Электрондық басылымдарды жасау технологиясы және рнр скриптін оқытудың негіздері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1.тарау. Электрондық басылымдарды жасау технологиясы
және РНР скриптін оқытудың негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1.1 Электрондық басылымдарды жасау технологиясы және оларға
қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 РНР скриптін оқытудың негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.2.1 Серверді баптау және РНР тілін орнату әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.2.2 РНР тілінің ортасы және қолдану мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ...17
1.2.3 РНР тілінің тармақталу және қайталану операторлары ... ... ... ... ... ... .20

2.тарау. HTML тіліндегі РНР скриптін оқытудың электрондық
лабораториялық практикумын жасау және пайдаланудың әдістемесі

2.1 РНР скриптінен лабораториялық жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40
2.2 Электронды лабораториялық практикумды жасау және пайдалану
әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .64
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...66

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...67
Әлемде адамзат баласы әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездерде интернет желісінің күрт дамып кетуі қашықтық ұғымын жоққа шығарып, жер бетінің кез-келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Қазіргі уақытта аса ауқымды желі жиі қолданыс табуда. Білім беру жүйесіндегі жоғарғы оқу орындары мен арнайы орта білім беру орындары интернет желісіне қосылған. Интернет желісіне қосыла отырып білім беру ошақтары үлкен ақпарат көздеріне қол жеткізуде. WWW, яғни дүние жүзілік өрмек ақпарат іздеп бүкіл дүние жүзіне электрондық саяхат жасайтын гипермәтіндік жүйе болып табылады. Қазіргі кездегі әртүрлі ақпарат алуға болатын ең кең тараған жүйе ретінде WWW есептелінеді. Internet-тің қалған бөліктеріне қарағанда WWW жүйесін пайдалану жеңіл, әрі ыңғайлы. Қазіргі таңда біз қазақ тілінде өзіміздің ақпарат көздерін жетілдіруге мақсат қойдық. Осы кездерде қазақша сайтар және ақпараттық жүйелер, порталдар және жоғарғы оқу орындарында интернетте программалау пәні пайда болды. Бұл пәнің мақсатты білім алушыларды Web беттерін құруға және автоматандыруға, жалпы интернеттегі өнімдер туралы ақпарат беру болып табылды. Біздің түлектік жұмыста осы пәннің электрондық оқыту құралын жасау болып табылады. Түлектік жұмыста жалпы HTML тегтер көмегімен қарапайым WEB бетін құру және РНР тілі көмегімен автоматандыру әдістері қарастырылды.
Түлектік жұмыс екі тараудан тұрады.
Бірінші тарауда электрондық басылымдарды жасау стандарттары, серверді баптау және таңдау, РНР тілін орнату әдісі қарастырылады.
Екінші тарауда РНР тілінің зертханалық жұмыстары, орындалу тәртібі, мысалдар қарастырылған.
1. Луис Аргерих «РНР программирование», Санкт-Петербург 1998 ж.
2. Банкью Чой «РНР и Web дизайн», Москва 1998 ж.
3. Джон Костел «РНР», Новосибирск 2001 ж.
4. Кен Эдгард «Профессиональное РНР», Москва 2002 ж.
5. Джеймс Мур «HTML и РНР», Санкт-Петербург 2001 ж.
6. Деван О' Дейл «РНР программирование» 2-е издание, Мурманск 2003 ж.
7. Хариш Рабат «РНР программирование», Москва 2004 ж.
8. Крис Дипат «Программирование в РНР», Санкт-Петербург 2005 ж.
9. Майкл Кей «Справочник программиста» 2-издание, Москва 2004 ж.
10. Парик Сани «Профессиональное программирование в РНР» 2-издание, Санкт-Петербург 2006 ж.
11. Голонов М.С. «Основы РНР», Санкт-Петербург 2006 ж.
12. Деркочов М.С. «Справочник по РНР», Санкт-Петербург 2006.
13. К.З. Халыкова, Г.А. Абдулкәрімова «Педогогикалық информатика», Алматы 2007 ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1-тарау. Электрондық басылымдарды жасау технологиясы
және РНР скриптін оқытудың
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1.1 Электрондық басылымдарды жасау технологиясы және оларға

қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4
1.2 РНР скриптін оқытудың негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12
1.2.1 Серверді баптау және РНР тілін орнату
әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.2.2 РНР тілінің ортасы және қолдану мүмкіндіктері
... ... ... ... ... ... ... ...17
1.2.3 РНР тілінің тармақталу және қайталану
операторлары ... ... ... ... ... ... . 20

2-тарау. HTML тіліндегі РНР скриптін оқытудың электрондық
лабораториялық практикумын жасау және пайдаланудың әдістемесі

2.1 РНР скриптінен лабораториялық жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40
2.2 Электронды лабораториялық практикумды жасау және пайдалану
әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..64
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .66

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .67

1 Кіріспе

Әлемде адамзат баласы әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін
іздестіреді. Соңғы кездерде интернет желісінің күрт дамып кетуі қашықтық
ұғымын жоққа шығарып, жер бетінің кез-келген нүктесін бір-бірімен бейнелі
түрде байланыстыруда. Қазіргі уақытта аса ауқымды желі жиі қолданыс табуда.
Білім беру жүйесіндегі жоғарғы оқу орындары мен арнайы орта білім беру
орындары интернет желісіне қосылған. Интернет желісіне қосыла отырып білім
беру ошақтары үлкен ақпарат көздеріне қол жеткізуде. WWW, яғни дүние
жүзілік өрмек ақпарат іздеп бүкіл дүние жүзіне электрондық саяхат жасайтын
гипермәтіндік жүйе болып табылады. Қазіргі кездегі әртүрлі ақпарат алуға
болатын ең кең тараған жүйе ретінде WWW есептелінеді. Internet-тің қалған
бөліктеріне қарағанда WWW жүйесін пайдалану жеңіл, әрі ыңғайлы. Қазіргі
таңда біз қазақ тілінде өзіміздің ақпарат көздерін жетілдіруге мақсат
қойдық. Осы кездерде қазақша сайтар және ақпараттық жүйелер, порталдар және
жоғарғы оқу орындарында интернетте программалау пәні пайда болды. Бұл пәнің
мақсатты білім алушыларды Web беттерін құруға және автоматандыруға, жалпы
интернеттегі өнімдер туралы ақпарат беру болып табылды. Біздің түлектік
жұмыста осы пәннің электрондық оқыту құралын жасау болып табылады. Түлектік
жұмыста жалпы HTML тегтер көмегімен қарапайым WEB бетін құру және РНР тілі
көмегімен автоматандыру әдістері қарастырылды.
Түлектік жұмыс екі тараудан тұрады.
Бірінші тарауда электрондық басылымдарды жасау стандарттары,
серверді баптау және таңдау, РНР тілін орнату әдісі қарастырылады.
Екінші тарауда РНР тілінің зертханалық жұмыстары, орындалу
тәртібі, мысалдар қарастырылған.
Дипломдық жұмыстың мақсаты РНР тілінің әдістемелік құралын жасау.
Дипломдық жұмыстың міндеті Осы мақсаттқа жету үшін алдымызға келесідей
есептер қойылды:
әдістемелік құралды кімдер қолданады;
әдістемелік құралдын мазмұнын анықтау;
теориялық материалдар жинақтау;
зертқаналық жұмыстар дайындау;
әдістемелік құралды жасау.
Осы есептерді шеше отыра біз интернетте программалау пәнінің электрондық
әдістемелік құралын жасаймыз.
Электрондық басылымдарды жасау технологиясы және РНР скриптін оқытудың
негіздері.

1.1 Электрондық басылымдарды жасау технологиясы және оларға қойылатын
талаптар.

Электрондық оқулықтарды құру құралдарын жіктеу

Электрондық оқулықтарды құру құралдарын, мысалы, тағайындау және орындау
функциясы, техникалық қамтамасыз етуге талаптар, қолданылу ерекшеліктері
сияқты көрсеткіштерді қамтитын құрама белгілерін қолдана отырып, топтарға
бөлуге болады. Көрсетілген белгілерге сәйкес келесі жіктеу мүмкін болады:
дәстүрлі алгоритмдік тілдер;
жалпы міндеттің аспапты құралдары;
мультимедиа құралдары;
гипермәтіндік және гипермедиа құралдары;
Төменде әрбір белгіленген топқа қысқа шолу мен ерекшеліктер көрсетіледі.
Мұнан былай техникалық база ретінде біздің елімізде кең тараған және
университет қарамағында бар IBM сәйкестігіндегі компьютерлер айтылады.

Дәстүрді алгоритмдік тілдер
Тікелей бағдарламалау құралдарымен құрылған электрондық оқулықтардың
өзіндік ерекшеліктері:
орындау стильдерінің әр түрлілігі ( түстер палитрасы, интерфейс, ЭО
құрылымы, материал беру тәсілі және т. б.);
сүйемелдеу мен модификация қиындығы;
көп еңбек және уақыт жұмсау;
аппараттық шектеулердің болмауы, яғни қолда бар техникалық базаға
бағытталған ЭО құру мүмкіндігі.

Жалпы міндеттің аспапты құралдары
Жалпы міндеттің аспапты құралдары (ЖМАҚ) маманданған бағдарламашы
емес пайдаланушыларға арналған ЭО құралы.ЭО жобалау кезінде қолданылатын
ЖМАҚ, қағида бойынша, келесі мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді:
ЭО құрылымының реттелуі (формирование)
енгізу, мәтінді редактрлеу және форматтау (мәтіндік редактор);
статикалық иллюстративтік бөлім дайындығы (графикалық редактор);
динамикалық иллюстративтік бөлім дайындығы (дыбысты және анимациялы
фрагменттер);
басқа өңдеу құралдардың қолданылуымен жүзеге асып орындалатын модульдердің
қосылуы т. б.
Жалпы міндеттің аспапты құралдарының артықшылықтарына мыналар жатады:
маманданған бағдарламашы емес адамдардың да ЭО құру мүмкіндігі;
ЭО жасау мерзімі мен көп еңбек қажеттілігінің елеулі қысқаруы;
бағдарламалық қамтамсыз ету мен компьютерлерге қойылатын талаптың
төмендігі.
Сонымен қатар ЖМАҚ-та бірнеше кемшіліктер де бар:
достастық емес интерфейс алыста;
мультимедиа және гипермедиа жүйелерімен салыстырғанда мүмкіндіктердің
аздығы;
қашықтықтан оқыту бағдарламасын құру мүмкіндігінің болмауы.
Ресейде көптеген отандық ЖМАҚ бар: Адонис, АосМикро, Сценарий, ТесСис,
Интегратор және басқалар.

Мультимедия құралдары

Жаңа ақпараттық технология пайда болғанға дейін эксперттер көптеген
эксперименттер жасай отырып, материалды меңгеру әдісі мен қабылданған
білімді біраз уақыт өткеннен кейін еске түсіру қабілеті арасындағы
тәуелділікті айқындады. Егер материал дыбыспен болса, онда адам оның
көлемінің шамамен ¼ есіне сақтайды. Егер ақпарат визуальды түрде берілген
болса – шамамен 13. Әсерлерді құрамдастыру (көру мен есту) кезінде есте
сақтау жартысына дейін көтерілген, ал егер адам үйрену процесіне белсенді
қимылда болса, онда материалды меңгеру 75% дейін көтерілген.
Сонымен, мультимедия интерактивті өнімде – мәтін, қозғалмайтын бейнелер
(суреттер мен фотосуреттер), қозғалатын бейнелер (мультипликация және
бейне) және дыбыс (сандық және MIDI) сияқты ақпараттың бірнеше берілу
тәсілдерінің жиынтығын білдіреді.
Аудиоақпарат өзіне сөз, музыка, дыбыстық эффектілерді қосады. Мұнда ең
маңызды сұрақ ақпарат тасымалдаушының көлемі болып табылады. Аудиоақпаратты
бейнеақпаратпен салыстырғанда, бейнеақпаратта қолданылатын элементтер саны
елеулі көп болады. Бәрінен бұрын, мұнда статикалық бейнетізбенің
элементтері кіреді, оларды графика (салынған бейнелер) және фото деп екі
топқа бөлуге болады. Бірінші топқа әр түрлі суреттер, интерьерлер,
графикалық режимдегі символдар жатады. Екіншісіне – фотосуреттер және
сканерленген бейнелер.
Динамикалық бейнетізбе әрқашан статикалық элементтердің (кадрлар) ретінен
тұрады. Мұнда үш типті элемент ерекшеленеді: кәдімгі бейне (секундына
шамамен 24 фото), квазибейне (секундына 6-12 фото), анимация. Бейнетізбені
мультиорта құрамында қолдану аудионы қолданғанға қарағанда көптеген маңызды
мәселелерді шешеді. Олардың ішіндегі маңыздысы мыналар болып табылады:
экранның рұқсат етілген қабілеттілігі, түстер саны, сонымен қатар ақпарат
көлемі.
Мультимедия өнімінің басқа ақпараттық ресурстардан өзіне тән айырмашылығы
едеуір үлкен ақпараттық көлем болып табылады, сондықтан қазіргі уақытта бұл
өнімдердің негізгі тасымалдаушылары стандартты сыйымдылығы 640 Мбайт CD-ROM
оптикалық дискісі болып табылады. Кәсіби қолданулар үшін басқа да құралдар
қатары бар (CD-Worm, CD-Rewritaeble, DVD және т.б.), бірақ олардың құны өте
қымбат.
Электрондық оқулықтың екі түрі бар: жабық электрондық оқулық және Интернет
оқулық. Біріншісі, тәуелсіз және тұрақты болып табылатын пәндік облыста
дәстүрлі оқулыққа айналған. Ол жеке дербес компьютерде немесе локальді
желіде қолданылады. Автормен құрылып, версиялары бар және дискеттер мен
компакт дискілерде таратылады. Интернет оқулық - ол ашық оқулық. Ол сытрқы
ақпарат көздеріне сілтейді және глобальді желінің серверлерінің бірінде
орындалады.
Электрондық оқу басылымына қойылатын жалпы талаптар.

1. ЭОБ-ның объектісі ғылыми негізделген фактілер, тұжырымдар мен
ережелердің сонымен қатар берілген оқу курсында оқытылатын объекттердің
құбылыстар мен үрдістердің қатынастары мен қасиеттерінің жиынтығы болып
табылатын сандық, мәтіндік, графикалық аудио, видео және басқа
оқыту ақпараты болу керек.
2. ЭОБ оқу мақсаттарына тікелей сәйкес келмейтін, яғни оқу курсының
мазмұнына жатпайтын және пайдаланушының назарын өзіне аудартатын және
оқу мақсаттарына қызмет етпейтін ақпаратты қамтымау керек.
3. ЭОБ әртүрлі мамандықтар үшін олардың типтік оқу жоспарлары мен
бағдарламаларына сәйкес қолдануға мүмкіндік беру керек.
4. ЭОБ-да интерфейс көрнекті, түсінікті, бірмәнді және қолданушы қате іс-
әрекеттер жібермеу үшін ЭОБ-ның түгел және оның бөлек бөліктерінің
функцияларының логикасын түсінуге көмектесетін түрінде келтірулі керек.
5. ЭОБ-да имитацмалық компьютерлік моделдер оқылатын
объектілер, үрдістер мен құбылыстардың құрылымын және параметрлерін беру
және өзгерту, сонымен катар, сыртқы әрекеттердің имитациясы үшін ыңғайлы
құралдармен жабдықталу керек. Компьютерлік моделдермен өзара-
әрекет мәселелері білім алушыны оның көмегімен шешілетін
дидактикалық есептердің мазмұнынан көңілін бөлмеуі керек.
6. ЭОБ жабық та, ашық та ортада қолданылу мүмкіндіктеріне ие болу
керек. ЭОБ жабық ортада жылжымалы ақпаратты тасушыларда
орналасуы және жеке алынған компьютерде немесе локальды компьютерлік
желіде атқарушы программалар сиякты жұмыс істеу мүмкіндігіне ие
болу керек. ЭОБ ашық ортада глобалды компьютерлік желілерде орналасады және
жұмыс істеу үшін программа-браузерлерді қолданады.
7. ЭОБ қосымша программалық құралдарды талап етпейтін операциялық жүйенің,
соның ішінде ашық кодты операциялық жүйелердің нұсқасын ескере автоматты
түрде орнатуының мүмкіндігіне ие болу керек. Орнату
комплектінде мемлекеттік немесе халықаралық стандарттарына сәйкес ЭОБ-
ның тәуелсіз жұмысы үшін барлык қажет шрифтер, драйверлер және программалар
пакеттері болу керек.
8. ЭОБ тұрақсыздандыру әрекеттер болмағанда (электр өшуі,
операциялық жүйенің істен шығуы) берілген режимде функциясын
жасау керек және тұрақсыздандыру әрекеттермен шақырылатын ауытқулар
болғаннан кейін ЭОБ-ның жұмысын жалғастыруды камтамасыз ететін
қабілеті болу керек. ЭОБ қолдану процесінде ЭОБ-ға қажет
өзгерістер мен кемшіліктерді енгізуді оңайлату және сынақтан
кейін бағдарламаның алғашқы кодын өзгертпей ЭОБ-ның мазмұнын жетілдіру
мүмкіндіктері болуы керек, сонымен қатар оқу материалы мен статистикалық
деректерге рұқсатсыз қолжетпек болдырмауы керек.

Электрондық оқу басылымынының құрамына қойылатын талаптар

ЭОБ-нын құрамына: титул, тақырыптама, мазмұны, утилиталар, көмекші және
құжаттама енгізілу керек.
Титулда ЭОБ-ның шығу мәліметтері орналасады. Шығу
мәліметтеріне койылатын талапта сәйкес тарауда келтірілген.
Тақырыптамада ЭОБ-ның құрылымы мен барлық семантикалык оқу бірліктерінің
аттары көрсетілуі керек.
Мазмұнда ЭОБ-ның мақсаттары және есептеріне қатысты және сол арқылы
білімдердің қорытынды бақылауын өткізуге кажет барлық оқу материалы
берілуі керек. Оқу материалы ғылыми терминологияны пайдаланып түсінікті,
дәл, толық және қарама қайшылықсыз жазылуы керек.
Утилиттер пайдаланушыларды тіркеу, статистикалық деректерді шығару,
мазмұнды қарау, оқу траекториясын анықтау және сонымен оқыту, ағымдағы,
аралық, белестік және қорытынды тестілеуді жүргізу үшін арналган.
Көмекші элементі ЭОБ-ның жұмысын басқару бойынша ақпарат және ЭОБ-ның
іске қосылу моментінен бастап іске қосылуын қамту керек.

Электрондық оқу басылымының мазмұнына қойылатын талаптар

ЭОБ-ның контенті үш деңгейлі бөліктерге бөліну керек:
1-деңгей - модулдер. 2-деңгей - блоктар. 3-деңгей - сабақтар.

Модул блоктан блокқа өскен сайын мағыналы байланыстары бар логикалы
байланыскан блоктар тізбегінен тұратын электрондық оқу
басылымындағы ірі синтактикалық, семантикалық және прагматикалық оқыту
бірлігі.
Блок сабақтан сабаққа өскен сайын мағыналы байланыстары бар логикалы
байланысқан сабақтар тізбегінен тұратын электрондық оқу
басылымындағы орташа синтактикалық, семантикалық және прагматикалық оқыту
бірлігі.
Сабақ минималды синтактикалық, семантикалық және прагматикалық оқыту
бірлігі және ол бірнеше оқу элементтерінен тұрады. Сабақтағы міндетті
оқыту элементтері болып теориялық материал, мысалдар, тапсырмалар, сұрақ-
жауаптар және тестілер есептелінеді, ал міндетті емес элементтерге оқыту
ақпаратын меңгеру, түсіну және еске сактауға себебін тигізетін және
ақпараттық тығыздықты қаматамасыз ететін анықтамалық, графика, аудио
және видео жатады.
Теориялық материал тандап алынған оқу курсы бойынша мазмұны түсінікті,
нақты, толық және қарама-кайшылықсыз болатын көкейкесті ақпаратты
камтуы тиіс және бұрын өткен сабақта кабылданған білімді
кайталамай өздігінен оқу, тапсырманы жасау және білімді бақылау үшін
жеткілікті болуы керек. Теорияда мәтіндердің астын сызу және түсін өзгерту
сияқты арнаулы дидактикалық құралдарды қолдану керек.
Мысалдар теорияның жеке маңызды аспектерін жаттығуды
орындау, есепті шешу, сұрактарға жауаптар тағайындау және т.б. түріндегі
детальды талдауын қамтамасыз етуі керек.
Тапсырмалар оқытылатын объекттер, үрдістер мен
кұбылыстарының ішкі байланысын анықтауға. олардың әртүрлі сыртқы
әсерлер кезіндегі функционалдық қасиеттерін зерттеуге және жаттығуларды
орындау мен есептерді шешудегі практикалық машықтарын калыптастыруға
бағытталу керек. Тапсырмалардың тұжырымдамасында аткарылатын іс-
әрекеттердің реті мен күтілетін нәтижеге және олардын берілу формасына
койылатын талаптарға түсініктемелер болуы керек.
Сұрақ-жауаптар білімді меңгеру үшін және практикалық
жұмыстарды орындау машықтарын қалыптастыруға бағытталған болу керек.
Сұрақтар білім алушылардың танымдык іс-әрекетін жетілдіру үшін қиындық
деңгейі, сипаты және жауаптардың берілу формасы бойынша түрленуі керек.
Тесттерде сұрақтар және арасында бір дұрыс және бірнеше дұрыс емес жауаптар
болу керек және дұрыс жауапты таңдау кезінде карапайым табу әдісін
қолданбау үшін мағынасын түсінбей жауап беретін сұрактар болмауы керек.
Дұрыс емес жауаптар өздерінің мазмұны бойынша білім алушы оқу материалын
терең білгенде ғана дұрыс жауапты тандап алу үшін дұрыс жауапка жақын
болуы керек. Тесттер білім алушылардың іс-әрекеттері мен
жауаптарындағы әдеттегі қателіктер туралы ескертулер және сол қателіктерді
жібермеу мен түзету туралы түсініктемелер қамтуы мүмкін.
Анықтамалық оқу материалына қатысты және жаттығуларды
орындау, есептерді шешу мен тәжірибе өткізуге, курстық дипломдық жүйе т.б.
жұмыстарды дайындау бойынша мәтіндік, кестелік, графикалық және басқа оқу-
әдістемелік мәліметтер камту керек.
Графика, аудио және видео оқу курсында оқытылатын объекттер, үрдістер мен
құбылыстардың ең маңызды жақтарын және жағдайларын ашу және көрсету үшін
қажетті қосымша дидактикалық материалдарды келтіруге арналған.
Тезарус ЭОБ-ң пән аймағына байланысты терминдер және қысқартулар сөздігін
қамту керек.

Электрондық оқу басылымының оқыту элементтеріне қойылатын талаптар
Оқыту элементтеріне: Теория, Мысалдар, Тапсырмалар, Сұрақтар,
Тестілер, Тезарус, Анықтамалық, Графика, Аудио және Видео
жатады.
1. Оқыту элементі Теория оқылатын сабақтың теориялық
материалдарының гипермәтінді сипаттауына қолжетпек жасауына мүмкіндік беру
керек.
Оқыту элементі Мысалдар мысалдардың сипаттамасы мен олардың түсініктеріне
қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
Оқыту элементі Тапсырмалар ағымды сабақ бойынша жаттығуларға және
есептерге, сонымен қатар оларды орындау мен шығаруға байланысты көмекке
қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
Оқыту элементі Сұрақтар ағымды сабақ бойынша тест жүргізуге дейін
жауаптары интерактивті берілетін және тексерілетін сұрақтарға қолжетпек
жасауына мүмкіндік беру керек.
Оқыту элементі Тестілер оқытудың ағымды бірлігі бойынша білім бақылауды
өздігінен жүзеге асыру үшін арналған тестілеу құралына қолжетпек жасауына
мүмкіндік беру керек.
сабақ деңгейінде – ағымдағы білім бақылау;
блоктар деңгейінде – аралық білім бақылау;
модульдер деңгейінде- белестік білім бақылау;
ЭОБ-ы деңгейінде –қорытынды білім бақылау.
Оқыту элементі Тезарус ЭОБ-да кездесетін және олардың анықтамаларына
гипермәтіндік сілтемелері терминдер және қысқартулар сөздігіне қолжетпек
жасауына мүмкіндік беру керек.
Оқыту элементі Анықтамалық ағымды сабақ бойынша анықтамалыққа қолжетпек
жасауына мүмкіндік беру керек.
Оқыту элементі Графика, Аудио және Видео қосымша дидактикалық
материалдарға қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
Оқыту элементі Графика схемаларға, сызуларға, суреттерге, фотосуреттерге
және бейнелерге, соның ішінде анимацияларға қолжетпек жасауына мүмкіндік
беру керек.
Оқыту элементі Аудио оқылатын сабаққа қатысты негізгі ұғымдарды,
фактілерді, тұжырымдарды және ережелерді дыбыстауға қолжетпек жасауына
мүмкіндік беру керек.
Оқыту элементі Видео оқылатын сабаққа қатысты объектілердің, үрдістер
фрагменттерінің және құбылыстардың қасиеттері мен қатынастарын және сабақты
оқып үйрену үшін қажет атақты ғалымдардың, саясаткерлердің және басқа
тұлғалардың сұхбатын көрсететін фильмдерге қолжетпек жасауына мүмкіндік
беру керек.

Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар:
1. Жан-жақтылығы.
2.   Iзгiлiктiлiк. Онда кез келген орындаушы өзiне қажеттi бiлiмдi ала
алады.
3.   Бейiмдiлiгi. Ұсынылып отырған оқу материалы барлық орындаушылар
үшiн бiрмәндi болуы керек. Бiрақ оқу материалы әр түрлi формада
берiлуi мүмкiн.
4.   Модульдiк. Кез келген электрондық оқулықты дәстүрлi оқулықтар
негiзiнде құрылымын жасақтау.
5.   Экономикалық тиiмдiлiгi. Аталған оқулыққа сұраныс көп болуы қажет
және сәйкес түсетiн пайданы да қарастыру қажет.
6.   Тұтынушыға бағдарлау.

Электронды оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескерген
жөн:
Белгілі бір пәнге байланысты дайындалған оқулықтың сол пәннің типтік
бағдарламасына сәйкес болуы;
Электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты
дәріс конспектісін қамтитын негізгі, зертханалық және тәжірибелік
тапсырмаларды орындауға арналған қосымша, материалдарға анықтама,
библиографиялық көмекші, аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын
тест, материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері
бөлімдерін қамтуы;
Электронды оқулықтың кәдімгі оқулықтардың мазмұндарын қайталамауы, яғни
берілетін тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін ескеру
керек;
Белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмауы
тиіс;
Бiр қатардағы мәтін 62-65 таңбадан аспауы тиіс;
Оқулықты шектен тыс иллюстрациялық, анимациялық тұрғыдан көркемдеу
пайдаланушыға кері әсерін тигізуі мүмкін.

Беттің компановкасына қойылатын талаптар
HTML мен CSS тілдерінде бейнелеу құралдары жиынтығының әжептәуір
шектелгеніне қарамастан, автор мен редакторда ЭО безендіруді бүлдіруге аз
емес мүмкіндіктері бар. Дизайнның негізгі қағидаларының бірі былай
айтылады: Неғұрлым қарапайым болса, соғұрлым жақсы:
● Әрбір бөлімге – бір беттен артық емес
● Беттегі визуалды элементтер санын минимумға дейін қысқартыңдар
және оқырманның назары оның ең маңызды бөліміне
бағытталатындай жасаңдар
● Тақырыптарды тек тікелей міндеті бойынша пайдаланыңыз
● Ұқсас ақпараттарды бірге орналастырған тиіс
● Безендіру басылымның барлық беттері үшін бірдей болуы керек.

Бейнелеуге қойылатын талаптар
● Электрондық басылымың ішіне артық бейнелер салмаңдар.
● Бейнелерді түсіндіретін мәтінмен толықтырыңыз.
● Графикалық файлдардың көлемін шектеңіз.
● Қолданушылар әр түрлі рұқсат етілген манитормен жұмыс істейтінін
ескеру керек.
● Барлық оқырмандарда графиканы бейнелеу сол түстік рұқсат етілім
арқылы іске асатынына көз жеткізілмеген.

1.2 РНР скриптін оқытудың негіздері.

1.2.1 Серверді баптау және РНР тілін орнату әдісі.

Интернетте Web бетін құру үшін клиент-сервер жүйесін білу қажет. Желі
арқылы жалғанып тұрған компьютерлердің әрқайсысында өзіне тиесілі адресі
болады. Осындай желінің ішінде бір-біріне жалғанып тұрған екі компьютерді
қарастырайық. Сол компьютердің біреуінде отырып, екіншісінде тұрған
ақпаратты алу керек болсын. Ол үшін ақпарат тұрған компьютерге ақпарат
тарататын арнайы бағдарлама орнату керек. Бұндай арнайы бағдарламаны сервер
қосымшасы деп атаймыз. Сервер қосымшасы жұртқа көрсетуге арналған ақпарат
қайда тұрғанын және оны қалай алу керегін анықтайды. Ал келесі компьютерде
отырып серверде тұрған ақпаратты қарау үшін ол жерде де арнайы бағдарлама
тұруы керек. Ондай бағдарламаны клиент броузері деп атаймыз. Сонда, сервер
қосымшасы тұрған компьютер сервер, яғни қызмет көрсетуші немесе ақпарат
таратушы болады. Ал броузер тұрған компьютер клиент, яғни тұтынушы немесе
ақпарат іздеуші болады. Сонымен, броузер арқылы ақпарат тұрған компьютерге
сұраныс салған азамат, ондағы сервер қосымшасы дайындалып қойған ақпаратты
клиентке көрсете бастайды. Желіде сервер арқылы ақпарат таратуды қысқаша
осылай түсінуге болады.
Біздің қарастыратынымыз − Интернет желісінде ақпарат тарату қызметін
көрсетуші жүйенің бірі веб-сервер. Бірақ біз осы курс көлемінде бұл атауды
қысқартып сервер деп қана атауға келісейік. Сонымен, интернетте көптеген
серверлер өз бойына тарататын ақпаратты жинап тұрады. Клиент сол серверге
сұраныс жасаса болғаны, ондағы ақпарат клиенке қарай жөнеледі. Клиентке
жөнелтілер алдында ақпаратты өңдеуден өткізуге болады. Ақпарат серверде
ыңғайлы бір түрде сақталса, клиенттің өзіне арналған түрінде жөнелту керек
немесе клиентке көруге болатын ақпаратты жіберу керек. Алдымен, қандай
сервер қосымшалары бар екеніне тоқталайық. Біз Apache веб-серверін
қарастырамыз. Әрине, интернет жүйесінде бұдан басқа серверлер бар. Мысалы,
Internet Information Server, Personal Web Server, OmniHTTPd Server, Orielly
Website Pro, Xitami, Netscape, iPlanet, SunONE, The Sambar, т.б. Неге біз
бұларды емес Apache пайдаланғалы отырмыз? Өйткені, бұл сервер басқалармен
салыстырғанда көп тараған, сондықтан мұндай серверге сайт қою (серверге
сайт орналастыруды хостинг деп атайды) арзан. Сондықтан, веб-сайт жасағанда
осы әдіс көп қолданылады. Ақпаратты клиентке жөнелтудің алдында өңдеуді осы
PHPMySQL жүйелерінің көмегімен жасамақпыз. Ал бұл жүйелер әу бастан Apache
серверіне негізделген. Ал осы PHPMySQL тілдерін қарастырумыздың себебі,
тағы да интернеттегі ең арзан хостингтің ішіне осы аталған жүйелер бар.
Сонымен қатар, бұл жүйелер орнатылған сервер басқа серверлермен
салыстырғанда едәуір жылдам болып келеді.
Броузер ретінде клиент кез-келген интернет броузер пайдалануына болады.
Мысалы, Internet Explorer, Netscape Navigator, Opera, т.б.
Компьютерге бұл серверді қалай орнату керегін қарастырайық.APACHE
бағдарламасын қосамыз. Егер операциялық жүйе Windows® NT болса, онда
алдымен сол жердегі InstMSIInstMSI.exe бағдарламасын қою керек. Сосын
барып сервер қосымшасын орнату керек. Windows® жоғары нұсқаларына InstMSI
орнатудың керегі жоқ.
Серверді орнатып жатқанда сервердің интернеттегі атын, домен атын сұрайды.
Егер ол нәрселер жоқ болса, кез-келген ат беріп кете беруге болады.
Серверді орнатқанда ешқандай параметрлерін өзгертпесе, Program FilesApache
GroupApache деген жерге барып тұрады. Егер алғашқы параметрлерін
өзгерпесе, онда сервер бірден іске қосылады. Ал егер қолмен қосамын деп
көрсетілсе, онда серверді net start apache деп қосу керек. Өшіру үшін net
stop apache деген бұйрық беріледі. Бұл бұйрықтарды Windows® жүйесінде Start
(Пуск) - Programs (Программы) - Apache HTTP Server - Control Apache Server
деген жерден беруге де болады.
Сервер өзінің конфигурация файлы арқылы жөнделеді. Ол файл сервер тұрған
жердегі conf деген каталогте орналасқан. Файлдың аты httpd.conf. Бұл
файлға қандай да болмасын өзгеріс енгізгеннен кейін серверді өшіріп-қосу
керек Сервердің енді жұмыс істеп тұрғанын көрейік. Ол үшін клиент серверге
сұраныс жасауы керек. Яғни клиент бағдарлама осы сервер тұрған компьютердің
желідегі IP адресі арқылы ондағы сайтты көруі керек. Біздің жағдайда сервер
де, клиент те бір компьютер болғандықтан осы компьютердің өзінің адресін
көрсетсек болғаны. Ал келісім бойынша әр компьютер өзін localhost немесе
127.0.0.1 деген адрес бойынша көре алады. Сонымен, клиент броузерді ашамыз.
Броузер ретінде Internet Explorer қолдануға болады.
Сервер бұл тест бетті қайдан алып тұр? Сервердің httpd.conf конфигурация
файлын ашып, DocumentRoot деп басталатын жолды тауып алайық. Конфигурация
файлын кәдімгі Notepad (Блокнот) арқылы ашуға болады. Іздеп отырған жолды
тез табу үшін F3 (Ctrl-F) тетігін басып, іздеп отыған сөзді беру керек.
Табылған жолда DocumentRoot "C:Program FilesApache GroupApachehtdocs"
деген сияқты жол тұруы керек. Сонда тест бет осы көрсетілген орында тұрса
керек. C:Program FilesApache GroupApachehtdocs деген жерге барып,
әртүрлі тілде жазылған index файлдарды көреміз.
Қандай файлды көрсету керегін сервер қалай біледі? Тағы да конфигурацияны
ашып DirectoryIndex деген жолды тауып алайық. Бұл жолдың жанында алғашында
index.html деп тұрады. Яғни клиенттен сұраныс кеп түскен кезде сервер
конфигурациядағы DocumentRoot көрсетіп тұрған жерден DirectoryIndex
көрсетіп тұрған файл(дар)ды іздейді. Сервердің клиентке көрсететін
файлдарын веб-беттер деп атайды. Сайт деген веб-беттер ұйымдастырылған
орын, яғни веб-сервер клиентке көрсете алатын веб-беттер орналасқан жер.

Желідегі Web беттері және HTML тегтері
HTML (HyperText Markup Language) тілі – бұл гипермәтінді белгілеу тілі. Бұл
тілде компьютердің программалық және ақпараттық қамтуларының
айырмашылықтарын ойламайтындай құжат құруға болатындай жасалынған. HTML
технологиясы кәдімгі мәтіндік құжатқа басқарушы символдар (тэги – tage)
орналасқан құрылымнан тұрады. Тэгтер мәтінінің өлшемін, сызылымын, түсін,
мәтіннің орналасуын, беттегі графикалық бейнені мәтіндік құжатқа
графикалық бейнені жасанды қозғалысты дыбыс, видео енгізу мүмкіндігін
береді, сонымен қатар осындай Web-беттермен мағыналы байланыс орнатады. Web-
бет браузерде HTML тэгі арқылы берілген түрде қарастырылады. Мұндай Web-
бетті HTML-файл деп атаймыз. HTML-файлының кеңейтілуі .htm немесе .html.

HTML-файлдарының жетістігі:
Аз ақпараттық көлем;
Кез келген дербес компьютерден көру мүмкіндігі;
интерактивтілігі.

HTML гипермәтінінің тіл белгілеу дамуы жалғасуда. Осылайша DHTML (Dynamic
HTML), XML, VRML және т.б. тілдер пайда болды.
Белгілеуі кеңейтілген XML (Extensible Markup Language) тілі HTML гипермәтін
белгілеуінің кеңейтілуі болып табылады, сондай-ақ кеңейтілген басқарушы
символдарды енгізу мүмкіндігі және де құжаттың дұрыстығын тексеру
мүмкіндігі бар. Виртуалды шынайы тіл VRML (Virtual Reality Modeling
Language) HTML гипермәтін тілінің белгілеуімен құрылған, ол көлемі 3D-
графикті пайдалану мүмкіндігін береді.
Тэг – ол браузерге тэг ішінде орналасқан мәтіндегі бейнелеуді көрсететін
басқарушы символ. Тэг кіші () белгісінен басталады және үлкен ()
белгісімен аяқталады (tage). Тэг жазылуында бас және кіші әріптердің
айырмашылықтары болмайды. Тэгтер жұп және жұп емес болады. Жұп тэг тек
ашылатын tage және слэш tage символымен жабылатын тэгтерді қамтиды.
Жұп емес тэг тек ашылатын тэгті қамтиды. Жұп тэг ашылатын тэгтің басынан
жабылатын тэгтің арасындағы мәтінге әсер етеді.
Тэгтер: құрылымдық, абзацты форматтау, символдар, гипермәтінді анықтау,
графиканы қою, тізім құру және сол сияқтылар болады.

HTML-файлының құрылымын сипаттау үшін құрылымдық тэгтер қоданылады:
HTML HTML – беттің басы мен соңы;
HEADHEAD – бетті сипаттау;
TITLETITLE – бет аты;
BODYBODY – бет мазмұны.

Онда беттің құрылымдық HTML-коды келесі:
HTML
HEAD
TITLETITLE
HEAD
BODY
BODY
HTML

Бұл арқылы HTML құжатының аты беріліп, әдетте құжатының атын
Browser терезесінің сол жақ үстіңгі бұрышында көрсетеді.

тэгі
Бұл жаңа жолға көшуді білдіретін тэг, жаңа жолға көшірілетін сөйлемнің
алдынан жазылады .
p тэгі
Бұл текстті бөлікке бөлетін тэг, бөлінетін бөліктің алдынан жазылады .
font тэгі
Бұл әріптің үлкен-кішілігін белгілейтін тэг.
Сурет кірістіру
HTML сурет кірістіруді іске асыра алады, HTML-дің сурет кірістіруге
арналған тэгінің форматы былай :
img src=URL мәліметі
Бұндағы src қасиеті суреттің келу қайнарын (Source) көрсетуге қолданылады,
ал URL мәліметіне белгілі бір суреттік құжат сәйкес келеді.Web Browser-де
тікелей оқылатын суреттер типі төмендегідей бірнеше түрлі форматта болыды
:
.jpeg құжаты , .gif құжаты, .xmb құжаты .мысалы :
img src=“netgirl.gif”

кесте(table)
Кесте көптеген тік сызықтар(Column) мен көлденең (Row ) сызықтардан
құралады. Осыдан шыққан ішкі бөліктер кестенің шақпақтары(Cell) деп
аталады. Web бетін жобалағанда table table тэгтерін қолдану арқыллы
Web бетінің лайықты жеріне кесте кірістіруге, сосын текст сурет сияқтыларды
осы кестенің шақпақтарына орналастыруға болады . Осы себепті Web бетінде
кесте кірістіру деректерді белгілі бір аймақта шектеп, Web бетін бір
қарағанда ретті, тәртіпті көрсетеді.
Frame.
Кейде Web бетін жобалағанда сол бетте бір мезгілде қасиеттері әртүрлі
көптеген мазмұндарды көрсетуге тура келеді. Пайдаланушы оңай ажырату үшін
бірWeb бетін көптеген аймақтарға бөліп, әрбір аймақты Frame деп атайды.
Frame-ң рөлі бетті бірнеше бөліктерге бөле отырып , Browser-де көрсеткенде
тұтастай көрсету. Әрбір frame түгелдей бір HTML бөдігін қамтыған болады .

Form.
Form дегеніміз Web бетінде енгізу-шығарумен айналысуға қолданылатын
диалог терезесі, бұндағы енгізу-шығару бөлшектері обьект деп те
аталады,Оған : текстік аймақ , кнопка, көп таңдамалы кнопка, дара таңдамалы
кнопка, құжаттық аймақ, кесте, таңдау тізімі, суреттік аймақ,
жасынғанаймақ, ауысу менюі және Form-ның өзі жатады. Form –formform
тэгтерінің арасында анықталады . HTML тілі Form-ның санын шектемейді, бірақ
бір бетте Form-ның өте көп болуы көруге қолайсыздық туғызады, сондықтан
дұрыстап бөлу керек. Form-ның екі қасиеті бар : action және method .
1.2.2 РНР тілінің ортасы және қолдану мүмкіндіктері

PHP (Hypertext Preprocessor) тілі - сервер жақта веб-сайт жасауға арналған,
HTML ішіне араластырып жазуға болатын скрипт тіл. Мысалы,
html
head
titleМысалtitle
head
body
?
echo "Мынау PHP мысал";
?
body
html

Мысал PHP әртүрлі орталарда қолданылуы:
XML-де жазылуы:
?php
...
?
SGML-де жазылуы:
?
...
?
HTML-де жазылуы:
script language = "php"
...
script
ASP-де жазылуы:
%
...
%
Мысалы
РНР тіліндегі скрипт келесі түрдегідей жазылуы мүмкін:
?
if(53){
echo("pHello, world!p");
?
pHello!p
бұл жол PHP тілінің жолы ретінде қарастырылмайды
экранға шығады егер программа жұмыс істесе
?
echo("pHello, world!p");
}
?

Javascript, VBScript сияқты клиент жақтың скриптерінен айырмасы PHP скрипт
сервер жақта орындалып, оның нәтижесі HTML түрінде клиентке жіберіледі. Ал
клиент жақтың скрипті клиент компьютеріне HTML кодпен бірге келіп
орындалады. Яғни жоғарыдағы мысалда клиент броузерінде тек қорытынды HTML
кодты көреміз. Мысалдағы код келесідей болады:

Енді клиент қандай түрде көріп тұрғанын қарап көрейік. Броузердің View
(Вид) View Source Code (Просмотр HTML кода) деген мәзірі арқылы клиентке
бұл бет қалай келіп тұрғанын көруге болады.

Сонымен, ең алдымен түсініп алу керек нәрсе, біздің жазған PHP бағдарлама
сервер тұрған жерде орындалады. Бағдарламаны орындайтын біз алдыңғы бөлімде
орнатқан PHP препроцессор. Орындалу нәтижесі HTML түрінде клиентке
жөнелтіледі.
PHP скрипті HTML кодтан ажырату үшін төмендегі символдарды пайдалануға
болады:
? ? ?php ? script language="php" script (% % кейбір
жағдайда)
Осы аталғандардың ішінде ең қысқа − бірінші нұсқа. Бұдан былай біз осы
бірінші нұсқаны қолданамыз.

1 РНР тілінің айнымалылары.

PHP тілі барлығы сегіз түр қолдайды: логикалық, бүтін, бөлшек, жазу,
массив, объект, ресурс және NULL.
1) Логикалық типтегі айнымалы екі мән қабылдайды: TRUE (ақиқат), FALSE
(жалған). Басқа типтегі айнымалының мәнін логикалық типке айналдыру үшін
алдына (bool) немесе (boolean) деп жазамыз.
2) Бүтін типтегі айнымалы ондық, сегіздік, оналтылық негізде жазылған
мәндер қабылдай алады. Ең үлкен бүтін сан 2 миллионға жуық 32 биттік
таңбалы сан. PHP таңбасыз бүтін санды қолдамайды. Егер сан берілген
шектеуден асып кетіп жатса, препроцессор оны бөлшек сан деп қабылдайды.
Мысалы:
$a = 1234; ондық бүтін сан
$a = -123; ондық бүтін теріс сан
$a = 0123; сегіздік бүтін сан (ондық мәні 83)
$a = 0x1A; оналтылық бүтін сан (ондық мәні 26)
3) Бөлшек тип 64 бит орын алады. Жазуының мысалы:
$a = 1.234; $a = 1.2e3; $a = 7E-10;
4) Жазу типтегі айнымалының мәнін бірлік тырнақшаның ішіне жазған дұрыс.
Бұл жағдайды тек тырнақша (') мен кері сызықты (\) ғана кері сызық арқылы
ерекшелеу керек. Ал егер қос тырнақша қолданатын болсақ, онда ерекшелейтін
белгілер қатары көбейеді. Екі жазуды біріктіру үшін арасына нүкте қойылады.
Мысалы,
$p = 'PHP'; $s = $p . ' үйренейік';
5) Массивтерді анықтау оңай: array([key=]value, ...). Олар айнымалы атынан
кейін қойылған тік жақшалармен білінеді. Мысалы, $arr[key] = value; бұл
жерде key жазу немесе бүтін теріс емес сан. Ал value кез-келген мән. Бұл
жерде $arr айнымалысын алдын ала анықтаудың қажеті жоқ. Яғни осы жазудан
кейін бірден анықталады. Массив алып тұрған орынды босату үшін unset($arr)
деген функция қолданылады. Мысал:
$a = array('color' = 'red', 1); $a[1] = 2; $a[] = 3;
Сонда шығысында былай болады: $a['color'] = 'red'; $a[0] = 1; $a[1] =
2; $a[2] = 3;
6) Объект анықтау үшін new деген сөз пайдаланылады. Мысалы, foo деген класс
анықталған болса, онда одан $bar деген объект жасау үшін:

7) Ресурс сырттағы мәліметтерді алуға керек. Ондай айнымалы арнайы
функциялар арқылы алынады. Біз мәліметтер қорынан жазба оқыған кезде
осындай айнымалы пайдаланатын боламыз. Мұндай айнымалы алып тұрған орын
керек емес кезінде бірден босатылады, сондықтан оны босатуды бағдарламаға
жазудың қажеті жоқ.
8) NULL деген түр айнымалыға жоғарыда аталған түрлердегі мән меншіктелмеген
дегенді білдіреді. Жазуы $var = NULL;

1.2.3 РНР тілінің тармақталу және қайталану операторлары.
Тармақталу операторының жазылу үлгісікелесідей:
if (шарт) {
шарт рас болса, осы жерде тұрған нарсе орындалады
}

HTML ішіне жазған кезде былай болып тұруы мүмкін:
? if ($a == 5) {?
b$a мәні беске теңb
? }?
Егер шарт рас болса, онда қорытынды бетке қалың әріптермен жазылған '$a
мәні беске тең' деген сөз шығады. Мұнда скрипт пен гипертекст араласып
жатыр. Скрипт бөліктері ? белгісімен басталып, ? белгісімен жабылып
гипертекстен ажыратылады.
Тармақталу операторының күрделірек түрі:
if (шарт) {
шарт рас болса, осы жерде тұрған нарсе орындалады
} else {
кері жағдайда, осы жерде тұрған нарсе орындалады
}
Тармақталу операторының күрделірек түрі:
if (шарт) {
шарт рас болса, осы жерде тұрған нарсе орындалады
} elseif (басқа шарт) {
басқа шарт рас болса, осы жерде тұрған нарсе орындалады
} else {
кері жағдайда, осы жерде тұрған нарсе орындалады
Альтернативті жазылуы
if (шарт) :
шарт рас болса, осы жерде тұрған нарсе орындалады
elseif (басқа шарт) :
басқа шарт рас болса, осы жерде тұрған нарсе орындалады
else :
кері жағдайда, осы жерде тұрған нарсе орындалады
Үзу операторы break;
Бұл оператор қайталану және таңдау операторын үзіп тастау үшін
пайдаланылады. Ол кездескен замат қайталану тоқталып, денеден кейін тұрған
оператор орындала бастайды.

2 Таңдау операторы.

switch ($var) {
case v1:
...
[break;]
case v2:
...
[break;]
default:
}
Альтернативті жазылуы
switch ($var):
... жоғарыдағымен бірдей
endswitch;
Таңдау операторы шарт операторын қайта-қайта ұқсас шартпен тексерген сияқты
орындалады. Мысалы,
? if ($i==1) { echo '$i бірге тең
'; }
if ($i==2) { echo '$i екіге тең
'; }
if ($i==3) { echo '$i үшке тең
'; }?
дегеннің орнына таңдау операторы арқылы былай жаза салуға болады:
? switch ($i) {
case 1: echo '$i бірге тең
';break;
case 2: echo '$i екіге тең
';break;
case 3: echo '$i үшке тең
';break;
default: echo '$i бірге де, екіге де, үшке де тең емес
';
break;
}?
Жоғарыдағы екі мысалда $i айнымалының мәні анықталмаған болса, бірінші
мысалда гипертекстке ешнәрсе шықпайды, ал екінші мысалда ең соңғы жағдай
орындалып, "$i бірге де, екіге де, үшке де тең емес" деген сөз шығады. Ал
егер айнымалының мәні анықталған және ол аталған үш санның біреуіне тең
болса, сол тұстағы сөз шығады.

3 Қайталану операторы.

while (шарт) дене; Шарт орындалса, онда дене қайталанып орындала береді. Әр
қайталаудың алдында шарттың растығы тексеріледі. Альтернативті жазылуы:
while (шарт): дене endwhile; Мысалы,
? $i = 0;
while ($i9) {
echo ++$i;?

Гипертекстің ішіне бірден бастап тоғызға дейінгі сандар былай жазылады:
1
2
3
4
5
6
7
8bt9

do {
дене
} while(шарт);
Бұл жерде шарт дене қайталанып болған соң тексеріледі. Яғни қайталану
кемінде бір рет орындалады.
for (expr1; expr2; expr3) { дене }
Альтернативті жазылуы
for (expr1; expr2; expr3): дене endfor;
Бұл қайталану операторында expr1 өрнегі еш нәрсеге тәуелсіз қайталану
басталмай тұрып бір рет қана орындалады. Әрбір қайталанудың алдында expr2
өрнегі орындалады. Егер бұл өрнектің мәні TRUE болса, онда дене
қайталанады. Кері жағдайда қайталану тоқтайды. Әрбір қайталанудың соңында
expr3 өрнегі орындалады. Жоғарыдағы мысалды осы қайталану көмегімен жазсақ
былай болады:
? for ($i=1;$i10;$i++) {
echo $i;?

? }?
немесе қысқартып ? for ($i=1;$i10;print $i, print '
', $i++);?
дей салсақта тура жоғарыдағыдай гипертекст аламыз.
foreach (массив as айнымалы) дене;
foreach (массив as кілт = айнымалы) дене;
Бұл оператор массив элементтерінің мәнін біртіндеп қарап шығуға арналған.
Мысалы,
? $a = array('one'=1,'two'=2,'three'=3) ;
foreach ($a as $i=$v) {
echo "a[\'" . $i . "\'] = " . $v . "
";
} ?
Гипертекстке айналған кезде a['one'] = 1
a['two'] = 2
a['three'] =
3
деген жазу болады.

4 Біріктіру include(), require(), include_once(), require_once()

Біріктіру операторлары көрсетілген файлды жазылған жерге кіргізеді. Жазып
отырған бағдарламаны қисынды бөліктерге бөлшектеп, оларды керегінше
біріктіруге болады. Сонда бағдарлама жазу оңайлайды. Біз де осы әдісті
кеңінен қолданатын боламыз. Бұл екі include() және require() біріктіру
оператор бірдей жұмыс істейді. Олардың айырмашылығы тек қате шығаруында
ғана. Егер қате кеткенде бағдарлама тоқтап қалсын десе, require() қолданған
дұрыс. Ал егер тек қате кеткені туралы хабар беріп скрипт ары қарай істей
берсін десе, include() қолданған дұрыс.

5 Функция анықтау және return

function аты (үтірмен ажыратылған аргументтер) {
...
return қайтарым;
}
Функция жәй мән, не массив, не сілтеме қайтара алады. Функция ішінде return
кездескен кезде жұмыс тоқтатылып, функцияны шақырған жерге қайтарым келеді.
Функцияның ішіне гипертекст пен скрипт араластырып жаза беруге болады.
Функция аргументі ретінде массив, сілтеме беруге болады. Сонымен қатар
аргумент мәнін алдын ала анықтауға да болады. Мысалы,
function maketea ($type = "көк") {
return "Бір шыны $type шәй құйыңызшы\n";
}
echo maketea(); "Бір шыны көк шәй құйыңызшы" деген сөз шығады
echo maketea("қара"); "Бір шыны қара шәй құйыңызшы" деген сөз шығады
Мұндай анықталған аргументті тізімнің соңына жазған дұрыс болады. Өйткені,
аргумент мәні берілмеген кезде олай жазылмаған тізімнің кесірінен функция
дұрыс істемей қалады. Мысалы,
function maketea ($type = "көк",$cup) { қате анықталған
return "Бір $cup $type шәй құйыңызшы\n";
}
echo maketea("шыны"); Осы жерде екінші аргументтің мәнін таппай қалады

function maketea ($cup,$type = "көк") { дұрыс анықталған
return "Бір $cup $type шәй құйыңызшы\n";
}
echo maketea("шыны"); "Бір шыны көк шәй құйыңызшы" деген сөз шығады
echo maketea("кесе","қара"); "Бір кесе қара шәй құйыңызшы" деген сөз
шығады

РНР тіліндегі массивтер және функциялар.
Массивтер.

РНР-де массивтерді инициалдаудың 2 тәсілі бар. Олардың бірі массив
элементтеріне қарапайым мәнді иелендіру болып табылады:
?
$car[] = "passenger car";
$car[] = "land-rover";
echo($car[1]); шығарады "land-rover"
?
Массив индексін анық көрсетуге болады:
?
$car[0] = "passenger car";
$car[1] = "land-rover";
echo($car[1]); шығарады "land-rover"
?
Массивтерді айналып өтуге арналған foreach циклі
РНР-гі циклдің массивін айналып өту, мына синтаксисі бар foreach циклі
көмегімен жүзеге асады:
foreach (array as [$key =] $value)
{
statements;
}
Бұл циклдің мәні қарапайым: масивтің әр элементінің өтуі кезінде $кеу
айнымалысына осы элемент индексі, ал $value айнымалысына оның мәні
араластырылады.
Мысал :
?
$car = array("passenger car", "land-rover",
"station-wagon","victoria");
foreach($car as $index = $val)
{
echo("$index - $val
");
}
?
Синтаксистен көретініміздей, $кеу айнымалысы қажет емес және алынып
тасталуы мүмкін.

?
echo(
"available cars:
ul"
);
$car = array("passenger car", "land-rover",
"station-wagon","victoria");
foreach($car as $val)
{
echo("li$valli\n");
}
echo("ul");
?
Көпмөлшерлі массивтер.
count() in_array() reset()
Көпмөлшерлі массивтерді инициалдау үшін кірістірілген array() құрылымдары
қолданылады. Көпмөлшерлі массивтерді айналып өту кірістірілген циклдер
көмегімен жүзеге асады.
Мысал:
?
$ship = array(
"Passenger ship" = array("Yacht","Liner","Ferry"),
"War ship" = array("Battle-wagon","Submarine","C ruiser"),
"Freight ship" = array("Tank vessel","Dry-cargo ship","Container
cargo ship")
);
foreach($ship as $key = $type)
{
echo(
"h2$keyh2\n"."ul\n");
foreach($type as $ship)
{
echo("\tli$shipli\n");
}
}
echo("ul\n");
?
Бұл скриптің орындалу нәтижесі:

2 Passenger ship

Yacht
Liner
Ferry

3 War ship

Battle-wagon
Submarine
Cruiser

4 Freight ship

Tank vessel
Dry-cargo ship
Container cargo ship
Ал, енді РНР-дегі массивтермен жұмыс істеуге арналған функцияларды
қарастырамыз. Алғашқы қарастыратынымыз – массивтерді сұрыптау функциясы.
Алайда, бұған дейін, мысалдарымызда жиі қолданылатын 3 функция жайлы айтып
өтейін.

Сount() функциясы.

Синтаксис:
int count(mixed var)
Бұл функция аргумент ретінде массивті қабылдайды және ондағы элементтер
мөлшерін қайтарады. өздеріңіз түсініп отырғандай, бұл – массивке for()
циклін қолдануда таптырмас зат.

Іn_array() функциясы.

Синтаксис:
boolean in_array(mixed needle, array haystack [, bool strict])
Бұл функция haystack массивінде needle мәнін іздейді және оны тапқан
жағдайда true-ді, ал таппаған жағдайда false-ті қайтарады.

Reset() функциясы.

Синтаксис:
mixed reset(array array)
Reset() функциясы массив көрсеткішін бірінші элеметке орналастырады және
массивтің бірінші элементінің мәнін қайтарады.
Шағын ескерту. РНР-дің әр массивінің сол массивтегі қазіргі қолданыстағы
элементіне деген ішкі көрсеткіші бар. Foreach сияқты құрылымдармен жұмыс
істеу кезінде көрсеткіші жайлы ойлап керегі жоқ , себебі foreach оны
массивтің бос жағына орналастырады. Алайда, prev(), next() сияқты
функциялармен жұмыс істеу кезінде өте маңызды.
Ал енді сұрыптауға кірісейік.
Массивтерді сұрыптау функциялары:

sort()

Массивтерді өсу бойынша сұрыптау функциялары:
Синтаксис:
void sort(array array [, int sort_flags])
Функция array массивін өсу бойынша сұрыптайды. Міндетті емес sort_flags
аргументі элементтердің қалай сұрыпталуы керек екенін көрсетеді:
(сұрыптаудың жолаушыларын көрсетеді). Бұл аргуменке сай келетінмәндер болып
келесілер табылады:
SORT_REGULAR – элементтерді қалыпты жағдайда салыстыруды көрсетеді.
SORT_NUMERIC – элементтерді сан ретінде салыстырады.
SORT_STRING - элементтерді жолдар ретінде салыстырады.
Жалпылай айтқанда, бұл функция тізімдерді сұрыптау үшін қолданылады. Тізім
ретінде кілттерді нөлден басталып, өткізілуге рұқсаты жоқ массивтер алынды.
Sort() функциясы кез келген массивті тізім ретінде қаблдайды.
Мысал қарастырып өтейік:
Мысал:
?
$arr = array("2", "1", "4", "3","5");
sort($arr);
for($i=0; $i count($arr); $i++)
{
echo ("$i:$arr[$i] ");
}
шығарады "0:1 1:2 2:3 3:4 4:5"
?
Нәтижесі:
0:1 1:2 2:3 3:4 4:5
Мынандай затты ескеріп өтейік. Егер сіз жолдарды сұрыптасаңыз, онда
мысалғы, массив мынандай болады.
"two", "abs", "three", "uic", "for","five");
онда бұл ғажайып функция сізге келесіні қайтарады:
Нәтиже:
0:abs 1:five 2:for 3:one 4:three 5:two 6:uic
Яғни, функция жолдарды альфа-бетта тәртібінде сұрыптайды, қарапайым тілмен
айтқанда – алфавиттегі әріптердің орналасу тәртібіне қарай

rsort()

Массивті кему бойынша сұрыптау.
Синтаксис:
void rsort(array arr [, int sort_flags])
Sort() функциясына сәйкес, алайда тек кему бойынша сұрыптайды. Sort()
функциясы үшін орындаған скриптті rsoft() функциясына да қатысты орындап
көрейік. Тек soft($arr)-дің орнына rsoft($arr)-ді қоямыз.

0:5 1:4 2:3 3:2 4:1

asort()

Ассиоциативті массивті өсу бойынша сұрыптау.
Синтаксис:
void rsort(array arr [, int sort_flags])
Sort() функциясы arr массивін оның мәндері не алфавит тізімі бойынша (егер
жолдар болса), не өсу тәртібі бойынша (егер сандар болса) болатындай
сұрыптайды. Бұл функцияның Sort() функциясынан маңызда айырмашылығы – оны
қолданғанда, кілттер мен оларға сәйкес мәндер арасындағы байланыс
сақталады, ал sort() функциясында бұл жоқ (онда байланыс толығымен
бұзылады).

Мысал:
?
$arr = array("a" ="one","b" = "two","c" = "three","d" = "four");
asort($arr);
foreach($arr as $key = $val)
{
echo (" $key = $val ");
}
?
Нәтиже:
d = four a = one c = three b = two
яғни өзіміз көріп отырғандай кілттер-мәндер байланысы сақталған.
Қалыпты жағдайда asort() функциясы массивті алфавит тізімі бойынша
сұрыптайды. Sort_flags сұрыптау жолаушыларының мәні sort() функциясының
түсініктемесінде берілген.

arsort()

Ассиоциативті массивті кему бойынша сұрыптау.
Синтаксис:
void arsort(array arr [, int sort_flags])
бұл функция asort() функциясына ұқсас, тек массивті өсу бойынша емес кему
бойынша сұрыптайды.

ksort()

Массивті кілттердің өсуі бойынша сұрыптау.
Синтаксис:
int ksort(array arr [, int sort_flags])
бұл функцияда сұрыптау мәнге байланысты емес, кілттердің өсу тәртібіне
сәйкес сұрыпталады.
?
$arr = array("a" ="one","b" = "two","c" = "three","d" = "four");
ksort($arr);
foreach($arr as $key = $val)
{
echo (" ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
“PHP программалау тілінен электрондық оқулықты жасау және пайдалану әдістемесі”
Компьютерлік графика пәнін оқыту негіздері
Компьютерлік графиканың түрлері
PHP тілінде шартты операторлар (if, switch), циклдермен жұмыс (while, for, foreach) және include, require функцияларын қолдану
БАСЫЛЫМҒА ЖАЗЫЛУ ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГЫНЫҢ WEB-САЙТЫН ЖАСАУ
Есептер жүйесінің құрылымы
E-leaning - де білімді бақылау жүйесін құру
Интернет технологияға шолу
«Ақпараттық менеджмент және сапалы басқару» пәні бойынша электронды-әдістемелік құралды құрастыру
E-LEARNING -ДЕ БІЛІМДІ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ
Пәндер