Жетілмеген бәсеке және оның түрлері



Кіріспе:

I. бөлім: Жетілмеген бәсеке нарығы: экономикалық
мазмұны , ерекшеліктері, құрылымы.
1.1 Бәсеке және монополия.Мазмұны мен ерекшеліктері ... .3
1.2 Монополиялық бәсекелес нарықтың құрылымы ... ... ..4.8
1.3 Жетілмеген бәсеке ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9.14

II.бөлім:Жетілмеген бәсеке нарығының жұмыс істеу механизмі
2.1 Фирманың пайданы молайту әрекеті ... ... ... ... ... ... .15.17
2.2 Жетілмеген бәсеке нарығында жарнама мен тауарды өткізудің маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18.19
2.3 Жетілмеген бәсеке нарығында фирманың өніміне сұраныс және жалпы табыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20.21

III.бөлім Жетілмеген бәсеке нарығының артықшылықтары мен кемшіліктері.
3.1 Жетілмеген бәсеке нарығының артықшылығы мен кемшілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22.24
3.2 Еңбектің жетілмеген бәсекелі нарығы:Жұмысбастылық және еңбекақы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

3.3 Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27.28
Кіріспе:

Жетілмеген бәсекелес нарықта әр түрлі тауарлар мен қызметтер өндіретін немесе сататын көптеген фирмалар нарықтағы үлестері үшін бірі-бірімен бәсекеге түседі. Бұл нарықтың негізгі ерекшеліктері: әр түрлі тауарлар мен қызметтер ұсынылады; өндірушілер мен сатушылардың саны көп; салаға кіруге кедергілер жоқ; фирмалар өнім көлемі мен баға туралы шешім қабылдағанда бір-бірімен санаспайды.
Әр түрлі, бірі-бірінен ерекше тауарлар ұсынатын фирмалар нарықта азды-көпті билік орнатады. Сонымен қатар монополиялардың ұсынатын тауарлары қаншама ерекше болғанымен, бірін-бірі алмастыра алады. Сондықтан осы нарықта ұсынылатын тауарларға сұраныстың икемділігі жоғары болады.
Жетілмеген бәсекелес нарық таза бәсекелес нарық пен моно-полиялық нарықтарға қарағанда күнделікті өмірде жиі кездеседі. Сон-дықтан жетілмеген нарықтағы монополистердің өнім көлемі мен баға туралы қабылдайтын шешімдерін талдау мен түсінудің маңызы зор.
Жетілмеген бәсеке нарығы ұлттық экономика деңгейінде өте сирек кздеседі. Көп жағдайда жетілмеген бәсеке нарығын жергілікті нарықтардан кездестіруге болады. Жақын алмастырушысы жоқ тауарлар мен қызметтер де өте сирек кездеседі. Жетілмеген бәсеке нарығы ,таза бәсекелі нарық сияқты шекті жағдайға жатады. Нақты нарықтық құрылымдар осы екі нарықтың ортасында болады. Соған қарамастан, таза монополия моделін талдау нарықта өзінің билігін орнатқан фирмалардың қабылдайтын шешімдерін зерттеуге, оған әсер ететін факторларды анықтауға, олардың қызметтерін мемлекет тарапынан реттеудің себебі мен мақсатын түсінуге көмектеседі.
Монополияның түрлері оның пайда болу себептеріне байланысты.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бердалиев,К.Б. Қазақстан экономикасын басқару негіздері: оқу құралы /ҚР білім және ғылым министірлігі; Т.Рысқұлов ат.Қазақ мем.басқару акад.-Алматы: Экономика, 2001. -129б.
2. Жанаева, М. Шағын және орта бизнестің шаруасы қалай: //Жас қазақ үні.-2005.-1-7 шілде.-4б.
3. Қазақстандағы шағын бизнес:статистикалық жинақ /жауапты дайындаған. З.М. Султанов., А.М. Мамедалиев, Е.В. Кругова; Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі.-Алматы: Қазстатақпарат, 2005.-27 сәуір.-2б.
4. Омаров, Атымтай. Шағын кәсіпкерлікпен шұғылданушылар заң талаптарын жете білмейді: [Қазақстан-2030] //Заң газеті.-2005.-27 сәуір.-2б.
5. Райхан, Нұрақым.Шағын кәсіпкерлік: кеше мен бүгін: [Өзекті мәселе] //Ақиқат.-2005.-№5.-44-47б.
6. Сәбден, Оразәлі. ХХIғасырға қандай экономкамен кіреміз. –Алматы:Қазақстан, 1997ж.-192 б.
7. Шайынғазы, Сейфолла. Шағын кәсіпкерліктің шыңы қашан биіктейді? //Егемен Қазақстан.-2005.-30желтоқсан.-5б.
8. Шәріпов, С. Шағын кәсіпкерліктің күнгейі мен көлеңкесі: //Жетісу.-2005.-21шілде.-2б.
9. Яковлева, Татьяна. Елорда:экономикалық қуаттар: [Экономикалық

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
экономика
пәндер кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы:Жетілмеген бәсеке және
оның түрлері

Орындаған:
Қабылдаған:

Кіріспе:

I- бөлім: Жетілмеген бәсеке нарығы: экономикалық
мазмұны , ерекшеліктері, құрылымы.
1.1 Бәсеке және монополия.Мазмұны мен ерекшеліктері ... .3
1.2 Монополиялық бәсекелес нарықтың құрылымы ... ... ..4-8
1.3 Жетілмеген
бәсеке ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .9-14
II-бөлім:Жетілмеген бәсеке нарығының жұмыс істеу механизмі
2.1 Фирманың пайданы молайту әрекеті ... ... ... ... ... ... .15- 17
2.2 Жетілмеген бәсеке нарығында жарнама мен тауарды өткізудің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18-19
2.3 Жетілмеген бәсеке нарығында фирманың өніміне сұраныс және жалпы
табыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...20-21
III-бөлім Жетілмеген бәсеке нарығының артықшылықтары мен кемшіліктері.
3.1 Жетілмеген бәсеке нарығының артықшылығы мен
кемшілігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...22-24
3.2 Еңбектің жетілмеген бәсекелі нарығы:Жұмысбастылық және
еңбекақы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..25
3.3
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..26
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..27-
28

Кіріспе:

Жетілмеген бәсекелес нарықта әр түрлі тауарлар мен қызметтер
өндіретін немесе сататын көптеген фирмалар нарықтағы үлестері үшін бірі-
бірімен бәсекеге түседі. Бұл нарықтың негізгі ерекшеліктері: әр түрлі
тауарлар мен қызметтер ұсынылады; өндірушілер мен сатушылардың саны көп;
салаға кіруге кедергілер жоқ; фирмалар өнім көлемі мен баға туралы шешім
қабылдағанда бір-бірімен санаспайды.
Әр түрлі, бірі-бірінен ерекше тауарлар ұсынатын фирмалар нарықта азды-
көпті билік орнатады. Сонымен қатар монополиялардың ұсынатын тауарлары
қаншама ерекше болғанымен, бірін-бірі алмастыра алады. Сондықтан осы
нарықта ұсынылатын тауарларға сұраныстың икемділігі жоғары болады.
Жетілмеген бәсекелес нарық таза бәсекелес нарық пен моно-полиялық
нарықтарға қарағанда күнделікті өмірде жиі кездеседі. Сон-дықтан жетілмеген
нарықтағы монополистердің өнім көлемі мен баға туралы қабылдайтын
шешімдерін талдау мен түсінудің маңызы зор.
Жетілмеген бәсеке нарығы ұлттық экономика деңгейінде өте сирек
кздеседі. Көп жағдайда жетілмеген бәсеке нарығын жергілікті нарықтардан
кездестіруге болады. Жақын алмастырушысы жоқ тауарлар мен қызметтер де өте
сирек кездеседі. Жетілмеген бәсеке нарығы ,таза бәсекелі нарық сияқты шекті
жағдайға жатады. Нақты нарықтық құрылымдар осы екі нарықтың ортасында
болады. Соған қарамастан, таза монополия моделін талдау нарықта өзінің
билігін орнатқан фирмалардың қабылдайтын шешімдерін зерттеуге, оған әсер
ететін факторларды анықтауға, олардың қызметтерін мемлекет тарапынан
реттеудің себебі мен мақсатын түсінуге көмектеседі.
Монополияның түрлері оның пайда болу себептеріне байланысты.

1.1Бәсеке және монополия. Мазмұны мен ерекшеліктері.

Бәсеке – нарықтық шаруашылық субъектілері арасындағы қосымша табыс
алуүшін жақсы өндіріс факторларын иелену және тауарларды өткізу мүдделеріне
байланысты қарама-қарсылықты бақталастық пен бәсеке.
Кәміл бәсекеге көпшілік фирмалар бір текті өнім өндіріп сататын
нарықтық құрылым тән. Салаға ену және шығу шектелмеген. әр фирма саланың
жалпы өнім көлемінің азғантай бөлігін шығарады. Мұндай жағдайда бірде-бір
фирма өнім бағасына әсер ететіндей нарықтың бөлігіне ие емес.
Жетілдірілмеген бәсеке белгілі бір монополиялық билігімен
ерекшеленеді. Оның пайда болуына салаға ену кезінде заңды және табиғи
тосқауылдар әсер етеді. Тосқауылдардың мықтылық дәрежесіне сәйкес не таза
монополия, не монополистік бәсеке, не олигополия пайда болады.
Монополиялар мен монополистік бәсекедегі фирма өнімдеріне сұраныс
ауытқымасы нарықтық сұраныстың ауытқымасы болып табылады да, теріс еңкіш
сызықты болады. Сондықтан фирмалар тауардың өндірілуін бақылай отырып
бағаға ықпал ете алады. Монополия жағдайында тауардың қосымша бірлігін
сатудан алатын шекті кіріс оның бағасынан төмен.
Фирманың табысы максималды болған жағдайда өндіру көлемі MR=MC
ережесімен анықталады. Кестеде бұл шекті шығын ауытқымасының қиылысу орны
болып табылады. Бекітілген баға максималды табыс беретін сұраныс
ауытқымасының биіктігімен анықталады. Мұндай баға шекті шығындардан әрдайым
жоғары.

Бәсеке түрлері

кесте
Ішкі салалық- бір салалық Салааралық-түрі салалық кәсіп
Кәсіпорындар арасындағы орындар арасындағы капитал
Ең үлкен табыс үшін күрес салудың ең пайдалы жағдайы үшін

Нарықтың шаруашылық тұлғалары өз мүдделерін қарастыратыны белгілі:
өндіруші мен тұтынушы бағаға таласса, өндіріушілер өзара тұтынушыларға
таласады. Сөйтіп, кәсіпкерлер арасында бәсеке болады: олар сұранысы мол
салаға қаржыларын салуға , сапалы және арзан тауар өндіруге, сөйтіп молырақ
пайда табуға жанталасады.
Бәсеке нарықтық қатынастардың басты ерекшелігі болып табылады.
Бәсекелік жағдайларға кәсіпорындар саны мен көлемі, өнім түрлері, бағаны
бақылау, салаға кіру немесе одан кету мүмкіндіктері , т.б. жатады. Соларға,
әсіресе кәсіпкерлердің нарық бағасына әсер ету мүмкіндіктеріне байланысты,
бәсеке жетілген немесе жетілмеген түрлерге бөлінеді Бұларды мына кестеден
көруге болады.

Жетілмеген бәсеке
Бәсекелестік Жетілген Монополистік Олиго-полия Моно- полия
жағдайлар бәсеке бәсеке
1.Фирмалардың Көптеген Көптеген ірі Бірнеше ірі Жалғыз ірі
саны мен көлемі ұс-ақ -ұсақ фирмалар фирма фирма
фирмалар
2.Өндіретін өнім Бір үлгідегі Әр түрлі өнімдерҮлгілі Бірегей
түрлері өнімдер өнімдер өнімдер
3.Бағаны бақылау Бақылай Шамалы әсер Едәуір әсер Бағаны
алмайды етеді етеді бақылайды
4.Салаға кіру Толық бар Бар Аздап бар Жоқ
және шығу
мүмкіндігі
5.Іс туралы Толық бар Бар Аздап бар Жоқ
мәлімет алу
мүмкіндігі
6.Бағаға Жоқ Жарнама, Әдетке Мол және
байланыссыз сауда белгісі ай-налған, қоғамдық
бәсеке әсі-ресе ұйым-дармен
әртүр-лі байланыста
өнім шы-ғару
Мысалдар: Ауыл Киім-кешек Ауыр Қоғамдық және
шаруа-шылығы өндірісі, бөлшекөнеркәсіп, жергілікті
сауда тұрмыстық кешендер
аспаптар
өндірісі

Жетілген бәсеке.
Кесте көрсеткендей, жетілген немесе таза бәсеке қалыптасу үшін мынадай
жағдайлардың болуы қажет:
1. Белгілі бір үлгідегі тауар өндіретін көптеген фирмалар жұмыс істейтін
болуы керек. Әр фирманың осы тауарды өндірудегі үлесі 1 пайыздан кем,
сондықтан фирмалар нарық бағасына ешқандай әсер ете алмайды және
кәсіпкерлер арасында баға туралы келісім болуы мүмкін емес.
2. Бұл салаға басқа кәсіпкерлердің қосылуына немесе бұдан басқа
салаларғакетуіне ешқандай кедергі болмайды, яғни капитал бір саладан
екінші салаға еркін ауыса алады.
3. Кәсіпкерлер арасындағы бәсеке тауардың көлемі мен сапасын арту және
өндірістік шығындарды кемітумен шектеледі.
4. Кәсіпкерлер мен тұтынушы қауым саланың барлық жағдайынан хабардар
болады: өндірушілер технология мен өндіріс ресурстарының бағасы
туралы, тұтынушылар тауар бағасы мен сапасы туралы.
Жетілген бәсекелі нарықта жұмыс істейтін фирмалар бәсекелі фирма деп
аталады, өйткені олардың нарықтағы жағдайы бірдей: бағаға әсер ете алмай,
нарықта қалыптасқан бағамен өнімдерін өткізеді.
Жетілген бәсеке жағдайына жеке бір фирманың өніміне сұраныс барынша
икемді болады, сондықтан сұраныс қисығы көлденең орналасады. Оны келесі
графиктен көре аламыз.

Икемді сұраныс қисығы.

P

Po d d

0. Q
Икемді сұраныс жағдайында бәсекелі фирма Ро бағасымен немесе одан төмен
бағамен қанша болса да тауар өткізе алады. Тауарын бұдан жоғары бағамен
сатпақ болған фирманың өніміне сұраным кемін, 0-ге де тең болады.
Осы саладағы фирмалар өнімдерінің көлемін кемітіп, бағаны көтере
алмайды. Бағаның қандай да болсын өсірілуі басқа фирмаларды осы салаға
тартады да, ұсыныс қайтадан өседі.
Таза бәсекелі нарық күрделі екі мәселені бірақ шешеді: біріншіден,
фирмалар тұтынушы қауымға қажетті, яғни пайдалы өнімдер шығарса, екіншіден,
ондай тауарларды минимальді шығын жұмсап өндіреді.
Егер осы саланың өндірушілері мен сатушылары келісіп, бағаны көтерсе,
немесе осы саланың өнімін тұтынушылар бірауызды болып, бағаны түсірсе,
нарық жетілген бәсекеліден жетілмеген бәсекелі түрге көшеді.

1.2 Монополиялық бәсекелес нарық
Монополиялық бәсекелес нарықта әртүрлі тауарлар мен қызметтер
өндіретін немесе сататын көптеген фирмалар нарықтағы үлестері үшін бір-
бірімен бәсекеге түседі. Бұл нарықтың негізгі ерекшеліктері: әр түрлі
тауарлар мен қызметтер ұсынылады; өндірушілер мен сатушылардың саны көп;
салаға кіруге кедергілер жоқ; фирмалар өнім көлемі мен баға туралы шешім
қабылдағанда бір-бірімен санаспайды.
әр түрлі, бір-бірінен ерекше тауарлар ұсынатын фирмалар нарықта азды-
көпті билік орнатады. Сонымен қатар монополиялардың ұсынатын тауарлары
қаншама ерекше болғанымен , бір-бірін алмастыра алады. Сондықтан осы
нарықта ұсынылатын тауарларға сұраныстың икемділігі жоғары болады.
Монополиялық бәсекелес нарық таза бәсекелес нарық пен таза
монополиялық нарықтарға қарағанда күнделікті өмірде жиі кездеседі.
Сондықтан осы нарықтағы монополистердің өнім көлемі мен баға туралы
қабылдайтын шешімдерін талдаумен түсінудің маңызы зор.

1.3 Жетілмеген бәсеке.
Жетілген бәсекеге қажетті жағдайлардың жоқ дегенде біреуі
орындалмаса, нарық жетілмеген бәсекеге көшеді. Кәсіпкерлер мен тұтынушылар
бағаға әсер ете алған жағдайда нарық жетілмеген бәсекелі деп аталады.
Жетілмеген бәсекелі нарықтың бірнеше түрі болады, олардың негізгілеріне
монополистік бәсеке, олигополия және таза монополия жатады.
Монополистік бәсеке орын алу үшін осы салада едәуір ірі-ұсақты
фирмалардың болуы, сондай-ақ жаңа өндірушілердің қосылуына жолдың ашықтығы
қажет. Фирмалардың өндіретін өнімдері әр түрлі болады. Мысалы, жеңіл
автомобиль мен қатар оның бөлшектерін шығарып сату, машинаның әр түрлі
моторларын жасау, т.т. Ірі фирмалардың бағаға әсер етуі мүмкін: өнім
көлемін өсіру арқылы бағаны кеміте алады. Тауарларына сауда белгісін қойып
немесе жарнама арқылы өнімдерін тезірек өткізбек болады.
Монополистік бәсекенің таза бәсекеден ерекшеліктері мынадай:
1) жеке фирманың саладағы үлесі шамалы болғандықтан, бағаға әсер етуі
(бақылау) мүмкіншілігі шектеулі;
2) баға өсіру немесе өндіріс көлемін қысқарту мақсатымен фирмаларға
құпия келісім жасау қиынға түседі;
3) бәсекелес фирмалардың қарсы жасайтын әрекеттерін ескермеуге де
болады: біреудің қарсылығы басқа фирмаларға азмаз ғана тиуі мүмкін.
Осыдан шығарар қортынды: монополистік бәсекенің жетілген бәсекелі
нарықтан өзгешелігі шамалы, өндіретін өнімнің әртүрлілігі немесе
дифференциалданғаны ғана. Бәсекелесетін кәсіпкерлердің әр түрдегі
өнімдеріне тұтынушы қауым біріне бірі ұқсас, дегенмен бірінің орнына бірі
толық жүре қоймайтын тауарлар ретінде қарайды. Монополистік бәсекеге
көбінесе қызмет көрсету мен бөлшек сауда орындары қатысады.
Салада бірнеше-ірі фирма болып, олар үстемдік жасайтын жағдайды
олигополия деп атайды. Бұлардың әрқайсысы нарық бағасына әсер ете алады.
Салада үлгілі және күрделі өнімдер шығарылғандықтан, жаңа өндірушілердің
қосылуы шектелген.
Олигополияның басты ерекшелігі, фирмалардың аздығы мен өнім
өндірудегі үлестерінің молдығы. Сондықтан олигополия монополияға жақын
тұрады.және одан монополия тууы мүмкін. Олигополияға автомобиль өндірісін
жатқызуға болады. Ресейде ондай фирмалар төртеу болс, АҚШ-та үшеу ғана.
Олигополияның екінші ерекшелігі, салаға қосылуға немесе одан кетуге
кедергілердің молдығы. Олар: өндіріс көлемінің молдығы, ресурстарға
монополиялық бақылаудың барлығы, жарнамаға жұмсалатын шығынның молдығы,
т.б.
Үшінші ерекшелігі- жалпыға бірдей өзара тәуелділік. Салада фирмалар
саны аз болғандықтан, бәсекелестер бір бірінің іс-қадамдарын бақылап,
біірінен бірі қалмауға әрекет жасайды, әсіресе өндіріс көлемін анықтауда
және баға белгілеуде. Мұны олигополистік өзара байланыс деп атайды. Оның
баға таластығынан құпия келісімге дейін баруы мүмкін. Баға таластығы
бәсекелесін нарықтан ығыстыру мақсатымен бағаны дүркін-дүркін кемітіп отыру
деген сөз. Ал құпия келісім болса, монополияға өтудің бірден бір жолы.
Дуополия – олигополияның қарапайым түрі, онда белгілі бір тауарды
өндіруші фирма екеу-ақ және әрқайсысы бұл өнімге сұранысты қанағаттандыра
алатындай болады. Мұндай нарықтық құралым аймақтарда жиі кездеседі.
Олигополияның тағы бір мүмкін түрі- квазимонополия (монополия сияқты
деген ұғымда). Мұндай жағдай салада жалғыз ірі фирма мен көптеген ұсақ
фирмалар болғанда қалыптасады. Ірі фирма нарық бағасын бақылап отырады:
өндіріс көлемін өзгерту арқылы бағаны өзгерте алады. Ұсақ фирмалардың
жағдайлары жетілген бәсекені еске салады: әрқайсысының жалпы өнім
көлеміндегі үлесі шамалы болады, нарық бағасына әсер ете алмай, ірі
фирманың белгілеген бағасын сыбайына тигендей көреді. Квазимонополияның
мысалы ретінде мұнайдың әлемдік нарығын келтіруге болады.
Жетілмеген бәсеке негізінде, әсіресе олигополиядан, монополия пайда
болады. Салада жалғыз өндіруші фирма болғанда және бұл салаға басқа
өндірушілердің қосылуына мүмкіндік болмаса, сондай-ақ оның шығаратын
өнімдерінің орнына басқа өнімдер жүре алмаса, міне, сонда монополия орын
алады. Таза монополия-жетілмеген бәсекенің соңғы соңғы шегіне жатады, ол
жетілген бәсекеге қарама-қарсы тұрады.
Таза монополияны бейнелейтін ерекшеліктерге тоқталсақ, олар:
1. Салада жалғыз өндіруші немесе қызмет көрсетуші фирма. Мұнда фирма
деген ұғым сала ұғымымен қабысады. Мысалы, қалада жылу беретін
жалғыз орталық болса, ол әрі жылу саласы болып саналады.
2. Олай болатын себебі-салаға басқа өндірушілердің қосылуына кедер-
гілер көп болады. Фирманың монополистік жағдайы табиғи немесе
жасанды болады. Мысалы, табиғи монополияға коммуналдық қызмет
көрсететін мекемелер жатады (жылу орталығы, су мен кана-лизация,
радио нүктесі, т.т.) Жасанды монополияның мысалы, бір елді мекенде
жалғыз бензаколонканың болуы.
3. Фирма шығаратын өнімнің (қызметтің) орнына жүре алатын басқа өнімдер
немесе қызметтер жоқ.
4. Қарғайын десем жалғызым, қарғамайын десем жалмауызым деген-дей,
тұтынушылар монополист фирма белгілеген бағамен (тарифпен) оның
өнімін (қызметін) қабыл алуға мәжбүр болады.
5. Фирма өндіріс көлемін қысқарту арқылы бағаны көтерсе, нарыққа
монополистік үстемдік жасады деген сөз. Мемлекет қайсы бур тауар
өндіру хұқын өзіне қалдырса (мысалы, арақ-шарап өндіруді), бұл
салада өзі монополист болады.
Монополистік нарықта екіжақты, билатералдық монополия орын алуы
мүмкін. Мысалы: қалада жылу өндіретін жалғыз орталық болса , оның өнімін
тұтынушыларға жеткізетін құбырлар иесі басқа бір жалғыз мекеме делік.Ал
бірнеше фирманың өнімін немесе қызметін сатып алушы жалғыз болған жағдайды
монопсония деп атайды. Ол сұраныс жағынан монополия деген сөз. Мысалы,
қайсы бір аймақта жеміс өңдейтін жалғыз кәсіпорын болса, ол да монополист.
Астық нарығында монополист мемлекеттің өзі болып отыр.
Жетілмеген бәсекенің ерекшелігі сол, әрбір қосымша өндірілген өнім,
яғни тауардың қосымша саны, мұндай өнімдердің нарықтық бағасын төмендетіп
отырады. Сондықтан жетілмеген бәсеке жағдайында сұраным қисығы төмен қарай
көлбиді. Оны келесі кестеден көруге болады Р
d

d
0. Q
Жетілмеген бәсекелі нарықтағы сұраным қисығы
Сұраным төмендеген сайын фирмалар ұсыныстарын да өзгертуге мәжбүр
болады: өнім көлемін қысқартып, бағаны көтереді, немесе бағаны түсіріп,
өнім көлемін сақтап қалады.

2.1Фирманың пайданы молайту әрекеті
Фирманың мақсаты табысты молайту арқылы пайданы максималдау болып
табылады. Пайда табыстың бір бөлігі: TRr=TR-TC , яғни жалпы табыс пен жалпы
өндіріс шығындарының айырмашылығы.
Жалпы табыс (TR ) деп фирманың нарықта өткізген барлық өнімінен
түскен кірісті атайды. Ол TR= P x Q тең. Мұнда Р өнім бағасы, Q- сатылатын
өнім көлемі.
Жалпы табыспен қатар табыстың орташа табыс (AR)
және максималды табыс (MR) деген түрлері анықталады. Сатылған өнімнің
әрбір данасынан түскен кірісті орташа табыс деп атайды: AR=TRQ. Максималды
табыс дегеніміз , қосымша өнім шығарып сату арқылы өскен жалпы табыс : MR=
дельтаTRдельтаQ
Жетілген бәсеке жағдайында фирманың пайданы максималдауы.
Жетілген бәсеке жағдайында тауар бағасын нарық анықтайды да, фирма
өнімін сол бағамен өткізуге мәжбүр болады. Сондықтан фирманың орташа табысы
тұрақты және нарық бағасына тең болады: AR=P. Фирманың максималды табысы
да бұларға тең: MR=AR=P, жалпы табыс қана өткізілген өнім көлеміне
байланысты өзгеріп отырады: TR=P х Q.
Белгілі бір көлемге дейін (Q=5) жалпы өндіріс шығындары жалпы табыстан
асып жатқандықтан, фирма пайда алудың орнына зиян шегеді.Өнім көлемі өскен
сайын жалпы табыс пен өндіріс шығындары да өседі, дегенмен шығындардың өсуі
кемірек болады. Белгілі бір көлемге жеткенде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бәсеке күресі
Бәсеке күрес - нарықтық экономика механизімінің басты элементі
Қазақстан Республикасындағы бәсекенің даму жағдайы
Бәсекенің негізгі формалары
Бәсеке түсінігі
Бәсеке – рынокты экономиканың негізі
Бір ғана бәсеке өндіруші
Бәсекенің түрлері
Бәсеке және оның түрлері. Бәсеке және монополия
Бәсеке және монополия
Пәндер