Оқытудың белсенді әдістері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1.ТАРАУ. ОҚЫТУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ
1.1 Оқыту әдістеріне түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5 1.2 Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру және оқытудың белсенді әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12

2.ТАРАУ. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Жоғарғы сынып оқушыларына мәліметтер қорын басқару жүйесін оқытудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
2.2 Мәліметтер қорын басқару жүйесін оқытудың белсенді әдістері ... ... ... 48

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... .. 60
ҚОСЫМША А ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62
ҚОСЫМША Ә ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 68
Тақырыптың өзектілігі: еліміздің егемендік алуы, ұлттық сана - сезімнің өсуі, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу – білім беру саласында аймақтық компонентті енгізуді қажет етті. Қазақстан Республикасының жаңа білім беру саясатына байланысты аймақтық компонентті енгізу білім беру саласының ең маңызды бір бөлігі болып отыр.
Республика ұстаздарының негізгі мақсаты – қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл, өз мамандығын дұрыс таңдаған, ой-өрісі жоғары жеке тұлға дайындау.
Қоғамның дамып-өркендеуі, оның әлеуметтік-мәдени этностық ерекшеліктерін толық меңгеріп, өзгерістер, жаңалықтар, ұғымдар туралы болып жатқан барлық мәселелерге мән бере отырып, салауатты өмір салтын құруда, білім беру саласындағы инновацияны меңгеруде, қоғамымызды ізгілендіруде мұғалімдерге, олардың кәсіптік сапаларына, білімділігі, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қабілеттілігі, мәдениеті, парасаттылығы, т.б. қасиеттеріне байланысты екендігін, мұғалімдік мамандықтың жан-жақты білімді, шынайы сезімтал болуды, шәкірттеріне шексіз сүйіспеншілікті беруді талап ететінін, еңбегінің нәтижесі әр күн сайын балаларға қуаныш әкелгенде ғана жемісті болатынын ұғындыру.
Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиенің озық әрі өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерін оқушылардың бойында қалыптастыру, этнопедагогика материалдарын ұтымды пайдалану – аса маңызды міндеттердің бірі. ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда.
1. Қоянбаев Ж.Б. Қоянбаев Р.М. Педагогика – Алматы, 2004.
2. Мирсеитова С, Іргебаева Ә. Әрекеттегі СТО философиясы мен әдістері. – Алматы: Издат. Маркет, 2004.
3. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы. – Алматы: Ғылым, 2003.
4. Қойшыбаева А. Оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастыру. /Қазақ тілі мен әдебиеті, №7. Б. 59-61.
5. Рамазанқызы Ә. Оқушылардың белсенділін арттырудың тиімді жолдары/ Қазақ тілі мен әдебиеті, № 3, 49-52 б.
6. Сабыров Т. Оқушының оқу белсенділігін арттыру жолдары. Алматы.: Мектеп, 1978.
7. Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер: Оқу құралы/ Бидайбеков Е.Ы., Елубаев К., Шекербекова Ш.Т. Алматы, 2010.
8. Нургалиева Г.К. Психолого-педагогические основы системы ценностного ориентирования личности: Дис. докт. – Алматы, 1993.
9. А. К. Колеченко. Энциклопедия педагогических технологий. КАРО, 2001.
10. Л. С. Николаева, Л. И. Лесных. Использование нетрадиционных форм занятий. // «Специалист», №2, 1992. 5-6-б.
11. Талызина Н.Ф. Формирование познавательной деятельности учащихся. - М.: Знание, 1983
12. Наумова М.А. «Системы управления базами данных и знаний».
Высшая школа, 1992г.
13. Л. В. Коуров «Ақпараттық технология», Минск “Амалфея” – 2000г.
14. Робинсон С. Access 2000. Учебный курс.
15. “Информационная система”, Петров, Москва – 2000г.
16. “Проектирование и использование баз данных”, С. М. Диго, Москва, “Финансы и статистика” – 1995г.
17. Бабанский Ю.К.. Методы обучения в современной общеобразовательной школе.- Москва: Просвещение, 1985.-208с.
18. Педагогика. Учебное пособие для студентов педагогических вузов и педагогических колледжей / Под. Ред. П.И. Пидкасистого. - М: Педаг. Общество, 1998. -640с.
19. М.Жұмабаев. Педагогика.- Алматы: 1992. -160б.
20. Г.Қ.Нұрғалиева. Педагогиканық логикалық-құрылымдық курсы,- Алматы,1996.
21. Хансен Г., Хансен Д. Баз данных: разработка и управление. Перевод, Киев 1999г.
22. Брешенков А. В. Оперативная разработка баз данных средствами систем CLARION.
23. Диго С.М. Проектирование и использование баз данных, 1990г.
24. Оконь В. Введение в общую дидактику. - Москва: Высшая наука, 1990.
25. «Информатика» М.Қ. Байжұманов. Л.Қ.Жапсарбаева.
26. «Информатика негіздері» Г.Ә.Жапаров.
27. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
28. Айтмамбетова, Бейсенбаева. Тәрбиенің жалпы әдістері. -А., 1991.
29. www.temakosan.net
30. www.mega-referat.ucoz.kz
31. www.refik.ucoz.kz

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1-ТАРАУ. ОҚЫТУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ
1.1 Оқыту әдістеріне
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 5 1.2 Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру және
оқытудың белсенді
әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 12

2-ТАРАУ. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Жоғарғы сынып оқушыларына мәліметтер қорын басқару жүйесін оқытудың
ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 38
2.2 Мәліметтер қорын басқару жүйесін оқытудың белсенді
әдістері ... ... ... 48

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . . 60
ҚОСЫМША
А ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... . 62
ҚОСЫМША
Ә ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... . 68

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: еліміздің егемендік алуы, ұлттық сана - сезімнің
өсуі, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу – білім беру саласында аймақтық
компонентті енгізуді қажет етті. Қазақстан Республикасының жаңа білім беру
саясатына байланысты аймақтық компонентті енгізу білім беру саласының ең
маңызды бір бөлігі болып отыр.
Республика ұстаздарының негізгі мақсаты – қоғам дамуының қазіргі кезеңіне
сай жастардың саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл, өз мамандығын дұрыс
таңдаған, ой-өрісі жоғары жеке тұлға дайындау.
Қоғамның дамып-өркендеуі, оның әлеуметтік-мәдени этностық ерекшеліктерін
толық меңгеріп, өзгерістер, жаңалықтар, ұғымдар туралы болып жатқан барлық
мәселелерге мән бере отырып, салауатты өмір салтын құруда, білім беру
саласындағы инновацияны меңгеруде, қоғамымызды ізгілендіруде мұғалімдерге,
олардың кәсіптік сапаларына, білімділігі, ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жүргізуге қабілеттілігі, мәдениеті, парасаттылығы, т.б. қасиеттеріне
байланысты екендігін, мұғалімдік мамандықтың жан-жақты білімді, шынайы
сезімтал болуды, шәкірттеріне шексіз сүйіспеншілікті беруді талап ететінін,
еңбегінің нәтижесі әр күн сайын балаларға қуаныш әкелгенде ғана жемісті
болатынын ұғындыру.
Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиенің озық әрі өнегелі
дәстүрлерін, асыл қасиеттерін оқушылардың бойында қалыптастыру,
этнопедагогика материалдарын ұтымды пайдалану – аса маңызды міндеттердің
бірі. ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік
білім беру кеңістігіне бағыт алуда.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында Білім беру жүйесінің
басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу делінген. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім
берудің ұлттық моделіне оқыту мен тәрбие берудің соңғы әдіс-тәсілдерін,
инновациялық технологияны игерген, психологиялық, педагогикалық жұмыста
қалыптасқан, ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты
тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолын салуға икемді,
шығармашылық педагогикалық зерттеуші болуды талап етеді.
Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін
мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әр түрлі
технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жан-жақты
ізденістің нәтижесінде білім беру саласында жаңа педагогикалық
технологиялардың саны да, сапасы да өсіп келеді. Технология – белгілі бір
істегі адамның әдісі, шеберлігі. Осы шеберлік арқылы мұғалімнің өз сабағы
оқушыға жоғары сатыда жеткізуіне мүмкіндік береді. Мұғалім үнемі
шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасап отырса жаңашылдыққа жақын болғаны.
Өзгелердің үлгісін өз ісінде пайдалана білсе, оған өзіндік қолтаңбасын
қосып отырса – оқушы тәрбиелеу мен білім берудегі жетістігі сол болмақ.
Қазіргі педагогикалық әдебиеттерден 50-ден астам оқыту технологиялары
қолданысқа енгізілгені белгілі болып отыр.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, жаңаша құрылымы бар демократиялық қоғам
құруға кіріскеніне біршама уақыт өтті. Еліміздің болашағын жасайтын жастар
білімімен қатар шығармашылық қасиеті жоғары, өзіндік көзқарасы бар, елге
тұлға болатын азаматтар болуы керек. Ал ол азаматтарды оқытып, тәрбиелеп
шығаратын негізгі орта – мектеп. Сондықтан қазіргі мектеп ішінара қайта
құруларға жол беріп, көп істерде оң өзгерістерге қол жеткізуде.
Мұғалімдердің міндеті – мәдениетті түрде білімді, іскер, жеке тұлғаны
дамыту, ұлтымыздың рухын көтеру, осы мақсатқа жететіндей тиімді жол іздеу.
Педагогикалық психология бойынша оқушының мәдениетін білім, білік, дағды
арқылы дамыту керек. Әр оқушының жеке жұмыс қабілетін ескеру, сынып
тапсырмаларын, үй жұмысын баланың ерекшеліктерін ескере отырып беру қажет.
Мектептің оқу үрдісіне енгізіліп жүрген технологиялар теориялық тұрғыдан
дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Модульдік оқыту – оқытуды
оңтайландыру, тұлғаның мүмкіндігіне даярлық деңгейін бейімдеу болса, дамыта
оқыту – оқушының жеке тұлғасын, оның біліктерін дамыту. Ал жекелеп
(даралап) оқыту – бұл қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашуға, дамытуға жағдай
туғызу, белсенді оқыту – танымдық белсенділігін, шығармашылығын
ұйымдастыру.
Зерттеудің мақсаты: оқытудың белсенді әдістерін пайдаланып мәліметтер қорын
басқару жүйесін белсенді оқыту әдістемесін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
оқыту әдістерімен, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы белсенді
әдістерімен таныстыру;
оқушыларға мәліметтер қорын басқару жүйесін оқытудың белсенді әдістерін
пайдалану;
мәліметтер қоры басқару жүйесімен жұмыс істеуде оқытудың белсенді
әдістерін көрсету және мәліметтер қорын жобалау (сабақ үлгілері).

1-ТАРАУ. ОҚЫТУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ

1.1 Оқыту әдістеріне түсінік

Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау
үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын
тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке
келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын
дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты
нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді
білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың
зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды
қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге
үлес қосады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің
жүзеге асуына көмектеседі.
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту,
тәрбиелеу,ұйымдастыру.
Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі
құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары,
станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер,
өндіріс, құрылыс.
Оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі. Әдістер белгілі бір
негіз бойынша топтарға бөлінеді.
XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский
түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді.
Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелік
жұмыстардан білім алады. Осыны ескеріп 20-30 жылдарда Н.М.Верзилин, Е.Я.
Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады. Қазір
компьютерлік жүйелер арқылы білім алу мүмкіндігі бар.
М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық
мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу,
іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-
әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың
пікірлері бойынша оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқа жету үшін оқушылардың
іс-әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың
алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген.
И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық
жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой
жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді.
Оқытушының басшылығымен жұмыс істейтін оқушылардың танымдық белсенділігі
әртүрлі.
Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы "дайын" білімдерді есінде сақтап,
кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсенділігі төмен болады.
Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің
танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Бұл әдіс бастауыш мектептерге де
таралған. Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік, эвристикалық, зерттеу
әдістерімен өткізу мүмкін бола бермейді.
Ю.К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін
топтады. Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан
тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру,
ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі.
М.И.Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін іріктеген.
Оқыту әдістері: а) ақпарат беру әдісі, ә) түсіндіру әдісі, б) ынталандыру
әдісі, в) тәжірибелік әдіс.
Бинарлық әдістер бір-бірімен тығыз байланысты оқыту мен оқудың
тәсілдерін (хабарлау, міндеттер қою, мұғалімнің тапсырма беруі, оқушылардың
тыңдауы, жаттығулар орындауы, есептер шығаруы, мәтінді оқуы, т.б.)
қолдануды талап етеді. Мысалы, мұғалім оқушыларға фактілер мен ережелерді
хабарлайды, заттарды көрсетеді, фактілердің мәнін түсіндіреді, оларға
сұрақтар қояды. Егер оны тәсілдердің арасында түсіндіру тәсілдері, дәлірек
айтсақ фактілерді талдау, салыстыру, хабарлау, т.б басым болса, онда оқыту
әдісін түсіндірмелі деп атауға болады. Егер негізгі тәсіл - ақпараттарды,
фактілерді ұсынумен шектелсе, (мысалы: мұғалім оқушыларға ережелерді
жаттауды ұсынады, бірақ ереженің мәнін түсіндірмей, оны жаттау тәсілін
айтады), онда оқыту әдісі ақпараттық- хабарлау, немесе оны жай ғана
хабарлама әдісі деп атайды. Осыған сәйкес бірінші жағдайда оқушылар
заттарды бақылап, фактілерді есінде сақтайды, мұғалімнің түсіндіргенін
тындайды және ой елегінен өткізеді, ақпараттық сұрақтарға жауап іздейді.
Бұл жерде оқу әдісі репродуктивтік, дәлірек айтсақ жаңа ережені оқушылар
дайын күйінде меңгереді (оқушылар фактілерді талдап, ережелер шығармайды).
Егер оқыту әдісі хабарлау әдісі болса, оқудың негізгі тәсілі жаттау,
оқушылардың үлгі бойынша жұмыс істеуі. Мұндай оқу әдісін шартты түрде
орындаушылық деп атаймыз.
Сондықтан оқушының кітаппен жұмысы оқу әрекетінің тәсілі болып
табылады. Егерде оқушы мәтінді талдаса, түсінгенін өз сөзімен айтса, онда
кітаппен жұмыс оқу әдісі болып табылады. Егер монологтық баяндау әдісі
қолданылса, онда мұғалім әңгімелейді, ғылымның дайын қорытындыларын,
ережелерін, фактілерін хабарлап оқиғаларды суреттейді, іс-әрекеттің
үлгілерін көрсетеді және оқушыларға тапсырмалар береді. Эвристикалық әдісті
қолданғанда мәселелік деңгей (оқушылардың белсенділігі) едәуір көтеріледі,
эвристикалық әңгімелерге танымдық (логикалық) есептер және проблемалық
тапсырмалар қосылады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен "жаңалық" ашады, бірақ
негізінен оқушылар өз бетімен жұмыс істейді. Зерттеу әдісін қолданғанда
мұғалім оқушыларға тәжірибелік сипаттағы тапсырмалар (тәжірибе жүргізу,
қосымша ақпарат, фактілерді жинап оларды өз бетімен талдау және
қортындылау, өз ойын дәлелдеуге керекті материалдарды жинау, т.б) береді.
Оқушылар оларды өз бетімен орындайды, бірақ бұдан мұғалімнің басшылығы
керек емес деген сөз тумайды.
Оқыту әдістерін тандау әдетте сабаққа оқу материалының мазмұнын
таңдаған кезде жүреді. Ол дидактикалық мақсатқа, оқушылардың білім
деңгейіне мұғалімнің өзінің дайындық деңгейіне байланысты.
Әңгіме – оқу материалын ауызша баяндау. А. Байтұрсынов "Сөзден
әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас" дейді. Сөз өнерінің
айшықты болуы сөздің дұрыстығына, тілдің анықтығына, дәлдігіне,
көркемділігіне, тіл тазалығына байланысты екенін дәлелдеп, алмастыру,
кейіптеу, бейнелеу (ұқсату), әсірелеу тәсілдерінің мәнін ашады. Міржақып
Дулатов оқытудың баяндау, әңгіме, түсіндіру әдістеріне ерекше мән беріп,
тұрмыс-салтқа, әдет-ғұрыпқа байланысты тақырыптарды әсерлі баяндаудың
тәсілдерін көрсетіп берді. Ол "баланы толық жауап беруге әдеттендіру
керек", - дейді. Сөйтіп, оқытушы көркемдеп оқытудың жаңаша жолдарын ұсынып,
мұғалімдерден соны іс-әрекеттерді талап етеді. "Балалар дұрыс оқи алмай,
қиналған жерде мұғалім өзі оқып, көрсету лайық",- дейді.
Сөздік әдісі мектептің барлық сатыларында қолданылып, әңгіменің
сипаты, көлемі, ұзақтығы өзгереді. Әңгіме арқылы жаңа білімді хабарлау үшін
оған кейбір талаптар қойылады. Олар:
•   әңгіменің оқушыларды адамгершілігіне әсер етуі;
•   әңгімеде дәлелді және ғылыми фактілердің болуы;
•   ой пікірдің дұрыстығын дәлелдейтін жарқын және нанымды мысалдардың,
фактілердің жеткіліктілігі;
•   әңгіменің жүйелілігі болуы керек;
•   әңгіменің әсерлілігі;
•   тілінің қарапайымдылығы және түсініктілігі;
•   мұғалімнің фактілер, оқиғаларға берген бағасының болуы.
Түсіндіру – жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың жұмыс
істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау. Мысалы, шет тілі сабағында жаңа
мәтінді өтер алдында оқушыларға жаңа сөздердің мағынасы түсіндіріледі.
Мұғалім оқушыларға таныс емес құралдарды немесе басқа көрнекі құралдарды
сабаққа алып келіп, жаңа материалды түсіндірмес бұрын оларды оқушыларға
түсіндіреді.
Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады,
бірақ бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде де қолданылады.
Химиялық, физикалық, математикалық есептерді шығарғанда теоремаларды
оқығанда, табиғат және қоғам құбылыстарының түбірлі себептерін және
салдарын ашу кезінде түсіндіру әдісі жиі қолданылады.
Түсіндіру әдісіне қойылатын талаптар:
•   сұрақтарды дәл және анық тұжырымдау;
•   себеп-салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру;
•   салыстыру, қатар қою, ұқсату, жарқын мысалдар қолдану;
•   жүйелілік.
Түсіндіру – оқыту әдісі ретінде әр жастағы балалар тобымен жұмыста
кең қолданылады. Бірақ орта және жоғары сатыларда оқу материалының
күрделеніп, оқушылардың ақыл-ой жұмысының мүмкіндіктері өскенде бұл әдіс
кіші жастағы оқушылармен жұмысқа қарағанда көбірек қолданылады.
Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият
ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын
меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін
тексереді. Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер
түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды.
Оқу материалының мазмұны, оқушылардың шығармашылық танымдық
қызметіне қарай дидактикалық процестегі әңгімелесу әдісінің көптеген
түрлері бар. Олар: кіріспе, немесе сабақты ұйымдастыратын әңгіме, жаңа
білімді қалыптастыру (сократ, эвристикалық), жинақтаушы, жүйелеуші және
бекітуші әңгімелер арқылы оқушылардың іс-әрекеттің жаңа түріне, жаңа
білімді тануға дайындық деңгейі анықталады.
Әңгімелесу әдісі. Оқушыны жаңа білімді алуға белсене қатыстырып, оны
білім алу әдістеріне, мұғалім қойған сұрақтарға өз бетімен жауап беруге
үйретеді. Эвристикалық әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімі мен
тәжірибесіне сүйеніп, олардың жаңа білімді түсінуін, қорытынды жасауын
жеңілдетеді. Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушылар өздері еңбектеніп,
ойланып жаңа білім алады.
Білімді жинақтайтын, бекітетін әңгіме оқушылардан теориялық
білімдерін, оны қолдану тәсілдерін жүйелеуге бағытталған. Оқушы өз білімін
жаңа оқу және ғылыми мәселелерді шешуге қолданады.
Әңгімелесу барысында мұғалім сұрақты бір оқушыға (жеке әңгімелесу)
немесе барлық сынып оқушыларына (жаппай) қояды. Әңгімелесудің бір түрі -
оқушымен әңгімелесу. Оны сыныппен, оқушылардың жеке топтарымен өткізуге
болады, әсіресе жоғары сынып оқушылары өз пікірлерін айтып, сұрақтар қойып,
мұғалім ұсынған тақырыпты талқылайды. Әңгімелесудің нәтижесі көп жағдайда
сұрақтардың дұрыс қойылуына байланысты.
Әңгімелесу әдісінің артықшылықтары:
•   ес пен тілді дамытуы;
•   оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсенді етуі;
•   оқушылардың білімінің белгілі болуы;
•   жақсы диагностикалық құрап;
•   үлкен тәрбиелік күші бар.
Әңгімелесу әдісінің кемшілігі:
•   уақыттың көп кетуі;
•   қауіп элементі бар (оқушы дұрыс жауап бермеуі мүмкін, оны басқа
оқушылар естіп, есінде сақтап қалады.
Оқу пікірталастары оқытудың сөздік әдістерінің ішінде елеулі орын
алады. Оның оқыту процесіндегі ең басты қызметі - танымдық қызығушылықты
ынталандыру, оқушыларды қандай да мәселе бойынша түрлі ғылыми көзқарастарды
белсенді түрде талдауға қатыстыру, басқа жеке тұлғаның және өзінің
көзқарастарының негіздерін түсінуге жағдай жасау. Пікір-сайыс
өткізу үшін оқушылардың дайындығы, талданатын мәселе бойынша кем дегенде
екі қарама-қарсы көзқарас болу керек. Білімсіз өткен пікірсайыс жүйесіз
мәселеден ауытқып, нәтижесіз өтеді. Оқу пікірсайыстары оқушылардың өз
ойларын анық және дәл тұжырымдау іскерлігінің болуын, дәйекті дәлелдерді
құрастыра білуін талап етіп, оларды ойлауға, өз пікірінің дұрыстығын
дәлелдеуге, ой жарыстыруға үйретеді. Мұғалім сөз мәнерінің үлгісі болып,
оқушылардың ой-пікірлерін тыңдап, оған әдепті түрде түзетулер енгізіп, өз
пікірінің ақиқаттығына таласпай, соңғы сөзді айтуға құқығы бар екендігін
оқушылардың естеріне салуы қажет.
Оқу пікірталасы негізгі мектептің жоғары сыныптарында, ішінара, орта
мектептің бастауыш сыныптарында қолданылады.
Жақсы өткізілген пікірсайыс балаларға білім және тәрбие береді,
мәселені терең түсінуге, өз пікірін қорғауға, басқалардың пікірімен
санасуға үйретеді.
Кітаппен және оқулықтармен жұмыс – оқытудың маңызды әдісі. Бастауыш
сыныптарда кітаппен жұмыс сабақта мұғалім басшылығымен жүзеге асады. Одан
әрі оқушылар кітаппен жұмыс істеуге өздері үйренеді. Баспа материалдарымен
өз бетімен жұмыстың кейбір тәсілдері бар. Олар:
•   конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау;
•   мәтіннің қарапайым және күрделі жоспарын жасау. Жоспар құру үшін
мәтінді оқып болған соң оны бөліктерге бөліп, әр бөлікке атау беру керек;
•   тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау;
•   цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап
(жұмыс) аты, баспасы, шыққан жылы, беттері көрсетіледі;
•   аннотация - мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау;
•   рецензиялау- оқу материалы туралы өз ойын қысқа жазу;
•   справка жазу - тапқан кітап, т.б. мағлұмат көзі туралы мәлімет.
Анықтамалар статистикалық, библиографиялық (өмірбаяндық, терминологиялық,
географиялық, т.б) түрде болады;
•   формалдық-логикалық модель - мәтіннің сызбасы;
•   тақырыптық тезаурус – бөлім, тақырып бойынша негізі ұғымдарды ретке
келтіру.
Оқушылар үшін білім көзі – бақылау, мұғалім сөзі, баспа
материалдары. Оқулықтар, оқу құралдары, ғылыми – көпшілік әдебиеттер және
журналдардан оқушылар түрлі ақпараттар алып, сабақта алған білімдерін
бекітуге, кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік алады, өз бетімен білім алу
әдістерімен қаруланады. Кітаппен жұмыс әдісін меңгеру үшін ең алдымен оның
тәсілдері меңгеріледі.
Кітаппен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеруде бастауыш мектепте
қолданылатын, көп уақыт алатын статикалық оқу үлкен рөл атқарады. Мұндай
оқудың мақсаты мәтінді түсіндіру, оқушыларға мәтінді толық меңгерту, оған
мәтіннің негізгі идеясын ұқтыру. Жаңа ақпаратты түсінудің құнды әдісі –
мәтінді талдау.
Мұғалім кітаптар мен журналдарды тақырыпқа сай қолданады. Осы
өздік жұмыстың жиі қолданылатын тәсілдері:
1. Белгілі бір ақпарат алу және оны бекіту мақсатымен кітапты оқып шығу.
Осы мақсатқа жету үшін, мұғалім оқушыларға қысқа мерзім ішінде мәтінді
қалай түсінуге болатындығын айтады. Әдетте, оқушылар мәтінді бір рет оқып
шыққан соң, оны талдап, мәтіннің жоспарын жасайды.
2. Түсініксіз сөйлем және сөздердің мағынасын сөздік немесе энциклопедия
арқылы ашып, қосымша әдебиеттерден ақпараттар алып, керекті мәліметтерді
конспектілеп, оқығанын өз сөзімен айтып көреді. Мұғалім оқушыларды
мәтіндегі негізгі ойды бөлуге үйрету керек. Жоспар жасау үшін мәтіндер бір-
бірімен өзара байланысты бөліктерге бөлінеді де, әр бөлікке атау
беріледі.
3. Қосымша әдебиеттерді қолдану үшін оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу
қабілеті болуы керек. Оқушылардың кітаптар мен журналдарды сыни тұрғыдан
оқуының да үлкен маңызы бар. Идеялардың матрицасы - әртүрлі авторлардың
еңбектеріндегі біртекті ойлар мен құбылыстарға салыстырмалы сипаттама
беру.
Оқытуда қолданылатын көрнекілік әдістер.
Көрнекілік әдісі. Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік"
деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру)
ұсынады. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын
көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты.
Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен
өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды
таныстырарда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет,
көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін
немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен
экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін
шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.
Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап
айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер
көрсетіледі.
Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретіндегі ерекшеліктері.
Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы
немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден
көрсетіледі.
Оқу процесіне жаңа техникалық құралдарды енгізу (теледидар,
видеомагнитофондар) оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Қазіргі уақытта көрнекі құралдың жаңа түрі – жеке тұлғалар қолданатын
компьютерлерге ерекше көңіл бөлініп, мектептерде электронды-есептегіш
техникасы кабинеттерін құру міндеті шешілуде, оқу процесіне белгілі бір
жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлерді
енгізу міндеті де қолға алынуда. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен
меңгерілген көптеген процестерді қозғалыста, көрнекі түрде көруге мүмкіндік
береді. Компьютерлер, көрнекілік әдістерінің оқыту процесіндегі
мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді.
Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттары:
•   көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;
•   көрнекілікті сабақтың керек сәтінде қолдану;
•   демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;
•   иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу;
•   құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият
ойластыру;
•   демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес
келуі;
•   көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті мәліметтерді
табуға оқушыларды қатыстыру.
Оқытудың тәжірибелік әдістері арқылы оқушылар тәжірибелік қызметпен
айналысып, тәжірибелік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырады.
Тәжірибелік әдістер: жаттығулар, зертханалық және практикалық жұмыстар.
Жаттығу көмегімен ақыл-ой және тәжірибелік іс-әрекет меңгеріледі. Ол барлық
пәндерді оқуда, оқу процесінің түрлі кезеңдерінде қолданылады. Оның сипаты
және әдістемесі оқу пәнінің ерекшелігіне, нақты оқу материалына,
оқушылардың жасына байланысты. Жаттығу сипатына қарай ауызша, жазбаша,
графикалық және оқу-еңбек деп бөлінеді.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істей білу деңгейіне қарай жаттығулар бірнеше
түрге бөлінеді:
•   белгілі білімдерді еске түсіріп, оны бекіту мақсатындағы жаттығулар;
•   білімді жаңа жағдайда қолданып жаттығу.
Егер оқушы іс-қимылдарды ауызша айтса, онда оны түсіндіру арқылы
жаттығу деп атайды. Мұғалім оқушы іс-әрекетінен қателіктер тауып,
оқушылардың іс-әрекетіне түзетулер енгізеді.
Жаттығулардың ерекшеліктері:
Ауызша жаттығулар логикалық ойды, есті, тілді оқушылардың зейінін дамытуға
көмектеседі.
Жазбаша жаттығулар білімді бекіту және оны қолдану іскерлігін жасауда
қолданылады. Оларды қолдану логикалық ойды дамытуға, жазбаша тіл
мәдениетін, өздікті дамытуға көмектеседі. Әрбір оқу пәнінің міндетті бөлігі
- ана тілінен шет тіліне аудару, берілген тақырыпқа шығарма жазу, суретпен
жұмыс, өз бетімен мысалдар және есептер, кесте құрастыру, диаграмма,
баяндама, көрініс әзірлеу. Жаттығуды орындау алдында оқушыларға теориялық
материал түсіндіріліп, нұсқау беріледі.
Жазбаша жаттығулар: ана тілі, шет тілі, математика, т.б. пәндерде
орындалады.
Оқушы оқуға үйренгенде, мәтінді мәнерлеп оқып, грамматикалық ережелерді
қолданып, көптеген жаттығулар жазады.
Графикалық жаттығулар: кесте, сызба, технологиялық карта, альбом, стенд
жасау, экскурсия кезінде салған суреттер.
Оқу-еңбек жаттығулары: оқу шеберханаларындағы қағазбен, картонмен,
ағашпен, металмен жұмыс істеу, әр түрлі құралдар қолдану, станок,
тетіктерді басқару, "Конструктор" ойыншықтармен жұмыс істеу.
Жаттығу әдісіне қойылатын талаптар:
•   оны орындауға деген оқушылардың саналы көзқарасы;
•   жаттығуларды орындаудағы дидактикалық сабақтастық: алдымен оқу
материалын түсінуге көмектесетін, содан кейін есте сақтауға, қолдануға,
оқылғанды жаңа жағдаяттарда өздігінен, шығармашылықпен қолдануға, жаңа
материалды бұрын меңгерген білім, іскерлік және дағдылар жүйесіне қосуға
мүмкіндік беретін жаттығуларды орындау.

1.2 Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру және оқытудың белсенді
әдісі

Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер
мағлұматтарды қарапайым беруге негізделген жеткілікті дәрежеде айқын
қалыптасқан білім беру моделінің тоқырауын айқын көрсетіп береді. Жеке
тұлғаға деген талаптың күшейе түсуі қазір дүние жүзінде білім беру
саласында жобалы өзгерістер жасау тенденциясының үдей түсуіне себеп болып
отыр:
- білім берудің статистикалық моделінен оқушылардың ақыл-ой әрекетінің көп
сырлы құрылымын қалыптастыруға көшу;
- оқытуда оқушылардың танымдық іс-әрекеттер құралын белсенді меңгеруге
бағыттау;
- оқыту процесін жеке тұлғаның мүдесі мен қажеттілігіне бейімдеп болашақта
өзгермелі қазіргі замандағы қоғамға толық мүмкіндігінше өзін-өзі жүзеге
асыру.
Бала белсенділігі туралы XVI – XVIII ғасырдағы негізделген алғашқы
әрекеттер (Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо) және бұл ұстанымдарды А.
Дистервегтің, К.Д. Ушинскийдің және XIX ғасырдың басқа да прогрессивті
ұстаздардың қолдауы физиологиялық және психологиялық деңгейде адам
белсенділігінің мәнін методологиялық бағалаушылықпен расталады (И.В.
Сеченов, В.М. Бехтерев, И.П. Павлов, Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.
Леонтьев). Осы зерттеулердің нәтижесінде тұлғаның белсенділігі оның табиғи
жаратылысы жағдайы, сонымен бірге, тұлға іс-әрекет барысында
қалыптасатындығы, іс-әрекет қандай болса, тұлға да сондай болады деген
қорытындылар жасалынады. Демек, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту үшін оқу
белсенділігінің мәні ерекше.
Шынымен-ақ, оқушылардың оқу белсенділігін арттыру арқылы өздігінен білім
алуды қажетсіну қазіргі таңда шешуін күтетін өзекті мәселелердің бірі екені
айқын.
Адамның белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және моральдық
белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете
анықтау мұғалімінің басты міндеті.
Белсенділік деп адамның іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және
іс-әрекеттері барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзін-өзі
тәрбиелеу белсенділігі дамиды.
Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі қарым-қатынас жасау
белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың
жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдар мен қарым-қатынас жасау
белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар
ересек адамдардың әрекеттеріне үңіле қарап, үйренеді, оларға еліктейді.
Балалардың саналы түрде істейтін мұндай әрекеттерін ырықты немесе ерікті
белсенділік дейді. Бұл жастағы балалардың үлкендердің әрекеттеріне және
олармен өзара қатынас жасауға еліктеу рөлді ойындарды атқару барысында
байқалады. Көбінесе балардың ойындарда адамдардың іс-әрекеттері, тұрмысы,
өзара қатынасы қамтылып көрсетіледі, ұжымдық өмір дағдылары қалыптаса
бастайды. Ойын барысында балалардың құрдастарымен де өзара қатынасы
өзгереді. Олар басқа балалармен ойнауға тілек білдіреді, еңбекке байланысты
тапсырмаларды бірігіп, орындауға, өз қылықтарын ережеге бағындыруға,
керексіз әдеттерді тежеуге, кедергіні ығыстыруға үйренеді.
Әр түрлі ойын баланың дүниетенымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау
белсенділігін дамытады.
Қарым-қатынас белсенділігі әсіресе, мектеп жасындағы балаларда айқын көріне
бастайды. Ата-аналармен, мұғалімдермен, құрдастары және достарымен,
үлкендермен балалардың қатынас жасауында әр алуан ерекшеліктер болады. V–VI
сынып оқушылары қарым-қатынас жасау үшін ең алдымен өзіне дос және жолдас
болатын құрбы-құрдастарын іздестіреді.
Қарым-қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің (мархабаттық,
қайырымдылық, қамқорлық, өзі үшін және басқа адамдар алдында өзінің
қылықтары жайлы жауапкершілік сезімі т.б.) қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Мектеп жасына дейінгі (5-
6 жас) балалар заттарды түсіне, формасына қарап ажырата бастайды, олардың
құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Балалардың бір нәрсені
құмартып, білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, әр
нәрсеге үңіле қарайды, кейде терең ойға шомылады.
Мектеп жасындағы балалардың таным ынтасын қалыптастыруда білім беру
тәсілдерінің ерекше маңызы бар. Оқу барысында балалар түрлі заттардың,
құбылыстардың мәніне, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарға терең түсінуге,
алған теориялық білімдерін практикада еркін білуге үйренеді. Оқушылардың
таным белсенділігі олардың шығармашылық іздену қабілетіне, мұғалімнің
теориялық сауаттылығы мен шеберлігіне байланысты.
Жеке адамның санасының қалыптасу барысында өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі
ерекше орын алады. Бала даму барысында өзін-өзі жетілдіру мақсатын көздей
талаптанып әр түрлі әрекет жасайды.
Оқушылардың өзі-өзі тәрбиелеу ісін жетілдіру үшін олардың жас және дербес
ерекшеліктерін еске алып, оқу тәрбие жұмысының барысында сана сезімін ояту,
өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету – мұғалімнің басты міндеті.
Кеңес педагогикасында адамның қоғамдық-саяси белсенділігі күрделі моральдық-
еріктік сана ретінде қаралады. Онда қоғамдық жұмысқа деген ынтасы,
тапсырманы орындаудағы жауапкершілігі, орындаушылығы мен инициативтілігі,
өзіне және жолдастарына талап қойғыштығы, қоғамдық тапсырмаларды орындаған
кезде басқаларға көмектесуге әзір тұруы, ұйымдастырушылық іскерлігінің
болуы осылардың барлығы бірінен-бірі ажырамастай ұштасып жатады.
Осы көрсеткіштердің әрқайсысы оқушының қоғамдық іс-әрекетке қатынасын және
оның белсенділік дәрежесін сипаттайды. Кейбір жеке оқушыларда бұл
көрсеткіштердің көрінуі түрліше болуы мүмкін және жас ерекшеліктеріне,
сондай-ақ мектеп оқушыларының жеке бас тәжірибелеріне және белсенділік
дәрежесіне байланысты. Коллективте қоғамдық жұмысқа деген ынтасы тұрақты
дамыған оқушыны әрқашан да кездестіруге болады, олар мұғалімнің айтуынсыз-
ақ оған кірісіп кете береді, өйткені олай істемей тұра алмайды. Бірақ
мұғалім алдында, жолдастары алдында өздерін мадақтау мақсатында тек өздері
үшін ең қызықты нәрселерді ғана жасайтындар да аз кездеспейді.
Тапсырманы орындау үстінде бір оқушы өзі жауапты бола тұрып, тапсырма
орындауға басқаларды да мәжбүр етуі мүмкін, екіншісі өзі ұқыпты орындайды,
бірақ жолдастары туралы ойламайды, ал үшіншісі өзгелерді бар ынтасымен
құмарландырады, бірақ өзі еш нәрсе істемейді. Бұл қоғамдық белсенділіктің
түрлі компононттердің дамуындағы теңсіздіктерді тәрбиелеудің нақтылы
процесінде ескеріп отыру, сөйтіп, осы арқылы кейбір оқушыда нашар, немесе
мүлдем дамымаған жақтарына ықпал жасау керек.
Сана мен іс-әрекеттің тұтастығы материалистік диалектика мен психалогияның
ең маңызды заңдылығы болып есептелінеді. К. Маркс адам пассивті жеміс емес,
ол қоршаған ортасын, жағдайларды және өзін белсенді (активті) түрде өзгерте
алады деп жазған болатын. Бұл тұжырым тәрбие процесін ұйымдастырудың
маңызды жолын ашады. Демократиялық педагогиканың классиктері де (И.Г.
Песталоцци, Я.А. Коменский, Ы. Алтынсарин, т.б.) жеке тұлғаның өзінің
белсенділігіне, оның шығармашылық-қайта құру іс-әрекетіне үлкен мән берген.

Белсенділік адамның табиғи қасиеттерінің бірі болып табылады. Дьюидің
жетекші қағидасының айтуы бойынша оқыту процесінің белсенді қатысушысы
болатын оқушы мінездемесін анықтайды. Дьюи бойынша оқушы егер өзімен
өзінің айналасындағы кернеуді табыстыра алса, белсенді болады (S.M.
Fishman, L. McCarty, 1998). Бұған қалай жетуге болады? Бұл айналаны белгілі
бір мақсатпен зерттейміз және оның барысында алдағы ізденістерге қажет
болатын жаңа жетістіктерге жету жолдарына үйренгенімізде орын алады деп
есептейді ол. Оқушыға оқырманның қызығушылығын арттыратын дұрыс
проблемаларды; сонымен қатар оқу бағдарламасына енген материалды оқу
барысында меңгерілетін және нәтижелерге әкелетін проблемаларды оқуға беру
біздің қолымыздағы нәрсе. Онда Дьюидің айтуына сай, оқыту мектептен тыс
білім сияқты эмоционалдық күшке ие болады (S.M. Fishman, L. McCarty, 1998).
С. Фишман айтуынша кластағы мүдде мен жігер механизмін Дьюи келесі тұрғыда
көрсетіледі:
1. Не үшін? Балалар не үшінсіз мектепте үйреніп жатқаны мен өзінің
болашағының арасындаға ұзақтықты құрастыра алмайды.
2. Неменеге? Оқушылар оларды мақсатқа жету үшін не көмектесетінін анықтау
керек. Егер сен біреудің сенімін өзгерткің келсе, онда сен көрсетілген
ақпараттар нақты неге назарын аударуды ұсынатындығыңды көрсету керек. Пән
мен материал мақсатқа жетудің қажеттілігі мен мағынасы болуы керек.
3. Не арқылы? Бұл оқушыларды кластағы таныс емес элементтерді тануы үшін
қолданатын бұрынғы тәжірибесі.
Психологияда белсенділікті іс-әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның белсенділігі
оның қажеттіліктерінен туады (материалдық және рухани, жеке немесе қоғамдық
қажеттіліктер). Жануарлардан айырмашылығы адамның қажеттіліктері сәби
жасынан бастап-ақ қоғамдық қажеттіліктермен реттелінеді. Адамның белсендігі
(немесе оның әрекеті) оның себептеріне, мақсатпен міндеттерін дұрыс қоя
алуына, оларды орындау тәсілдерін дұрыс таңдай алуына байланысты.
Белсенділіктің өзіне және жеке тұлғаның қоршаған ортамен тәрбиелік (сыртқы)
әсерлерге қатысты ішкі ұстанымдарына байланысты ол әр түрлі бағыттарда
қалыптасуы мүмкін. Егер оқушының осы әсерлерге деген көзқарасы теріс болса,
ол тәрбиешісі қалағанынан қайшы бағытта дамиды. Мысалы, мұғалім оқушылардың
білімін тексеру кезінде оқушының бағасын төмендетіп қояды да, оқушы оған
ренжіп қалады. Мұндай жағдайда мұғалімнің үлгерімді жақсартуға шақырған
әрбір сөзі оқушыда жасырын, кейде тіптен ашық қарсы әрекет тудырады.
Тәрбиеші, оның педагогикалық әсері ішкі өрісте, яғни тәрбиеленушінің санасы
мен сезіміне оң әсерін тигізбесе, барлық жағдайларда әрдайым осылай болып
отырады.
Осының нәтижесінде, жеке тұланың дамуы мен қалыптасуында көрініс табатын
барлық әсерлер мен ықпалдар екі топқа - ішкі және сыртқы болып бөлінетін
болды. Қоршаған ортаның әсері мен тәрбие жеке тұлғаның дамуының сыртқы
факторларына жатады. Табиғи әсерлер – бейімділік пен әуестік, сонымен
қатар, адамның сезімдері мен күйзелістері, оның сыртқы әсерлердің ықпалымен
пайда болатын сылтаулары мен қажеттіліктері – барлығы ішкі факторларға
жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактордың өзара
байланысының нәтижесі болып табылады.
Егер тәрбие жеке тұлғаның өз өзімен жұмысы кезіндегі белсенділігіне деген
іштей ықпалына әсер ететін болса, онда оның жеке тұлғаның дамуында шешуші
рөл атқара алатыны түсінікті. Осы бейімділік пен өсіп келе жатқан адамның
жеке тұлға ретінде жетілуіне деген өзіндік ынтасы ғана түбінде оның
дамығанын анықтайды. Осылайша бұл процесс, шын мәнісінде, өзін-өзі дамыту,
өзін-өзі тәрбиелеу сипатына ие болады. Л.Н. Толстойдың адамның дамуын жеміс
ағашының өсуімен салыстыруы тегін емес. Өйткені, сөздің тура мағынасында
оны ешкім өсірмейді, ол өздігінен өседі. Адам тек қана топырағын қопсытады,
тыңайтқыштар себеді, артық бұтақтарын кеседі, яғни оның өзіндік мүмкіндік
беретін қажетті сыртқы жағдайларын жасайды, оған дем береді. Ал өзіндік
даму өзінің ішкі заңдары бойынша жүреді.
Баланың, оқушының белсенділігі іс-әрекеттің әралуан түрлерінде көрінетіні
психологияда дәлелденген, өмір барысында қарым-қатынас, таным
белсенділіктері, өзін-өзі жетілдіру мен қоршаған өмірді түрлендіру, өзгерту
белсенділіктері дамиды. Кішкентай баланың өзі де пассивті емес түрде
өмірдің жадайларына бағынады. Ол өзінің талаптарын орындатқанда
(үлкендерге) белсенді, ол қоршаған адамдарға қатысты өз түзетулерін
енгізеді. Ол адамға деген (ұнату, ұнатпау) және заттарға деген (керек,
керек емес, жақсы көретін, жақсы көрмейтін) өзіндік жеке тұлғалық қатынасын
көрсетеді. Бұл қатынастар оның іс-әрекетінде жеке тұлғаның өзгешелігін
жасай отырып пайда болады.
Оқушылардың танымдық белсенділігі оқу үрдісінде қалыптасады. Белсенді оқу-
танымдық іс-әрекетінің көздейтін мүддесі, білімнің қоғамдық мәнін ұғыну,
қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігі негізінде дамиды.
Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде
пайдалана білу болып табылады. Демек, оқушылардың оқу-танымдық
белсенділігін қалыптастыру – оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты ретінде
қарастыру қажеттілігі туындайды.
Оқушының белсенділігі, негізінен, екі түрлі сипатта болатындығын айтты.
Олар: сыртқы және ішкі белсенділік. Сыртқы белсенділік дегеніміз – оқушы
әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл-қозғалыстары, практикалық
әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, т.б.). Оқушының ішкі
белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады.
Белсенділік жеке басқа тән, маңызды бір қасиет болып саналады. Бұл
қасиетсіз адамның қандай да болсын жұмысы нәтижелі болуы мүмкін емес.
Жеке оқушының белсенділігіне жасалған талдау негізінде белсенділікті жеке
тұлғаның сипаты деп айқындауға негіз беретінін атап өтеміз, ол адамның
әрекетке қатынасынан көрініс табады, бұл әрекет етуге дайын болушылық,
ұмтылушылық, оны жүзеге асыру сапасы, алға қойылған мақсаттарға жету үшін
оңтайлы жолдарды таңдау. Жеке адамды білім алуға қол жеткізген білімін
тереңдетуді, қоғамдық рухани мәдениетін ұғынуды, өз қабілетін көрсетуді
қажетсінуі танымдық белсенділіктің қайнар көзі болып табылады.
Оқудағы белсенділік оқып-үйренетін тақырыпқа, пайда болған мәселеге,
міндетке тұрақты ынтаның пайда болуымен, назар мен ой-сана операциясының
бағыттылығымен (талдау мен синтез, салыстыру мен салмақтау, т.б.) оқып
жатқан материалды түсінумен бейімделінеді.
Белсенділік адамның әрекетке қатынасын өз бетінше әрекет етуге дайын
болудан ұмтылысынан, алға қойған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды
таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.
Оқушының танымдық белсенділігі өз кезегінде қабылдау, есте сақтау, ойлау,
қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді. Оқу барысында
оқушының танымдық белсенділігін арттыруда олардың өз бетінше танымдық
ықылас-ынтасын, шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп ұйымдастыру қажет.
Оқушының қабылдауы, негізінен мұғалімнің сабақты жүйелі түрде жүргізуіне
байланысты. Оқушылардың жаңа материалдарды қабылдауына негіз болатындай
етіп даярлық жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың оқу-танымдық қызметін
арттыру дұрыс әрі нақты әрекеттер негізінде іске асады. Оқушының өзіндік
сезімдік танымы (қалауы, ынтасы, құштарлығы, әсерленуі) негізінде
қабылданған білім, дағды, ептілік әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады.
Танымдық белсенділік дегеніміз оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін
есепке ала отырып ұйымдастырылған таным үрдісінде пайда болатын,
бекітілетін, дамитын жеке тұлғалық қасиет ретінде анықтауға болады.
Танымдық белсенділіктің көрсеткіштеріне тұрақтылық, оқу саналығы,
шығармашылық қабілеттері, дәстүрден тыс оқу жағдайларындағы тәртібі, оқу
міндеттерін шешудегі өз беттілігі, т.б. жатады.
Оқушылардың оқу үрдісіне кірісу деңгейі мен танымдық белсенділігінің
байқалуы – нөлдік көрсеткіштен ең жоғарыға дейін өзгеретін динамикалық
көрсеткіш. Белсенділігі әртүрлі деңгейдегі оқушылардың психологиялық және
педагогикалық ерекшеліктерін талдап әрі олармен өзара оқу әрекетін
ұйымдастыру стратегиясын анықтап көрелік. Оқытушының тактикалық әрекеті оқу-
тәрбие үрдісінің міндеттерін күнделікті шешуге бағыттаса, стратегиясы оқу
үрдісін оңтайландыруға бағытталады.
Олардың белсенділік деңгейлері:
Нөлдік деңгейдегі белсенділік. Бұл деңгейдегі оқушылар белсенділігі өте
төмен, оқу жұмысына әрең кіріседі, жоғары бағалары жоқ, әуел баста оқуға
ынтасы жоқ оқушылар.
Олар тез арада жұмысқа кірісе алмайды., алайда өз белсенділігін бірте-бірте
көтеруге қабілетті.
Оқытушы бір қызметтен екінші түріне тез ауысуды қажет ететін тапсырмаларды
ұсынбауы керек, олардан тез арада жауап беруді талап етпеу керек, жауап
беріп жатқан кезде ойын бөлуге, тосыннан сұрақ қоюға болмайды.
Оқытушы олармен жақсы қарым-қатынаста болуы қажет. Бұл тактикалық кезең, ал
стратегиялық жағынан қарасақ, оқытушы әртүрлі педагогикалық әрекеттер жасау
арқылы оқушыларды нөлдік белсенділіктен жағдаяттық деңгейге көшіруі керек.
Жағдаяттық деңгейдегі белсенділік. Бұл деңгейдегі оқушылар көңіл-күй
ықпалына тәуелді. Оларды сабақтың жаңашылдығы, сабақ беру әдіс-тәсілдерінің
өзгешелігі қызықтырады. Сабақ кезінде мұндай оқушылар жұмыстың жаңа түріне
оңай кіріседі, ал қиыншылық көрсе, сабаққа деген қызығушылығы күрт төмендеп
кетеді.
Оқушыларға қатысты педагогтің тактикасы олардың көңіл күй белсенділігін
құптау керек. Бұл топ басқаларға қарағанда жауап жоспарын, алгоритмді,
тірек сигналдарын пайдалана білуді қажет етеді.
Орындаушылық деңгейдегі белсенділік. Бұл деңгейдегі оқушылар үнемі үй
тапсырмасын орындап келеді. Кез келген жұмысқа дайын тұрады. Оқытушы жаңа
тақырыпты түсіндіруде осы оқушыларға сүйенеді. Олар тұрақтылықпен
ерекшеленеді. Олардың білімдері берік. Дегенмен оқушыларды тірек, сүйеніш
ретінде пайдалану педагогикалық қателік деп саналуы керек. Егер материал
өте жеңіл болса, оқытушы үлгірімі төмен оқушыларға ғана көңіл бөлсе, бұл
оқушылар сабақта іші пысып отырады. Сондықтан осы деңгейдегі оқушылардың
танымдық белсенділіктерін арттыру өзекті мәселе болып саналады. Оларға
проблемалық, ізденіс және эвристикалық жағдаяттар ұсынуға болады. Түрлі
пікірталастарға, дебаттар, сот отырыстарына т.б. енгізуге болады.
Шығармашылық деңгейдегі белсенділік. Бұл деңгейдегі оқушыларға дәстүрден
тыс шешімді қажет ететін ізденіс тапсырмаларын беру ұсынылады. Олар
құбылыстың мәнін, олардың өзара байланысын түсінуге талпынады. Түрлі
проблемалардың шешімінің жаңа жолдарын табуға тырысады.
Шығармашылық қабілетті әртүрлі оқушылар көрсете алатынын педагогтер
ұмытпауы тиіс. Мұны ескере отырып оқытушы кез келген міндеттерді
қабылдауында және интерпретациясындағы дәстүрден тыс қабілеттерін көрсету
үшін жағдай жасауы керек.белсенділігі әртүрлі деңгейдегі оқушылары бар
топпен сабақты қалай ұйымдастырып жүргізуге болатынына тоқталайық. Осындай
сабақтың құрылымы үш негізгі моделді қарастырады:
өзара оқу әрекеттері іске асырылады: педагогтың оқушыларды әрбір жеке
топпен біртіндеп жүргізілген жұмысы;
сабақ оқудың міндеттеріне байланысты сол немесе басқа топтың оқу қызметіне
кірістіруді болжайтын мозаика түріндегі өзара әрекетте құрылуы мүмкін;
сабақ белсенді- рөлдік болуы мүмкін, өзара оқу әрекетінде басқаларды оқыту
үшін басты рөл белсенділігі жоғары деңгейдегі оқушыларға беріледі.
Оқытушыларға тағы бір кеңес. Оқушыға жаңа ойын, тапсырма, жаттығу, жағдаят
ұсынбас бұрын, ең алдымен, өзіңізге- өзіңіз сынатып алыңыз. Сонда, бір
жағынан, шарттың дұрыс- бұрыстығы көрінеді, екінші жағынан, бақылау
жұмысының, берілген жағдайдың шығармашылық түзету жолы анықталады.
Кез келген педагогикалық технология оқушылардың белсенділігін арттыру
құралдарына ие, кейбір технологияларда бұл құралдар басты идеяны және
нәтиженің тиімділігінің негізін құрайды. Оларға перспективті оқыту
(С.Лысенкова), ойын, проблемалық, деңгейлеп оқыту (Ж.Қараев), компьютерлік,
жеке оқыту, жалпы білімдік іскелігін жетілдіру (А.Зайцев) технологияларын
жатқызуға болады.
Оқушы белсенділігін арттыратын технологиялардың бірі - деңгейлеп саралап
оқыту (ДСО) педагогикалық технологиясы, авторы –профессор Ж.Қараев.
Заман талабына сай оқытудың осы технологиясын оқу-тәрбие үрдісіне оқытудың
жаңартылған жобасының ретінде енгізетін болсақ, онда: білімді
демократияландыруға және ізгілендіруге; оқыту сапасын арттыруға; басқару
тиімділігін жетілдіруге; оқушылардың дамуына бақылау жасауға; оған сәйкес
бағалауға болатыны дәлелденіп отыр.
Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында бірнеше жұмыс
жасай алатындығында, сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту
барысында компьютерлер мен оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғамымызды
маңызды бөлігіне айналды. Олай дейтініміз, бүгінгі таңдағы жаңадан шығып
жатқан электрондық оқулықтар оқушыларды жаңаша оқытуды, жаңа оқу әдістерін,
жаңа мазмұнды қажет етеді.
Оқушыларды деңгейге бөліп оқытуға бола ма, оның қандай тиімділігі бар,
деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшелігі қандай, жеке тұлға тәрбиелеуде
қандай көмегі бар деген сауалдарға тоқталсақ, деңгейге бөлін оқыту кезінде
оқушылардың тәжірибелік-теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара
қасиетін, әлеуметтік психологиялық танымын, сұранымын ескеру талап етіледі.
Деңгейлік тапсырманың ауқымы өте кең: оқулықтағы жаттығулар, өткен ережелер
бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарына арналған тілдік,
грамматикалық жұмыстар жүйесі.
Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға
деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының
алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен жұмысты
орындауға, бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік
тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының
белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту
барысында біліктілікке жетеді.
Деңгейлеп оқыту оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға
талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы өзінің даму
деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді
шығармашылық қызметін дамытуға бағыттайды. Деңгейлеп тапсырмалар 4 деңгейде
беріледі.
I деңгейдегі тапсырмаларды орындау барысында танып-білу және үлгі бойынша
қолдану арқылы орындалады.
II деңгейдегі тапсырмалар өзгертілген жағдайда немесе өткен сабаққа
арналған тапсырмалар бойынша, III деңгейдегі тапсырмаларына талдау,
жинақтау, қорыту барысында есептер беріледі. IV деңгейлік тапсырмалар
оқушының шығармашылықпен жұмыс істей алатындай, ойын дәлелдей алатындай
қабілетті оқушыларға орындау үшін беруге болады және ол мұғалімнің
тәжірибесіне де байланысты.
Осы оқытудың педагогикалық технологиясы талап етіп отырған мақсатты
деңгейлер тізбегін құру, яғни ол диагностика түрінде анықталады.
Деңгейлік тапсырмалар бойынша бағалау ұпайлық жүйемен жүзеге асырылады. I
деңгейді орындаған бала 5 ұпай жинаса 3 алады. ІІ деңгейге 4 ұпай жинаса
4 алады. ІІІ деңгейден 3 ұпай жинаса 5 бағасы қойылады. 3 деңгейде 12
ұпай болса, беске бағаланады.
Ж.Қараев технологиясының тиімді жақтары:
1. Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.
2. Оқушының қабілеті анықталады.
3. Талпынысы, ұмтылысы байқалады.
4. Күрделі тапсырмаға байланысты оқушының ойлау қабілеті артады.
5. Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындап болған соң, жинаған ұпайы
бойынша әр баланың деңгейі қабілетіне қарай бағаланады. Демек, әділ баға
қойылады.
Әр мұғалім алдына қойған мақсатқа жету үшін тобының деңгейін, білімдерін
көтеруге, шыңдауға тырысады.
Қазір оқыту әдістемесінде сабақты оқушыға меңгертуде, оқушылардың білімін
тексеруде, өздігінен орындайтын жұмыстарда оқушылардың қабілеттерін жеке-
жеке есепке ала отырып, саралау кеңінен қолданылуда.
Сабақта оқушы белсенділігін, қызығуын арттыруды назарда ұстап, жаңа
тәсілдерді алдымен өзім меңгеріп білуді басты назарда ұстаймын. Осы үрдісті
тәжірибеге енгізбей, мұғалімнің жақсы нәтижеге жетуі мүмкін емес.
Жалпы педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты жан-жақты
дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылатындықтан, бұл жерде де жаңа
технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі – оқыту мақсаты болып
табылады.
Аталған жұмыс профессор Қараев Жауынбайдың тұжырымдамасы негізінде өтіп
жатқан тәжірибелерде жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Өзім сабақ беретін
сыныптарда деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқытудың ерекшелігін талдап,
сабақта пайдалану жолдарына бағдарламалар жасадым. Әсіресе, өз сабағымда
оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге ерекше назар аударамын. Әр оқушы
үшін оны есепке алып дамыту жолын таба білдім. Тақырып, тарау бойынша
жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеасын жүзеге
асыруға мүмкіндік береді. Себебі, ол оқушының ойлауын, есте сақтау,
белсенділік дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Деңгейлік
саралау арқылы мұғалім оқушы білімін жаңа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың белсенді әдістері ұғымы
Жоғары оқу орындарындағы оқу үрдісінде оқытудың белсенді әдістерін қолданудың маңызы
Оқытудың белсенді оқыту әдістері
ПСИХОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ
Оқытудың белсенді әдістерін тиімді қолдану
Белсенді оқыту әдістері
Химияны оқыту әдістемесіндегі оқушылардың танымдық даму мәселесінің қазіргі жағдайы
Математика сабақтарында оқытудың белсенді әдістерін пайдаланудың табыстылығы
Информатиканы оқыту формалары мен әдістері
Оқытудың белсенді әдістері оқу материалын игеру үдерісінде оқушыларды белсенді ойлау және практикалық әрекетке итермейлейтін әдістер
Пәндер