Ақпараттық-оқыту жүйесінің негізі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ6
1. ақпараттық-оқыту жүйесінің негізі9
1. 1 Корпоративті бастауыш мектеп желісі9
1. 2 Ақпараттық-оқыту жүйесінің инфологиялық моделі15
1. 3 Ресурстарды қорғау категориялары19
1. 4. Ресурстарды жариялау қағидасы23
2. Ақпарыттық-оқыту жүйесінің әдістемелік негізі26
2. 1. Техникалық тапсырма26
2. 2 Аудандық білім беру басқармасының сайты туралы ереже47
2. 3 Мектеп сайты туралы ереже49
3. Ақпараттық-оқыту жүйесінің беттері52
3. 1. Мектеп сайты52
3. 2 Абай атындағы ҚазҰПУ білім беру порталы58
Қорытынды62
Пайдаланған әдебиеттер тізімі64
ҚОСЫМША А . . . 66
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесінде қолданылып жүрген білім беру технологиялары отандық білімнің жаңа талаптары мен республиканың саяси-экономикалық таңдауына сай қолданылып келеді. Осындай өмірдің өзі талап етіп отырған технологияның бірі - қашықтан бастауыш оқыту технологиясы[5] .
Экономикалық жаһандану білім беруге ұлттық жүйелердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, білім берудің Халықаралық нарығына тең дәрежеде кіруі үшін жаңа сапалы талаптар қояды. Елдің 2030 жылдарға дейінгі дамуының стратегиялық басымдылықтарын айқындаған Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «келер ғасырда экономикалық және әлеуметтік дамудың жетекші факторы-адамның өзі, олардың ерік-жігері, қуаты, талаптылығы, білімі», ал XXI ғасырда қоғам дамуының негізгі қағидасы бірінші кезекте білімділік деңгейімен айқындалатын ұлттың бәсекеге қабілеттілігі болатынын атап өткен [1] . Сондықтан елдегі мемлекеттік білім беру саясатының басым бағытының бірі-мемлекетті, экономиканы, ғылым мен мәдениетті басқаруда негізгі орындарға ие болуға қабілетті, мемлекеттің негізгі интеллектуалды және шығармашылық әлеуетінің құнды игілігі балалар мен жасөспірімдерді қолдау мен дамытуға бағытталған инновациялық-бейімді, құзіретті және кәсіби бағдарлы жүйесін құру болып табылады.
Ашық білім беру кеңістігі идеясы Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму Концепциясында қарастырылған: «Аймақтық деңгейде білім беру сапасын арттыру мақсатында оқытудың жаңа технологияларын және қашықтықтан бастауыш білім беру жүйесін құру, басып шығару және ендіру керек».
Шындығында да оқу-ағарту саласында білім алушыға назар аудару басты мәселе болатын жаңа парадигманың келгені байқалады. Қашықтықтан білім алу оқушыларға курс мазмұнын, оқу стратегиясын және оқу қорын таңдауда, бақылдауда кең мүмкіндіктер береді. Қашықтықтан білім алудың көптеген мүмкіндіктерін сипаттайтын анықтамалардың бірінде «қашықтықтан оқытуда оқытушы немесе институттың мүддесі емес, оқушының жеке қажеттілігінің қанағаттануына көңіл бөлінеді, бұл оқушының қайда, қашан, қалай оқып жатқанын қамтып қана қоймай, сонымен қатар білім алу көздері кеңейе түседі» делінген. Бұл оқытушының ролі білім беру көзінен оқыту менеджеріне алмасқанын көрсетеді. Осындай білім алуды қамтамасыз ету үшін қашықтықтан оқыту әдісіне және жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға айрықша басымдылық беріледі [19-20] .
Қоғамның ақпараттандырылуы студенттерден, оқушылардан жаңа ақпаратты құралдарды барлық салада қолдана алуын талап етеді . Мектеп оқушыларына білімін тереңдетуде және БҰТ дайындығын арттыруда қашықтан оқытудың зерттеу нысаны болмағандығы жұмыстың өзектілігін танытады.
«Бастауыш мектеп академиясы» - бұл қашықтықтан оқытудың концепцияларын жаңа заман талабына сай іске асырған интегралданған ақпараттық жүйе.
Магистрлік диссертацияның мақсаты: Инновациялық технологияларды пайдалана отырып оқу, ғылыми және әдістемелік қамтамас етілуін қолдау мақсатымен, Алматы облысының шағынкомплектті мектептері үшін пилотты ақпараттық-білімділік «Абай атындағы ҚазҰПУ-де бастауыш мектеп академиясын құру» атты порталын құру.
Қарастырылатын негізгі мәселелер:
- Нормативті-құқықты құжаттарды жасап шығару:
- корпоративті бастауыш жүйе туралы ереже;
- «Бастауыш мектеп академиясы» порталының ережесі[4] ;
- Аудандық білім бөлімдерінің сайтының ережесі;
- мектеп сайтының ережесі;
2. Техникалық тапсырманы жасап шығу.
3. Университет серверінде «бастауыш мектеп академиясы» атты порталын жасау.
4. Пилотты мектептері үшін с айттың бырыңғай беттін жасап шығу.
5. Мұғалімдер білімін арттыруға арналған видеоконференция өткізу.
Бастауыш мектеп академиясының артықшылығы:
- сабақ барысын өз алдына анықтап алу
- көп рет тесттен өту;
- тьютор-мұғалімдердің бір жерден болуы;
- интернет-лекцияларды қарап шығу.
Зерттеу нысаны болып Алматы облысының шағын комплексті мектептері алынды.
Зерттеудің теориялық және методологиялық негізін отандық және шетелдік авторлардың қарастырылып отырған мәселеге байланысты ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасының заңды, нормативті және құқықтық актілері, стандарттар, ережелер, ғылыми-практикалық конференция материалдары, кезеңдік басылымдардағы мақалалар, сонымен қатар жаhандандырылған Интернет компьютерлік жүйесінен алынған мәліметтер құрайды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы Абая атындағы ҚазҰПУ-де бастауыш мектеп академиясын құру» атты порталын құру, порталды әдістемелік негізін қалау болып табылады.
Магистрлік диссертацияның практикалық маңызы Алматы облысының шағынкомплектті мектептері үшін «Бастауыш мектеп академиясы» порталын құру және білімді жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды дамыту болып табылады.
2009-2010 оқу жылында on line режимі бойынша Алматы облысы шағын комплектілі мектеп оқушылары үшін қашықтықтан оқыту ұйымдастырылды және өткізілді. Жыл бойы әр пәннен өткізілген интерактивті сабақтарды өткізу мәселелері талқыланды және мектептердегі ұстаздардың пікірлерін ескеріліп, электрондық оқулықтардың авторлары баяндама жасады. Оқулықтардың мазмұнын, білімділік, дамытушылық және тәрбиелік мүмкіндіктерін талдау оқушыларының білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын анықтауға жол ашады. Қосымша А-да материалдар тіркелген.
Магистрлік диссертация кіріспе, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ақпараттық-оқыту жүйесінің негізі
1. 1 Корпоративті бастауыш мектеп желісі
Корпаративті бастауыш ектеп желі - өзара әсер ететін құрылымдық ішкі бөлімдерден тұратын есептеу жүйесінің бүтін құрылымы. Корпаративті бастауыш желінің жұмыс істеуі үшін пайдаланушылардың қатаң тәртіппен сүйемелдеу қызметі бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды орындауды қажет етеді.
Жүйенің бөлінбес бөліктері:
- ішкі бөлімдер арасында жоғарғы жылдамдықпен мәліметтердің алмасуы;
- жалпы желіде орналасқан ақпараттық ресурстарды пайдалану;
- бірыңғай компьютерлік желі арқылы басқа интра және глобальды желідегі ақпараттарға қол жеткізу;
- электронды поштаны пайдалану;
- әр түрлі деңгейде ақпаратқа қол жеткізуге арналған мәліметтердің орталықтандырылып сақталуын ұйымдастыру;
- мәліметтердің шынайы масштабта өзгеруін қадағалау.
Ресурстарды сақтау талаптарын анықтаудың мақсаты мынандай:
- ақпараттық ресурстардың қол жетімділігі, бүтіндігі немесе құпиялығы бұзылатын жағдайды ескеріп қорғаудың қауіп-қатер деңгейі классификасы бойынша құқықтық-әдістемелік негіз құру;
- ақпараттық ресурстардың аппаратты-бағдарламалық құралдарын жұмыс станциялары және серверлер бойынша тарату, сонымен қатар қорғау құралдарының бапталу түрлері бойынша унификациялау.
Жүйелік администраторлар техникалық құралдармен жұмыс істеудің және осы құралдардың қорғалу деңгейіне, ортақ ресурстардың мүмкіндігіне, функциясына, тағайындалуына сәйкес пайдалану ережелерін орнатады.
Пайдаланушыларға ережелердің орындалуына, ақпараттың жойылмауына және шектен тыс таралмауына жауапкершілік жүктелген. Бастауыш желінің тиімді жұмыс істеуі үшін жүйелік администратор желі құрамына кіретін кезкелген элемент жұмысына талдау жүргізуге құқығы бар. Жалпы желіде орнықты жұмыс істеу үшін администратордың ұсынысын, кеңестерін пайдаланушылар міндетті түрде орындауы қажет.
Құралдарға және мәліметтер қорына амалдар жасау құқығын мәліметтер қорын өңдеушілер орнатады. Администраторлар мен пайдаланушылар өңдеушілер құрған құжаттар және нұсқаулар негізінде жұмыс жасайды. Пайдаланушылар өз бетінше мәліметтер қорын көшіре және сақтай алмайды.
Барлық пайдаланушылар жұмыс қажеттілігін қамтамасыз ету үшін электрондық поштағажәне мекен жайға ие. Пайдаланушылар ақпараттарды Интернет арқылы алғанда немесе жібергенде оның құпиялығы сақталмайтынын түсінуі керек.
VPN - аббревиатурасы (Virnual Private Network) - "бастауыш желі" деп оқылады. VRN-ді серверге қосқан кезде осының арқасында арнайы бағдарламамен қамтамасыз ететін құралдың көмегімен жаппай қол жететін желідегі жұмыс істеп тұрған жалғасулардың үстінен шифрланған арна ұйымдастырылады. Осы арнамен берілетін хабардың аса жоғары дәрежеде қорғалуын арнайы шифрлық алгоритмдерді пайдаланып іске асырады.
Жалпы алғанда VPN ортақ пайдаланылатын жүйеге бастауыш (қабаттасқан) жалқы жүйе қосып берілген хабардың құпиялылығы мен тұтастығын (пайдаланушыға анық көрсетіп) беретін ішкі жүйелер мен бөлек машиналар жиынтығы[13] .
VPN технологиясы корпоративтік жүйені, желіні жасақтау, әкімшілік жасау кезінде жіберілген қателердің кесірінен түсетін вирустар әсерінен, қаскүнемдіктен, бос қызығушылардан, бопса қорқытулардан қорғау үшін қажет.
Ортақ пайдалану желісіндегі жалға алынатын және коммутацияланатын арналар негізінде құрылған бастауыш жеке желі VPN, (біріншіден Интернет) бөлектенген корпоративті желілерді сапалы ауыстыра алатын, бірқатар артықшылықтары бар желі:
- жүйенің дамыған топологиясы (географиялық кең қамту) ;
- жоғары сенімділік;
- масштабтау жеңілдігі (жаңа желілермен қосу) ;
- кескін өзгерту оңайлығы;
- тұтынушылардың оқиғалары мен қимылдарын бақылау.
VPDN қызметі (Virtual Private Dialup Network) қызмет көрсету класын берілген деңгейде ұстау мақсатында, үйлерінде, қашықта орналасқан офистерде, немесе іс сапарда жүрген қызметкерлер мен клиенттерге компанияның корпоративтік желі қорларына қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін, Интернет желісін тасымалдау орта ретінде қолдануға мүмкіндік береді.
Ақпараттың таратылуы барысында, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аутентификация механизмі қолданылады. Пайдаланушылар үшін ішкі желі қос тіркеу арқылы жабық: алдымен байланыс оператордың торабында, одан кейін компанияның торабында (қашықтағы пайдаланушы үйымның ішкі желісінің қол жеткізу серверінен IP мекенжайын алады) .
VPDN қызметі екі түрде ұсынылады. Бірінші түрінде пайдаланушыға белгілі бір желігі қатынауға арналған рұқсат қатан түрде бекітіледі, ал екінші нұсқада пайдаланушы қызмет таңдау шлюзі көмегімен желісін өзі таңдайды.
Клиенттің Интернет желісіне бөлінген желі арқылы қол жеткізу мүмкіндігі болған жағдайда ғана VPDN қызметін ұйымдастыруға техникалық мүмкіншілік болады [10] .
VPN екі бөлімнен тұрады: ішкі және сыртқы. Ішкі желіде бірнеше бақылаудағы желі, сыртқы инкапсуланған байланыс жүргізеді, бұл Интернетте қолданылады.
Қорғалған бастауыш желі - сенімді желі негізінде құрылған бастауыш желілердің бірі. Қорғалған желіге мысал ретінде мыналар жатады: IPSec, OpenVPN және PPTP.
Сенімді бастауыш желі - үлкен желі ішінде жіберілетін орта сенімді болғанда пайдаланады. Мысал ретінде Multi-protocol label switching (MPLS) және L2TP (Layer 2 Tunnelling Protocol) алуға болады.
VPN іске асыру үшін арнайы бағдарламалық-аппараттық құрылғыдар қажет.
VPN классификациясы сұлба 1. 1-де бейнеленген.
VPN классификациясы
VPN қызметінің бірі - желілік трафикті сүзгілеу, желілік экранды ұйымдастыру және қызмет көрсету сапасын қамту болып табылады.
Экстранет - (“экстра” ол “сыртқы”, “тыстағы” деген ұғымды білдіреді) бірлескен бірнеше (екі және одан көп) интражелілерді көрсетеді. Экстражелілері құрамына бизнес бойынша серіктестердің интражелілерімен қатар, бір ұйымдағы әртүрлі бөлімшелердің интражелілері де кіреді. Тұжырымды экстражелі бұл “тоннель“ немесе Интернет ішіндегі жағымсыз енуден сақтайтын жоғарғы қорғауы бар бастауыш желі.
Интранет (ағыл. Intranet, сондай-ақ интражелі термині пайдаланылады) - Интернет желісінен айырмашылығы, бұл ұйымның ішкі жеке желісі. Дұрысы, Инранет - бұл осы ұйымның ішкі ақпараттың кейбір бөліктерін пайдалануға құрылған немесе алмасу және бірлесіп пайдалану үшін IP хаттамалар, Интернеттің кішігірім түрі.
Интранет-порталдардың негізгі идеясы - бұл корпоративтік ақпараттардың барлық элементтерін біріктіреді және онымен қатардағы қызметкердің жұмысын жеңілдетеді. Интеранет-порталға қол жеткізім вэб-браузер арқылы жүзеге асырылады, ол осы жүйені қарапайым және қол жетімді қылып жасайды (о. і қаржылық) .
Әдетте Интранет-порталдарды ірі ұйымдарда (және атап айтқанда, географиялық бөлінгендерде) пайдаланады. Интеранет-портал бір ғана кеңседе ғана жұмыс жасамайды, және ұйымның бірнеше бөлімдерін біріктіре алады, сондай-ақ алшақ қызметкерлерге (Internet-арна арқылы) корпоротивтік шаруашылыққа қол жетімдікті бере алады.
IP VPN желісі жоғары жылдамдықтағы SMARTNET талшықты-оптикалық желісіне негізделіп, қосылу Ethernet технологиясы бойынша 100 Мб/секундқа дейінгі жылдамдықта іске асады. Әртүрлі қосымшалардағы трафикті тарату үшін SMARTNET мәліметтер трафигіне қызмет көрсетудің (CoS) үш тобын ұсынады:
- Best Effort - мәліметтер тарату, файлдар мен хабарламалармен алмасу, құжаттармен бірлесіп жұмыс істеу, мәліметтердің корпоративті базасына кіру, электрондық пошта үшін арналған.
- Business Critical - мәліметтерді тарату кезінде ерекше сенімділікті талап ететін және өткізу жолағы, пакеттердің жоғалуын қаламайтын корпоративті жүйелердің трафигі үшін арналған.
- Real Time - корпоративті телефония мен видеоконференция ұйымдастыру үшін, сонымен бірге пакеттерді бірқалыпты және аз кідіріспен таратуға кепілдік береді.
Сервистердің әртүрлі деңгейлерін қамтамасыз ету (Қызмет көрсету тобы) жергілікті желілер мәліметтерімен дауыс трафигін таратуды интегралдауды, видео ақпаратты сапалы таратуды қамтамасыз етеді.
Ақпарат таратудағы нақты параметрлерге қатысты (бөгеліс, пакеттердің жоғалуы және тағы басқалары) клиентке кепілдіктер ұсынылады.
Екінші деңгейдегі бастауыш жеке желі L2 VPN (VPLS Virtual Private LAN Service) - қала көлемінде бірнеше географиялық алыста орналасқан кеңселерді бірыңғай жоғарғы жылдамдықтағы көппротоколды қауіпсіз желіге біріктіру тәсілі.
Екінші деңгейдегі бастауыш жеке желілерді құрудағы шешімдердің бірыңғайлығы L2 VPN (Layer 2 Virtual Private Network, MPLS VPLS VPN, Ethernet VPN) жеке қауіпсіздік пен өнімділікке жоғарғы талаптар қойылатын, корпоративті желілерде әртүрлі желілік протоколдар пайдалану мүмкіндігінде жатыр. L2 VPN арнайы IP-желілерге байланбаған және Ethernet деңгейінде жұмыс істейді. Мысалы, кеңседен тыс жүріп, ноутбук көмегімен компанияның корпоративті желісіне еркін қосылу мүмкіндігі.
VPLS технологиясын пайдаланудың артықшылықтары:
- мәліметтер тарату протоколдарының барлық түрін пайдалану мүмкіндігі;
- клиент желісінің ішкі құрылымына (IP-желілердің деңгейлерде де) кіріс және тек тапсырушымен басқарылудың арқасында қауіпсіздік деңгейі жоғары;
- желі арқылы мәліметтердің қандай болмасын типін өткізу мүмкіндігі, соның ішінде арна деңгейінде шифрланғандарды да өткізуі.
Осылайша, L2 VPN қолдану желілік инфрақұрылым мен қосымшаларды толығымен пайдалану мүмкіндігі, сондай-ақ бастауыш жеке желілердің SMARTNET-тің басқа қызметтерімен интеграциясы: 100 Мбит/с дейінгі жылдамдықта жоғарғы жылдамдықтағы интернетке кіру, жаңа ұрпақтың жоғарғы пакеттік телефониясы (Voice-Over-IP) және т. б. Бұл шешім қызметкерлерінің жұмысы іс-сапарлармен байланысты және оларға компанияның жергілікті желісіне қолжетімділік қажет компаниялар үшін өзекті.
Бастауыш жеке желілерді құрудың негізгі ерекшелігі - бірыңғай мәліметтер тарату желісіне Тапсырушының кеңселері мен техникалық орталықтарын біріктіру үшін белгіленген арналарды пайдалану қажет емес. Осылайша Тапсырушы келесі ықпалдың арқасында өз қаражатын үнемдеуге мүмкіндік алады.
- Бөлінген арналарды ұйымдастыруға көп шығын кетпейді
- Трафик төлемінің икемді жүйесі
- Клиент трафигі толықтай рұқсатсыз кіруден сақталған
- Порттың өткізу мүмкіндіктерінің оперативті өсуі
VPN-де қосылу нүктелерінің санында шек жоқ. Қажет кезде VPN-ге кіретін әрбір нүкте байланыстың физикалық арнасы арқылы Интернетке кірісті қамтамасыз етеді.
IP VPN (L3 VPN) - үшінші деңгейдегі бастауыш жеке желілер SMARTNET клиенттің географиялық бөлініп орналасқан кеңселерін бірыңғай қорғалған логикалық желіге байланыстырып, IP/MPLS технологиясын пайдалану арқылы бастауыш жеке желілерді (VPN) құру және қызмет көрсетуді іске асырады. Осылайша, клиент үшін оператордың мәліметтер тарату желісі нағыз «мөлдір» орта болып табылады. 3 деңгейдегі VPN (VPN/L3) жүзеге асыруда оңай және IP-желілері деңгейінде өзара әрекетте іске асырылады, алайда кеңсенің басқа кеңсеге көшуі кезінде жаңа желі ұйымдастыруды талап етеді. Бас кеңсені бөлімшелермен байланыстырудан басқа, мысалы POS-терминалдар немесе банкоматтардың бас компьютермен байланысын ұйымдастыру да мүмкін.
1. 2 Ақпараттық-оқыту жүйесінің моделі
Инфологиялық моделі басқа моделдер мен салыстырған да ерекше орын алады. Ол қиын жүйелерді құру барысында қолданылады және құрылым мәліметтерден тәуелсіз проблемалық аймақтың көрінісін береді[1] .
Порталды құру мақсаты - шағын мектептерде оқытуда, ғылыми дамуда және әдістемелік қамтылуда білім берудің инновациялық технологияларын пайдаланып ақпараттық ресурстарды құру, атап айтсақ:
- оқушыларға білімді меңгеруіне көмектесу;
- мұғалімдерге әдістемелік сұрақтар бойынша көмектесу;
- оқушыларды қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқыту;
- БҰТ пәндері бойынша дайындалуда оқушыларға көмектесу;
- ашық өребәйгелерді, ғылыми байқауларды, конференцияларды, танымдық турнирлерді өткізу;
- сайттың бағдарламалық қабығын құруда мектептерге және білім бөлімдеріне көмектесу.
Нормативтік-құқықтық қамтылу мақстанда келесі құжаттарды дайындау қажет:
- портал туралы ереже: Бастауыш мектеп академиясы;
- білім бөлімдері, мектеп веб сайттары туралы ереже;
- оқытушы-тьютор туралы ереже;
- қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру туралы ереже;
- ресурстарды желіге орналастыру туралы ереже.
Жаңа инновациялық технологияны пайдаланып, шағын мектептерге оқытуда, методологиялық және ғылыми көмек беру мақсатында порталды ендіру үшін атқарылған істердің жоспары(орындалу мерзімі, жауаптылар) құрылуы қажет.
Қойылған мәселелерді техникалық жағынан іске асыру үшін шағын мектептер мен білім бөлімі сайтын қолдау үшін университет базасында бірыңғай хостингпен корпоративті бастауыш желі құру қажет.
Порталдың негізгі мәзірі келесі беттерден тұрады:
- Басты бет;
- Жаңалықтар;
- Видеоконфеоенция;
- Форум;
- Контенттер.
Басты бетте білім саласындағы жетістіктер туралы баяндалып тұрады және бұл бет үнемі жаңартылып тұрады.
Жаңалықтар бетінде ауданда, мектепте болып жатқан жаңалықтар баяндалып отырады.
Видеоконференция арықылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі оқытушылар мен шалғай аудандағы мектептер арасында интерактивті конференция өткізіледі.
Контенттер бөлімінде мектеп пәндері бойынша материалдар модульдік оқыту технологиясымен сұрыпталып жарияланады.
Бағдарламалық қолдау жасау үшін білім бөлімдері мен мектептерге бірыңғай инфологикалық модельді сайттың қабықшасы құрылып, ақпараттарды сайтқа енгізу үшін келесі стандарттар жасалуы қажет: мұғалімдер үшін контент, оқушылар үшін контент, депозитарийлер мен метамәліметтер ресурстарын сипаттау.
Мектеп пен аудандық білім басқармасы сайт арқылы байланысады.
Мектеп сайтының құрылымы келесі беттерден тұрады: Басты бет, Жаңалықтар, Мектеп туралы, Біздің ұйым, Контент, Кітапхана, Конференция, Контакты. Сұлба 1. 2-де көрсетілген.
Аудандық білім басқармасы сайт келесі беттерден тұрады: Басты бет, Жаңалықтар, Фотогалерея, Мектептер сайты, Аудан тарихы, Пайдалы сілтемелер. Сұлба 1. 3-де көрсетілген.
Мектеп сайтының сұлбасы
Форум
Аудандық білім басқармасының сайтының схемасы
Форум
1. 3 Ресурстарды қорғау категориялары
Ақпараттық жүйе, портал, сайт құруда ақпараттарды қорғау мәселесін шешу керек. Егер құрылған жүйе қорғалмаса кез келген адам хабарларды қолға түсіре алады. Сондықтан тораптарда ақпаратқа біраз шабуылдар жасау мүмкіндігі бар. Жүйені әр түрлі деңгейде қорғау үшін қорғалатын ақпараттың үш құпиялылық категориясы және бүтіндіктің үш категориясын енгіземіз.
Қорғалатын ақпараттың құпиялылық категориялары:
- «ЖОҒАРЫ» - бұл категорияға ҚР заңына сәйкес құпия болып табылатын жасырын емес ақапарат (қызметтік құпия, жеке бастың мәліметтері) жатады. Құпиялылық деңгейі реттелген жиынтық құрайды және әр түрлі жүйелерде құпиялылық деңгейлер жиынтығы әр түрлі болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпия құрайтын мәліметтердің үш құпиялық дәрежесі тағайындалған және осы дәрежелерге сәйкес аталған мәліметтердің тасушыларына мынадай құпиялылық белгілері берілген: «аса маңызды», «өте құпия», «құпия», ал қызметтік құпия құрайтын мәліметтірге «құпия» деген құпиялылық белгісі беріледі.
- «ТӨМЕН» - бұл категорияға «ЖОҒАРЫ» категориясына жатпайтын мектеп немесе аудан әкімшілігі шешімімен таратылатын ақпараттарды жатқызуға болады.
- «ТАЛАП ҚОЙЫЛМАҒАН» - бұл категорияға ақпараттың бүтіндігі қамтылатын мәліметтер жатады.
Қорғалатын ақпараттың құпиялылық категорияларын оңай топтау үшін жалпы 4 категория орнатылады: «өмірлік маңызды», «өте маңызды», «маңызды» және «маңызды емес». Ақпаратың қай категорияға жататынын анықтау үшін келесі кестені тиімді пайдалануға болады:
Кесте 1. 1 - Ақпарат категорияары
- «өмірлік маңызды» ақпарат;
- «өте маңызды» ақпарат;
- «маңызды» ақпарат;
- «маңызды емес» ақпарат.
Ақпараттық қорғау жүйесі жобалау әр түрлі жағдайда жүргізілуі мүмкін және бұл жағдайларға негізгі екі праметр әсер етеді: ақпарат қорғау жүйесіне арнап әзірленіп жатқан деректерді өңдеудің автоматтандырылған жүйесінің қазіргі күй-жағдайы және ақпаратты қорғау жүйесін жасауға кететін қаржы мөлшері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz