Жетімдік. Жетім балаларды асырап алу



Жоспар

I. Кіріспе бөлім

II. Негізгі бөлім

2.1. Жетімдік. Әлеуметтік жетімдік ұғымдарына сипаттама.

2.2. Жетім балаларды асырап алуда мемлекеттің формалары.

2.3. Әлеуметтік педагогтің жетім балаларымен жұмысы.

2.4.Жетім балаларды шетел азаматтарының асырап алу мәселесі.

2.5.Қазақстан Республикасындағы балалар үйлері мен қайрымдылық қорлары.

Қорытынды
Кіріспе

16 миллион халықтың 16 мың жетімі бар... «Заң-әр мемлекеттің ар-ожданы айнасы» деген қанатты сөз бар. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының шетелге асырауға бала беру туралы 76-бабы елдің ар-намысына тиіп, түрлі пікірталастар туғызып отыр.
Жетім, тірілей жетім балалар тағдыры-бұл дүниежүзілік мәселе. Әлемде 100 млн. жетім және қараусыз қалған балалар бар.Сонымен бірге жетімдері, балалар үйі жоқ мемлекеттерде бар. Мұның бірі-Ирландия.
Балаларын тәрбиелей алмайтын, оларды шетелге асыру негізінен кедей мемлекеттерге, тұрғындарының басым көпшілігі қайыршы, патриоттық сана-сезімі төмен елдерге тән. Жетімдерсіз ел аз, бірақ оларға көзқарас әр мемлекетте әртүрлі. Мысалы, АҚШ-та 300 мың жетім балалар бар, бірақ АҚШ өз жетімдерін сыртқа бермейді, басқа елдерден жетім балаларды асырап алуға мән береді. Әр балаға жылына 13 мың доллар қаржы жұмсалады.
Қазақстанда 92 мың 573 бала мемлекет қамқорлығында, оның 31,1 пайызы немесе 28 772-сі балаларды тәрбиелеуді міндетіне алған отбасылар саны келтірілген, 47 946 баланы (51,8 пайыз) асырап алған, 15 855 бала(немесе 17,1пайыз) мемлекеттік мекемелерде, 2120-сәбилер үйінде, 912-і балаларға арналған мүгедектер үйінде, 12 823 бала- балалар үйі мен интернат мекемелерінде, 6 065 бала- асырап алған.
Олар кімдер. 2 116-сы –жетімдер, 3 мыңы қамқорсыз қалғандар, 614-і тастанды балалар, 1 775-і -әке-шешелері ата-ана құқығынан айырылғандар.
Қазақстанда « Неке және отбасы туралы» Заң 1998 жылы 17 желтоқсанда қолданысқа енді. Осы заңның 76-бабының екінші тармағында былай делінген: «Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бұл балаларды Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тәрбиелеуге беру мүмкін болмаған жағдайларда ғана шетелдіктерге асырап алуға, не балалардың туыстарына осы туыстарының азаматтығы мен тұрғылықты жеріне қарамастан асырап алуға берілуі мүмкін.
Мемлекетімізде жетім балалардың жағдайы мәз емес екендігі жөнінде бұған дейін баспасөз беттерінде әлденеше рет айтылды. Көтерілген мәселелер мен айтылған сындардан нәтиже шығару үшін қазіргі күні мемлекеттік органдар жұмыс істеп жатыр.
Әр баланың жеке өсу процесі сияқты, оның қоғамдағы орны, дәлірек айтсақ, қоғамның баларға деген қамқорлығы ретінде.
Балалық шақтың, ересек адамның да өмірі сияқты өсу процесі екенін ескерсек, ересек адамның қалыптасуының маңыздылығы балалық шаққа байланысты.
Баланың жастық ерекшелігі, оның әрбір кезеңде ерекше денелік қалыптасуы, өзіндік танымдық өсуі, әлеуметтік өмір тәжірибесі мен белгілі бір моральдық танымымен ерекшеленеді. Жас өскен сайын балалардың әлеуметтік қалыптасуы, бірінші кезекте отбасына байланысты болады. Сондықтан отбасының қоғам алдындағы жауапкершілігі өте зор.
Бала өлімінің жылдан-жылға өсуі, көбеюі, бала туудың қысқаруы, мүгедек баланың санының өсуі – бұл еліміздегі қазіргі экономикалық және саяси әлеуметтік дағдарыс болып табылады.
Халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі баланың да мінез-құлқы, құлықтық және психикалық денсаулығына әсерін тигізеді. Еліміздің арасындағы ең қараусыз қалғандар балалар мен жасөспірімдер болып шықты. Балалар мен жасөспірімдердің шынайы мемлекеттік қараусыз қалуы, олардың тәртібіне, іс-әрекеттеріне, қарым-қатынастарына әсерін тигізіп, антиқоғамдық әрекеттерге, қандай да болмасын жолмен ақша соңына түсуге, қылмыстың өсуіне әкеліп соқты.
Білім беру дағдарысы толыққанды қаржыландырмау педагог кадрлардың жетіспеушілігіне, мектептің қоғамдық процестерден шектелуіне әкелді. Бұл өсіп келе жатқан ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуге кері әсерін тигізді.
Балалық шақ адамның бастапқы өмірінің белгілі бір бөлігі. Бірақ та бұл жастың басқа жастан айырмашылығы күнделікті түсінікте кішкентай адамның алаңсыз өмірімен байланыстырылады: егер бала өз сұранысын қанағаттандырудан басқа ештеңе істегісі келмесе, яғни ол балалық шақта жүр деген сөз. Балалық шақты оның жасын елестетуге болмайды және де бала әрине үлкендердің қорғауы мен қамқорлығына мұқтаж. Сонымен бірге біздің кішкентайларға деген қамқорлығымыз неден көріну керек екенін, кімнен қорғап сақтауымыз керегін біліп алуымыз керек. Егер біз балалық шақ – «Жұмақтың» алаңсыздық пен қызықтың белесі деп ойлайтын болсақ, Баланы шындыққа басқаша қарап, бұндай жағдайдан шығаратын, әрбір өзгеріске қарама-қарсы қоятын болсақ, Баланы шындыққа басқаша қарап, бұндай жағдайдан шығаратын, әрбір өзгеріске

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I. Кіріспе бөлім

II. Негізгі бөлім

2.1. Жетімдік. Әлеуметтік жетімдік ұғымдарына сипаттама.

2.2. Жетім балаларды асырап алуда мемлекеттің формалары.

2.3. Әлеуметтік педагогтің жетім балаларымен жұмысы.

2.4.Жетім балаларды шетел азаматтарының асырап алу мәселесі.

2.5.Қазақстан Республикасындағы балалар үйлері мен қайрымдылық
қорлары.

Қорытынды

Кіріспе

16 миллион халықтың 16 мың жетімі бар... Заң-әр мемлекеттің ар-ожданы
айнасы деген қанатты сөз бар. Қазақстан Республикасының Неке және отбасы
туралы Заңының шетелге асырауға бала беру туралы 76-бабы елдің ар-намысына
тиіп, түрлі пікірталастар туғызып отыр.
Жетім, тірілей жетім балалар тағдыры-бұл дүниежүзілік мәселе. Әлемде
100 млн. жетім және қараусыз қалған балалар бар.Сонымен бірге жетімдері,
балалар үйі жоқ мемлекеттерде бар. Мұның бірі-Ирландия.
Балаларын тәрбиелей алмайтын, оларды шетелге асыру негізінен кедей
мемлекеттерге, тұрғындарының басым көпшілігі қайыршы, патриоттық сана-
сезімі төмен елдерге тән. Жетімдерсіз ел аз, бірақ оларға көзқарас әр
мемлекетте әртүрлі. Мысалы, АҚШ-та 300 мың жетім балалар бар, бірақ АҚШ өз
жетімдерін сыртқа бермейді, басқа елдерден жетім балаларды асырап алуға мән
береді. Әр балаға жылына 13 мың доллар қаржы жұмсалады.
Қазақстанда 92 мың 573 бала мемлекет қамқорлығында, оның 31,1 пайызы
немесе 28 772-сі балаларды тәрбиелеуді міндетіне алған отбасылар саны
келтірілген, 47 946 баланы (51,8 пайыз) асырап алған, 15 855 бала(немесе
17,1пайыз) мемлекеттік мекемелерде, 2120-сәбилер үйінде, 912-і балаларға
арналған мүгедектер үйінде, 12 823 бала- балалар үйі мен интернат
мекемелерінде, 6 065 бала- асырап алған.
Олар кімдер. 2 116-сы –жетімдер, 3 мыңы қамқорсыз қалғандар, 614-і
тастанды балалар, 1 775-і -әке-шешелері ата-ана құқығынан айырылғандар.
Қазақстанда Неке және отбасы туралы Заң 1998 жылы 17 желтоқсанда
қолданысқа енді. Осы заңның 76-бабының екінші тармағында былай делінген:
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бұл балаларды Қазақстан
Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының
азаматтарына тәрбиелеуге беру мүмкін болмаған жағдайларда ғана
шетелдіктерге асырап алуға, не балалардың туыстарына осы туыстарының
азаматтығы мен тұрғылықты жеріне қарамастан асырап алуға берілуі мүмкін.
Мемлекетімізде жетім балалардың жағдайы мәз емес екендігі жөнінде
бұған дейін баспасөз беттерінде әлденеше рет айтылды. Көтерілген мәселелер
мен айтылған сындардан нәтиже шығару үшін қазіргі күні мемлекеттік органдар
жұмыс істеп жатыр.
Әр баланың жеке өсу процесі сияқты, оның қоғамдағы орны, дәлірек
айтсақ, қоғамның баларға деген қамқорлығы ретінде.
Балалық шақтың, ересек адамның да өмірі сияқты өсу процесі екенін
ескерсек, ересек адамның қалыптасуының маңыздылығы балалық шаққа
байланысты.
Баланың жастық ерекшелігі, оның әрбір кезеңде ерекше денелік
қалыптасуы, өзіндік танымдық өсуі, әлеуметтік өмір тәжірибесі мен белгілі
бір моральдық танымымен ерекшеленеді. Жас өскен сайын балалардың
әлеуметтік қалыптасуы, бірінші кезекте отбасына байланысты болады.
Сондықтан отбасының қоғам алдындағы жауапкершілігі өте зор.
Бала өлімінің жылдан-жылға өсуі, көбеюі, бала туудың қысқаруы, мүгедек
баланың санының өсуі – бұл еліміздегі қазіргі экономикалық және саяси
әлеуметтік дағдарыс болып табылады.
Халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі баланың да мінез-құлқы,
құлықтық және психикалық денсаулығына әсерін тигізеді. Еліміздің
арасындағы ең қараусыз қалғандар балалар мен жасөспірімдер болып шықты.
Балалар мен жасөспірімдердің шынайы мемлекеттік қараусыз қалуы, олардың
тәртібіне, іс-әрекеттеріне, қарым-қатынастарына әсерін тигізіп,
антиқоғамдық әрекеттерге, қандай да болмасын жолмен ақша соңына түсуге,
қылмыстың өсуіне әкеліп соқты.
Білім беру дағдарысы толыққанды қаржыландырмау педагог кадрлардың
жетіспеушілігіне, мектептің қоғамдық процестерден шектелуіне әкелді. Бұл
өсіп келе жатқан ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуге кері әсерін тигізді.
Балалық шақ адамның бастапқы өмірінің белгілі бір бөлігі. Бірақ та бұл
жастың басқа жастан айырмашылығы күнделікті түсінікте кішкентай адамның
алаңсыз өмірімен байланыстырылады: егер бала өз сұранысын қанағаттандырудан
басқа ештеңе істегісі келмесе, яғни ол балалық шақта жүр деген сөз. Балалық
шақты оның жасын елестетуге болмайды және де бала әрине үлкендердің қорғауы
мен қамқорлығына мұқтаж. Сонымен бірге біздің кішкентайларға деген
қамқорлығымыз неден көріну керек екенін, кімнен қорғап сақтауымыз керегін
біліп алуымыз керек. Егер біз балалық шақ – Жұмақтың алаңсыздық пен
қызықтың белесі деп ойлайтын болсақ, Баланы шындыққа басқаша қарап, бұндай
жағдайдан шығаратын, әрбір өзгеріске қарама-қарсы қоятын болсақ, Баланы
шындыққа басқаша қарап, бұндай жағдайдан шығаратын, әрбір өзгеріске қарама-
қарсы қоятын болсақ , бұл дұрыс бола қояр ма екен? Егер біз әдейі жасалған
жағдайдың көмегімен оны бұл жұмақ өмірде барынша көбірек ұстасақ, бұл
баланың пайдасына шешіле қояр ма екен? Әрине, мұнымен біз балаға тек зиян
тигіземіз және де бұл балаларды қорғау емес, оның мәнін бұрмалау.
Бұл ойлардың бәрі терең таңдауды қажет етеді. Біріншіден, балалық шақ
дегеніміз алаңсыз жұмақ өмір белесі емес.
Ол бізге ересек адамдарға, біздің өмірдегі мәселелеріміздің
көзқарасынан, балалар тек қана ойнап күлетін, сияқты болып көрінеді. Мұндай
көзқарас дұрыс емес. Балалардың өмірінде де, үлкендердің өміріндегідей
қиында шешімі табылмайтын мәселелер көп және де олар балаларды ойлануға,
қиналуға, қиындықтарды жеңуге, күресуге және қуануға мәжбүр етеді.
Балаларға кейде өмір сүрудің қиын екенін, бұл өмірдің жан-жақты екенін
байқамайтын адам, бала тәрбиелеуде үлкен қателік жіберіп алуы мүмкін.
Екіншіден, нағыз балалық шақ – бұл алға ұмтылыс, бұл тоқталмайтын есею
процесі. Бала ересек болғысы келеді.
Көптеген ойындарда біз баланың, ананың, әкенің, дәрігердің, ұстаздың,
құрылыстың, солдаттың, сатушының т.с.с. рөлдерді ойнайтынын байқаймыз.
Баланың өзінен кішкентайдың рөлін алатынын кездестіру қиын. Сонымен бала
өмірінің мәні, балалық шақтың мәні, баланың тезірек есеюге деген
құштарлығынан басқа ештеңе де емес. Егер балалық шаққа осы көзқараспен
келсек, біздің балаға деген қарым-қатынасымыздың бағытын басқаша
ойластыруымыз керек. Олармен араласқанда біз, олардың есеюге деген
құштарлығына қолдау көрсетуіміз керек. Оның кішкентай екенін ескертіп,
шамадан тыс еркелетіп, көп аяи беруге тіпті де болмайды.
Баламен араласқанда, біз оған кішкентай бала ретінде емес: маңызды
істер тапсырып, онымен санассақ, тезірек ересек болу процесіне септігімізді
тигізсек, сонда ғана біздің балаға деген қамқорлықтың педагогикалық
мағынасы болады.
Тәрбиенің тапсырмасы, балалардың ержетуіне көмектесіп, осы жолдағы әр
ұмтылысына қолдау болып табылады. Ал біз болсақ, балаға барынша ойын-сауық,
ойыншықтар беру мен қандай да болмасын еңбек етуден сақтауға тырысамыз.
Балалық шақтың қызығы мен қуанышы ойын-сауық пен ойыншықтарда емес,
өмірде өзін-өзі ашуында, өз болашағына жақындауында. Балалардың өздерінің
тәуелсіздігін дәлелдейтін істерге баруы ересектердің өміріне ендіретін
ойыншықтар алып, ойын ойнайтыны, міне осыдан. Бұл шытырман оқиғаларға,
қиындықтарға толы болашаққа ұмтылған біздің балалардың нағыз балалық шағы.
80-ші жылдардағы он жастағы балалардың көбірек білу үшін, оқуды, санауды,
жазуды үйренуге, жаңа достар табуға асығуы – балалық шақ- қызық та өзіндік,
тәуелсіз өмірге деген құштарлық мәні бар есею екенін дәлелдейді.
Бірақ балалар бүгінгі күнмен өмір сүреді және олардың сұранысы қазіргі
уақытқа байланысты.
Оқыту мен тәрбие, педагогикалық процестің барлығы, өзінің әлеуметтік
орнына байланысты, бағындыру, әлементін алып жүреді. Бұл баланың ішкі
күштері мен мүмкіндіктерінің өсуі өз еркімен таңдап алған материалдардан
емес, қоғамымыздың талабымен, оның мәдени-әлеуметтік өсу деңгейімен
белгіленген тәрбие мен оқытуға байланысты.
Тәрбиеші, аналар балаларды қалыпты жағдайға келіріп, олар үшін
үйіндегі аналары жасайтын барлық жақсылықты жасауда. Олар: балалардың
киімін жуып, ауырса емдеп, оларды достастырып, тіпті оларға әр түрлі
мерекелер ұйымдастырып, сыйлықтар бере білді. Томилинодағы аналар жоғары
білімді әрі осындай улкен отбасыны шынайы жүрегімен қабылдайды. Бұл
ауылда 56 бала бар, олар 14 үй – 11 отбасы, әр отбасында 8 баладан бар. 3-4
кішкене балаға бір ересек баладан бөлінген. Статистикалық мәлімет бойынша,
қазіргі қараусыз қалған балалардың осындай отбасыларға енуі теңіз
тамшысындай ғана, бірақ, бұл іс – болашағы зор іс.
Жетім бала -ата-анасының екеуі де немесе біреуі қайтыс болған жалғыз
басты бала.
Жетімдіктің екі категориясы бар, ол табиғи және әлеуметтік жетімдік.
Қоғамда негізінен ата-ана қамқорлығынан айырылғандарды табиғи жетім және
әлеуметтік жетім деп екіге бөледі.
Әлеуметтік жетім дегеніміз- отбасындағы дағдарыс кезеңіндегі баланың
құлықтық қондырғыларының құлдырауында, панасыздықтың, қараусыздықтың өршуі
кезеңінде пайда болады. Ажырасулардың көбеюі ата-аналардың біреуі баланы
тәрбиелеуде - әкесі немесе шешесі, некеден тыс туған балалардың тууының
саны ұлғаюы. Ата-аналардың ажырасуы баланың мінез- құлқына яғни психикасына
әсер етеді. ЮНИСЕФ мәліметтері бойынша Қазақстан Республикасында яғни өз
елімізде 100 мыңнан астам балалар, сәбилер үйлерінде және арнайы
интернаттар да тәрбиеленіп жатыр. Балалар үйлері шағын болғандықтан онда әр
баланың жүрегіне жол табуға тырысқан, бірақ әр балалар үйінде , мектеп
интернаттарында жетім баланың әлеуметтік мәселелерін шеше алмайды.
Әлеуметтік жетімдіктің себебі неде?
-ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ана санының көбеюі;
-тілексіз туған балалар;
-халықтың материалдық жағдайының төмендеуі;
Қоршаған ортаның жетімдерге тигізетін кері әсері, ол ата-ана не жақын
туыстарының жылулық сезімдерінің жеткіліксіздігі, отбасы мейірімінің
кемшілігі. Балаларға әсер етіп отырған бұл жағдайлар олардың ақыл-ой
дамуына, тұлға дамуына кері әсерін тигізеді.Көбінесе бұндай балаларды ақыл-
ой дамуында кемшіліктер, жыныстык идентификациясының бұзылуы, нашакорлықпен
қылмысқа бейімділік байқалады. Бұндай балалар қарым-қатынаста неврозды
өздеріне көңіл аудартқысы келе тұра одан қашады, агрессивтілікке беріледі
немесе түңіледі, зейінін шоғырландыра алмайды. Мұның бәрі балаларда
қоршағандарға деген жағымсыз қатынастың тууына алып келеді. Балалар үйі
жағдайында балалар арасында өзара қарым-қатынас орнайды. Отбасында
жанұялық біз сезімі сезінеді. Бұл құлықтық күш бала да қорғаншылық
жағдайын туғызады. Ал, ата-ананың қорғаншылығынсыз балаларды стихиялық
түрде біз және бөтендер , біз және олар интернаттық сезімі қалыптасады.
Бөтендерден бәрі ерекшеленеді, бірақ бала өз тобында шет қалып қояды. Олар
адамдарды жатсынып оқшаулауды қалыпты жағдай ретінде қабылдайды. Бұдан
олардың қоғам заңдылықтарын бұзу құқығы шығады. Бала интернатпен балалар
үйінде көп құрдастарына бейімделуі керек, ал бала ортасында олардың үнемі
болып тұру қоздырғыштықты, алаңдаушылыкты, агрессияны туғызады. Онда
ананизм, гомосексуализм, сексуалдық кең өріс алады.
Бұның барлығы жылулықтың жағымды эмоциялардың жоқ болуы салдарынан
туатын жүйке-жүйелерінің тозуы нәтижесінде пайда болады.
Балалар үйлері мен интернаттарда баланың өзі бола алады, жалғыз
демала алады және өзінің іс-әрекеттеріне анализ жасай алар жеке бөлмесі
жоқ.
Өзіндік шоғырланудың жоқтығынан тұлғаның белгілі бір стандартты әлеуметтік
түр қалыптасады. Мемлекет қамқорлығындағы балалар да өзімшілдік (Бізге
беруі тиіс, беріңдер) қалыптасып, жауапкершілігімен үнемдеушілігі
болмайды.
Оқшаулануға талпынып подвалдар мен шатырларда пана қылады.Ересектердің
қарауынсыз бұл оқшаулану жағымсыз нәтижеге қашып кетуге және қаңғырушылыққа
алып келуі мүмкін.
Ересектермен қарым-қатынас ортасынның шектеулі болуы қарым-қатынас
процесін жүруін қиындатады.
Сәбилер үйінде олар сенімсіз ересектерге үйренбейді, тұйық, көңілсіз,
қызығушылық, белсенділікті дамытпайды, сөйлеу тілі нашар дамыған. Жетім мен
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өмірге бейімдеу тиімділігін
арттыру мәселелері өткір көтеріліп отыр. Себебі, жетім балалармен ақыл –
естерінде ауытқушылықтары бар балалар өз тұстарына қарағанда арнайы
күтім мен мейірім қажет етеді. Бұл өз кезегінде интеграциялау үрдісінде
ықпал ететін фактордың тиімділігін арттыру жолдарын зерттеудің
көкейкестілігін, мектеп интернаттағы тәрбиеленушінің түлектерінің өмір сүру
жағдайын жақсарту қажеттілігін көрсетеді. Ал, бүгінгі таңда еліміздің білім
беру саласында барлық типті және атаулы 511 интернат мекемелері жұмыс
жасап , оларға 58839 жас тәрбиеленіп жатыр.
Жетімдік қоғамның, адамзат қоғамының дамуымен бірге жасасып келе
жатқан қоғамдық дамудың білінбес бір бөлшегі.
Түрлі соғыстар кезеңі, індет, табиғи апат салдарынан жас ұрпақ ата-
аналарынан айырылып, жетімдікке душар болды. Бірақ, қоғам дами келе
әлеуметтік жетімдерпайда болды. Яғни, ата-ана қамқорлығын көрмеген,
мейірімін сезінбегендер. Әлеуметтік жетімдерге –кішкентайынан 18 жасқа
дейін әлеуметтік –экономикалық жағдайларға байланысты ата-анасы тірі болса
да ешбір қамқорлық көрмегендер жатады.
Жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларұғымын
қарастыра отырып, біз Жетім балаларға ата-анасының не біреуінен, не
екеуінен айырылғандарды жатқызамыз, ата-ана қамқорлығынан айырылған
балаларға ата-анасы ең алдымен :
-ата-ана құқығынан айырылған немесе шектелген;
-жоғалып келген немесе еңбекке қабілетсіз,яғни, емдеу мекелерінде жатқан
ата-аналардың балалары;
-өлді деп танылғандардың балалары;
-бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеу орындарында отырғандардың
балалары;
-қылмысқа қатысы бар деген айып тағылып, уақытша тергеу орындарында
отырғандардың балалары;
-балалардын өсіріп, тәрбиелеуден біржола бас тартқан ата-аналардың
балалары;
-өз балаларын тәрбиелеу, емдеу т.б. мекемелерден алудан бас тартқан ата-
аналардың балалары;
-басқа да жағдайларға байланысты келген балалар жатады
-Жетім балалар туралы ұғым Ресейде отбасылық кодексінде
қарастырылмаған. Ата-ана қамқорлығынан айырылған балалартуралы ұғым да
тыс қалған. Жетім балалардың 4%- ті тастанды балалар. Балалардың 70%- ке
жуығынан аналары босана салысымен, оны тәрбиелеуден бас тартуда. Осы 50%
аналар жалғыз басты аналар қатарына жатады. Бұлардың көпшілігі ананлық
сезіммен психологиялық жағынан жетілмегендіктен бала тәрбиелеуден бас
тартып отыр. 30%- ке жуық балалар ата-анасы маскүнемдікке салынғандықтан
паналау үйіне келіп түсуде.
Балаларды мемлекеттік мекемелерге тапсырудың басты себептері мыналар:
- отбасы мүшелерінің біреуінің болмауы;
- материалдық жағынан мұқтаждық көруі;
- тұрмыс жағдайының төмендігі;
- ата-аналарының біреуі немесе екеуінің маскүнемдікке, нашакорлыққа
салынуы.
Көбіне кейбір балалар кемтарлығына байланысты осы балалар үйінде
қалдыруда. Ақыл-ойы кеміс туған балалар негізінен осында
әкелінуде.Көпшілік аналар, оның ішінде жасы кәмелетке толмаған аналар
байқаусызда пайда болған баладан құтылу жолында түрлі дәрі-дәрмек қолдану
салдарынан кемтар балаларды дүниеге әкелуде. Ал, бұл балалар не ата-
анаға, не балалар үйіне керексіз болып қалуда. Жетім балалардың жеке
өміріне дақ түсірмей, аяулаудың түрі-қамқорлыққа алу. Жасы 14- ке
толмаған балалар ғана қамқорлыққа алынып, тәрбие беріледі. Ал,14 жас пен
18 жас аралығындағылар арнайы адамдардың қарауында болады. Қамқорлыққа
алу мен арнайы қарауға алып тәрбиелеудің функциялары оқу бөлімдері
басқармалары арқылы, денсаулық сақтау бөлімдері арқылы (денсаулығында
кемістігі бар балалар), әлеуметтік қорғау бөлімдер арқылы (еңбекке
қабілетсіздігін анықтау) анықталады.
Қамқорлыққа алу мен арнайы қарауға алынған балалар құжаттары Конституция
заңдарына сәйкес реттеледі. Осы заңдарға сәйкес Жетім балаларға
арналған арнайы бағдарламалар құрылды.
Балаларды қамқорлыққа алу жөніндегі бөлімдер тастанды балалардың
жетімдік жайына ұшырау себептерін, тұрмыс жағдайын анықтап, тізімге
алады.

Қамқорлыққа алудың негізі ретінде:
- ата-ананың қайтыс болуы ;
- ата-аналарының ата-ана құқығынан айырылғандары;
- ата-аналық құқығы шектелген;
- ата-анасының еңбекке жарамсыздығы;
- ата-анасының ұзақ уақыт бойы басқа жаққа кетуі;
- бала тәрбиесіне жете көңіл бөлмей, бас тартуы;
- қамқорлыққа алудың басқа себептері де алынады.
Қамқоршы- Қамқорлыққа алынған баланың жалпы өмірі, денсаулығы,тәрбиесін
өз мойнына алған жеке тұлға. Ол арнайы органдар арқылы тұрғылықты жеріне
сай тағайындалады.Қамқоршыға қойылатын талаптар мен міндеттер және
қамқорлыққа алынушы баланың құқығы Конституция заңдары мен халықаралық
құқық нормаларына сәйкес көрсетілген. Балалардың тәрбиесі, емдеу және
әлеуметтік көмек беру жағын арнайы мекемелер қолға алса, онда қамқоршылар
тағайындалмайды. Барлық жүктеме сол мекеменің басшыларына жүктеледі.
Асырап алу. Ешбір қамқорлығынсыз қалған балалар, ата-анасынан айырылған
балалардың кейбір жанқияр өздеріне бала етіп асырап ала алады. Мұны
асырап алу деп атайды.
Асырап алу- мемлекеттік заңда көрсетілген, екі жақты келісім нәтижесінде
қол қойылатын акт болып табылады. Бұл актіге екі жақ: асырап алу шы мен
асыранды бала (асырап алуға беруші орган) өзара міндеттерді айқындай
отырып қол қояды. Асыранды балалар өздеріне қатысты мүлікті және ата-
анасына деген құқықтан айырылады. Асырап алу – сот органдарына асырап
алуға жеке тұлғалардың өтініш беруі арқылы орындалады. Асырап алуға
денсаулық, тұрмыстық жағдайы жақсы әрбір азамат құқылы. Нашақор,
ішімдікке салынған, еңбекке жарамсыз жандарға бала асырап алуға тыйым
салынған. Асырап алушы мен асыранды баланың жас айырмашылығы 16 жастан
кем болмауы тиіс, бірақ бұл жас деңгейі соттың шешіміне орай төмендетілуі
де мүмкін. 10 жастағы баланы асырап алу сол баланың келісімі арқылы
жүзеге асты.Осы процесс, яғни баланы асырап алған адам құпия түрде
айтылмайды. Бұл құпияның ашылмауына мемлекет кепілдік береді. Ал, оны
айту қылмыспен тең. Сонымен қоса, баланы заңсыз асырап алу да қылмыс
болып табылады.
Асыранды бала немесе асыраушы адам баланың ата-анасымен ешбір қарым-
қатынасқа тыйым салынған.Асырап алушы адам барлық құқыққа ие
болады.Баланы асырап алу үшін мынадай ережелерге сәйкес келісім талап
етіледі:
- баланың ата – анасының;
- кәмелетке толмаған баланың;
- асырап алушының зайыбы немесе жұбайының келісімі.
Баланы асырап алушылар заң бойынша сол баланың ата-анасы болып
тіркеледі. Тіпті, баланың есімі, туған жері, күні, айы, жылы да
өзгертіліп жазылуы мүмкін. 10 жасқа толған баланың есімін, туған жылын
өзгерту үшін оның келісімі керек. Көбіне 12 жасқа дейінгі балаларды
асырап алушылар саны көп екендігін тәжірибеде көрсетіліп отыр. Үлкен
балалар интернатта 18 жасқа толғанша болады. Соңғы кезеңде асырап
алушының көпшілігі шетел азаматтары.
Асырап алу мәселесі бойынша, әлеуметтік педагог, әлеуметтік жұмыс
жөніндегі маман төмендегі сұрақтар төңірегінде толық мәлімет ала білуі
тиіс:
- бала асырап алуға психологиялық жақтан дайын ба?
- заңды түрде асырауға беріліп отыр ма?
- бала өз келісімін берді ме?
- егер асырап алушылар шетелдіктер болса, баланың өз еліне келіп тұруын
үнемі қамтамасыз ете ала ма?
- асырап алған отбасы мен асыраушы балаға қадағалау үнемі жүреді ме?
Одан басқа, асырап алушының психологиялық жағынан дайындауға, әлеуметтік,
экономикалық, физиологиялық жағын жете зерттеуге аса көңіл бөлуі керек.
Баланы асырап алушының мәдени ортасын, ниетін де білуі тиіс және асырап
алушыға психологиялық көмек бөлуді қолға алу керек. Баланың жас
ерекшелігін, ұлттық ерекшелігін ескере отырып, оның барған жерінде
бейімделу кезеңіне көңіл бөлу аса маңызды екенін үнемі есте сақтау керек.
Ең басты назарда әсіресе, баланың келешек тағдыры.Егер асыранды бала
жайсыз отбасыға түскен жағдайда не істеу керектігін алдын – ала шешкен
жөн. Асыранды бала асыраушысынан немесе ата-анасынан айырылған жағдайда
зейнетақы алу құқығына ие болып қалады.Асырап алушы ешбір жеңілдіктерге
ие бола алмайды.Асырап алу құпиясы заңмен корғалады.Асырап алу жағдайын
өзгертуді тек сот қана шешеді.Осы ретте баланың жеке пікірі есепке
алынады.
Бүгінгі таңда баланың медициналық жағдайына қарамай, яғни денсаулық жайын
есепке алмай бала асырап алу жағы алдыңғы кезекке қойылып отыр.
Әлеуметтік педагогтың жетім балалармен жұмысы – олардың бойындағы
достық және сүйіспеншілік, бір – біріне деген түсіністік сезімдерін оятуда
жатыр. Балалар үйінде балалар арасындағы көрсеқұмарлық пен бәсекелестікке
жол бермеу керек. Сол себепті, тәрбиешілер балаларды бір – бірін жақсы
түсіне алатындай етіп топтастыруы керек.
Жетім балаларды өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезімді бүгінгі
күннің басты мәселесіне айналып отыр. Балалар үйінен тәрбиеленіп шыққан
балалар үлкен өмірге мүлде дайын болмай шығады. Өйткені,оларда ешбір
тәжірибе жоқ. Кейбір балалар өздерінің тамағын жасап, киімін жөндеп киюге
де дағдыланбаған. Міне, мұндай балалар қылмыстық істерге бейім келеді. Сол
себепті, балалар үйінен шыққан балаларды әлеуметтендіру мақсатында оларға
экономикалық тәуелсіздік беріледі. Әлеуметтік өмірге бейімделу барысында
балалар ең басында әлеуметтік көмекті қажетсінеді. Осы ретте балалар үйінен
тәрбиеленетін балаларға ақшалай көмек көрсетеді, бірақ бұл көмек үнемі
берілмейді. Қазіргі кездегі жетім балаларды қабылдайтын кәсіптік мектептер
мен колледждер қысқаруына байланысты жағдай біраз қиындады.
Әлеуметтік жағынан ешбір қиындық көрмей, жан – жақты қорғалған балалардың
білім сапасы жоғар болып келеді.Яғни, балалар үйінің тәрбиесі мен білім
сапасының жоғары болуы сол жерде тәрбиеленіп жатқан балалардың тұрмыс
жағдайының жақсы екендігін көрсетеді. Балалар үйі, мектеп – интернаттар,
сәбилер үйлерінде баланың жан – жақты дамуы үшін мынадай жайттарды негізге
алады.
Балалар үйіндегі ұжым мен басқа қоғамдық ұйымдар, еңбек ұжымдар арасында
ашық та терең қарым – қатынас орнату. Балалардың мәдени, рухани даму
деңгейіне сай өзін - өзі басқару қабілеттерін дамыту. Басқа ұйымдармен
қарым – қатынасқа түсу – оқушылардың өмірдегі қиындықтарға дайын болуға
шыңдайды. Ал, ол еңбек пен оқу процестері барысында жүзеге асады. Мектеп –
интернатта басты назарға балалардың жеке бас ерекшеліктерін есепке ала
отырып, соған сай әрекет жасайтын практикалық психология мен педагогиканың
принциптері маңызды болып табылады. Осы ретте, бірінші тәрбиеленушілердің
жігерлілігін шыңдай түсетін іс - әрекетке бағыттау. Ал., жігерлілік
олардың келешегіне керекті бірден бір қасиет болып саналады.

Жетім балалар мен балалар үйінің, мектеп – интернаттағы
тәрбиеленушілердің қоғамдық өмірге бейімделу үшін әлеуметтік педагогтың
әрекеті:

- еңбекке баулу арқылы балалар бойында түрлі дағдылар мен қабілеттер
қалыптасу нарық заманында оларды бәсекеге түсе алатындай маман етіп
шығару;

- баланы белгілі бір іс - әрекет, еңбек арқылы өзін - өзі жақсы сезініп,
өз бағасын өзі бере алатындай етіп тәрбиелеу, жеке тұлға етіп
қалыптастыру;

- әрбір жетім балалар тәрбиелейтін мекемелерде өзіндік жеке
бағдарламасы бойынша жұмыс ұйымдастыру;

- интернат тектес мекемелердің ашық түрде дамуына жол ашу, көмек
көрсету;

- асыранды ұл – қыздар мен асырап алушыларды үнемі құттықтап, құрмет
көрсету. Мұндай жайт, келешекте асырап алушылардың санын көбейтуге оң
ықпалын тигізеді.
Жетім балалардың барлық мәселесін түбегейлі шешу үшін мемлекеттік
деңгейдегі нақтылы бағдарламалар шығарылып, өз күшіне енуі тиіс.Оны
үкімет, түрлі қайырымдылық қорлары мен ұйымдары қолдауы шарт.

Қазіргі кезеңдегі еліміз жағдайына сәйкес ең алдымен:

- аз қамтамасыз етілген отбасылардың материалдық жағдайын жақсарту;

- мүгедек бала асырап отырғандарға өтемақы мен жеңілдіктер беру;

- жалғызбасты аналарға жақсылық жасауға, тілектестік білдіруге
ынталандыру, сонда ғана қоғамымыздағы жас аналар өз балаларын өкімет
қарамағына итере салмай, өздері тәрбиелейтін еді;

- ерте жастан бастап, ер балалар мен қыз балалар арасындағы жыныстық
тәрбиеге байланысты түрлі іс-шаралар өткізу керек.

- Жергілікті органдарды жетім балаларға қамқорлық жасауға, көмек
көрсетуге тарту қажет.

- Интернат тектес мекемелерде психологиялық педагогикалық жұмыстардың
формалары мен әдістерін жандандыру.

- Жетім балалар тәрбиелейтін мекемелердің құрылымын жетілдіру. Осы ретте
баларға имандылық тәрбие беретін мешіттер мен медреселердің
атсалысуына қол жеткізу.

Әр бала құқылы:
1. Өмір сүруге
2. Туғаннан соң өзіне есім мен азаматтық алуға

3. Өз отбасында немесе ата-анасының қамқорлығынан айрылған жағдайда
әлеуметтік қамқор ортада тәрбиеленуіне

4. Толыққанды өмір сүруі үшін ақыл-ойы, дене бітімі, рухани және
әлеуметтік жағынан өсіп-жетілуіне

5. Денсаулық сақтауға
6. Сапалы білім алуына

7. Мүгедек болған жағдайда ерекше қамқорлыққа, күтімге және әмірге
бейімделіп, араласуға

8. Өз ана тілін, мәдениетін пайдалануға және дінін қабылдауға

9. Демалуға, мәдени өмірге атсалысуға

10. Күштеудің барлық түрінен қауіпсіз болуға, қатыгездік пен дөрекі
кемсітушілік қарым-қатынастардан қорғалуға

11. Басқа адамдармен кездесуге, ассоциацияларға мүше болуға және оны
құруға

12. Ақпаратарды ауызша, жазбаша, баспа түрінде, өнер туындысы немесе
басқа тәсілдермен іздеп табуға, беруге және алуға. Мемлекет баланың
әлеуметтік және мәдени дамуына әсерін тигізетін ақпараттық
бағдарламаларды таратуға қолдау көрсетуге, сондай-ақ, олар зиян
ақпараттардан қорғалуға

13. Өз көзқарасы мен пікірін ашық айтуға және соған сай кез-келген
сұрақтың шешілуіне мүмкіндік алуға.

Қазақстан Республикасының Неке және отбасы заңының 76 –шы бабын
пайдаланып, 1999 -2000 жылдары Қазақстан сәбилері шет-елге оңды-солды
есепсіз, бақылаусыз жіберіле берген. Бұл еліміздің беделіне де,
демографиялық ахуалымызға да, ұлттық намысымызға да үлкен нұқсан келтірді.
Қоғам үлкен алаңдаушылық білдірді. Сондықтан да болар. 2001 жылғы сәуірдің
16-сында Үкімет Неке және отбасы туралы Қазақстан Республикасының Заңына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасын ұсынды. Бұл жоба
шетелдіктердің бала асырап алуына бақылауын күшейтуге арналған еді.
Бірақ, депутаттар елімізде 40-қа жуық халықаралық агентіктердің заңсыз
делдалдық жұмысына Үкіметтің тыйым сала алмай, шарасыздық танытуын, оған
қамқоршы, қорғаншы оргнадардың араласпауын баса айтты. Осының салдарында
шетелге кеткен балалардың есебі де болмаған: Білім және ғылым министрлігі
бір дерек берсе Денсаулық министрлігі екінші дерек, Сыртқы істер
министрлігі үшінші дерек берді және олар бір-бірімен үйлеспей жатты. Тіпті
ешқандай лицензиясы жоқ үкіметтік емес ұйымдар да (НПО) шетелге асырауға
бала берумен айналысқан.
Жетімдерді шетелге жіберу схемасы әбден пысықталған сценарий бойынша
жүргізіліп келеді. Баланың фото-бейнесін болашақ ата-аналарына Қазақстанан
делдалдық агенттіктер жіберіп отырады, сәбиді ұнатса, балалар үйінің
қызметкерлері судьялармен келісіп, шетелге жіберілген фактілер көп, бірақ
олар тіркелмеген. Деректерге қарағанда, осы астан-кестен болып жатқан
тәртіпсіздікті пайдаланып, кейбір кейбір есептер бойынша 100-ден астам
бала, ал кейбір болжам бойынша одан да көп, ешқандай бақылаусыз шекара асып
кеткен. Қалай болғанда да шетелге асырауға бала беру ісіне қатысты жауапты
шенеуніктер, судьялар, сәбилер үйлерінің дәрігерлері кіретін қылмытсы топ
барлығын депутаттардың басып айтқаны белгілі.
Құқық қорғау органдарына Қылмыстық кодекстің 133- бабына сәйкес
кәмелетке толмаған балаларды сату деген айыппен көптеген адамдардың үстінен
іс көтеруге болатын еді. Бірақ, өкінішке орай ондай істер қозғалмады.
Сонымен бірге, шетелдіктер сәбилердің органын донорлық мақсатқа
пайдаланады деген айыптар да айтылды. Англияда Адам мүшелерін сату
бизнесі атты кинофильм шықты. Испанияда Балалар қосалқы бөлшектерге атты
кітап шықты, Францияда Көздерді аулаушылар атты фильм түсірілген. онда
дені сау сәбилердің көздерін ауру сәбилерге салу жөніндегі материалдар
берілген. Сол сияқты олардың бүйректерін де алып, ауру сәбилердің бүйрегіне
алмастырады деген материалдар бар. бірақ, бұлар қылмысты істер және бола
қалса, өте құпия жағдайда жасалады. Сондықтан, бүгін Қазақстан балалары
донорлық орган ретінде пайдаланады деген пікірді қолдауға негіз жоқ. Бірақ,
есепсіз кеткен сәбилердің тағдыры туралы ойлағанда, ондай болжамдар да
айтылып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалық шақ адамның бастапқы өмірінің белгілі бір бөлігі
Әлеуметтік педагогтың жетім балалармен жұмысы
Жетім балаларға әлеуметтік көмек көрсетудегі өзекті мәселелер
Жетім балалар
АТА - АНАСЫНЫҢ ҚАРАУЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Баланы асырап алу тәртібі
Қазақстан Республикасындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынан айрылған балалардың әлеуметтік мәселелері
Қараусыз қалған балалармен әлеуметтік жұмыс жүргізу
Отбасымен, жасөспірімдермен және жастармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізу
Жетім балаларды әлеуметтік қорғау
Пәндер