Информатикадан оқушылардың іс-әрекетін бақылау мен бағалау негіздері


МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3

1-тарау. Оқушылардың білімін бақылау және бағалаудың теориялық аспектілері . . . 6

  1. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін бағалау……. . 6
  2. Оқушылардың білімін бақылаудың түрлері………. . . 17
  3. Оқушылардың білімін бақылаудың әдістері және оны ұйымдастыру түрлері. 25

2-тарау. Информатикадан оқушылардың іс-әрекетін бақылау мен бағалау негіздері . . 36

  1. Білімді бақылау мен бағалауды іс-әрекеттік тұрғыда қарастыру… . . . 36
  2. Информатикадан оқушылардың оқу іс-әрекетін бақылау әдістері. . …42
  3. «Информатикадан оқушылардың іс-әрекетін бақылау тапсырмалары» атты электрондық құралы. 46

Қорытынды . . 59

Қолданылған әдебиеттер 60

Қосымша . . . 62

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі уақытта білім беру аумағында әрбір оқушының білім алу қажеттілігін қамтамасыз ететін оқыту жүйесін құру мақсатында, ғылыми-зерттеушілік және инновациялық іс-әрекеттің дамуына ерекше көңіл бөлініп отыр. Жаңа білім беру жүйесінің қалыптасуы жеке тұлғаның дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, оқу іс-әрекетінің нәтижесін бақылау мәселелерін зерттеуді де қажет етеді. Бақылау мазмұнының мәні бақылаудың әдістері мен тәсілдерін қолдану, оны ұйымдастыру қоғамдық-экономикалық қатынастардың, ақпараттық технологияның дамуы мен білім беру аумағындағы өзгерістер сияқты бірқатар себептерге байланысты анықталады. Тек бақылау ғана білім стандартына сай оқушылардың білім деңгейін, практикалық дағдылары мен біліктіліктерін дер кезінде анықтап, информатиканы оқыту әдістемесі мазмұны мен әдістемесіне түзету енгізуге мүмкіндік береді.

Информатиканы оқытудың методикалық жүйесінің даму аймағында жүргізілген зерттеулер: С. А. Бешенков, А. П. Ершов, С. А. Жданов, А. А. Кузнецов, Э. И. Кузнецов, М. П. Лапчик, В. Л. Матросов, И. В. Роберт, ЮА. Шафрин және т. б. еңбегінде көрсетілген.

Бақылаудың мазмұнының, оны ұйымдастырудың, оны жүргізудің әдістері мен тәсілдерінің маңыздылығы келесі себептерге байланысты анықталады: қоғамдық-экономикалық қарым-қатынастың, ақпараттық технологиялардың дамуымен, білім беру аумағындағы өзгерістермен. Бақылау білімнің, практикалық дағдының және білім беру стандартына сәйкес білім алушының білігінің уақытылы көрінуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар білім мазмұнына, ұйымдастырылуына және информатиканы оқыту әдісіне, мұғалімнің іс-әрекетіне, олардың педагогикалық мәдениетінің дамуына өзгертулер енгізеді.

Бақылаудың негізгі міндеті - оқушының алған білімінің дұрыстығының, көлемінің, тереңдігінің және шындығының деңгейін анықтау және оқу іс-әрекеті туралы, дербестігінің деңгейі және оқушының оқу үдерісіндегі белсенділігі туралы ақпарат алу, олардың оқуының әдіс, тәсіл және формаларының тиімділігін анықтау болып табылады.

Оқушылардың оқу іс-әрекетінің басшылық функциясын орындай отырып, бақылау кезінде үнемі баға қойылмайды. Ол оқушылардың жаңа тақырыпты қабылдауына дайындық ретінде жүруі мүмкін, оқушының білім, білік және дағдыны түсінуге, қорытындылауға және жүйелеуге дайындығын анықтау ретінде жүргізіледі. Бақылау маңызды оқытушылық және дамытушылық мағынаны білдіреді.

Бақылаудың психологиялық-педагогикалық функциясы оқушының біліміндегі кемшіліктерді және осы кемшіліктерді жою мақсатында оның себептері мен сипатталуын анықтаудан тұрады. Мұғалімге оқушының білімді түсінгендігі туралы және ол қандай жолмен жүзеге асқандығы туралы ақпарат алу өте маңызды.

Бақылау сонымен қатар білім беру үдерісінде үлкен тәрбиелік қызмет атқарады. Ол тек оқушының ғана емес сонымен қатар мұғалімнің де орындалған жұмысқа жауапкершілікпен қарауын арттырады. Оқушыны оқу тапсырмаларын орындау барысында ұқыптылық пен жүйелі еңбек етуге үйретеді.

Білімді тексеру оқушының оқу іс-әрекетін бақылаудың педагогикалық формасы болып табылады. Мұғалім оқушылардың барлық бағдарламалық материалды түсінгендігіне көз жеткізу үшін білімді бақылаудың арнайы түрін пайдаланады. Бақылауды білімді жай ғана бақылап қоятындай етіп емес, алған білімін толықтай тексеретіндей етіп жасау керек.

Тексеру - оқушылардың тұрақты білімге деген ынтасы.

Оқушылардың білімін тексеру - мұғалімнің өзін-өзі бақылауының маңызды формасы. Сондықтан бақылау білім берудің маңызды және қажетті құрамдас бөлігі болып саналады.

Зерттеудің мақсаты: Информатикадан оқушылардың оқу іс-әрекетін бақылау мен бағалауды іске асырып, білімді бақылаудың тиімді әдістері мен жолдарын қарастыру.

Зерттеу нысаны - жалпы орта білім беру мектептерінде информатиканы оқыту үрдісі.

Зерттеудің пәні - информатиканы оқыту барысында оқушылардың оқу іс-әрекетін бақылау әдістемесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы - егер, информатиканы оқыту барысында бақылау тапсырмаларының оқыту мазмұнына сәйкестігі, сонымен қатар оқыту нәтижелерін бағалауда тапсырмалардың қиындық дәрежесі ескеріліп, оқушылардың оқу іс-әрекетін бақылауда деңгейлік тапсырмаларды пайдаланып және бақылау тапсырмалары педагогикалық ғылыми негізде сұрыпталып алынса, онда білімді бақылау әдістемесінің тиімділігі артып, оқушылардың білім сапасы артады.

Зерттеудің міндеттері:

  • ғылыми және әдістемелік әдебиеттерге шолу жасау;
  • мектептегі информатика пәнінен оқушылардың білім, білік және дағдыларын бақылау мен бағалаудың әртүрлі әдіс, тәсіл және түрлерін қарастыру;
  • информатика пәніндегі оқушылардың оқу іс-әрекетін бақылау мен бағалаудың әдістерін көрсету.
  • білімді бақылаудағы іс-әрекет түрлеріне сүйене отырып «Информатикадан оқушылардың іс-әрекетін бақылау тапсырмалары» атты электрондық құрал жасау.

Зерттеудің теориялық негіздері: педагогика, психология аумағы бойынша (В. Д. Шадриков, М. Н. Шардаков, В. П. Беспалько, З. И. Калмыкова, И. С. Якиманская және т. б. ), информатиканы оқыту әдістемесі мен теориясы (Е. Ы. Бидайбеков, С. К. Кариев, М. П. Лапчик, Ж. К. Нұрбекова және т. б. ) . Педагогикалық іс-әрекеттер субъектісі ретінде қалыптасу, жеке тұлғаға бағытталған оқыту теориялары мен ұстанымдары зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізін қалайды.

Зерттеудің әдістері: ғылыми, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау; озық педагогикалық тәжірибелерді оқып-үйрену; оқыту үрдісін бақылау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі : білімді бақылаудың түрлерін, әдіс-тәсілдерін меңгере отырып, білім беру стандартында белгіленген мазмұндық желілерге, білімді бақылаудың іс-әрекеттік негіздегі түрлеріне сүйене отырып «Информатикадан оқушылардың білімін бақылау тапсырмалары» атты электрондық құрал жасау.

Дипломдық жұмыстың құрылымдық мазмұны: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1-ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

  1. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін бағалау

Бағалау - бұл оқушының білімін балл жүзінде анықтау немесе көрсету. Бағалау - оқушының білім алу нәтижесінде жеткен жетістігін анықтау болып табылады. Қазіргі даму кезеңінде білім берудің негізгі мақсаты оқушыны жеке тұлға ретінде дамыту болғанына байланысты, мұғалімнің бағалау іс-әрекетінің келесі параметрлері анықталады:

  • пәндік білім-білік-дағдыны түсінудің сапасы, оның білім беру стандартында көрсетілген талаптарға сай болуы;
  • мектеп оқушыларының оқу іс-әрекетінің қалыптасу деңгейі;
  • ойлау іс-әрекетінің негізгі сапасының даму деңгейі (бақылай білу қабілеті, талдай білу, салыстыра білу, оқу міндеттерін шығармашылық түрде шешу және т. б. ) ;
  • танымдық белсенділігінің, қызығушылығының және оқу іс-әрекетіне деген қатынасының даму деңгейі.

Бірінші параметр оқытудың нәтижесіне байланысты бағамен бағаланады, қалғандары - сөздік пікірмен бағаланады.

Оқушылардың оқу-танымдық жұмыстарын бақылау нəтижесі сол жұмыстарды бағалаудан көрінеді. Бағалау - білім, білік жəне дағдылардың игерілу дəрежесін анықтау болып табылады.

Бағалау қызметтерінің сандық көрсеткіші - баға, яғни баға оқушылардың білім, білік, дағдылар дəрежесінің шартты сан не ұпаймен белгіленуі.

Оқу нəтижесі тек баға емес, басқа да жолдармен анықталуы мүмкін. Мысалы, ол ауызекі қолдау не қолдамау, алғыс жариялау, мақтау қағазы не медальдармен мадақтау жəне т. б.

Білім бағалауда шынайылылық, білім сапасын анықтаудағы бірыңғай талап үлкен маңызға ие. Себебі, білімдік баға оқушыға ықпал жасаудың өте нəзік құралы. Көтеріңкі баға шəкіртті қуантады, қанаттандырады. Əсіресе, болымсыз бағаның əсері күшті: ол баланың оқуға деген ықыласын арттыруы да не тіпті оқудан бас тартуға ықпал жасауы да мүмкін. Сондықтан да, кейінгі жылдары бағалау, баға қою мəселесі үлкен пікірталас туғызып отыр. Педагогтардың бір тобы сыныптан сыныпқа оқушыны білім сапасына қарамастан өткізуді ұсынуда. Осыған байланысты еліміздегі бағалау проблемасының əр кезеңдегі жайы өз алдына қызықты.

1917 жылға дейін оқушылар білімі балдық жүйеде бағаланды. Баға нөлден беске дейінгі алты баллдық жүйеде қойылды. Кейін нөлдік баға жойылып, бес баллдық жүйе қабылданды.

Оқу нəтижесін балл бойынша бағалау əрқилы көзқарастар туындатты. 1917 жылдан соң тіпті оқу жүйесінде бағалау, баға қоюға қарсылықтар да болды. Кеңестік еңбек мектебінің тұжырымдамасына орай оқу іс-əрекеттері шəкірттің қызығушылығына, дербестігіне, ынталылығына, шығармашылық сипатына негізделуі тиіс болды.

1918 жылы Кеңестік өкімет жарлығымен оқушы білімі мен тəртібін балдық жүйемен бағалау мектеп тəжірибесінен мүлде шығарылды, сыныптан сыныпқа өткізу, куəліктер беру оқушылар білімі жөніндегі педагогикалық кеңес шешімі негізінде орындалатын болды.

Емтихан түрлерінің: қабылдау, ауыстыру, бітірту - ешқайсысы да жүргізілмейтін болды. Сабақ барысындағы оқушыны жеке-дара тексеру де орынсыз деп табылды. Аса қажетті жағдайларда жалпылама сынақтау сипатындағы ауызша сұрақтар мен жазба жұмыстарды ғана өткізуге рұқсат берілетін болды. Оқушылармен өтілген тақырыптар бойынша мерзімді əңгіме-сұхбаттар жүргізу, оқыған кітаптары мен мақалалары бойынша баяндамаларын тыңдау ұсынылды. Оқушылардың жеке таңдауымен өз бетінше орындаған жұмыстары дəріптелді. Дəстүрлі бақылау жүйесі өзіндік бақылаумен ауыстырылды, жеке оқушы табыстары еленбей, ұжымдық жетістіктер негізге алынды. Өзіндік бағалауда тестік бақылау формасы жаппай қолданылды.

Бағасыз оқу бір жағынан тиімді де болды, себебі оқушылардың біршамасында дербес, өз бетінше оқу қабілеттерін дамытты. Дегенмен, мұндай оқу көпшілік жағдайларда оқушылар білімінің, тəртібінің құлдырауына алып келді. Оқушылар мектепте, үйде тиянақты білім игеру жұмыстарын тоқтатты, сабақтарға қатыспайтын болды. Сондықтан да, алғашқыда бақылаудың əрқилы формалары біртіндеп енгізіліп, ал 1932 жылдан жеке оқушының білімі оның даралықты ерекшеліктерін ескерумен жүйелі бағалау принципі негізінде орындалатын болды.

1935 жылдың қыркүйек айынан бастап, бес сөздік (вербалды) баға: “өте жақсы”, “жақсы”, “қанағаттанарлық”, “жаман”, “өте жаман” - енгізілді. Бұл жүйе 1943 жылға дейін сақталды. 1944 жылдың қаңтарынан оқушы білімі мен тəртібін бағалаудың сөздік бағамен сандық баға жүйесімен ауыстыру жөнінде шешім қабылданды.

Реттелген тəртіпте білім есебін жүйелі жүргізу өзін ақтады, оқушылардың оқу дайындығы мен мінез құлық сапасынан көтерілуіне ұнамды себебін тигізді.

Оқу іс-əрекеттерінің нəтижесін балл жүйесінде бағалау көптеген кемшіліктеріне қарамастан өз баламасын таппай отыр. Дегенмен, педагог ғалымдардың көбі сауаттылық дəрежесін бағалаудың мұндай жүйесіне қарсы. Олардың дəйегі:

- білімділік іс-жүзінде үш балдық жүйеде бағаланады (“1”, “2” бағалары білімсіздік көрсеткіштері) .

- білімділікті бағалаудың шынайылығы кем (“5”, “4”, “3” бағалары гимназиялық сыныптарға да, дарынды оқушылар топтарында да, ақыл-есі кем балалар оқуында да бірдей тең қойылады. Ал аталған оқу түрлеріндегі білім игеру нəтижесіне қойылған талаптар əрқилы болатындықтан бағалардың мəні біркелкілігін жояды) .

- оқушылар білімін бағалауда үш балдық өлшем жеткіліксіз (сондықтан да оқытушылар қосымша өлшемдер қолданып жүр: балл жанына “плюс” не “минус” белгілерін қояды) .

Ғалымдар он балдық, он екі балдық тіпті жүз балдық та бағалау жүйелерін ұсынуда.

Бағалаудың функциясы

Оқу үлгерімінің бағасы оқушының объективті білімі мен білігін белгілі түрде көрсететін жүйені сипаттайды.

Педагогикалық энциклопедияда бағалау оқушының алған білім, білік және дағдысының деңгейін оларға мектеп бағдарламасымен берілген талаптарға сәйкес анықтау деп қарастырылады.

Бағалау оқушының білім, білік және дағдысының көлемін, деңгейін және сапасын ескереді.

Бағалаудың бірнеше функциясы бар. Оның функциялары қиын әрі әртүрлі болып келеді.

Бағалаудың бірнеше функциясын атап көрсетуге болады:

  • әлеуметтік функциясы;
  • оқытушы функциясы;
  • тәрбиелеуші функциясы;
  • эмоционалдық функциясы;
  • ақпараттық функциясы;
  • басқару функциясы.

Әлеуметтік функция қоғамның төменгі сынып оқушысының сабаққа дайындығының дәрежесіне қойған талабына байланысты туындайды. Білімділік бұл жағдайда дамуының жастық деңгейін, тәрбиесін және оқушының хабардар болуын, оның жеке тұлғасының танымдық, сезімдік және жігерлік ортасының қалыптасуын білдіретін кең мағынада қолданылады.

Бақылау барысында оқушылардың мемлекеттік стандарт бойынша орнатылған білім-білік-дағдыға жету сәйкестігін анықтайды, ал баға дәрежеге деген әсерін және осы сәйкестіктің сапасын білдіреді (өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, нашар) . Осылайша, соңында бақылау және бағалау жүйесі мұғалім үшін әлеуметшілдігінің (сынып оқушыларының, оқытушылардың, ата-аналардың және т. б. ) және мемлекеттегі осы қоғамдағы және осы даму кезеңіндегі білім берудің қиындықтары мен күйін хабарлауға құрал болады. Бұл өз кезегінде білімнің қазіргі және болашақтағы дамуының бағытын тұспалдауға, өсіп келе жатқан жастардың алатын білім жүйесіне қажетті түзетулерді енгізуге, оқушыға да, мұғалімге де қажетті көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Оқытушы функция дұрыс жауаппен оқушы білімінен алынған жауапты салыстыру нәтижесін анықтайды. Мұғалім оқушының білімді қабылдап, түсінуінің сапасын анықтайды: білімді сезінушілігі мен толықтығын, алған білімін кез келген қалыпты емес жағдайларда қолдана алу біліктігін, оқуміндетін орындау барысында лайықты құралдарды таңдау біліктігін; оқу үлгерімінің динамикасы белгіленеді, мектепте оқып жүрген кезінде және бітіргеннен кейін де қажетті жеке тұлғалық сапасының қалыптасуы, негізгі ойлау амалдарының даму деңгейі(талдау, жинақтау, салыстыру, қорытындылау) ; жұмыстағы қиын ортаны айқындау, тиімді әдістер мен тәсілдерді анықтап белгілеу мүмкіндігі туындайды, қайта талдау, білімнің қандай лайықты мазмұнын кеңейту, ал қайсысын оқу бағдарламасынан алып тастау сияқты әрекеттерді орындайды.

Оқушының оқу іс-әрекетінің нақты нәтижесі қандай екендігі; қандай білімді жақсы, түсінікті қабылдағаны, ал қандай білімді қайталаужәне тереңдетіп оқу керектігі; оқу іс-әрекетінің қай жағы қалыптасқан, ал қай жағын қалыптастыру керектігі белгіленеді.

Тәрбиелеуші функциясы оқудың жарамды себебін қарастыру барысында және оқушылардың төмен баға алуына және уайымына байланысты өзін-өзі бақылауға дайындығында анықталады.

Дұрыс ұйымдастырылған бақылау және бағалау оқушылардың қорытынды бақылау жұмыс алдындағы қорқынышын басады, қобалжушылық деңгейін азайтады, дұрыс, тиімді мақсат орнатуын қалыптастырады, дербестікке, белсенділікке және өзін-өзі бақылауға бағытталады.

Эмоционалдық бақылау кез келген бағалау түрі белгілі бір эмоционалдық фон тудыруына және оқушының тиісті эмоционалды әсерін шақыруына байланысты көрінеді. Шынында да, баға оқушының алға ұмтылуына, алдындағы қиындықты жеңуіне әсерін тигізеді, сонымен қатар, оқушының көңілін түсіріп, «артта қалғандар» қатарына да итермелеуі, өзін-өзі төмен бағалауына, үлкендермен және өзінің құрдастарымен ара қатынасын үзуіне де әсер етуі мүмкін.

Оқытудың нәтижесін тексеру барысында осы маңызды функцияны жүзеге асыру келесі әрекетке байланысты: мұғалімнің эмоционалды әсері оқушының эмоционалды әсеріне сәйкес келуі керек (яғни сонымен бірге қуанып, сонымен бірге қайғыруы қажет) және оны жетістікке жетуге бағыттау, алған нашар бағаларын жақсартуға болатындығына сенім тудыруы керек. Бұл жағдай бастауыш оқыту педагогикасының негізгі заңдарының бірі - бастауыш сынып оқушысы тек жетістікке оқу керек деген заңына сәйкес келеді. Жетістікке жету жағдайы және эмоционалды амандығы - оқушы мұғалімнің қойған бағасын сабырлықпен қабылдаудың, мұғаліммен бірге қателерін талдап, оны жою жолдарын қарастырудың шарты болып табылады.

Ақпараттық функциясы жоспарлау мен болжау диагнозының негізі болып саналады. Оның негізгі ерекшелігі - сәтсіз нәтиженің себебін талдау мүмкіндігі мен оқу үрдісінде сәтсіз нәтижелерді осы үрдісті жетектеуші жағынан да, жетектелуші жағынан да жақсартудың нақты жолдарын ұйғаруында.

Басқару функциясы оқушының өзін-өзі бақылауының дамуы үшін өте маңызды функция болып саналады. Сонымен қатар, оқушы өзінің талдау біліктігін дамытуда және өзінің іс-әрекетін дұрыс бағалауда, педагогтың бағасын дәл қабылдауында басқару функциясы маңызды қызмет атқарады. Мұғалімге басқару функциясы педагогикалық үрдістерді ұйымдастыру кезіндегі кемшіліктер мен жетіспеушіліктерді, өзінің іс-әрекетіндегі қателіктерді («мен нені дұрыс істемедім . . . », « . . . үшін не істеуім керек») анықтау барысында және оқу-тәрбие үрдісіне түзету енгізу кезінде көмектеседі.

Оқушылардың білімін бағалаудағы қиындықтар

Сонымен, білім, білік, дағдыны бағалау - оқушылардың оқытудағы оқу бағдарламасындағы, шартты бейнеленуі белгі болып табылатын, баллмен көрсетілетін үлгілі көрсеткішімен жеткен нәтижесін салыстыру үдерісі.

Жалпылану дәрежесіне байланысты педагогикалық баға парциалды, бекітілген және интегралды болып бөлінеді.

Парциалды баға - бұл педагогикалық бағаның бастапқы формасы. Ол өз кезегінде оқушының мамандығының толықтай жетістігін қамтымайды, тек жеке білім, білік, дағды немесе жеке мінезқұлық пердесіне қатысты. Көбіне, парциалды баға ауызша, ой-пікірдің ауызша баға формасында беріледі және мақтаулы немесе айыпталушы болуы мүмкін.

Бекітілген баға оқушының арадағы немесе аяқталған жетістігін, сабақтағы ынтасы мен тәртібін көрсетеді. Әдетте 5-баллдық шкаланың рангілі мағынасының бір санымен беріледі:

«5» - толық шамада біледі (өте жақсы) ;

«4» - жеткілікті біледі (жақсы) ;

«3» - жеткіліксіз біледі (қанағатанарлықтай) ;

«2» - білмейді (қанағаттанарлықсыз) .

Парциалды және бекітілген бағалар оқушының тұлғасын және мінезқұлқын толықтай анықтайтын педагогикалық бағаның интегралды формасы түрінде педагогикалық мінездеменің негізі үшін қызмет етеді.

Ұсынушылық мүмкіндігіне қарай педагогикалық бағалау тура және жанама болып бөлінеді. Тура бағалау тікелей бағаланушы адамға бағытталған. Жанама бағалау формасында бір оқушыны бағалау басқа бір оқушының бағасы арқылы бағаланады.

Мектептегі және жоғары оқу орындарындағы бағалаудың субъективті қатесінің негізіне:

  • қайырымдылық, аямпаздылық;
  • әдейілеп төмендету;
  • алдын-ала ойластыру;
  • өсімшілдік;
  • орталық беталыс («екілік» және «бестік» баға қоймау) ;
  • басқа мұғалімнің алдыңғы емтихандарда қойған бағасына сәйкес баға қою;
  • оқу пәні бойынша қойылған бағаны тәртібіне байланысты өзгерту және т. б. жатады.

Осыдан әртүрлі оқытушының жеке баға қою стиліндегі келісушіліктің, білім, білік, дағдыны игеруге қойылатын талаптардың бірегейлігінің қиындықтары туындайды. Бұл қиындықты біртіндеп шешу дидактикалық тестерді пайдалану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Пайдаланылып отырған оқыту жүйесінің альтернативі ретінде педагогтар сабақтың бір бөлігін арнайы бақылауға бөлуден бас тартып отыр және белгі қоймай оқытудың болашақтығын дәлелдеп отыр.

Осы «белгі-баға» жанжалды жағдайдан шығудың бірден-бір жолы оқытуға рейтингілі жүйені кірістіру болып табылады.

Бақылаудың рейтингілі жүйесі маңызды дәрежеде оқытудың теңестірілген жүйесінің негативті жағын жояды. Нәтижесінде орталанған озаттардың, жақсы оқитындардың тобы жойылады. Олардың орнына «бірінші», «бесінші», «жүзінші» пайда болады. Рейтінгілі жүйені пайдалану өтілген тақырып бойынша тиісті емес (кездейсоқ) баға алуды төмендетеді, себебі қорытынды баға оқушының толық оқу барысында жасаған жұмысының (реферат жазу, олимпиапаға қатысу және т. с. с. ) нәтижесінен шығады.

Рейтингілі жүйе оқушының рейтингілі бағасының жоғары болуына көңіл бөлуіне әсер етеді, сабаққа дайындалу барысында адал жұмыс жасауына итермелейді.

Бір қарағанда оқушы жақсы баға алуына қажетті балл жинағаннан кейін сабаққа дайындалуды тоқтататындай болып көрінуі мүмкін. Бірақ көп жағдайда оқытуда салыстыру механизмі жүреді. Топтық рейтингіде белгілі бір орын алған оқушы төменге түскісі келмейді, себебі олар үшін ол жеке басының сәтсіздігі ретінде қабылдануы мүмкін.

Баға қоюдың критерийлері

Оқушылардың білімін бақылау бағалаумен тығыз байланысты. Сонымен қатар, бұл оқушының білімін бақылаудың қажетті элементі болып табылады. Бағаның дұрыс, әділ қойылуы оқушының болашақта сабаққа дайындалуына әсер етеді, яғни алатын білімінің сапасына да әсер етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика пәні бойынша критерийлі-бағытталған тест тапсырмаларын жасау әдістері.
Информатика курсын оқыту құралдарының жүйесі
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Операциялық жүйені оқыту әдістемесі
ИФОРМАТИКА САБАҒЫН ОҚУШЫЛАРҒА ҚОСЫМША ОҚЫТУ
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстың ерекшеліктері
Информатиканы продуктивті оқыту әдістері
Электрондық кестенің көмегімен мектеп информатика курсы бойынша көпнұсқалы тестер жасау әдісі
Информатика пәнінен қазіргі таңдағы бақылау, тексеру, бағалауды ұйымдастыру жолдарын қарастыру
Информатика пәнін бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz