Xml тілі туралы


Мазмұны:

Кіріспе . ………. 3

1-тарау. XML тілі туралы … . . . . . . . 4

1. 1 XML тіліне түсініктеме. . . . ………. 4

1. 2 XML тілінің тарихы. . 5

1. 3 Айрықша белгілері. . ……. . 6

1. 4 Күшті және әлсіз жақтары . ……… 7

II-тарау. XML тілінде құжаттарды пайдалану . . . 10

2. 1 XML-дің дұрыс құрастырылған және қолданыстағы құжаттары… . . . 11

2. 2 ХML синтаксисі . 10

2. 3 XML-дің хабарламалары және элементтері. Сілтемелердің мәні…. . 11

2. 4 Мәліметтер схемасы . . . 16

2. 5 Элементтер сипаттамасы. …17

2. 6 Элемент мазмұны сипаттамасының ашық және жабық моделі…. . …20

2. 7 XML Schema анықтау. Қарапайым және күрделі типтер…. . …… . . . 22

III-тарау. XML құжатын JavaScript тілінде өңдеу . . . 24

3. 1JavaScript тілі. . . …. …. …. . 24

3. 2 MSXML-ді пайдаланып құжатты өзгерту. . …. ………25

3. 3 XML-талдаушылары (анализатор) мен түрлендірулері……. … . . . ……. . 26

3. 4 XML үшін қарапайым API (SAX) . . …. . ………. 27

Зертханалық жұмыстартар. . …. . …. . ……. . 29

Қосымша. . ………. 91

Қорытынды . . . …… . . . 94

Пайдаланылған әдебиеттер. . … . . . 95

Кіріспе

Интернет технологиясының қарыштап дамуына байланысты, оның ықпалы тек қана адамдардың қызмет және үйрену жақтарында бейнеленіп қана қалмастан, барған сайын өмірдің әр саласына еніп бара жатыр. Интернетті қолдану арқылы адамдар көптеген ақпараттарға дәл әрі тез ие болып, өзара пікір алмастыру орайы барған сайын кеңеюде, сайттар да барған сайын көбеюде. Кейбір сайттардың пайдаланылу мөлшері күніне неше жүзмың ретке жетсе, кейбір сайттар керісінше құлазып тұрады. Мұның себебіне үңілетін болсақ, сайттарда мәлімет көзі мол болуымен қатар, олардың жобалануының әдемілігі де адамдарды өзіне баурайтын маңызды фактор. Сол себепті сайт жобалаудың техникасын игеру үшін бастапқы білімдерден бастап үйрену керек.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: XML тілінде құжаттарды өңдеу және жалпы мағлұмат беру.

Дипломдық жұмыстың міндеті: XML құжаттарын Java Script тілінде өңдей отырып, Web беттерін жасау, яғни XML тілінде электрондық оқулық жасау.

Интеграциялық мәліметер әртүрлі көптеген қиын және үлкен аумақты тапсырмаларды орындау үшін керек. Бірақ XML тілі ықшамдап, әртүрлі мәліметерді қосады және өзгертуге болатын жерді өзгертеді. Серверге түскен мәліметтер қорын басқа арнайы программалық агент ретінде береді, бірақ клиенттік сервер мәліметтер өңдеп өзіне қайтадан қайтарады.

XML - программалау тілі емес, ақпаратты өңдеу, сақтау тілі.

XML (ағылшынша. eXtensible Markup Language - ұлғайтуға болатын белгілеу тілі; [экс-эм-э́л] ) деп оқылады-Дүниежүзілік тор консорциумымен ұсынылған белгілеу тілі, іс жүзінде жалпы синтаксистік қағидалар жиынтығы болып табылады. Құрылымдалған деректерді сақтауға, программалар арасында ақпаратпен алмасуға арналған, сондай-ақ соның негізінде, кей кездерде сөздіктер деп аталатын, бұдан да мамандандырылған белгілеу тілдерін (мысалы, XHTML) жасауға арналған XML - мәтіндік формат. XML SGML тілінің қарапайым тілі болып табылады.

XML құрудағы басты мақсат, ақпаратты өңдеудің әртүрлі жүйелері арасында құрылымдалған деректерді жіберу кезінде үйлестікті қамтамасыз ету болып табылады, әсіресе осындай деректерді интернет арқылы жіберген кезде. XML негізделген сөздіктер (мысалы, RDF, RSS, MathML, XHTML, SVG), іс жүзінде өздігінен бейнеленген, бұл өз кезегінде, олардың семантикасын білмей-ақ, яғни элементтердің мағыналық мәнін білмей-ақ, құжаттарды осындай сөздіктер негізінде тексеруге және бағдарламасын өзгертуге мүмкіндік береді. Атаулар кеңістігі деп аталатындарды қолдану XML басты ерекшелігі болып табылады. (ағылшынша. namespace) .

1-тарау. XML тілі туралы

1. 1. XML тіліне түсініктеме.

Қазіргі уақытта көптеген құжаттар HTML кодында жазылып WEB

түрінде сақталады. Көп жағдайларда HTML тілі кеңейтілген дискрипторлық таңдауға мүмкіндік береді. Қажеттілік жағдайда жаңа дискрипторлық HTML құжатымызды динамикалық және тартымды жасауға болады. Осындай қажеттілікті қанағаттандыра отырып, браузерлік өңдеуіш кейбір HTML дискрипторын енгізуді қабылдауға мүмкіндігін қосады. Мұндай өзгертулер немесе енгізулер WEB құжаттарының қолданылуын қиындата түсуі және HTML тілін өзгеше түсіндірулер пайда болады.

XML мета тілдік (мета тіл-бұл басқа тілдерді түсіндіру деген мағананы білдіреді) -дегеніміз проект жасаушыларға арнайы дискрипторларды HTML-дің көмегінсіз ойлап табуға мүмкіндік береді.

XML тілі SGML- тіліне өте ұқсас.

SGML (Standart Generalized Markup Language) - стандартты талданған тіл. XML арнайы WEB құжатын дайындауға арналған

SGML- дегеніміз бұл құжаттың құрылымдық түрін анықтайтын жүйе. SGML тілі 20 жыл бойы стандартты тәуелсіз құрылымдық прогрммалық құжат болып келеді. Бұл құжаттың екі жолы бар: біріншісі құжат құрылым анықтайды, екіншісі сол текстен құралады.

Анықталған құрылым дегеніміз- анықталған құжаттың түрі.

SGML тілі кез келген құжатқа жеке анықталған құрылымды бекітеді және құжат авторына өзінің арнайы структурасын жасауға мүмкіндік береді.

XML тілі басқа тілдерге қарағанда жұмыс жасауға көп мүмкіндіктер береді. Мысалы: MathML (Mathematics Markup Language -математикалық тілде жазу немесе қолдану), SMIL (Synchonized Multimedia Integration Language- бұл тіл мультимедиялық ақпараттарды синхрондау дегенді білдіреді) CML (Chemisty Markup Language- химиялық тілдердегі заттарды немесе документ т. б. қолданылады. )

XML тілі 1998 жылдан бастап қолданылып келеді. Бұл тіл көптеген ақпараттық технологияларды графиктік интерфейс, жүйелік деректер қорын басқаруға болады. XML тілі барлық деректер қорының схемасын қолдануға және таңдауға мүмкіндік береді.

Мысалы: СУБД (деректер базасын құру) схемасының деректер қорын, ORACLE немесе Informix болмаса SYBASE.

Қазіргі кезде XML тілі стандартты деректер қорын аудандардың программасының жабдықтарының тез электрондық жүйеге ауыстыра алады.

EDI (Electronic Data Interchange деректер қорын электрондық түрде ауыстыру деген мағынаны білдіреді) .

1. 2. XML тілінің тарихы.

XML тілінің пайда болу уақыты деп 1996 жылды санауға болады, осы жылдың соңында тілдің спецификациясының жоба үлгісі пайда болды, немесе осы спецификация бекітілген 1998 жыл. Ал мұның бәрі 1986 жылы пайда болған SGML тілінен басталды. SGML (ағылшынша. Standard Generalized Markup Language - стандартты қорытылған белгілеу тілі) өзін белгілеу тілдерін жасауға арналған икемді, кешенді және барлығын қамтитын мета-тіл ретінде танытты. Гипермәтін ұғымы 1945 жылы пайда болуына қарамастан, бұл тілдің гипермәтіндік үлгісі жоқ. SGML жасауды құшаққа сыймайтынды құшаққа сыйдыру әрекеті деп сенімді түрде айтуға болады, себебі бәрі бірдей өте сирек қолданылатын осындай мүмкіндіктерді біріктіреді. Міне, осының өзі оның басты кемшілігі болып табылады, сонымен қатар оның күрделілігі және де соның салдарынан, осы тілдің қымбаттылығы, сәйкес бағдарламалық қамтамасыз етуді және жоғары мамандандырылған және білікті мамандарды жалдауға қалтасы көтеретін, тек ірі компаниялар ғана жұмысында қолдануымен шектеледі. Міне, осы оның басты кемшілігі болып табылады. Сонымен қатар, кішігірім компанияларда SGML көмегімен ғана шешуге болатын, сондай күрделі мәселелер өте сирек кездеседі. SGML өзге де белгілеу тілдерін жасау үшін кеңінен қолданылады, тап соның көмегімен, спецификациясы 1992 жылы бекітілген, HTML- гипермәтіндік құжаттардың белгілеу тілі жасалды. Оның пайда болуы Интернет жүйесінде тез ұлғайып отырған құжаттар көлемін ұйымдастыру қажеттілігімен байланысты болды. Интернетке қосылулардың және осыған орай Web-серверлерге қосылулардың қарқынды өсуі салдарынан электрондық құжаттарды кодтау қажеттілігі туындады, игерілуі өте күрделі болғандықтан оған SGML күші жетпеді. HTML - өте қарапайым оқып үйренудегі жеңілдік және құжаттардың рәсімдеуде қолданылатын құралдардың сан-алуандығы Интернет пайдаланушылары үшін оны ең танымал және әйгілі тіл деп танытты. Бірақ та Жүйедегі құжаттар саны өсіп, олардың сапасы да өзгеруіне қарай оларға қойылатын талаптар да күшейтілді, соның салдарынан HTML қарапайымдылығы оның басты кемшілігіне айнала бастады. Тегтер санының шектеулі болуы және құжаттың құрылымына деген талғаусыздығы W3C консорциумы атынан қызмет етіп жүрген әзірлеушілермен SGML секілді өте күрделі емес және де HTML тәріздес өте қарапайым емес белгілеу тілін жасап шығаруына себепкер болды. Соның нәтижесінде, HTML қарапайымдылығын, SGML белгілеуінің қисынын байланыстыра отырып және де Интернет талаптарын қанағаттандыратын XML тілі пайда болды.

  1. XML тілінің айрықша белгілері

XML тілі ол қарапайым тіл. Стандартты түрде 50 беттен кем болмауы керек. Бұл тіл сапалы пайдалануға арналған тіл.

XML тілі платформаға тәуелді емес және программаларға жабдықталған. Бұл тіл көп жағдайларда SGML тіліне тәуелді және ISO стандартты түрде анықталған. XML тілі Unicode тілінде теріледі. Өйткені ол барлық алфабиттық тексті тани береді.

Кеңейту тәсілдері . HTML тіліне қарағанда XML тілі кеңейтілген тіл. Бұл тіл қолданушының жеке дискрипторларын қай талапқа немесе жазған элементтің қайсысы нақтырақ керек болса, сол элементтің нақты жауабын қарастырады

Қайталану және пайдаланудың мүмкіндіктері. Кеңейтілген XML тілі дискрипторлық библиотекалардың жасалуын XML-де қайталанатын көп түрлерін береді.

Бөлінген ақпараттарды толықтыру. XML тілі құжаттарды сақтап және бұл жазылған құжаттар броузерде сақталады. Мұндай мүмкіндіктер арнайы түрде тиімді мәліметтерді жасайды. Бұл көптеген қолданушылардың көмегімен броузерде ішкі түзетулер таңдалған орнына конфигурациялық қолданушы ретінде сақтайды.

XML тілі мәліметтер броузер жіберіп яғни (клиенттік компьютерге) көптеген есептеулердің орнына серверді есептеуден босатып, жүктеу бөлігін теңестіреді.

Интеграциялық мәліметтерді қолдану. Интеграциялық мәліметер әртүрлі қиын және үлкен аумақты тапсырмаларды орындау үшін керек. Бірақ XML тілі ықшамдап, әртүрлі мәліметерді қосады және өзгертуге болатын жерді өзгертеді. Серверге түскен мәліметтер қорын басқа арнайы программалық агент ретінде береді, бірақ клиенттік сервер мәліметтер өңдеп өзіне қайтадан қайтарады.

Әртүрлі мәліметтер типтік ретінде жазылады. XML тілі кез келген кеңейтілген мәліметтердің құжатын жазғанда, ол мәліметтерді әртүрлі форматтарға өзгертіп құрады және құрған мәліметтерді өзі жазады, соңында өңдеп қосымша керек мәліметтерін қосады.

Іздеу механизмдері жақсарту және кеңейту. Қазіргі уақытта іздеу процес машинасы ақпараттарды қолданып оларды метадискрипторлық HTML аналитикалық кілт ретінде орналастырады және жазылады. XML іздеу машинасы жай интепретациялық дискриптор ретінде жазылады.

Жаңа мүмкіндіктер. XML тіліне көптеген әртүрлі шексіз мүмкіндіктер жаңа технологияларда ашылады және жазылады.

XML құжатының құрылымдық формасының жазылуы түрі:

<p> <?xml version=”1. 0”?></p>

<p> <list_of_items></p>

<p><item id=”1”></p>

<p><first/>Первый</item> </p>

<p><item id=”2”>Второй <sub_item>1</sub_item></item></p>

<p><item id=”3”>Второй</item> </p>

<p><item id=”4”><last/>Последний</item></p>

Бұл құжат HTML беттеріне жазылуына өте ұқсас. HTML инструкциясында басында және соңында да бұрыштық жақша ашылып, жабылады, ортасында тегтер атрибуттар текстік мәліметтер жазылады. XML құжатының жазылуы мына элементтен тұрады.

Markup - құжатты береді, ал Content - мәліметті береді. XML элементтері құжаттары анықталады және басқа аттрибуттың конструкциясылық тілдерді түсінеді.

Мысалы, HTML, Java Script, т. с. с. тілдер.

Кез келген XML құжаты инструкция бойынша бұрыштық жақшада сұрақ белгісі қойылып жазылады.

Мысалы: <?xml?> ішінде жазылған “ хml” тілдің номерін версиясын береді.

XML құжатының келесі талаптарды орындау керек:

XML құжатының хабарламасы, тілдің номерін, ақпараттық версиясын толтыру керек.

Ашылған тегтер, мәліметтерді анықтайтын облысын жазып және міндетті түрде тегтер жабылу керек.

XML регистрлік символдар болу керек.

Атрибуттардың анықтау тегтері тырнақшамен аяқталуы керек. XML мәліметтер символдарды форматтап яғни ( пробел, аудару бағаны, табуляция, т. б. ) HTML түрінде жазыла береді.

1. 4. Күшті және әлсіз жақтары

1. Мүмкіншіліктері:

• XML - адам оқитын және компьютермен талданатын, мәтінге қосарлы деректерді бейнелеуге мүмкіндік беретін, белгілеу тілі;

• XML-ді Юникод қолдайды . XML форматында жазбалар, тізімдер және кескіндер секілді деректердің құрылымдары келтірілуі мүмкін;

• XML - дегеніміз құрылымды және жиектердің атауын, сондай-ақ жиектердің мәнін бейнелейтін өздігінен құжатталатын формат;

• XML-де оған қарапайым, тиімді және қарама қайшылықсыздық болуына мүмкіндік беретін, қатаң белгіленген синтаксисі мен талдау талаптары бар. Сонымен қатар, әртүрлі әзірлеушілер экпрессивті әдістемелерді таңдауына шек қойылмайды (Мәселен, мәндерді тега параметрлеріне немесе тега тәніне орналастырып, мәліметтерді модельдеуге, тега атаулары үшін әртүрлі тілдерді және нотацияларды пайдалануға болады және т. б. ) ;

• XML - халықаралық стандарттарға негізделген формат;

•XML-ның иерархиялық құрылымы, аудио және видео мультимедиялық ағындардан, растр бейнелерінен, мәліметтердің жүйелі құрылымдары мен қосарлы деректерден басқа, кез келген құжаттарды бейнелеуге ыңғайлы;

•XML лицензияланудан және де басқа қандай болмасын шектеулерден еркін қарапайым мәтін болып табылады;

• XML платформаға тәуелді емес;

• XML SGML-ның тәуелді жиынтығы (1986 жылдан бері пайдаланып келген) болып табылады. Бүгінгі таңда тілмен жұмыс істеудің орасан тәжірибесі жинақталып, мамандандырылған қосымшалар құрылды;

• XML жолдағы символдардың орналасуына талаптар қоймайды;

• Бинарлы форматтарға қарағанда, қосымша белгісіз құрылымдағы құжатты өңдей алатын, XML-да бейнеленетін объектілердің атаулары, түрлері және сыныптамасы туралы метадеректер болады (мысалы, интерфейстердің серпінді құрылуы үшін) ;

• XML барлық осы замандағы бағдарлама жасау тілдеріне арналған парсерлерді іске асыру функциясы бар;

•XML заманалық аппараттық шешімдердегі төменгі аппараттық, микробағдарламалық және бағдарламалық деңгейлерде сүйемелденеді.

2 . Кемшіліктері :

• XML синтаксисі артық. .

• XML құжатының көлемі тап сол деректердің бинарлық көрінісінен едәуір артық. Осы фактордың мөлшерін топшылайтын болсақ, оны 1 реттік (10 рет) деп есептейді.

• XML құжатының көлемі деректер таратудың баламалы мәтіндік форматтарындағы құжаттан едәуір үлкен (мысалы JSON, YAML) және де ерекше нақты пайдалану жағдайына оңтайландырылған деректер форматтарында.

• XML артықтығы қосымшаның тиімділігіне ықпал етуі мүмкін. Деректерді сақтау, өңдеу және тарату құны өсіп кетеді.

• XML мета-деректер бар (жолдар, сыныптамалар атаулары, құрылымдар енгізулері туралы), және сонымен қатар, XML қол жетімді системалардың өзара қатынас тілі ретіндегі жайғасымы бар. Бір үлгідегі (бір құрылымдағы) объектілердің үлкен мөлшерін системалар арасында жөнелту кезінде, олардың XML бейнелеудің әрбір данасында болуына қарамастан, метадеректерді қайталап жолдаудың мағынасы жоқ.

• Көптеген мақсаттар санына XML синтаксисінің барлық қуаты қажет емес және бұдан да жеңіл және де оңтайлы шешімдерді қолдануға болады.

• Үлгілеудің бір мәнді еместігі.

• XML-де деректерді үлгілеуге арналған жалпыға ортақ әдістеме жоқ, сонымен бірге, реляциондық және объектіге бағдарланған үлгілер үшін осындай құралдар әзірленген және олар реляциондық алгебраға, жүйелі тәсілдемеге және жүйелі талдамаға негізделген.

• Табиғатта деректердің (жүйелі, реляциондық, иерархиялық (сатылық) әртүрлі құрылымдарын бейнелеуге арналған табиғи болып табылатын көптеген объектілер мен құбылыстар бар және объектіні оның табиғатына сай емес үлгіде көрсету, оның мәніне ауыр тиеді. Реляциондық және иерархиялық (сатылық) үлгілер жағдайында салыстырмалы бір мәнділікті қамтамасыз ететін, декомпозия үлгісі белгіленген, жүйелі үлгісінде декомпозия белгіленбеген.

• Тілдің үлкен икемділігінің және қатаң шектеулер жоқтығының нәтижесінде, бір құрылым көптеген әдіспен (әртүрлі әзірлеушілермен) берілуі мүмкін, мысалы, мән тег атрибуты ретінде немесе тег аумағы ретінде де жазылуы мүмкін және т. б. Мысалы: немесе немесе 11 немесе немесе және т. б.

• Тегтер атауларында көптеген тілдерді сүйемелдеу салмағы деген сөзді орыс сөзімен атауға мүмкіндік береді, осындай жағдайда компьютер бұл жолдың бағдарламаның ағылшын тіліндегі версиясындағы weight жолына, және де объекті үлгісінің көптеген өзге тілдердегі версиясындағы жолдарымен сәйкестігін анықтай алмайды.

• XML-да тілге кіріктірмелі деректер түрлерінің сүйемелдеуі жоқ. Онда қатаң түрлендіру жоқ, яғни «толық сандар», «жолдар», «даталар», «бул мәндері» және т. б. ұғымдары көзделмеген.

• XML ұсынған иерархиялық деректер үлгісі реляциялық үлгімен және объектіге бағдарланған графалармен және де жүйелі үлгімен салыстырғанда қатаң шектеулі болып табылады.

• Иерархиялық деректерді көрсету (мысалы графалар) қосымша іс-әрекеттерді қажет етеді.

• Кристофер Дейт, реляциялық деректер қоры саласының маманы, «An Introduction to Database Systems» классикалық оқулығының авторы, былай деп атап өткен: «…XML иерархиялық деректер қорын қайтадан ойлап табу әрекеті болып табылады . . . » (1980-ші жылдары иерархиялық деректер қоры реляциондық деректер қорымен шегеріліп тасталды) .

• XML атаулары кеңістігін қолдану күрделі және оларды XML парсерлерде іске асыру оңай емес.

• XML мүмкіндіктеріне ұқсас, адамның оқуына өте ыңғайлы, өзге де мәтіндік деректер форматтары бар (YAML, JSON, SweetXML, XF) .

II-тарау. XML тілінде құжаттарды пайдалану

  1. XML-дің дұрыс құрастырылған және қолданыстағы құжаттары

Стандартпен XML құжаты дұрыстығының екі деңгейі белгіленген:

• Дұрыс құрастырылған (Well-formed) . Дұрыс құрастырылған құжат, кез келген XML-құжатқа қолдануға болатын, XML синтаксисінің барлық жалпы қағидаларына сәйкес болады. Мәселен, бастапқы тегтің өзіне сәйкес соңғы тегі болмаса, онда ол дұрыс құрастырылмаған XML құжаты. Дұрыс құрастырылмаған құжат, XML құжаты деп саналмайды; XML-процессор (парсер) оны әдеттегі тәсілмен өңдей алмайды және бұл жағдайды тұрпайы жіберілген қате деп сыныптауға міндетті болады.

• Қолданыстағы (Valid) . Қолданыстағы құжат қосымшаның кейбір семантикалық қағидаларына сәйкес болады. Бұл құжаттың дұрыстығын осыдан бұрын белгіленген, бірақ та, қателер санын азайту мақсатында, сыртқы қағидаларға сәйкестігіне қосымша бұдан да қатаң тексеру жүргізу, мысалы, деректің құрылымы мен құрамын, нақты бір құжатты немесе құжаттар тұқымдастығын тексеру. Бұл қағидаларды пайдаланушының тап өзі әзірлеп алуы мүмкін немесе өзге әзірлеме жасаушылар да әзірлеуі мүмкін, мысалы сөздіктерді немесе деректермен айырбас жүргізу стандарттарын әзірлеушілермен. Әдетте, осы тәріздес қағидалар арнайы файлдарда -құжаттың құрылымы, барлық элеметтердің, атрибуттардың мүмкінді атаулары және көптеген басқа қағидарлар егжей-тегжейлі баяндалған схемаларда сақталады. Және де егер құжатта, мысалы, схемада бұдан бұрын белгіленген элемент атауы бар болса, онда XML-құжат жарамсыз деп танылады; тексеруші XML-процессор (валидатор) қағидалар мен схемаларға (пайдаланушының таңдауы бойынша) сәйкестігін тексеру кезінде қате кеткені жөнінде хабарлауға міндетті.

Осы екі ұғымның орыс тіліндегі тұрақты стандартталған аудармасы жоқ, әсіресе, күшіне енген, лайықты, сенімді, жарамды деп тәржімалауға, немесе қағидаларға, стандарттарға, заңдарға сәйкестігі тексерілген деп аударуға да болатын valid ұғымы. Кейбір программистер күнделікті тірлігінде тұрақтандырылған «Валидті» калькасын қолданады.

2. 2. ХML синтаксисі

Бұл бөлімде XML құжаттарының тек дұрыс құрылуы ғана қарастыралады, яғни синтаксис. XML - бұл, кез келген деректерді сақтауға арналған иерархиялық құрылым, құрылым көзге кескін ретінде көрінуі мүмкін. Ең маңызды міндетті түрде орындалуы тиіс синтаксистік талабы - ол, құжатта тек бір түбірлі элемент бар (ағылшынша. root element) (баламалы түрде құжат элементі деп аталады (ағылшынша. document element) ) . Бұл мәтін мен бүкіл құжаттың өзге де деректері жалғыз бастапқы түбірлі тег және оған сәйкес соңғы тег арасында орналасуы тиіс екендігін түсіндіреді.

Келесі ең қарапайым мысал - XML дұрыс құрылған құжаты:

Бұл кітап: "Кітапша"

XML-құжатының бірінші жолы XML хабарландыруы деп аталады (ағылшынша. XML declaration) - бұл XML стандартының версиясын көрсететін міндетті емес жол (әдетте ол, 1. 0) сондай-ақ, бұл жерде символдарды кодтандыру және сыртқы тәуелділіктер көрсетілуі мүмкін.

Ерекшелігі, XML процессорларының міндетті түрде UTF-8 және UTF-16 Юникод-кодтарына (UTF-32 міндетті емес) сүйенуін қажет етеді. ISO/IEC 8859 стандартына негізделген басқа да кодтар ұйғарылып, сондай-ақ өзге де кодтар, мәселен, орысша Windows-1251, KOI-8 кодтарын да пайдалануға болады.

Стандартқа негізделген өзге де кодировкалар танылып, сүйемелденеді және кеңінен қолданылады (бірақ міндетті емес), сондай-ақ өзге де кодировкаларды қолдануға болады, мысалы орыс кодировкалары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
PHP тілі. PHP-мен бірге жұмыс істейтін құралдар
PHP- мен бірге жұмыс істейтін сервердің классикалық құралы- APACHE +PHP+MySQL
Интернеттің іздеу технологиялары
«қазақ тілінен ағылшын тіліне машиналық аударудың лингвистикалық сөздіктерін apertium платформасының негізінде жасау»
Интернет желісінде сайтты тестілеу және орналастыру
«Креатив» мерекелерді ұйымдастыру агенттігінің сайтын жобалау
HTML тілінде телефон анықтамасын құру
Web - беттерде мәтінді ұсыну
WEB-порталдың мобильді қосымшасын құру
Сайт жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz