Өндiрiстi автоматтандырутуралы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
1. Кіріспе1
2. Технологиялық проццес сипаттамасы3
2. 1 Жүн өндеу5
2. 2 Жүндi сақтау. 6
2. 3 Жүндi iрiктеу. 6
2. 4 Жүннiң шаң басуы6
2. 5 Жүндi кептiру7
3. Автоматтандырудың функционалдық сұлбасы7
4. Принципиалды электр сұлбасы. 9
5. Сыртқы қосылыстар сұлбасы. 11
6. Таңдалынған аспап13
7. Экономикалық тиімділікті есептеу21
8. Тіршілік қауіпсіздігі32
8. 1Өрт қауіпсіздігі. 36
8. 2 Қоршаған ортаны және табиғатты қорғау38
8. 3 Су ресурстарының маңызы. 39
8. 4 Су қорларын ластайтын негiзгi факторлар (көздер) . 40
8. 5 Жеңiл өнеркәсiп. 41
9. Қортынды42
Қолданылѓан әдебиеттер:44
1. Кіріспе
Өндiрiстi автоматтандыру - бұл адамның алдын-ала орындаған бақылау және басқару функцияларының аспаптар мен автоматты қондырғыларға берiлу процесi. Өндiрiстi автоматтандырудың негiзгi мақсаты - еңбек өнiмдiлiгiн арттыру және шығарылатын өнiм сапасын жоғарлату .
Автоматты қондырғыларды шығаруға адамдардың қызығушылығы ежелгi заманда-ақ пайда болған. Ежелгi Египет елiнде бiрталай автоматтық жүйелердiң болғандығын археологиялық ашылулар дәлелдедi. Мысалы:жұмыс iстеу әрекетi жылу, күн энергиясына негiзделген және май мен жұмыс iстейтiн қондырғылар табылған. Бiздiң эрамызға дейiнгi I-шi ғасырда автоматиканың негiзiн қалаған . Герон Александрииский деген оқымысты өмiр сүрген. Ол өзiнiң ”пневматика” деген еңбегiнде қысым және жылуды пайдалану принцiпiне негiзделген “Сиқырлы фокустар” қатарын жазды. Ол бу күшiмен айналатын шар конструкциясын жасады. Бұл еңбегi кейiннен “Герон шары” деген атақ алды.
XVIII- ғасырда техниканың ендi жетiлген кезi: мысалы, бу машиналары шықты. Бұл техникалар қайта өңдеудi, автоматты қондырғыларды қоюды талап еттi.
Осы салада ағылшын механигi Уотт, француз ғалымы Понцеле т. б. көптеген еңбек сiңiрдi. Сол сияқты совет ғалымдарынан профессор И. А. Вышнеградскии, математик А. М. Лепунов, Н. Е. Жуковский т. б. ғалымдар көптеген жаңалықтар енгiздi.
Автоматтандыру жүйесiнде ғылым мен техниканың жаңа жетiстiктерi кеңiнен қолданылады.
Қазiргi уақытта салаларда өндiрiстi жеке және екi комплекстi автоматтандыру бар. Бiр - жекелеген өндiрiстердi автоматтандыру . Комплекстi автоматтандыруда негiзiнен бөлiк, цех, завод т. б. автоматтандыруда бiртұтас автоматтандыру комплексi ретiнде әрекет жасайды. Автоматтық басқару жүйесiмен қатар автоматтандырылған басқару жүйесi бар. Олардың айырмашылығы адам - машина жүйесi. Онда электронды есептеу машиналары пайдаланылады. Салаларда технологиялық процестерiнiң автоматтандырылған жүйесi өндiрiстегi автоматтандырылған бiрақ қанағаттандырылмаған жүйе. Салалық автоматтандырылған жүйе дамыған.
Автоматтандырудың басты мақсаты өнімнің барлық ресурстарын оптималды пайдалану үшін жағдай жасау, шығарылатын өнімнің сапалығын жақсарту еңбек өнімділігін көтеруге бекітеді. Автоматтандыру қазіргі заманғы ҒТР - дің негізгі факторларының бірі. Объектіні басқару және синтездеуге жүйелі түрде жақындау өнім автоматизациясының негізіне жатады, сонымен қатар автоматтандырылған басқарудың техникалық құрылғыларының комплексін құру, пайдалану, реттеу және бақылау жатады. Автоматтандырылған жүйелерде ғылым мен техниканың жаңа ашуларын кеңінен қолданады. Қазіргі кезде бөлшектік және өнім процестерінің комплексті автоматизациясы бақыланады. Бөлшектік автоматтандырудың - бұл жеке өнім операцияларының автоматтандырылуы. Ол күрделі процестерді орындау кезде пайда болады, мысалы шұжық өнімдерін термикалық өңдеу немесе суытқыш құрылғылармен жұмыс істеу.
Комплексті автоматтандыру кезіндегі өнім процестері завод, цех, участок бірдей қарым-қатынастағы комплекс түрінде жұмыс істейді. Комплексті автоматизация өлшеу құралдарын пайдалану мен прогресивті басқару тәсілдері, автоматизация мен есептеуіш техника, қазіргі заманғы технология шартымен толықтандырылған. Адам енді ғана автоматизация құрылғыларының жағдайын бақылай отырып автоматтандырылған басқару жүйелерімен бірге қолданады (АСУ), яғни ол бұл басқару процесінде белсенді қатысады.
2. Технологиялық проццес сипаттамасы
Жүн өнеркәсiбi текстильдi өнеркәсiп саласында бiр, халық шаруашылық мәнге ие. Жүн өнердерiнiң сапасы, түрi және эксплуатациялық жағдайлары алғаш жүн өндiруге байланысты.
Сапаның жаксаруы және жұмыстың эффективтi жақсаруы жүн жуудың сапалы көрсеткiштерiнiң талаптарынан өз бейнесiн тапты. Алғашқы жүн өндеудiң технологиялық процессi барлық оның бағалы табиғи жағдайының қалыпта болуын қамтамассыз ету керек. Технологиялық процесстiң бұзылуы немесе оның талдауының дұрыс еместiгi жүн талшықтарының жоғалуына және жүн жағдайының өзгеруiне әкеп соғады. Жалпы жүн деген жануарлардың денесiн шаш тәрiздi басатынталшықты материал. Жүннiң әр жерден шығуы үлкен әртүрлiкпен және бiрдей емес жағдаймен сипатталады, сондықтан өндiрiсте оны түрлерге бөледi. Жүндi өндеу деп жуылған жүндi алуға бағытталған өнеркәсiптiк процесстiң жиынтығы. Жүндi өндiру мамандандырылған өндiрiсте өндiрiледi, бұның мақсаты дайын жүн шикiзатын әртүрлi ассортиментегi жүн бұйымдарына өндiру үшiн қажет болуы керек. жүн өндiру фабрикасына шикiзат болып жуылмаған жүн қызмет етедi, ал дайын өнiм болып стандартқа сәйкес келетiн жуылған iрiктелген жүн өнiмi болып келедi. Жүн өндеу фабрикасы әр түрлi дайын организациялардан келiп түсетiн жүндердiн өндiрiлуiн өндiредi, оған сапалы баға бередi, ол арқылы қой шаруашылықтарымен жүнге ақшалай есеп жүргiзiледi және жуылған жүндi жүн өндiретiн өнеркәсiптерге жiбередi. Семейдiң өңдеу фабрикасы- қазiргi « Каз Руно» акционерлiк қоғамы өз жұмысын бастағанына 2005 жылы маусым айында 70 жыл толады. Адам сияқты өндiрiстiн өз өмiрi, тағдыры болады десек, ол асырып айтқандық болмас едi. Өндiрiс өмiрi ондаған, жүздеген жылдармен есептеледi. Оның өмiрбаяны бiрнеше ұрпақтың ғұмырын, iс- қызметiн, түрмыс тiршiлiгiн қамтиды. Семей жүн өндеу фабрикасында, өзiндiк өмiр тарихы, қалыптасу, өсiп-өркендеу жолы бар. Фабрика ұжымы әуел бастан-ақ жергiлiктi ұлт өкiлдерiнен, қазақ мамандарынан құрылып жұмыс iстей бастады. Себебi ежелден айналысқан ата кәсiбi мал шаруашылығы болғандықтан өз қандастарымыз жүн өндеудiң қыр-сырын да жетiк бiлетiн.
Семейдiң сол жағалауында толықси аққан Ертiс өзенiнiң бойында Республиканың жеңiл және тамақ өнеркәсiп кәсiпорындары орналасқан. Атап айтқанда ет комбинаты, мақта-мата өндiрiстiк бiрлестiгi, қазақ қағаз ыдыстар ассоциациясы. Солардың жанынан - Семей жүн фабрикасы, қазiргi «ҚазРуно» акционерлiк қоғамы да орын тепкен. Тыныс тiршiлiгi бiр-бiрiмен тыңыз байланысты бұл кәсiпорындардың қала экономикасында, қала халқының күнделiктi тұрмысында латын орны ерекше. Олар азық түлiк, тамақ өнiмдерiн, тұрмыстық бұйымдар және аса бағалы шикiзат шығарады.
Бұл өңiрдiң тұрғындары ерте заманнан-ақ мал бағумен, егiншiлiкпен айналысқан. Сол салалардан түсетiн қнiмдердi өндiрген, тұрмыс шаруашылық қажеттерiне жаратқан. Мал шаруашылығында маңызды және құндылығы жағынан қой шаруашылығы ежелден басты орындардың бiрiнде болып келедi. Бұған Шығыс Қазақстан облысында Республиканың барлық қой санының төрттен бiрi өндiрiлiп отырғаны дәлел болса керек.
Қазан төңкерiсiнен дейiн-ақ губерниялық қала ешкi жүндерiнiнiң түйiлiсетiн сауда орталығына айналды. Кемелер жүретiн Ертiс өзенi қой шаруашылығының одан әрi өсуiне жағдай туғызып, үлкен сауда жолына аййналды. Ауылдық жүн өндiрушi еңбеккерлерден сатып алынған жүн теңдерiн Семейлiк саудагерлер осы сауда жолы арқылы Ресейлiк базарда және шет елдерге шығарып сататын. ондай лас жүн арзан бағамен өтетiн, одан түсетiн пайда да аз болатын. Сондықтан кейбiр iскер адамдар жүндi бұлдап өткiзу жолын қарастыра бастады. Алғашқыда фабрика-өнеркәсiпорындарында текк қана жуылған жүн жiберетiн едi. Кейiнен жүндi жуумен бiрге сортқа сұрыптау жұмысын ұйымдастырып, «Жүн жуу» кәсiбiнiң маңызын арттырды. 1925 жылы «Жүн жуу» кәсiпорны өзiнiң жұмысының әдiсiне өзгерiстер енгiзбес өнiмдiлiктi арттыру мүмкiндiктерi жоқтығын түсiндi.
30-шы жылдардың басында қол еңбегiн жеңiлдету, өнiм өндiру процестерiн механикаландыру мәселесi қолға алынды. Сонымен бiрге алғашқы шаралардың бiрi ретiнде жұмысшыларды мамандықтары бойынша оқыту жөнiнде мәселе көтердi. 1932 жылы бұрынғы кiшкене «Жүн жуу» артелiнiң орнына «Механикаландырылған жүн жуу» кәсiпорнын салуға шешiм қабылдады.
1935 жылы 25-шiлдеде «Семейдiң жүн жуу, ыстық сумен жуу» кәсiпорны iске қосылды. Өндiрiстi механикаландыру және автоматтандыру салаларында тқмендегiдей жұмыстар iстелдi:
- Жүндi қабылдап алуды жақсарту үшiн шикiзат лабораториясындағы жүн үлгiлерiн жуу толық механикаландырылды және қайта құрылды;
- Тиеу-түсiру транспорт жұмыстарын механикаландыру саласында-көптеген учаскiлерде бұрынғы ауыр қол жұмысы едендi және ленталық транспортпен iстелетiн болды.
- Шығарылатын өнiмнiң сапасын жақсарту үшiн өнiмнiң сапасы - «Сенiмнiң» жалауы, туу. Қазақстан Республикасының осы тектес өндiрiстерiнiң iшiнде алғашқылардың бiрi болып Семейдәi жүн өңдеу фабрикасы өнiмiнiң сапасын арттыру жағынана дүние жүзiлiк рынокқа шығуға жол ашты. Семейдiң жүн өңдеу фабрикасы өңдеп шығаратын жүнi шетелде өзгелердiң осындай өнiммен бәсекелесе алатын шикiзаттың бiрiне айналды.
Қазiргi типтiк жүн өндiру фабрикасы жоғарғы өнiмдiлiк қондырғыларымен қамтамасыздандырылған, технологиялық процессi автоматтандырылған.
Жүн өндiрудiң технологиялық процессi келесi операциялардан тұрады: келiп түскен жүндi вагоннан немесе моншалардан түсiредi, контрольдi классировка үшiн оны өлшейдi, жүндi сақтау орындарында, складқа тасымалдайды, жүндi iрiктейдi; iрiктелген жүннiң сапасын бақылайды, жуу және жуылған жүннiң сапасын бақылау, кептiру және сақтау, процестеу, жүндi орау және макировка кип, жуылған жүндi қоюшыларға жiберу.
2. 1 Жүн өндеу
Жүн өндеу фабрикасы электр энергиясы, буды және суды көп көлемде қажет етедi. Сондықтан фабрика су көзiнiң қасында орналасуы дырыс, электр жүйесiн фабрика Гос энеро жүйесiнен алады, ал парды қалалық жылу электр станцияларынан немесе фабрикалық кательныйларынан алады.
Жүн өндiру фабрикасындағы негiзгi цехторға тоқтола кетсек. Соның iшiндегi жуылмаған жүндi қабылдау және сақтау.
Фабрикаға келiп түсетiн жуылмаған жүннiң көлемi фабриканың өнiмдiлiк қуаты болып табылады. Жүн өндеу фабрикасына келiп түсетiн жуылмаған жүндердi көлемiне, ассортиментiне, сапасына қарап алады. Көп мөлшерде қабылдау түсiрiлетiн покгоуземен жүргiзiледi. Фабрикаға көпшiлiк жүннiң массасы темiр жол арқылы немесе жақын жерден машинамен жеткiзiледi. Жүк түсiрудi жүн қабылдағыш, весовщик, грузщик және тiгiншi маркировщиктен тұратын бригада iске асырады.
Шикiзат лабораториясының негiзгi жұмысы жуылмаған жүнiң сапасын тексеру . Жүннiң түсу уақытында шикiзат лабораториясы шықан жуылған жүннiң анықтамасы бойынша үлкен көлемдi жұмыс атқарады . Сонымен қоса бұның негiзгi жұмысы болып жүннiң орташа сапасын анықтап жүргiзедi және талшықтың тексередi.
2. 2 Жүндi сақтау.
Жүндi ұзақ уақытқа дейiн сақтауға арналған складтық қоймалар, жабық түрде болу керек . Олардың конструкциясы кип складын және iрiктеуге беру кезiндегi тиелуiн механикандырылған болу керек. Жүн складтары су деңгейi төмен, судан алыстау алаңдарда болу керек. Складтағы ауаның температурасымен ылғалдылығы тұрқты және желдендiрiлген болу керек. Қазiргi уақыта жүн өндеу фабрикаларында екi типтi складттар бар, олар: типтiк және хлопоктык.
2. 3 Жүндi iрiктеу.
Жүндi iрiктеу - жүн өндiру фабрикасында негiзгi процесс. Iрiктеу нәтижесiнен жүн бұйымдарын алу кезiнде жүндi қолдануына, оның сапасымен өзiндiк құнға тәелдi. Iрiктееудiң жүргiзiлуiфабрикаға келiп түсетiн жүннiң классирвкалық жалпы массасынан түрi бойынша бiр түстi, жуылған және жуылмаған жүндердiң стандартқа сай болу үшiн iрiктеледi. Жүндi iрiктеу қолмен жүргiзiледi. Жүн өңдеу фабрикасында жүндi iрiктеу әртүрлi әдiстер қолданылады: жеке, баспалы және конвейрлi.
2. 4 Жүннiң шаң басуы
Жүннiң шаң басуы. Жуылмаған жүнде майтерiсi, ылғалдылық және әртүрлi сипаттағы кiрлер болады. Жуылмаған жүннiң жоғары бетi жабысқақ, соондықтан ол өзiне оңай шаң тартады. Жүн талшықтарында кiр молекулярлы тартылыс күшiмен ұсталынады, олар ауада өте жоғары, бiрақ жуылмаған жүндi суға салған кезде төмендейдi, ал жуғыш ерiтiндiлерге салған кезде мүлде болмай кетедi. Осыдан жулатын заттардың су ерiтiндiсiнде жүн жуу негiзделедi.
Жуылмаған жүнде кiрдiң болуы көптеген себептерге байланысты: тұқымынан, қойдың жынысы мен жасынан, оларды асырау және тамақ беруден, жердiң және климаттық жағдайларға байланысты. Қойлардың дұрыс тамақтанбауынан жүнде терiнiң көбейуi, жүн құрамына үлкен әсер етедi.
Су ортасында жүн жууға арналған қондырғылар - жүн жуғыш агрегаттар, олар үздiксiз әрекет ететiн, машиналардыың тiзбектеп орналасуы, технологиялық процестiң үздiксiз өзара байланысқондырғысын көрсетедi. Жүн жуғыш агрегаттағы жүндi өңдеу прцесi толық механикаландырылған және өзiне кезекпен орындалатын операцияларды қосады. Олар: жуылмаған жүндi жуу, түту, кептiру. Жүн жуу процесiнiң мақсаты болып жүндi майлы терiсiнен, минералды және базалық кiрлерден босату, тазалау келедi. Жүндi жуылғанан кейiн кептiрiп, бiрнеше уақыт лабазда ұстап, престейдi.
Автоматты күрек жүн жуғыш агрегатты машинаға жүннiң бiркелкi үздiксiз келiп түсуiн қамтамассыз етедi. Бiрқалыпты агрегаттың жүктелуi үлкен мәнге ие, бiрқалыпты жүктелуде барлық агрегат машиналары қойылған режимде жұмыс iстейдi, жуылған жүннiң сапалы көрсеткiштерi тұрақты, дiрiлдеу, жуу және кебу процестерi жақсы шарттарда өтедi.
2. 5 Жүндi кептiру
Жүндi кептiру деп талшықтан ылғалдылықты алу процесi аталады, нәтижесiнде талшық массасы айналадағы ауамен гигроскопиялық тепе теңдiк жағдайына әкеледi.
Жүндi кетiру процесiнiң негiзгi буланудағы қыздырылған жүн нен артық ылғалдылықты алу болып табылады.
Сығылған жүнде жуылғаннан кейiн 60-80% ылғалдылық болады. Кептiргiш машиналардан шыққан жүннiң ылғалдылығы 12% -тен төмен болуы керек және кондиционалды ылғалдылыққа жақын болуы керек. Ылғалдылықты жою үшiн мынадай бiрнеше әдiстер қолданылады: физико-химиялық, механикалық, жылулық және электрлiк.
Физико-химиялық әдiсi ылғалдылықтың гигроскопиялық заттардың /хлоридкальций/ жұтылуына негiзделген. Массасы үлкен талшықтарды кептiру үшiн негiзделген, бiрақ лабораторияда талшық түрлерiн сақтауға кең қолданылған. Бұл талшық түрлерi өзгермейтiн ылғалдылығын сақтауға рұқсат етедi.
Механикалық әдiсi талшық ылғалдылығы центрифуга көмегiмен сығылады. Бұл кезде тек ылғалдылықтың жартысы жойылады. Центрифугада сығылу кезiнде 30-40% ылғалдылық қойылады. Ал сығылу валдарынан кейiн 60-80% механикалық әдiс арқылы суланған ылғалдылықты жоюға болады. Жүн жуғыш агрегатта жүннiң сығылуы әрбiр баркадан кейiн сығылу валдары қолданылады. Өте кең тараған жылулық кептiру әдiсi. Бұл әдiс кезiнде ылғалдылықты материалдан конденсация, буландыру, кептiру жолдары арқылы жоюға болады. Талшықты материалды кептiрген кезде соңғы әдiс талшықтан ылғалдылықты жою қолданылады. Жылулық контакты кептiргiштi ыстық ауа ағымында да ажыратады.
Электрлiк әдiсi жоғары жиiлiктiк тқтарды қолдануға негiзделген.
Ыстық ауамен жүндi кептiру негiзi. Ауа су буымен қанығуы мүмкiн. Қалыпты жағдайда ауа ешқашан құрғақ болмайды. Онда су буы үнемi болып тұрады. Ауа темературасы кептiрiлген сайын, оның ылғалды жұту және гигрограф көмегiмен анықтайды. Кептiру процесiде ауа кептiргiш камерадан ылғалдылықты жоюға ғана арналмаған, сонымен қоса жүндi жылытуға да келедi.
3. Автоматтандырудың функционалдық сұлбасы
Жүргзілген техникалық-экономикалық дәлеледеу нәтижесiнде терiнi кептiру процесiн автоматтандырудың функционалдық сұлбасы жасалды. Сұлба:
- Келесi параметрлердi автоматтық реттеу-кептiргiш аппараттың 1 секциясының ылғалдылығы, кептiргiш аппаратының 2 секциясының ылғалдылығы, 3 секциясының ылғалдылығы, кептiргiш аппаратының 4 және 5 секцияларының ылғалдылығы;
- Келесi параметрлердi автоматтық бақылау - кептiргiш аппараттың 1 секциясының ылғалдылығы мен температурасы, кептiргiш аппаратының 2 секциясының ылғалдылығы мен температурасы, 3 секциясының ылғалдылығы мен температурасы, кептiргiш аппаратының 4 және 5 секцияларының ылғалдылығы мен температурасы;
- Келесi параметрлер дабыл (сигнализация) : қалқанда қоректенгiштiң болуы, берушi механизм электрқозғалтқышының жұмысы, берушi транспортер электрқозғалтқышының жұмысы, кептiргiш аппараттың 1 секциясының электрқозғалтқышының жұмысы, кептiргiш аппараттың 2 секциясының электрқозғалтқышының жұмысы, кептiргiш аппараттың 3 секциясының электрқозғалтқышының жұмысы, кептiргiш аппаратының 4 және 5 секцияларының электрқозғалтқышының жұмысын, айдамалау (нагнетательный) желдеткiш электрқозғалтқышының жұмысын, сорма (вытяжной) желдеткiш электрқозғалтқышының жұмысын, сонымен бiрге түсiру транспортының электрқозғалтқышының жұмысын қарастырады. сұлба былайша қосу жолымен жұмыс атқарады: опрератор SF1 автоматты сөндiргiшiн қосу жолымен басқару қалқанын қоректендiредi; қалқанның ML1 дабыл шамы жанады. Одан кейiн SB14 кнопкасы көмегiмен дабыл беру жұмысы тексрiледi. Оператор SA1 ауыстырып қосқыш (переключатель) көмегiмен қондырғының жұмыс iстеу режимi таңдалып алынады. Бұдан кейiн, оператор SB1, SB3, SB5, SB7, SB8, SB9, SB10, SB11, SB12, SB13 кнопкаларын басу арқылы қоректендiргiш механизмiнiң, берушi транспортердiң электрқозғалтқыштарын, кептiргiш апаратының 1, 2, 3, 4, 5 секцияларының электрқозғалтқыштарын, айдамалау және сорма желдеткiштерiнiң электрқозғалтқыштарын әске қосады. Бұл кезде басқару қалқанында сәйкесiнше ML1, ML2, ML3, ML4, ML5, ML6, ML7, ML8, ML9, ML10, ML11 дабыл шамдары жанады. Қоректендiргiш механизмнiң, берушi және түсiрушi транспортерларының SB2, SB4, SB6 басқару кнопкалары арқылы басқарып отыруға болады. Терi қоректендiргiш механизмнен берушi транпортер арқылы кептiргiш агрегаттың 1 секциясына түседi. Мұнда ылғалдылық пен температураны бақылау үшiн, сәйкесiнше 1-в және 2-в көрсететiн және жазып алатын аспаптармен бiрге жұмыс iстейтiн, 1-1 температура датчигi мен 2-1 ылғал датигi орнатылған. Бұл датиктер көп нүктелiболып келедi. Одан кейiн, терi 1 секциядан 2 секцияға өтедi, мұнда да 1-в және 2-в екiншiлiк көп нүктелi аспаптармен жабдықталған температура және ылғалдылық датиктерi орнатылған. Одан кейiн терi 2 секциядан 3 секцияға өтедi, бұл секция да 3 секция сияқты жұмыс iстеп, мұнда да 1-3 және 2-3 датиктерi орнатылған, осыдан кейiн терi 4 секцияға түседi, секцияның датиктерi сәйкесiнше 1-4 температураны және 2-4ылғалды реттейдi. Бұдан кейiн терi кептiргiш апараттың соңғы 5 секциясына барады, мұнда 1-в және 2-в көпгүктелi екiншiлiк апараттары бар 1-5 температура және 2-5 ылғал датчиктерi орнатылған. Кептiрiлген терi кептiргiш агрегатының шыға берiсiнде орналасқан түсiру транспортерi арқылы келесi өңдеуге бағытталады. Терiнi кептiру, айдамалау желдеткiшiнен берiлетiн ауамен үрлеу арқылы жүргiзiледi. Жүйеге бу беру арқылы, секциялармен қозғала бере терiнiң ылғалдыығы азаяды. 1 секцияда 2-7 атқару механизмi, екiншi секцияда 2-8 атқару механизмi, үшәншәде 2-9, төртiншiде 2-10 және бесiншi секцияда 2-11 атқару механизмдерi орнатылған. Қолмен жұмыс iстеу режимiнде бұл атқару механизмдерiн, сәйкесiнше SА2, SА3, SА4, SА5, SА6 ауыстырып қосқыштары көмегiмен басқарап отыруға болады. Автоматтық режимде, кептiргiш аппаратының әр секциясындағы терiнiң ылғалдылығын, қалқанда орнатылған. Ремонт -Р130 бақылаушының базасындағы басқару шығырымен бақылауға болады. Функционалдық автоматтандыру сұлбасында кептiргiш қондырғысына енетiн құрал-жабдықтар көрсетiлген кесте жасалған. Бұл қоректендiргiш механизм, берушi транспортер, кептiргiш агрегатының секциялары, түсiру транспортерi, айдамалау және сорма желдеткiштерi.
4. Принципиалды электр сұлбасы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz