Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары


  1. Мазмұны
Кіріспе. . .: Кіріспе . . .
3: 3
Кіріспе. . .: 1. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары . . .
3: 7
Кіріспе. . .:
  1. Құқық қорғау органдарының түрлері . . .
3: 7
Кіріспе. . .:
  1. Әділет органдары туралы жалпы мәлімет . . .
3: 14
Кіріспе. . .: 2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару нысанының ерекшеліктері . . .
3: 25
Кіріспе. . .: 2. 1 Мемлекеттік басқару түсінігі . . .
3: 25
Кіріспе. . .: 2. 2 Мемлекеттің басқару нысанының ерекшеліктері . . .
3: 34
Кіріспе. . .: 3. Әкімшілік құқықтың рөлі мен маңызы . . .
3: 46
Кіріспе. . .: 3. 1 Қоғам өмірінің аса маңызды жақтарын құқықтық реттеу. Әкімшілік құқықтың негізгі мақсат-міндеттері . . .
3: 46
Кіріспе. . .: Қорытынды . . .
3: 58
Кіріспе. . .: Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
3: 60

Кіріспе

«Бүгінде табысты жұмыс істеу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Әкімшілік реформа жүргізілді, Үкімет пен атқарушы биліктің жаңа құрылымы жұмыс істеуде. Әр министр не істеу керек екенін біледі. Біз басқарудағы қосарланушылық пен қажет емес буындарды жойдық. Әкімдер өкілеттіліктің қажетті деңгейіне ие болды. Өңірлерде бәрі бар - бағдарламалар, ресурстар, қаржы құралдары. Әркім өз жұмыс учаскесі үшін жауап береді. Тек білекті сыбанып, іске кірісу қажет. » - Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауынан.

Заңдылықпен құқық тәртібін қорғаштау, адамның құқығы мен бостандығын қорғау, қылмыспен және басқа да құқық бұзушылықтармен күресу негізгі (арнайы) міндеті болып табылатын мемлекеттік органдар. Құқық қорғау органдарына: сот, гөрелік сот, конституциялық сот, прокуратура, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, әділет, төрелік, кедендік бақылау, қаржы полициясы органдары және т. б. жатады. [1]

Құқық қорғау органдары - заңдылықты және құқық тәртібін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қылмысқа қарсы күрес міндеттерін атқаратын мемлекеттік органдар. Құқық қорғау органдарына сот, төрелік сот, Конституциялық сот (Қазақстанда Конституциялық кеңес), прокуратура, ішкі істер органдары, мемлекеттік қауіпсіздік (Қазақстанда ұлттық қауіпсіздік), кедендік бақылау, әділет органдары жатады.

Кең мағынада алғанда, Құқық қорғау органдары ұғымы бірқатар беймемлекеттік институттарды да: адвокатураны, аралық сотты, т. б. қамтиды. Күшейтілген қылмыстық-құқықтық қорғау жүйесіне қауіпсіздік шаралары мен әлеуметтік шаралар да кіреді. [2]

Қазақстан Республикасының әдiлет органдары өз құзыретi шегiнде мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимiне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн атқарушы билiк органдары болып табылады. Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2002 жылы 18 наурызда қабылданған Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі аппаратының құрылымдық бөлімшелерін, ведомстволық бағынысты органдарды (ұйымдарды) құруды, қайта құру мен таратуды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, ал заңдармен көзделген жағдайларда - Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.

Әділет саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ететін атқарушы биліктің орталық органы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі - Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін орталық атқарушы органы. Министрлік Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, сондай-ақ жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлікті есептеу, сақтау, бағалау және одан әрі қолдану бойынша атқарушы құжаттарды орындау және жұмыстарды ұйымдастыру жұмыстарын атқарады.

Әділет министрлігінің негізгі міндеттері:

  • Саяси, экономикалық, әлеуметтік өмірдің құқықтық негіздерін бекітуге ықпал ету;
  • заң жобалау жұмыстарын ғылыми және тәжірибелік жағынан қамтамасыз ету;
  • заң жобаларын құқықтық және қылмыстық тұрғысынан сараптауды қамтамасыз ету;
  • қабылданатын заңдардың тиімділігін болжау.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы әділет орғандарының мемлекеттік басқарылуын және әкімшілік құқықтық жағдайын, реттелуін анықтау.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

  • Қазақстан Республикасындағы әділет саласындағы мемлекеттік басқару үдерістерін қарастыру;
  • Әділет саласындағы әкімшілік құқықтық реттеу салаларын қарастыру.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары

1. 1 Құқық қорғау органдарының түрлері

Қоғам дегеніміз - адамдар мен олардың ұйымдары арасындағы қарым-қатынастардың өте күрделі жүйесі. Мемлекет арнаулы органдар арқылы қоғамды басқарады, көпшілік бұқара үшін маңызы бар мәселелерді шешеді және қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз етеді. Мемлекеттің түрлі органдары бар, олар өздерінің тікелей биліктік міндеттерін атқаруда өзара тығыз байланыста және бір-біріне бағынышта болады. Мемлекеттік органдар арасында құқық қорғау органдары айрықша орын алады. Олар қоғамдағы құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етеді. Құқық қорғау органдарына: сот, прокуратура, Әділет органдары, жемқорлық және басқа кәсіби қылмыстармен күрес органдары жатады.

Құқық қорғау органдары жүйесі заңдылық кағидасы негізінде әрекет етеді. Заңдылық - бұл қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқық нормаларын қатаң, бұлжытпай орындау және сақтау қағидаты, әдісі мен тәртібі.

Заңдылықтың мәні - құқық қорғаушы органдардың құқықтық нормаларды адал, жауапкершілікпен сақтауында, орындауында, пайдалана және қолдана білуінде. Заңдылық, ең алдымен, осы органдардың заң негізінде және оның шеңберінде мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға белсенді қатысуларын көздейді.

Заңдылық табиғатын түсіну үшін оның негізгі қағидаттарын анықтап алу қажет. Заңдылық қағидаттары - бұл заңдылықтың мазмұнын бейнелейтін негізгі идеялар, бастаулар. Оларға жататындар:

  • Жалпыға бірдейлік қағидаты. Заңдылықтың жалпыға бірдейлігі жағдайына, шеніне және дәрежесіне қарамай, жалпы жұртқа және әрбір адамға бірдей міндеттілігі. Заң алдында жұрттың бәрі бірдей және бәрі де оған бағынуы тиіс, керісінше болған жағдайда жауапкершіліктен ешкім кашып құтыла алмайды.
  • Бірлік қағидаты. Заңдылық бірлігінің мәні. Бұл талап елдің бүкіл аумағына таралады.
  • Заңның үстемдік қағидаты. Ол дегеніміз - мемлекеттің өмір сүруі лауазым иелерінің өздерінің міндеттері мен құқықтарын қатаң іске асыруы арқылы тек заң негізінде ғана жүзеге асырылуы тиістігін білдіреді. Мемлекет құқық Корғау органдарының қызметкерлеріне өз ұйғарымы бойынша еркін әрекет етуге, өз дегенімен шешім шығаруға, қандай да бір себептермен заңды орындап не орындамауына жол бермейді.
  • заңдылықты іске асырудың тұрақтылық қағидаты. Заңдылықты іске асырудың тұрақтылығы кез келген заң бұзушылықтың кімнің тарапынан болғандығына қарамастан оның жолы кесілетіндігін, заңды бұзғаны үшін жауапкершіліктен құтылмайтындығын білдіреді.
  • Заңдылық пен мақсатқа лайықтылықты қарсы қоюға болмайтындық қағидаты. «Жоғары мүдделер», «халық талабы», «мораль (өнеге) талабы» деген желеулермен заңылықтан кез келген кері шегініс қоғамның тұрақсыздығына әкеліп соқтырады, құқықтық нигилизмнің (немқұрайлықтың) өсуіне жағдай жасайды. Егер заң ескіріп, оны пайдалану орынды болмай қалса, онда оны тек заң арқылы белгіленген рәсімге сәйкес өзгерту, толықтыру қажет, Заң өзгеріс енгізілгенге дейін өмір сүреді, әрекет етеді. Бұрынгылар «заң қатал болса ғана заң» («Dura lex, sed lex») деп бекер айтпаған.
  • Заңдылық пен мәдениеттілік қағидаларының байланыстылығы. Мәдениеттіліктен адал заңдылық туралы әңгіме болуы да мүмкін емес: тұтас алғанда қоғамның, жекелеген азаматтардың мәдени деңгейі жоғары болған сайын, заңдылықтың да деңгейі жоғары болады.

Басқа бір құқықтық құбылыс - құқықтық тәртіп заңдылығымен байланысты. Құқықтық тәртіп - бұл заң мен құқыққа негізделген қоғамдық қатынастардың тәртіптілік жай-күйі. Бұл құқықтық талаптарды іске асырудың құқықтық нормаларды, яғни заңдылықты сақтаудың, орындаудың түпкі нәтижесі. Заңдылық - талап, құқықтық тәртіп - осы талаптарды орындау тәжірибесі. Құқықтық реттеудің мақсаты құқықтық тәртіп, нақ осыған қол жеткізу үшін өзге де нормативтік құқықтық актілер шығарылады, заңнаманы жетілдіру жүзеге асырылады, заңдылықты нығайту жөніндегі шаралар жүргізіледі. Құқықтық тәртіп пен заңдылық арасында бір-біріне тікелей тәуелділік бар: заңдылықтың нығайтылу құқықтық тәртіпті нығайтады, ал бұған керісінше, егер заңдылық бұзылса, онда құқықтық тәртіп те іле-шала бұзылады. [3]

Құқық қорғау қызметі кез келген тәсілмен ғана емес, ықпал етудің заңдық шараларын қолданудың көмегімен жүзеге асырылады. Олардың қатарына заңмен белгіленетін мемлекеттік мәжбүрлеу және жазалау шараларын жатқызуға болады.

Мемлекеттік мәжбүрлеудің төрт түрлі белгілі:

  • қылмыстық-құқықтық (қылмыс жасаған жағдайда) ;
  • азаматтық-құықтық (қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соқтырмайтын мүліктік зиян келтірілген жағдайда) ;
  • әкімшілік-құқықтық (әкімшілікке теріс қылық жасау; мысалы, ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктер ішу) ;
  • тәртіптік (өзінің еңбек ету және басқа міндеттерін атқармау немесе оларға салдыр-салақ қарау) .

Заң құқық қорғау органдарынан заңның немесе өзге де құқықтық актілердің белгіленген тапсырмаларына ғана сәйкес келетін заң жөнімен ықпал ету шараларын қолдануды талап етеді. Егер заң бойынша суық қаруды сақтау тәртібін бұзғаны үшін айыппұл түріндегі санкция қарастырылған болса, әкімшілік жолымен тұтқынға алуды қолдануға болмайды. Құқық қорғау қызметі белгілі бір тәртіптің аясында орындалады. Мысалы, қылмыстық, әкімшілік немесе тәртіптік жазалау шараларын қолдану шегін қажетті тексерулер жүргізбей тұрып айқындауға болмайды.

Құқық қорғау органдарының жалпы сипаттамасы.

Құқық қоргау органдары заңдылықты бұзуға жол бермейді, құқықты қалпына келтіреді, құқық бұзушылықтың жағымсыз зардаптарын жояды. Қылмыстың жасалуына итермелеген себеп пен жағдай және қылмыстылықтың жолын кесу шараларын қабылдау.

Сот - әділеттілікті жүзеге асырушы орган. Сот әділдігі - қылмыстық және азаматтық істерді қатаң түрде заңға сәйкес қарау жене шешу жөніндегі құқық қорғау қызметінің бір түрі.

Сот әділдігі мынадай белгілермен сипатталады:

  • Сот әділдігін тек қана сот жүзеге асырады.
  • Сот әділдігі қатаң түрде заңға сәйкес қылмыстық және азаматтық істерді қарайды және шешеді.
  • Сот әділдігінің барлық маңызды мәселелерін тек қана заң анықтайды.

Сот шешімі жалпыға міндеттілік күшіне ие. Бұл Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен заңды және жеке тұлғалардың міндетті сот шешімінің заңды күшіне енгенін көрсетеді. Сот шешімін орындамау мемлеттік мәжбүрлеу, тіптен бостандығынан айыру шарасын қолдануға алып келеді. Қазақстан Республикасында сот әділдігі соттар арқылы ғана жүзеге асырылады. Ешқандай басқа мемлекеттік немесе мемлекеттік емес органдар сот әділдігін жүзеге асыра алмайды. Соттың шығарған шешімдерін бұзуға немесе өзгертуге тек қана соттардың ғана құқығы бар.

Сот билігін жүргізуші - судья. Судья сот әділдігін жүзеге асыруды айыпталушының кінәсіздігін дәлелдеу қағидасына сүйене отырып атқаруы тиіс. Кінәсіздігін дәлелдеу азаматты жазықсыз соттап жіберуден қорғайды. Әр азамат заң жүзінде кінәлілігі дәлелденгенше кінәлі емес деп есептеледі. Тек сот үкім шығарғаннан кейін ғана оны қылмыскер деп айта аламыз.

Қазақстан Республикасының әділет органдары мен мекемелері.

Әділет саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ететін атқарушы биліктің орталық органы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі аумақтық әділет мекемелеріне, нотариалдық кеңселерге, азаматтық хал актілерін тіркеуді жүргізетін органдарга (АХАТ), Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, сондай-ақ жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлікті есептеу, сақтау, бағалау және одан әрі қолдану бойынша атқарушы құжаттарды орындау және жұмыстарды ұйымдастыру жұмыстарын атқарады.

Әділет министрлігінің негізгі міндеттері:

  • Саяси, экономикалық, әлеуметтік өмірдің құқықтық негіздерін бекітуге ықпал ету;
  • заң жобалау жұмыстарын ғылыми және тәжірибелік жағынан қамтамасыз ету;
  • заң жобаларын құқықтық және қылмыстық тұрғысынан сараптауды қамтамасыз ету;
  • қабылданатын заңдардың тиімділігін болжау.

Кедендік органдар жүйесіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрамындағы кедендік бақылау агентігі, кедендік басқармалар, кедендер, кедендік бекеттер кіреді. Сонымен, құқық қорғау қызметі дегеніміз - заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі арнайы мемлекеттік органдардың қызметі. Бұл қызмет мемлекеттің, жалпы қоғам мен әрбір жеке адамның құқықтары, еріктері мен заңды мүдделерін қорғаудан тұрады. Құқық қорғау қызметі заңды ықпал ету шараларымен заңға сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылады. [1]

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдару дегеніміз бұзылған құқықты орнына келтіруге, заң бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органның мәжбүрлеу қызметі. Осы шараларды қолдану үшін ерекше құқық қорғау органдары құрылады.

Құқық қорғау органдарының жұмысы тек заң шеңберінде ғана жүзеге асырылады және олар мемлекеттің заңдылық негіздерін орнықтыру мен құқық тәртібін нығайтуға жәрдемдеседі. Олардың қызметінің негізгі бағыттарына сот билігі, прокурорлық қадағалау, қылмыстық қудалау, әділет органдарының, адвокаттардың және т. б. қызметі жатады. [10]

Құқықты қоғау үшін мемлекетімізде мынадай органдар құрыған:

Сот. Біздің елдегі сот төрелігін Коснституцияның 75-бабына, Қазақстан 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңына сәйкес тек сот қана жүзеге асырады, Сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты және жергілікті соттар құрайды.

Жергілікті соттарға облыстық және оларға теңестірілген соттар (республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот - ҚР Әскери соты және басқалары) және аудандық, сол сияқты теңестірілген соттар құрайды.

Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бастандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін барынша ықпалды нысан болып табылады.

Соттар қайсы біреулердің еркіне қарамастан тек Конституция мен Республика заңдарына сәйкес, өздеріне Республика атынан берілген билікті жүзеге асырады, іс жүргізу нысандарында белгіленген сот ісін қарауға процесс мүшелерінің барлығының да белсенді қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, істің ақиқатын ашады және ол бойынша заңды әрі негізделген шешім шығарады.

Соттарға мемлкеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот азаматтық және шруашылық істер жөніндегі шешімдермен талапкер мен жауапкерді тиісті тәртіпке шақырады. Кінәліге қылмыстық жазаны тек сот тағайындай алады.

Қазақстан Республикасының барлық соттарының судьяларының мәртебесі бірдей, ал бір-бірінен тек өкілеттіктермен ғана ерекшеленеді. Оларға сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктер беріледі, ол өз міндеттерін тұрақты негізде орындайды және сот билігін жүргізуші болып табылады.

Сот - сот төрелігін жүзеге асыру, құқық бұзушыларға мәжбүрлеу шараларын қолдану жолдарымен қоғамның және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін заңсыз қол сұғушылықтан қорғайтын мемлекеттік орган. Сот мемлекетпен бірге пайда болады, бірақ мемл. механизмнің дамуы мен арнаулы мемлекеттік аппараттың құрылуына байланысты өз алдына жеке орган болып бөлініп шықты. Мемлекетке дейінгі қоғамда дау-жанжалды тайпа ақсақалдары не көсемі, ерекше ру жиналысы, арнайы алқа шешті. Соттан тыс жанжал шешу ғұрыптары да болды (мысалы, қанға қан, талион қағидасы) . 18 - 19 ғасырларда сотты және сот өндірісін ұйымдастырудың бірқатар демокр. қағидалары алға шықты: сот пен заң алдында бәрінің тең болуы, сот өндірісінің ашықтығы мен жариялылығы, формальды дәлелдемелер жүйесінен бас тарту, судьяларды сайлау, кінәсіздік презумциясы. Соттар қызметі мемлекет механизмінің маңызды бөлігі ретінде толықтай арнайы заңдармен реттеледі. Сот мемлекеттік орган ретінде сот билігін мемлекет атынан жүргізеді, ал сот актілерінің орындалуы мемлекет күшімен қамтамасыз етіледі. Дәстүрлі қазақ қоғамында сот қызметін билер атқарды. Алайда мүліктік, азаматтық дау-жанжалдың тараптары өзара келісім арқылы төрелік етушіні өздері таңдаған. Әдетте мұндай даулардың төрелігін сөзге шешендігімен және әділдігімен аты шыққан адамға тапсырған.

Прокуратура. Прокуратура заңның дәлме- дәл және біркелкі орындалуын қадағалайтын орган. Қазақстан Республикасы прокаратурасының құқықтық мәртебесі, қызметтік ұйымдастырылуы, қызмет тәртібі және прокурорлардың өкілеттігі Конституциямен бірге, Қазақстан Республикасы президентінің «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы заң күші бар Жарлығымен, Халықаралық шарттармен, прокуратура қызметінің жекелеген қырларын реттейтін әрі шектейтін заңдармен, сондай-ақ Бас прокурордың бұйрықтарымен реттелген.

Прокуратураның орталықтандырылған бірегей жүйесін Қазақстан Республикасының Бас прокуроры басқарады, ал оған облыстық прокуратуралар, республикалық дәрежедегі қалалық және республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және оған теңестірілген әскери және мамандандырылған (көлік, табиғат қорғау, сондай-ақ арнаулы объектілердің прокуратуралары) прокуратуралар кіреді.

Республикасының Бас Прокурорын Республика Парламенті Сенатының келісімімен Президент тағайындайды.

Сонымен, прокуратура мемлекеттік билік тармақтарының бөлінісі және өзара қатынасындағы ерекше орган. Оның басты мақсаты - Республиканың аумағында заңдардың, Президент жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелік қолданылуын, жедел - іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін қорғап, Конституция мен заңдарға қайшы келетін нормативтік актілерге наразылық білдіреді және т. с. с. сөйте тұра, прокуратура басқа мемлекеттік органдарды алмастырмайды, ұйымдардың қызметіне және азаматтардың жеке өміріне араласпайды.

Прокуратура - мемлекет атынан заңнама мен құқықтарды сонымен қатар адамның және азаматтың еркіндіктерін қадағалап бақылайтын құқық қорғау органы.

Қазақстан Республикасының адвокатурасы. Адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотқа қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекеттік кепілдік берілген және азаматтардың құқықығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған қызмет болып табылады.

Адвокадтардың құқықтық статусы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы желтоқсан айының 5 жұлдызындағы «Адвокадтық қызмет туралы» заңымен реттеледі.

Жоғары заң білімі бар, заңгер мамандығы бойынша жұмыс стажы 2 жылдан кем емес және адвокаттық қызметі жүзеге асыру құқықғына лицензия алған адам адвокат бола алады. Адвокат міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болуы тиіс. Қазіргі кезде елімізде барлық облыстарда қалаларда адвокаттар алқасы және кжеке меншік адвокаттық кеңселер халыққа қызмет етеді.

Адвокатура - заңгерлердің азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға көмектесу, сот әділдігін іске асыру, заңдылық тәртібін нығайту мақсатында заңдық көмек көрсету үшін ерікті түрде ұйымдасқан бірлестік.

Адвокатураның міндеттері:

  • жеке және заңды тұлғаларға заңдық көмек көрсету,
  • құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға көмектесу,
  • заңдылықты сақтау және нығайту,
  • жеке адамдардың құқықтарын қандай да болмасын қол сұғушылықтан қорғау,
  • заңдылық үшін күресу,
  • сот әділдігіне жәрдемдесу.

Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары шебер, істі жақсы біліп, біліктілік танытып, құқығы қорғалғанда ғана толық көлемде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда заңды білу ғана емес, нормативтік-құқықтық актілерді қолдану тәжірибесін білетін білікті маман керек. Азаматтар, әдетте, заңнаманың негізгі ережелерімен ғана таныс. Ал субъективтік құқықтарды қорғау үшін заңды неғұрлым терең білу және оларды қолдану тәртібін меңгеру қажет. Бұл кәсіби білімі бар заңгерлер мен адвокаттардың көмегін қажет етеді.

Адвокат - адвокаттық қызмет шегінде кәсіптік негізде заңдық көмек көрсететін, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын азамат. Қазақстан Республикасында болашақ адвокаттарға белгілі талаптар қойылады. Болашақ адвокат Қазақстан Республикасының азаматы, жоғары заңдық білімі, заң мамандығы бойынша екі жылдан кем емес жұмыс өтілімі болуы міндетті. Адвокаттық қызметпен айналысу үшін біліктілік емтиханын тапсырып, Әділет министрлігінің лицензиясын алуы керек. Адвокат адвокаттар алқасының мүшесі болуға міндетті.

Адвокат азаматтар мен ұйымдардың мүдделерін қорғау үшін заңды әдіс-тәсілдер арқылы мынадай заңгерлік көмек көрсетеді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық қорғау қызметінің қағидалары
Қазақстан Республикасының кеден органдар қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі
Құқық қорғау қызметі туралы
Әділет органдары
Құқық қорғау органдарының жалпы сипаттамасы
Құқыққорғау органдар жүйесінің конституциялық құқықтық жүйесі
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТЕТІГІН ЖЕТІЛДІРУ
Құқық қорғау органдарының жалпы сипаттамасы туралы
ҚР құқық қорғау органдарындағы реформалардың ерекшелігі
Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ҚР-ның құқық қорғау органдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz