылық қызмет көрсету және
(немесе) оны реттеу саласында жұмыс стажының болуы талап етілмейді.
Осы тармақта айқындалған жұмыс стажына қаржы ұйымы бөлімшелеріндегі
шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.
5. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күннен бастап өз қызметін
уәкілетті органның келісімін алғанша күнтізбелік жетпіс бес күннен аспайтын
мерзім ішінде атқаруға құқылы.
Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттар уәкілетті
органға келісуге табыс етілмеген жағдайда не уәкілетті орган келісуден бас
тартқан жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры бұл адаммен жеке еңбек шартын
бұзуға міндетті.
Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерін
тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін табыс етілген құжаттарды олар
табыс етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
6. Жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына
тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім
алуға қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде
белгіленеді.
7. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін
тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не ол жинақтаушы
зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе оны осы
жинақтаушы зейнетақы қорындағы өзге лауазымға ауыстырған жағдайда, аталған
адам оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартылғаннан не ол
лауазымнан босатылғаннан не басқа лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде
күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі
реттен артық емес, осы жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері
лауазымына қайтадан тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
8. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін
лауазымға тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас
тартқан жағдайда, аталған адам өзін уәкілетті органның осы жинақтаушы
зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға)
келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешімі қабылданған күннен
бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін жинақтаушы зейнетақы қорының
басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
9. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін
лауазымға тағайындауға (сайлауға) берген келісімін:
1) келісім беруге негіз болған дұрыс емес мәліметтер анықталған;
2) басшы қызметкерге уәкілетті органның санкцияларды жүйелі түрде
(қатарынан соңғы он екі ай ішінде үш не одан да көп рет) қолдану негіздері
бойынша кері қайтарып алуға құқылы.
Уәкілетті орган басшы қызметкерді лауазымға тағайындауға (сайлауға)
берген келісімін кері қайтарып алған жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қоры
осы адаммен жеке еңбек шартын бұзуға міндетті.
10. Уәкілетті орган осы Заңда белгіленген тәртіппен жинақтаушы
зейнетақы қорына консервация жүргізу туралы шешім қабылдаған жағдайда,
жинақтаушы зейнетақы қоры директорлар кеңесінің бірінші басшысы,
басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасарлары, бас бухгалтер болып
табылатын басшы қызметкерлермен жеке еңбек шартын бұзуға міндетті.

3.7 Жинақтаушы зейнетақы қорларының құқықтары, мiндеттерi және
қызметiн жүзеге асыру

1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының:
1) зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға;
2) өзiнiң қызметi үшiн комиссиялық сыйақылар алуға;
2-1) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес
берiлетiн лицензия негiзiнде зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару
жөнiндегi қызметтi және бағалы қағаздар рыногындағы өзге де қызмет түрлерiн
дербес жүзеге асыруға;
2-2) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша сот
органдарында салымшының жазбаша өтініші бойынша Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген тәртіппен оның мүдделерін білдіруге;
3) зейнетақы шартының ережелерiне сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге
асыруға құқығы бар.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) алушыларға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен
зейнетақы төлеуге;
2) жинақталған зейнетақы қаражаттары мен төлемдерiн жеке есепке алуды
жүзеге асыруға;
3) салымшыға және ақпарат алушыға жылына кемiнде бiр рет, сондай-ақ
оның сұрауы бойынша кез келген сұралатын күнгі оның жинақталған зейнетақы
қаражаттарының жай-күйi туралы ақы алмай ақпарат беруге және осы Заңның 50-
бабында көзделген қағидаларды ескере отырып, оның жинақталған зейнетақы
қаражаттары туралы ақпаратқа қол жеткiзуiнiң электронды және өзге де
тәсiлдерiн қамтамасыз етуге міндетті.
Жинақтаушы зейнетақы қорының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-
күйі туралы ақпаратты беру тәсiлi салымшымен (алушымен) келiсім бойынша
анықталады.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жеке зейнетақы шотында
ақша болмаған немесе салымшы (алушы) зейнетақымен қамсыздандыру туралы
шартта көрсетілген тұрғылықты мекен-жайының өзгергенi туралы жинақтаушы
зейнетақы қорына хабарламаған жағдайларда жинақтаушы зейнетақы қоры
салымшыға (алушыға) өткен жылғы жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі
туралы ақпарат жiберуді жүзеге асырмайды;
4) алушының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы
ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етуге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан
Республикасының зейнетақы заңдары мен зейнетақы шартының ережелерiн бұзғаны
үшiн жауап беруге;
6) салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын бір
жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне немесе сақтандыру ұйымына осы Заңда
және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде
белгіленген тәртіппен аударуға;
7) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық
басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болмаған жағдайда
зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен
зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға шарттар жасасуға;
8) бұқаралық ақпарат құралдарында уәкілетті органмен келiсiм бойынша
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен қаржылық
есептiлiктi және уәкiлетті орган белгiлеген тәртіппен өзге де есептілік пен
өз қызметi туралы ақпаратты жариялауға мiндеттi. Бұл ретте жинақтаушы
зейнетақы қорларына жарналар бойынша табысқа кепiлдiк немесе уәде қамтылған
ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Pecпубликасының заңдарымен жариялауға тыйым
салынған өзге де мәліметтердi жариялауға жол берiлмейдi;
9) жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы шартың жасасқан азаматтарға
тең жағдайларды қамтамасыз етуге;
10) алып тасталды
11) салымшымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен
қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;
11-1) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен
электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Орталыққа мiндеттi зейнетақы
жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы салымшылармен
жасасылған шарттар туралы мәлiмет ұсынуға;
12) салымшымен ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен
зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;
13) әрбiр жеке тұлғаның тұратын жерiне қарамастан, олармен
зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу және оны бұзу кепiлдігін
қамтамасыз етуге мiндеттi. Жинақтаушы зейнетақы қорлары әрбiр филиалдың
және өкiлдiктiң осы қызметтердi көрсетуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Салымшылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында жинақтаушы
зейнетақы қорларына:
1) осы баптың 1-тармағында белгiленген қызмет түрлерiн және осы
тармақтың 2) және 5) тармақшаларында белгiленген жағдайларды қоспағанда,
кәсiпкерлiк қызметке;
2) өз мұқтаждары үшін сатып алған мүлікті сатып алу-сату мен жалға
беруді және уәкілетті орган белгілейтін қаржы құралдарымен мәмілелерді
қоспағанда, мүлікті сатып алу-сатуды жүзеге асыруға;
3) сақтандыру қызметiне;
4) зейнетақы активтерiн кепiлге беруге;
5) акциялардан басқа бағалы қағаздар шығаруға;
6) алып тасталды
7) мыналардың:
қаржылық ұйымдардың;
акциялары Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын
қор биржасының тізіміне листингтің ең жоғарғы санаты бойынша енгізілген,
қаржы ұйымдары болып табылмайтын заңды тұлғалардың;
жинақтаушы зейнетақы қорын автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды
тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып
алуды қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін
немесе акцияларын сатып алуға тыйым салынады.
Осы тармақтың 7) тармақшасында аталған заңды тұлғалардың жинақтаушы
зейнетақы қорына тиесілі жарғылық капиталға қатысу үлесі және акцияларының
саны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген
мөлшерден аспауға тиіс.
4. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық орнықтылығын және төлем
қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында сақталуы міндетті пруденциалдық
нормативтер белгіленеді. Пруденциялдық нормативтердің тізбесін, олардың
нормативтік мәнін, есеп-қисап әдістемесін, сондай-ақ тиісті есептілік
нысандары мен оны табыс ету мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.
5. Жинақтаушы зейнетақы қорының, онымен және оның құрылтайшыларымен
аффилиирленген, жинақтаушы зейнетақы қоры қатысатын консорциумдар мен
қарапайым серіктестіктерге қатысушы тұлғалар мен ұйымдардың қызметін реттеу
шоғырландырылған негізде жүзеге асырылуы мүмкін. Реттеуді шоғырландырылған
негізде жүзеге асыру ережесін уәкілетті орган белгілейді.
Жинақтаушы зейнетақы қорының еншілес ұйымдары және жинақтаушы
зейнетақы қорының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қомақты
қатысуы:
1. Осы Заңның 41-бабының 3-тармағында аталған шектеулерді ескере
отырып, жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органның рұқсаты болған
жағдайда ғана, еншілес ұйымдарды құруға, сатып алуға немесе басқа заңды
тұлғалардың жарғылық капиталдарына қомақты қатысуға құқылы.
Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті
органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорының еншілес ұйымы еншілес ұйымдарды құруға
және (немесе) оларды иеленуге құқылы емес.
Жинақтаушы зейнетақы қорының еншілес ұйымы өзінің толық атауында
"еншілес" деген сөзді көрсетуге және бас жинақтаушы зейнетақы қорының
атауын пайдалануға міндетті.
3. Жинақтаушы зейнетақы қоры аяқталған соңғы екі қаржы жылының
қорытындылары бойынша қызметі залал шекпеген жағдайда және рұқсат алу үшін
уәкілетті органға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде
уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді сақтаған жағдайда
еншілес ұйымды құруға құқылы.
4. Жинақтаушы зейнетақы қоры еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға
рұқсат алу үшін уәкілетті органға еркін нысанда өтініш береді және оған
мынадай құжаттарды:
1) еншілес ұйымның құрылтай құжаттарын, жарғыны бекіту туралы
хаттамаларды;
2) жинақтаушы зейнетақы қорының уәкілетті органының еншілес ұйымды
құру немесе сатып алу туралы шешімін;
3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлері туралы ақпаратты;
4) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымын және аффилиирленген тұлғалар
туралы мәліметтерді;
5) бизнес-жоспарды қоса ұсына отырып, еншілес ұйым қызметінің түрі
немесе түрлері туралы ақпаратты;
6) сатып алынатын еншілес ұйымның жарғылық капиталының мөлшері туралы
(егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте болмаса), сондай-ақ жинақтаушы
зейнетақы қорының сатып алынатын еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу
үлесі немесе осы ұйымның акцияларының саны, сондай-ақ оларды сатып алу
бағасы туралы ақпаратты;
7) еншілес ұйымды сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді;
8) аудиторлық ұйымның есебін және сатып алынатын еншілес ұйымның
аудиторлық ұйым куәландырған қаржылық есептілігін;
9) сатып алынатын еншілес ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік
тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігі туралы куәліктің нотариат
куәландырған көшірмесін;
10) жарғылық капиталына қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алу
арқылы жинақтаушы зейнетақы қоры еншілес ұйымды сатып алған заңды тұлға
туралы деректерді, оның ішінде:
заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері;
құрылтайшысы (қатысушысы) жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылатын
заңды тұлғаның жарғылық қорына жинақтаушы зейнетақы қорының қатысу үлесінің
мөлшері, оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;
акционері жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылатын заңды тұлғаның
акцияларының саны, сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың
(артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жалпы
санына проценттік арақатынасы туралы мәліметті;
заңды тұлғаның (құрылтайшысы, қатысушысы, акционері жинақтаушы
зейнетақы қоры болып табылатын) қатысу үлесінің мөлшері, оның басқа заңды
тұлғаның жарғылық капиталындағы сатып алу бағасы туралы мәліметті;
акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) жинақтаушы зейнетақы қоры болып
табылатын заңды тұлғаның сатып алған акцияларының саны, сатып алу бағасы,
олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған
акциялары шегеріле отырып) жалпы санына проценттік арақатынасы туралы
мәліметті;
11) еншілес ұйымды бақылау және бақылау негізін растайтын құжаттарды
қоса тіркейді.
5. Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат беруден бас тарту
үшін:
1) рұқсат алуға қажетті құжаттарды табыс етпеу;
2) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер
лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттардың) осы
Заңның 40-бабының 2-тармағы 3)-5) тармақшаларының талаптарына сай келмеуі;
3) жинақтаушы зейнетақы қорының белгіленген пруденциялық нормативтерді
рұқсат алу үшін уәкілетті органға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш
ай ішінде және (немесе) өтінішті қараған кезеңде сақтамауы;
4) жинақтаушы зейнетақы қорының болжамды еншілес ұйымдардың болуы
салдарынан пруденциялық нормативтерді сақтамауы;
5) өтініш берген күнге қарай жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты
қолданылып жүрген шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялардың болуы;
6) еншілес ұйым қызметінің немесе жинақтаушы зейнетақы қоры
жоспарлаған инвестициялардың салдарынан жинақтаушы зейнетақы қорының
қаржылық жағдайының нашарлауы және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қоры
клиенттерінің мүдделеріне нұқсан келуі болжанатын қаржылық салдарлардың
талдамасы негіз болып табылады.
6. Уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін үш ай ішінде рұқсат беруге
немесе рұқсат беруден бас тартуға міндетті.
Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган бас тартудың
негіздері туралы өтініш берушіні жазбаша хабардар етуге міндетті.
7. Жинақтаушы зейнетақы қорының еншілес ұйымы құрылтай құжаттарына
енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы уәкілетті органға
хабарлауға міндетті.
8. Уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда жинақтаушы зейнетақы
қоры еншілес ұйымның өзіне тиесілі акцияларын (қатысу үлесін) үш ай
мерзімде өзімен аффилиирленбеген тұлғалардың иелігіне өткізуге не еншілес
ұйым қабылдайтын шешімдерді айқындау мүмкіндігінен бас тартып, оны
растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
9. Жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды тұлғалардың жарғылық
капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру уәкілетті органның нормативтік
құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен белгіленеді.
Жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды тұлғалардың жарғылық
капиталына қомақты қатысуына рұқсат алу үшін, осы баптың 4-тармағының 2),
3), 5)-7) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса тіркеле отырып, өтініш
беріледі.
Жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды тұлғалардың жарғылық
капиталына қомақты қатысуына рұқсат беруден бас тарту осы баптың 5-
тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
Уәкiлеттi орган қолданатын ықпал ету шаралары:
1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары Қазақстан Республикасының заңдарын
бұзған жағдайда уәкiлеттi орган мынадай ықпал ету шараларын қолдануға:
1) анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жою туралы орындалуы
мiндеттi жазбаша ұйғарым беруге;
2) жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы қызметкерлерiн қызметтен алу
туралы акционерлер алдына мәселе қоюға;
2-1) осы Заңның 42-1, 42-2, 42-3, 42-4, 42-5 және 42-6-баптарында
белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен консервациялауды енгiзуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен
айыппұлдар салуға және өндiрiп алуға;
4) лицензияны тоқтата тұруға не қайтарып алуға құқылы.
1-1. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын
тарту жөніндегі қызметке лицензиясының қолданылуын мынадай негіздердің:
1) лицензия берілгенде негізге алынған ақпараттың дұрыс болмауы;
2) лицензия берілген кезден бастап жинақтаушы зейнетақы қорының
қызметін бастауды бір жылдан астам кідірту;
3) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт
бойынша міндеттемелерді үнемі (күнтізбелік он екі ай ішінде қатарынан үш
және одан да көп рет) орындамауы немесе тиісінше орындамауы;
4) жинақтаушы зейнетақы қорының лицензиар белгілеген нормативтерді
және орындалуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді үнемі (күнтізбелік
он екі ай ішінде қатарынан үш және одан да көп рет) бұзуы;
5) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн,
жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережелерiн жүйелi түрде (қатарынан
күнтiзбелiк он екi ай iшiнде үш және одан да көп жағдай) бұзуы не уәкiлеттi
органның жазбаша нұсқамаларын орындамауы;
5-1) жинақтаушы зейнетақы қорының аудиторлық ұйымның жүргізілген аудит
туралы есебінде аталған бұзушылықтарды осы Заңның 49-3-бабының 2-тармағында
көрсетілген мерзімде жоймауы;
6) есептілік пен мәліметтерді табыс етпеу немесе көрінеу дұрыс емес
есептілік пен мәліметтерді табыс ету негіздерінің кез келгені бойынша алты
айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
1-2. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жинақтаушы зейнетақы қорының
зейнетақы жарналарын тарту және бұрын тартылған салымшылар бойынша
зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру, сондай-
ақ жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметті жүзеге асыру құқығын
сақтай отырып, жаңа салымшылар тартуына тыйым салуға әкеп соқтырады.
1-3. Уәкілетті органның жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы
жарналарын тарту жөніндегі қызметке лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру
туралы қабылдаған шешімін жинақтаушы зейнетақы қоры екі баспасөз
басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыру жариялау
арқылы салымшылар мен алушылардың назарына жеткізеді.
1-4. Лицензияның қодданылуын тоқтата тұру себептерін жинақтаушы
зейнетақы қорының белгіленген мерзімде жоймауы оны уәкілетті органның
қайтарып алуына негіз болып табылады.
2. Уәкiлеттi орган өздерiне қатысты ықпал ету шараларын қолданған
жинақтаушы зейнетақы қоры не тұлға оның iс-әрекетiне сот тәртiбiмен
шағымдануға құқылы.
3. Егер уәкілетті орган ірі қатысушылардың, олардың лауазымды
тұлғаларының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз әрекеті немесе
әрекетсіздігі ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын
нашарлатты деп белгілесе, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында
келтірілген шаралар, ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының ірі
қатысушыларына қатысты да қолданылуы мүмкін.
Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау ұғымы
1. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау уәкiлеттi органның шешiмi
бойынша әкiмшiлiк, заң, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және басқа да iс-
шаралар кешенiн және жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын оңалту
мен жұмыс сапасын жақсарту мақсатында оған қатысты рәсiмдердi мәжбүрлеп
жүргiзудi бiлдiредi.
2. Жинақтаушы зейнетақы қоры осы Заңның 42-бабының 1-1-тармағының 3)
6) тармақшаларында көрсетiлген негiздердiң бiрi бойынша консервациялауға
ұшырауы мүмкiн.
3. Консервациялау режимiн белгiлеу уәкiлеттi органның шектелген
мерзiмге (бiр жылға дейiн) жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөнiндегi
уақытша әкiмшiлiктi немесе жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны
тағайындауды көздейдi.
4. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау жинақтаушы зейнетақы
қорының өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
5. Уәкiлеттi органның консервациялауды жүргiзу туралы шешiмiне
жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлерi сот тәртiбiмен он күн мерзiмде
шағымдануы мүмкiн. Көрсетiлген шешiмге шағымдану жинақтаушы зейнетақы қорын
консервациялауды тоқтатпайды.
Жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөнiндегi уақытша әкiмшiлiк
(жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы)
1. Уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiктi (жинақтаушы зейнетақы қорын
уақытша басқарушыны) оның қызметкерлерiнiң iшiнен не оның қызметкерлерi
болып табылмайтын, осы Заңның 40-бабының 2-тармағында белгiленген ең
төменгi талаптарға сай келетiн адамдар iшiнен тағайындайды.
2. Уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы)
басшысының және оның мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ
еңбекақы төлеу талаптары уәкiлеттi орган мен уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы
зейнетақы қорын уақытша басқарушы) арасында жасалатын шартта белгiленедi.
3. Уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiктiң мүшелерiн (жинақтаушы
зейнетақы қорын уақытша басқарушыны) кез келген сәтте ауыстыруға құқылы.
4. Жинақтаушы зейнетақы қорына келтiрiлген залал үшiн уақытша
әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) басшысы мен оның
мүшелерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкте болады.
Уақытша әкiмшiлiк басшысы мен оның мүшелерiне (жинақтаушы зейнетақы қорын
уақытша басқарушыға) әдеттегi өндiрiстiк тәуекел санатына жатқызылуы мүмкiн
залал үшiн жауапкершiлiк жүктеуге жол берiлмейдi.

3.8 Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы

1. Бірде-бір тұлға уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз дербес
немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп, ашық жинақтаушы зейнетақы
қорының ірі қатысушысы бола алмайды.
Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалар негізгі
рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі
болғанда ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін алуға
уәкілетті органның келісімін ала алады. Ең төменгі рейтинг және рейтингтік
агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде
белгіленеді.
2. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі жинақтаушы зейнетақы қорлары
Жер мониторингі жайлы жалпы мәлімет
Қоршаған ортаның мониторингі. Қоршаған ортаның жағдайын бақылау үшін экологиялық мониторингті ұйымдастырудың негізгі жолдары
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің теориялық негізі
Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесiндегі проблемаларды анықтау
Жинақтаушы зейнетақы қорын мемлекеттік реттеу
Еңбекақы түрлері мен мағнасы
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің құрылым негіздері
Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін басқару
Жинақтаушы зейнетақы қорының маркетингтік қызметтерінің әмбебаптылығы
Пәндер