Есірткілік пен есірткі бизнесінің алдын алу мен жолын кесудегі ішкі істер органдарының қызметін ұйымдастыру


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе
Қазіргі мемлекеттегі көптеген әлеуметтік-экономикалық проблемалар, қылмыскерліктің асқынуы жағдайында есірткінің заңсыз айналымы саласындағы қылмыскерлікпен күрес проблемасы алдыңғы орындардың біріне шықты, ол елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер түсіруде.
Есірткіні емдік мақсатты көздемей тұтыну кезі етек алуда. Сарапшылардың болжамы бойынша бүгінгі күндері Қазақстанда 6 млн-дай адам есірткіге бой алдырған. Бұл дегеніміз Қазақстандықтардың 4 %-ы есірткіні тұрақты тұтынады деген сөз. Бірақ, шындығына келсек, бұл - проблеманың көзге көрініп тұрған жағы, себебі, есірткі тұтынатындардың 15-20%-ы ғана есепке алынады.
Мұндай жағдайдың болуы, сондай-ақ нашақорлар қылмысының күннен күнге көбеюі есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға мүмкіндік беретін притондармен тікелей байланысты. Бұл проблеманы зерттеудің алдын ала нәтижелері көрсетіп отырғандай, мұндай адамдардың едәуір бөлігі есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды притондарда тұтынады екен.
Бірақ, бұл келтірілген көрсеткіштер осы саладағы шындықты көрсете алмайды, себебі қылмыстың бұл түрінде аса жасырындық сипат бар, сондықтан да оны ашуда құқық қорғау органдары өте белсенділік танытуы тиіс.
Диплом жұмысының зерттеу тақырыбының өзектілігі сонда, бұл есірткінің заңсыз айналымындағы құық бұзушылықты ескерту және нашақорлықтың алдын-алу жүйесіндегі ІІО рөлін жан-жақты талдау.
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін притон ұйымдастырушының (ұстаушының) жеке басы жайындағы жүйелі криминологиялық-психологиялық білімнің жеткіліксіздігінен, құқық қорғау органдары бұл проблеманы шешу барысында кең қолдана алатындай нақты ғылыми ұсыныстар жасауға мүмкіндік болмай тұр [5] .
Есірткі қылмысының халықаралық сипат алуына байланысты мемлекеттер жекелеген институттарға, оның ішінде есірткі притондарын ұйымдастырғандық (ұстағандық) үшін қылмыстық жауапкершілік институтына қатысты өз заңдарын бірегейлеуі керек, себебі бұл проблеманың маңыздылығы артты, және ол шет елдерде де, Қазақстанда де өзекті мәселеге айналып отыр. Басқа мемлекеттердің, әсіресе ТМД елдерінің заңдарын және практикасын зерделеу барысында біз бұл қарастырып отырған мәселе бойынша әр елде әртүрлі шешім бар екендігін көрдік. Мұндай жағдайда өзара тәжірибе алмасу, ерекшеліктерді мұқият талдау жалпы есірткі қылмысына, оның ішінде есірткі притондарын ұйымдастыруға (ұстауға) қарсы тұрудың құқықтық және әлеуметтік-криминологиялық шараларын неғұрлым тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.
Бірақ, мұндай мүмкіндіктерді дұрыс пайдалану үшін әртүрлі модельдер мен институттарды білу, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін жан-жақты зерделеу керек. Ең дұрысы - оларды өзара салыстыру. Әрине, бұл ретте оң немесе теріс тұжырым жасау үшін әр елдің нақты тарихи ерекшеліктері ескерілуге тиіс.
Зерттеудің мақсаты - есірткінің заңсыз айналымындағы құық бұзушылықты ескерту және нашақорлықтың алдын-алу жүйесіндегі ІІО рөлін талдау.
Зерттеудің міндеттері:
- зерттеу тақырыбына қатысты негізгі ұғымдардың бірыңғай анықтамасын беру; құқық бұзушылықтың бұл түрімен күрестің және оның алдын алудың Қазақстандагі және шет елдердегі практикасын зерделеу; тиісті әкімшілік-құқықтық нормаларды жетілдіру жөнінде дәлелді ұсыныстар енгізу; тиісті құқықтық нормаларды қолдану приактикасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар даярлау.
Әкімшілік құқықта, криминологияда, қылмыстық және қылмыстық-атқарушылық құқықта, социологияда, мемлекет және құқық теориясында, философияда бар теориялық және методологиялық негіздерді пайдалану зерттеу нәтижелерінің ғылыми құндылығын арттырып отыр.
Заңнаманың басқа салаларының нормаларын пайдалана отырып негізгі ұғымдарды ашу және оларды зерделеу құқық жүйесі туралы ілімді толықтыруға мүмкіндік береді, әкімшілік құқықтың, азаматтық құқықтың, тұрғын үй құқығының және басқалардың кейбір нормаларын диплом жұмысының тақырыбына қатысты қарастыру керектігін көрсетеді. Берілген тұжырымдардың практикалық маңыздылығына нормативтік нұсқауларды іске асыру проблемаларын бөліп алғандықты және оларды шешу жолдарын көрсеткендікті жатқызуға болады.
Баяндалған ережелер, тұжырымдар мен анықтамалар қызметтің мына салаларында пайдаланылуы мүмкін:
- құқық қорғау органдарының қарастырылып отырған саладағы құқық бұзушылыққа қарсы бағытталған сақтандыру қызметінде; әкімшілік құқық заңдарын жетілдіру жұмысында; қызметтің осы саласы бойынша кадрлар даярлауда; тиісті әдістемелік ұсыныстар даярланғанда; Қазақстан Республикасының қызметі есірткімен күреске бағытталған органдарының арнайы оқу орындары үшін оқулықтар, оқу құралдарын, дәрістер, оқу-әдістемелік материалдар даярлағанда.
Диплом жұмысы құрылымы бойынша кіріспеден, үш сұрақтан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиетер тізімінен тұрады.
1. Есірткілік пен есірткі бизнесінің алдын алу мен жолын кесудегі ішкі істер органдарының қызметін ұйымдастыру
1. 1 Есірткілік пен есірткі бизнесінің алдын алу мен жолын кесудегі ішкі істер органдарының қызметін ұйымдастыру
Есірткілердің халықаралық индустриясына байланысты Қазақстан үшін төніп тұрған қатер деңгейі мен қалыптасқан жағдайдың бар ауырлығын ескеріп, есірткілерді сату мен таратуға қарсы тұрудың және онымен күресудің тәсілдері туралы сұрақ біздер үшін алғы және ең маңыздысы. Нашақорлықпен күрес бойынша бар және қалыптасқан құралдарды қолданып қана қоймай, сонымен қатар есірткі бизнесіне қарсы тұрудың және одан қорғанудың жаңа бұрынғысынан да тиімдірек және ұжымдық тәсілдерін іздену керектігіне еш күмән жоқ.
Салауатты өмір сүруді үгіттеу енді басталса, есірткілер, спирт ішімдіктері өзін ісін атқарып, жыл сайын оларды тұтынушылардың қатарына жастар мен балаларды көптеп қосуда.
Осы проблеманың категориялық аппаратына жүгінсек, есірткілердің заңсыз айналымы деп есірткі, жүйкеге әсер ететін және қатты әсер ететін заттардың өндірісі (есірткі құрамы бар өсімдіктер өсіру, есірткілер дайындау, оларды сақтау, алу, тасымалдау және сол сияқтылар) және оларды сату танылады.
Есірткі заттары - тірі ағзалардың жүйке жүйесіне әсер ететін және нашақорлық шақыра алатын табиғи өнімдер немесе химиялық қосылыстар.
Бұл термин үш критерийді ескеріп қолданылады (медициналық, әлеуметтік және құқықтық) .
Медициналық тұрғыдан зат есірткі болып табылады, егер жүйке жүйесіне ерекше әсер етсе (тұрақтандыратын, седативтік, галлюциногендік және басқалар) .
Әлеуметтік тұрғыдан зат есірткі болып табылады, егер оны тұтыну кең масштабты сипат алса.
Құқықтық тұрғыдан зат есірткі болып табылады, егер осыны анықтауға құзыретті Есірткі тұтынуды бақылау бойынша мемлекеттік комиссия осы препаратты есірткілік деп таныса және бақылануға жататын заттардың және дәрілік нышандардың тізіміне енгізсе. Есірткі заттарының заңсыз айналымы - бұл тікелей қасақаналықпен жасалған есірткі затына айналдыру үрдісімен байланысты дайындағаннан (құрамында есірткі бар өсімдіктер өсіру) тұтынушыға жеткенге дейінгі құқыққа қарсы әрекет[*] .
Есірткі заттарын, біздің ойымызша, олардың шығу тегіне байланысты үш топқа бөлген тиімді:
- медицинада қолданылатын құрамында есірткі бар дәрі-дәрмектік препараттар;
- қолдан жасалынған, негізі өсімдік есірткі заттары (гашиш, шикізат апиын, гашиш майы, кокаин сықпасы және басқалар) ;
- біздің елімізге контрабандалық жолмен келетін заттар (Ауғаныстаннан героин, Қытайдан эфедрин дәрілері) .
Есірткі заттарының сипаттық ерекшеліктерін білу қылмыстардың осы түрімен күрес үшін өте маңызды.
Осы сатыдағы істерді дәрежелеудің күрделігі келесілерге де байланысты: есірткілерді жасырудың тәсілдері; есірткілерді тасымалдау тәсілдері; есірткі заттарын сату тәсілдері; есірткі заттарын заңсыз алу мақсатында өндірістің анықталған жолдарын өзгерту тәсілдері; денсаулық сақтау жүйесінде есірткі заттарын заңсыз алу мақсатында есірткі заттарын сақтау, есепке алу, жіберу, тасымалдау немесе жөнелту ережелерін бұзу тәсілдері, сонымен қатар есірткі заттарының немесе күшті әсер ететін заттардың контрабандасы; есірткілердің заңсыз айналымы нәтижесінде олжаланған құралдардың шынайы сипатын немесе шығу тегін жасыру.
Есірткі заттарының және жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымының қоғамдық қауіптілік ерекшелігі жалпы генофонд қауіпсіздігімен білінеді.
Интерпол Бас секретариатының жыл сайынғы шолуы бойынша, Қазақстанда аймақ аралық масштабтағы жақсы ұйымдасқан қылмыстық құрылымдар нығайа түсуде. ОҚО ІІББ мәліметтері бойынша ОҚО есірткінің заңсыз айналымына қатысты жағдай Шымкент қаласында шикі апиынның өңдеуін жүзеге асыратын химиялық-фармацевттік зауыттың болуымен түсіндіріледі. Сонымен қатар, климаттық жағдай құрамында есірткі бар өсімдіктердің өсуіне жақсы ықпал етеді, осыған орай ОҚО аумағы өсімдіктен алынатын есірткілердің (гашиш, апиын) шикізаттық базасы болып отыр. Облыс аумағында жыл сайын жалпы көлемі 5 м2 астам апиын магі егістіктері анықталып жойылады. Облыс территориясы бойынша Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанмен байланыстыратын автокөлік және теміржол магистральдары өтіп жатыр.
Есірткілердің заңсыз айналымымен күрестің құқықтық қамтамасыз етілуін құқық қорғау органдардың тікелей практикалық қызметі талап етіп отыр. Мысалы, кейбір сұрақтардың мағыналы шешілуі қылмыстылықты ескертудегі (жалпы, жеке) мәселелерге жол бермеуге мүмкіндік берер еді. Атап айтқанда, кейбір біздің заңгерлердің алкоголизм мен нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеу тағайындалған толық курсын өтпегендерге жазаны өтеуді жазаны өтеуді кейінге қалдыра тұру туралы ұстанымын қолдаймыз.
Сонымен қатар, айып пұл ретінде жаза шарасын қарастырудың қажеттілігі жоқ, өйткені жасалынған қылмыспен өлшемдік қатынасы сәйкес емес және кінәлінің басқа да қылмыстарды жасауына ықпал етеді деген пікірмен де келіспеуге болмайды.
Әрине, есірткімен күресу мәселесі Қазақстан үшін жаңа емес. Аталған мәселенің өзектілігі, сонымен бірге Қазақстанда құрамында есірткі бар өсімдіктер өсетін жердің жалпы аумағы 1 миллион гектардан астам көлемді құрайтындығынан тұрады. Оған қоса, Қазақстан территориясы, өзінің географиялық жағдайына байланысты Азиядан, әсіресе Ауғанстаннан Еуропаға есірткілер тасымалы үшін транзиттік «коридор» болып отыр. [25] .
Есірткі қылмыстары тіркелінген қылмыстардың жалпы санының 13, 7% құрайды. Халықаралық есірткі мафиясының Қазақстан территориясында тұрақты есірткі сатып алушыларды құрауға талпынуы ерекше қобалжу тудырады. Есірткі транзиті қорқынышты масштаб алуда, егер 1990 жылы бір жыл ішінде 3, 5 тонна алынса, 2012 жылы 330 тоннаға жетті.
Кәмелетке толмағандардың және жастардың, сонымен қатар әйелдердің есірткілерді медициналық мақсатта емес қабылдауының көбеюі ерекше алаңдаушылық туғызады. Есірткі тұтынушылардың үштен екісі дерлік - 20 жасқа толмаған тұлғалар. Онымен қоса, бұл үрдісте жастар мен кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер рөлі бастаушы болып бара жатыр.
Кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер арасында кең тараған қылмыс түрлерінің көпшілігі заңсыз есірткі айналымымен байланысты. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс оқиғаларының ішінде осы сипаттағы қылмыс санының үлестік көрсеткіші 70%-дан асып түседі. Жеткіншектер арасындағы қылмыс санының өсу себептерінің бірі ретінде жасөспірімдердің маскүнемдік пен нашақорлыққа бой алдыру жағдайын атауға болады.
Соңғы кездері неғұрлым жас есірткі тұтынушылардың көбеюі байқалады. Бұл - есірткі бұйымдарының мектептер мен басқа да оқу орындарына тарай бастағандығының нәтижесі. Қазіргі кезде 13-14 жас аралығы шамасын есірткіні медициналық емес жолмен тұтынушылықтың тұрақты қалыптасқан шағы және жеткіншектердің есірткімен байланысты заңсыз әрекеттерге итермеленудің құрбаны болатын кезеңі деп танылған.
Сондай-ақ, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпараттық орталықта жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша, жоғарыда аталған есірткі, психотроптық заттарды тұүтынатын тіркеудегі тұлғалар саны елдегі жалпы есірткі тұтынушылық жағдайының шынайы мәніндегі көрсеткішін бере алмайды.
Қазақстан Республикасы ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау Комитеті ішкі істер министрілігінің құзыреті және арнайы атқарушылық және бақылау қадағалау функцияларын, сондай-ақ есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттік реттеу және олардың заңсыз айнаалымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс қимыл жасау саласында ізедстіруді жүзеге асыратын ведомство болып табылады. [14] .
Комитеттің негізгі міндеттері есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласында мемлекеттік саясатты іске мен қоғамдық және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету сатында олардың заңсыз айналымына қарсы іс қимыл шараларын белгілеу болып табылады.
Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кесімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сондай-ақ ҚР Үкіметінің Қазақстан Республикасы ІІМ бұйрықтарында қарастырылады.
Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік саясатты іске қамтамасыз ететін мынадай функцияларды жүзеге асырады:
- Есірткі құралдарының психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы, сондай-ақ олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс қимыл жасау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды ұйымдастырады;
- Нашакорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу және оларға қарсы іс қимыл жасау мәселелері жөнінде ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
- Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы күресті үйлестіреді;
- Кеден органдарымен, ұлттық қауіпсіздік органдарымен, шетел мемлекеттерінің арнайы бөлімшелерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін есірткі контрабандасы мен транзитінің жолын кесу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады;
- Есірткі құралдарының психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымына, сондай-ақ олардың заңсыз айналымы мен оларды теріспайдалануға қарсы іс қимыл жасауға қатысты мәселелер бойынша бірыңғай деректер банкін қалыптастырады;
- Есірткі құралдарына, психотроптық заттар қылмыстар туралы істер бойынша анықтау жүргізеді;
- Қазақстан Республикасының аумағында есірткі трафигі мен есірткінің заңсыз айналымының жолын кесу жөніндегі жедел іздестіру қызметін ұйымдастырады және жүргізеді, оны жүзеге асырудың тиімді нысандарын жинақтайды, және практикаға енгізеді;
- Құзыретті мемлекетік органдармен бірлесіп, Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитеті Қазақстан Республикасы үшін бөлетін халықаралық квоталарды бекіту үшін ҚР есірткі құралдарына психотроптық заттар мен прекурсорларға қажетті нормаларын айқындайды және оларды ҚР Үкіметіне ұсынады;
- Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды, оларды дайындауға арналған шикізатты, материалдар мен жабдықтарды, сондай-ақ есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімдері мен жіктемелерінде санамаланған өсімдіктерді, заттар мен препараттарды өсіру, өндіру, дайындау, сақтау, көтерме, бөлшек және халықаралық саудада сату, бөлу, зерттеу тәртібін белгілейтін нормаларды әзірлейді;
- Қылмысқа және есірткілердің заңсыз айналымына қарсы күресте қызметтік іздестіру иттерін тиімді пайдалану жөніндегі кинологиялық қызметтердің қызметін ұйымдастырады;
- Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз пайдаланудың, сондай ақ олардың заңсыз айналымының алдын алу бойынша профилактикалық қызметті жүзеге асырады;
- Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресу үшін қоғамды біріктіру жөніндегі жүмысты ұйымдастырады және үйлестіреді, қоғамның құқықтық мәдениетін арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
- Қызметті есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс қимыл жасау саласымен байланысты мамандарды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды, тағылымдамадан өткізуді және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
- Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс қимыл жасау саласындағы ғылыми зерттеулерді үйлестіреді;
- Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымының барлық түрлерінің ауқымдарын, олардың жаңа түрлерінің пайда болуын болжайды, олардың өндірілуі мен таралуын болдырмау жөнінде шаралар әзірлейді;
- Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс қимыл жасау саласындағы мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың ақпаратын талдайды;
- ҚР есірткі жағдайының, есірткілердің өңіраралық көздері мен заңсыз айналымға түсетін арналарының жай-күйі мен даму үрдісін талдайды, оларды жабу жөніндегі шараларды әзірлейді, тиісті ақпараттық-талдау материалдарын дайындайды;
- Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің стратегиялары мен бағдарламаларын, оның ішінде тиісті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру арқылы іске асыруды қамтамасыз етеді;
- ҚР бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне және заңсыз айналымда табылған есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды аз, ірі және аса ірі мөлшерлерге жатқызу туралы жиынтық кестеге өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ұсыныстар енгізеді;
- Өз құзыреті шегінде халықаралық ұйымдарда Қазақстанның мүдделерін білдіреді және есірткі құралдарының, психотроптықзаттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс қимыл жасау саласында халықаралық ұйымдар мен шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарымен халықаралық ынтымақтастықты, өзара іс қимыл жасасуды және ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
- Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың халықаралық практикасын талдайды және жинақтайды;
- Денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызмет түрлерін қоспағанда, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аиналымы саласындағы қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік саясаттың іске асырылуын бақылау жөніндегі функциялар:
- Есірткі құралдарының, психотроптық заттар менпрекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылауды жәнеолардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсыіс қимыл жасау шараларын жүзеге асыруды ұйымдастырады;
- Құрамында есірткі бар өсімдіктерді анықтау және жою жөніндегі жұмысты, сондай-ақ есірткі құралдарын заңсыз тасымалдау арналарын жабу жөніндегі басқа да іс шараларды үйлестіреді және жүргізеді;
- Қолда барымен салыстырғанда есірткілік әсері шамалы, неғүрлым тиімді, қаупті аз есірткі құралдарын, психотроптықзаттар мен прекурсорларды әзірлеу және оларды енгізу процесінбақылайды.
«Притон дегеніміз - меншік формасына қарамай, адамдардың тұрақты немесе уақтылы болуына немесе қандай да бір құндылықтарды қоюға арналған, есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға ыңғайлы кез келген тұрғын немесе тұрғын емес жай (құрылыс), сондай-ақ сол мақсатта пайдаланылатын өзге жайлар».
«Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін притон құру дегеніміз меншік формасына қарамастан кез келген тұрғын немесе тұрғын емес жайды (құрылысты) ұдайы бір адамдарға немесе әртүрлі адамдарға беру және онда неше қайтара (екі және одан көп) есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну». Притонды ұстау дегеніміз - ол қандай мақсатта құрылса оның сол бағытта жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ететін әрекет.
Есірткі заттардың немесе жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымы ұғымының кең және тар мағынадағы түсінігі. Кең мағынадағы түсінікке жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңдарын бұзып есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін заттарды өндіруі, даярлауы, иемденуі, сақтауы, тасымалдауы, жіберуі, сатуы, оларды тұтынуға көндіруі жатады.
Есірткі притондарын ұйымдастыруға (ұстауға) қарсы әрекеттер: «Есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін притондар ұйымдастыруға (ұстауға) қарсы әрекет дегеніміз - мемлекеттік билік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, құқық қорғау органдарының бұл көрсетілген қылмыстық әрекетті тыйюға, ашуға және зерттеуге, оның салдарын неғұрлым азайтуға және (немесе) жоюға бағытталған қызметі».
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін притон ұйымдастырушының (ұстаушының) криминологиялық келбеті: жасы - 15-35 жас аралығында; отбасы болмаған (көбіне, ол жаза өтеп отырған кезде тарап кеткен) ; білімі - 9, 6 сынып; басым көпшілігінің тиянақты жұмысы жоқ немесе олар кәсіпкерлік қызметпен айналысады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz