Теміржол көлігінің жұмысын автоматтандыру


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе
1 Патенттік ізденіс
1. 1 Сұрақтың қойылуы және патенттік ізденіс
2 Техникалық-экономикалық негіздеме
3 Логистикалық жүйедегі көлік процесі
4 Қала аралық жүк тасымалының терминалды технологиясының
сипаттамасы мен сараптамасы
4. 1 Жүк түзуші және жүк жұтатын нысандар сипаттамасы.
Жүк ағындарының сараптамасы
4. 2 Темір жол көлігінің әртүрлі қызмет түрлері үшін бірыңғай
байланыс желісін жобалау мәселесін қою
4. 3 Басты коммутация орталығының функционалды құрылымы
5 Жүктердің тасымалдану түрлері.
Аналогтік байланыстан сандық байланысқа ауысу ерекшеліктері
6 Желінің қолданушыларымен байланыс орнату және байланыста
болу алгоритмі
7 Адам өмірінің қауіпсіздік шарттары. ЭЕМ-мен жұмыс
істеу кезіндегі еңбек қорғау:ЭЕМ-ның операторының жұмыс
орнын ұйымдастыру
7. 1 Жұмыс орнын ұйымдастыруға қойылатын талаптар
8 Темір жол қызметіндегі программалық кешеннің
техникалық-экономикалық тиімділіктері. Экономика есебі
8. 1 Программалық қамсыздандыруды өңдеуге қажет
шығындар сметасын есептеу
8. 2 Еңбекке төлеу фонды
8. 3 Әлеуметтік мұқтаждықтарға аударымдар
8. 4 Қосымша шығындар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша
Реферат
Дипломдық жобаның тақырыбы: : «Теміржол көлігінің жұмысын автоматтандыру».
ТүсіндІрме жазба беттен, суреттен, кестеден, 4 қосымшадан тұрады.
Дипломдық жобаның мақсаты : Қазақстан Республикасының теміржолының қызметін қазіргі ақпараттық техникалардың көмегімен автоматтандыру.
Кілттік сөздер: ЖАСАУ, БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ, ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР, ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТ АЛМАСУ, МӘЛІМЕТТЕР БАСЗАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, МӘЛІМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ, КЛИЕНТ-СЕРВЕР АРХИТЕКТУРАСЫ, ИНТЕГРАЦИЯ, ВАГОН, МАРШРУТ
Жобада теміржол көлігінің барлық автоматтандырылуы көрсетіліп, олардың түрлері және қазіргі құжат алмасу, іс-қағаздар жүргізу жүйелерінің анализі жүргізілген.
Кіріспе
«Жүкті жеткізу» - өнімді жасағаннан кейінгі және оның тұтынушыға жетуіне дейін орындалатын көптеген операцияларды сипаттауға арналған соңғы кезде танымалы болған түсінік. Операцияларға кез - келген көлік түрімен материалдарды жеткізу, сақтау, қаптау жатады. Содай - ақ бұған жанама операциялар да кіреді. Олар маршрут, жетекші құраманы таңдау, қозғалыс графигін жобалау жән көлік құралдарын техникалық қамтамасыздандыру. Мұдай операциялардың мақсаты - тұтынушы мен өндіруші арасындағы территориялық арақашықты жою. Олар өнім өндіретін орыннан тұтыну орынына жүк жеткізуді, қажет жағдайда керекті орындарға жақсы қалпында жүк жеткізуді қамтамасыз етеді.
Мұндай көптеген операцияларды орындау кезінде мамандану өндірісінің басты ерекшелігі болғанда жүктерді алысқа жеткізу керек болады. Негізгі сауда маршруттары бойынша әртүрлі әсерлерге ұшырай отырып шикізат пен дайын өнімдердің үлкен ағындары үздіксіз жылжып отырады. Бұл әсердерді тіркеп отыру үшін, тасмалдаулардың арнайы жоспарын жасау керек. Сондай - ақ бұл жоспарлар экономикалық тұрғыдан шынайы болу керек, себебі егер қорытқы бағасы қолданушы үшін тиімсіз болса, географиялық және уақыттық шекарадан тасмалдаудың қажеттілігі болмайды. Жүк тұтынушыға тек қажетті уақытта, қажетті жерге, қажетті мөлшерде ғана емес, сондай - ақ тиімді бағамен де жеткізілуі керек.
Көлік жүйесінің жұмысын жетілдіру жолындағы кедергілердің бірі - қажетті ақпараттың дер кезінде түспеуінен жүктерді тиеу, түсіру және тасымалдау пунктеріндегі жүктердің тұрып қалуы. Сондықтан жүк жіберуші мен жүк алушы арасында көлік тізбегінен басқа ақпаратты сақтау, өңдеу және жіберу үшін қажетті құралдары бар «ақпараттық тізбек» те жасалуы керек.
Қазіргі уақытта тізбектің көліктік буынының қатысушылары ақпарат өңдеу үшін есептеу техникаларын кеңінен пайдаланады. Бірақ қазірде жұмыс істеп тұрған ақпараты өңдеудің автоматтандырылған жүйелері локальді және бір - бірімен байланыспаған.
Ақпарттық тізбекті жасау үшін локальді ақпараттық жүйелерді машинааралық ақпарат алмасу құралдарымен қамтамасыз ету керек. Бірақ тек жалғыз ақпараттық тізбекті ұйымдастыру қолда бар көлік құралдары мен жүктерді тасымалдауды оңтайлы ұйымдастыруға кепілдік бермейді.
Әртүрлі көлік компанияларының ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін жүкті тасымалдау үшін жабылмаған сұраныстарының ортақ ақпараттық банкісін жасаған жөн, ал банкіден көлік компаниялары өздеріне сәйкес келетін сұраныстарды таңдап алуына болады.
Жекелеген көлік құралдарының қозғалысын басқару сапасын жақсарту үшін және олардың қозғалыс маршруттарын құрастыру үшін банкке тасымалдау процесстерінің жағдайы жайлы ақпарат енгізілуі тиіс. Сонымен қатар банкте аралас тасымалдаудың орындалу графиктері жайлы ақпараттар болуы мүмкін.
Тек егер ақпараттық банкте сақталатын әр уақыт мезетіндегі ақпарат көлік процесстерінің шынайы жағдайына сөйкес келгенде ғана көлік құралдарын басқару тиімді болады. Ол үшін жүргізуші мен диспетчер кез-келген уақыт ішінде бір-бірімен ақпарат алмаса алу үшін көлік құралдарын байланыс аппараттарымен жабдықтау қажет.
Бұл жұмыста мен жүзеге асырылатын қала аралық тасымал, жекелегенде аймақтар арасындағы тағам өнімдерінің жалпы тасымалының тиімділігіне әсер ететін бірнеше аспектілерді қарастырдым.
Бұл дипломдық жұмысымның мақсаты - қала аралық жүк тасымалын зерттеу, қала аралық тасымал жағдайын бағалау әдісін меңгеру.
Шешімі ізделінетін негізгі мәселелер: қала аралық тасымалды жетілдіру бағдарламасы бойынша іздену және негіздеу, көлік процесінің ұйымдастыруының логистикалық бағытын енгізу бағдарламасын жасау.
1 Патенттік ізденіс
1. 1 Сұрақтың қойылуы және патенттік ізденіс
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Автоматтандыру және басқару кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
Каф. меңгер. А. Д. Золотов
«» 2007ж.
(мерзімі)
ТАПСЫРМА
Дипломдық жобалау барысында патенттік-ақпараттық зерттеулер жүргізуге арналған
Дипломдық жоба тақырыбы - «Темір жол көлігінің жұмысын автоматтандыру»
Ізденістің басталуы 01. 01. 2007 ж. Аяқталуы 1. 06. 2007 ж.
Жетілділіретін программалық қамсыздандырудың қысқаша сипаттамасы - Қазақстан теміржолының жұмысын автоматтандырып, жеке кәсіпорынның электронды құжат алмасуын жасау
Кесте 1. 1
Іздеу
нысаны
Кесте 1. 1 жалғасы
Тапсырма берілді «» 2007ж.
(уақыты) (айы)
Орындаушы Қарасартова А. .
(қолы) (аты-жөні)
Дипломдық жоба жетекшісі Секербаева А. Б.
(қолы) (аты-жөні)
Анықтама
Іздеу нысанын патенттік және ғылыми-техникалық
әдебиеттер бойынша зерттеу туралы
Диплом жобасының тақырыбы «Темір жол көлігінің жұмысын автоматтандыру»
Іздеу тереңдігі: 2001 жылдан 2006 жылға дейін
Іздеу төмендегі диплом жобасын орындау барысында зерттелген материалдар бойынша жүргізілді
Кесте 2 Зерттеу нысандары
Іздеу нысаны
(оның құрам-дық бөлшек-тері)
G01G1/00
G06F9/00, 9/40
Ресми бюллетень “Промышленная собственность”
Алматы Казпатент (1998-2005)
Официальный бюл-летень “Открытия, изобретения” М. : ВНИИПИ (1996-2000) Официальный бюллетень
“Изобретения”. М. :НПО “Поиск” (2000-2005)
“Официальный бюллетень
Российского агентства по патентным и товарным зна-кам. “Изобрете-ния, полезные модели” М. : ФИПС (1998-2005)
Кесте 3 Патенттік зерттеулер жүргізу барысында зерттелген және ішіне аналогтар кіретін патенттік құжаттар
Мемлекет, қорғау құжаттары-ның түрі және номері, сыныптау индекстері (ХПС, ҰПС, УОЖ)
Өтініш берушінің аталуы, мемлекет өтініш номері, басылымдылық күннің белгісі,
басылу күннің белгісі
США патент
№ 6278435
А23С9/12
Kellex Indastries Ltd. № 2683324
Приор. 03. 12. 99
Опубликовано 14. 08. 00
Кесте 4 Патенттік ізденіс және аналогтарды іздеу барысында зерттелген ғылыми-техникалық құжаттар
Іздеу нысаны (оның құрамдық бөлшек-тері)
Авторлар, ақпарат көздерінің атаулары
Басқа органдар-дың
атауы, шығарған ел
мекеме-нің атауы,
шығару жы-лы, номері,
беттері.
Техникалық шешімнің
мәні және оны жасау
мақсаты (өнертабыстың
пайдалы модельдың осы
басылымда берілген
сипаттамасы бойынша
Техникалық ше-шімді
жобала-натын техника
объектісінде
қолданумүмкін-дігі
не қолдан-бау себебі
www. firs. ru
www. kazpatent. kz
Қорытынды
Диплом жобасын орындау барысында жүргізілген
патенттік зерттеулер бойынша
Диплом жобасының тақырыбы - «Темір жол көлігінің жұмысын автоматтандыру»
Іздеу тереңдігі: 2001 жылдан 2006 жылға дейін
- Патенттік зерттеулер жүргізу алдында қойылған мақсаттарға қол жетті ме? Жетпесе қандай себептерден?
- Мақсатқа қол жетті, ізденіске сай келетін ақпарат яғни аналогтар табылды.
2. Табылған (2 және 3 - кесте) аналогтардың қайсысы прогрессивтік болады?
- № 2189623 патенті бойынша Теміржол қызметкерлерінің жұмысын автоматтандыру жүргзілді және № 2178578 патенті бойынша Транспорттық құжаттарды электронды түрде алмастыру жүргізілді.
Табылған “2 және 3- кесте” аналогтарының қайсысын жобаланатын техника объектісінде қолдану пайдалы болады?!
- № 2189623 патенті бойынша Теміржол қызметкерлерінің жұмысын автоматтандыру жүргзілді. Диплом жобасында жобаланылатын техника объектісіне ұқсас техника объектілерді сериялап шығаратын қандай еліміздегі және шет елдердегі фирмалар табылды?
Ғылыми-техникалық және патенттік құжаттарды зерттеу кезінде өндірістік микроконтроллерды шығаратын Қазақстан фирмалары табылған жоқ.
Шетел фирмалары ішінде табылды:
- Kellex Indastries Ltd. № 2683324 Приор. 03. 12. 99. 14. 08. 00 жарияланды
- ЖАҚ “Патентный поверенный”
- Жобаланатын техника объектісі бойынша өнертабысқа өтініш материалдарын өңдеу қажет пе?
Өтініш материалдарын өңдеу қажетті деп ойлаймын.
Тапсырма берілді «» 2007ж.
(уақыты) (айы)
Орындаушы Қарасартова А.
(қолы) (аты-жөні)
Дипломдық жоба жетекшісі Секербаева А. Б.
(қолы) (аты-жөні)
2 Техникалық-экономикалық негіздеме
Осы дипломдық жобада теміржол қызметін, жүк тасымалдау операцияларын автоматтандыру қарастырылды. Программалық қамсыздандыру теміржол қызметкерлерінің, экспедиторлардың, жүк тасымалдаушылардың жұмысын автоматтандыратын электронды анықтама. Мұндағы мәліметтердің жалпы базасы жүк тасымалдаудағы теориялық білімдерді толықтыруға өз көмегін тигізеді. Осыған байланысты осы программалық қамсыздандыруға кеткен барлық күрделі шығындар, программаның әкелер пайдасы, экономикалық тиімділігі есептелді.
Программдық қамсыздандыруды әзірлеуге және шығындарды есептеу үшін шығындар калькуляциясы бойынша іске асырылады. Өнімді шығару үшін шығындар сметасы келесі экономикалық элементер арқылы құрылады:
- материалдық шығындар
- еңбекке төлеу фонды
- әлеуметтік мұқтаждықтарға аударымдар
- Амортизациялық аударымдар
- қосымша шығындар.
Бұл бөлім шығындардың келесідей тізімінен тұрады: тікелей материалды шығындар, жанармайға шығындар, энергияға кететін шығындар, байланыс қызметтеріне төлемдер, басқа ұйымдардың қызметін қолдануға кеткен төлемдер, жанармайға және энергияға шығындар қосымша шығындарға қосылған.
Әзірленген программалық қамсыздандыру ішкі офистерде қолдану үшін арналған. Фирмадағы өңделетін ақпараттардың көлемінің өсуіне байланысты құжатайналымның автоматтандырылған жүйесі маңызды болып табылады.
Осы дипломдық жобада әзірленген программдық қамсыздандыру кіші көлемді ұйымдардың құжатайналымының автоматтандырылған тапсырмаларын шешеді. Өнім шығындарды және фирмалардағы құжаттармен жұмыс істеу (іздеу, сақтау, орындалуды бақылау) уақытын азайтады. Сонымен қатар өнім барлық жерде қолданыла алады.
3 Логистикалық жүйедегі көлік процесі
Логистикалық жүйенің негізгі элементі - теміржол көлігі болып табылады, оның негізгі ерекшелігі - сенімді жүк тасымалы. Сондай-ақ теміржол көлігі жоғарғы қызмет көрсету деңгейін қамтамасыз етеді.
Мен логистикалық бағытқа негізделген дайын өнім өндіруші кәсіпорыннан тұтынушыға дейін теміржол көлігімен жүк тасымалдаудың оперативті жоспарын жасаудың қызықты әдісін көрсеткім келеді. Жүк жеткізу процесі төмендегі ақпараттар негізінде реттеледі: жіберуші мен қабылдаушылардың ағымдағы запастары жайлы ақпарат және оларды нормативтермен салыстыру керек; өндірушінің қарқындылығы q п және өнімді тұтыну қарқындылығы q пт жайлы ақпараттар. Жеткізу жоспарының бұдан арғы есептеулері келесі ретпен жүргізіледі.
Белгілі q п және q пт , сондай-ақ бастапқы деңгейі е о арқылы жіберушідегі дайын өнімнің жиналып қалу және қабылдаушыдағы тұтынудың тоқтап қалу графиктері е(t) салынады.
Өнім өндірістерінің I п және қабылдаушының I пт шекті жеткізу интервалдары анықталады.
Қорлардың максималдые max және минималды е min деңгейлері есептеу кезінде сақтау кезіндегі жүктің дефицит немесе артық болуы салдарынан мүмкін болатын жоғалтуарды ескереді. Алынған графиктер мен I п (I пт ) =f(t) қатынасын есепке ала отырып (Т, I д ) көпмүшелердің қиылысуы облысын анықтаймыз, ол әрине жіберуші мен қабылдаушыға жүк жеткізу үшін тиімді және жоғарыда аталған жоғалтуларды болдырмауға мүмкіндік береді.
Темір жол кәсіпорны бірнеше қабылдаушыға қызмет көрсетіп, олардың нормативті жеткізу интервалы және тасымал көлемдері Q(t) әртүрлі болғанда жүк тасымалдау жағдайында оперативті жоспарды іске асыру кезінде әртүрлі тұтынушылар үшін жүк жеткізу жағдайын таңдау мәселесін шешіп алу керек. Осы мақсатта жеткізу жеделдігінің функциясы енгізілед, мұндағы с - жүктің орташа бағасы, теңге; t - жеткізу аралығының шегіндегі ағымдағы уақыт.
W(t) функциясы жіберуші қоймасында жүктің 1 сағ жатуында болатын айналым қаражаттарының «өліп қалу» салдарынан болатын жоғалтуларды сипаттайды. W(t) тәуелділігіне байланысты график сызылып, оның абсциссасы Т д -t т (мұндағы t - тасымалдау уақыты ) үшін жоғалтусыз, уақтылы жүк жеткізу жүзеге асырылатын әлдебір W(t) нормативін табуға болады.
Теміржол қызметіндегі кедендік құжаттардың электронды алмасу келесі программалық кешенмен іске асырылады деп айтуға болады.
Жеткізудің неғұрлым тиімді бағытын анықтау кезінде әртүрлі жүктер үшін осындай қисықтар сызылады, онда w(t) -ның өзгеру жылдамдығының салдарынан қисықтар бір-бірімен қиылысады, олай болса әртүрлі жүктерді жеткізу уақыты бойынша бағытты қайта таңдау керек. 1в-суретте екі w(t) тәуелділіктер көрсетілген. t1- t2 аралығында жеткізудің жоғарғы деңгейі неғұрлым қымбат жүкке сәйкес келеді (қисық сызық), ал t2- t3 аралығында одан арзан жүк (жіңішке) нүктесіндегі қисықтың сынуы арзан жүкті жеткізу кешіккенде болғандықтан, қосымша жоғалтулар пайда болғандағы запастардың сақталу жағдайларына сәйкес келеді. Қиылғаннан кейін есептеулердің негізінде запастар деңгейінен жоғартулар өзгерісінің шамаларының қисығы е(t) салынады.
Оперативті жоспар көрсеткіштерін есептеудің қорытындысында оптималды жеткізу рейстарын жоспарлап, теміржол вагондарының өнімділігін есептейді.
Қарастырылған есепті қою және шешу кезінде логистика идеясы жүйелік бағытта сипат алады, ол жіберушінің өндіріс ритмін және қабылдаушының дайын өнімді тұтыну ритмін, көліктің жұмысын ескереді. Логистикадағы өткізу қызметі алты дұрыс қойылған шарттар арқылы жүзеге асырылады (1-кестені қара) . Дипломдық жұмысты дайындау кезінде қойылған есептерді шешу кезінде осы шарттарды пайдалану керек.
4 Қала аралық жүк тасымалының терминалды технологиясының сипаттамасы мен сараптамасы
4. 1 Жүк түзуші және жүк жұтатын нысандар сипаттамасы.
Жүк ағындарының сараптамасы
Қызмет көрсететін аймақта жүк түзуші және жүк жұтатын пунктердің бар болуы, олардың қуаты, өнімнің негізгі түрлері, өндірістің көлемі жайлы нақтылы ақпаратсыз темір жол көлігінің жұмысын рационалды ұйымдастыру да мүмкін емес. Жүк түзуші пункт деп өз өнімін, өндіріс материалдарын және қалдықтарын шығаратын кәсіпорындар мен ұйымдарды атайды. Жүк жұтатын пунктер - бұл қалыпты өндірістік қызмет үшін қажетті шикізат, жанармай, материалдар және тағы басқа жүктер әкелінетін кәсіпорындар мен ұйымдарды аталады. Өндіріс пен тұтыну арасындағы байланыс буындары - тауар жетектеуші желінің нысандары (сауда және өткізу дүкендері) және метериалды-техникалық қамсыздандыру базалар да жүк түзуші және жүк жұтатын пунктер болып табылады.
Тасымалданатын жүктердің түрлері бойынша пунктер екіге бөлінеді:
- арнайы
- әмбебап
Арнайы пункт - белгілі бір біртекті жүкті тасымалдайтын (біздің жағдайымызда бұл тез бұзылатын жүктер) пунктер.
Жүк ағындарының қуаты бойынша пунктер екіге бөлінеді:
- ірі - күнделікті жүктің ірі көлемін қабылдайтын және жіберетін пунктер;
- ұсақ - күнделікті жүк айналымы азғантай.
Жабдықтандырылуы бойынша жүк түзуші және жүк жұтатын пунктер жабдық және механизация деңгейі, көтеру-транспортты құрылғылардың түрі бойынша ажыратылады.
Экономикалық аймақта орналасқан шаруашылық және өндірістік ұйымдар мен кәсіпорындардың экономикалық және технологиялық байланыстары, сондай-ақ олардың аймақтан тыс жатқан кәсіпорындар мен ұйымдармен байланысы олардың арасындағы жүк корреспонденциясын түзеді, оның нәтижесінде материалдық мағынасы тасымал көлемдері мен жүк айналымы болып табылатын көліктік байланыстар орнатылады. Көліктік байланыстардың сипатын ескере отырып жүк айналымы шаруашылық ішіндегі, қала ішіндегі, район ішіндегі, район аралық, облысаралық, республикааралық, халықаралық болып бөлінеді. Облысаралық, республикааралық көліктік байланыстар көршілес облыстар, аймақтар және республикалар арасындағы ұзақ тасымалдауларды сипаттайды. Темір жол көлігінің қозғалысындағы олардың үлесі өте жоғары және одан әрі дамуда. Осы байланыстардың нәтижесінде пайда болатын тасымал көлемі үлкен арақышықтық салдарынан жоғары жүк айналымын қамтамасыз етеді.
Жүк тасымалданулары өтетін регион картасы келесі суретте көрсетілген.
Сурет 1 Жүк тасымалдаулары жүргізілетін Қазақстан Республикасының облыстары және кейбір ТМД елдері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz