Қазақстан Республикасынының қарулы күштері. әскери қызмет


Мазмұны

Кіріспе . . .: Кіріспе . . .
3: 3
Кіріспе . . .: 1. Қазақстан Республикасынының қарулы күштері. Әскери қызмет . . .
3: 6
Кіріспе . . .: 1. 1 Әскери қызметшілердің құқықтары мен жалпы міндеттері. Қазақстан Республикасынының Қарулы Күштері . . .
3: 6
Кіріспе . . .: Мемлекет қызметін ұйымдастыру . . .
3: 17
Кіріспе . . .: 2. Әкімшілік құқық түсінігі және жалпы сипаттамасы . . .
3: 25
Кіріспе . . .: Әкімшілік құқық түсінігі . . .
3: 25
Кіріспе . . .: Әкімшілік құқықтың ҚР-сы құқығы жүйесіндегі орны . . .
3: 36
Кіріспе . . .: 3. Әкімшілік жауапкершілік ұғымы және маңызы . . .
3: 46
Кіріспе . . .: 3. 1 Әкімшілік жауапкершілік . . .
3: 46
Кіріспе . . .: 3. 2 «Әкімшілік норма» түсінігі . . .
3: 52
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
3: 57
Кіріспе . . .: Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
3: 59

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Әкімшілік құқық-нормалардың жиынтығы, солардың көмегімен мемлекет атқарушы билікті нақты жүзеге асыруына байланысты және сол туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді.

Бұл анықтама кейбір түсініктемелер беруді керек етеді, олар бірінші кезекте және әсіресе әкімшілік-құқықтық реттеу пәніне жататын қоғамдық қатынастардың мән-жайын, мағынасын анықтаумен байланысты.

Қоғамдық қатынаста тек атқарушы билік органының (атқарушы органның) ғана болуы оны барлық жағдайда да сөзсіз басқарушылық қатынасқа жатқызуға, әрі әкімшілік құқықтың пәніне енгізуге жеткілікті негіз бола бермейді. Олай болатын себебі, бұл сияқты органдар заңнамалар бойынша әкімшілік құқықпен емес, құқықтың өзге салаларымен регламенттелетін іс-әрекеттерді жиі жасайды. Мысалы, олар реттелуі азаматтық құқық пәнін құрайтын мүліктік мәмілелер жасай алады. Олардың бюджет - салық аясында жасайтын бірқатар іс-әрекеттері конституциялық және қаржылық құқық нормаларының реттеушілік ықпалына жатады, т. с. с. Бұл мынаған байланысты, мұндай жағдайларда қандай да болмасын атқарушы орган атқару - өкім етушілік сипаты бар функцияларды орындамайды; мысалы, мәміле жасаған кезде ол өзінің мүліктік құқығын іске асырады.

Әскери қызмет - мемлекеттің Қарулы Күштері жүйесінде атқарылатын қызмет, бірқатар мемлекеттерде, оның ішінде Қазақстанда да әскери қызмет азаматтардың өз елі алдындағы қасиетті парызы саналады. [1]

Жалдамалы және шарт жасау арқылы белгіленетін әскери қызмет түрлері де болады. Онда әскери қызмет мерзімі, өтелетін орны, міндеті тағы басқа жағдайлары шартта көрсетіліп, белгіленген тәртіппен екіжақты расталады. Қазақстанда әскери қызметті өтеу тәртібі ҚР Конституциясында, “Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” заңда (1993 жылы 19 қаңтар) және осы заңға Қазақстан Республикасының Президентінің Заңымен ендірілген заңдық күші бар қосымша өзгертулер мен толықтыруларда (1995 жылы 19 мамыр мен 14 қараша) тағы басқа құқықтық құжаттарда тұжырымдалған. Әскери қызмет қатарындағы әскери қызмет және запастағы әскери қызмет түрінен тұрады. Қатардағы әскери қызметтегі адам әскери қызметші аталады.

Әрбір мемлекеттік қызметші өзінің лауазымына сай белгілі бір қызмет атқарады және сол істеген ісіне жауап береді, т. б. Осы аталған қағидалардың орындалуы мемлекеттік қызметтің тиімді орындалуын қамтамасыз етеді. Әкімшілік лауазымдар мемлекеттік қызметшілердің 90 пайызын құрайды және олар саяси қызметшілер ауыстырылғанда қызметтен шыгарылмауы үшін заңмен қорғалған. Мемлекеттік қызметтің мемлекеттік басқарудағы негізгі құзіреттеріне (компоненттеріне) лауазымдардың топтарга (категорияларға) бөлінуін жатқызуға болады. Лауазымдар иерархиясы мемлекеттік басқару жүйесінде пирамидаға сәйкес лауазымдардың таралуы барлық елде тараған. Лауазымдардың құзырлығының көлемі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым олардың иерархиялық пирамидадагы лауазымдық орны болады және жауапкершілігі жоғары болады. Сондықтан мемлекеттік лауазымдарды йерархиялық дифференциациялау объективті заң болып табылады.

Зерттеудің мақсаты: атқарушы орган өзінің басқарушылық құзыретін қай кезде нақты жүзеге асыратынын тек сонда ғана ол атқарушы биліктің шынайы субъектісі болып табылатындығын зерттеп қажетті әдебиеттерді дұрыс пайдаланып жұмысымның тақырыбын толық ашу.

Ішкі басқарушылық қатынастар тек атқарушы билік органдары қызметінің процесінде ғана емес, сонымен бірге заң шығарушы және сот биліктері субъектілерінің, сондай-ақ прокуратура органдарының өздерінің аппараттарына басшылық жасаған кезде пайда болады. Сыртқы қатынастар атқарушы билік органдары жағынан басқарылатын сыртқы объектілердің (азаматтардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың) мінез-құлқына тікелей басқарушылық ықпал етуге байланысты пайда болады. Әкімшілік құқық өзінің пәнінің шегінде, қазақстан құқығының өзге де салалары сияқты, реттеушілік функциясын атқарады. Оның мазмұнын атқарушы билік органдарының құрылуы мен қызметінің белгілі бір құқықтық режимін жасау констиуциялық мақсат-міндеттеріне сәйкес, сондай-ақ реттелінетін қоғамдық қатынастардың қатысушыларының заңды мінез-құлқын қамтамасыз ету құрайды. Әкімшілік құқықтың субъектісі деп ҚР-ның қолданылып жүрген заңнамаларына сәйкес әкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қоғамдық қатынастардың қатысушылары (тараптары) бола алатын адам немесе ұйым түсініледі. Бұл сияқты субъектілер тобы әр түрлі. Бірақта мұндай субъект болу үшін ерекше заңдық қасиеті болуы қажет. Бұл қасиет-әкімшілік құқық-субъектілігі.

Зерттеудің міндеті:

  1. Әскери қызметкерлер туралы негізгі ұғымдарға шолу жасау.
  2. Әкімшілік құқықбұзушылық түрлерін сипаттау.

Әкімшілік құқық субъектілігі дербес құқықтық маңызы бар екі элементтен тұрады: әкімшілік құқық қабілеттіліктен және әкімшілік әрекет қабілеттіліктен. Әкімшілік құқық реттеушілік функциясын жүзеге асыра отырып, осы мақсат үшін басқарушылық қоғамдық қатынастарға, яғни солардың қатысушыларының мінез-құлқына реттеушілік ықпал жасаудың құқықтық құралдарының немесе тәсілдерінің белгілі бір жиынтығын пайдаланады. Бұл - қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері.

Диплом жұмысының пәні: басқару қызметiн ұйымдастыруды жетiлдiруге, мемлекеттiк органдардың iркiлiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге, басқарушылық шешiмдердi жедел қабылдауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, мемлекеттік мүдделердi қорғауға, мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдық өкілеттікті қызметтен тыс мақсаттарда пайдалануына жол бермеуге жәрдемдесетiн әкiмшiлiк рәсiмдердi белгiлеуге бағытталған.

Зерттеудің объектісі: Қазақстан Республикасындағы Әскери қызметкерлердің әкімшілік құқық бұзғаны үшін жауапкершілік түрлері, олардың барысы, нысаны және орындалуы.

Зерттеудің әдісі: Диплом жұмысын жазу барысында логикалық, талдау, синтездеу, салыстырмалы тәсіл, тәжірибе жинақтау сынды әдістер қолданылды.

Диплом жұмысының теориялық негіздері: Диплом жұмысын зерттеу барысында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, Қазақстан Республикасының және шет ел ғалымдарының оқулықтары пайдаланылды.

Зерттеудің тәжірибелік маңызы: Диплом жұмысы материалдарын осы саладағы одан арғы ғылыми зерттеуге пайдалануға және оқу процесінде әкімшілік құқық, ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі бойынша тиісті арнайы курс шеңберінде пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Диплом жұмысында Әскери қызметкерлердің жауапкершіліктері, әскери қызметкерлердің әкімшілік құқықбұзушылық әрекеттері және әкімшілік құқық бұзғаны үшін жауапкершілік түрлеріне толық баяндама жасалынған.

Диплом жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, 5 бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Қазақстан Республикасынының Қарулы Күштері. Әскери қызмет.

1. 1 Әскери қызметшілердің құқықтары мен жалпы міндеттері. Қазақстан Республикасынының Қарулы Күштері

Әскери қызмет - мемлекет пен халық алдында Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқада әскерлері мен әскери құрамында өздерінің қасиетті борышы мен міндеттерін орындауымен байланысты мемлекеттік һызметінің ерекше түрі. [2]

Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті борышы және міндеті болып табылады.

Әскери қызметшілерінің құқықтарымен әскери қызмет ерекшеліктерін ескере отырып оларды іске асыру тәртібі заңнамамен айқындалады.

Әскери қызметшілердің өз құқықтарын пайдаланауы қоғамның, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне, әскери қызметке, басқа да әскери қызметшілер мен өзгеде азаматтардың құқықтарына зиян келтірмеуі тиіс.

Мемлекет әскери қызметшілердің құқықтарының, бостандықтарының іске асырылуына, сондай-ақ әлеуметтік жане құқықтық қорғалуына кепілдік береді, олардың лайықты өмір сүру деңгейін жасау, қызметі мен тұрмыс жағдайларын жақсарту жөніндегі шараларды жүзеге асырады.

Әскери қызметшілердің құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау командирлерге (бастықтарға), әскери басқару органдарына, мемлекеттік басқару органдарына, соттар мен құқық қорғау органдарына жүктеледі.

Әскери ант қабылдағанға дейін әскери қызметші жауынгерлік міндеттерді орындауға (жауынгерлік іс-қимылдарға қатысуға, жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік және қарауылдық қызмет атқаруға ) тартылмайды; әскери қызметшіге қару-жарақ пен әскери және басқа техника бекітіліп берілмейді, оған тәртіптік жаза қолданылмыйды.

Әскери қызметшілердің құқықтарын, бостандықтарымен заңды мүдделерін іске асыру жөніндегі міндеттерін атқармауға кінәлі командирлер (бастықтар) бұл үшін заңнамамен белгіленген жауаптылықта болады. Командирлер (бастықтар) бағыныстылардың әскери қызметінің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті.

Өз құқықтары мен бостандықтарын, соның ішінде командирлердің (бастықтардың) оның құқықтарына, бостандықтарына қысым жасайтын, ар-намысы мен жеке басының қадір-қасиетіне кемсітетін заңсыз іс-әрекеттері жағдайларында сотпен қорғауға. Ол білікті заң көмегін алуға құқылы;

шыққан тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге де жағдайларға қарамастан тең құқықтарға. Көрсетілген себептер бойынша кемсітуге тыйым салынады және ол заңмен қудаланады;

әскери қызмет жағдайларымен жане сипатымен регламентелетін жеке басының бостандығына;

жеке басының қадір-қасиетіне қол сұғылмауына. Ол заңдармен және осы Жарғымен қорғалған. Әскери қызметшіге қатысты зорлық, азаптау, қатал немесе адамдық ар-намысы мен қадір-қасиетіне кемсітетін әрекет жасаған немесе жаза қолданған адамдар заңнамамен белгіленген жауаптылықта болады;

мемлекеттің қорғауында болуға және жеке өміріне, жеке басымен отбасының құпиясына, жеке салымдарымен жинақтарының құпиясына, хат жазысуына, телефонмен сөйлесулеріне, пошта, телеграф және өзге де хабарларына қол сұғылмауларына;

өзінің ұлтын және дінге қатыстылығын айқындауға және көрсетуге немесе көрсетпеуге;

лауазымдық міндеттерін атқару шеңберінен тыс қарым-қатынас, тәрбиелеу, оқыту және шығармашылық тілін таңдауға;

сөз бостандығына, өз пікірлері мен сенімдерін білдіруге, бұл ретте мемлекеттік құпияларды жария жария етпей ақпаратты еркін алуға және таратуға қол жеткізуге;

саяси партиялар мен кәсіби одақтарды қоспағанда, қоғамдық бірлестіктерді ұйымдастыруға және оларда болуға;

қызметтен тыс уақытта заңға сәйкес ұйымдастырылатын, саяси мақсаттарды көздемейтін жиналыстарға, митингілерге, демонстрацияларға, шерулерге қатысуға. Қызмет уақытында жиналыстарға және басқада қоғамдық іс-шараларға қатысу осы Жарғымен көзделген тәртіппен жүзеге асырылады;

еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жерін еркін таңдауға. Бұл құқық әскери бөлімдердің жауынгерлік әзірлігін ұстау, әскери қызметшінің қызмет орынына уақытылы келуін, әскери қызметші тұрған қызмет түрін қамтамасыз ету қажеттігін ескере отырып, заңнамамен және осы Жарғымен айқындалған тәртіпте іске асырылады;

оның мемлекет алдындағы міндеттерін шектемеуі тиіс ар-ождан бостандығына. Әскери қызметші діни рәсімдерге қатысуды жеке адам ретінде қызметтен бос уақытында жүзеге асырады;

әскери қызмет өткеруі арқылы еңбек етуге;

қауіпсіздік пен гигиена талаптарына жауап беретін еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін қажетті өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін және әскери қызметке мүдделілігін ынталандыратын сыйақы алуға;

демалуға, оған (мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері мен әскери оқу орындарының курсантарыннан (оқушыларынан) басқа) апта сайынғы қызмет уақытының белгіленген ұзақтығынан артық, сондай-ақ демалыс, мереке және жұмыс істемейтін күндері әскери қызмет міндеттерін орындауға тарту және оған аптаның басқа кундері міндетті демалыс беру бұйрықпен рәсімделеді. Әскери қызметшілерге заңнамаға сәйкес демалыс беріледі. Жыл сайынғы және қосымша демалыстардың жалпы ұзақтығы демалысын өткізу орнына баруы және кері қайтуы үшін қажетті уақытты есептемегенде, берілген жылы алпыс тәуліктен аспауы тиіс.

заңнамамен белгіленген нормалар бойынша және тәртіппен мемлекет есебінен қызметтік тұрғын үй-жайлармен қамтамасыз етілуге;

заңды сатып алынған мүлкіне, соның ішінде мұрагерлік құқығы бойынша меншік иесі болуға;

әскери қызмнт өткеру кезеңінде қаза табуы (қайтыс болуы), жарақат алуы, мертігуі, сырқаттануы жағдайында міндетті мемлекеттік сақтандырылуға;

әскери-медициналық мекемелерде тегін медициналық қамтамасыз етілуге, сондай-ақ санаторлық-курорттық емделуге;

әскери оқу орындарында оқуға. Әскери қызметшілер (мерзімді қызметтің әскери қызметшілерінен және әскери оқу орындарының курсанттарынан (оқушыларынан) басқа) әскери бөлімдер командирлерінің ұсынуы бойынша әскерлер тектерінің, өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының және одан жоғары басшылық құрамның келісімімен заңнамаға сәйкес сессия және қорытынды емтихандар тапсыру үшін демалыс берумен, азаматтық жоғары немесе орта арнаулы оқу орындарында кешкі немесе сырттай оқу нысанында оқи алады. Оқуға кандидаттардың санын айқындау кезінде жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріледі;

мемлекет істерін басқаруға қатысуға, мемлекетік органдарға сайлауға және сайлануға, мемлекеттік және әскери басқару органдарына өтініш жасауға, республикалық референдумға қатысуға;

қызметі бойынша ауысыға, атқаратын лауазымының санатына, кәсіби біліктілігіне және моральдық-іскерлік қасиеттеріне сәйкес кезекті әскери атақтарын уақытылы алуына кепілдік беріледі. Лауазымында жоғарылау қызметтік іс-қимылының және кәсіби даярлығының нәтейжелері бойынша жүзеге асырылады;

заңнамамен көзделген өзге де құқықтарға құқыгы бар.

Әскери қызметшілердің жеке құқықтарын іске асыру әскери қызмет ерекшеліктерімен және сипатымен шектеледі. Әскери қызметшіге:

қандайда партияны қолдап сөз сөйлеуге;

ереуілдерді, пикеттерді және өзге де наразылық акцияларын ұйымдастыруға және қатысуға;

командирлердің (бастықтардың) қызмет бойынша және қызмет мүддесіне берілген бұйрықтарын (өкімдерін) талқылауға және сынауға;

дінге қандай да болсын көзқарасты насихаттауға және діни ұйымдар құруға;

педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, кез келген кәсіпкерлік не басқа да ақы төленетін қызмет түрлерімен, соның ішінде коммерциялық делдалдықпен айналысуға, сондай-ақ қызмет жағдайын пайдаланумен жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетулерге және бұл үшін заңсыз сыйақы алуға тыйым салынады.

Әскери қызметшілердің әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде қаруды алып жүруге және қолдануға құқығы бар.

Штаттық (жеке) қаруды қолдану тәртібі заңмен және заңнама актілерімен белгіленеді.

Әскери қызметшілер ең ақырғы шара ретінде жеке өзі немесе бөлімше құрамында мынадай жағдайларда:

күзетілетін әскери жәнеазаматтық объектілерге, қарауылдарға, әскери бөлімдердің үй-жайлары мен ғимараттарына топтасқан немесе жеке қарулы шабуылды тойтару үшін;

қаруға және әскери техникаға күшпен ие болу әрекетінің жолын кесу үшін;

әскери қызметшілер мен азаматтық адамдарды, егер өзге тәсілдермен және құралдармен оларды қорғау мүмкін болмаса, олардың өміріне немесе денсаулығына қатер төндіретін шабуылдан қорғау үшін;

қылмыс жасаған не ауыр және аса ауыр қылмыс жасау үстінде қолға түскен, қарулы қарсылық көрсеткен адамды, сондай-ақ қаруды тапсыру туралы заңды талаптарды орындаудан бас тартқан адамды, егер өзгеде тәсілдермен және құралдармен қылмыскердің қарсылығын тоқтату, ұстау немесе қаруын алу мүмкін болмаса, ұстау үшін;

Қарауыл құрамына кіретін әскери қызметшілердің Қарулы Күштердің гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысымен (бұдан әрі Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы) айқындалған жағдайларда және тәртіппен қару қолдануға құқығы бар.

Қару қолданудан бұрын оны қолдану ниеті туралы ескерту жасалуы тиіс. Қару ескертусіз кенеттен қарулы, соның ішінде жауынгелік техниканы, көлік құралдарын, ұшу апараттарын, теңіз және өзен кемелерін пайдалана отырып шабуыл жасалған кезде, сондай-ақ қамаудан қарумен қашып шыққан кезде қолданылуы мүмкін.

Әскери қызметшілердің қаруды дабыл белгісін беру немесе көмек шақыру үшін қолдануға құқығы бар.

Әскери қызыметші қаруды қолдану және пайдалану кезінде айналадағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық мүмкін болатын шараларды қолдануға, ал қажет болған жағдайда зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге міндетті.

Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқару әрбір қазақ азаматының аса маңызды әрі құрметті міндетінің бірі болып табылады. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету - Отанымызды қорғаудағы қасиетті борышыңды өтеу деген сөз.

Отанды қорғауды біздің елімізге шабуыл жасаған сыртқы жаулармен қарулы күрес деп қана түсінбеу керек. Біз Отанымыздың күш-қуатын нығайта отырып, оны бейбіт уақытта да қорғауға ат салысамыз.

Қазір енді Отан қорғаушылар қатарында Ұлы Отан соғысы қаһармандарының ұлдары мен немерелері тұр. Олар әкелері мен аталарының үлесіне тиген қатал сыннан өткен жоқ. Әйтсе де олар армиямыздың, халқымыздың қаһармандық дәстүрлеріне адал, Еліміз қауіпсіздігінің, бейбітшілікті қорғаудың мүдделері талап еткен, агрессия құрбандықтарына көмектесу керек болған әрбір сәтте қазақ жауынгері дүние жүзінің алдында қандай да болсын қиыншылықтарды жеңуге әзір тұратын, қалтқысыз, әрі ержүрек патриот, интернационалист ретінде көрінеді.

Қазіргі армия жауынгердің ерік-жігері мен психологиялық төзімділігіне үлкен талап қояды. Ол әскери техникаларды, оның ішінде өте күрделі әскери машиналарды, ракета комплекстері мен радио электрондық жүйелерді, атомдық сүңгуір қайықтары мен дыбыстан жылдам ұшатын әуе кемелерін шебер меңгере білуі керек. Бұл жерде жауынгердің ұйымшылдығы мен тәртіптілігі қажет. Ал әскери тәртіпті білу, оны орындауға әзір тұру - өзіңнің жеке басыңды қалыптастыру мен әскери қызметке дайындалу жолындағы маңызды қадам деген сөз.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 36-бабында былай деп жазылған: “Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады”. Бұл сөздердің мәні қандай екендігі жайында өздеріңе ұсынылып отырған библиографиялық құралдағы материалдардан білулеріңе болады.

Қазақстан армиясы

Қазақстанның егемендігі күрделі геосаяси процестер жағдайында қалыптасты. Бұрынғы КСРО-ның оңтүстік шекаралары тұрақсыздық белдемі әрі әскери қақтығыстар болуы мүмкін аймақтар ретінде сипатталды. Ауғанстандағы соғыс мемлекеттік шекараларды аттап өтіп, айқын әскери қатерге айналды.

Қазақстан территориясында КСРО-ның оңтүстік-шығыс шекараларын қорғауға арналған КСРО Қарулы Күштерінің жалпы саны 200 мың адамнан тұратын әсекери топтары орналасты. Оның құрамында стратегиялық ядролық күштердің, 40 жалпы әскери армияның бірлестіктері, құрамалары және бөлімдері, 73 әуе армиясының, 37 әуе шабуылынан қорғаныс күштері корпусы, 56 аралас авиациялық әскеи-әуе күштері корпусы, сондай-ақ тыл және техникалық жабдықтау құрамалары мен бөлімдері болды. Қалыптасқан жағдай Қазақстанда орналасқан әскерге жақсы жолға қойылған қатаң бақылау орнатылуын талап етті. Ел басшылығы бұл үшін барлық қажет шараларды қолданды. 1991 жылы 21 тамызда Қазақстан Президентінің “ Қазақ КСР- інің Қауіпсіздік кеңесін құру туралы” Заңы шықты.

Жарияланған егемендікті қорғау үшін, сондай-ақ, елдегі және республикадағы әскери саясатқа іс жүзінде ықпал ету үшін республикалық қорғаныс мекемесін құру обьективті қажеттілікке айналды.

Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның мемлекеттік саясатын біртіндеп жүзеге асыра отырып, 1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президенті “ Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитетін құру туралы” Жарлық шығарды. Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы болып генерал-лейтенант С. Қ. Нұрмағамбетов тағайындалды.

Қазақстанның мемлекеттік Қорғаныс комитеті Азаматтық қорғаныс штабы мен Қазақ республикалық әскери комиссариатының негізінде құрылды. Оған “әскери жасақтарға бақылауды” жүзеге асыру, сонымен бірге әскерлердің орын алмастырып, әр түрлі әскери жаттығулар жүргізуін, әскери мүліктердің республикадан тысқары жерлерге тасымалдануын, армияның әскери қызметіндегі басқа да бағыттарды “назарда” ұстау міндеті жүктелді.

Қазақстанның Мемлекеттік қорғаныс комитеті әскери-кадрлық саясатын КСРО Біріккен Қарулы Күштері Бас қолбасшылығының келісімімен жүргізіп отырды. Мысалға, Қазақстанда тұрған бөлімдер мен құрамалардағы полк командирінен бастап жоғары қызметтерге офицерлердің тағайындалуы міндетті түрде республика басшылығымен келісілуі керек болды. [3]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастапқы әскери даярлық
Төтенше жағдайлардағы ішкі істер органдары әрекеттерінің негіздері
АҚШ – Қазақстан екіжақты қарым-қатынастары
Конституция - Қазақстан Республикасының Ата Заңы
Қарулы Күштер тылы
Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің әскери рәміздері
ҚР Қарулы күштерінің техникасы мен жабдықталуы
Қазақстан Қарулы Күштері туралы
Қазақстан Қарулы Күштері
Қарулы Күштердің құрылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz