Қазіргі мемлекеттік басқарудың концепциясы


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе. . .: Кіріспе . . .
3: 3
Кіріспе. . .: 1 Қазіргі мемлекеттік басқарудың концепциясы . . .
3: 6
Кіріспе. . .: 1. 1 Басқарушылық процесс және оның сатылары . . .
3: 6
Кіріспе. . .: 1. 2 Жеке құқықтық актілер: түсінігі, талаптары . . .
3: 15
Кіріспе. . .: 2 Басқарудың субъектілері мен объектілері . . .
3: 24
Кіріспе. . .: 2. 1 Басқарушылық қатынастар және олардың жіктелуі . . .
3: 24
Кіріспе. . .: 2. 2 Басқарушылық қатынастарды құқықтық реттеу . . .
3: 38
Кіріспе. . .: Қорытынды . . .
3: 58
Кіріспе. . .: Пайдаланылған әдебиеттер . . .
3: 60

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Сотпен заң алдында бәріде тең. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалынуына құқығы бар. [1]

«Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю - бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні - осы!» - Н. Ә. Назарбаев, Қазақстан халқына жолдауынан. [2]

Әкiмшiлiк рәсiмдер деп - мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың мемлекеттік функциялар мен лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыру кезiнде шешiмдер қабылдау мен орындау тәртібі және оларды ресiмдеу, оның ішінде электрондық нысанда ресімдеу; мемлекеттік аппараттың жұмысын ұйымдастыру рәсiмi; азаматтардың өз құқықтарын iске асыру жөніндегі өтiніштерiн қарау рәсiмдерi, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн әкiмшiлiк қорғау рәсiмдерi; экономика саласындағы шешiмдер қабылдау рәсiмдерiнiң негiзгi бастаулары ұғынылады. [3]

Әкiмшiлiк рәсiмдердi белгілеу қағидаттары - заңдылық; төменгi мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдарға бағынуы; заң мен сот алдында баршаның теңдiгi; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдалық көрiнiстерiне жол бермеу; әкiмшiлiк рәсiмдерiнде көзделген iс-әрекеттер мен актiлердiң барлық азаматтар, ұйымдар мен лауазымды адамдар үшiн мiндеттiлiгi; жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өзара жауапкершiлiгi мен мүдделерiнiң теңбе-тең болуы; мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңдарды қатаң сақтай отырып, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру; мемлекеттік билiктiң беделiн қолдау мен Қазақстан Республикасының беделiн түсiретiн және мемлекеттік қызмет мүдделерiне қайшы келетiн iс-әрекеттерге жол бермеу, соның iшiнде сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұру, мемлекеттік қызметшiлер үшiн заңдарда белгіленген тыйымдар мен шектеулердi қатаң сақтау; барлық деңгейдегi мемлекеттік органдар үшiн әкiмшiлiк рәсiмдер талаптарының бірыңғай болуы; барлық мемлекеттік органдар мен мемлекеттің лауазымды адамдары құзыреттерiнiң ара-жiгін айқын межелеу және олардың келісе отырып жұмыс iстеуi; үнемдiлiк пен тиімділік қағидаттарына негізделеді.

Мемлекеттік саясат- көп жақты түсінік, мемлекет және қоғамның жағдайын және ішкі процестерін бейнелейді. Мемлекеттің саясаты ауқымы бойынша бүкіл қоғамды қамтиды, яғни, тіршілік әрекетінің негізгі саласы ретінде танылады. Ол стратегиялық бағыты бойынша қоғам дамуының жұмысын болжайды. Ол әрбір адамның экономикалық, саяси және т. б. құқықтар мен бостандықтарын қамтамасыз етеді.

Ақпарат - басқарудың бөлінбейтін бір бөлігі болып табылады. Ақпараттың арқасында мемлекеттік басқару жүйесі қоғамдық құбылыстарға тиімді әсер ете алады. Ақпараттың көмегімен мемлекеттік басқару жүйесі сыртқы ортамен бірге әрекет етеді.

Зерттеудің мақсаты: Бұл диплом жұмысында басқару мемлекеттік қызметтің түсінігін, қағидаларын, мемлекеттік қызметке тұру, атқару және ұйымдастыру, мемлекеттік басқарудың түсінігін, қағидалары мен әдістерін, мемлекеттік басқару салаларын, сондай-ақ осы айтылған мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды зерттейді. Қазақстан Республикасындағы әкімшілік процедуралар (рәсімдер) туралы толық ақпаратты баяндау.

Зерттеудің міндеті :

- Басқарушылық процесс және оның сатылары туралы толық мағлұматты анық әрі нақты баяндау.

- Әкімшілік процедуралардың анықтамасын, түрлерін және негіздерін баяндау; басқару үрдістерін сипаттау, мемлекеттік басқару рәсімдерін анықтау.

Басқару әдістері дегеніміз бұл басқарудың мақсатқа жетудегі іс-әрекеттік жолдары. Басқару субъектісінің басқару объектісіне ықпал жасау әдістері басқару әдістері деп түсіндіріледі. Басқару әдістері ұжымдар қызметінің жоғары тиімділігін, олардың ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Мұның өзі басқару әдістерін өндірістік-шаруашылық міндеттерді шешу процесінде қолданылатын басқа да техникалық және технологиялық әдістерден ерекшеленеді. Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы замаңғы техниканы пайдалану, еңбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді. Сонымен, әдістер-басқару қызметінің мәні және негізгі мазмұны болып табылады, өйткені басқару міндеттері солар арқылы іске асырылады.

Әкімшілік әдістерінің негізі - жекеменшік кәсіпорынның мақсатқа жетудегі ұйымдастырудың (әрекеттері) ықпалы, әсері. Әрқашанда басқару аппаратындағы жұмыстарды бөлуді қажет етеді. Бұл өндіріс органдарының басқару құрамын жасаудан басталады қанша бөлім қажет, олар бір-бірімен қандай қатынастарда болуы керек.

Диплом жұмысының пәні: басқару қызметiн ұйымдастыруды жетiлдiруге, мемлекеттiк органдардың iркiлiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге, басқарушылық шешiмдердi жедел қабылдауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, мемлекеттік мүдделердi қорғауға, мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдық өкілеттікті қызметтен тыс мақсаттарда пайдалануына жол бермеуге жәрдемдесетiн әкiмшiлiк рәсiмдердi белгiлеуге бағытталған.

Зерттеудің объектісі: Қазақстан Республикасындағы әкімшілік процедуралар, олардың барысы, нысаны және орындалуы.

Зерттеудің әдісі: Диплом жұмысын жазу барысында логикалық, талдау, салыстырмалы тәсіл, тәжірибе жинақтау сынды әдістер қолданылды.

Диплом жұмысының теориялық негіздері: Диплом жұмысын зерттеу барысында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, Қазақстан Республикасының және шет ел ғалымдарының оқулықтары пайдаланылды.

Зерттеудің тәжірибелік маңызы: Диплом жұмысы материалдарын осы саладағы одан арғы ғылыми зерттеуге пайдалануға және оқу процесінде әкімшілік құқық, ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі бойынша тиісті арнайы курс шеңберінде пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Диплом жұмысында Қазақстан Республикасындағы әкімшілік процедуралар (рәсімдер) үрдістеріне талдау жасалынған. Осы мағлұматтарға сүйене отырып әкімшілік процедулардың маңыздылығы баяндалған.

Диплом жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысының құрылымы кіріспе бөлімнен, 2 тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Қазіргі мемлекеттік басқарудың концепциясы

1. 1 Басқарушылық процесс және оның сатылары

Әлеуметтік жүйеге басқарушылық әсер етудің тиімділігі көбіне мемлекеттік аппараттың жұмысын ұйымдастырудан білінеді. Осыған сәйкес заңдылықта және басқару тәжірибесінде әкімшілік процедуралар қалыптасты. Олардың мәні басқарушылық қызметті жетілдіру, мемлекеттік органдардың мүлтіксіз қызмет жасауы мен өзара байланысын үйлестіру, басқарушылық шешімдерді жедел қабылдау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, мемлекеттік мүдделерді қорғау.

Әкімшілік процедуралар келесідей қағидаларды негізге алады: заңдылық, төмен тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың жоғары тұрғандарына бағыныстылығы; барлығының сот пен заң алдындағы теңдігі; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы; азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарастырғандағы бюрократизм мен сарсаңға салуға жол бермеу және т. б. тұрады. [3]

Қазіргі мемлекеттік басқарудың концепциясының әдістемелік негіздерін қалыптастыру Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік құрылыс пен басқарудың тәжірибесі мен теориясын дамытуда өте маңызды орын алады. Мұнда әңгіме мемлекеттік аппараттың республикадағы әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылыстарды жылдамдатуға арналған жаңа бағыттар туралы болып отыр. Еліміздің Президентінің Қазақстанның халқына арналған «Қазақстан-2050» жолдауында олар республиканың дамуының басымды бағыттары ретінде көрсетілген. [4]

Басқару әр түрлі нысандарда адамзат қоғамы пайда болғаннан бастап орын алған. Қоғамның неғұрлым дамуына байланысты басқарудың да, оған деген қажеттіліктің де мәні артып отырған.

Басқарудың ажырамас қасиеті ретінде билік болып табылады. Бұл жерде екі жағдайды қарастыру қажет. Біріншіден, кім басқарады соған биліктік өкілеттіктер беріледі. Мұндай өкілеттіктер көлемі ұжымның алдына қойылған сұрақтарды тиімді және ұтымды шешу үшін жеткілікті болуы тиіс. Екіншіден, басқаруда бірлескен қызметтің қатысушылары басқарушы субъектінің (жетекшінің) еркіне бағынуы тиіс.

Сонымен, біз басқарудың әлеуметтік институт ретіндегі мынадай мәнді белгілерін қарастырдық:

а) басқару қоғамдық қажетті қызмет, жалпылама сипатқа ие, және адамдардың ұжымдасқан қызметі жүзеге асырылатын жерде көрініс табады;

ә) басқару бұл басқарушылық шешімдерді әзірлеу, қабылдау және іс жүзіндегі жүзеге асырудағы адамдардың саналы, ерікті және мақсатты қызметі;

б) басқарушылық әсер ету басқарудың негізі, ядросы болып табылады, қоғамдық жүйеге, оның құрамдас бөліктеріне, адамдардың әрекетіне жан-жақты әсер етеді, ұйымдастырушылық және реттеуші қасиеттерге ие;

в) билік басқарудың бөлінбес белгісі ретінде адамдардың әрекетіне, объектілерге әсер етудің қажетті шарты болып табылады;

г) басқарудың ұйымдастырушылық (әкімшілік) реттелінуі.

Мемлекеттік басқару мақсатты сипатқа ие және арнайы сұрақтарды шешуді қамтамасыз етеді. Дәл мемлекеттің өзіне 2050 жылға дейінгі бекітілген Қазақстанның даму стратегиясында көзделген міндеттері мен бостандықтарын жүзеге асыруда маңызды орын берілген. Мемлекеттік басқарудың сапалы ерекшеліктерін өзінің нормативті бекітілген мақсаты нақтылап береді. Олар Қазақстан Республикасының Конституциясында, жоғарғы өкілді және атқарушы органдардың заңдық және басқа да нормативтік актілерінде қалыптасады және өзінің көрінісін табады. Мемлекеттік басқарудың мақсаты Конституциялық заңдардың, Президент жарлықтарын және басқа да нормативтік актілердің күнделікті орындалуы мен жүзеге асыруы болып табылады.

Мемлекеттік басқару барлық қоғамның мүддесін білдіреді, басқарудың барлық саласының дамуын үйлестіреді. Басқарушылық қызметтерді күнделікті орындау үшін мемлекеттің атынан қоғамдағы басқаруды жүзеге асыратын арнайы аппарат құрылады.

Мелекеттік басқару - ерекше субъектілер тобының (органдардың, лауазымды адамдардың) экономика, әкімшілік-саяси және әлеуметтік - мәдениет аяларына басшылық жасау процесінде міндеттер мен функцияларды іс жүзінде орындаудан тұратын заңға тәуелді, заңдық биліктік, ұйымдастыру қызметі. Мемлекеттік басқару мыналармен сипатталады: қоғамдық пайдалы қызметтің нақтылы түрімен; бұл қызметтің атқару-өкім ету сипатымен; арнайы уәкілетті субъектілердің жүзеге асыруымен; күнделіктігімен және үзіліссіздігімен; заңға тәуелді сипатымен; қызметінің әр түрлі нысандарымен (құқық шығару; құқық қолдану, шарт жасасу) .

«Мемлекеттік басқару жүйесі» мен «мемлекеттік басқару механизмі» ұғымдары өзара байланысқан және бір-бірінен бөлектелмейді. Механизм мемлекеттік басқарудың үш тарапының - ұйымдастырушылық-құрылымдық (жүйе), функционалдық (мазмұнды) және қоғамдық жүйеге басқарушылық әсер етудің өзара байланысын көрсетеді. Кез-келген мемлекеттік органның ұйымдастырушылық құрылымы оның қызметінің мазмұнымен, тікелей қызметімен анықталатыны белгілі. Бұлай мемлекеттік аппаратқа да қатысты айтуға болады: мемлекеттің ұйымдастырушылық құрылымы оның қызметімен анықталады. Осылармен қатар әңгімені мемлекеттік басқарудың әдістері мен нысандары, мәні мен мазмұны жөнінде өткен дұрыс. Басқарудың ең мәнді белгісі ретінде оның мақсатты сипаты болып табылады (Қазақстан Республикасының стратегиялық дамуын қамтамасыз ету, қоғамдық өмірді жоғары ұйымдастыру т. б. ) . [5]

Аталғандарды ескере келе мемлекеттік басқарудың механизмін былай анықтауға болады: мемлекеттік аппараттың жүйесінің әрекет етуі, қоғамдық жүйеге мақсатты әсер ету.

Басқару тәжірибесінде екі негізгі бағыттың қалыптасуы, олар арқылы басқару функциялары жүзеге асырылады:1) мемлекеттік басқару; 2) қоғамдық басқару. Олар бір-бірін толықтырып тығыз қатынаста болады, бұл арқылы тұтастай әлеуметтік жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік және қоғамдық басқару органдардың жүйесі конституциалық қағидалардың негізінде қызметін атқарады. Қазақстан Республикасы қызметінің негіз салушы конституциалық қағидаларына мыналар жатады: қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, халықтың игілігі үшін экономиканың дамуы, қазақстандық патриотизм, демократиялық әдістермен мемлекет өмірінің маңызды сұрақтарын шешу т. б. Бұл Қазақстан Республикасының мемлекеттік және қоғамдық басқарудың фундаментін анықтайды. Бірақ бұл екі басқаруда бір-бірінен айырмашылықтары да бар қоғамдық органдардың басқарушылық функцияларының көлемі мемлекеттік аппараттың функцияларына қарағанда бір деңгейде тұрмайды. Мемлекет үлкен және кең көлемдегі қоғамдағы басқару функцияларын атқарады. Ал қоғамдық басқару мемлекеттік емес азаматтардың бірлестігінің ішкі ұйымдастырушылық қызметін реттеуге бағытталған.

Мемлекеттік аппарат - бұл қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады .

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 1-бабында: «Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппаратында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет» делінген. [6]

Мемлекеттік аппаратың ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы қатынастар бір жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси қарым-қатынастар, сана-сезім құрайды. Осы жүйеде әрбір органның өзінің орны, бір-бірімен қарым-қатынастары, қызметінің негізгі принциптері көрсетіледі. Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерде бүкіл аппаратты бір орталыққа бағындыратын - патшаның билігі орнаған Парламенттік республикада негізгі функциялар парламенттің қолында болады. Мемлекеттік аппарат дамуының объективтік бағыттары байқалады: бюрократизация, дифференция, профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің әрбір типіне мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәйкес келеді. Мемлекеттік қызмет - конституциялық негізде баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызметі .

Әдетте заң әдебиеттерінде «мемлекеттік аппарат» және «мемлекет механизмі» түсініктері синоним сөздер ретінде қолданылады. Мемлекеттік аппарат - бұл мемлекеттің басқарушылық қамтамасыз етушілік және қорғаушылық функцияларын іске асыру бойынша жұмыстарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұйымдардың біртұтас, иерархиялық жүйесі.

Мемлекет аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдасуы мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды.

Бұл қызметтің нысандары көп жағдайда басқарудағы заңдар мен құқықтық механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сәйкес, мемлекеттік аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға болады:

1) тікелей басқарушылық - бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен, тәжірибе алмасумен байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген қызмет түрлері;

2) құқықтық нысандар - бұл құқықтық заңды сипаттағы қызмет түрлері, яғни, олар барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады және мемлекеттік міндетті салдарды туындатады. Мемлекет аппараты қызметінің негізгі құқықтық нысандарына мыналар жатады:

а) құқықшығармашылық қызмет - бұл нормативтік актілер жобаларын дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байланысты қызмет;

б) құқыққолданушы қызмет - бұл құқықтық нормаларды жүзеге асырумен байланысты қызмет;

в) құқыққорғаушы қызмет - бұл заңдардың сақталуын бақылаумен және қадағалаумен, кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартумен т. б. байланысты қызмет.

Осы жерде мемлекеттік аппараттың жалпы сипаттағы белгілеріне тоқталып өтелік.

Біріншіден, мемлекеттік аппарат арнайы басқарумен шұғылданатын адамдардан тұрады(заң шығарумен, заңды орындаумен, оларды бұзудан қорғайды) .

Екіншіден, мемлекеттік аппарат органдардың және мекемелердің қиын жүйесі, өздерінің негізгі билік қызметтерін іске асыруға тығыз байланыста болады.

Үшіншіден, мемлекеттік аппарат бөліктерінің барлық қызметтері ұйымдастыру және қаржы құралдарымен қамтамасыз етіледі .

Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратының құрылымы. Өкілетті органдар.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратының құрылымына мыналар жатады:

1) өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз байланыстағы және өзара бағыныстылықтағы мемлекеттік органдар;

2) биліктік өкілеттіктерге ие емес, алайда, экономика, білім беру, мәдениет, денсаулық қорғау, ғылым т. б. салаларда жалпы әлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар;

3) басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер;

4) мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық, қаржылық және күштеу құралдары.

Мемлекеттік аппараттың өздерінің қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардан тұрады.

Мемлекеттік орган дегеніміз - бұл мемлекеттік міндеттерді орындаушы және осы мақсатта сәйкес биліктік өкілеттіктерді иеленген ұйым немесе мекеме.

Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттік органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:

- мемлекеттік билік органдары;

- мемлекеттік атқару органдары;

- сот билігі.

Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады. Бірақ ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді .

Жоғарғы өкілеттік органдарды халық сайлайды. Парламент - заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан және астанасынан екі адамнан тиісінше барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. Жеті депутатты Президент тағайындайды. Мәжіліс Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып, құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын жетпіс жеті депутаттардан тұрады. Негізінде заң шығару тек парламенттің құзыреті, бірақ кейде басқа жоғарғы органдар осы жұмысқа кіріседі. Парламент кейбір заңдарды қабылдау құқығын Президентке береді, оны делегаттық заңдылық деп атайды. Қазақстан тарихында екі палаталық парламент 1995 жылғы Конституциясында жарияланған. Бұл Парламенттің қабылдаған заңдарының сапасын көтеруге, парламентті біршама тұрақты және орнықты органға айналдыру үшін қолданған шара. Қазақстанның сайлау жүйесі мажоритарлық типке жатады, сайлауға депутаттар жиырма бес жасқа толуы керек. Қазақстан парламентінің ерекшелігін жоғарғы палатасының құрылуы және оның қызмет бабы көрсетеді. Депутаттардың бір жартысы екі жылға, ал екінші жартысы төрт жылға сайланады. Сенатқа отыз жасқа толған адамдар депутат болып сайланады. Парламент негізгі заң шығарушы орган. Парламенттің сессиясы оның палаталарының бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі. Парламенттің үйлестіруші органдары - бюро, жұмыс органдары - тұрақты комитеттері, бірлескен комиссиялары болып табылады. Президент мемлекеттің жоғарғы қызметкерлерін тағайындағанда парламент келісімін береді, олардан есеп алады, соғыс және бітім мәселелерін шешеді, халық референдум тағайындау туралы бастама көтереді, конституциялық заңдылық туралы жыл сайын жолдауын тыңдайды, өзінің ішкі сұрақтарын шешеді, және басқа да Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. [1]

Қазақстан Республикасының Конституциясының 54-бабына сәйкес, Парламент палаталарының бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы:

1) заңдар қабылдайды;

2) республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді, бюджетке енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды талқылайды, мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды;

3) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;

4) мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін белгілейді;

5) мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;

6) азаматтарға рақымшылық жасау туралы актілер шығарады;

7) Республиканың халықаралық шарттарын бекітеді және олардың күшін жояды.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңының 9-бабына сәйкес, Палаталарды мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат пен Мәжіліс сайлаған төрағалар басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.

Палаталар әр Палатада саны жетіден аспайтын тұрақты комитеттер құрады. Палаталардың бірлескен қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін Сенат пен мәжіліс тепе-тең негізде бірлескен комиссиялар құруға хақылы.

Комитеттер мен комиссиялар өз құзырындағы мәселелер бойынша қаулылар шығарады.

Комитеттер мен комиссияларды құру, олардың өкілеттігі және қызметін ұйымдастыру тәртібі заңмен белгіленеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маркетингпен басқару концепциясы
Қаржы менеджменті
Жалпы менеджмент жүйесінде сапаны басқару
Нарықтық экономика жағдайындағы өнім сапасын арттыру және маркетинг
Ғылыми менеджмент
Сапа жүйесі мен менеджментінің дамуы
Қаржылық менеджмент туралы
Менеджерлерге қойылатын талаптарға сай, басқару жұмысын ұйымдастыру
Ресей менеджментінің қағидалары
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz