Қылмыс жасаудағы күдіктілерді күзету, ұстау және айдауылдау жөніндегі полиция қызметінің жұмысын ұйымдастырудың құқықтық негізі


Мазмұны

Кіріспе . . .: Кіріспе . . .
3: 3
Кіріспе . . .: 1. Тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар қылмыстың жасалуына сезіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды күзету мен қадағалау тәртібі . . .
3: 4
Кіріспе . . .: 1. 1 Тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар қылмыстың жасалуына сезіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды күзету мен қадағалау тәртібі . . .
3: 4
Кіріспе . . .: 2. Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары . . .
3: 27
Кіріспе . . .: 2. 1 Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары . . .
3: 27
Кіріспе . . .: 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгi қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемелерiнде ерекше жағдайлар режимiн енгiзу қағидасы . . .
3: 57
Кіріспе . . .: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгi қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемелерiнде ерекше жағдайлар режимiн енгiзу қағидасы . . .
3: 57
Кіріспе . . .: 4. Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыруы . . .
3: 65
Кіріспе . . .: 4. 1 Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыруы . . .
3: 65
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
3: 82
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер . . .
3: 84

Кіріспе

Бұл диплом жұмысында қылмыс жасаудағы күдіктілерді күзету, ұстау және айдауылдау жөніндегі полиция қызметінің жұмысын ұйымдастырудың құқықтық негізі талданады.

Еліміздегі соңғы кездері қылмыс санының артуы салдарынан арнайы мекемелерде қамауда, уақытша ұстау изолятарында ұсталғандардың саны артпаса кемімей отыр, сол себепті бұл жұмыста қылмыс жасаудағы күдіктілерді күзету, ұстау және айдауылдау жөніндегі полиция қызметінің жұмысын ұйымдастырудың өзекті мәселлері қарастырылып отыр.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 7-бабында әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттері қарастырылған, яғни адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, халықтың денсаулығын, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншікті, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін әкімшілік құқық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу болып табылады. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте әікімшілік жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қандай әрекеттер әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін үшін жазалар мен өзге де әкімшілік - құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді. [2]

Диплом жұмысының маңыздылығын мынада:

- Соңғы жылдары қылмыс жасаудағы күдіктілерді күзету, ұстау мәселесі бұқаралық ақпарат құраладарнда жиі көтерілуде.

- қылмыс жасаудағы күдіктілерді күзету, ұстау мәселесі ғылыми тұрғыдан аз зерттелуі.

- қылмыс жасаудағы күдіктілерді күзету, ұстау мәселесінің әлі де болса шешілмеген жақтары көп.

Жұмыстың мақсаты: қылмыс жасаудағы күдіктілерді күзету, ұстау және айдауылдау жөніндегі полиция қызметінің жұмысын ұйымдастырудың құқықтық негізін әкімшілік-құқықтық саралау.

Жұмыстың міндеттері: қылмыс жасаудағы күдіктілерді күзету, ұстау және айдауылдау жөніндегі полиция қызметінің жұмысын ұйымдастырудың құқықтық негізін әкімшілік-құқықтық мінездемесін теоритикалық апспектілерін жинақтау, дәрежелеу.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспе бөлімнен, төрт сұрақтан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар қылмыстың жасалуына сезіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды күзету мен қадағалау тәртібі

1. 1 Тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар қылмыстың жасалуына сезіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды күзету мен қадағалау тәртібі

Күзет пен қадағалаудың негізгі талаптары

Сезіктілер мен айыпталушыларды күзету мен олардың тәртібін қадағалауды бірін бірі кезекпен ауыстыратын төрт кезекші ауысымдағы жеке құрам тәулік бойы жүзеге асырады. Сезіктілер мен айыпталушыларды серуенге шығаруды, тергеушіге, дәрігерге, кездесуге апаруды және ұстау режимімен байланысты басқа да функцияларды орындауды режимдік бөлім бақылаушылары қамтамасыз етеді. [5]

Сыртқы және ішкі күзет орындарының саны мен орналасуын, тергеу изоляторының корпусты бөлімшелерінің санын Астана қаласы бойынша және облыстар бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері бекіткен күзет орындары табельдерімен белгіленеді.

Табельдер үш данада толтырылады: біріншісі - тергеу изоляторында, екіншісі - ҚАЖК ҚАЖД-де сақталады, үшіншісі - ҚР ӘдМ ҚАЖ Комитетіне ұсынылады.

Корпустық бөлімшелер режимдік корпустар немесе қабаттар бойынша белгіленеді. Олардың саны бір корпустық бөлімшеде ең көбі 300 сезіктілер мен айыпталушылардың есебінен анықталады. Әрбір корпустық бөлімшеге табельдегі жазба бойынша нөмір беріледі.

Табельмен бекітілген ішкі және сыртқы күзет орындары табельдік постар деп аталады. Нақты жағдайларға байланысты олар табельде көрсетілгендей бір ауысымды, екі ауысымды немесе үш ауысымды, тәулік бойғы болуы мүмкін, ол табельде көрсетіледі. Ішкі және сыртқы күзет орындарының әрбір табельдік постқа табельдегі жазба бойынша реттік номер беріледі. Табельде әрбір постының күзетуінде нақты не бар екені көрсетіледі.

Тергеу изоляторы бастығының, тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісі немесе оның орынбасарларының өкімі бойынша табельдік күзет орындарынан басқа қолда бар деректер бойынша сезіктілер мен айыпталушылар қашуға, күзетке шабуыл жасауға не болмаса құқыққа қарсы басқа да әрекеттер жасауға ниет ететін сезіктілер мен айыпталушылар бір немесе бірнеше камераларға бақылауды күшейту үшін қосымша (уақытша) күзет постылары белгіленуі мүмкін.

Кезекші ауысымдар мен режимдік бөлімдердің сандық құрамы режимдік корпустардың, күзет орындарының санын, сезіктілердің және айыпталушылардың тәуліктік қозғалысын, айдауыл, тінту және тағы басқалар жөніндегі міндеттерді орындауды ескере отырып анықталады.

Тергеу изоляторларының сыртқы және ішкі күзетін, күзетте ұсталатын адамдардың тәртібін қадағалауды қатардағы және кіші басшы құрамдағы адамдар - бақылаушылар жүзеге асырады.

Сыртқы күзет орындары:

  • мұнарадағы күзет орындарында тәулік бойы;
  • нарядтың жолында;
  • негізгі қақпаларда;
  • қосалқы қақпаларда;
  • серуендеу өткізу кезеңінде серуендеу аулаларында (қарусыз) орналастырылады.

Сыртқы күзет орындарындағы бақылаушылар жұмыс істейтін қарулармен:

  • мұнарадағы және нарядтың жолындағы күзет орындарында 40 патроны бар автоматпен (20 патроны бар екі магазин) ;
  • негізгі және қосалқы қақпаларда 16 патроны бар тапаншамен қаруланады. Сыртқы күзет орындарына дайындалған, қарудың материалдық бөлігін және қолдану тәртібін жақсы білетін бақылаушылар қойылады.

Ішкі күзет орындары:

  • камераларда, аурухана палаталарында, карцерлерде;
  • оқу-өндірістік шеберханаларында;
  • техникалық құралдарды басқару пультінде орналастырылады.

Ішкі күзет орындарындағы бақылаушылар қызметтерін қарусыз өткереді, міндетті түрде арнайы құралдармен жабдықталады ал техникалық құралдармен басқару пультінде 16 патроны бар тапаншамен қаруландырылады.

Камералардағы күзет орындары бір күзет орнына 15-тен 20-ға дейінгі аралас немесе қарсы орналасқан камераларды, карцерлерді күзетке тапсыру есебінен орналастырылады. Карцерлердің оқшау орналасуы кезінде жеке күзет орны қойылады.

Сезіктілер мен айыпталушылар шұғыл медициналық көмек көрсету үшін денсаулық сақтау органдарының емдеу мекемелеріне жіберген жағдайларда оны күзету үшін тәулік бойына күзет орны белгіленеді.

Бұл күзет орнына әр ауысымнан кемінде екі бақылаушыдан бөлінеді, оның біреуі аға бақылаушы болып тағайындалады. Бір бақылаушы өз қызметін тікелей ауру адамның палатасында, ал екінші жағдайға байланысты дәлізде, терезе алдында немесе аурухана ғимаратының сыртқы жағындағы басқа орында өткереді.

Ауруханадағы күзет орнына тағайындалған бақылаушылар азаматтық киімде болулары, радиостанция алып жүрулері және жасырын алып жүретін тапаншалармен, арнайы құралдармен қаруланулары тиіс.

Егер ауруханаға сезікті немесе айыпталушы әйел орналастырылса, онда күзетуге арналған күзет орнына қарусыз бақылаушы - әйелдер тағайындалады.

Күзет тәртібін анықтау және бақылаушыларға нұсқама өткізу үшін ауруханаға тергеу изоляторы басшыларының бірі келеді.

Кезекші ауысымның түнгі уақытта қызмет өткеруін тексеруді тергеу изоляторының бастығы, оның орынбасарлары және аға мен орта басшы құрамның басқа да адамдары тексеруден 10-15 сағат бұрын тапсырылатын ұйғарым негізінде кенеттен тексеру жолымен жүргізіледі.

Кесте әрбір кезекші ауысымды түнгі сағат екіден таңғы сағат алтыға дейін, айына кем дегенде 4 рет тексеру есебімен жасалады.

Жүргізілген тексерулер және олардың нәтижелері туралы тексерген адам тергеу изоляторындағы және корпустық бөлімшедегі кезекшілік кітабына белгі жасайды.

Әрбір тергеу изоляторында күзетудің жедел жоспары жасалады, оған:

  • сыртқы күзет орындары және ескерту белгілерін беру секторлары мен шекаралары көрсетілген тергеу изоляторы аумағының бас жоспары;
  • ішкі күзет орындары енгізілген режимдік корпустардың әр қабаттық жоспарлары;
  • тергеу изоляторының кесілген макеті;
  • дабыл бойынша және жағдай ушыққан кездегі іс-қимылдар туралы нұсқаулық;
  • дабыл кезінде шұғыл шақыруға жатқызылатын қызметкерлердің мекен-жайлары, телефондары және шақыру тәсілдері көрсетілген тізімдері (тізімдер өзгерген жағдайда режим және күзет бөлімімен жаңартылады) ;
  • төтенше жағдайлар кезінде құлақтандырылуға тиіс лауазымды адамдардың тізімдері енгізіледі. Осы барлық құжаттар (макеттен басқалары) жазбалары бар папкаға тігіліп, жазбамен кезекшіде сақталады.

Кезекші ауысымдардың қызмет өткерулерін ұйымдастыру

Күзеттің кезекші ауысымына ауысымның бастығы болып табылатын кезекші басшылық жасайды. Кезекші тікелей тергеу изоляторының бастығына, оның орынбасарларына бағынады және олар жоқ кезде жауапты лауазымды адам болып табылады.

Әрбір кезекші ауысымға тұрақты нөмір (бірінші ауысым, екінші ауысым және т. б. ) беріледі. Әдетте, ауысым құрамы тұрақты болуы керек. Ауысымға бақылаушылар тергеу изоляторы бастығының бұйрығымен тағайындалады. Бақылаушылар бір ауысымнан екінші ауысымға тек өте қажет жағдайда ғана ауыстырылады.

Бақылаушы бір күзет орнына қатарынан 12 ауысымнан артық қызмет өткермейді, бұдан соң басқа күзет орнына ауыстырылады.

Кезекші ауысым құрамына әйелдер камераларының санына байланысты қажетті мөлшерде бақылаушы-әйелдер тағайындалады. Бестен көп емес әйелдер камералары бар, жалпы дәлізде орналасқан тергеу изоляторында күзет бақылаушы - ер адамдарға тапсырылуы мүмкін. Әйелдерді тінтуді және санитарлық тазартуға апаруды тек бақылаушы-әйелдер ғана жүзеге асырады.

Кезекші ауысымның жұмыс режимі әдетте 8 немесе 12 сағаттық кесте бойынша белгіленеді.

Жағдай ушыққан кезде бақылаушыларды тергеу изоляторы бастығының өкімімен 5 тәулікке дейінгі мерзімге, ҚАЖК ҚАЖД басшылығының рұқсаты бойынша - бір айға дейінгі белгіленген кестеден тыс қызмет өткеруге тартуға рұқсат етіледі.

Кезекші ауысымға:

  • сыртқы және ішкі күзет орындарының;
  • құрама бөлімшелерінің;
  • резервтегі топтардың бақылаушылары;
  • техникалық құралдармен басқару пультінің операторлары кіреді.

Кезекшілікке ауысымды тергеу изоляторын күзету жөніндегі тағайындау тергеу изоляторы бастығының әр тәулік қарсаңындағы, 8 сағаттық кезекшілік кезінде екі ауысымға және 12 сағаттық кезекшілік екі ауысымға шығарылатын бұйрығымен жүргізіледі.

Бұйрықта әрбір ауысымның жеке құрамының күзет орындары бойынша орналасуы көрсетіледі. Күзет орындарының саны көп болған тергеу изоляторының бастығына ауысымның жеке құрамын орналастыруға күзет орындары бойынша 6, 12 кезекшілікке дербес орналастыруды бекітуге рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда бұйрықта бекітілген орналастыруға тек қана сілтеме жасалады. Күзет орындар бойынша бақылаушыларды орналастырудағы барлық өзгерістер ауысымның жеке құрамын орналастырудағы өзгерістер туралы анықтамада белігіленеді.

Күзет жөніндегі бұйрықта кезекші ауысымдарға және режимдік бөлімге нұсқау көрсетіледі. Уақытша күзет орындары арқылы күзетті күшейту шаралары, сондай-ақ бақылау, тінту техникалық қарау жүргізілуі тиіс камералардың номерлерін қою күзетті күшейту жөніндегі шаралар және басқа да өкімдер көрсетіледі.

Күзетті күшейту жөніндегі нұсқау нақтылы болуы тиіс. Күзет жөніндегі бұйрық қызмет бабында пайдалану үшiн болып табылады, бір данада ғана шығарылады және іс-әрекеті жойылғанға дейін кезекшіде сақталады, одан кейін арнайы есепке алу бөлімінің бастығына тапсырылады және тергеу изоляторының күзет жөніндегі бұйрықтар ісіне тігіледі.
Кезекші өзіне бекітілген ауысымның тікелей бастығы ретінде:

  • кәсіби даярлық сапасына, қызметтік тәртіптің жағдайына, ауысым жеке құрамының заңдылықтарды қатаң сақтауларына дербес жауап береді;
  • ауысымның жеке құрамымен арнайы және жауынгерлік дайындық жөнінде сабақ өткізеді.

Көмекші қызмет өткеру кезінде:

  • сезіктілерді және айыпталушыларды күзетуді, қадағалауды және оқшаулауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, олармен ұстаудың белгіленген тәртібін сақтауларын қамтамасыз етеді;
  • тергеу изоляторының бастығы, орынбасары болмаған кезде ұстау тәртібін өрескел бұзудың, сезіктілердің және айыпталушылардың бағынбаушылықтарының, шабуыл жасаудың, қашудың немесе өзге де төтенше оқиғалардың алдын алу, жолын кесу және жою шараларын қабылдайды;
  • корпус жөніндегі жетекші мен ішкі және сыртқы күзет орындарындағы бақылаушылардың қызмет өткерулерін жеке өзі, сондай-ақ орынбасар арқылы күндізгі уақытта кемінде екі рет, ал түнгі уақытта кемінде үш рет тексереді;
  • инженерлік-техникалық күзет құралдарының, белгі беру, байланыс құралдарының, сондай-ақ есіктердің, есіктердегі желдеткіштердің, құлыптардың, торлардың, камералық жабдықтардың ақауларын тез арада жою жөнінде шаралар қолданады;
  • режимдік аумақта баспалдақ, тақтай және шабуыл жасау мен қашу үшін пайдаланылатын басқа да заттарды сақтауға жол бермейді;
  • қарулар, оқ-дәрілер және арнайы құралдарды сақтауды ұйымдастырады және олардың сақталуын қамтамасыз етеді;
  • сезіктілер мен айыпталушыларды қабылдауды және жіберуді жүзеге асырады, оларды құрама бөлімшенің камераларына орналастыруды және жеке тінтуді ұйымдастырады;
  • ауруларға шұғыл көмек көрсету үшін медицина қызметкерлерін шақырады және ауырғандарды емдеу мекемелеріне тасымалдауды қамтамасыз етеді;
  • сезіктілер мен айыпталушыларды жедел бөліммен құрастырылған камераларға орналастыру жоспарына сәйкес камераларға орналастыруды ұйымдастырады;
  • режимдік бөлімнің күндізгі қызметі жұмыс істемеген кезде сезіктілер мен айыпталушыларды сұрақ алуға тергеушіге апаруды қамтамасыз етеді;
  • өткізу жүйесі ережелерінің орындалуын бақылайды;
  • карцерге немесе жалғыз адамдық камераға орналастырылған адамдардың жаза өтеу мерзімдерін қадағалайды және оларды уақытында босатады;
  • медицина қызметкерлерімен бірлесіп тамақтың сапасын және дер кезінде дайындалуын бақылайды;
  • тергеу изоляторында өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталуын бақылайды.

Кезекшіге ішкі және сыртқы күзет орындарының бұйрықпен бекітілген санын өз бетінше азайтуға немесе төтенше жағдайлар тудырған оқиғалар (күзетке шабуыл жасау көрініс бергенде, қашудың алдын алу кезінде, табиғи апаттың алдын алу кезінде) кезінен басқа кезде олардың тұрған жерін өзгертуге рұқсат етілмейді. Оған нұсқаулықтың 8-тармағында көрсетілген жағдайларда қосымша күзет орындарын белгілеуге рұқсат етіледі. Кезекші күзет орындары санын азайтуға немесе қосымша күзет орындарын белгілеу туралы кезекші кезекшілік кітабына жазба жазады және бұл туралы тергеу изоляторының бастығына не болмаса оның орынбасарына баяндайды.

Кезекшіге нарядттан бос бақылаушыларды және басқа қызметкерлерді шұғыл тапсырмаларды орындау үшін қызмет өткеруге шақыртуға және тағайындауға рұқсат етіледі.

Кезекші кезекші бөлімінде:

1) тергеу изоляторының күзеті бойынша бұйрықтарды;

2) ауысым жеке құрамының дербес орналасуын;

3) ауысым жеке құрамының орналасуының өзгеруі туралы анықтамасын;

4) кезекші ауысымның жеке құрамының жұмысын орналастырылған есепке алу журналын;

5) карцерге және бір адамдық камераға орналастырылғын адамдарды есепке алу кітабын;

6) сезіктілер мен айыпталушылардың сандық тексерісінің кітабын;

7) нысанды қаруды және оқ-дәрілерді беру және қабылдау кітабын;

8) арнайы кілттерді есепке алу кітабын;

9) тергеу изоляторына жеткізілген адамдарды есепке алудың тәулік ведомосын;

10) тергеу изорляторынан уақытша кеткен адамдарды есепке алудың тәулік ведомосы;

11) оқшау ұстауға жататын адамдардың тізімі бар ісін;

12) (келуі, кетуі) әр тәулікке 8-сағаттық кезекшілікте, 12 сағаттық кезекшілікте қозғалысы туралы анықтама;

13) тергеу изоляторы күзетінің жедел жоспары;

14) мастикалық мөрді;

15) қару қоймасының артық кілтін;

16) постық қаруларды, арнайы құралдарды;

17) өлім жазасына сотталған және өмірлік бас бостандығынан айырылған сотталғандар ұсталатын түрмелік типтес кілттердің және камералардың екінші құлыптарының кілттерінің артығын;

18) аппеляциялық шағымдарға арналған мөртабандарды;

19) камера бойынша орналастыру жоспарын;

20) сыртқы шаруашылық жұмыстарға шағаруға жататын сотталғандардың тізімін;

21) тергеу изоляторы бойынша кезекшілік кітабын сақтайды және жүргізеді.

Нұсқаулықтың осы тармағында көрсетілген жеке құжаттарды жүргізуді және сақтауды кезекші өзінің орынбасарына жүктеуі мүмкін.

Кезекшіге:

1) ауырған жағдайдан басқа уақытта ауысым құрамынан біреуді кезекшілікті өткеруден босатуға;

2) тергеу изоляторының аумағынан кетіп қалуға;

3) қызмет өткеру кезінде ұйықтауға тыйым салынады.

Қызмет өткеру кезеңіндегі ауырып қалған жағдайда кезекші тергеу изоляторының бастығына немесе оның орынбасарына баяндайды және әрі қарай олардың нұсқауы бойынша әрекет етеді.

Кезекшінің орынбасары кезекшіге бағынады және ауысымның жеке құрамымен жұмыс бойынша нұсқаулықтырын орындайды және кезекшілікті өткеру уақытында тергеу изоляторын күзету бойынша міндеттерді жүзеге асырады.

Тергеу изоляторында штат бойынша әр ауысымда кезекшінің бірнеше орынбасарлары болады, олардың лауазымдық міндеттерін жұмыстың ерекшелігін ескере отырып тергеу изоляторының бастығы белгілейді.

Корпусты бөлімшені кезекші ауысымның корпус бойынша аға қызметкері басқарады. Корпус бойынша аға қызметкер корпуста кезекші ауысым құрамында корпуста қызмет өткереді және кезекші мен оның орынбасарына бағынады. Оған ішкі күзет орындарының бақылаушылары бағынады. Корпус бойынша аға қызметкерге корпустық бөлімшеде бөлме бөлінеді, оған:

1) ішкі телефон байланысы және кезекшімен тікелей байланыс аппараттары;

2) камералары бар біржақты байланыс жасайтын дауыс зорайтқыш аппараттары;

3) күзет-дабыл белгілерін беретін түйме;

4) құжаттарды сақтауға арналған металл шкаф орналастырылады.

Корпус бойынша аға қызметкер:

1) күзет орнына бақылаушылардың өздеріне бекітілген корпустық бөлімшеде қызмет атқаруларын тексереді, дабыл кезінде дереу белгі түскен күзет орнына келеді;

2) корпустық бөлімшеге келгендерді қабылдайды және оларды кезекшінің нұсқауына сәйкес камераларға орналастырады. Қамаудағы адам орналасуға тиіс орынды (төсекті) жеке көрсетеді және оны тиісті төсек жабдықтарымен, жеке басқа қажетті заттармен қамтамасыз етеді;

3) орын ауыстыру талоны немесе орын ауыстыру тізімі негізінде сезіктілер мен айыпталушыларды басқа камераға ауыстыруды жүргізеді;

4) камералық картотека бойынша сезіктілер мен айыпталушылардың есебін жүргізеді, камералық карточкаға бір камерадан екінші камераға ауыстыру туралы мәлімет берілгені туралы немесе қайтарылған мүлік туралы барлық қажетті жазбаларды жүргізеді;

5) ішкі тәртіп ережесінің сақталуын, уақытында ұйқыдан тұруды, ұйқыға жатуды, тамақ таратуды қадағалайды, сезіктілер мен айыпталушылар арасындағы тәртіпті қадағалау шараларын қолданады, байқалған тәртіп бұзушылықтарды дереу жояды және олардың тарапынан болған заңсыз қауіпті әрекеттердің жолын кеседі;

6) кезекшіге сезіктілердің, айыпталушылардың кенеттен ауырып қалғаны, шұғыл медициналық көмекті қажет ететіндер туралы баяндайды және медициналық бөлімді хабардар етеді;

7) камералар бойынша кезекшілерді тағайындайды және корпустық бөлімшелерде тазалық сақтауды қамтамасыз етеді;

8) белгіленген тәртіппен киімдердің ұсақ-түйек жөндеу жұмыстары үшін камераларға инелер, жіптер және қайшыларды бақылаумен береді және қайтарылуын қамтамасыз етеді;

9) тергеу изоляторынан кететін адамдарды шығарушы бақылаушыларға тапсырады;

10) жазбаша арыздар мен шағымдарды қабылдайды және оларды кезекшіге тапсырады;

11) сезіктілер мен айыпталушылар босатылған кезде олардың есебіндегі мүкәммал заттарды беруді бақылайды, жетпеген немесе бүлінген заттар туралы кезекшіге баяндайды;

12) ұйқыға жатқаннан кейiн ішкі күзет орындарының бақылаушыларынан камералардың кілттерін алады және оларды сезіктілер мен айыпталушылардың таңғы ұйқыдан тұруына дейін металл шкафтарында сақтайды немесе кезекшінің сақтауына тапсырады;

13) сезіктілер мен айыпталушыларды серуендеуге, санитарлық тазартуға шығаруларын, камераларға техникалық қарау, жоспарлы және жоспардан тыс тінту жүргізулерін бақылайды.

Корпус бойынша аға қызметкер өзінің корпустық бөлімшесін қалдыруға тек қажет жағдайларда кезекшінің рұқсаты бойынша жіберіледі.

Ауырған жағдайда корпус бойынша аға қызметкер бұл туралы кезекшіге баяндайды және оның тиісті нұсқауы бойынша әрекет етеді.

Әр кезекші ауысымда бақылаушылар ішінен тергеу изоляторы бастығының бұйрығымен резерв тобының аға қызметкері тағайындалады, ол тікелей кезекшіге және оның орынбасарына бағынады және олардың нұсқауы бойынша әрекет етеді.

Резерв тобының аға қызметкері:

1) резерв тобын басқарады;

2) қарумен қызмет өткереді;

3) күзетке шабуыл жасаудың, қашудың және басқа да қауіпті іс-қимылдардың жолын кесу үшін кезекшінің бөлмесінде үнемі дайын отырады;

4) алдын ала белгі беру шебінен белгі келіп түскен кезде дабыл жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес әрекет етеді;

5) кейбір ауысымдарда ғана кезекшінің орынбасары болса атын немесе мүлдем жоқ болса тергеу изоляторында ауысымды жұмысқа бөлуге дайындайды;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторлары туралы
Есіл аудандық полиция басқармасында кәсіби практиканы өту туралы ЕСЕП
Ішкі істер министрлігі
Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі: құрылымы, мақсаты және міндеттері
Ішкі істер органдарының міндеттері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Гурьев қалалық атқарушы комитетінің ІІБ тергеу бөлімшесінің тергеушісі
Алдын ала тергеу органдары
Астана қаласы Алматы аудандық ІІБ өткен Кәсіптік іс-тәжірибелік ЕСЕП
Ішкі істер органдарының құқықтары мен міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz