Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Есірткіні емдік мақсатты көздемей тұтыну кезі етек алуда. Сарапшылардың болжамы бойынша бүгінгі күндері Қазақстанда 6 млн-дай адам есірткіге бой алдырған. Бұл дегеніміз Қазақстандықтардың 4 %-ы есірткіні тұрақты тұтынады деген сөз. Бірақ, шындығына келсек, бұл - проблеманың көзге көрініп тұрған жағы, себебі, есірткі тұтынатындардың 15-20%-ы ғана есепке алынады.
Мұндай жағдайдың болуы, сондай-ақ нашақорлар қылмысының күннен күнге көбеюі есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға мүмкіндік беретін притондармен тікелей байланысты. Бұл проблеманы зерттеудің алдын ала нәтижелері көрсетіп отырғандай, мұндай адамдардың едәуір бөлігі есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды притондарда тұтынады екен.
Қазіргі мемлекеттегі көптеген әлеуметтік-экономикалық проблемалар, қылмыскерліктің асқынуы жағдайында есірткінің заңсыз айналымы саласындағы қылмыскерлікпен күрес проблемасы алдыңғы орындардың біріне шықты, ол елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер түсіруде.
Бірақ, бұл келтірілген көрсеткіштер осы саладағы шындықты көрсете алмайды, себебі қылмыстың бұл түрінде аса жасырындық сипат бар, сондықтан да оны ашуда құқық қорғау органдары өте белсенділік танытуы тиіс.
Диплом жұмысының зерттеу тақырыбының өзектілігі сонда, бұл есірткінің заңсыз айналымындағы құық бұзушылықты ескерту және нашақорлықтың алдын-алу жүйесіндегі ІІО рөлін жан-жақты талдау.
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін притон ұйымдастырушының (ұстаушының) жеке басы жайындағы жүйелі криминологиялық-психологиялық білімнің жеткіліксіздігінен, құқық қорғау органдары бұл проблеманы шешу барысында кең қолдана алатындай нақты ғылыми ұсыныстар жасауға мүмкіндік болмай тұр.
Есірткі қылмысының халықаралық сипат алуына байланысты мемлекеттер жекелеген институттарға, оның ішінде есірткі притондарын ұйымдастырғандық (ұстағандық) үшін қылмыстық жауапкершілік институтына қатысты өз заңдарын бірегейлеуі керек, себебі бұл проблеманың маңыздылығы артты, және ол шет елдерде де, Қазақстанда де өзекті мәселеге айналып отыр. Басқа мемлекеттердің, әсіресе ТМД елдерінің заңдарын және практикасын зерделеу барысында біз бұл қарастырып отырған мәселе бойынша әр елде әртүрлі шешім бар екендігін көрдік. Мұндай жағдайда өзара тәжірибе алмасу, ерекшеліктерді мұқият талдау жалпы есірткі қылмысына, оның ішінде есірткі притондарын ұйымдастыруға (ұстауға) қарсы тұрудың құқықтық және әлеуметтік-криминологиялық шараларын неғұрлым тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.
Бірақ, мұндай мүмкіндіктерді дұрыс пайдалану үшін әртүрлі модельдер мен институттарды білу, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін жан-жақты зерделеу керек. Ең дұрысы - оларды өзара салыстыру. Әрине, бұл ретте оң немесе теріс тұжырым жасау үшін әр елдің нақты тарихи ерекшеліктері ескерілуге тиіс.
Зерттеудің мақсаты - есірткінің заңсыз айналымындағы құық бұзушылықты ескерту және нашақорлықтың алдын-алу жүйесіндегі ІІО рөлін талдау.
Зерттеудің міндеттері:
- зерттеу тақырыбына қатысты негізгі ұғымдардың бірыңғай анықтамасын беру; құқық бұзушылықтың бұлтиісті әкімшілік-құқықтық нормаларды жетілдіру жөнінде дәлелді ұсыныстар енгізу; тиісті құқықтық нормаларды қолдану приактикасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар даярлау.
Диплом жұмысының пәні: Әкімшілік құқықта, криминологияда, қылмыстық және қылмыстық-атқарушылық құқықта, социологияда, мемлекет және құқық теориясында, философияда бар теориялық және методологиялық негіздерді пайдалану зерттеу нәтижелерінің ғылыми құндылығын арттырып отыр.
Заңнаманың басқа салаларының нормаларын пайдалана отырып негізгі ұғымдарды ашу және оларды зерделеу құқық жүйесі туралы ілімді толықтыруға мүмкіндік береді, әкімшілік құқықтың, азаматтық құқықтың, тұрғын үй құқығының және басқалардың кейбір нормаларын диплом жұмысының тақырыбына қатысты қарастыру керектігін көрсетеді. Берілген тұжырымдардың практикалық маңыздылығына нормативтік нұсқауларды іске асыру проблемаларын бөліп алғандықты және оларды шешу жолдарын көрсеткендікті жатқызуға болады.
Зерттеудің объектісі: Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының есірткінің заңсыз айналымы аясындағы құқық бұзушылықты ескерту және нашақорлықтың алдын алу жүйесіндегі рөлі.
Зерттеудің әдісі: Диплом жұмысын жазу барысында логикалық, талдау, синтездеу, салыстырмалы тәсіл, тәжірибе жинақтау сынды әдістер қолданылды.
Диплом жұмысының теориялық негіздері: Диплом жұмысын зерттеу барысында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, Қазақстан Республикасының және шет ел ғалымдарының оқулықтары пайдаланылды.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы: Баяндалған ережелер, тұжырымдар мен анықтамалар қызметтің мына салаларында пайдаланылуы мүмкін:
- құқық қорғау органдарының қарастырылып отырған саладағы құқық бұзушылыққа қарсы бағытталған сақтандыру қызметінде; әкімшілік құқық заңдарын жетілдіру жұмысында; қызметтің осы саласы бойынша кадрлар даярлауда; тиісті әдістемелік ұсыныстар даярланғанда; Қазақстан Республикасының қызметі есірткімен күреске бағытталған органдарының арнайы оқу орындары үшін оқулықтар, оқу құралдарын, дәрістер, оқу-әдістемелік материалдар даярлағанда.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Диплом жұмысында есірткі, психотраптық заттар мен прекурсорлардың барлық түрлеріне, олардың пайда болуына, әсер ету үрлістеріне толық баяндама берілген. Соған сәйкес, Қазақстан Республикасының құқықтық нормативтік актілеріне сәйкес ішкі істер органдарының жұмысының маңыздылығына кешенді зерттеу жүргізілген және талдау жасалынған.
Диплом жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы құрылымы бойынша кіріспеден, үш сұрақтан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиетер тізімінен тұрады.
1. Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы
- Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлардың негiзгi ұғымдары
«Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» Заңында мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
- бөлшек сауда - дәрiгердің рецептi бойынша жеке тұтыну үшiн есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды даралап немесе шағын көлемде сату;
- есiрткiлер - есiрткi немесе психотроптық заттар ретiнде жiктелген, оларды терiс пайдаланғанда туындауы мүмкiн зардаптарына байланысты халықтың денсаулығы үшiн ықтимал қаупi бар, Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне енгiзiлген өсiмдiктер, заттар немесе препараттар;
- есiрткi заттар - Қазақстан Республикасының заңнамасына, 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңғай конвенцияға түзетулер жөнiндегi 1972 жылғы Хаттамаға сәйкес енгiзiлген түзетулерiмен қоса 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңғай конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзiлген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар;
- есiрткi және психотроптық зат тектестер - құрылымы мен қасиеттерi жағынан I, II, III кестелерге енгiзiлген заттарға ұқсас, елiртетiн, күйзелтетiн немесе жалған елес күйiне түсiретiн химиялық құрылымы мен қасиеттерi бар, оларды терiс пайдаланған кезде халықтың денсаулығы үшiн қауiптi және осы Заңмен және БҰҰ-ның халықаралық Конвенцияларымен есiрткi немесе психотроптық заттар ретiнде бекiтiлмеген шығу тегi синтетикалық немесе табиғи заттар;
- есiрткi, психотроптық заттармен және прекурсорлармен қамтамасыз ету нормативi (бұдан әрi - қамтамасыз ету нормативi) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сату үшiн заңды тұлғаларға рұқсат етілген белгiлі бiр есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар саны;
- есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы - құрамында есiрткi бар өсiмдiктердi егуге, жинауға және дайындауға, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеуге, өндiруге, өңдеуге, әкелуге, әкетуге, транзиттеуге, тасымалдауға, жөнелтуге, сатып алуға, сақтауға, бөлуге, сатуға, пайдалануға, жоюға байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес рұқсат етілген және бақылау жасалатын қызмет түрлері;
- есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - өзiне берiлген құзырет шегiнде есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыратын және оны жүзеге асыруды үйлестiретiн орган;
- есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу мен әкету - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың бiр мемлекеттен екiншi мемлекетке өткiзілуi;
- есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды дайындау - өндiрудi қоспағанда, жүргiзiлуiнiң көмегiмен есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың алынуы мүмкiн барлық процестер, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың басқа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға айналдырылуы;
- есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымы - Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылатын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы;
- есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiру - химиялық заттардан және (немесе) өсiмдiктерден не басқа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардан есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды сериялап алуға бағытталған процесс;
- есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өңдеу - нәтижесiнде тазартылатын (бөгде қоспалардан тазартылатын), препараттағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың концентрациясын арттыратын iс-әрекет, сондай-ақ олардың негiзiнде есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар болып табылмайтын заттар алу;
- есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдалану - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды мақсатқа сай қолдану;
- есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдау мен жөнелту - тасымалдау тәсіліне және сақталатын орнына қарамастан Қазақстан Республикасы шегiнде есiрткi, психотроптық заттардың немесе прекурсорлардың орнын ауыстыру жөнiндегi кез келген iс-әрекеттер;
- есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды тұтыну нормативi (бұдан әрi - тұтыну нормативi) - нақты заңды тұлғалардың тұтынуы үшiн қажеттi, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәлiмделген белгiлi бiр есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар саны;
- есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар транзитi - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың бiр мемлекеттен екiншi мемлекетке үшiншi мемлекеттiң аумағы арқылы өткiзiлуi;
- есiрткi немесе психотроптық заттарды терiс пайдалану (есiрткi немесе психотроптық заттарды заңсыз тұтыну) - есiрткi немесе психотроптық заттарды дәрiгердiң тағайындауынсыз қасақана заңсыз тұтыну;
- есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз айналымда жүргенi анықталған шағын, iрi және өте iрi мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кесте - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы органдары айқындайтын және кейiннен әкiмшілік не қылмыстық жауаптылықтың туындауына негiз болып табылатын (шағын, iрi, өте iрi) мөлшердегi белгiленген түрлерiнiң тiзбесi;
- көтерме сауда - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың iрi топтарын сату;
- Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмi (бұдан былай - Тiзiм) - халықаралық Конвенциялар негiзiнде нөмiрленген және тиiстi кестелер мен тiзiмге бiрiктiрiлген, Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзбесi;
- құрамында есiрткi заттары бар өсiмдiктердi өсiру - апиын көкнәрi мен сораны (каннабистi), халықаралық Конвенцияларға сәйкес Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзілген, құрамында есiрткi бар басқа да өсiмдiктердi егу және өсiру;
- құрамында есiрткi, психотроптық заттар бар өсiмдiктердi жинау - халықаралық Конвенцияларға сәйкес Тiзiмге енгiзiлген, құрамында есiрткi бар жабайы өсетiн немесе егiлетiн өсiмдiктердi жинау;
- мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерi - заңда белгiленген тәртiппен наркологиялық көмек көрсететiн мекемелер (орталықтар, ауруханалар, диспансерлер, бөлiмшелер немесе кабинеттер) ;
- мәжбүрлеп емдеу - нашақорлықпен ауыратын адамды ерiктi түрде емделуден жалтарған не есiрткi немесе психотроптық заттарды заңсыз тұтынуын жалғастырған жағдайда сот шешiмi негiзiнде жүзеге асырылатын стационарлық емдеу;
- медициналық куәландыру - есiрткiден мастану күйiн анықтау мақсатында адамды амбулаториялық тексеру;
- медициналық куәландырудан, медициналық тексеруден немесе емдеуден жалтару - есiрткi немесе психотроптық заттарды терiс пайдаланушы адамның құқық қорғау органдары қызметкерiнiң медициналық куәландыруға немесе тексеруге қатысты өкiмiн қасақана орындамауы, сондай-ақ дәрiгердiң белгiлеулерi мен ұсынымдарын орындамауы;
- медициналық тексеру - "нашақорлық" деген диагноз қою немесе оны терiске шығару мақсатында адамды стационарлық жағдайда тексеру;
- нашақорлық - организмнiң физикалық және психикалық функцияларының қатты бұзылуына әкеп соқтыратын есiрткi немесе психотроптық заттарға не сол тектестерге тәуелдi болуға байланысты ауру;
- нашақорлықпен ауыратын адам (нашақор) - қандай да болсын есiрткi, психотроптық заттарға немесе сол тектестерге физикалық және (немесе) психикалық тәуелдi, белгiленген тәртiппен медициналық мекеме "нашақорлық" деген диагноз қойған адам;
- өз еркiмен емдеу - нашақорлықтан, уытқұмарлықтан немесе есiрткiге шектен тыс салынудан науқастың өзiнiң немесе оның заңды өкiлiнiң келiсiмiмен емдеу;
- прекурсорлар - есiрткi және психотроптық заттарды өндіру, дайындау, өңдеу кезінде пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, соның iшiнде БҰҰ-ның Есiрткi және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы 1988 жылғы Конвенциясына сәйкес бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзiлген заттар;
- препарат - Тiзiмге енгiзiлген, құрамында бiр немесе бiрнеше есiрткi, психотроптық заттар немесе прекурсорлар бар кез келген физикалық күйдегi қоспа;
- психотроптық заттар - Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, соның iшiнде 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзiлген, шығу тегi синтетикалық немесе табиғи заттар;
- уәкілеттi органдар - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өздерiне берiлген құзырет шегiнде есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар;
- уытқұмарлық - есiрткi және психотроптық заттардың әсерiне ұқсас психикалық елiрме әсер туғызатын және республикалық заңнамалық актілер мен халықаралық конвенциялардың тiзiмдерiне енбейтiн дәрілік препараттар мен табиғаты әртүрлi дәрiлiк емес заттарды шектен тыс пайдалану. [5]
Бақылауға жататын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды жiктеу.
1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар Қазақстан Республикасында бақылауға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне енгiзiледi.
Қазақстан Республикасында бақылауға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмi ұсынылып отырған төрт кестеден және тізімнен тұрады.
I Кестеге Заңның 18, 19, 20-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарына және БҰҰ-ның 1961, 1971 жылдардағы халықаралық Конвенцияларына сәйкес Қазақстан Республикасында айналымына тыйым салынған есiрткi және психотроптық заттар енгiзiледi.
II Кестеге Қазақстан Республикасының заңдарына және БҰҰ-ның 1961, 1971 жылдардағы халықаралық Конвенцияларына сәйкес айналымы шектеулi және қатаң бақылауда тұрған есiрткi және психотроптық заттар енгiзiледi.
III Кестеге Қазақстан Республикасының заңдарына және БҰҰ-ның 1961, 1971 жылдардағы халықаралық Конвенцияларына сәйкес айналымы бақылауды тұрған есiрткi және психотроптық заттар енгiзiледi.
IV кестеге Қазақстан Республикасының заңдарына және БҰҰ-ның 1988 жылғы халықаралық Конвенциясына сәйкес айналымы бақылауда тұрған прекурсорлар енгiзiледi.
Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті және ветеринарияда қолдануға рұқсат етілген, құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттар тізіміне тиісті лицензиясы болған жағдайда диагностикалық, емдік және профилактикалық заттар ретінде пайдаланылуы мүмкін дәрілік препараттар енгізілген.
Препараттарға қатысты олардың құрамындағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға қатысты белгiленетiн бақылау түрлерi көзделедi.
Егер препараттың құрамында бiр емес, бiрнеше есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар болса, оған неғұрлым қатаң бақылауға жататын есiрткi, психотроптық зат пен прекурсорға қолданылатын бақылау қолданылады.
Құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшерi бар және оларды шектен тыс пайдаланған жағдайда болмашы қауiп төндiретiн және олардан аталған заттар оңай әдiстермен алынуы мүмкiн емес дәрiлiк препараттар осы Заңға сәйкес бақылауға жатпайды. Аталған препараттардың тiзiмiн, оларды бақылаудан алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен оларды шектен тыс пайдалануға қарсы iс-қимыл шаралары туралы заңдары.
Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шаралары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделiп, осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардан тұрады. [5]
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.
Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар айналымын мемлекеттiк реттеудiң және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шараларының негiзгi принциптерi.
Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясат және олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл;
1) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке мемлекеттiк бақылау жасау;
2) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер прекурсорлар айналымын және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимылды мемлекеттiк реттеу;
3) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметтi лицензиялау;
4) мемлекеттiк және өзге де органдардың қызметiн ведомствоаралық және ведомствоiшiлiк үйлестiру;
5) есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымын оларды шектен тыс пайдалануды тыюға бағытталған жұмысты ұйымдастыру мен жүргiзу мiндеттерiн кешендi түрде шешу;
6) нашақорлықтың және сонымен байланысты құқық бұзушылықтардың етек алып кетуiн көздейтiн алдын алу шараларын қамтамасыз ету;
7) нашақорлықтың және оған байланысты құқық бұзушылықтардың етек алуына қарсы күресте әлеуметтiк базаны кеңейту, оның iшiнде қоғамдық, дiни, халықаралық және басқа ұйымдар мен азаматтарды ерiктi негiзде тарту арқылы кеңейту;
8) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымын бақылау, олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту принциптерiнде жүзеге асырылады.
Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтi мемлекеттiк реттеу мен ұйымдастыру және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл.
Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы мемлекеттiк реттеу және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары.
Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымын мемлекеттiк реттеу және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады. [5]
Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті мемлекеттік орган тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсім бойынша әзірлеген есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл саласына қатысушы заңды тұлғалар қызметiнiң тәртiбiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi.
Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мынадай негiзгi мiндеттердi атқарады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz