Қазақстан Республикасындағы шетел және азаматтығы жоқ азаматтардың құқықтары туралы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Қазақстан Республикасындағы шетел және азаматтығы жоқ азаматтардың құқықтық статусы. Олардың Қазақстанда Республикасында болу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

8
1.1 Қазақстан Республикасының азаматтарының құқықтық жағдайы және негізгі ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
8
1.2 Шетел және азаматтығы жоқ азаматтардың құқықтық жағдайының түсінігі және негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
22
1.3 Қазақстан Республикасына ену, уақытша болу және шығу тәртіптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
29
2. Шетел және азаматтығы жоқ азаматтардың негізгі құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
40
2.1 Халықаралық жеке құқық түсінігі, шетел азаматтарының құқықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
40
2.2 Шетел және азаматтығы жоқ азаматтардың әкімшілік жауапкершілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
44
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 52
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 58
Азаматтық – бұл адам мен мемлекет арасындағы өзара құқықтардың, міндеттердің және жауапкершіліктің жинағын білдіретін берік құқықтық қатынас, ол азаматтардың немесе адамның бостандығы мен негізгі құқықтарын, беделін құрметтеуге және мойындауға негізделген. Азаматтық алумен адамның қоғаммен байланысының барлық негізгі қатынастары байланысты: оның құқықтарының, бостандығының және міндеттерінің көлемі.
Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен саяси-құқықтық қатынастарының міндеттері мен құқықтарынының жиынтығын және олардың өзара ара-қатынас тұрақтылығын негіздейді.
Бұл анықтамада азаматтықтың негізгі белгілері берілген. Тұрақтылық – бұл кез-келген уақытта және кеңістікте белгіленетін азаматтықтың негізгі белгісі. Адамның мемлекетпен деген саяси-құқықтың қатынастарының негізі, мемлекет Қазақстан Республикасының азаматы болып саналмайтын кез-келген адамдармен құқықтық қатынасқа түсе алады, алайды саяси қатынасты тек мемлекет азаматы болып табылатын адамдармен жүзеге асыра алатындығын білдіреді.
Қазақстан Республикасында әр адам азаматтық алуға құқылы. Қазақстан Республикасында азаматтық алу және жою үрдістері Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңнамаларымен қадағалады және жүзеге асырылады [2].
Қазақстан Республикасының азаматы ешбір жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айрылып қалмайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан қудалана алмайды.
Әрекет етуші Конституция Қазақстан Респусбликасының азаматтығы берілетін және тоқтатылатын заңнамаға сәйкес талаптарды бекітеді. Қазіргі таңда сондай заңнама – «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңы» болып табылады.
1. Лазарев Л. В. Иностранные граждане (правовое положение). - М.: Российское право, 1992.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30 тамыз 1995.
3. «ҚР шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» ҚР Президентінің заңи күші бар Жарлығы, 10.12.2013.
4. Ануфриева Л. П. Иностранные физические лица: правовое положение в России // Российская юстиция, 1997, № 6. - С. 45-47.
5. Шетел азаматтарының Қазақстанға келуі мен Қазақстан Республикасынан кетуін тіркеудің тәртібі туралы Ереже, 12.12.1995 ж. №301/249.
6. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуі мен онда болуы, сонымен қатар Қазақстан Республикасынан кетуінің ережелері, 28 қаңтар 2000 ж. №136.
7. Правовой статус иностранцев в Казахстане // Мысль №8, 1999. - С. 43-47
8. Амандыкова С.К. Конституционное право РК. Учебник. – Алматы, 2003г.
9. «Көші-қон проблемаларын шешу, шектес мемлекеттерден көші-қон ағындарын бақылауды күшейту, отандық білікті кадрлардың шетелдік еңбек нарығына шамадан тыс кетуін болдырмау үшін оларға қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі 2014 - 2016 жылдарға арналған кешенді жоспар туралы», 31.12.2013
10. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың жеке құжаттарын Қазақстан Республикасынан шетелге әкету, жiберу және алдырту тәртiбi туралы уақытша ереженi бекiту туралы, 27.07.1995
11. Қазақстан Республикасында заңсыз жүрген шетел азаматтарын елден кетiру жөнiнде шұғыл шаралар қабылдау туралы, 17.04.1997
12. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстеу үшiн шетел азаматтарын әкелудi реттеудiң жекелеген мәселелерi туралы, 19.01.2012
13. Қазақстан Республикасында шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру туралы куәлiктiң үлгiсiн бекiту және оның сипаттамасы туралы, 27.03.1997
14. Шетелдiк жұмыс күшiн тарту және шетелдiк қызметкерлердi Қазақстан Республикасында жұмысқа орналастыру жөніндегі есеп нысанын бекіту туралы, 24.07.2012
15. Алексеев С.С. Государство и право. Начальный курс. М., 2004.
16. Алексеев С.С. Теория права. М., 2003.
17. Алесеев С.С. государство и право. Начальный курс 3-е изд. М.: Юридическая литература. 2005 год.
18. Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. Учебное пособие. М. «Манускрипт» 2004г
19. Зиманов С. Конституция и Парламент Республики Казахстан. А., 2006
20. Конституционное право Республики Казахстан. Терминологический словарь. Алматы. 2004г
21. Сапаргалиев Г.С. “Этапы становления конституционного законодательства Республики Казахстан”, А., 2005г
22. Шеретов С.Г. Конституционное право РК. Алматы, 2002. С. 42
23. Теория государства и права. Курс лекций. Под ред. М. Н. Марченко. М. 2003г
24. Теория права и государства. Под ред. Манова Г. Н. М., 2001г
25. Шеретов С.Г. Конституционное право РК. Алматы, 2002г
26. Четвернин В.А. Понятия права и государства. М., 2003г
27. Ашеулов А.Т. , Г.А. Жайлин. Гражданско-правовая. Ответственность за вред, причененный преступлением против личности. Алматы, Издательства КазГЮУ 2000 г.
28. Басик М.Г. , Сулейменов М.К. Гражданский Кодекс РК коментарии. Общая часть. Алматы.
29. Братусь С.Н. Юридическая ответственность и законность. Москва, 1976 г.
30. Белякова М.А. Гражданская правовая ответственность за пречинение вреда. Теория и практика 1986 г.
31. Бризиский. О возмещение ущерба гражданам. 1989 г.
32. Васькин В.В, Овчиников И.Н. Гражданско-правовая ответственность.1998 г.
33. Варул В.А. Вина как субъективное основание гражданско-правовой ответственности. Учебник 1986 г.
34. Грибанов В.П. Ответственность за нарушение гражданских прав и обязанностей. Москва 1973 г.
35. Егоров Н.Д. Причинная связь как условие юридической ответственности . Москва 1981 г.
36. Комаров А.С. Ответственность в коммерческом обороте. Москва 1991 г.
37. Маркова М.Г. Основы гражданского права
38. Майлин Н.С. Правонарушение, понятие, причины, ответственность. Москва 1985 г.
39. Пугинский Б.И. , Сафиуллин Д.Н. Правовая экономика, проблемы становления. 1991г.
40. Сергеева А.П. Гражданское право. Под ред. Доктора профессор юридических наук. Санкт-Петербург. 1996 г.
41. Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексі Алматы 2014 18 ақпан
42. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы
43. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы ҚР Заңы 01.17. 2014ж.
44. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 03 шілдедегі Заңы
45. «Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулық» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 13 тамызындағы №93 бұйрығымен бекітілген.
46. «Қылмыстық-атқару жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 Бұйрығы
47. Шағатаев Қ.К. Ішкі істер органдары қолданатын әкімшілік-процессуалдық шаралар: (Оқулық құралы) Қарағанды – 2002. 95 б.
48. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі Заңтану. ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі. А.-2002. 327
49. «Административная деятельность ОВД». Особенная часть. Москва. 2000 г.
50. Административная деятельность ОВД. (Учебник). Под ред. Профессора Коренева А.П., М.1999 г., общая часть.
51. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы ҚР Президентінің Жарлығы, 01.10.2013ж.
52. Қазақстан Республикасында шет ел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы ҚР Президентінің Жарлығы, 10.12.2013ж.
53. Постановление Правительства РК от 28.01.00г. Отдельные вопросы правового регулирования пребывания иностранных граждан в РК, 29.04.2011г.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
1. Қазақстан Республикасындағы шетел және азаматтығы жоқ азаматтардың
құқықтық статусы. Олардың Қазақстанда Республикасында болу
ерекшеліктері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Қазақстан Республикасының азаматтарының құқықтық жағдайы және
негізгі 8
ерекшеліктері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...
1.2 Шетел және азаматтығы жоқ азаматтардың құқықтық жағдайының түсінігі
және 22
негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..
1.3 Қазақстан Республикасына ену, уақытша болу және шығу
тәртіптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
2. Шетел және азаматтығы жоқ азаматтардың негізгі құқықтары, міндеттері
және жауапкершілігі 40
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..
2.1 Халықаралық жеке құқық түсінігі, шетел азаматтарының
құқықтары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
2.2 Шетел және азаматтығы жоқ азаматтардың әкімшілік
жауапкершілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...52
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
Қолданылған әдебиеттер 58
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...

Кіріспе

Азаматтық – бұл адам мен мемлекет арасындағы өзара құқықтардың,
міндеттердің және жауапкершіліктің жинағын білдіретін берік құқықтық
қатынас, ол азаматтардың немесе адамның бостандығы мен негізгі құқықтарын,
беделін құрметтеуге және мойындауға негізделген. Азаматтық алумен адамның
қоғаммен байланысының барлық негізгі қатынастары байланысты: оның
құқықтарының, бостандығының және міндеттерінің көлемі.
Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен саяси-құқықтық
қатынастарының міндеттері мен құқықтарынының жиынтығын және олардың өзара
ара-қатынас тұрақтылығын негіздейді.
Бұл анықтамада азаматтықтың негізгі белгілері берілген. Тұрақтылық – бұл
кез-келген уақытта және кеңістікте белгіленетін азаматтықтың негізгі
белгісі. Адамның мемлекетпен деген саяси-құқықтың қатынастарының негізі,
мемлекет Қазақстан Республикасының азаматы болып саналмайтын кез-келген
адамдармен құқықтық қатынасқа түсе алады, алайды саяси қатынасты тек
мемлекет азаматы болып табылатын адамдармен жүзеге асыра алатындығын
білдіреді.
Қазақстан Республикасында әр адам азаматтық алуға құқылы. Қазақстан
Республикасында азаматтық алу және жою үрдістері Қазақстан Республикасының
мемлекеттік заңнамаларымен қадағалады және жүзеге асырылады [2].
Қазақстан Республикасының азаматы ешбір жағдайда азаматтығынан, өзінің
азаматтығын өзгерту құқығынан айрылып қалмайды, сондай-ақ Қазақстан
Республикасынан қудалана алмайды.
Әрекет етуші Конституция Қазақстан Респусбликасының азаматтығы берілетін
және тоқтатылатын заңнамаға сәйкес талаптарды бекітеді. Қазіргі таңда
сондай заңнама – Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңы болып
табылады.
Азаматтық – бұл әлеуметтік-саяси құбылыс, заманауи мелекеттің әрекет
етуінің және білім беруді шарттандыратын негізгі факторларының бірі болып
табылады. Азаматтық қоғамның жаратылыс-тарихтарының дамуының нәтижесі бола
тұра, мемлекеттің қалыптасуының негізгі нышаны болып табылады. Мемлекет пен
азаматтың арасында өзара құқықтар мен міндеттер орналастырылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары болып Қазақстан ОРус Республикасының
Азаматтық туралы Заңнамасы қабылданған кезде (1 наурыз 1992ж.) тұрып жатқан
адамдар және осы Заңнама сәйкес азаматтық алған адамдар есептеледі.
Азаматтықты растайтын құжат – төлқұжат болып табылады. Егер адам 16 жасқа
толмаған болса, онда азаматтық туу туралы куәләгімен немесе ата-анасының
бірінің төлқұжатымен рәсімделеді. Егер Қазақстан Республикасының азаматы
мемлекеттен тыс тұратын болса, онда азаматтығы жойылмайды. Кез-келген елде,
соның ішінде Қазақстанның да, халықтың көп бөлігін сол елдің азаматтығы
бар адамдары құрайды. Алайда кейбір адамдардың азаматты жоқ немесе олар
шетел азаматтары болып табылады. Шетел азаматтары болып басқа ел азаматы
болып табылатындығын дәлелдей алатын құжаттары бар азаматтар саналады.
Қазақстан Республикасының территориясында тұра отырып, басқа ел азаматы
екендігін дәлелдейтін құжаттары жоқ азаматтар азаматтығы жоқ адамдар деп
есептеледі. Шетел азаматтарының құқықтары мен міндеттері Қазақстан
Республикасының басқа елдермен халықаралық келісім-шарттарында қаралуы
мүмкін. Азаматтығы және құжаттары жоқ адамдар әдетте көп кездеспейді.
Мысалы, көрші елдердегі ұрыс-керіс жағдайларының және әскери іс-
әрекеттерінің нәтижесінде тұрғындар Қазақстан Республикасына қоныстана
бастады. Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес мұндай адамдарға екі
статус беріледі: босқындар және мәжбүр ауғындар. Соңғы жылдарда Қазақстан
Республикасына Тәжікістанда тоқтамай жатқан әскери іс-әрекет салдарынан
көптеген босқындар келді. Мәжбүр ауғындар – ол еріктері бойынша басқа
территорияларға көшкісі келетін Қазақстан Республикасының азаматтары.
Азаматтықтың бірлігі Қазақстан Республикасының территориясында үнемі
тұратын азаматтар сол республиканын азаматтары болып табылады дегенді
білдіреді. Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы Заңнамасына сәйкес
Қазақстан Республикасында азаматтығын тоқтату республика құрамынан
азаматтыққы тоқтатуға әкеліп соғады.
Конституция бойынша азаматтық алу жолыға байланысссыз тең құқылы болып
саналады. Кейбір шет елдерінің заңнамаларына сәйкес азаматтық белгілі шарт
бойынша беріледі [4].
Шет ел азаматтары — мемлекеттің азаматтары болып табылмайтын, өзінің
мемлекеттің азаматтығына жататынын дәлелдейтін айғақтары жоқ адамдар. Шет
ел азаматтарының және елде азаматтығы жоқ адамдардың мәртебесін айқындайтын
негізгі ұстаным Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-ба бында баянды
етілген, осы бапқа сәйкес мұндай адамдар республикада азаматтар үшін
белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы азаматтарымен бірдей міндеттер атқарады. Құқықтық жағдайда Шет
ел азаматтарының Қазақстанда тұрақты немесе уақытша болуына қарай
айқындалатын бірқатар айырмашылықтары бар. Шет ел азаматтары қандай
жағдайда болғанына қарамастан заң алдында бірдей. Олардың құқықтар мен
бостандықтарды пайдалануы Қазақстан Республикасының мүдделеріне, Қазақстан
Респубикасы азаматтары мен басқа да адамдардың заңды мүдделеріне нұқсан
келтірмеуге тиіс. Шет ел азаматтары Қазақстан Республикасының Конституциясы
мен заңнамасын сақтауға міндетті. Қазақстан Республикасында тұратын шет ел
азаматтары Қазақстан азаматтарымен ортақ негізде жұмысшы және қызметші
ретінде жұмыс істейді немесе өзге де еңбек қызметімен айналыса алады. Олар
демалысқа, денсаулығын сақтауға, жәрдемақыға, зейнетақыға, әлеуметтік
қамсыздандырудың басқа да нысандарына, тұрғын жайды пайдалануға, тұрғын
үйге, өзге де мүлікке, білім алуға, мәдениет жетістіктерін пайдалануға
құқылы. Оларға ұждан бостандығы, жеке басына және тұрғын үйіне тиіспеушілік
кепілдігі берілген, олар Қазақстан Республикасы азаматтарымен некеге тұра
алады және некені бұза алады. Алайда олар сайланбалы мемл. органдарды
сайлай алмайды және оларға сайлана алмайды, жалпыхалықтық дауыс беруге
(референдумға) қатыса алмайды. Олар Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштерінде әскери қызмет атқармайды. Шет ел азаматтарының Қазақстан
Республикасы аумағында жүріп-тұруына, тұрғылықты жерін таңдауына ұлттық
заңнамада және халықар. шарттарға сәйкес белгіленген тәртіппен рұқсат
етіледі. Алайда мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық
тәртіпті сақтау мақсатымен бұл аяда шектеу белгіленуі мүмкін. Шет ел
азаматтары Қазақстанға Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес келуі және
одан кетуі мүмкін. Қазақстан Республикасы аумағында қылмыс жасаған,
әкімшілік және өзге де құқық бұзушылық жасаған шет ел азаматтары Қазақстан
азаматтарымен бірдей жалпы негізде жауапқа тартылады. Шет ел азаматтары
туралы заңнаманы бұзушы шет ел азаматтарының елде болу мерзімі қысқартылуы
мүмкін [7].
Аталмыш ережелер шет ел дипломаттары және консулдық өкілдік басшылары мен
қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасы мен
халықаралық шарттарда белгіленген адамдардың дипломатиялық пұрсаттылықтары
мен иммунитеттеріне қолданылмайды. Қазақстан Республикасында босқындардың
мәртебесі арнаулы заңнамамен айқындалған.
Шет елдер азаматтарының қиыншылықтары барлық елдерде бар. Бұл қиыншылық
мемлекет түсінігі қолданыла бастағаннан бастап пайда болды. Мемлекет
қоғамның адамдарымен өзара ара қатынасын реттеу барысында өз қоғамының
адамдары мен өз қоғамына жатпайтын адамдардың арасындағы реттелмеген
қатынас қиыншылықтарымен соқтығысты. Ол кезде әлі шет ел азаматы немесе
азаматтығы жоқ адам түсініктері қалыптаспаған еді.
Қазіргі таңда шет ел азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың
құқықтың статусын реттейтін көптеген нормативтік актілер бар. Шет ел
азаматы немесе азаматты жоқ адам түсінігі әр елде әр түрлі мәнге ие
болады, алайда барлық елде сол елдің азаматтығы жоқ адамдар екені және
азаматтығы бар адамдарға қарағанда құқықтары және міндеттері біршама
оқшаулы болатындығы белгілі.
Азаматтық – ол адамның құқығын және міндеттерін өз елінде, сондай – ақ шет
елдерде анықтаудың негізгі нысаны болып табылады. Азамат өз елінде
құқықтары мен міндеттерін толық көлемде қамтамасыз етеді. Алайда, шет
елдерде ол, сол елде шетел азаматтарына бекітілген құқықтар мен міндеттер
көлемімен шектеледі. Ал егер азамат өзінің шет ел азаматы екендігін
дәлелдей алмаса, ол адамның құқықтары мен міндерттерінің көлемі сол ел
азаматының немесе шет ел азаматының құқықтары мен міндеттерінің көлемінен
ерекшеледі.
Азаматтар, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар сатыларынан бөлек
басқа да адам сатылары бар. Олар, әдетте, елдің азаматы немесе шетел
азаматы деп атау дұрыс емес болып табылатын адамдар, өйткені олар екі
сатыға да жатуы мүмкін. Мысалы, артынан қуғыншылық жасалып, өз елінде
қорғаушылыққа ие бола алмаған азамат, басқа елге көшуге мәжбүр болады,
сөйтіп басқа елден қоныс аударып келген азамат босқын болып есептелді. Ал,
мысалы, Ресей Федерациясының азаматы, өзіне көрсетіліп жатқан жәбірлердің
салдарынан өзінің тұрғылықты мекенін амалсыз тастап кетіп, басқа елде
немесе басқа нысана территориясында қоныстануға мәзбүр болса, онда ол
мәжбір ауғындалған адам болып есептеледі.
Әр мемлекет азамат және азамат емес сатыларын бекіткен жағдайда, олардың
мемлекет территориясына кіру және шығу (қайтып оралу) тәртіпттерін
бекітеді. Мемлекет азаматы болып табылмайтын азаматтар үшін әр мемлекет
келу мақсаттарының әртүрлі режимдерін бекітеді, ол уақытша келуден бастап
мемлекетте үнемі тұрып азаматтық алуға дейін.
Құқықтар мен міндеттерді айта келе, олардың толық құқылы иеленушілері сол
елдің азаматтығы бар азаматтар болып есептелетіндін ескереміз. Қалған
санаттағы азаматтардың құқықтары мен міндеттері шектеулі болады. Негізінде
бұл шектеулер сайлауға және басқа да саяси құқықтарға, сонымен қатар тек
азаматтығы бар адамдарға тәуелді жауынгерлік міндеттерге байланысты.
Мемлекет территориясында жүрген азаматтардың негізгі міндеттерінің бірі –
сол мемлекеттің заңдарын сақтау болып табылады. Мемлекет заңдары
сақталмаған жағдайда құқықтық жауапкершілік орнайды. Ол әкімшілік ескерту
немесе құқықтық жауапкершілік болуы да мүмкін.
Шетел азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық статусын
қарау мемлекеттің өмір сүруінің барлық кезеңінде актуальді болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі – Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан
нарықтық қатынастарға, ол қатынастардың әлеуметтік-экономикалық
қиыншылықтарымен байланысты. Олардың бірі – шетел азаматтарының жұмыс күшін
шақыру, ол әлбетте шетел азаматтары мен олардың қызмет көрсету саласымен
байланысты.
Шетел азаматының статусын нақты анықтау келген елінде азаматтың
тұрақтануына үлкен мәні бар. Мемлекет территориясында жүрген адамдардың
құқықтық статусын анықтау және құқық пен еркіндікті қадағалауды қамтамасыз
ету, сонымен қатар нақты адамның құқықтық статусына байланысты міндеттерін
қадағалау мемлекеттің ішкі проблемалар мен базалық халықаралы-құқықтық
құжаттардың есебімен шешілетін міндеттерінің негізі болып табылады.
Интеграциялау және интернационализациялау үрдістері шетел азаматтарының осы
немесе басқа елде де тұратын үлесін арттырады, ал ол өз кезегінде
мемлекетті шетеле азаматтарына үлкен ден қоюды талап етеді. Шетел
азаматтарының әртүрлі категорияларының құқықтық жағдайы реттеудің
халықаралық, ұлттық құқықтық жүйеде жоғары дағды қалыптасқан. Батыс
мемлекеттерінің көбісінде, азаматтық институты, шетел азамататтарының
құқықтық жағдайы, сонымен қатар, босқындардың және мәжбүр ауғындардың
құқықтық статусын қарастыратын, толық қалыптастырылған заңнама бар.
Шетел азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы
(құқықтық статусы) халықаралық ортақ қабылданған құқық нормалары мен
принциптері, халықаралық келісім-шарттар, азаматтығы бар елі (тұрғылықты
мекен елі) және келу елі құқықтары негізінде жүзеге асырылады. Шетел
азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайынының
(құқықтық статусының) тар мағынасы келген елдегі шетел азаматының немесе
азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығының
шектелуінде. Халықаралық жеке құқықта мәселе азаматтық, жанұялық, еңбек
қатынастарының шетел элементтерімен қиындатылған міндеттер мен құқықтар
туралы болып тұр.
Әкімшілік немесе екінші жағынан басқа да билікке, соның ішінде салықтық
және басқа да қаржылық немесе әкімшілік қатынастарға негізделген мүліктік
қатынастарға азаматтық заңнама қолданылмайды, егер заңнамаға қайшы шаралар
орын алмаса.
Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтың қоғамдық
жекеленген салаларына сәйкес құқықтық жағдайы қаралып жатқан тақырыптан
көбіне тыс болып табылады. Бұл дипломдық жұмыста негізінде халықаралық жеке
құқық мәселесі мен шет ел азаматтарының құқық мәселесінің тығыз қарым-
қатынасы қарастырыады. Халықаралық құқықтық үрдістердегі шетел
азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы туралы
сұрақтар ішіндегі ерекшелігі процесуальды құқықтың халықаралық жеке құқық
ғылымының саласына жататындығы.
Жұмыстың мақсаты – шетел азаматтарытының Қазақстан Республикасындағы
құқықтық жағдайын, келу – кету ережелерін, Қазақстан Республикасының
азаматтарынан құқықтық жағдайының ерекшеліктерін анықтау.
Жұмыстың міндеттері:
Қазақстан Республикасындағы құқықтық жағдайын қарастыру: ортақ ережелер,
жауапкершілігі, негізгі құқықтары және еркіндігі;
Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келу – кету ережелерін, басқа
да құқықтық қатынастарын қарастыру.
Жұмыстың ғылыми жаңашылығы – шетел азаматтарының және азаматтықы жоқ
адамдардың құқықтық жағдайын комплексті зеттеу.

1. Қазақстан республикасындағы шетел және азаматтығы жоқ азаматтардың
құқықтық статусы. Олардың қазақстанда республикасында болу ерекшеліктері

1.1 Қазақстан Республикасының азаматтарының құқықтық жағдайы және негізгі
ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы өзінің органдарының және қызметтік адамдарының
негізінде Республика халқының алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасының
азаматтарын сәйкесінше Қазақстан Республикасының алдында жауапты. Ол
Қазақстан Республикасының Заңнамаларын және Конституциясын сақтап,
Қазақстан Республикасының қызығушылықтарын, территориялық тұтастығын
қорғап, ұлттық және мемлекетте тұратын басқа елдердің де әдеп-ғұрыптарын
сақтап, мемлекеттік тілді және басқа ұлт тілдерін құрметтеп сыйлауға
міндетті, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің, суверенитетінің, күш-
жігерінің қайсарлануына үлес қосу керек.
Қазақстан Республикасының азаматтығы Қазақстан Республикасының Ата заңымен
(Конституциясымен), басқа заңнамалармен бірлесе отырып азаматтық туралы
заңнамаға сәйкес реттеледі.
Қазақстан Республикасының азаматтары болып:
Азаматтық туралы Заңнама шығарылған күнде Қазақстан Республикасында
тұрғылықты тұрған азаматтар;
Қазақстан Республикасының азаматтық туралы Заңнамасына сәйкес азаматтық
алған адамдар.
Қазақстан Республикасының азматының артынан басқа елдердегі азаматтық
саналмайды.
Қазақстан Республикасы Республика аумағын жаппай қуғын-сүргіннің, зорлық-
зомбылық ұжымдандыру кездерінде, басқа да антигуманитарлық саяси
акциялардың нәтижесінде амалсыз жер аударған азаматтарға, сонымен қатар
басқа елде тұратын азаматтарға және олардық ұрпақтарына елге оралуына
жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасының біртұтас құқық жүйесі бірнеше салаға
бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын –
азаматтық құқық. Азаматтық құқық сала ретінде елімізде қалыптасып келе
жатқан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі десек те болатын шығар.
Өйткені, бұл саламен реттелінетін құқық қатынастарының шеңбері өте кең.
Азаматтық құқығымен реттелінетін қатынастардың түсінігін бару үшін құқық
теориясында қолданылып жүрген ережелерге сүйенуіміз қажет. Яғни айтқанда,
реттеу пәні мен реттеу тәсілдері. Осы жоғарыда көрсетілген екі
категорияның негізінде азаматтық құқығына сала ретінде тек анықтама ғана
емес, оның басқа құқық салаларынанерекшіліктерін де көрсетуге болады.
Азаматтық кодекстің 1-бабының 1- тармағында көрсетілгендей, азаматтық
заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне
негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға
байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Сонымен қатар,
мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар да
азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше
көзделмеген, не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды.
Жоғарыда көріп отырғанымыздай, азаматтық құқығымен реттелетін қоғамдық
қатынастардың негізгісі болып табылатыны- мүліктік қатынастар.
Сондықтан да айтып кеткен жөн болар, кез келген мүліктік қатынасар емес,
қоғамның негізін қалайтын тауар-ақша қатынастары, яғни азаматтық құқық
субьектілерінің кез келгенінің қатысуымен және әртүрлі көріністерде
(мүлік беру, жұмыс, қызмет) байқалатын мүліктік қатынастар.
Мүліктік қатынастарға негізінен, қоғамдағы өндіріс құрал-жабдықтарына,
мүліктік иеліктерге және басқа да материалдық құндылықтарға байланысты
туындайтын қоғамдық қатынастар жатады.
Мүліктік емес жеке қатынастар, мүліктік қатынастарға тығыз байланысты
мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастарға байланысы
жоқ мүліктік емес жеке қатынастар болып екі топқа бөлінеді.
Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысты
мүліктік емес жеке қатынастарға құндық маңызы жоқ қатысушылардың
қоғамдық сипатын белгілейтін материалдық емес құндылықтар жатады.
Мәселен әдеби шығармамен, ғылыми еңбекпен айналасушылар немесе
өнертапқыш өзінің авторлығын анықтау туралы мәселе қойса, өзінің
жекелігін қорғай отырып, бұл мәселе бойынша қоғамдық дербес қатынасқа
түседі. Бұл қатынас мүліктік болып табылмаса да, мүлікпен тығыз
байланысты, өйткені өнертабыс иесінің өнертабысының пайдаланғаны үшін
онда авторлық сыйақы алу құқығы пайда болады.
Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысы жоқ
мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтың есімі, жеке келбет құқығы,
жеке өмірдің құпиялылығы, тұрғын үйге қол сұқпаушылық, азаматтың
немесе заңды тұлғаның абыройына, қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне
байланысты туындайтын құқықтық қатынастарды жатқызуға болады. Қазақстан
Республикасының Конституциясының 9-бабында азаматтың ар-намысы мен
қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық атап көрсетілген.
Сондай-ақ Ата Заңның 33-бабы “азаматтың жеке өміріне қол сұғуға
болмайтындығын” атай келе, “азаматтың жеке өміріне араласуға, оның ар-
намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға тыйым салынады” десе, осы
баптың келесі тармағында “тұрғын үйге қол сұғуға болмайтындығы” атап
көрсетілген. Жоғарыда көрсетілген мүліктік қатынастармен байланысы
жоқ жеке қатынастар, мүліктік емес жеке қатынастардың екінші тобын
құрайды [2].
Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастар жиынтығын анықтай келе,
бұл қатынастардың субьектілерін де атап көрсетуге болады. Оларға
жеке тұлғалар (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары,
азаматтығы жоқ адамдар), заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік-
аумақтық бөлініс. 1964 жылғы Азаматтық кодекспен салыстырғанда 1994
жылы 27-желтоқсанда қабылданған Азаматтық кодекстің ерекшілігі сол,
мемлекет азаматтық-құқықтық қатынастарға осы қатынастарға өзге
қатысушылармен тең негізде түсетіндігі атап көрсетілген.
1. Азаматтық заңдарда 1994 –жылғы 24 желтоқсанда он үшініш сайланған
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 11 сессиясы қабылдаған
жаңа Азаматтық кодекс (жалпы бөлім) ерекше орын алады. Азаматтық
кодекске 1996 жылғы 15 шілдедегі, 1997 жылғы 5 наурыэдағы, 1997 жылғы 2
шілдедегі, 1998 жылғы 2 наурыздағы заңдармен өзгерістер енгізілгенін ескеру
қажет.
Азаматтық кодекстің 3-бабында Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарының
жүйесі анықталған.ең алдымен ол жалпы республикалық болып табылады және
азаматтық кодекстен, соған сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының
өзге де заңдарынан, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар
жарлықтарынан, Парламенттің қаулыларынан, Парламенттің Сенаты мен
Мәжілісінің қаулыларынан (заң актілерінен), сондай-ақ Азаматтық кодекстің 1-
бабының 1,2 тармақтарында аталған қатынастарды реттейтін Қазақстан
Республикасы Президентінің жарлықтарынан,Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулыларынан тұрады.
Сонымен, азаматтық құқық нормалары заңдарда, нормативтік құқықтық актілерде
және заңға сәйкес нормативтік актілерде бекітілуі мүмкін. Бұл орайда
“Нормативтік құқықтық актілер туралы”1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан
Республикасының заңына сәйкес бұл нормативтік құқықтық актілердің бәрі
олардың заң күшіне қарай белгілі бір қатаң иерархиялық жүйе бойынша
орналасады.
2. Заң актілері. Заңдардың арасында 1995 жылғы Қазақстан Республикасы
Конституциясының мейлінше жоғары заң күші бар, оның 4 –бабында Қазақстан
Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының, соған сәйкес
заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, республиканың
халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ
Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының
нормалары деп белгіленген.
Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтық құқықтық нормалары
бар. Атап айтқанда, 6-бапта Қазақстанда мемлекеттік меншік пен жеке
меншік тең дәрежеде қорғалатыны белгіленген. Азаматтардың жеке меншік
мәселелері Конституцияның 26-бабында неғұрлым тәптіштеп баяндалған.
Азаматтырдың ар-ожданы, қадір-қасиеті және абыройлы есімі, отбасылық құпия,
хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу, почта, телеграф және өзге де хабарлар
сияқты рухани қазыналар жөнінде туындайтын жеке мүліктік қатыныстарды
азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі Қазақстан Республикасы
Конституциясының 16-18 баптарында жатыр.
Біз бұған дейін 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылданған, заң күші
жағынан азаматтық құқық қатынастарын реттеуде мейлінше маңызды орын
алатын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Жалпы бөлім)
атап өткенбіз. Азаматтық кодекс (Жалпы бөлім) 1995 жылғы 1 наурыздан
бастап күшіне енгізілді. Ол 405-бапты біріктіретін 24- тараудан
тұрады. Оның сипатты белгісі оған нарықтық экономика жағдайындағы
азаматтық айналымға арналған нормативтік базаның негізі етіп алынғаны
болып табылады.
Азаматтық құқық нормаларынаң талаптарына сәйкес туындайтын және бұл
нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық
құқық қатынастары деп аталды.
Адамдар өз өмірінде және әрекет үстінде үнемі әрқилы азаматтық құқық
қатынастарына арыласып жүргенімен, өздерінің әрекеттерінің заң
жөніндегі сипатын көбінесе ескере бермейді. Мысалы, қайсыбір затты
болсын сатып алуда сатушы мен алушының арасында Азаматтық кодексте
көрсетілген сату-сатып алу мәмілесінен туындайтын өте күрделі құқықтық
қатынастар пайда болады. Бұл мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір
сомада ақша төлеуге міндетті, ал сатушы сатқан затты сатып алушының
меншігіне беруге, немесе затында сапасы жағынан немесе сан жағынан бір
кемшілігі болса, онда оны басқа затпен ауыстыруға, толықтыруға,
әйтпесе алған ақшасын қайтарып беруге міндетті және т.с.с.
Заңды тұлғалардың барлық істері де нақ жаңағыдай азаматтық құқықтық
қатынасы ретімен жүзеге асады. Өндіріс жабдықтарын тапсыру, өнімдерді
сату, банк арқылы есеп айыру- осылардың бәрі де құқықтық қатынасты
тудырады, яғни осылардың бәрәнің де заң арқылы белгілі салдары болады.
Азаматтық құқық бұзушылық құрамын азаматтық-құқықтық жауапкершілік
қолдануға қажетті жағдайлардың жиынтығы құрайды. Жалпы ережеге сәйкес
азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің қажетті жағдайлары ретінде борышқордың
кінәсі және құқыққа қарсы мінез танылады. Шығынды өтеу жауапкершілігіне
тарту үшін шығынның бар болуы сонымен қатар борышқордың құқыққа қарсы
мінезімен және келген шығынның арасында себепті байланыс болуы қажет.
Шығынды өтеу негізінде азаматтық –құқық бұзушылықтың құрамы басқа
элементтерін толығымен қамтиды. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің жалпы
негіздеріне жататындар:
тұлғаның құқыққа қайшы қылығы ( іс-әрекет не әрекетсіздік)
жәбірленген тұлғаның шеккен зияны немесе залалдың бар болуы;
құқық бұзушының құқыққа қайшы іс-әрекеті мен оның келтірген зиянының
салдары арасындағы болатын себепті байланыс;
құқық бұзушының кінәсі.
Нақты тұлғаға азаматтық –құқықтық жауапкершіліктің жүктеу үшін жалпы ереже
бойынша қажетті келтірілген негіздер жиынтығы –азаматтық –құқық
бұзушылықтың құрамы болып табылады. Көрсетілген негіздердің біреуі болмай
қалса, жауапкершілікке тарту мәселесі туындамайды. Бірақта-кейбір
жағдайларда азаматтық құқықтағы құқық бұзушылық құрамының бар болуы
мүліктік жауапкершілікке тарту үшін жалпы талаппен сенеспайды; мысалы:
жоғары қаутілік көзін иеленуші заңды тұлға жәбірленушінің алдында кінәсіз
жауап береді. (АК –тің 931 бабы). Енді азаматтық құқық бұзушылықтың
құрамының әлгінде айтылған элементтерінің әрқайсысына тоқтала кетейік.
Құқыққа қарсы мінез
Құқыққа қарсылық құқық бұзушының өзінің іс-әрекетінің құқыққа қарсы
екендігін білген немесе білмегеніне қарамастан құқық нормасын бұзуы
танылады. Басқа сөзбен айтсақ азаматтық айналымға сәйкес келмейтін мінез
жатады.
Азаматтық заңдылық нормаларымен азаматтық айналымға қатысушыларға әртүрлі
талаптар белгіленген. Азаматтық заңдылық негіздерде сәйкес тараптық
құқыққақарсы мінез ретінде жеке тұлғаға немесе азаматтық мүлкіне немесе
заңды тұлғаға келтіректін залал саналады. Сонымен қатар борышқордың
міндеттемені орындауға байланысты талаптарға жауап бермеу құқыққа қарсы
мінез болып табылады. Азаматтық заңдылыққа сәйкес міндеттемені орындауға
байланысты тараптарға жауап бермеу құқққа қарсы мінез болып табылады [9].
Азаматтық заңдылыққа сәйкес міндеттемені орындауға байланысты талаптар тек
қана заңмен шектелмейді, сонымен бірге іскерлік айналымдағы бақа
нормативтік актілерден немесе міндеттеменің пайда болуымен туындайтын
негіздерде құрылады. Сондықтан борышқордың құқыққа қарсы мінезінің белгісі
ретінде міндеттеменің құрылуындағы кейбір негіздер болуы мүмкін. Әкімшілік
актідегі туындаған міндеттемедегі құқыққа қарсы мінез болып, осы әкімшілік
актімен борышқордың іс-әрекетінің сәйкес келмеуі жатады. Егер міндеттеме
шарттан туындас, онда борышқордың шарт талабын бұзуы құқыққа қарсы мінез
болып табылады. Егер бір жақты мәмілеге байланысты міндеттеме болса,
борышқордың құқыққа қарсы мінезі ретінде бір жақты мәміленің талабын бұзуы
танылады.
Құқыққа қарсы мінез құқыққа қарсы іс-әрекет немесе құқыққа қарсы
әрекетсіздік түрінде де болуы мүмікн. Егер заңмен немесе нормативті құқықты
актімен тиым салынған немесе заңға немесе басқа құқықтық нормативтік акиіге
шартқа бір жақты мәмле немесе міндеттеме талабының негізінде қайшы келетін
борышқордың іс-әркекті құқыққа қарсы сипатқа ие болады. Сонымен азаматтық
кодекстің 273 бабы осының дәлелі . заңдарда немесе шартта көзделгеннен
басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның
шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді.
Азаматтық заңдылық негізіне сәйекс бір тараптың басқа бір тараптың есебінен
мүлкін негізсіз сақтауға тікелей тиым салынады. Алайда осы ережеде негізсіз
сақтау құқыққа қарсы болып табылады. Шартпен белгіленген сапаға сай
келмейтін тауарды сатып алушыға берудегі сатушының әрекеті құқыққа қарсы
саналады.
Егер тиісті жағдайларда тарапқа юридистикалық міндеттеме жүктеліп, бірақ ол
орындалмаса, онда әрекетсіз құқыққа қарсы деп танылады.шартпен белгіленген
тауарды мерзімінде жеткізбеген тасымалдаушының әрекетсіздігі құқыққа қарсы
болып табылады. Міндеттеме тараптың қызметтік міндетінен де туындауы
мүмкін. Мысалы, құтқару станциясының қызметкерлері суға батып бара жатқан
адамды құтқару үшін барлық қажетті және мүмкін болатын шаралардың
барлығымен қолдануы тиіс. Осы міндетті орындамау оның құқыққа қарсы мінезін
көрсетеді. Жағады демалып жатқан азаматтардың әрекетсіздігі құқыққа қарсы
сипат алмайды, оларға тек суға батушыны құтқару рухани міндеттеме
жүктеледі. Белгілі бір міндеттемені орындаудағы іс әрекет заң шеңберімен
шығуы мүмкін. Азаматтық кодекстің 188 бабымен үшінші бөлігінде былай
делінген: “Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез-
келген әрекеттер жасауға соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың
меншігіне біріп, иелігінен шығарып, өзі меншік иесі болып қала отырыап,
оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз
өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған билік етуге
құқылы”. Жоғалған мүлікті тауып алған тарап егесіне қайтару немесе
жоғалтушы азаматқа қайтаруы тиіс.
Себепті байланыс
Азаматтық кодекс талаптарында көзделгендей өтелуге тек қана борышқордың
құқыққа қарсы мінезімен келтірілген шығындар жатады. Бұл борышқардың
құқыққа қарсы мінезі және несие берушіге келтірілген шығынның арасындағы
себепті байланысты көрсетеді. Көп жағдайларда міндеттеме бұзылған кездегі
себепті байланыстың бар болуы немесе жоқ болуы қиындық туғызбайды. Ал
кейбір жағдайларда себепті байланысты анықтау қиындықтар туғызуы мүмкін.
Мысалы, шофер өз машинасын он үш жасар жасөспірімге дұрыс айдай
білмегендігі себепті тиым салынған белгіге қарамастан өтіп кетіпті.
Колхоздың төрағалық етуші қызмет бабын пайдаланып оқушыларды жүк
машинасында өзінің ауласындағы жұмысқа жіберді. Жүргізуші жол ережесін
бұзуы салдарынан бірнеше оқушы жарақат алды. Дәрігердің сілтеуімен медбике
нәрестенің көзіне дәрі тамызғандықтан ол толығымен көру қабілетінен
айырылды. Анықталғандай дәрігердің айтуымен медбике қателесіп кетіп басқа
дәріні тамызған. Көрсетілген мысалдардан кімнің іс -әрекеті құқыққа қарсы
нәтиже себеп болғандығын нақты анықтау қиын.
Осындай жағдайларда себепті байланыстың дамыған ғылыми теорияларын
басшылыққа алуымыз керек. Теорияда және практикада себепті байланыс тікелей
және жанама теориясын ұсынады. Бұл теория жалпы философиялық себепті
оқытудағы екі негізгі жағдайда сүйенеді. Біріншіден , себептілік құбылыс
арқылы обьективті байланысты көрсетеді және ол біздің санымыздан тыс өмір
сүреді. Сонымен қатар құқық бұзушының зиянды нәтижені көре білуі себепті
байланыс туралы сұрақты шешуге көмектеспейді. Шығынның болатынын алдын ала
сезе білу субьективті сипатқа ие және себепті байланысты анықтамайды, ал
тек қана құқық бұзушының кінәсі туралы сұрақты анықтауға көмектеседі.
Екіншіден, себеп және салдар тек қана белгілі оқиғаларға қолдануда маңызы
артады. Себеп және салдар ұқсас болғандықтан әрдайым орын ауыстырып отырады
және біз оны материалдық өмірдің қарым қатынас тізбегімен байланыстырамыз.
Жоғарыда көрсетілген мысалдар дәрігердің сілтемесінен іселген медбике
әрекеті салдар туғызады және сонымен қатар нәресетенің көрі қабілетін
жоғалтуға себеп болады. Егер қаралып жатқан іске тереңірек үңілсек,
онда дәрігердің себепті әрекеті бөлім басқарушысының бұйрығынан
туындайды. Сондықтан жауапкершілік туралы шешу кезінде болған оқиға
жағдайларынан алысқа кету дұрыс емес. Тікелей себептің пайда болуымен
шектелу қажет, яғни зиянның туындауына жақын қатынастар есепке алынады.
Тараптың құқыққа қарсы мінезі зиянның себебі болып тек қана ол осы
зиянмен тікелей байланысқан болса ғана пайда болады. Тараптың
құқыққа қарсы мінезі мен зиянының арасындағы жанама себепті байланыс
болып, ол нақты оқиғаның шегінен ауытқып және юридистикалық себеп
байланыстың маңызына ие бола алмайды. Сонымен қатар іс-әрекеттің
жасалуына басқа факторлардың әсері тиюі мүмкін.
Алайда бұл факторлардың қайсысы болсын юридистикалық жауапкершілік
мағынасына ие бола алмайды және сондықтан тараптың құқыққа қарсы
мінезінің және зиянының арасындағы байланыс жанама болып табылмайды.
Ал басқалары -юридистикалық жауапкершілікке әсер етеді сондықтан
тараптың құқыққа қарсы мінезімен және болған нәтиженің арасындағы
байланысты көрсетеді. Жасөспірімдердің келтірген зияны үшін оларды ата
–аналары жауап береді, себебі заң оларға юридистикалық маңыз
бермейді және әрекет қабілеттсіз деп таниды. Ал ата-аналар құқыққа
сыйымсыз мінезі үшін жауап береді. (тиісті қадағалау жасамағаны
немесе тәрбиелемегені) және болған зиянның арасында юридистикалық
жауапкершілікке тартуға жеткілікті тікелей себепті байланыс пайда
болады. Керісінше балық аулаумен шұғылданатын колхоз мүшесінің
броконьерлерге ауды сатуды және броконьерлер заңсыз балық аулау
арқылы балық ресурстарына зиян келтірсе, броконьерлердің құқыққа қарсы
іс-әрекетін көрсетеді және бұл жерде тек қана жанама себепті
байланыс бар.
Сондықтан тараптың құқыққа қарсы мінезімен және зиян арасында
азаматтық-құқықтық жауапкершілік маңызы бар жағдайлар болмаса тікелей
себепті байланыс орын алады. Егер құқыққа қарсы мінез және зиян
арасында жауапкершілік туралы сұрақты шешуде азаматтық заңды маңызы
жағдайлар болса, онда жанама себепті байланысты көрсетеді.
Жоғарыдағы мысоаға сәйкес жасөспірімнің әрекет қабілеттігінің жоқ
болуымен байланысты 13 жасар жасөспірімді азаматтық құқықтық
жауапкершілікке тартудың маңызы жоқ. Сондықтан бұл мысалдар шофердің
құқыққа қарсы мінезі мен жол ережесінің бұзылуы тікелей себепті
байланысты көрсетеді. Күнделікті өмірде бірнеше тараптық іс-әрекеті
(әректсіздігі) зиянның пайда болуы жиі кездеседі. Бұндай жағдайларда
тікелей нәтижемен байланысқан барлық құқыққа қарсы әрекеттері егер
оларға құқыққа қарсы әрекеттері құқыққа қарсы нәтижеден көрініс
тапқан болса оларджы жеке ерекшеліктеріне байланысты себеп ретінде
қарастыру керек. Тікелей және себепті байланысты шектеу қажеттігі
тек қана теориялық шарттардан шығып қана қоймай, сонымен бірге
тәжірбиенің өзімен тұжырымдалады. Бұл теория тәжірбиеде оңай
қолданылады. Ол сот тәжірбиесімен кездейсоқ туындаған жоқ.
Әдебиеттерде сонымен қатар себепті байланысты басқа да теориялары
кеңінен таралады. Қажетті шартта теориясына қатысты құқыққа қарсы
нәтиженің себебі ретінде нәтиже болмауы мүмкін кез-келген жағдайлар
болуы мүмкін. Бұл теорияның өкілдері субьективті белгілердің
көмегімен себеп салдар байланысының тізбегін шектеуге тырысады.
Қарастырып жатқан теорияның себебінің байланысындағы юридистикалық
маңызы кінәға құқыққа қарсылыққа тәуелді. Егер қылмыстық құқықта
қылмыстық жауапкершілікке тарту өзінің тәжірбиесінде бұл теория
көпшілігінде теоретикалық маңызға ие [8].
Басқа теорияларда кінәсі және себепті байланыс жабық сипатта
болады. Мүмкіндік және шындық теориясына қатысты, бір фактілер
құқыққа қарсы нәтижеге мүмкіндік туғызса, ал екіншілері -осы
мүмкіндіктерді шындыққа айналдырады. Мүмкіндікті шындыққа айналдырушы
фактілер, әрқашан да құқыққа қарсы нәтижемен себепті байланыста
болады. Құқыққа қарсы нәтижеге мүмкіндік туғызушы фактілер көрсетілген
нәтижеге қарағанда юридистикалық маңызы болуы немесе болмауы
мүмкін. Егер тараптың іс-әрекетінен нақты мүмкіндіктің себепті
байланысы болса, онда жауапкершілікке тартуға жеткілікті. Ал егер
тараптың іс-әрекетінде құқыққа қарсы нәтиженің абстрактілі маңызы
болса, онда себепті байланыстың юридистикалық маңызының аз болуына
байланысты жауапкершілікке тартуға болмайды.
Нақты мұмкіндік ретінде жағдайлардың обьективті қайталануын шындыққа
айналдырушы мүмкіндік танылады. Абстрактілі мүмкіндікте берілген
жағдайлар обьективті қайталанбайды. Егер обьективті қайталанатын
жағдайларда сәйкес мүмкіндік шындыққа айналса, онда осындай
мүмкіндік туғызушы құқыққа қарсы нәтижені көре білуі тиіс. және
керісінше егер мүмкіндік обьективті жағдайларынан қайталанбауынан
шындыққа айналса, онда осындай жағдайлардың обьективті
қайталанбайтындығ себепті мүмкіндік туғызушы құқыққа қарсы нәтижені
көре алмайды. Бұл сондықтан теорияның себепті байланысының
юридистикалық маңызды кінә секілді жауапкершіліктің субьективті
жағдайларына тәуелді.
Осындай кемшілік себепті байланыстың қажетті және кездейсоқтық
теорияларында бар. Бұл теорияның авторларының пікірінше жауапкершілік
болуы үшін құқыққа қарсы мінез және нәтиже арасында қажетті
себепті байланыс болуы тиіс. кездейсоқ себепті байланыс нәтиженің
туындауымен байланысты жауапкершілікке тартуға негіз бола алмайды.
Осы теориядан себепті байланыстың юридистикалық маңызы құқыққа қарсы
нәтижемен кінәсі үшін жауапкершілік шектелгендігін байқауға болады.
Егер тараптың әрекеті және пайда болған нәтиже арасында қажетті
себепті байланыс болса, онда осы нәтижені алдан ала көруге болады
және білуі тиіс. егер тараптың әрекеті және құқыққа сыйымсыз нәтиже
арасында кездейсоқтық сипат алса онда осындай нәтижені көре білуі
мүмкін емес. Сондықтан көре білуге қол жетпейтін құқыққа қарсы
нәтижемен қарастырып отырған теориядағы себепті юайланыстың
юридистикалық маңызы бар.
Кінә. Азаматтық құқықтық жауапкершілік шаралары тек қана талапкердің
мүліктік қанағаттандыруына бағытталып қоймай, сонымен бірге
азаматтық құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған. Азаматтық-құқықтық
жауапкершілік белгілі бір превентивтік қызметін атқарады. Сондықтан
азаматтық айналымның қатысушылары жауапкершілікке тартылмас үшін
өзінің іс-әрекетімен басқа тараптың заңмен қорғалатын құқығын
бұзбауға тырысады. Алайда жауапкершілікке тартудың артылуы қатардағы
азаматтық айналымға қатысушыладың инициативасын төмендетеді. Осындай
жағдайлардан арылу үшін азаматтық айналымға қатысушыларға өздерінің іс-
әрекетінің нәтижесін алдын ала көре алмауына байланысты жауапкершілікке
тартылмайды. Осындай сенімділік егер азматтық құқықтық жауапкершілік
кінәлі құқық бұзушылық үшін қолданған кезде пайда болады. Азаматтық
кодекстің 359-бабының 1-ші бөлігі осыны көрсетеді: “борышқор кінәлі
болған кезде егер заңдарда немесе шарттарда өзгеше көзделмесе,
міндеттемені орындамаған және тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауап
береді. Егер борышқор мігдеттемені тиісті дәрежеде орындпу үшін өзіне
байланысьы шаралардың барлығын қолданғанын дәлелдесе, ол кінәсіз деп
танылады.” Сондықтан жалпы ережеге сәйкес азаматтық құқықта жауапкершілік
кінәсіне баылансыта құрылады.
Құқыққа қарсы мінез және себепті байланысқа қарағанда азаматтық құқықтық
жауапкершіліктің субьективті шарты болып табылады. Осы тараптың құқыққа
қарсы мінезіндегі психикалық қатынасын анықтайды. Кінәнің осы түсінігі
теңдей заңды тұлғаларға және азаматтарға қолданылады. Заңды тұлғалардың
кінәсінің көрінбеуі мүмкін, өткені оның қызметін міндеттемеге
байланысты қызметкерлері атқарады. Мысалы, жұмыс күшінің немесе құралдың
жетіспеуіне орай өнімді жеткізуде мерзімді өткізіп алса, осы кемшіліктерді
жоюға тиісті шаралар қолданбағаны үшін шаралар комерциялық ұйымның
жетекшісі кінялі болып есептеледі. Заңды тұлғаның кінәсі оның
қызметкерінің кінәлі іс-әркетінен көрініс табуы мүмкін. Мысалы,
қызметкердің өнімді дайындаудағы кемшіліктер.
Сонымен қатар әдебиеттерде берілген сұраққа басқа да тұжырымдар
айтылады. Заңды тұлғаның кінәсі оның жеке қызметкерлерінің кінәсімен емес,
сонымен бірге бүкіл ұжымның бүтіндей кінәсін көрсетеді.
Кінә қасақаналық және абайсыздық түрімен ажыратылады. Өз кезегінде
абасыздық ауыр және жеңіл түрінде кездеседі. Азаматтық құқықтық
жауапкершіліктің субьективтік шарты ретінде кінә адамның санасында
болатын психикалық процестермен байланысқан. Алайда қоғамның өзіндік
дамуына орай жауапкершілік туралы сұрақты шешу кезінде құқық бұзылғандвғы
адамның санасында болатын психикалық процестерді зерттей аламыз. Осы ішкі
процестер тек қана адамның мінезіндегі сыртқы көріністерін талқылай
аламыз.
Егер тарап өзінің іс- әрекеті арқылы құық бұзушылыққа саналы түрде жол
берсе, онда кінәнің қасақаналық түрі орын алады. Азаматтық
айналымдағы пайда болатын кәдімгі құбылыстар ретінде азаматтық құқықта
кінәнің қасақаналық түрі жиі кездеседі. Сонымен қатар әдеттегі
жағдайларды басқа тараптардың заңмен қорғалатын құқықтарын қасақана
бұзады. Мысалы, тәжірбиеде жеткізіп беруші сатып алушының өнімі
ұстағаны үшін тиісі дареске өнімді жіберуді тоқтатады. Себебі
міндеттеменің қасақана бузушылық сферасын шектейді. Кінәнің абайсыздақ
түрімен жасалған азаматтақ құықық бұзушылық жиі кездеседі. Бұндай
жағдайларда адамның іс-әрекетінде көрінеу істердің элементтері болмайды.
Ол саналы құқық бұзушылыққа бағытталмаған, алайда адманың іс-әректінде
мұқияттылық және байқаушылық болмайды. Қажетті байқаушылықтың және
мұхияттылықтың болмауы абайзысдықтың екі түріне де тән. Кінәнің екі
фрмасының арасында белгілі ерекшеліктер болады. Осы ерекшеліктер заңдылықта
және жоғарғы сот органдарының түсігіктерінде де жауабын таппайды. Сот
тәжірибесі белгілегендей адамның денсаулығына келтірілген залал үшін
абайсыздықтың қайсы түрі болмасын нақтылы жағдайларды анықтауды қажет
етеді.
Осы екеуін ажырату үшін одан да тереңірек бағдарлау қажет. Бұл бағдарлар
ғылым дауымен жетілген. Абайсыздықтың менмендік түрінде тараптың іс-
әрекетіне байқаушылық және мұқияттылық болмайды, алайда құқық бұзушылықтан
арылуға жеткіліксіз. Мысалы, азамат светофор жасыл жанған кезде өтсе, онда
абайсыздақтың қарапайым түрі, ал трамвай жолында ұйықтап жатқан азамат
мұқияттылық және байқаушылық элементтері болғанымен, абайсыздықтың
менмендік түріне жол береді [13].
Жалпы ережеге сәйкес азаматтық заңдылыққа кінә жауапкершілікті шарасы
ретінде емес, шарты болып саналады. Егер кінә болған жағдайда құқық бұзушы
азамат кінәнің формасына қарамастан келтірілген зиянды толық көлемде
өтейді. Алайда заңмен немесе шартпен кінә формасы көзделсе, онда азаматтық
жауапкершілік мөлшерінде әсер етуі мүмкін. Бұл жалпы ережеден ауытқиды.,
бірақ қылмыстық құқықтағыдай кінәні төрт түрге бөлу қажеттігі жоқ. Көп
ретте жоғарыда көрсетілгендей кінәнің үш мүшелігі кінәнің жауапкершілік
мөлшерінде әсер ететін болса жеткілікті. Азаматтық құқықта ралас кінә
кездеседі. Аралас кінә төмендегі белгілермен сипатталады:
А) зиян тек қана несие берушінің мүліктік сферасыеда жинақталады.
В) зиян бүтіндей бірлікті құрап, борышқордың кінйлі әрекетін және несие
берушінің кінәлі әрекетін анықтауға мүмкіндік болмайды.
Аралас інде борышқордың зиянды әрекеті қанша ал несие берушінің кінәсінің
қанша екендігі анықтау мүмкін болмаған кезде, осылардың арасындағы зиянды
анықтау кезінде тек бір белгі ретінде осылардың арасындағы зиянды анықтау
кезінде тек бір белгі ретінде борышқордың және несие берушінің кінәсімен
дәрежесін (формасын) анықтау қолданады. Бұл кезде міндеттеме қайсы
тараптың кінә дәрежесі көбірек болса, зиянның көп бөлігі соның есебінен
өтеледі.
Аралас кінәні бірлесіп келтірілген зияннан ажырата білуіміз қажет.
Бірлесіп келтірілген зиян төмендегі белгілермен сипатталады.
а) зиян несие берушінің мүліктік сферасына пайда болады.
Б) зиян екі немесе одан да көп тараптардың құқыққа қарсы әректімен
келтіріледі
В) тараптардың қайсысының әрекетіне зиян келтіру мөлшерін анықтау
болмайды.
Г) бірлесіп зиян келтірушілер несие берушінің алдында солидарлы
жауапкершілікте болады.
Кінәнің болмауынан міндеттемені бұзған тарап дәлелдейді
Қылмыстық құқыққа қарағнада азаматтық құқықта құқық дәлелдегенше кінәлі деп
танылады. Міндеттеменің орындалуы үшін тарап барлық тиісті шаралырды
қолданса, онда тарап кінәсіз деп танылады. Егер азаматтық айналымға
қатысушылардың біреуі құқыққа қарсы әрекетімен азаматтық айналымды бұзатын
болса, әрекет салдарынан зиянның болғанын зиян келген тарап қана біледі.
Сондықтан осы тарапқа зиянның болуы және құқыққа қарсы әрекетімен құқық
бұзушының арасындағы себепті байланысты дәлелдеу фактілері жүктеледі.
Алайда талапкер құқық бұзушының міндеттемені орындауды қандай шаралар
қолданғанын және оның санасында қандай психикалық процестер қалыптасқаны,
құқық бұзушының байқаушылық дәрежесі қандай боландығын біле алмайды сол
уақытта құқық бұзушыға осының барлығы белгілі болады. Талапкерге қарағнада
өзінің дәлелдемелерін келтіре отырып, құқық бұзушы кінәсіздігін дәлелдей
алады. Сондықтан азаматтық құқықта құқық бұзушы өзінің кінәсіздігін
дәлелдей алады. Сондықтан азаматтық құқықта құқық бұзушы өзінің
кінәсіздігін дәлелдегенше кінәлі болып есептеледі. Сонымен қатар азаматтық
заң бекіткендей құқық бұзушының кінәлік презімпйиясы туралы сотқа
талапкерде өзінің дәлелдемелерін келтіре алады.
Азаматтық айналымдағы қатардағы субьектілермен бірге өзінің кәсіпкерлік
қызметін тәуекелге бел буып жүргізетін тауар-ақша қатынасындағы кәсіпкерлер
де қатыса алады [43].
Осыған байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы азаматтық құқықтық
жауапкершілік тәекел кезінде құрылады. Азаматтық кодекстің 359-бабының 2
бөлігі және 360 бабында былай делінген: “кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асырған кезде міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған
адам, егер бой бермейтін күштің, яғни осы жағдайлар кезіндегі төтенше және
тойтаруға болмайтын мән жайдың (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және
т.б) салдарынан тиісті дәрежеде орындауға мүмкіндік болмағанын дәлелдей
алмаса, мүліктік жауаптылықта болады.” Ондай мән жайларға атап айтқанда,
міндеттемені орындау үшін қажетті тауарлардың жұмыстардың немесе қызмет
көрсетудің рынокта болмауы жатпайды.
Егер міндеттемеде кәсіпкердің тапсырысы бойынша әлде бір жұмысты орындау
көзделсе, жұмыстың нәтижесін пайдаланудың мүмкін еместігі немеес оны
пайдаланудың тиімсіз болу тәукелі кәсіпкерге жүктеледі.
Кәсіпкерге міндеттемені орындамағаны немесе тиісті дәрежеде өзінің
кәсіпкерлік қызметін орындамағаны үшін көтеріңкі көтеріңкі жауапкершілікте
болады. Ол тіпті міндеттемені кәсіпкерлік қызметін орындамағаны немесе
тиісіт дәрежеде кездейсоқ орындалмағаны үшін жауапкершілікте болады.
Алайда, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес міндеттеме кәсіпкер қатысы
оның жауапкершілігі тәуекел ету барысында емес, кінәсіне қарай болады.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы кәсіпкердің жауапкершілігі шексіз
емес. Егер міндеттемені орындауда бой бермейтін күштің әсерінен
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мүмкін болмағандығын дәлелдей алса,
кәсіпкер жауапкершіліктен босатылады.
Бұл ережеде диспозитивті сипатта екендігін естен шығармау керек. Осы
сұрақтың басқа шешімі заңда немесе шартта көзделуі мүмкін. Азаматтық
заңдылық негіздеріне сәйкес келтірілген зиян үшін жауапкершілік егер
оның кінәсінен болмағандығын дәлелдей алса, залады өтеуден босатылады.
Тасымалдау шартын бекіту кезінде тараптар егер кінәсі бомаған жағдайда
жауапкершіліктен босатуды белгілеуі мүмкін.
Көтеріңкі қауіппен байланысқан ( транспорт ұйымдары, өндірістік
кәсіпорындар, құрылыстар, автотранспорт құралдарының иелері және т.б)
азаматтар және заңды тұлғалар, егер бой бермейтін күштің немесе
талапкердің қасақана әрекетінен зиянның келгендігін дәлелдей алмаса,
көтеріңкі қауіптің қайнар көзімен келген зиян үшін жауап береді.
Көтеріңкі қауіптің қайнар көзі ретінде көрсетілген обьектімен толық
адам басқара алмайтын, өзінің зиянды қасиеттерімен ерекшеленетін
материалдық обьектілер танылады. Мысалы, автомобильді қас қағым сәтте
тоқтату мүмкін емес, өйткені қоршаған ортаға көтеріңкі қауіп туғызады.
Көтеріңкі қауіптің қайнар көздерінің иелері көтеріңкі жауапкершілікті
қолдану (кінәсіне қарамастан) оларды көтеріңкі қауіп қайнар
көздеріне әрдайым мұқият бақылап отыруға ықпал етеді.
Сақтау қызметімен байланысты ұйым мүліктің зақымдану немесе кемшілігі
бой бермейтін күштің әсерінен болса, жауапкершіліктен босатылады.
Алайда азаматтық заңдылықпен бекітілгендей кінәсіне тәуелсіз
жауапкершілікті белгілеу шексіз емес. Кейбір жағдайларда егер
талапкердің қасақана әрекетінің салдарынан болғандығын дәлелдей алса,
жауапкершілікке тартылмайды. Көп ретте бой бермейтін әрекеті орын
алса, жауапкершілік қолданылмайды.
Ережеден тыс КСРО-ның әуе кодексінің 101 бабына сәйкес самолетті
қондыру, ұшыру кезінде жолаушыға келтірілген зиян үшін бой бермейтін
күшке қарамастан әуе транспорт кәсіпорны жауапкершілікке тартылады.
Осыған байланысты оқиға және бой бермейтін күшті ажыратып алуымыз
керек.
Оқиға бұл алдын ала ешкім көруі мүмкін емес жағдай. Егер оқиға орын
алса, онда кінәнің де болуы мүмкін емес. Алдын ала көріп білуге
мүмкін болмағандықтан, оқиға субьективті қарсы тұра алмаушылығымен
сипатталады. Сонымен қатар тарап бола алатын оқиға туралы білсе, онда
оның алдын алуға мүмкіндік болар еді. Мысалы, сауды ұйымы халықтың
әкелінген тауарға сұранысының төмендейтінін білген болса, онда
өзінің сауда айналымын тоқтатпас ішін басқа тауар әкелетін еді.
Егер оқиға субьективті алдын-ала алмаушылық тән болса, бой бермейтін
күшке обьективтік алдын алмаушылық тән. Оны көріп білу ғана
емес, сонымен бірге оның алдын алуға мүмкіндік болса, да оған
тараптың іс-әрекеті жеткліксіз. Мысалы, кеме жүк таымалдау
міндеттемесіне сәйкес жүк иесі тиісті күнде жеткізе алатындығы білсе
де, сол күні теңізде дауыл болуына байланысты жеткізе алмауы [16].

Бой бермейтін күші ретінде табиғат құьылыстарын жатқызамыз ( жер
сілкінісі су тасқыны, дауыл т.б ) сонымен қатар қоғамдық құбылыста
(әскери әрекет, көтеріліс, міндеттемеде көзделген іс-әрекетке тиым
салушы құзіретті билік органдарының бұйрығы және т.б) Алайда
міндеттемені орындауда бой бермейтін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайына байланысты мәселелер
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтары
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасы азаматтығын тоқтатудың негіздері
Азаматтықтың халықаралық құқықтық мәселелері
Қазақстан Республикасы аумағындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары және азаматтылығы жоқ тұлғаларғалардың құқықтық жағдайы
Халықаралық жеке құқықтағы шетел азаматтардың құқықтық жағдайы
Азаматтық
Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың халықаралық жеке құқық саласындағы құқықтық жағдайы
Пәндер