Ішкі істер органдары штабтарының жүйесі және құқықтық жағдайы


Мазмұны

Кіріспе . . .: Кіріспе . . .
3: 3
Кіріспе . . .: 1. ІІО штабтарының жүйесі және құқықтық жағдайы . . .
3: 5
Кіріспе . . .: 1. 1 ІІО штабтарының жүйесі және құқықтық жағдайы . . .
3: 5
Кіріспе . . .: 1. 2 Жедел басқару орталығының тағайындалуы және жұмысын ұйымдастыру . . .
3: 8
Кіріспе . . .: 1. 3 ІІО жүйесіндегі кезекші бөлімдердің мәні және тағайындалуы . . .
3: 20
Кіріспе . . .: 2. Қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кезекші бөлімдердің қызметтерін ұйымдастырудың мазмұны . . .
3: 27
Кіріспе . . .: 2. 1 Қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кезекші бөлімдердің қызметтерін ұйымдастырудың мазмұны . . .
3: 27
Кіріспе . . .: 2. 2 Қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті сақтау кезінде жедел басқарудың кезекші бөлімдерінің ІІО күштермен және құралдармен қамтамасыз етуі . . .
3: 34
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
3: 52
Кіріспе . . .: Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
3: 57

Кіріспе

Дипломдық зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1- бабында Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде таныйды, оның ең жоғарғы құндылығы адам, оның өмірі, құқығы және бостандығы деп көрсетілген /1/. Осы конституцияда көрсетілген құндылықтарға қол сұғатын қылмыстармен күресетін мемлекеттік арнайы органның бірі Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі болып табылады. Ал күнделікті өмірде қылмыс туралы ақпарат бірінші болып кезекші бөлімге келіп түседі немесе бүгінгі таңда ірі облыс орталықтарында ашылған жедел басқару орталықтарына қылмыстар мен барлық құқық бұзушылықтар туралы ақпараттар легі тоғысады.

Күнделікті жасалып жатқан қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы ақпараттар кезекші бөлімге хабарланып жатады, ал сол ақпарат бойынша жедел басқаруды ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары жүзеге асырады, яғни қылмыс жасалған кезде оқиға болған жерге полиция нарядтарының тез арада жетіп шұғыл іс-қыймылдар жасауын бақылап, басшылық жасап отырады. Қылмыскерді оқиға болған жерден алысқа ұзамай тұрып құрықтауға ат салысады, ол үшін полицияның патрульдік қызметтерін үйлесімді жұмыс жасауына орталықтан басшылық жасап отырады.

Бүгінгі таңда ірі қалаларда, көшелерде, халық көп шоғырланатын жерлерде бейне бақылау камералары орналасқан, солардың көмегімен қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық оқиғалары болған кезде ол оқиға туралы арыз, шағым түспей жатып дереу қылмыстарды ашу, анықтау, жолын кесу шаралары жүзеге асырылады.

Жоғарыда аталған кезекші бөлімде, жедел басқару орталықтары да ішкі істер органдарының шатабтарына тікелей бағынышты орандар, сол себепті біз алдымен штабтардың өкілеттігін талдап өтеміз.

Штабтың негізі міндеттеріне мыналар жатады: талдау жұмыстарын ұйымдастыру; жоспарлауды ұйымдастыру; орындауды бақылау мен тексеру; жедел жағдайдың өзгеруіне үздіксіз бақылау және көңіл бөлу: әскери жұмылдыру және азаматтық қорғаныс жұмысы жаппай бұқаралық құралдармен өзара әрекеттесу; кұқықтық реттеуді жетілдіру; сыртқы байланыстарды жетілдіру; жұмыстың тиімді нысандары мен әдістерін талдау, енгізу және ішкі істер органдарының штабтарына басшылық жасау [5] .

Жұмыстың мақсаты: шатабтардың, кезекші бөлімдердің жедел басқару орталықтарының қызметін арттыру, осы қызметтерді ретейтін нормаларды жетілдіру, зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады.

Жұмыстың міндеттері: Қойылған мақстақа жету жолында мына аталған міндеттерді шешу жоспарланады:

- штабтардың, кезекші бөлімдердің жедел басқару орталықтарының қызметтерін зерттеу объектісі ретінде зерделеу;

- штабтардың, кезекші бөлімдердің жедел басқару орталықтарының қазіргі кездегі жай-күйі, құрылымы, құқықтық реттелуін анықтау;

- штабтардың, кезекші бөлімдердің жедел басқару орталықтарының қызметеріндегі кемшіліктердің себептері мен оның шарттарын қарастыру;

- штабтардың, кезекші бөлімдердің жедел басқару орталықтарының қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын жүйелеу және осы бағыттағы субъектілердің қызметтерін анықтау.

Құрамы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Ішкі істер органдары штабтарының жүйесі және құқықтық жағдайы

1. 1 Ішкі істер органдары штабтарының жүйесі және құқықтық жағдайы

Ішкі істер органдары жүйесінде жалпы басқару функциясын арнаулы аппараттар (қызметтер) штабтар атқарады. Ішкі істер органдарының қызметтері мен бөлімшелерінің жүйесінде орны және осы аппараттардың қызмет ерекшеліктері өкілеттілікпен (құқықтық статусымен), штабқа жүктелген міндеттер мен функциялар және олардың міндеттері мен құқықтар көлемімен сипатталынатын жиынтығымен анықталады.

Штаб Қазақстан Республикасы Ішкі істер министріне бағынышты. Штабтардың өкілеттілігі Қазақстан Республикасы ІІМ белгілеген тәртіппен бекіткен ережемен анықталады.

Штаб өз жұмысында Қазақстан Республикасы Конституциясын, казіргі кезде күші бар Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік құқықтық актілерін, халықаралық шарттардан туындайтын міндеттемелер және ІІМ нормативтік актілерін басшылыққа алады.

Штабтың негізгі міндеттері. Ішкі істер органдарының штабтарының құқықтық статусына сәйкес мынадай келесі негізгі жалпы басқару міндеттерін орындайды:

  • Республикадағы жедел жағдайды, ішкі істер органдары жұмысының
  • нәтижелерін, криминалдық жағдайдын, жетілуіне комплекстік талдау жасау;
  • ІІМ жұмсының келешектегі және ағымды жұмыстарын жоспарлауды
  • ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасы Президенті, Парламенті мен Үкіметінің актілерінің алқалық және жедел мәжілістер шешімдерін, Министрдің бұйрықтар, үкімдері мен ұйғарымдарын, ІІМ жоспарлары мен бағдарламаларын орталық аппарат қызметтерінің орындалуын бақылау;
  • Ішкі істер органдарының қоғамдық тәртіпті қорғау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қылмыспен күрестегі жұмысына аймақтық бақылауды жүзеге асырады;
  • ІІМ салалық қызметтерімен бірлесіп облыстарда, аймақтарда және көлік объектілерінде жедел жағдайдың өзгеруіне байланысты көңіл бөлу шарлар ұсыныстарын өңдеу және олардың орындалуына бақылау жасау;
  • ІІМ областардың Бас ІІБ, көліктегі ІІБ, олардың органдары мен бөлімшелерінде ұйымдастырушылық және жедел-қызметтерін тексерулерді ұйымдастырады және өткізеді және басқа да негізгі міндеттерді жұмысының құқықтық жағдайын көрсететін Ережеге байланысты жүргізеді;

Аталған негізгі міндеттер штаб функцияларында жүзеге асырылады. Оларға мыналар жатады: талдау жұмыстарын ұйымдастыру; жоспарлауды ұйымдастыру; орындауды бақылау мен тексеру; жедел жағдайдың өзгеруіне үздіксіз бақылау және көңіл бөлу: әскери жұмылдыру және азаматтық қорғаныс жұмысы жаппай бұқаралық құралдармен өзара әрекеттесу; кұқықтық реттеуді жетілдіру; сыртқы байланыстарды жетілдіру; жұмыстың тиімді нысандары мен әдістерін талдау, енгізу және ішкі істер органдарының штабтарын басшылық жасау [3] .

Ішкі істер органдары штабтарының жүйесі . Штабтардың жүйесін мына звенолар құрайды: Қазақстан Республикасы ІІМ Штаб-Департаменті, облыстардың ІІБ КІІБ, Республика астанасының қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық және жергілікті ішкі істер органдарының штабтары.

Ішкі істер органдары штабтарының жүйесін министрліктің жеке құрамдық бөлімшесі саналатын Қазакстан Республикасы Штаб-Департаменті басқарады. ІІМ, БІІБ-ТІІБ-ларының бөлімшелік аппараттарының қылмыспен күрес, қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз етудің жалпы жүйелік, салааралык, аймақтық міндеттерін жүзеге асыруға; Ішкі істер министрінің басқару шешімдерін өндеу мен жүзеге асыруды ұйымдастыру түрінде қамтамасыз етуге; қала, аудандық және жергілікті органдарды басқарудың нысандары мен әдістерін жетілдіруді координациялауға шақырылған басқару органы - Штаб болып саналады.

Қазақстан Республикасы Штаб-Департаментінің құрылымын Ішкі істер Министрі бекітеді, оның құрамына мынадай бөлімшелер кіреді:

  1. Ұйымдастыру-инспекторлық басқармасы:
  • жедел басқару орталығы, оның құрамында:
  • кезекші бөлім;
  • кезекші бөлімдердің жұмысын ұйымдастыру және арнайы іс-шаралар әзірлеу жөніндегі бөлім;
  • әскери-жұмылдыру жұмысы және азаматтық корғаныс бөлімі;
  1. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы;
  1. Халықаралық байланыс басқармасы;
  1. Бұқаралық құралдар аппараттарымен өзара әрекеттесу орталығы;
  2. 2-арнаулы басқарма;
  3. канцелярия.

Штабтың ұйымдастыру қызметінің негізі болып Министрліктің және Штабтың жұмыс жоспары саналады.

Штаб Министрдің тапсырмасымен ІІМ салалық қызметтерінін жұмысын, ішкі істер органдарының алдында тұрған кешенді міндеттерін шешуін қорытады, үйлестіреді және бақылайды. Олардың басқару қызметтерін жетілдіруге ұсыныстар жасайды.

Штабтың жұмысы, оның үйлестіру рөлі арқылы ІІМ орталық аппараттарымен өзара әрекеттесуі негізінде желілік және зоналық принциптер негізінде құрылады. Өзара әрекеттесу ақпараттармен алмасу, комплекстік шараларды бірлесіп жөңдеу мен жүзеге асыру, басқару шешімдерінің ұсыныстары мен жобаларын ІІМ басшылығына дайындау арқылы жузеге асырылады.

Республиканың ішкі істер органдарының қызметі сұрақтарын, ІІМ басшылығына беретін басқару шешімдерінің жобаларын, талқылау үшін Штабта тұрақты жедел кеңес құрылады, оның құрамын Штаб бастығы анықтайды.

Штаб бастығы штабтың жұмысын ұйымдастыруға оған жүктелген міндеттерді орындауға, жеке құрамның қызметтік тәртібі мен кәсіпқойлық. дайындығына, заңдылықтың және құпия режимін сақтауларына жеке жауапкершілікті.

Өз орынбасарлары арасында міндеттерді бөледі, Штабтың құрамдық бөлімшелерінің жұмысының жағдайы мен нәтижелеріне жауапкершілік дәрежесін белгілейді [4] .

Штабтың жұмыс жоспарын, оның бөлімшелері мен қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін бекітеді және қызмет статусын белгілейтін Ережеге байланысты құрылғыларға ие.

КСРО ІІМ қайта жаңғыруы ішкі істер органдарының жүйесіне жаңа ағысты енгізді. Біріншіден, ішкі істер органдары қызметінің нормативтік базасын бір жүйеге келтіру қажет болды. Екіншіден, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмыстарды ашу мен тергеу, қылмыстық және әкімшілік жазалардың орындалуын ұйымдастыру бойынша өзін-өзі жойған нысаны мен әдістерін еңсеру қажет болды. Тәжірибе көрсеткендей, ішкі істер органдарының және қызметтерінің барлық күштері мен құралдарын кешенді біріктіру арқылы осыларға жетуге мүмкін еді. Барлық жүйемен басқаруды ұйымдастыру әдістерін түп тамырымен өзгерту қажет. Осыған дейін болған іс-шараларды кешенді жоспарлау әдістері бірталай шығындарға әкелді. Құрылған іс-шаралардың кешенді жоспары бірнеше рет бір жақтылығынан, бір немесе басқа қызметтердің орындау әрекеттерінен жапа шекті және тәжірибеде бірнеше рет қызметтер арасында, әсіресе орындауға бақылау ұйымдастыруда түсініспеушілік туындаған.

Кешенді жоспарлау өз кезегінде қылмыстық процестерді терең ғылыми зерттеуді және жедел жағдайды кешенді бағалауды талап етті, яғни қылмыстың жай-күйін ведомстволық талдау әдістемесі мен негіздерін толық, сондай-ақ оның құрамды бөліктерін әзірлеу қажеттілігі туындады. Осымен КСРО ІІМ бас ұйымдастырушылық-инспекторлық басқармасы аппаратында құру көзделген, одан соң штабқа қайта ұйымдастырылған. Оны әскердің штаб жұмысының теорияшысы және тәжірибе жасаушысы С. М. Крылов басқарған. Республикалық министрліктерде, облыстық ішкі істер басқармаларында 1969 жылы ұйымдастырушылық-инспекторлық бөліністер құрылған

КСРО ІІМ Академиясынан қайтып келген В. В. Горецкий 1984 жылдың ақпанында ІІБ бастығының орынбасары болып тағайындалғанға дейін штабтан қайта ұйымдастырылған ІІБ ұйымдастырушылық инспекторлар бөлімін басқарады. Алайда, қайта құрылған штаб бөліністері өткен жылғы тәжірибені қайта қалпына келтірді. Ал жедел басқару орталығын құру кешендік негізде ішкі істер органдарының күштері мен құралдарын жедел басқару әдістерін қайта құруға мүмкіндік берді. 1984-1995 жылдар аралығында штабты В. Я. Величенко, А. О. Походяев және З. В. Ткешелиадзе, К. Г. Габибов, одан соң 1999 жылы Г. Н. Самородов, В. Н. Бойко басқарған. МТКБ-ға бөлу облыстың ішкі істер басқармасында көпке созылмады және ұйымдастырушылық жұмысқа ешқандай әсерін тигізген жоқ. ВТК жойылған соң 1997 жылдың аяғында штабтың құрылымдары мен қызметтері қайта ұйымдастырылды. ІІБ-ның жаңа құрылымында штаб қызметі құрылады. Оның құрамына ұйымдастырушылық-инспекторлық басқарма, жедел басқарма, әскери-жұмылдыру жұмысы мен азаматтық қорғаныс бөлімі, заң кеңесшілер тобы кіреді [6] .

2001 жылы штаб қызметінде кезекті ұйымдастырушылық- құрылымдық және штаттық өзгерістер болып, бұл қызмет штаб басқармасы болып өзгертіледі. 2003 жылдың қаңтарында ІІБ өзіндік құрылымдық бөліністері ретінде жедел басқару орталығы болып қайта құрылып, бастығы ретінде Г. Н. Самородов тағайындалады. Оның ұйымы бірқатар оң нәтижелердің болуына ерекше рөл атқарды: кезекшілік тәулікте ІІО күштері мен құралдарын жедел басқаруды күшейту, орындаушыларға құқық бұзушылықтар туралы ақпараттың жедел жетуі жедел басқарудың бірыңғай үш жүйесінен бөліп, штаб жұмысының бірыңғай кешенін айыруда оң роль атқармады. Ішкі істер қалауоргандарындағы кезекші бөлімдер штаб құрылымына кіреді, ал облыстағы өзіндік басқарма ретіндегі ЖБО ІІББ (Департамент) бастығына тікелей бағындырылды. Жедел басқару жүйесінің бөлінбейтін бөлігі ретінде өзіндік қызметке ауысты. 2003 жылы штаб құрылымына өзіндік бөлініс заң кеңесшілер тобы шығарылады. Бір жылдан соң штабқа есепке-алу тіркеу тәртібінің жай-күйіне бақылау жүктеліп, оның құрамына арнайы құрылған инспекция кіреді. Қазақстан Республикасы ІІМ- де кезекші бөлім Министрліктің штабына бағындырылған, ЖБО жоқ барлық департаменттерде ішкі істер органдарының кезекші бөлімдері, оның ішінде департаменттің штаб құрылымдарына кіреді. ЖБО департаменттің штаб құрамында болғандықтан, кезекші бөлімдерге кезекшілік тәулік ішінде есепке-алу тіркеу тәртібінің жай-күйін бақылау қызметі жүктеледі, алайда оның жүзеге асырылуы тиімді болмай отыр.

Бүгінгі күні ішкі істер органдары штаб басқармасының қызметі мыналар:

  • департамент басшылығының басқару шешімдерінің орындалуын талдау, жоспарлау, бақылау, жоспарланған іс-шаралары;
  • ішкі істер органдары мен оның бөліністерінің жұмысын кешенді инспекциялық тексеру;
  • әскери-жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс;
  • облыстың ішкі істер органдары мен оның бөліністерінде есепке алу -тіркеу жұмысын бақылау.

1. 2 Жедел басқару орталығының тағайындалуы және жұмысын ұйымдастыру

Кез келген ірі қаланың негізгі мәселелерінің бірі - бұл оның тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Біздің елордамыз дамыған сайын бұл мәселенің Астана үшін маңыздылығы артып отыр.

Қазіргі уақытта Елбасы құқық қорғау органдарына жоғары талаптар қойып отыр. Қылмыс біздің қоғамымыздың барлық тіршілік әрекет ету салаларына енуге талпынуда. Қылмыс өрістеуінің қауіпті беталысына төтеп беруде, техникалық тұрғыда жетілу құқық қорғау органдарының аса маңызды ұмтылысы болып табылады.

Сондықтан да, Ақтөбе қаласы Әкімдігінің қаржылай демеуімен құқық қорғау органдарын техникалық қайта қаруландыру бойынша ҚР Үкіметінің бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде, Ақтөбе де Жедел басқару орталығы қызмет атқара бастады.

Осы сияқты Орталықты құру қажеттілігі сонымен бірге, полицияның күштері мен құралдарын бұрын бөлек дербес қызметтер басқарғандықтан, олар бір-бірінен бөлек болып, қаланың жалпы криминогендік ахуалына әсер етуінен туындады.

Жедел басқару орталығын құру, оның мәртебесі, тәжірибесі және атқаратын міндеттері - сөзсіз, қылмыспен күресте тиімді рөлге ие.

Жедел басқару орталығы, ішкі істер органдары құрылымындағы техникалық жетілдірілген бөлініс ретінде, келесі міндеттерді атқарады:

  • қылмыстар мен оқиғалар туралы «102» арнасы арқылы келіп түсетін ақпаратты қабылдау, өңдеу, тіркеу және сақтау;
  • «102» желісіне келіп түсетін қоңырауларға қол астындағы полиция кешенді күштерімен жедел әрекет жасауды қамтамасыз ету, қылмыстардың кезекші тәулік ішінде ашылуына шұғыл шаралар қабылдау;
  • қаланың жедел жағдайын талдау және бағалау, қылмысқа қарсы тұру шаралары бойынша ұсыныстар әзірлеу, полицияның кешенді күштері жасақтарына уақтылы түзетулер енгізу;
  • қаланың криминогенді жағдайына бақылау жүргізу.

Орталық құрылғаннан бері бірыңғай басқару органдарының басшылық етуіне полицияның барлық сыртқы күштерін біріктіруге қол жеткізілді, нәтижесінде:

  • жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға патрульдік жасақтардың әрекет ету уақыты едәуір қысқарды;
  • сырттай бейнебақылау жүйесінің көмегімен қаланың жедел жағдайының ахуалына, сонымен бірге атаулы «көше» қылмыстарына тәулік бойы бақылау жүргізіледі;

Орталықтың техникалық мүмкіндігін пайдалану арқылы бүгінгі күнде ІІД-нің қызметкерлері, жедел-тергеу тобының мүшелері оқиға орындарында біріктірілген дерекқор арқылы, байланыстың қазіргі заманғы арналары бойынша қажетті жедел ақпарат алу мүмкіндігі бар.

Ақтөбенің Жедел басқару орталығы азаматтардың арыздары мен хабарламары бойынша жасыру және қағазбастылық деректерін жою, қылмыстар мен оқиғаларға жедел әрекет ету шараларын жоғарылату бойынша ҚР Президентінің бағдарын ескере отырып құрылғанын атап өту қажет.

Бұл ішкі істер органдар құрылымындағы жоғары техникалық мүмкіндіктері бар жалғыз бөлініс.

Жедел басқару орталығының қызметі ішкі істер органдары құрылымындағы қайнар көзі, себебі қаланың жедел жағдайының ахуалы туралы негізгі ақпарат «102» пульті арқылы өтеді, бірақ дегенмен хабарламарды қабылдаумен, жасақтарды жіберумен және бағыттамаларды жеткізумен шектелу - бұл кешегі күннің деңгейі.

ЖБО-ның жұмысы «102» арнасы арқылы келіп түсетін хабарламаларды қабылдаумен басталады.

Полицияның «102» арнайы желісі толық автоматтандырылған, қоңырау келіп түскен кезде оператордың компьютерінде қоңырау шалып тұрған адамның телефон нөмірі көрініп тұрады, қоңыраулар автоматты түрде аудиожазбаға жазылады, яғни қажет болған жағдайда бұл жазбаларды дауысты теңдестіру үшін пайдалануға мүмкіндік береді (мысалы қойылған жарылғыш құрылғылар туралы жалған қоңыраулар келіп түскен жағдайда) .

2013 жылы «102» пультіне барлығы 560443 қоңырау келіп түсті, оның ішінде:

- қылмыстар туралы хабарламалар - 34837;

- құқық бұзушылық пен оқиғалар туралы хабарламалар - 173946;

- ақпаратты-анықтамалық сипаттағы хабарламалар - 351660.

Ақтөбедегі қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Жедел басқару орталығына жүктелген ең маңызды орындалатын талаптарының бірі, ол полицияның кешенді күштерінің қызметіне бақылау жүргізу болып табылады. Орналастыру-жоспарына сәйкес Жедел басқару орталығы гарнизон бойынша қоғамдық тәртіпті қорғауға түскен барлық жасақтарды басқарады.

Осы мақсатта ПКК-ін тиімді басқару және бақылау үшін қаланың электронды картасының мүмкіндіктері пайдаланылады. Тек, Ақтөбеде қ. ЖБО-да электронды картасында 40-тан астам қабат бар, онда тек полицияның барлық жасақтарының патрульдеу бағдарлары ғана көрсетілмей (автопатрульдер, аттылы, жаяу, стационарлық бекеттер және т. с. с), қаланың тіршілікті қамтамасыз ету нысандары, білім беру мекемелері, мемлекеттік органдар, сондай-ақ бейнебақылау камераларының орналасуы бейнеленген [9] .

ЖБО-ның тағы бір техникалық жетістігінің бірі «GPS» ғаламдық позициялау жүйесінің көмегімен автопатрульдерді бақылау мүмкіндігі. Қазіргі уақытта полицияның сыртқы күштерінің барлық патрульдік автокөліктерінде, навигатор-инспекторына спутниктің көмегімен орналасқан жерін, патрульдік автокөліктердің жүру жылдамдығын анықтауға, орын ауыстыру және берілген күштерді басқару бойынша едәуір оңтайлы басқару шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беретін, аталған жүйенің 131 эксклюзивті жинағы орнатылған.

Қоғамдық тәртіпті қорғаудағы қосымша міндетті сырттай бейнебақылау жүйесі атқарады. Бастапқыда Ақтөбе камералар қорғаудағы тұлғаларды сүйемелдеу мақсатында орнатылған болса, кейіннен біз бейнені (республикада алғашқы рет) қылмыстарды ашу үшін белсенді түрде пайдалана бастадық. Артынша Ақтөбенің ЖБО тәлімінде бұл тәжірибені басқа Жедел басқару орталықтары пайдалана бастады.

Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласында 110 нан астам сырттай бейнебақылау камерасы жұмыс істейді

2013 жылдың 12 айында бейнебақылау жүйесінің көмегімен 214 қылмыс (4 қарақшылық, 30 - тонау, 3 көлік айдап әкету, 34 - ұрлық, 10 - бұзақылық), 7-909 жол-көлік оқиғалары мен 14. 308 жол жүру тәртібін қоса алғанда, 39. 394 - әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

ЖБО-ның сырттай бейнебақылау жүйесімен орындалатын кешенді тапсырмаларына, сондай-ақ, Ақтөбе қаласының инфрақұрылымын бұзу деректерін анықтау да жатады. Ақтөбе қаласын көркейту мәселелері бойынша кеңесте Мемлекет басшысы берген нұсқауға сәйкес, Жедел басқару орталығымен әкімшілік заңнаманы бұзу деректерін анықтау бойынша маңызды жұмыс жүргізілуде (қоқыс лақтыру, қоғамдық орындарда темекі тарту және т. с. с. ) . Осылайша, Бүгінгі күні 59 бейне бақылау камерасы қондырылды, ағымдағы жылдың тамыз айынан бері санитарлық нормалар мен ережелерді бұзған 507 дерек тіркелді. Тәртіпбұзушыларға 1 173 469 теңге мөлшерінде айыппұлмен әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданды.

Қала тұрғындарының көп жиналатын жерінде қондырылған сегіз бейне бақылау камерасы 171 тәртіпбұзушылықты тіркеп, 1 383 390 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Сондай-ақ, «Көркейе бер, туған жер!» акциясы аясында кәсіпкерлік субъектілері тұрғындардың жедел қозғалысты нысандарында ішкі бейне қадағалаушы 40 камера орнатылғанын, білім беру мекемелерінде осындай камералар қондыру басталғанын айтты. Қазіргі уақытта төрт мектепте, екі балалар бақшасында камералар орнатылды.

Пәтер иелері кооперативтерімен жүргізілген жұмыстар нәтижесінде көп қабатты тұрғын үйлердің аулаішілік аумақтарында 30 бейне қадағалау камералары орнатылды, алда тағы да 40 камера орнату жоспарлануда.

2013 жылы 387 бап бойынша (көріктендіру тәртібін бұзу) бейнебақылау жүйесінің көмегімен 919 бұзушылық анықталды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі істер органдарының жүйесіндегі штабтың рөлі
ТМД шеңберіндегі көпжақты халықаралық құжаттар
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышаны
Ұлыбритания, АҚШ, кеңес одағының мемлекет басшыларының тегеран конференциясы
Саяси құрылым
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы
ХІХ ғасырдың екінші жартысында
Құрылыс индустриясы
Республикадағы демократияның құқықтық сипаттамасы
Өрттің шығуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz