Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары ... ... ... ... ... . 6
1.1 Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының кызметі ... ... ... 6
1.2 Ішкі істер органдары қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері. 18
2. Қазақстан Республикасындағы әкімшілік жазалау ... ... ... ... ... ... 22
2.1 Әкімшілік жаза түсінігі мен түрлері. Әкімшілік қамтамасыз ету және алдын алу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
22
3. Әкімшілік жазалауды әкімшілік реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
3.1 Әкімшілік құқық бұзушылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 44
3.2 Әкімшілік.құқықтық қатынастардың құрылымы және түрлері ... ... 54
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 60
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62
Зерттеудің өзектілігі: Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың,мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес.
Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгіңлейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптарын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады.
Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады:
а) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен;
ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен;
б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен.
Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары мен міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп әр түрлі органдар құрылады.
Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған: Оған мыналар жатады: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы және т.б., сот органдары,адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі және т.б.
Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді. Біз бұл зерттеу жұмысымызда ішкі істер органдарының қызметі мен міндеттеріне, және олардың құрылымына толығырақ тоқталатын боламыз.
Ішкі істер органдары тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатыстылығына, саяси және өзге де көзқарастарына, тұрғылықты жеріне немесе өзге де белгілеріне қарамастан, әрбір адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтайды және құрметтейді.
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы. 1995 ж. (02.02.2011 жаңартылған).
2 Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы заңы 23.04.2014ж.
3 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша.
4 Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексі (05.07.2014).
5 ҚР Мемлекеттік қызметкерлер туралы Заң, 01.01.2015ж.
6 Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы ҚР Заңы, 01.01.2015ж.
7 ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы ҚР заңы, 01.01.2015ж.
8 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, 03.07.2014;
9 Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі, 04.07.2014.
10 «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы (01.01.2015 жаңартылған)
11 «Қылмыстық-атқару жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 Бұйрығы
12 «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 03 шілдедегі Заңы (01.01.2015 жаңартылған).
13 «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы (01.01.2015 жаңартылған)
14 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы ҚР Заңы (01.01.2015 жаңартылған)
15 Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдер туралы заңы (29.12.2014 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
16 ҚР нормативтік құқықтық актілер туралы ҚР Заңы, 01.01.2015ж.
17 Қоғамдық бірлестіктер туралы ҚР Заңы 2014 жылғы 24 шілде
18 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы ҚР Заңы, 01.01.2015ж.
19 Баянов «Мемлекеттік құқық негіздері» Алматы 2003ж.
20 Құнқожаев «Құқық негіздері»
21 Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.
22 Бахрах Д.Н. Административное право.М.:БЕК,»1993.
23 Таранов А.А. Коментарий к Кодексу об административных правонарушениях, в двух книгах. Алматы. Норма-К.2002.
24 Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
25 Ағыбаев А. Қылмыстық құқық. Оқулық. Жалпы бөлім. Алматы, 2001ж.
26 Айымханова Н. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы. Оқу құралы. Алматы, 2002ж.
27 Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқу құралы. ҚазМСҚА. Алматы, 2001ж.
28 А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ.Айтхожин «Құқықтану» Алматы 2006 ж.
29 Найманбаев С. Салықтық құқық. Оқу құралы. Алматы, 1996ж.
30 Алексеев С.С. Теория государства и права
31 “Заң және заман” газеті, 2003 жыл.
32 “Заң және заман” журналы 2004 жыл.
33 Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары 6
... ... ... ... ... .
1.1 Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының 6
кызметі ... ... ...
1.2 Ішкі істер органдары қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері. 18
2. Қазақстан Республикасындағы әкімшілік жазалау 22
... ... ... ... ... ...
2.1 Әкімшілік жаза  түсінігі мен түрлері. Әкімшілік қамтамасыз ету
және алдын алу 22
шаралары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...
3. Әкімшілік жазалауды әкімшілік реттеу 44
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
3.1 Әкімшілік құқық 44
бұзушылық ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..
3.2 Әкімшілік-құқықтық қатынастардың құрылымы және түрлері ... ... 54
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қолданылған әдебиеттер 62
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық
салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен
сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы,
экономиканың,мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің
артуы мүмкін емес.
Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық
ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының
құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгіңлейді. Мемлекет өзі
қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптарын
бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады.
Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады:
а) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу
жолымен; 
ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен;
б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен.
Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары мен
міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп әр түрлі органдар құрылады.
Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған: Оған
мыналар жатады: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары,
прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт,
санитарлық, қаржы және т.б., сот органдары,адвокатура, нотариаттар,
кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі
және т.б.
Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер
министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет
министрлігінің құрамында әрекет етеді. Біз бұл зерттеу жұмысымызда ішкі
істер органдарының қызметі мен міндеттеріне, және олардың құрылымына
толығырақ тоқталатын боламыз.
Ішкі істер органдары тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік
жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатыстылығына, саяси
және өзге де көзқарастарына, тұрғылықты жеріне немесе өзге де белгілеріне
қарамастан, әрбір адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерін сақтайды және құрметтейді.
Ішкі істер органдары заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысанына
қарамастан, өз құзыреті шегінде олардың құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғауды қамтамасыз етеді.
Ішкі істер органдары жеке тұлғаларға білікті заң көмегіне құқығын іске
асыру, адамның ұсталғаны туралы туыстарына хабарлау мүмкіндігін қамтамасыз
етеді, қажет болған жағдайда ұсталған адамдарға медициналық және өзге де
көмек көрсетуде жәрдемдеседі, сондай-ақ тұлғаның немесе оның отбасының
өміріне, денсаулығына, мүлкіне ұстаумен немесе қамаумен байланысты төнген
қауіпті жою бойынша шаралар қабылдайды.
Ішкі істер министрлігі (ІІМ), оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге
де құрылымдық бөлімшелер, оған бағынатын облыстардың, республикалық маңызы
бар қалалардың ішкі істер басқармалары және қалалык, аудандық, ауылдық,
көліктегі жол бойының ішкі істер органдары, ішкі әскерлер, оқу орындары мен
өзге де ұйымдары ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.[1]
Әкімшілік жазалар  әкімшілік бұлтартпау шараларымен  өте ұқсас болып
келеді, өйткені оларды мәжбүрлеу шараларын қолдану  негіздерінің ортақтығы
біріктіреді, сондай – ақ  осы мәжбүрлеу шараларының  ортақ мақсаты —  жаңа
құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Бірақта,  әкімшілік
бұлтартпау шаралары  жазалау шаралары болып табылмайды және олар, ең
бастысы,  құқық бұзушылықты тоқтатуға және  құқық бұзушыны жасаған құқық
бұзушылық сипатына  сәйкес  жауапкершілікке тарту  мүмкіндігінне
бағытталған. Әкімшілік бұлтартпау шаралары  көбінесе  әкімшілік  жаза
шараларын  қолданудың алғы шарты болып табылады.
Ішкі істер органдарының бүкіл жүйесінің қызметіне лауазым бойынша ішкі
әскерлердің қолбасшысы болып табылатын ІІМ басшылық жасайды. Оны Республика
Премьер-министрінің ұсынуы бойынша Президенттік қызметке тағайындайды және
қызметінен босатады. ІІМ ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне басшылық
жасайтын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: ішкі істер органдарының теориялық және әдістемелік
ережесін анықтап, оның мазмұны мен мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет
көздерін зерттеу және мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу
негізінде, оның қызметінің теориялық сипатын беру.
Зерттеудің міндеті:
-Ішкі істер органдарының даму тарихына шолу жасай отырып оның міндеттері
мен құқықтарын анықтау;
-Әкімшілік жазалау үрдісіне шолу жасау;
-Ішкі істер органдарының әкімшілік жазалауды қолдану үрдісін қарастыру.
Диплом жұмысының пәні: Қазақстан Республикасындағы Ішкі істер органдары.
Зерттеудің объектісі: Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының
әкімшілік жазалауды пайдалану ережелері және оларды жүзеге асыру
тәжірибесі.
Зерттеудің әдісі: Диплом жұмысын жазу барысында логикалық, талдау,
синтездеу, салыстырмалы тәсіл, тәжірибе жинақтау сынды әдістер қолданылды.
Диплом жұмысының теориялық негіздері: Диплом жұмысын зерттеу барысында
Қазақстан Республикасы Конституциясы басқа да заңдар мен нормативтік
құқықтық актілер қолданылған.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы: Диплом жұмысы материалдарын осы саладағы
одан арғы ғылыми зерттеуге пайдалануға және оқу процесінде әкімшілік құқық,
ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі бойынша тиісті арнайы курс
шеңберінде пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Диплом жұмысында ішкі істер органдарымен
жүзеге асырылатын әкімшілік жазалау, мәжбүрлеу сынды жағдайлардың құқықтық
режимі және оларды тәжірибеде қолдану бойынша ІІО-ның функцияларына кешенді
зерттеу жүргізілген және талдау жасалынған.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан
және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына
және міндеттеріне сәйкес келеді. 

1. Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Органдары

1.1 Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қызметі.

Iшкi iстер органдарындағы қызмет  — Қазақстан Республикасы азаматтарының өз
қызметтiк мiндеттерi мен мемлекет пен халық алдындағы қызметтiк борышын
атқарумен байланысты мемлекеттiк қызметтiң айрықша түрi. Қызмет өкеру
олардң тарапынанбiлдiрiлген ерекше сенiм болып табылады және IIО
қызметкерiнiң адамгершiлiгi мен моральдық-этикалық бейнесiне жоғары
талаптар қояды.
Қоғам IIО қызметкерi жүзеге асыратын кәсiби қызметiне өзiнiң барлық
күшжiгерiң бiлiмi мен тәжiрибесiн жұмсайды және қоғамға әдiл әрi қаптқысыз
қызмет етедi деп есептейдi.
Қазақстан Республикасының IIО қызметкерелiнiң осы ар-намыс кодексi
(Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң қызметтiк
этикасы ережесi) (бұдан әрi — Кодекс) Қазақстан Республикасының iшкi iстер
органдары туралы 1995 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Заныңа, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы 1998 жылғы 2 шiлдедегi
Қазақстан Республикасының Заныңа, Қазақстан РеспубликасыПрезидентiнiң 2005
жылғы 3 мамырдағы Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы қызметтiк
этикасы ережесi) және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға
сәйкес iшкi iстер органдары қызметкерлерi мiнез-құлқының негiзгi
стандартарын белгiлейдi. [2]
IIО қызметкерi осы Кодекстi сақтау жөнiндегi барлық қажеттi шараларды
қабылдауға мiндеттi.
IIО қызметкерлерi өз қызметiнде:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң саясатын жақтауға және оны дәйектi
жүзеге асыруға, өзiнiң iс-әрекетiмен мемлекеттiк биiлiктiң беделiн
нығайтуға, мемлекет мүдделерiн қорғауға; Қазақстанның беделiн түсiретiн iс-
әрекеттер жасауға жол бермеуге;
Конституцияны бұлжытпай сақтай және Қазақстан Республикасының заңдарына,
Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне және Қазақстан
Республикасының өзге де құқықтық актiлерiне сүйене отырып, заңдылықтар
қағидаттарын басшылыққа алуға;
азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сақтау мен
қорғауды қамтамасыз етуге, адамның және азаматтаң құқықтары мен
бостандықтарын бұзұға бастайтын iс-әрекеттерге жол бермеуге;
Қазақстан халқының бiрлiгi мен елдегi ұлтаралық татулықты нығайтуға
жердемдесуге;
мемлекеттiк, әскери және қызметтiк тәртiптi бұлжытпай сақтауға, Қазақстан
Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы
адамдарының Антының талаптарын бұлжытпай сақтауға, өзiнiң азаматтық және
қызметтiк борышын қалтқысыз және адал орындауға, қылмысқа қарсы күресте
табандылық пен батылдық танытуға, қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi
қызметтi өткеру, қылмыстарды ашу және тергеу кезiнде тиiмдi және кәсiби
тұрғыдан iс-қимыл жасауға;
жоғары кәсiби жұмыс үшiн барлық күш-жiгерiн жұмсауға, сенiп тапсырылған
мемлекеттiк мүлiктерге ұқыппен қарап, оны ұтымды әрi тиiмдi пайдалануға;
бекiтiлiп берiлген қарудың, басқа да қару-жарақ пен арнайы техниканың,
қызметтiк құжаттардың және куәлiгiнiң сақталуын қамтамасыз етуге; дене күшi
мен арнайы құралдарды мәжбүрлi және заңды түрде қолданған кезде ұстамдылық
танытуға, бұл ретте қызметкердiң iс-әрекетi маңайындағыларға түсiнiктi
боолуы тиiс;
сыбайлыс жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұруға;
IIО қызметкерiнiң жеке мүдделерiн қозғайтын мәселелер жөнiнде шешiмдер
қабылдауға қатысы бар адамдардың қызметiне араласпауға;
кәсiпкерлiк қызметке негiзсiз араласу фактiлерiне және жекелеген шаруашылық
жүргiзушi субъектiлердiң мүдделерiн сүйемелдеу жағдай-ларына жол бермеуi
тиiс;
қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде белгiлi болған құпия ақпараттарды,
мемлекеттiк құпияларды және басқа заңмен қорғалатын құпияларды
пайдакүнемдiк мақсатта жария етпеуге және пайдалануға жол бермеуге;
қызметi жоғары немесе темен тұрған не өзiмен қызмет немесе жұмыс бойынша
өзге де тәуелдiлiктегi адамдармен ақшалай немесе өзге де мүлтiк сипаттағы
құмар ойындарға қатыспауға;
қызметтiк мiндеттерi орындаумен байланысты жеке және заңды тұлғалардың
сыйлықтар қабылдау және қызметiн пайдалану фактiлерiне жол бермеуге;
заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, қазақстандық немесе шетелдiк жеке
және заңды тұлғалар есебiнен мемлекетiшiлiк және шетелдiк туристiк, емдеу-
сауықтыру және өзге де сапарларға шақырулардан бас тартуға;
өзiнiң iске көзқарасымен және жеке мiнез-құлқымен ұжымда орнықты және
жағымды моральдық-психологиялық жағдай тұғызуға ықпал етуге;
мемлекеттiк органдардың тиiмдi жұмыс жасауына және олардың қызметкерлерiнiң
қызметтiк мiндеттерiн тиiсiнше орындауына бөгет болатын iс-әрекеттерге
қарсы тұруға; өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн қалқысыз және адал орындауға,
адамдардың өмiрiн құтқаруға, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жолын
кесудi талап ететiн жағдайда қауiп төнiп тұрған адамның алдында батылдық
танытуға;
кадрларды жерлестiк және өзiне берiлгендiк белгiлерi бойынша iрiктеу мен
орналастыру жағдайларына жол бермеуге;
қызметтегi әрiптестер тарапынан осы Кодекстiң талаптарын бұзу фактiлерiне
жол бермеуге және олардың жолын кесуге;
нысандық киiм кию ережелерiн бұлжытпай сақтауға, оны кадiр-құрметпен киюге,
әрқашан жинақы және ұқыпты болуға;
қызметте, тұрмыста өзiн қоршаған адамдармен қарым-қатынаста жоғары
парасаттылық пен әдептiлiк танытуға және қоғамда әдiлетке деген сенiмнiң
нығаюына ықпал етуге мiндеттi.
Азаматтармен және заңды тұлғылармен қарым-қатынастарда мемлекеттiк билiктiң
өкiлi ретiнде iшкi iстер органдарының қызметкерлерi:
азаматтардың мемлекет институттарына сенiмiн нығайтуға ықпал ету;
қарапайымдылық танытуы, өзiнiң лауазымдық жағдайың оның iшiнде көлiк,
сервис және өзге де қызметтердi алу кезiнде баса көрсетпеуге және
пайдаланбауы;
өзiнiң iс-әрекеттермен және шешiмдерiмен қоғам тарапынан негiздi сынға
ұшырамауға сынағаны үшiн қудалауға жол бермеуi, оған төзiмдiлiкпен қарауы,
оң сын-ескертпелердi, көмшiлiктердi жою мен өзiнiң кәсiби қызметiн жақсарту
үшiн пайдалануы;
өтiнiштердi қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салу көрiнiстерiне жол
бермеуi, олар бойнша заңда белгiленген мерзiмде қажеттi шаралар қолдануы;
шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайларына жынысына,
нәсiлiне, ұлтына, тiлiне дiнге, қарым-қатынасына, сенiмiне, тұрғылықты
жерiне немесе кез-келген өзге де жағдайларға қарамастан адамның және
азаматтың ар-намысы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуi;
жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, мемлекеттiк тiлге
және басқа тiлдерге, Қазақстан халқының салттары дәстүрлерiне құрметпен
қарауы;
сыпайы және әдептi болуы тиiс.
Өзiне бағынысты қызметкерлерi болатын қызметкерлер:
бағынысты қызметкерлердiң мiндеттерi мен қызметтiк өкiлеттiктерiнiң көлемiн
олардың атқаратын лауазымдарына сәйкес дәл айқындауы, бағынысты
қызметкерлерге анық орындай алмайтын өкiмдер бермеуi және олардан қызметтiк
мiндеттерiнiң шеңберiнен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуi;
бығынысты қызметкерлерiне қатысты негiзсiз айыптауларға, дерекiлiк
фактiлерiне, адамдық қадiр-қасиетiн кемсiтуге, жөнсiздiкке жол бермеуi;
қарамағындағы қызметкерлердi құқыққа қайшы iс-қылықтар немесе жалпы жұрт
қабылдаған этика нормаларына жат iс-қылықтар жасауға мәжбүр етпеуi;
iшкi iстер органдарының жас қызметкерлерiне жинақтаған бiлiмi мен
практикалық жұмыс тәжiрибесiн үйретуi; күнделiктi қарамағындағыларды
Конституцияны; Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтау, ымыраға
келмейтiн өрескелдiк пен мейiрiмсiздiкке дұрыс қарау рухында тәрбиелеуi;
қарамағындағылардың әлеуметтiк-құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуi,
ардагерлерге, қызметкерлердiң, оның iшiнде қызмет бабында қаза болған
қызметкерлердiң отбасыларына қамқорлық көрсетуi;
қарамағындағы қызметкерлердiң осы Кодекстiң нормаларын сақтауын қамтамасыз
етуi;
осы Кодекстi бұзу фактiлерiне принциппен көңiл аударуы, кiнәлi адамдарды
жауапкершiлiкке тартуы;
қарамағындағы қызметкерлерге осы Кодекстiң нормаларын сақтауын жеке үлгi
көрсетуi тиiс.
IIО қызметiнiң мәселелерi бойынша көпшiлiк алдында оның басшысы немесе
органның бұған уәкiлеттiк берiлген лауазымды тұлғалары сөйлейдi.
Қызметкерлер IIО беделiне ңұқсан келтiрмей, пiкiрталасты әдептi түрде
жүргiзуi тиiс.
IIО қызметкерлерi мемлекеттiк саясат және қызметтiк iсiнiң мәселелерi
жөнiндегi өз пiкiрiн, егер ол:
мемлекет саясатының негiзгi бағыттарына сәйкес келмесе;
жариялауға рұқсат етiлмеген қызметтiк ақпараттарды ашатын болса;
мемлекеттiң лауазымды тұлғаларының атына әдепке сай емес сөздер айтудан
тұрса, көпшiлiк алдында бiлдiрмеуi тиiс.
IIО қызметкерiнiң атына коммерциялық ұйымдарды басқаруы жәненемесе
кәсiкерлiк қызметпен айналасуы, бiреудiң мүдделерiн сүйемелдеуi жөнiнде
көпшiлiк алдында негiзсiз айыптау болған жағдайда, ол тиiстi түрде мұндай
айыптауларды терiске шығаратын ақпаратты жариялауы тиiс.
IIО қызметкерiн сыбайлас жемқорлық жасады деп көпшiлiк алдында айыптаған
жағдайда, ол бұл айыптауларды терiске шығару, оның iшiнде сот арқылы
терiске шараларын қабылдауы керек.
IIО қызметкерелерiнiң осы Кодекстi сақтауы олардың қызметтiк борышы болып
табылады.
Осы Кодексте көзделген талаптарды бұзғаны үшiн IIО қызметкерлерi Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жауапкершiлiкке тартылуы
мүмкiн.
Мемлекеттiк органдардың ұжымдары мемлекеттiк қызметкерлердiң осы Кодекстi
орындамауы фактiсiн басшысының шешiмi бойынша қарай алады және қоғамдық
талқылаудың қорытындысын шығарады.
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының құқықтық мәртебесі.
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары (бұдан әрі – ішкі істер
органдары) қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
және әкімшілік құқық бұзушылықтарға, қылмысқа қарсы іс-қимыл жасау
жөніндегі функцияларды, сондай-ақ анықтауды, алдын ала тергеуді,
криминалистикалық және жедел-іздестіру қызметін, қылмыстық жазалардың және
өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының орындалуын жүзеге асыратын
құқық қорғау органы болып табылады.
Ішкі істер органдарындағы қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының
мемлекеттік қызметінің Қазақстан мемлекеті мен халқы алдында қызметтік
міндеттері мен қызметтік борышын орындауға байланысты ерекше түрі.
Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды
қоспағанда, өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде ішкі істер органдарының
қызметіне араласуға, сондай-ақ оларға заңнамамен жүктелмеген міндеттер мен
функцияларды орындауға оларды тартуға тыйым салынады.
Ішкі істер органдары қызметінің құқықтық негізі
Ішкі істер органдары қызметінің құқықтық негізін Қазақстан
Республикасының Конституциясы, Құқық қорғау қызметі туралы Қазақстан
Республикасының Заңы, өзге де нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар құрайды.
Ішкі істер органдарының мақсаты мен міндеттері.
Ішкі істер органдары Қазақстан халқына қызмет етуге және жеке тұлғалардың
құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, қоғамның, мемлекеттің,
заңды тұлғалардың заңды мүдделерін қылмыстық және өзге де құқыққа қайшы қол
сұғушылықтардан қорғауға арналған.
Ішкі істер органдарының міндеттері:
1) адам мен азаматты, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ
қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қылмыстық және өзге де құқыққа қайшы
қол сұғушылықтардан қорғау;
2) құқық бұзушылықтардың профилактикасы;
3) қылмысқа қарсы күрес;
4) қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті, оның iшiнде
төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезінде қамтамасыз ету;
5) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол жүрісі қауіпсіздігі
саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және мемлекеттік органдардың
қызметін үйлестіру;
6) құзыреті шегінде көші-қон процестерін реттеу, халықтың көші-қоны
саласында мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру;
7) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, оларға ұқсас заттар мен
прекурсорларының айналымы саласында мемлекеттік саясатты және мемлекеттік
бақылауды іске асыру, олардың заңсыз айналымына және оларды теріс
пайдалануға қарсы іс-қимыл жасау;
8) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарының айналымын мемлекеттік
бақылауды жүзеге асыру;
9) күзет қызметiн, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждауды, орнатуды
және техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын субъектiлердiң қызметiн
мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
10) қылмыстық жазаларды, әкiмшiлiк жазалауларды орындау және
сотталғандардың түзелуін ұйымдастыру;
11) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, оған жақын орналасқан аумақта
және арнайы мекемелерде заңдылықты, құқықтық тәртіпті және ұстау режимін
қамтамасыз ету;
12) мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді, жеке тұлғаларды күзету, аса
маңызды және ерекше режимдегі объектілерде, Қазақстан Республикасының
аумағында режимдік және күзет іс-шараларын жүзеге асыру;
13) жәбірленушілерді, куәгерлерді және қылмыстық сот өндірісінің өзге де
қатысушыларын мемлекеттік қорғау;
14) криминалистикалық зерттеулерді жүзеге асыру;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер
көрсету болып табылады.
Ішкі істер органдары қызметінің принциптері, өзара
іс-қимыл жасау және ынтымақтастық.
Ішкі істер органдары қызметінің принциптері.
Ішкі істер органдарының қызметі Қазақстан Республикасының мемлекеттік және
құқық қорғау қызметтерінің принциптеріне және ішкі істер органдарының
арнайы принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның, мемлекеттің, заңды
тұлғалардың заңды мүдделерін; қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін сақтау
және құрметтеу; ашықтық және жариялылық; ішкі істер органдары жүйесінің
біртұтастығы ішкі істер органдары қызметінің арнайы принциптері болып
табылады.
Жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның, мемлекеттің, заңды
тұлғалардың заңды мүдделерін сақтау және құрметтеу.
Ішкі істер органдары тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік
жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатыстылығына, саяси
және өзге де көзқарастарына, тұрғылықты жеріне немесе өзге де белгілеріне
қарамастан, әрбір адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерін сақтайды және құрметтейді.
Ішкі істер органдары заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысанына
қарамастан, өз құзыреті шегінде олардың құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғауды қамтамасыз етеді.
Ішкі істер органдары жеке тұлғаларға білікті заң көмегіне құқығын іске
асыру, адамның ұсталғаны туралы туыстарына хабарлау мүмкіндігін қамтамасыз
етеді, қажет болған жағдайда ұсталған адамдарға медициналық және өзге де
көмек көрсетуде жәрдемдеседі, сондай-ақ тұлғаның немесе оның отбасының
өміріне, денсаулығына, мүлкіне ұстаумен немесе қамаумен байланысты төнген
қауіпті жою бойынша шаралар қабылдайды.
Ішкі істер органының қызметкеріне азаптауды, зорлық-зомбылықты қолдануға,
қатыгез, адамгершілікке жатпайтын, ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас
жасауды, қасақана тән зардабын, жан азабын келтіруге тыйым салынады. Қылмыс
жасағаны үшін күдікті адамдарды қылмыстық әрекеттерді жасауға өзін
кінәлімін деп жауап беруге немесе мойындауға мәжбүрлеуге, осы мақсатпен
оларды және басқа адамдарды қорқытуға тыйым салынады.
Ішкі істер органының қызметкері адам мен азаматтың құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзған жағдайда, ішкі істер органдары
олардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру бойынша
шаралар қабылдауға міндетті. [2]
Ашықтық пен жариялылық.
Ішкі істер органдарының қызметі Қазақстан Республикасы заңдарының
талаптарына қайшы келмейтін шамада қоғам үшін ашық болып табылады.
Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
тәртіппен ішкі істер органдарынан өздерінің құқықтары мен мүдделерін
тікелей қозғайтын ақпарат алуға құқылы.
Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен өзінің қызметі туралы мемлекеттік органдар мен халықты хабардар
етеді. Адам мен азаматтың жеке өміріне қол сұғылмаушылықты қозғайтын
мәліметтерді, жеке, отбасылық, коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын
өзге де құпияны, сондай-ақ заңдарда тікелей көзделген жағдайларды
қоспағанда, жұмысты орындау барысында мәлім болған мемлекеттік құпияларды
жариялауға тыйым салынады.
Жеке және заңды тұлғалар туралы ішкі істер органдары таратқан мәліметтер
шындыққа сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, ішкі істер органдары бір ай
мерзімнен кешіктірмей, бұл мәліметтерді жоққа шығаруға тиіс.
Ішкі істер органдары жүйесінің біртұтастығы.
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары төмен тұрған басшылар жоғары
тұрған басшыларға және республиканың Ішкі істер министріне бағынатын
органдар мен мекемелердің бірыңғай орталықтандырылған жүйесін құрайды.
Бұқаралық ақпарат құралдарымен және азаматтық қоғам институттарымен өзара
іс-қимыл жасау.
Ішкі істер органдары заңнама талаптарын сақтай отырып, ресми сұрау салулар
бойынша, сондай-ақ баспасөз-конференцияларын, брифингтерін өткізу арқылы өз
қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдарына мәліметтер ұсынады.
Ақпараттық хабарламалар Министрліктің және ішкі істер органдары
бөліністерінің ресми сайтында орналастырылады.
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары ішкі істер
органдарымен келісім бойынша олардың жанында өз журналистерін аккредиттей
алады.
Ішкі істер органдарының қызметін жария ету үшін Ішкі істер министрлігінің
мамандандырылған бұқаралық ақпарат құралдарын құруға құқығы бар.
Халықтың, азаматтық қоғам институттарының сенімін арттыру мақсатында ішкі
істер органдарының қызметінде қоғамдық бақылау жүйесі қолданылады. Қоғамдық
бақылау Ішкі істер органдарының қызметін бақылау жөніндегі қоғамдық
кеңестер мен қоғамдық байқаушы комиссиялар құру арқылы жүзеге асырылады.
Қоғамдық кеңестің ережесі мен құрамын республиканың Ішкі істер министрі
белгілейді.
Өзге де мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, оның ішінде халықаралық
ұйымдармен, лауазымды адамдармен және азаматтармен өзара іс-қимыл жасау.
Ішкі істер органдары өзге де мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, оның
ішінде халықаралық ұйымдармен, лауазымды адамдармен және азаматтармен өзара
іс-қимыл жасайды.
Мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар ішкі істер
органдарына олардың өз мақсаттары мен міндеттерін орындауына көмек көрсете
алады. Ішкі істер органдары өз мақсаттары мен міндеттерін орындау үшін
ешкімді мәжбүрлеп ынтымақтастыққа тарта алмайды.
Азаматтар заңнамада белгіленген тәртіппен жасырын негізде ішкі істер
органдарымен ынтымақтастыққа тартылуы мүмкін.
Ішкі істер министрлігі мен басқа мемлекеттердің тиісті органдары,
халықаралық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл жасау мемлекетаралық немесе
үкіметаралық келісімдердің, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі мен осы
органдардың және ұйымдардың арасындағы келісімдердің негізінде жүзеге
асырылады. [2]
Жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау.
Ішкі істер органдары адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын
қорғауды қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында
жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды. Облыстардың,
республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы
органдары:
1) ішкі істер органдарымен бірлесіп, облыстардың, республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауды және қоғамдық
қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен лимиттер шегiнде облыстық
бюджеттер және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерi
есебiнен ұсталатын аумақтық органдардың штат санын ұстауды қамтамасыз
етедi;
3) жанар-жағармай материалдарын сатып алуды, сондай-ақ аумақтық iшкi iстер
органдарының коммуналдық қызметтерге, электр энергиясына, жылу беруге және
байланыс қызметтерiне ақы төлеу жөніндегі шығындарын қоса алғанда, аумақтық
органдар аппараттарының электрондық пошта қызметiн көрсетуге жұмсалатын
шығындарды қоспағанда, қызметтiк үй-жайлар мен көлiк құралдарын ұстауды,
оларға қызмет көрсетудi және жөндеудi қамтамасыз етедi; қолданыстағы
нормаларға сәйкес ішкі істер органдарын материалдық-техникалық жарақтауды
қамтамасыз етеді;
4) өз құзыреті шегінде ішкі істер органдарының мүддесінде құқықтық тәртіп
саласындағы өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
5) қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де
шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық
жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуді
ұйымдастыру жөнінде консультативтік-кеңесші орган құрады.
Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары:
1) iшкi iстер органдарымен бiрлесiп тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң
аумағында қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi сақтауды қамтамасыз
етудi ұйымдастырады;
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағындағы әкiмшiлiк учаске
тұрғындарының пiкiрiн ескере отырып, учаскелiк полиция инспекторларын
тағайындау үшiн iшкi iстер органдарымен бiрлесiп, жергiлiктi қоғамдастықтың
жиналысын (жиынын) ұйымдастырады;
3) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының
заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де
өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Жергілікті атқарушы органдар жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу кезінде
ішкі істер органдарының функцияларын орындау үшін оларға жәрдем
көрсетеді.[5]
Ішкі істер органдарының жүйесі
Ішкі істер органдарының жүйесі полициядан, Ішкі әскерлер мен қылмыстық-
атқару жүйесінен тұрады.
Ішкі істер органдарының жүйесін Ішкі істер министрлігі, оның құрамына
кіретін ведомстволар, департаменттер, дербес басқармалар, ведомстволық
мекемелер, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, Ішкі әскерлер,
қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық органдары мен мекемелері, әскери-тергеу
органдары, көліктегі ішкі істер органдары және аумақтық органдар, арнайы
мақсаттағы бөліністер құрайды.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен республика астанасының,
көліктегі ішкі істер департаменттері, қалалық, аудандық, қалалардағы
аудандық, желілік ішкі істер органдары Ішкі істер министрлігінің аумақтық
органдары болып табылады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен республика астанасының
қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері, мекемелері Ішкі істер министрлігі
қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық органдары мен мекемелері болып
табылады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен республика астанасы ішкі
істер департаменттерінің бастықтары:
1) қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық ішкі істер органдарының;
2) тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың
аумақтарында орналасқан және қоғамдық тәртіпті сақтау, түзеу мекемелерін
күзету және төтенше жағдайлар кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
заңнамасымен Ішкі әскерлерге жүктелген басқа да міндеттерді шешу бойынша
Ішкі әскерлердің бөлімдері мен құрамаларының командирлеріне қатысты аға
жедел бастықтар болып табылады.
Ішкі істер органдарының жүйесінде шынайы және шартты атаулары, мөрлері мен
мөртабандары, есеп шоттары, негізгі қорлары бар заңды тұлғалар болып
табылатын ұйымдар құрылады.
Ішкі істер министрлігі.
Ішкі істер министрлігі iшкi iстер органдарының бiртұтас жүйесiн басқаратын
Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Ішкі істер органдарының штат санының лимитін Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрінің ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі
бекітеді.
Ішкі істер министрлігінің жалауы, туы және нышаны болады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалаларының және республика
астанасының, көліктегі ішкі істер департаменттерінің, облыстардың,
республикалық маңызы бар қалаларының және республика астанасының қылмыстық-
атқару жүйесі департаменттерінің, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі оқу
орындарының туы болады.
Ішкі істер министрлігі жалауының, туының және нышанының, оған бағынысты
органдар туларының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті
бекітеді.[2]
Ішкі істер министрлігін Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға
тағайындайтын және лауазымнан босататын Қазақстан Республикасының Ішкі
істер министрі (бұдан әрі – Министр) басқарады.
Министр:
1) ішкі істер органдарына басшылық етуді жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде
ішкі істер органдарының құрылымы мен штат санын белгілейді;
3) қызметкерлерді тағайындайды, көтермелейді, тәртіптік жазаға тартады және
ішкі істер органдарынан шығарады;
4) ішкі істер органдарындағы лауазымдар номенклатурасын және лауазымдар
санаттарына бойынша біліктілік талаптарын, сондай-ақ құрылымдық бөліністер
мен аумақтық органдар туралы ережелерді бекітеді;
5) Ішкі әскерлер қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасының Президентіне Министрдің орынбасарлары, Ішкі
әскерлердің қолбасшысы лауазымдарына тағайындау үшін кандидатуралар
ұсынады;
7) Ішкі істер министрлігінің атынан ішкі істер органдарының орындауы үшін
міндетті құқықтық актілер, сондай-ақ өз құзыреті шегінде өзге де
мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың
орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілер шығарады;
8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ішкі істер органдарының,
аумақтық органдардың штат санының лимитін өзгерту туралы ұсыныстар
енгізеді;
9) өз орынбасарларына, министрліктің және аумақтық ішкі істер органдарының
құрылымдық бөліністерінің басшыларына өкілеттіктер береді;
10) ішкі істер органдарының қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен
марапаттауға, құрметті және жоғары әскери және арнаулы атақтар беруге
ұсынады;
11) ведомстволық наградалармен марапаттайды;
12) халықаралық, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда министрліктің мүддесін
білдіреді;
13) ішкі істер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша
халықаралық шарттарға қол қояды;
14) ішкі істер органдары қызметінің жай-күйі туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің алдында есеп береді;
15) ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметін ведомстволық бақылауды
жүзеге асыру тәртібін белгілейді;
16) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
17) өзіне осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік
құқықтық актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің мәртебесі.
Ішкі істер органдарының қызметкерлері мемлекеттік билік өкілдері болып
табылады және мемлекеттің қорғауында болады.
Ішкі істер органдарының қызметкерлері өз қызметін жүзеге асыру кезінде
Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Заңның, өзге де нормативтік
құқықтық актілердің талаптарын дәл сақтауға және бағынуға міндетті.
Ішкі істер органының қызметкері заңсыз бұйрық немесе нұсқау алған кезде
Заңды басшылыққа алуға және бұл туралы басшылыққа хабарлауға міндетті.
Заңсыз бұйрықты немесе нұсқауды орындамау жауапкершілікке әкеп соқпайды.
Осындай бұйрықты немесе нұсқауды орындаған ішкі істер органының қызметкері
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
жауапкершілікке тартылады.
Тікелей бастық қызметкерлерінің қызметтік этиканы сақтауына толық дербес
жауапкершілікте болады.
Ішкі істер органдарының қызметкерлері мәтінін Қазақстан Республикасының
Президенті бекітетін ант қабылдайды, оларға белгіленген үлгідегі қызметтік
куәліктер мен жетондар беріледі.
Ішкі істер органдарының қызметкері тиісті даярлықтан өткеннен кейін атыс
және өзге де қаруды, сондай-ақ арнайы құралдарды сақтауға, алып жүруге және
қолдануға құқылы.
Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық заңды және жеке тұлғалар ішкі
істер органы қызметкерінің заңды талаптарын орындауы тиіс.
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің азаматтардың құқықтарын уақытша
шектейтін іс-әрекеттері Заңның атымен деген сөздермен ілеседі. Кез келген
адам мұндай жағдайда белсенді іс-әрекетті тоқтатып, ішкі істер органдары
қызметкерінің талаптарына мүлтіксіз бағынуға және оның қызметтік
міндеттерін орындаумен байланысты нұсқауларын орындауға міндетті.[3]
Ішкі істер органы қызметкерінің заңды талаптарына бағынбау, оған қарсылық
көрсету және күш қолдану немесе оны қорлау Қазақстан Республикасының
заңнамасымен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.
Мемлекет ішкі істер органдарының қызметкерлерін әлеуметтік және құқықтық
қорғауға кепілдік береді, қызметтің ерекше сипатын ескере отырып, өзінің
функцияларын толық және тәуелсіз жүзеге асыруы үшін жеткілікті қызметтің
тиісті жағдайларын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының арнайы бөліністерінде қызмет
өткерген (қызметтегі) қызметкерлер туралы мәліметтер мемлекеттік құпияны
құрайды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген
жағдайларда ғана жарияланады.
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің міндеттері.
Ішкі істер органдарының қызметкерлері:
1) адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін
қылмыстық және өзге де қол сұғушылықтардан қорғауға;
2) жеке тұлғалармен қарым қатынас жасау кезінде өздерін таныстыруға және
қызметтік куәлігін көрсетуге;
3) адам мен азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға және
құрметтеуге;
4) азаматтармен қарым қатынас жасау кезінде әдепті және сыпайы болуға, оның
жеке басы мен ар-намысына сыйластықпен қарауға;
5) адамды ұстағаннан кейін оны ұстау негізін айтуға, оның өзіне және жақын
туыстарына қарсы куәгер болмауға, бір рет телефон шалуға және қорғаушыға
құқығы бар екенін түсіндіруге;
6) адамды ұстау немесе қамауға алу кезінде мәжбүрлі қорғаныс пен аса
қажеттілік жағдайларын қоспағанда, қауіпсіз тәсілдер мен құралдарды
пайдалануға;
7) ұсталғанның, күдіктінің немесе қамаудағы адамның ұсталғаны немесе
қамауға алынғаны туралы оның жақын туыстарына хабарлауға;
8) ұсталғанның, күдіктінің, айыпталушының немесе қамаудағы адамның
құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
9) қылмыстан немесе басқа да құқық бұзушылықтардан, жазатайым оқиғадан
зардап шеккен, сондай-ақ өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайға
түскен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетуге;
10) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде
адамдар мен мүлікті құтқару жөніндегі іс-шараларға қатысуға;
11) тұрғын үйге қол сұғылмаушылық құқығын шектеумен байланысты
өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде кірер алдында онда тұратын адамдарды
тұрғын үйге кіру себебі туралы хабардар етуге;
12) азаматтардың тұрғын және өзге де үй-жайларына, оларға тиесілі жер
учаскелеріне кіру кезінде онда тұрып жатқан адамдардың еркінен басқа
қауіпсіз тәсілдер мен құралдарды пайдалануға, азаматтардың өмірі мен
денсаулығына, сондай-ақ меншікке ұқыптылықпен және сыйластықпен қарауға;
13) оларға осы Заңмен жүктелген міндеттерді орындауды қоспағанда, жеке және
заңды тұлғалардың заңды қызметіне араласпауға;
14) атқаратын лауазымына, жүрген жеріне және уақытқа қарамастан, оған
азаматтар мен лауазымды адамдар жеке немесе қоғамдық қауіпсіздікке төнген
жағдайлар туралы хабарламамен жүгінген не тікелей анықталған жағдайда құқық
бұзушылықты болдырмауға және жолын кесуге, адамдарды құтқаруға, мұқтаждарға
көмек көрсетуге, құқық бұзушылық жасаған адамдарды анықтауға және ұстауға,
құқық бұзушылықты көзімен көргендерді анықтауға, оқиға орнын күзетуге
шаралар қабылдауға, бұл туралы жақын жердегі ішкі істер органына
хабарлауға;
15) қылмыс немесе басқа да құқық бұзушылық жасаған не жасауда күдікті,
сондай-ақ соттан және тергеуден жалтарған адамдарды заңнамада белгіленген
жағдайда және тәртіппен ұстауға;
16) бағыныстылығы бойынша жоғары тұрған бастықтың заңға қайшы келмейтін
бұйрықтары мен нұсқауларын орындауға міндетті.

1.2 Ішкі істер органдары қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері

Ішкі істер органдарының қызметкерлері:
1) әрбір адамнан жеке тұлға мен қоғамдық тәртіпке қауіп төндіретін
қылмыстар мен басқа да құқық бұзушылықтарды жасау үшін жағдай туғызатын іс-
әрекеттерді тоқтатуды талап етуге;
2) қылмыстар немесе құқық бұзушылықтар жасауда күдікті адамдардың жеке
басын анықтау мақсатында олардың құжаттарын тексеруге;
3) қылмыс жасағаны үшін күдікті немесе құқық бұзушылық жасаған адамдарды
заңнамада белгіленген жағдайда және тәртіппен ұстауға;
4) қылмыстардың жолын кесу, оларды жасауда күдікті адамдардың ізіне түсу
мақсатында меншік нысанына қарамастан, аумақтарға және ұйымдардың үй-
жайларына, тұрғын үй-жайларға немесе басқа да объектілерге, жер
учаскелеріне кіруге, сондай-ақ өндірістегі материалдар мен қылмыстық істер
бойынша жедел-тергеу және іздестіру іс-әрекеттерін шұғыл жүргізуге;
5) осы Заңмен және Құқық қорғау қызметі туралы Заңмен белгіленген
тәртіпте және жағдайларда арнайы құралдарды, атыс қаруын және өзге де
қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға, күш қолдануға;
6) заңды және жеке тұлғалардан қылмысты тергеумен, сотқа дейінгі өндіріс
жүргізумен байланысты түсініктемелер, мәліметтер, анықтамалар, құжаттар
алуға;
7) көлік құралын жүргізуші адам мен онымен бірге болған жолаушылардың
қылмыс жасағаны немесе қылмыс жасайтынына күдік бар екені туралы ақпарат
болған жағдайда, сондай-ақ көлік құралын басқару қылмыс жасауға шынайы
қауіптілік тудырған жағдайда көлік құралының ізіне түсуге;
8) қылмыстық-атқару инспекцияларының есебінде тұрған адамдарды қадағалау
мен бақылауды қамтамасыз ету мақсатында олар тұрып жатқан тұрғын үй-
жайларға, оларға тиесілі жер учаскелеріне, олардың жұмыс орны немесе оқу
орны бойынша кез келген меншік нысанындағы өндірістік және өзге де
ұйымдардың үй-жайларына кедергісіз кіруге құқылы.
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің өз құзыреті шегінде оларға жүктелген
міндеттерге сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де
құқықтары бар. [4]
Ішкі істер органдарының кадрлары.
Полиция, қылмыстық-атқару жүйесі бөліністерінде қызметте немесе кадрларында
немесе арнаулы немесе әскери атақ берілген ішкі істер органдарының білім
беру жүйелерінде әскери қызметте тұрған Қазақстан Республикасының азаматы
ғана ішкі істер органының қызметкері бола алады.
Ішкі істер органдарының кадрларын полиция қызметкерлері, Ішкі әскерлердің
және әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілері, қылмыстық-атқару
жүйесінің қызметкерлері, білім беру ұйымдарының курсанттары мен
тыңдаушылары құрайды.
Ішкі істер органдарының қызметкерлері қатардағы құрам, кіші, орта, аға және
жоғары басшы құрам лауазымдарында болады.
Ішкі істер органдарының өзге де жұмыскерлерінің еңбегін құқықтық реттеу.
Ішкі істер органдарының өзге де жұмыскерлеріне еңбек келісім-шарты
жасалған, сондай-ақ әкімшілік лауазымға тағайындалған адамдар жатады.
Ішкі істер органдарының өзге де жұмыскерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан
Республикасының Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік
қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің
қызметкерлері Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары кадрларында
тұрады.
Ішкі істер органдары үшін мамандарды кәсіби даярлау.
Ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлау, біліктілігін арттыру және қайта
даярлау Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік білім беру
тапсырысы бойынша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ халықаралық шарттардың
негізінде шетелде жүзеге асырылады.
Ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлауды Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес құрылатын, қайта құрылатын және таратылатын Ішкі істер
министрлігінің білім беру ұйымдары, сондай-ақ өзге де білім беру ұйымдары
жүзеге асырады.
Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібін тиісті
түрдегі білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережелеріне сәйкес Ішкі
істер министрі айқындайды.
Ішкі істер органдарындағы қызметпен байланысты шектеулер.
Мемлекеттік және құқық қорғау қызметінің ерекшеліктеріне байланысты ішкі
істер органдарының қызметкерлері үшін шектеулер Қазақстан Республикасының
заңдарымен белгіленеді.
Ішкі істер органының қызметкері қылмыстық процесті жүргізетін орган
шешімінің негізінде соңғы процессуалдық шешім шығарылғанға дейін қызметтік
міндеттерін орындаудан уақытша шеттетіледі.
Ішкі істер органдарында қызмет өткеру.
Ішкі істер органдарында қызмет өткеру тәртібі мен шарттары Құқық қорғау
қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады .
Соғыс немесе төтенше жағдай әрекет еткен кезеңде, терроризмге қарсы
операцияларды жүргізу кезеңінде, қарулы қақтығыстар жағдайларында, табиғи
және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезінде
тұрақты орналасқан пункттерде шығарылып, осы бапта көрсетілген, оларға
жүктелген міндеттерді орындауға ішкі істер органының қызметкерін
жұмылдыруға; қызметтік уақыт режимін өзгертуге, оған қосымша міндеттер
жүктеуге, оны басқа жерге қызметке жіберуге, қызмет сипатын өзгертпей,
басқа бөлініске уақытша ауыстыруға, сондай-ақ ішкі істер органы
қызметкерінің келісімінсіз өзге де ерекше жағдайлар мен қосымша шектеулер
белгілеуге рұқсат етіледі. Мұндай жағдайларда ішкі істер органы
қызметкерінің қызмет мерзімі бір күн үшін үш күн есебінен есептеледі және
жоғары мөлшерде ақшалай қаражат төленедi.
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды киімі.
Ішкі істер органдарының қызметкерлері тегін нысанды киіммен қамтамасыз
етіледі.
Тізбесін Ішкі істер министрі айқындайтын бөліністердегі лауазымдарда қызмет
өткеретін ішкі істер органдарының қызметкерлеріне нысанды киімнің орнына
ақшалай өтемақы төленеді.
Ішкі істер органдарында он бес және одан көп жыл қызмет өткерген, жасы,
денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттың қысқаруына байланысты ішкі істер
органдарынан зейнеткерлікке босатылған, қызметтік міндеттерін орындау
кезінде жарақат алған және қызметке жарамсыз деп танылған қызметкерлердің
салтанатты және салтанатты жиынға арналған нысанды киім кию құқығы бар.
Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің
әлеуметтік кепілдіктері.
Ішкі істер органдарының қызметкерлері қызмет өткеру кезеңінде мемлекеттік
орденмен (ордендермен) наградталған қызметшілерге жұмыстан шыққан кезде
біржолғы жәрдемақысының мөлшері ақшалай қаражатының екі айлықақысына
арттырылады.
Ішкі істер органдары қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан
(қайтыс болған), қызметкерлерінің балаларына мемлекеттік жалпы білім беру
және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде, жазғы сауықтыру
лагерлерінде кезектен тыс орын беріледі.
Жергілікті өкілдік және атқарушы органдар ішкі істер органдарының
қызметкерлеріне осы Заңда көзделмеген қосымша әлеуметтік қорғау
кепілдіктерін белгілеуге құқылы.
Ішкі істер органдарын қаржымен және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
Құқық қорғау органдарының жүйесінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер
органдары айрықша орын алады. Олар қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам меназаматтың құқықтары мен
бостандықтарына, мемлекет пен қоғамның мүдделеріне қылмыстық және өзге де
құқыққа қарсы қолсұғушылықтардың алдын алу және оларды болдырмау жөніндегі
қызметті жүзеге асырады.
Ішкі істер органдарының міндеттері:
қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
қылмыстарды және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жою;
кәмелеттік жасқа толмағандардың қараусыздығы мен құқық бұзушылықтардың
жолын ашу;
өрт қауіпсіздігі жағдайын қадағалауды қамтамасыз ету, өрт сөндіру;
жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау және оны қамтамасіз етуді бақылау;
мемлекеттік және өзге де нысандарды, жеке тұлғаларды қорғау,
тұтқындалғандар мен сотталғандарды айдауылдау;
Ішкі істер органдарының қарамағына жатқызылған мәселелер бойынша
халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.
Ішкі істер органдарының қызметі — заңдылық, дара басшылық, Ішкі істер
органдарының тұтастығы, жариялылық, құқық қорғау, мемлекеттік органдар мен
және азаматтармен өзара әрекеттестік қағидаттары негізінде құрылады

2. Қазақстан Республикасындағы әкімшілік жазалау

2.1 Әкімшілік жаза түсінігі мен түрлері. Әкімшілік қамтамасыз ету және
алдын алу шаралары.

Әкімшілік жазалау түрлері. Әкімшілік жазалау ұғымы
Әкімшілік жаза — әкімшілік терісқылық жасаған тұлғаға заңның негізінде
судья, мемлекеттік органдары (лауазымды тұлғалар) қолданатын мемлекеттің
мәжбүрлеу (әсер ету) шарасы болып табылады.
Әкімшілік жазалаудың мақсаттары:
әкімшілік нормаларында көрсетілген іс-қимылдар үшін жауаптылық шарасы;
құқық бұзушыны тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу;
әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуын алдын ала ескерту.
Әкімшілік жазалау жанға күйзеліс келтіру мен қадыр-касиетке нұқсан
келтіруді максат етпейді. Әкімшілік жазалау жойқын сипатқа ие, өйткені
әкімшілік құқық субъектілерін белгілі бір құқықтарынан айырады немесе заң
арқылы анықталған айыппұлдық міндеттерді оларға жүктейді, мысалы,
лицензиядан айыру және т.б. [4]
Жазалаудың төмендегідей түрлері бар:
ескерту;
әкімшілік айыппұл;
әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе әкімшілік кұкық бұзушылықтың
тікелей объектісі болған заттың өтемін төлетіп алу;
әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе әкімшілік құқық бұзушылықтың
тікелей объектісі болған затты, әкімшілік құкық бұзушылықты жасау
нәтижесінде алынған кірістерді, ақшаларды және бағалы қағаздарды тәркілеу;
арнайы құқықтан айыру;
лицензиядан, арнайы құқықтан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру
немесе оның қолданылуын (оны) белгілі бір қызметке немесе белгілі бір іс-
әрекеттердің (іс қимылдардың) жасалуын тоқтата тұру;
өз бетінше тұрғызып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты ықтиярсыз бұзу;
әкімшілік қамауға алу;
шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды Қазақстан Республикасы
шегінен әкімшілік жолмен кетіру.
ҚР  ӘҚБтК 40 бабының 1 тармағына сәйкес  әкімшілік жаза – бұл  әкімшілік
құқық бұзғаны үшін  заң бойынша өкілетті сот, орган (лауазымды тұлға)  
қолданылатын  және   ҚР  ӘҚБтК  осындай құқық бұзушылық жасаған  тұлғаның 
құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе  шектеу    көзделген
мемлекеттік мәжбүрлеу  шарасы болып табылады.
Әкімшілік жазалар  әкімшілік бұлтартпау шараларымен  өте ұқсас болып
келеді, өйткені оларды мәжбүрлеу шараларын қолдану  негіздерінің ортақтығы
біріктіреді, сондай – ақ  осы мәжбүрлеу шараларының  ортақ мақсаты —  жаңа
құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Бірақта,  әкімшілік
бұлтартпау шаралары  жазалау шаралары болып табылмайды және олар, ең
бастысы,  құқық бұзушылықты тоқтатуға және  құқық бұзушыны жасаған құқық
бұзушылық сипатына  сәйкес  жауапкершілікке тарту  мүмкіндігінне
бағытталған. Әкімшілік бұлтартпау шаралары  көбінесе  әкімшілік  жаза
шараларын  қолданудың алғы шарты болып табылады.
ҚР ӘҚБтК 41 бабының 1 тармағы бойынша әкімшілік жаза  әкімшішілік  құқық
бұзушылық  істегені үшін заң бойынша осыған өкілетті судьялармен,
органдармен (лауазымды тұлғалармен) қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу 
шарасы болып табылады,  және  әккімшілік құқық бұзушылық  жасаған тұлғаның 
құқықтары мен  бостандықтарынан айыруды немесе шектеуді білдіреді.
Әкімшілік  құқық бұзушылықты істегені үшін  жеке тұлғаға  мынадай әкімшілік
жазалар  қолданылуы мүмкін:
1) ескерту;
2) әкімшілік айыппұл;
3) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау  құралы немесе  тікелей объектісі
болып табылатын затты ақысын төлеп алу;
4) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау  құралы немесе  тікелей объектісі
болып табылатын затты, әкімшілік құқық  бұзушылықты жасау салдарынан
алынған табысты, ақша мен құнды қағаздарды тәркілеу;
5) арнайы құқықтан айыру;
6) лицензиядан, арнайы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) 
айыру немесе  оның әрекет  қызметтің қандайда бір түріне немесе  нақты
әрекеттерді істеуді доғару;
7) өз еркімен  тұрғызылған немесе тұрғызылып жатқан құрылысты  мәжбүрлеп
бұзу;
8) әкімшілік қамау;
9)шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ тұлғаны  ҚР шегінен тыс әкімшілік
қуып шығару;
Әкімшілік құқық бұзушылықты  жасаған заңды тұлғаларға мынадай әкімшілік
жазалар қолданылуы мүмкін:
1) ескерту;
2) әкімшілік айыппұл;
3) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау  құралы немесе  тікелей объектісі
болып табылатын затты ақысын төлеп алу;
4) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау  құралы немесе  тікелей объектісі
болып табылатын затты, әкімшілік құқық  бұзушылықты жасау салдарынан
алынған табысты, ақша мен құнды қағаздарды тәркілеу;
5) арнайы құқықтан айыру;
6) лицензиядан, арнайы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) 
айыру немесе  оның әрекет  қызметтің  қандай – да бір түріне немесе  нақты
әрекеттерді істеуді доғару;
7) өз еркімен  тұрғызылған немесе тұрғызылып жатқан құрылысты  мәжбүрлеп
бұзу.
Әкімшілік жазаны салу ережелері ҚР ӘҚБтК 55-61 баптарымен  реттеледі
Әкімшілік жазаны салу ережелері.
Әкімшілік жазаларды  салу ережелері ҚР ӘҚБтК 7 бөлімінде бекітілген. 
Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін  жаза ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы Кодексіне және әкімшілік құқық бұзушылық туралы өзге де актілерге
сай жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін жауаптылық қарастыратын 
нормативті  актілерде  белгіленген шекетерде салынады.
Әкімшілік жаза салынуы мүмкін:
1) тиісті органдармен немесе лауазымды тұлғалармен олардың құзырлығы
шегінде;
2) егерде кінәлі тұлғаның іс-әрекетінде  әкімшілік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (жаңа редакция)
Қоғамдық тәртіпті қорғауды ұйымдастыру
Жоғарғы Сот алқалары
Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі: құрылымы, мақсаты және міндеттері
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметтерінің ұйымдастырушылық-құқықтық негізі
Жергілікті полиция қызметі
Полиция органдары жүйесі
Ішкі істер органдарының міндеттері
Азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі мемлекеттік басқару жүйесіндегі ішкі істер органдары
Практика - Ішкі істер органдары
Пәндер